ДІНИ ТУРИЗМ ДАМЫУЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
2 ДІНИ ТУРИЗМ ДАМЫУЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

1
2
0.1 Діни туризм дамуындағы туризм инфрақұрылымының рөлі

Туризмнің барлық түрін, соның ішінде діни туризмді, дамыту үшін туризм инфрақұрылымын қазіргі заманғы талаптарға сай жетілдіру қажет.
Туризм инфрақұрылымы дегеніміз туристік ресуртарды пайдалануды қамтамасыз ететін туризм кәсіпорындарымен байланысты телекоммуникациялық байланыстар, жол торабтары, сондай-ақ, туризм индустриясының кәсіпорындарының қалыпты жұмыс атқарылуына жағдай жасау.
Бұл автокөлік және темір жолдары, вокзалдар мен терминалдар, жолдың, әуе, өзеннің және теңіздің қозғалысын реттеуші желілер, жылумен қамтамасыз ету жүйелері, электрлік және телефон жүйелері тағы басқа.
Туристік инфрақұрылым - туристердің тіршілік етуіне жағдай туғызатын өндірістік, әлеуметтік және рекреациялық инфрақұрылымның кешені.
Туристік инфрақұрылым құрамына туризмнің материалдық-техникалық базасы, сондай-ақ, туристік кешеннің элементтері кіреді.
Туризмнің материалдық-техникалық базасының құрамына туроператорлар мен агенттер, қонақүйлер, туристік базалар, тамақтану және сауда кәсіпорындары, автокөлік кәсіпорындары, экскурсиялық бюро, туристік құрал-жабдықтарды жалға беру қызметттері, бақылау-құтқару қызметі, туристік клубтар, станциялар және т.с.с. кіреді. Туризмнің материалдық-техникалық базасының негізгі әрі маңызды элементтерінің бірі орналастыру орындары болып табылады.
Туризмнің материалдық-техникалық базасы ұйымдастырушылық туримзнің негізі болып саналады, себебі туристерді қажетті қызметтер кешенімен қамтамасыз ету үшін барлық жағдайларды іске асырады (орналастыру, тамақтану, жол тасымалдау, экскурсиялар және тағы басқа).
Туризмнің материалдық-техникалық база нысандарын классификациялау келесі белгілерге қарап, жасауға болады: қызмет көрсету түрлері бойынша, экономикалық элементтері бойынша және материалдық-техникалық база нысандарының ерекшеліктері бойынша жіктеледі.
Туристік кешен - туристік инфрақұрылымның бөлігіндегі табиғи және мәдени негізгі элементтерінің жүйешелері.
Тұтас туристік кешеннің құрылымдық моделі:
1. Туристік кешеннің негізгі элементтері:
oo аймақтың табиғи ерекшеліктері;
oo аймақтың мәдени ерекшеліктері;
oo туристік кешен үшін негізгі элементтері ретінде құрастырылған нысандар, құрылымдар және т.б.
2. Туристік кешеннің екінші ретті элементтері:
oo көлік қызмет көрсету жүйесі;
oo тамақтану және қонақ үйлердегі қызмет көрсету жүйесі;
oo көңіл көтеретін көріністер саласы;
oo бөлшек сауда жүйесі;
oo гид қызметі.
3. Туристік кешеннің ұйымдастырушылық элементтері:
oo туризм саласында жоспарлаудың және басқарудың ұйымдастырылуы;
oo жарнама мен ақпарат;
oo маркетингтің ұйымдастырылуы.
4. Туристік кешеннің сұраныс жүйіеcінің элементтері:
oo туристік агенттер;
oo саяхаттардың ұйымдастырушылары;
oo жеке туристер;
бір күндік жорықтардың ұйымдастырушылары.
Туристік инфрақұрылымның функциялары туризмнің материалдық-техникалық базасын материалдық жағдайлармен қамтамасыз ету, сонымен қатар туристік кешен элементтерін, туризм саласындағы ақпараттық қамтылуы (қонақ үйдегі номерлерді, әуебилеттерді брондау), туризм саласы үшін жоғары маманданған кадрларды дайындаумен қамтамасыз ету болып табылады.
Туризмнің көліктік инфрақұрылымы - бұл туристік тасымалдаумен айланысатын көліктік мекемелер.
Көлік құралдары- туристік инфрақұрылым элементтері. Олар ХТҰ бойынша келесідей классификацияланады.
1.Әуе көлігі:
* Кесте бойынша орындалатын рейстер;
* Кестеге бағынбайтын рейстер;
* Басқа да әуе тасымалдаушылар;
2.Су көлігі:
* Пассажирлік линиялар мен паромдар;
* Круиздер және т.б.
3.Құрлықтағы транспорт:
* Темір жол көлігі;
* Қалалық және қалааралық автобустар, сонымен қатар басқа да қоғамдық автожолдық көліктер;
* (8 адам сиятындай) жеке көліктер;
* Автокөліктік құрал жалға беруі;
* Басқа да құрлықтағы көлік.

Туризм инфрақұрылымның элементтері:
* Шаруашылықтың мамандандырылған субъектілердің материалдық базасы (туроператорлар, турагенттер, туристік тұтынудағы өнімдердің өндірушілері, экскурсиялық бюро);
* Аймақта туризмнің құқықтық базасының, бақылаудың және реттеудің болуына ат салысатын мемлекеттік органдар;
* Аймақта туризмнің қолдауына және дамуына ат салысатын коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың жүйесі (туристік биржалар, көрмелер, жәрмеңкелер және т.б.)
Осы бағдарламаның туризм инфрақұрылымды құрастыру сызбасының басты аспектісі - Ұлы Жібек Жолының тарихи орталықтарын қайта жандандыру, ол екі негізгі бағытта жұмыс істейді: тарихи-типологиялық және қалалық және көшпенді мәдениеттерін айырып тану.
Казгипроград институтының зерттеулері бойынша Қазақстандық трасса бойындағы Жібек Жолының ресурстары мен туризм ұйымдастыру жағдайлары және Туристік ағымдарын болжау бағдарламалардың ескерткіштерінің жағдайы біздің еліміздің және шетел азаматтарын тартатындығын белгілі болды. Олардың жағдайларын айырып білу туризм инфрақұрылымның екі бағытын қалыптастырады: біріншісі - тарихи-мәдени ескерткіштерді қалпына келтіру, ал екіншісі - туристік-этнографиялық кешендерді құрастыру.
Бірінші түрдегі инфрақұрылымда тарихи-мәдени ескерткіштерді жандандырып, сол жерлерге туристік қызмет көрсетулерді орналастыруға болады. ҰЖЖ бойындағы қалаларда архитектуралық және құрылыстың ескерткіштерін кездесуге болады: әскери бекіністер, керуен-сарайлар, сауда және әкімшілік ғимараттар, мәдени орталықтары, жол торабтары және көпірлер жүйесі.
Қалпына келтіру жұмыстары еңбек ресурстарын және қаражат көзін кең көлемде қажет етеді. Сондықтан да Жібек Жолы - Қазақстан атты Ұлттық компания ашық акционерлік қоғамды құрастыру жоспарлануда.
Туристік-этнографиялық кешендердің ұйымдастырылуы жаңа туристік нысандардың пайда болуына әкеледі, мысалға, қазақтың ежелгі дәстүрі бойынша киіз үйлердің салынуы, ұлттық тағамдардың тамақтану орындары, ұлттық киім және т.б. Осы туризм саласының ғылыми-методологиялық орталық базасы Алматы қаласындағы көшпенді өркениет мұражайына сүйенеді.
Туризм инфрақұрылымның дамуы - туристік ресурстардың қолдану үрдісінің жоспарлаудағы маңызды кезеңі.
Туристік нысан қаншама еліктіргіш болса да, оған турист жететіндей жол болу керек. Егер туристік ресурсқа жеткізетін жол болмаса, онда оған жету қиындыққа соғады немесе мүлдем мүмкін болмайды. Сондықтан да Венесуэладағы дүниежүзіндегі ең биік Анхель суқұламасын (1014 м) туристер көп көре бермейді, себебі оған баратын жол жоқ. Кіші авиациядан басқа, ұшақ қонатын орын жоқ. Осы тамаша табиғи туристік нысанға жету үшін, Корона деген өзенмен жүзіп бару керек.
Осындай оңай емес қолжетерлік сусарқырамасы Дағыстанда да кездеседі. Еуропадағы ең биік сарқыраманың биіктігі 400 метрден жоғары. Оны тамашалау үшін тауда 2 тәулік бойы жүру керек, сондай-ақ жол бойында көптеген өзен аңғарлары кездеседі. Туристік кешен ретінде бұл табиғи феномен көбінесе қолданылмайды. Ол дайындалған туристердің кішігірім топтар үшін ғана қол жетімді болады.
Қазақстанда туризм инфрақұрылымын дамыту үшін мемлекет тарапынан жағдай жасалынуы және инвестиция салынуы керек.
Ұлттық туристік ерекшеліктеріне байланысты Қазақстанда туризм инфрақұрылымын дамытуда келесі деректемелерге қаражат салынуы көзделген:
oo қонақүй базасының дамуына;
oo демалыс пен сауықтыру кешендерінің дамуына;
oo қоғамдық тамақтану орындарының дамуына;
oo туристік-ресурстық орталықтарының жабдықталуы;
oo сервистік қызмет көрсету кәсіпорындарының құрылуы: сауда, сувенирлік бұйымдардың шығарылуы, ұлттық қолөнердің шеберханалары;
oo өндірістік кешендердің құрылуы, соның ішінде туристік құрал-жабдықтардың шығарылуы, жол сілтегіштер, сувенирлер;
oo қоғамдық пайдаланылуы және туристерді қанағаттандыру мақсатында көлік жолдарының инфрақұрылымның дамуы;
oo тарихи-мәдени нысандардың қалпына келтірілуі және ғылыми зерттелуі;
oo мемлекеттің табиғи және тарихи-мәдени ресурстардың зерттелуі;
oo діни және туристік кешендердің, этнографиялық мұражайлардың және театрлардың, тарихи-діни орталықтарының, демалыс орындарының құрылуы;
oo тұрмыстық инфрақұрылымның дамуы: сумен, электрмен қамту, канализация, телекоммуникация;
oo жаңа туристік маршруттарының жасалынуы;
oo қорық аймақтарының қорғанысы;
oo жыл бойы қолданысқа берілетін орта және шағын туристік кешендерінің салынуын жоспарлау;
oo туризм базаларының материалдық жаңартылуы.
Жаңа туристік орынның құрылуындағы басты кездестіретін қиындықтың бірі инфрақұрылыммен байланысты. Осы облыста капитал салымдары тікелей пайданы әкелмейді, және де әлеуметтік кәсіпкерлік қандай уақытқа дейін қолдану керек екендігін анықтау қиын.
Туристік өнімнің бәсекелестігін көтеру үшін капитал керек. Туризмнің дамуы инфрақұрылымды талап етеді, ал ол үшін үлкен инвестиция қажет. Сондықтан да дамыған елдерде туризм тез қарқынмен дамиды. Капитал әр мемлекетте халықаралық туризмнің экономикалық маңыздылыққа әсер етеді. Егер мемлекет табиғи ресурстарға бай болса да, ал оның капитал салымдары болмаса, онда бұл елде халықаралық туризм дамымай қалады. Қазіргі уақытта осындай жағдай Қазақстанда байқалады.
Капитал салымдарын, әсіресе, экологиялық туризм қажет етеді, өйткені оның нысандары жалпы туризмнің инфрақұрылымнан алшақталған.

0.2 Діни туризм дамуындағы мемлекеттік саясаттың бағыттары

Тарихи-мәдени мұра саласындағы мемлекеттiк саясат - егемендi Қазақстанның тұрақты дамуының факторы.
Егемендi Қазақстанның бүгiнгi өмiрi мен оның жан-жақты даму перспективаларын мәдени мұрасыз елестету мүмкiн емес. Мәдени мұра сана-сезiмдi қалыптастыру негiздерiнiң бiрi, iзгiлiк пен отаншылдық құндылықтар сабақтастығын орнықтыруда зор әлеуетке ие.
Мәдени мұраның экономикалық ресурсын жұмылдыру - елдi қайта жандандырудың негiзi. Тарихи ортаның сақталуы республикамыздың инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз етедi. Ол, сонымен қатар, бүкiл қазақстандық қоғамдастықтың игiлiгiне айналар жанама артықшылықтардың шеңберiн кеңейтуге де алып келедi.
Мәдени мұраны сақтау саласындағы мемлекеттiк саясаттың базалық қағидаты - бұл жұмыстың мемлекетiмiздiң экономикалық және әлеуметтiк дамуы аясында ғана тиiмдi болатындығына негiзделген кешендi көзқараспен қарау. Мәдени мұраны сақтау орнықты даму стратегиясының шешушi элементi болуға тиiс.
Қазақстан өз экономикасының маңызды саласы бола алатын және болуы қажет туризм индустриясын дамыту үшiн қуатты мәдени әлеуетке ие. Туризм тарих және мәдениет ескерткiштерiн кең танытуға септiгiн тигiзедi, республикамыздың ел iшiндегi, сондай-ақ шет елдердегi биiк беделiн нығайтады.
Мәдени мұраның туризмдi дамытудағы артықшылықтарын пайдалануға негiзделген мәдени туризмнiң қазақстандық моделi ұмытылып кеткен дәстүрлер мен өнер түрлерiн жаңғыртуға, туристiк қызығушылық тудыратын жаңа орталықтар ашуға, ерекше бағыттар түрлерiн ұйымдастыруға бағытталуы тиiс. Туристiк-экскурсиялық жұмыс тәуелсiз Қазақстанның мәдени мұрасының бар әлеуетiн пайдалана алады.
Кешендi сақтау қағидатына мемлекеттiк басқару органдарының жұртшылықпен және мемлекеттiк емес сектормен серiктестiк қарым-қатынастарды дамытуда бастамашы, қадағалаушы және үйлестiрушi функциялары да енедi. Мәдени мұраны барлық қолжетiмдi ресурстарды пайдалана отырып сақтау iсiне деген ведомствоаралық көзқарасты да қолдау қажет. Сақтау мiндетiн тек орталық атқарушы органдар ғана емес, жергiлiктi атқарушы билiк органдары да шешуге тиiс.
"Мәдени мұра" стратегиялық ұлттық жобасын жүзеге асыру барысында мәдениет жөнiндегi мемлекеттiк саясатты жүргiзуге деген жаңа сапалы көзқарастарды айқындап бергендiгiн, Қазақстанның зор рухани, тарихи-мәдени және гуманитарлық әлеуетiн паш еткенiн атап өту қажет.
Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі N 307 Заңы бекітілді. Ол заңның мақсаты:
1) тарихи-мәдени мұра объектілерін, оларды қорғауды және пайдалануды айқындау;
2) тарихи-мәдени мұра объектілеріне тарих және мәдениет ескерткіші мәртебесін бекіту;
3) жеке және заңды тұлғалардың тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау саласындағы құқықтары мен міндеттерін регламенттеу;
4) мемлекеттік органдардың тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау саласындағы құзыретінің аражігін ажырату;
5) тарихи-мәдени мұра объектілеріне залал келтіргені үшін жауапкершілік шараларын белгілеу болып табылады.
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдарға анықтама берліген:
1) алдын-ала есепке алу тізімі -- тарих және мәдениет ескерткіштері мәртебесін беру мақсатында анықталға нтарихи-мәдени мұра объектілерінің тізімі;
2) ансамбльдер -- оқшауландырылған немесе біріктірілген ескерткіштердің, фортификация, сарай, тұрғын үй, қоғам, әкімшілік, сауда, өндіріс, ғылым, оқу мақсатындағы құрылғылар мен құрылыстардың, сондай-ақ діни мақсаттағы ескерткіштер мен құрылыстардың топтары, оның ішінде тарихи қалыптасқан аумақтарда оқшауланған қоныстардың тарихи жоспарлануы мен құрылысының фрагменттері;
3) археология ескерткіштері -- тұрақтар, қалашықтар, қорғандар, ежелгі қоныстардың, бекіністердің, өндірістердің, арналардың, жолдардың қалдықтары, ежелгі қорымдар, тас мүсіндер, жартастағы бейнелер мен жазбалар, ежелгі елді мекендердің тарихи мәдени қабатының учаскелері және ежелгі адамның өмірі мен қызметінің іздері бар өзге де орындар;
4) қала құрылысы мен сәулет ескерткіштері -- сәулет ансамбльдері мен кешендері, тарихи орталықтар, орамдар, алаңдар, көшелер, қалалар мен басқа да елді мекендердің ежелгі жоспарлануы мен құрылысының қалдықтары; азаматтық, тұрғын үй, өнеркәсіптік, әскери, ғибадат ету сәулетінің, халық сәулетшілігінің құрылыстары,сондай-ақ олармен байланысты монументтік, сәндік-қолданбалы және бақ-саяжай өнерінің туындылары, табиғат ландшафты;
5) қорғау міндеттемесі -- тарих және мәдениет ескерткішінің осы құжатты ресімдеу кезіндегі жай-күйіжәне меншік иесінің немесе пайдаланушының тарих және мәдениет ескерткішін күтіп-ұстау шарттары тіркелетін құжат;
6) тарих және мәдениет ескерткіштері -- Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген,халықтың өткен тарихымен, қоғам мен мемлекеттің дамуымен байланысты, адам жасаған немесе адам мен табиғаттың бірлескен туындысы болып табылатын жекелеген кесендер, ғимараттар, құрылыстар мен ансамбльдер, тарихи-мәдени ландшафттар және басқа да көрікті жерлер;
7) тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі археологиялық жұмыстар -- археология ескерткіштеріне археологиялық қазба, барлау және сараптамалар жасау жолымен дала зерттеулерін жүргізу;
8) тарихи-мәдени қорық -- айрықша тарихи, ғылыми және көркемдік құндылық болып табылатын ескерткіштердің ансамбльдері мен кешендері;
9) тарих және мәдениет ескерткішін пайдаланушы -- осы Заңға сәйкес тарих және мәдениет ескерткіштерін оның меншік иесімен жасалған шарт негізінде пайдалану құқығы берілген жеке немесе заңды тұлға;
10) тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялау жұмыстары -- тарих және мәдениет ескерткіштерінде жүргізілетін археологиялық жұмыстарды қоспағанда, өндірістік, ғылыми-зерттеу және жобалаужұмыстарының барлық түрлері;
11) тарихи-мәдени мұра объектілері -- тарихи оқиғалар нәтижесінде пайда болған, тарих, археология, сәулет, қала құрылысы, өнер, ғылым мен техника, эстетика, этнология немесе антропология, әлеуметтік мәдениет тұрғысынан құнды болып табылатын, олармен байланысты бейнелеу, мүсін, қолданбалы өнер, ғылым мен техника туындылары және материалдық мәдениеттің өзге де заттары бар жылжымайтын мүлік объектілері;
12) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган (уәкілетті орган) -- тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
13) тарихи-мәдени сараптама -- тарихи-мәдени мұра объектісінің тарихи-мәдени маңызын және сақталу дәрежесін белгілеуге бағытталған ұйымдастырушылық, талдау және практикалық іс-шаралардың жиынтығын қамтитын қорытынды;
14) тарихи-сәулет тірек жоспары -- тарихи, ғылыми, көркемдік және мәдени құндылық болып табылатын тарих пен мәдениет ескерткіштерінің және жаңадан анықталған объектілердің орналасуын тіркейтін құжат.
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын айқындайды;
2) уәкілетті орган туралы ережені бекітеді;
3) мемлекет меншігіндегі тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға жалдау ақысының ставкаларын белгілейді;
4) тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және күтіп-ұстау ережелерін бекітеді;
5) тарих және мәдениет ескерткіштерін анықтау, есепке алу, оларға мәртебе беру мен одан айыру ережелерін бекітеді;
6) тарих және мәдениет ескерткіштеріне қорғау міндеттемелерін беру ережелерін бекітеді;
7) тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге лицензиялар беру ережелерін бекітеді;
8) халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру тәртібін бекітеді
Тарих және мәдениет ескерткіштері мынадай түрлерге бөлінеді:
1) қала құрылысы және сәулет ескерткіштері;
2) археология ескерткіштері;
3) ансамбльдер.
Тарихи-мәдени мұра объектiлерiнiң мәртебесi Тарихи-мәдени мұра объектiлерi тарих және мәдениет ескерткіштері мәртебесiн осы Заңда белгiленген тәртiппен өздерi тарих және мәдениет ескерткіші деп танылған кезден бастап иеленедi.
Тарихи-мәдени мұра объектiлерiн Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгiзу туралы шешiм қабылдау үшiн құжаттар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен ұсынылады.
Тарихи-мәдени мұра объектiлерiн тарих және мәдениет ескерткiштерi деп тану оларды мiндеттi түрде ресми жариялануға тиiстi халықаралық, республикалық және жергiлiктi маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінде бекiту арқылы баянды етiледi. Археология ескерткіштері олар анықталған кезден бастап тарих және мәдениет ескерткіштері мәртебесін алады.
Қазақстан Республикасындағы тарих және мәдениет ескерткiштерi, осы Заңда көзделген тәртiппен мiндеттi түрде қорғалуға және сақталуға жатады, оларды пайдаланудың, оларды меншiктену құқығын өзгертудiң және оларды мәртебеден айырудың ерекше құқықтық режимi болады.
Тарих және мәдениет ескерткiшiн мәртебесiнен айыруға, оны Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінен шығарып тастауға объект толық түгел жойылған және (немесе) тарихи-мәдени мәнін жоғалтқан жағдайда ғана уәкiлетті органның, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдарыныңтарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органның арнаулы комиссиясымен келiсiлген ұсынысы бойынша, тарихи-мәдени сараптаманың қорытындысы негiзiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен ғана жол берiледi.
Жаңадан анықталған тарихи-мәдени мұра объектілері алдын ала есепке алу тізіміне енгізіледі және оларөздерінің мәртебесi туралы түпкiлiктi шешiм қабылданғанға дейiн, осы Заңға сәйкес тарих және мәдениет ескерткiштерiмен бiрдей қорғалуы тиiс.
Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және пайдалану:
1) тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтауға, зерттеуге және насихаттауға;
2) тарихи-мәдени мұра объектілеріне тарих және мәдениет ескерткіштері мәртебесін бекітуге;
3) жоюдан, тағылық актілерінен, өңін айналдырудан, жалған дәріптеуден, бұрмалаудан, орынсыз өзгерістер енгізуден, тарихи түпмәтіннен үзіп тастаудан қорғауды қамтамасыз етуге;
4) археологиялық және ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізу жолымен қайта түлетуге және сақтауға;
5) олардың сақталуы қамтамасыз етілетін нормаларға сәйкес күтіп-ұсталуына;
6) этномәдени ортаны қайта түлету процесінде, сондай-ақ ғылыми және тәрбиелік мақсаттарда пайдалануға бағытталған шаралар жүйесін қамтиды.
Бұл заманда шын ниеттен - ген пендеге Меккеге барып қажылық парызын өтеп қайту соншалықты қиын емес. Әуе, теміржол көлігін таңдасаңыз да, болмаса автобус жалда - саңыз да діттеген уақытта Қағбаға қиналмай жетуге мүмкін - дік мол. Қажылық сапардың көлігінен бастап жатын орын, ас-су, тағы басқа керегінің бәрін ұйым - дастырып беретін фирмалар да аз емес. Бұл парызын өтеуді ой - лаған адамның қажылық сапарын бұрынғыдан да жеңілдете түсті. Әрине, егер бұны Алла - ның алдын - дағы парызын өтегісі келген еліміздегі әр мұсыл - манның жол азабын тартпай, өміріне, ден - сау - лығына қауіп төнбестен жайлы барып, жақсы қайтуы тұрғысынан алсақ, жақсы-ақ. Тіпті көпте - ген мұсылманның қандай да бір жерде еңбек ететінін, пары - зын өтеу мақ - са - тында еңбек де - малысын ала - ты - нын, сондық - тан дәл мөлшерлі уа - қыт - та қайта оралуы керектігін ес - кер - сек, қажылыққа әуе жолдары - мен тез барып қайту - қа - жет - тілік. Осындай сапалы қыз - мет - тің арқа - сында елімізден қа - жылық сапарға баратындар - дың саны жыл санап еселеп өсіп келе жатқаны - қуа - ныш. Ал сол қасиетті Қағбаға ба - рып парызын өтеп, қажы ата - ну - шылар қатарында ел ағалары, зиялы қауым өкілдері, тасы өрге до - малап тұрған бизнес - шілер мен кәсіп - керлердің болуы - мақта - ныш.
Десек те, әуе кемесіне міне салып, әупірімде еш қиындық - сыз Қағ - баға жетіп барып, барлық жағдайы жасалған қонақүйде аппақ төсекте ау - нап-қунап жа - тып, қажы ата - нып қайтуды оңай - сы - натындар да жоқ емес. Олар: Егер ата-бабаларымыз шамамен 6483 шақырымнан астам қашық - тықтағы сонау Қағбаға пары - зын өтеуге жаяу барып қайт - қан болса, оның себебі тек сол кезде ұшақтың немесе қазіргі заманғы желқайық көліктер - дің болмауынан ғана емес. Басты себеп - олардың осы қиын да алыс сапарға бала-шағасын, мал-мүлкін, туған-туысын, әке-ше - - - - шесін тастап, тек Алланың ри - за - шылығы үшін аттануға жетеле - ген ішкі рухының күштілігінде! Әйтпе - се жан дүниесі пәнилік бай - лыққа байлаулы, рухы әлсіз кез келген адам, бұл дүниедегі жа - нына ыстық - отаны мен от - ба - сын тастап, тау асып, тас ба - сып, таны - ма - й - тын елдерді, қар-мұзды, ап - тапты, құм - ды, таулы жерлерді ба - сып өтіп, дүниенің екінші бір ше - тіне сапар шегуге тәуекелі жет - пейді. Ол үшін адам, шын мәнінде, дамудың ең биігіне көтеріліп, Алланы бар болмысымен сүюге тиіс, - деген пікірде.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туристік саланы дамыту перспективалары
Бюджеттік бағдарламалардың орындалуын бағалау проблемалары
Туристік бизнестің отандық шетелдік тәжірибесіне салыстырмалы экономикалық талдау диплом жұмысы
Қазақстан Республикасының туристiк қызмет туралы заңдары
Мәдени туризмді дамыту әлеуеті
Туризмді дамытудың шетелдік тәжірибесі
Туризмнің экономикалық қызметтері
Іскерлік туризм туралы
Туристік қызметті мемлекеттік реттеу қағидаттарықағидаттары
ҚР туризм түрлерінің бағдарламалық түрде ұйымдасуы мен жүргізілуін теориялық және тәжірибелік тұрғыда қарастыру
Пәндер