БАТЫС ТҮРІК ЖӘНЕ ТҮРГЕШ ҚАҒАНАТТАРЫ ЖАЙЫНДА



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
VI ғ. Ортасында Орталық Азияның саяси ахуалында өте күрделі өзгерістер болды. Көптеген түркі тілдес тайпалар одағының топтары - теле Шығыс Еуропадан Солтүстік Монголияға дейін қоныстанып, олардың көші-қоны Амударияның жоғары ағысына жететін. Басқа тілдес тайпалармен бірігіп олар (жуань-жуаньдардың) аварлардың үстемдігіне қарсы шықты. Бұл кезде Аварлар қазіргі моңғолияның оңтүстік және ортаңғы бөлігінде өмір сүрген.
VI ғ. Ортасында түрік қағанаты, Алтай және Орталық Азиядағы бірқатар этникалық тайпаларды бірлестірген мемлекет ретінде көрінеді. Бұл тайпалардың әлеуметтік және мәдени дамуының сатылары әр түрлері деңгейде болған. Қағанаттың түбегейін - Алтайдың түркі тілдес тайпалары құрған. Осы өте құдіретті державанның билігіне Қазақстан жері де кірді.
558-555 жж. түріктер Жетісу және Қазақстанның Сырдария, Арал, Орал, Еділ бойына дейінгі аймақты иелік етті.
Ежелгі түрік ордасы -әскери дайындыққа байланысты оң және сол қанатқа, кейіннен, яғни Қапаған қағанның кезінде, түрік әскері екі қанатқа және ортаға бөлінді. Қазақтардың үш жүзге бөлінуі осыдан алынған шығар деп ойлаймыз.
Жергілікті жұрт тіл жағынан ағайындас және сақ, үйсін,қаңлылардың нәсілдері, финн - угор тайпалары Қазақстанның және аварлар түрік қағанатына кіріп не болмаса Батысқа қашқан.
Түрік қағандықтары
VI - X ғ. Қазақстандаерте феодалдық мемлекеттер орын алды. V ғасырларда түркі тілдес теле тайпасы Солтүстік Моңғол жерінен Шығыс Еуропаға дейін кең аймақты алып жатты. Түрік деген атау алғаш рет Қытай шежірелерінде 542 жылы кездеседі. Қытайлар түріктерді сюннулар деп де атаған. Бұл ғұндардың ұрпағы деген мағынаны білдіреді. Түркі тайпаларының жауынгерлігі шежірелерде көп суреттеледі. Шығыс Түркістан және Алтай аймағында орныққан түрлі түрік тайпалары жайылымдық жерлерге және сол аймаққа билік үшін өзара үлкен соғыстарға түсті. Сондай жағдайдың бірінде тирек немесе теле деп аталатын тайпа 546 жылы аварларға шапқыншылық бастап, оларды талқандады. Телелердің өздеріне осы жылы үлкен қауіп төнді.
Түркілердің күшеюіне әсер еткен 546 жылғы жағдай. Бұл жағдай телелердің Буличн бастаған түркілерден жеңілген жылы. Телелер түркілерге бағыныштылыққа түсті.
Түрік қағаны Буличнның беделінің өсуі оның жорықтарына байланысты болды. Ол түріктердің ата жауын біртіндеп талқандай бастады. әсіресе, 552 жылы авар қағаны Анағұйды жеңіп, оны ең соңында өзін-өзі өлтіруге мәжбүр етті. Сонымен 552 жылы Түрік қағандығы құрылды. Түркі тілдес тайпалардың Шығыстан Батысқа қоныс тебуі және түріктердің ерте феодалдық мемлекеттерінің құрылуы түріктердің этногенезінің жалпы ұқсастығын қалыптастырады. Әскери күшіне сүйенген Түрік қағанатының ақсүйектері Шығыс Кореядан Жер Орта теңізіне дейінгі аймаққа түгелдей үстемдік орнатты. Тарихта түркі дәуірі кезеңі басталды. Бұл дәуір VI - XII ғасырларды қамтиды.
Түрік қағадығы туралы жазба деректер көне түркі тілінде жазылған Үлкен Күлтегін, Кіші Күлтегін, Тоныкөк құлпытастардағы жазулардан белгілі. Күлтегін түркі халқының атақты қолбасшысы болды. Құлпытастардағы жазбалар. Күлтегінді өз халқын қорғаушы батыр екендігін мәлімдейді. Аңыздар сонымен қатар Булинчға дейінде V ғасырда түріктердің Надулшад және Ақханшад деген қолбасшыларының болғандығын айтады.
Олардың ісін мұрагерлері Қара - Еске, Мұқан қаған жалғастырады, ал қағандықтың шекарасын Батысқа қарай кеңейтуді жүзеге асырған Истеми қаған болды.
Түріктер Маньчжуриядағы қидандарды, Енисейдегі қырғыздарды, Солтүстік Қытайды жаулап алды. Шығыс Түркістандағы эфталдармен қырғын соғыстар болып, оларды 587 ж. Бұхара түбінде талқандады. 561-563 жылдары түріктер Иранмен бірлесе отырып, эфталдарға қарсы одақ құрды. Түріктер Орта Азия елдерін түзе бүктіріп, жер орта теңізі елдерін бағындырды. Ұланғайлар аймақты өз иелігіне айналдырумен қатар, түріктер Ұлы Жібек жолын қол астына алды.
VI ғ. - 60 жылдарында түрік қағанаты Орта және Кіші Аия, Солтүстік Кавказ, Қырым, Қытай сияқты басқа елдермен саяси экономикалық қатынастар орнатып, Қиыр шығыс пен Жер орта теңізі елдерін жалғастыратын сауда жолына бақылау жасады.
Түрік қағанаты Орта Азиядағы өзінің саяси билігін нығайту үшін Византияға 568 жылы соғды көпесі Маниах бастаған елші жіберді. Бұл елшіліктің бірінші сапары сәтсіз болып, екінші рет тағы жіберілді.

БАТЫС ТҮРІК ЖӘНЕ ТҮРГЕШ ҚАҒАНАТТАРЫ
Халықтардың ұлы қоныс аудару дәуірі (П -- V ғғ.) Қазақстанның, Орта Азия мен Шығыс Европаның этникалық және саяси картасын едәуір дәре-жеде өзгертті. V ғасырда түркі тіддес теле (тирек) тайпалар одағының саны көп топтары Солтүстік Монғолиядан Шығыс Европаға дейінгі далалық өңірге қоныстанды, оңтүстігінде олардың көшіп жүретін жерлері Әмуд-арияның жоғарғы ағысына дейін жетті.
VI ғасырда Қазақстан жерлері кұдіретті держава - билеушілері түрік тайпасының әулеттік ашин руынан шықкдн Түрік қағанатының билігіне түсті. Түрік этносының езі қағанаттың курылар алдындағы кезенде Ганьсу, Шығыс Түркістан және Алтай аудандарында III ғасырдан VI ғасырға дейін кезен-кезенмен қалыптасты.
Түрік қағанаты. Түрік1 этнонимінін алғаш рет аталуы қытай жылна-маларында кездеседі және ол 542 жылға жатады. Қытайлар түріктерді сюн-нулердің (ғүндардың) ұрпақтары деп санаған. Шежірелерде бұл кезде қыт-айдың Вэй князьдігінің солтүстік өңірлеріне солтүстік-батыс жақтың бірінен келген түріктер (туцзюе) жыл сайын шапқыншылык жасап, ойран-дап кететін болды деп хабарланады. Олар туралы келесі бір мәліметтер бүкіл қүрылыктағы тарихтың талай ғасырлар бойғы дамуына өзек болған оқиғаларға байланысты.
546 жылы тирек тайпалары кдзіргі Монғолияның оңтүстігі мен орталык, беліктерін мекендеген және бұл жерлерге үстемдік егкен аварларға (жу-ань-жуань) қарсы жорық жасайды. Батыс жақтан қаптай енген тиректер армиясының сан жағынан қаншалықты көп болғаны белгісіз, бірақ олар-дың нөпірі сүсты болған деп топшыланады, өйткені тиректердің күрамына көптеген тайпалар енген, ал олардың куатты аварларға аз күштермен қа-рсы тұра алуы екіталай еді. Түрік кдғаны Бумынь күтпеген жерден катты шабуыл жасай отырып, бей-берекет жаткдн тирек армиясын қапылыста басып, кескілескен шайқастан кейін оны күйрете жеңеді де, тиректердің 50 мыңнан астам әскерін түріктер түтқынға алады. Даланың әдеттегі қүқығының қағидаларына сәйкес тұткынға алынған әскерлер өзінен-өзі женушінің армиясына қосып алынатын еді. Осы кезден бастап, бұрын авар-ларға вассалдық тәуелділікте болған түріктер енді олардың бәсекелестеріне айналады. Мүның бір көрінісі авар қағанына келіп, авар қағаны үйінің ханшасын Бумынға әйелдікке бер деп үзілді-кесілді талап еткен түрік елшілігі болды.
Мұның өзі қағанмен тең күқықтылығын көрсетуден гөрі оны басынғандық еді. Авар кағаны Анағұй: Маған бас иетін -- вассал. Бұлай деуге қайтіп дәтің барды? деп Бумыньға жаушыларын жібереді2. Бірақ аварлар калы-птаса бастаған Түрік кағанатының күшін бағалай алмады, ал түріктер тара-пынан мұның өзі осылай болуға тиіс деп дұрыс ойластырылған әдіс қана болатын. Енді бүрынғы вассалдардың бұрынғы билеушілеріне қарсы соғыс ашуға дәлелі табылады. 552 жылы көктемде түріктер аварлардың ордасына шабуыл жасап, оларды күйрете жеңгені соншалык, Анағұй өзін өзі өлтіреді. Осы кезден бастап түрік билеп-төстеушілері қағандар атағын алады, сөйтіп аварлардың бұрынғы күш-қуатына да, олардың барлык иеліктеріне де өзін мұрагер ретінде орныклырады.
Бумынь өлгеннен кейін такқа оньщ інісі Қара-Еске отырады, оның бас-тауымен түріктер Орхонның жоғары жағында бір жердегі Букрат (Мула) тауларында аварларды екінші рет жеңеді. Қара-Ескенің мұрагері деп шежі-реші оның інісі Иркинді (Ицзинь) атайды, ол қағандықтағына Мүқан-қаған (Мугань) деген атпен отырады, онын лақап аты Йанту болады. Мүның бәрі 552 -- 554 жылдардың арасында болған. Бұл уақытгың ішінде түріктер шығы-ста қайлар (татабтар), квдандар және отыз-татарлар тайпаларын, солтүстікте Енисей кырғыздарын өздеріне қаратып алады.
Бүл жылдары түріктердің батыста жасаған соғыс жорықтары бүлардан да күшті бола түседі. Бүларды Бумынның басқа бір інісі Иштеми бастайды, кейін оны батыс түріктерінің түпкі атасы және Батыс Түрік кдғанатының негізін салушы деп атайды. 552 не 553 жылы батысқа жасалған жорықтар-дың бірінде Иштеми Бумынмен бірге болып, он ұлы жетекшіні (немесе қауым бастығын) баскдрды, он түмен әскері болды; ху елін (соғдылыктар-ды?) жуасытуға аттанды және Он тайпалық деп атап өзін қағанмын (Ши-син було қаған) деп жариялады. Бұл -- өте-мөте назар аударарлык хабар. Мұны шежіре дәстүрінің өзі де ескермеген, бұл дәстүр бойынша тайпа-лық-әскери үйымның ондык жүйесінің шығуы Жетісу түріктерінде 651 жылы ғана болады, сол жылы Ашбара-Териш-қаған (Шаболо-Дилиши) әзінің мемлекетін күтпеген жерден он ұлысқа бөледі: әрбір үлыс оны ба-сқарушы бір адамның қарамағында болады6. Оны шэ (шад) деп атаған. Әрбір шадқа бір жебеден сыйлық береді, осыдан келіп Он жебе-деген ат шығады. Тайпалық-әскери санаудың ондык дәстүрі Жетісудың ежелгі түрік тілді тайпаларында VI ғасырдың орта кезінде-ақ болған және Батыс Түрік қағанатының этникалык-саяси қүрылымында айқын бейнеленеді.
552 -- 553 жылдары түріктер батыста идті (эфтал) бағындырады. Әңгіме Орта Азия эфталиттері туралы болып отырмағаны күмәнсіз, өйткені олар-ды жаулап алу үшін алдымен Алтайдан Тоқарстанға дейінгі жолдағы мем-лекеттердің бәрін бағындырып алу керек еді, ал ондай мәліметгер бізде жоқ. Оның бер жағында түріктердің Орта Азия эфталиттерін 563 -- 567 жылдары, яғни он жылдан кейін жаулап алғаны баршаға мәлім. Сондықтан батыста идті талқандады деген сөзді география тұрғысынан Алтай аумағымен шектеу керек. Түріктерді қараэфталит аймағына орналастыратын шежіреші олар осы жерде болған дейді7. VIII ғасырдың орта шенінде ұйғыр жансыздары да оларды осы жерден тапқан. Сөйтіп, батысқа түріктердің Бумынь мен Иштемидің бастауымен жасалған жорығы туралы айтылып отырғандықтан (соңғыға Жетісу түріктері қағанатының құрамына кіретінін көрсететін Он тайпа атағы берілген болатын), нак, осы ауданды түріктердің 552 жылғы әскери экспедОтырықшы аудандардың байлығын иеленуге ұмтылу түріктердің батыс-тағы, Орта Азиядағы онан арғы саясатының негізі болды. Олар эфталит-терінің батыс тармағына міне осы арада кездесті, ал эфталиттердің иелік-тері Каспий теңізінен Солтүстік Үндістанға және Шығыс Түркістанға дейінгі жерді алып жатқан еді. Өзінің армиясының орасан зор да, икемді құрамына кдрамастан, мұндай күшті жалғыз жеңіп алуға түріктердің шамасы келмейтін. Олар үшін соғыс сасанилік Иранмен әскери одак жаса-сқаннан кейін ғана табысты бола бастады. Эфталиттерге вассалдық тәуелділікте болған Иран оларға үзақ уақыт бойы жыл сайын күміспен салық төлеп тұрды, мүны осы мақсат үшін арнайы соғылған пехлеви жазуымен қоса эфталит жазуы бар теңгелер көрсетеді. Сондықтан түріктердін эфта-литтерге кысым жасауы Иранның сасанилік билеушілеріне колайлы болды. Түрік қағанымен жасалған келісім бойынша Хұсрау I Ануширван шах өзінің армиясын Тоқарстанға аттандырып, оны 564 жылы эфталиттерден тартып алды, сөйтіп эфталиттер өздерінің берік те қамсыз тылынан уақыт-ша айрылып қалды. Мұның өзі түрік кдғаны Силзибулға 563 -- 567 жылдары эфталит патшалығын талқандауға мүмкіндік берді. Түрік-эфталит соғысы біткен бойда-ақ Шығыс пен Батыстың арасындағы керуен жолдары бойы-нда жатқан жерлерді бөлуге келгенде одақтастар арасында араздык бастал-ды. Бұл жерлерді иелену жол асуларын кеңінен пайдалануға, жібек, тәтті тағамдар, сәндік заттар т. б. саудасын бақылауға, Шығыс пен Батыс ара-сындағы товар айырбасына белсене катысуға мүмкіндік беретін еді.
Бұл саудада бүкіл Орта және Орталық Азия аумағында негізгі делдал-дар соғды көпестері болды, олар өздеріне колайлы жағдайды сақтап калуға бәрінен де гері мүдделі болатын. Сондыктан бұрынғы одақтастармен араз-дасып қалған түрік кағаны Хұсрау I Ануширванға Персия арқылы Визан-тияға жібек және баска товарлар өткізуге рұқсат сұрап, елшілік жіберуге үйғарғанда, бүл елшілікті соғды көпесі Манйах бастап барғанына танда-нуға болмайды. Алайда елшілік сәтсіздікке ұшырады. Хүсрау I Ануширван қағанэтпен қатынасты көрінеу біржолата үзуге батылы бармай, әкелген жібектің бәрін сатып алуға бұйрық берді, сөйтті де, оны Маниахтың көзінше өртеді. Екінші елшілік те осылай сәтсіз болып шықты.
Бұл жағдайда түріктер тікелей Константинопольге, Византияның импе-раторы II Юстинге сөз салуды дұрыс керді.
Түріктер
Халықтардың ұлы қоныс аударуы Қазақстанның, Орта және Алдңғы Азияның, сондай-ақ, Еуропаның этникалық жән саяси картасын едәуір дәрежеде өзгертті. Қазақстан территориясында жергілікті тұрғындардың антропологиялық типіне монғол типтес элементтердің жайылуының алғашқы күшті толқындарының бірі және, бәлкім, өлкенің бүкіл территориясында түркі тілдерінің кеңінен таралуы ғұндардың қысымымен болған шығыс тайпаларының миграциясымен байланысты болса керек.
Орта Азия мен Қазақсан территориясында бірте-бірте патриархалды-феодалдық қатынастар қалыптасып, ежелгі феодалдық мемлекеттер құрыла бастады. Орталық Азиядағы көптеген тайпалық одақтардан бірігіп пайда болған осындай ежелгі феодалдық мемлекеттердің бірі - Түрік қағанаты (552-745 ж.ж.) еді. Бұл қағандыққа енген тайпалар алғашында Алтай мен Жетісудің бір бөлігін мекендеді. Түрік деген термин тұңғыш рет 542 жылы аталды. Түрік этнонимі алғашқы кезде белгілі бір адамның ата-тегі шонжар топтан немесе әскери ақсүйектерден шыққанын білдірген. Кейінірек бұл сөздің семантикасы бірте-бірте ұлғайып, билік жүргізуші, үстемдік етуші, яғни патша шыққан тайпаның символы болған. Бертін келе сол билік етуші тайпаға бағынышты болып қалған тайпаларды да көршілері түрік деп атап кеткен.
Түрік қағандығының әлеуметтік, саяси және қоғамдық өмірінде әскери істер аса маңызды орын алып, үлкен роль ойнағаны тарихтан жақсы мәлім. Түріктердің алғашқы көсемдерінің бірі Бумын қаған болды. Оның билік жүргізген кезінде көптеген көрші елдер Түрік өкіметіне бағынды. Қағандықтың ортасы Орхон өзенінің жоғарғы сағасында болды. Бумынның інісі Істемі қаған 6-ғасырдың орта кезінде Орта Азиядағы эфталиттер мемлекетін күйрете жеңді. Түрік қағандығының территориясы бұрынғыдан да ұлғайып, әскери қуаты арта түсті.
Бірақ бұл ұзаққа созылған жоқ. Түрік аристократиясы жаулап алған өлкелерді әрқайсысы жеке-жеке бөліп алып, дербес басқаруға тырысты. Осыдан саяси дағдарыс туып, билікке таласқан өзара қырқыс соғыстар басталды. Ақыры Түрік қағандығы бір-бірімен жауласқан екі қағандыққа бөлініп кетті: Шығыс (Орталық Азия) және Батыс (Орта Азия, Жетісу, Шығыс Түркістан) Түрік қағанаты.
Батыс Түрік қағандығы яки қағанаты Түрік қағандығының негізінде 603 жылы құрылған ертедегі феодалдық мемлекет. Ол қағанаттың территориясы Жетісу мен Шығыс Түркістанды, Тянь-Шаньнің батыс беткейі мен Орта Азияны алып жатыр. Қағанаттың орталығы Шу өзеніндегі Суяб қаласы еді. Қағанаттың бірінші басшысы қаған, жоғарғы әмірші және ірі әскер басы болды.
Батыс Түрік қағанатының негізін қалаған Бумын қағанның інісі Істемі қаған болды. Түріктер 558 жылы аварларды батысқа ығыстырып, Еділ мен Жайық бойын өзіне қаратып алды. Білге қаған мен оның інісі Күлтегін осы ұлан-ғайыр қағанаттың тәуелсіздігін Тан империясынан қорғау үшін күрескен. Кезінде Батыс Түрік қағандығын құраған түрлі тайпалар кейіннен қазақ халқының құрамына еніп кеткені мәлім.
Батыс Түрік қағандығынан кейін Жетісу өңірінде құрылған феодалдық мемлекет - Түркеш қағанаты (704-766 ж.ж.) болды. Ал бұдан кейін Қарлұқ қағанаты өмірге келді. Ол Жетісу мен Қашғардан бастап, Ферғана мен Сырдың орта ағысына дейінгң өңірге билік жүргізді.
Сырдарияның орта және төменгі ағысында және соған жақын жатқан Батыс Қазақстан жерінде түркі халықтарының арғы аталарының бірі оғыз тайпалық бірлестігі - Оғыз мемлекеті (9-11 ғасырлар) болды. Оғыз мемлекетінің астанасы Сыр бойындағы Янкигент қаласы еді. Бұлар негізінен көшпелі тайпалар саналған, сондай-ақ, отырықшы оғыздар да болды. Олар Сыр өзені алқабындағы Сүткент, Сығанақ, Қарнақ сияқты қалаларда мекен еткен. Кейінірек қыпшақтың қысымына шыдай алмаған оғыздар Шығыс Еуропа мен Кіші Азияға ығысып кетті.
Түрік мұсылмандарының алғашқы феодалдық мемлекеті - Қарахан мемлекеті (940-1212 ж.ж.) болды. Қарахан әулеті батысында Амудария мен Сырдарияның төменгі ағысынан бастап, шығысында Жетісу мен Қашғарға дейінгі өлкеде екі ғасырға дейін билік жүргізді. Астанасы - Баласағұн қаласы. Ұлан-ғайыр аймақты алып жатқан Қарахан мемлекетінде экономикалық-әлеуметтік және мәдени жағынан өрлеу болды.
Батыс Түрік қағанаты ыдырай бастаған кезде олардан қимақтар мен қыпшақтар бөлініп шықты. Қыпшақтар - ерте кезден-ақ Орталық Азияны мекен еткен көне тайпалардың бірі екені мәлім.
Қыпшақ қоғамы ерте феодалдық мемлекет бірлестігі ретінде өмірге келді. Олар Ертіс өзенінен бастап, сонау Дунайға дейінгі ұлан-ғайыр кең алқапты мекен етті. Қазіргі қазақтардың арғы аталарының бірі саналатын қыпшақтарды Еуропада кумандар, ал Ресейде половецтер деп атаған. Сонымен, 6-7 ғасырларда көшпелі және жартылай көшпелі өмір сүрген қаңлылар, қарлұқтар, шігілдер, тухсилер, ягмалар, оғыздар, қимақтар, қыпшақтар т.б. тайпалар бертін келе түркі тілдес халықтардың этникалық құрамына негіз болып қаланды.

Ежелгі қалалары. Археологиялық зерттеулер қазіргі Қазақстан территориясынан 6-10 ғасырлардағы жүздеген тұрақты қоныстар мен қалалардың көне жұрттарын тауып, ежелгі түркі тайпаларының өзіндік материалдық және рухани мәдениеті болғандығын анықтап отыр.
Қазақстан жеріндегі қалалардың тарихи дамуына тән бір құбылыс - мұнда отырықшылық пен көшпенділік өзара тығыз байланысты болған. Дәлірек айтсақ, көшпелі жұрт егіншілік және қолөнер кәсібімен айналысып, отырықшы қала халқының қатарын көбейтсе, сонымен бір мезгілде оырықшы халық қайтадан мал шаруашылығымен айналысып, көшпелі халықтың санын арттырып отырған.
6-10 ғасырлардағы қалалар мен қоныстар негізінен сауда-саттық және қолөне кәсібінің орталығы ретінде қырдағы ел мен отырықшы аймақты өзара байланыстырушы маңызды экономикалық буын ретінде өмірге келген. Қалалар феодалдық ордазамоктар жанынан салынып, бай-шонжарлардың резиденциясы болған. Транзиттік сауда жолындағы керуен-сарайлар ретінде де қалалар салынған. Ұлы Жібек жолының бойындағы Суяб пен Тараз қалалары осындай қызмет атқарды.
Орта ғасырдағы Қазақстанның экономикалық-саяси және мәдени орталықтарының бірі Отырар қаласы болды. Мұнда әлемдегі аса бай кітапханалардың бірі болды. Бұл қала орта ғасырда ғана емес, тіпті есте жоқ ежелгі дәуірде Тарбан атпен белгілі болды. Арабтар Отырарды кезінде Фараб деп те атаған. Жазбаша деректемелерде Отырар (Отырарбент) 8-9 ғасырларда пайда болды.
Тараз қаласы 7-ғасырда Ұлы Жібек жолындағы аса ірі мәдени орталықтардың біріне айналды. Византия елшісі Земархтың түріктерге барғаны туралы есебінде Тараз қаласы аталған.
Қазақстанның оңтүстігіндегі аса ірі қалалардың бірі Испиджаб (Сайрам) қаласы болды. Ол 1629 жылы Сюань-цзянның жылнамасында ақ өзендегі қала атымен алғаш рет аталады. Махмұд Қашғари былай дейді: Сайрам ақ қаланың аты, ол - Испиджаб. Испиджабтан шыққан керуен Құмкент, Баба-Ата, Созақ қалалары арқылы, Орталық Қазақстанның ұлан-ғайыр далаларына Кеңгір, Жезді, Нұра, Ырғыз, Ертіс аңғарларына қарай бет алатын болған.
Қалалардың қаулап өсуіне байланысты 6-9 ғасырларда архитектура мен қосалқы өнердің жаңа үлгілері туындады. Бертін келе 10-12 ғасырларда құрылыста күйдірілген кірпіш, гипс, алебастр кеңінен қолданылып, глазурь бояуымен және ою-өрнекпен үйді безендіру кең өріс алды. Әсіресе Қарахан әулеті билік етіп тұрған кезде Қазақстан территориясында архитектура, сәулетшілік өнері, қолөнер мейлінше дамыды. Бұған Тараз маңындағы Бабаджа-хатун (10-ғасыр) және 11-12 ғасырларда салынған Айша-бибі мавзолейлері т.б. дәлел. Бұлар сәулет өнерінің ғажайып ескерткіштері болып табылады.
Ежелгі қалалары. Археологиялық зерттеулер қазіргі Қазақстан территориясынан 6-10 ғасырлардағы жүздеген тұрақты қоныстар мен қалалардың көне жұрттарын тауып, ежелгі түркі тайпаларының өзіндік материалдық және рухани мәдениеті болғандығын анықтап отыр.
Қазақстан жеріндегі қалалардың тарихи дамуына тән бір құбылыс - мұнда отырықшылық пен көшпенділік өзара тығыз байланысты болған. Дәлірек айтсақ, көшпелі жұрт егіншілік және қолөнер кәсібімен айналысып, отырықшы қала халқының қатарын көбейтсе, сонымен бір мезгілде оырықшы халық қайтадан мал шаруашылығымен айналысып, көшпелі халықтың санын арттырып отырған.
6-10 ғасырлардағы қалалар мен қоныстар негізінен сауда-саттық және қолөне кәсібінің орталығы ретінде қырдағы ел мен отырықшы аймақты өзара байланыстырушы маңызды экономикалық буын ретінде өмірге келген. Қалалар феодалдық ордазамоктар жанынан салынып, бай-шонжарлардың резиденциясы болған. Транзиттік сауда жолындағы керуен-сарайлар ретінде де қалалар салынған. Ұлы Жібек жолының бойындағы Суяб пен Тараз қалалары осындай қызмет атқарды.
Орта ғасырдағы Қазақстанның экономикалық-саяси және мәдени орталықтарының бірі Отырар қаласы болды. Мұнда әлемдегі аса бай кітапханалардың бірі болды. Бұл қала орта ғасырда ғана емес, тіпті есте жоқ ежелгі дәуірде Тарбан атпен белгілі болды. Арабтар Отырарды кезінде Фараб деп те атаған. Жазбаша деректемелерде Отырар (Отырарбент) 8-9 ғасырларда пайда болды.
Тараз қаласы 7-ғасырда Ұлы Жібек жолындағы аса ірі мәдени орталықтардың біріне айналды. Византия елшісі Земархтың түріктерге барғаны туралы есебінде Тараз қаласы аталған.
Қазақстанның оңтүстігіндегі аса ірі қалалардың бірі Испиджаб (Сайрам) қаласы болды. Ол 1629 жылы Сюань-цзянның жылнамасында ақ өзендегі қала атымен алғаш рет аталады. Махмұд Қашғари былай дейді: Сайрам ақ қаланың аты, ол - Испиджаб. Испиджабтан шыққан керуен Құмкент, Баба-Ата, Созақ қалалары арқылы, Орталық Қазақстанның ұлан-ғайыр далаларына Кеңгір, Жезді, Нұра, Ырғыз, Ертіс аңғарларына қарай бет алатын болған.
Қалалардың қаулап өсуіне байланысты 6-9 ғасырларда архитектура мен қосалқы өнердің жаңа үлгілері туындады. Бертін келе 10-12 ғасырларда құрылыста күйдірілген кірпіш, гипс, алебастр кеңінен қолданылып, глазурь бояуымен және ою-өрнекпен үйді безендіру кең өріс алды. Әсіресе Қарахан әулеті билік етіп тұрған кезде Қазақстан территориясында архитектура, сәулетшілік өнері, қолөнер мейлінше дамыды. Бұған Тараз маңындағы Бабаджа-хатун (10-ғасыр) және 11-12 ғасырларда салынған Айша-бибі мавзолейлері т.б. дәлел. Бұлар сәулет өнерінің ғажайып ескерткіштері болып табылады.

Айша-Бибі күмбезі - 11-12 ғасырда салынған архитектуралық ескерткіш. Тараз қаласынан 18 шақырым жердегі Головачевка селосында. Күмбезді салған немесе салдырған кімдер екені жайлы атадан балаға қалған аңыз болмаса, тарихи нақты дерек жоқ. Күмбез бізге жартылай бұзылған қалпында жеткен. Құрылысының бастапқы жобасы мынадай: жалпы ауданы 7,23 м х 7,23 м; диаметрі 86 см колонналары бар. Сыртқы беті тұтас оюланған. Әшекейлі қабырғаларының қалыңдығы 80 см. Бұл ескерткіштен қазақ халқының атадан балаға мұра болып келе жатқан ою-өрнек, әшекей түрлерінің бәрін ұшыратамыз. Бұдан бұрынғы замандарда ою-өрнек әшекейлі кірпіштерден өріліп жасалса, Айша-Бибі күмбезінде ол құйма-оюмен алмастырылған. Күмбез құрылысынан Темір дәуіріндегі архитектурада ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көне түрік, Батыс түрік және Түргеш қағанаттары
Қазақстан түркі дәуірінде туралы ақпарат
Батыс түрік және Түргеш қағанаттары туралы
Көне түрік, Батыс түрiк, Түргеш қағанаттары
Ерте және кейінгі ортағасырлық мемлекеттер
Батыс түрік және Түргеш қағанаттары
Ертедегі ортағасырлық мемлекеттер
Қазақстан Республикасының аумағындағы ертефеодалдық монархиялар
Қазақстан территориясындағы ерте феодалдық мемлекеттер
Ерте орта ғасырдағы қазақстан
Пәндер