Шығындар. Шығындарды жіктеу



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
1. Шығындар. Шығындарды жіктеу
2.

Шығындарды жіктеу

Шығындар - бұл факторлардың ақшалай түріндегі шығындары.
Экономикалық әдебиетте шығындардың бірнеше түрі белгілі (бұл мәселе бойынша әр түрлі пікірлер бар).
Мақсаты: Тауар өндірісінде өндіріс факторларын (еңбек, жер, капитал, кәсіпкерлік қабілеттілігі) сатып алуға шығатын шығындарды талдау қажеттілігін көрсету. Шығындардың нарықта құн формасынан алынған ресурстар шығыны, яғни өнім өндіріп өткізілетін өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай көрінісі туралы түсіндіру.
Өндірістік шығындар концепциялар - Шығындарды зерттеумен саяси экономия классиктері де айналысқан. А.Смит абсолюттік шығындар деген түсінік енгізген, ал Д.Рикардо салыстырмалы шығындар теориясының авторы. Шығындар деген терминді олар, бірлікке жұмсалған орташа қоғамдық шығыңдар деп түсінген, немесе, өнімнің жеке бірлігі орташа кәсіпорын үшін не тұрады, немесе, саладағы кәсіпорындардың барлығына бірдей орташа шығындар көлемі қандай шамада болады. Классиктер шығындарды ренталық төлемдермен есептескендегі өндіріс бағасы деп те дәлелдеді.
ХЫХ ғасыр соңында бірнеше жаңа концепциялар пайда болды. Маржиналистер (Менгер, Визер) бойынша, шығындар шекті пайдалылыққа негізделген психологиялық құбылыс болып табылады. Олардың шекті пайдалылығымен (сатушы көзқарасы бойынша) белгіленетін, өндіріс факторлары үшін фирмалар төлейтін соманың шамасы белгіленеді. Маржиналистік экономикалық теорияда шығындар түсінігі тек жеке көсіпорынға тән жағдай деп есептелінеді. Осы кәсіпорнының табысы мен шығындары өндіріс масштабының функциясы деп түсініледі.
Шығындардың институционалистік теориясының көрнекті өкілдері Дж.К.Кларк және Джом А.Гобсон. Кларк қосымша шығындар (оверһеад цостс) мәселелерімен айналаскан және шығындардыа әрқилы типтерін индивидуалдық, қоғамдық, абсолюттік, үстеме, қаржылық, өндірістік, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді жан-жақты зерттеген. Гобсон адамға жасалатын шығындар деген ұғым енгізді. Бұған еңбек амалының сапасы мен сипаты, оның қабілеттілігі және қоғамдағы еңбек бөлінісінің тиімділігі жатады. Өндіріс шығындарының неоклассикалық концепциясы, оны өндіріс факторларына жұмсалатын шығындар (тұрақты және өзгермелі) сомасы дейді.
Соңғы жылдары неоинституционалистік трансакциондық шығындар теориясы пайда болды. Бұған кобінесе айналыс шығындары жатады -- тауарды өткізу шығындары (жарнамаға, нарықтық жағдайды ұстап тұру үшін т.б.). Трансакциондық шығындар деге түсінікті американдық экономист Р.Коуз енгізді. К.Эрроу бойынша экономикадағы трансакциондық шығындар физикадағы үйкеліспен ұқсас дейді. Неоинституционалистер нарықтың функциясы трансакциондық шығындарды үнемдеу болып табылады дейді. Ал оның артыкшылығына айырбас мүшелерінің әркайсысының информация алуға жұмсалатын шығындардың барынша темендеу тенденциясы жатады дейді

1. Өндіріс шығындары және айналым шығындары. Өндіріс шығындары өндіріс аясында, ал айналым шығындары айналым аясында пайда болады.
2. Бухгалтерлік және экономикалық шығындар. Бухгалтерлік шығындар - ол есепті кезеңде орын алған өндірістің нақты шығындары. Дәл осы шығындар фирманың бухгалтерлік есебінде көрсетіледі. Шығындар баламалы да болады - олар факторларды пайдаланудың баламалы кұны. Баламалы шығындардың мәнін мысалда көрсету оңай. Кез келген кәсіпкерде (жалпы кез келген экономикалық субъектіде) бар ресурстарын (қорларын) пайдаланудың бірнеше балама амалдары бар. Ол өндіріс процесін (үдерісін) ұйымдастыруы мүмкін - ғимаратты жалға алуға, негізгі және айналым капиталға ие болуға, жұмыскерлерді жалдап, өндіріс ашуға - бұл жағдайда ол өндіріс көзге көрінетін шығындарға тап болады. Бар ақшасына банкте депозиттік шот ашып, салым бойынша пайыз түрінде пайда, түсім алуы мүмкін. Егер кәсіпкер қорларды пайдаланудың бірінші амалын таңдаса, ол алмаған банк пайызы көзге көрінбейтін шығындар сомасын құрайды. Сонымен, көзге көрінбейтін шығындар қорларды пайдаланудың екі балама амалының біреуін таңдағанда, қолдан жіберіп алған (айырылып қалған) пайда болып келеді. Көзге көрінетін және көзге көрінбейтін шығындар экономикалық шығындарды құрайды.
3. Сыртқы және ішкі шығындар. Сыртқы шығындар - сырттан келтірілетін қорлар (ресурс) үшін төлем (жалданған жұмыскерлердің жалақысы, жалға төлеу, шикізат, отын, көлік және де басқа қызметтер үшін жеткізушілерге төлем). Ішкі шығындар - өзінің иесіндегі жеке пайдаланатын қор үшін төлем. Мысалы, егер кәсіпкер өзі тікелей өндірісте немесе өндірістің ұйымдастыруында қатысып, өзі еңбектенсе, алынатын табыс ішкі шығындар болып саналады.
4. Өндірістің бухгалтерлік (көзге көрінетін) шығындары. Олар тұрақты және ауыспалы болады.
Тұрақты шығындар - өндіріс көлемдерінің өзгерістеріне байланысты шамалары өзгермейтін шығындар, яғни, оның қызметі пайдалы немесе шығынды болғанына қарамастан фирма әрқашан оларды жабуға тиісті. FC (fixed costs). Оған: жалға төленетін төлем, сақтандыру жарналары, салықтардың кейбір түрлері және т.б. кіреді. Ауыспалы шығындар - өндіріс көлеміне байланысты шамасы өзгеретін шығындар. VC (variable costs). Бұл мынадай шығындар: шикізатқа, материалдарға, электр энергиясына, көлік және басқа да қызметтерге кететін шығындар. Тұрақты және ауыспалы шығындардың сомасы жалпы (жиынтық) шығындарды құрайды. TC (total costs): TC = FC + VC. Кобба - Дуглас моделі (үлгісі) үшін жалпы шығындар функциясының түрі
TC = PKK + PLL, мұнда K,L - капитал және еңбек бірліктерінің саны: PK K, PLL - капитал мен еңбектің бағалары
Келтірілген жіктеудің сызбасы:

Сыртқы Ішкі

Шығындар

Бухгалтерлік (көзге көрінетін) + көзге көрінбейтін = экономикалық
Тұрақты + ауыспалы = жалпы
Экономикалық талдау үшін орташа және шекті шығындардың есебі орынды.
Орташа шығындар - өнім бірлігіне есептелген жалпы шығындардың шамасы:
ATC (AC) = TCQ;
AFC = FCQ; AVC = VCQ;
ATC = AFC + AVC.

Шекті шығындар - бір бірлікке өндіріс көлемінің өсуімен туындаған валдық (жалпы шығындардың өсуі):
MC = Δ ТCΔQ
Таяу уақыттан бері микроэкономикада шығындардың ерекше түрі - трансакциялық шығындар зерделенеді. Трансакциялық шығындар (лат. Transactio - мәміле) - өндіріс үдерісімен емес, айналыс аясымен емес, мәміле жасау барысында нарықтық агенттерінің өзара әрекеттесу үдерісімен байланысты шығындар. Экономикалық теорияда олар инсти - туционалистер арқылы пайда болды. Осы бағыттың өкілдері экономикалық талдауға әлеуметтік-саяси пәндердің элемент - терін еңгізіп, (Т. Веблен, Дж. Коммонс, Дж. Гэлбрейт, Р. Коуз) фирма теориясына көптеген жаңалықтарды әкелді. Р. Коуздің пікірінше, трансакциялық шығындар нарықтық агенттердің ақпаратты іздеу мен талдауға уақыты мен күшін жіберу (шығару) қажеттілігімен себептелген (әлуетті сатып алушылар, жеткізушілер, бағалар мен тауарлар жөнінде), келіссөздер, оларға бақылау жасау, келіссөздердің заңдық қамтамасыз етуі және т.б.

Қысқа мерзімді кезеңдегі өндіріс шығындары

Өндіріс шығындары шығарудың функциясы: C = f (Q), мұнда С - шығындар (costs). Шығындар функциясының түрі өндірістік функцияның тұрпатымен анықталады, ал олардың шамасы - өндіріс факторының құнымен. Шығындар шамасы мен шығару араларындағы графикалық тәуелділік шығындардың қисық сызықтары арқылы білінеді. Шығындарды ең алдымен қысқа мерзімді кезеңде талдайық. Бұл уақыттық аралықта факторлардың жартысы сол күйінде, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шығындардың экономикалық мәні
Басқару есебінде қолданылатын шығындарды жіктеу
Басқару есебіндегі шығындардың жіктелуі
ЖШС «ОПТСНАБ» - тың ұйымдастыру - экономикалық мінездемесі
Директ-костинг есеп жүйесінің басқару есебіндегі мәні мен маңызы
Жұмыстар мен қызметтер
Шығындар
Басқару есебіндегі қолданылатын шығындарды реттеу
Тікелей шығындар есебі
Директ костинг
Пәндер