ЧЕРНОБЫЛЬ АПАТЫ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ЧЕРНОБЫЛЬ АПАТЫ
ЧЕРНОБЫЛЬ АПАТЫ, Украинадағы Чернобыль атом электр станциясында, 1986 ж. сәуір айында АЭС-тің 4-энергоблогында апат болды. Ч. а-ның нәтижесінде Украинаның елеулі аумағы мен Ресейдің Брянск және Калуга облыстарының аумағы радиоактивтік ластануға ұшырап, адамдар өміріне қауіп төнді. АЭС-тен радиусы 30 км. жерде тұратын халық басқа жерлерге көшірілді. 1986 жылдың қараша айына дейін апатқа ұшыраған блок залалсыздандырылып, оғашталды. Апатты залалсыздандыруға Қазақстан азаматтары да тартылды.

Радиоактивті түтін аймақтан асып, 10-нан аса мемлекеттің 145 мың шаршы шақырым жерін ластады, кем дегенде 5 миллион халық зардап шекті. Оның зардабы қаншалықты ұзаққа баратыны әлі белгісіз қалып отыр.

Мир станциясынан түсірілген Чернобыль АЭС территориясы, Сәуірдің 27 1997
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы апаттан төрт мыңдай адам қаза тапты деп хабарлады. Бірақ, ядролық энергия нысандарына қарсылық танытушылар 100 мың адам құрбан болды Чернобыль апатының 25 жылдығына арналған донор елдердің конференциясы Жапонияда наурыз айында табиғат апатынан қираған Фукусима ядролық кешеніндегі дағдарысты реттей алмай жатқан сәтпен тұспа-тұс келді. Жапониядағы ядролық дағдарыс Чернобыльден кейінгі ең ауыр ядролық апат болып отыр.
Еуропа Одағының өкілі Баррозу донор елдерді Украинадағы Чернобыль салдарын жоюға көмектесуге шақырды. Ол Киев конференциясындағы үндеуінде:
- Біз өткен күнге қайтып, апаттың алдын-ала алмаймыз және оның салдарын да тоқтата алмаймыз. Бірақ Чернобыльден қалдықтарын қауіпсіз ету қолымыздан келеді, - деді.
Осыдан 27 жыл бұрын, 1986 жылы сәуірдің 26-сы күні Чернобыльдің төртінші реакторында жарылыс болып, оның радиациясы аймаққа қатты

Чернобыль АЭС аумағын залалсыздандыру.
Украина, 26 сәуір 1986 жыл.
тараған еді. Чернобыльдегі ядролық апаттың радиациялық қою түтіні Беларусь пен Ресейге дейін жеткен. Жарылыс салдарынан ондаған адам қаза тапты, кейін мыңдаған тұрғын радиациядан уланып қайтыс болды. Чернобыль апаты құрбандарының нақты саны қанша екені әлі күнге дейін анық емес.
Киевтегі конференцияға ЕуроОдақ пен өнеркәсібі дамыған елдердің Үлкен сегіздік тобы өкілдері қатысты. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев та ядролық мәселеге арналған жиынға қатысу үшін Киевке барды. 1986-жылдың көктемі. Сәуірдің 26-сы, түнгі сағат 1-ден 23 минут өткенде, Украинадағы Чернобыль атом стансасында бұрын соңды кездеспеген сұмдық жарылыс болды. Ол минуттерде жергілікті жұрт қалың ұйқыда болатын. Бірақ, бірнеше сағат ішінде ол апаттан хабардар болған халық үрейлі дүрбелеңге түсіп, тұс-тұсқа қаша бастады. Алайда, жоғарыдан келген бұйрықпен, жарылған стансаның өртін өшіріп, ол араны тазалау шараларына қатысқандар да аз емес еді. Кейінірек, компартия, комсомол жолдамасымен келген он мыңдаған адамның ол арада алған сәуле ауруынан қазіргі кезде көбі ол дүниелік болды немесе айықпас дертке ұшырады.
Алғаш ол жарылыс жөнінде сол кездегі советтік ресми басшылықтың райына қарап, кеңестік БАҚ-дары түк болмағандай ешқандай хабар таратпады. Бірақ сонау көк аспаннан байқаған американдық ғарышкерлер бір апаттың болғанына көздері жетіп, әлемге хабарлап жатты. Совет азаматтары сол Чернобыль апаты жөнінде алғаш Азаттық, Америка даусы секілді радиолардан естіген болатын. Әрине, уақыт өте келе, ол апат бүкіл әлемге әйгіленді. Атомдық сәуле ошағынан өз әрекетімен және ұйымдасқан түрде он мыңдаған адам ол аймақтан басқа жерлерге көшірілді. Кейінірек стансаға жақындау маңайда, Славутич деген жаңа қала дүниеге келіп, баспанасыз қалғандарға шаңырақ болды. Міне, сол қалашықтың әкімі, кезінде атомдық стансада жұмыс істеген Володимир Удовиченко осы кезге дейін жалғасып отырған тұрмыстық қиындық жөнінде былай дейді:
- Қазіргі негізгі проблема - Славутич қаласындағы қаржы бюджет мәселесі. Тіпті, денсаулықты айтпағанның өзінде. Славутичтегі 8 мыңдай азамат Чернобыль апатына куә болып, ол араны тазалауға қатысып, оның зардабын тартқандар. Ал Украина үкіметі болса Чернобыль атом қуаты стансасын жабарда берген уәделерін әліге дейін орындамай отыр.
Қала әкімінің айтуынша, Славутичтегі негізгі бір күрделі мәселе - жұмыссыздық.
- 1999 жылы атомдық стансада он мыңдай жұмыс орны бар еді. Ал бүгін ол 3620-ға дейін кеміді. Өте ауыр өтпелі кезең басымыздан өтті. Енді қалған жұмыс орнынан да жұрдай болсақ, онда Славутич үшін нағыз апат сонда келеді, - дейді Удовиченко.
БҰҰ демеушілігімен өткен 2005-жылғы Чернобыль форумы жүздеген зерттеуші, сарапшылардың еңбегі негізінде жазғанындай, осы кезге дейін қаза тапқандарға қоса, ядролық сәуле кесірінен алдағы кезде жүз мыңдаған адам қаза табуы мүмкін екен. Ал олардың ондаған мыңы - рак ауруына кезіккендер. Ал енді атомдық сәуле әсері жөнінде дұрыс мәлімет алмаған жұрт арасында психологиялық үрей, әлеуметтік депрессия, өмірден түңілу секілді қауіпті жағдай қалыптасуы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Радиоактивті ластанудан қорғанудың шаралары
Қоршаған ортаның ластануы туралы
Адам барлық қоғамдық өндіріс түрлерінің шешуші факторы
РАДИАКТИВТІ ҚАЛДЫҚТАР
Ластану түрлері
Ауыр металдар. Олардың қоршаған ортаға әсері
Ауаның радиактивті ластануы
Ауыр металдарға сипаттама және олардың зияны
Тәуекел сараптамасы, тәуекел деңгейін есептеу
Антропогендік әсерлердің табиғат пен адамға зиянды ықпалы
Пәндер