Қазақстандағы инвестициялық саясатты жаңартудың негізгі бағыттары


Кіріспе
Инвестициялар деп - өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай сондай-ақ ақша қаражаты түрінде, яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады.
Инвестиция дегеніміз - бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және басқа да заттарды, яғни капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы клешекте, яғни алдағы уақытта пайыз түрінде немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады.
Бұл жоғарыда айтылған процеспен екі фактор байланысты болып келеді. Оның біріншісі - уақыт, ал екіншісі - тәуекелдік . Сонымен қатар инвестиция экономикалық өсудің негізі бола отырып, елдің әлеуметтік дамуына жағдай жасайды. Осы айтылғандармен қатар инвестиция экономикалық дамудың жоғарғы және тұрақты қарқынын қалыптастырудың, ғылыми- техникалық прогресс жетістіктерін өсірудің, инфрақұрылымды дамытудың маңызды факторы болып саналады.
Нақтылық инвестиция дегеніміз - шаруашылық субъектісіндегі белгілі бір материалдық, өндірістік қорлардың, яғни активтердің (жер, жабдық, құрылыс) өсуіне, дамуы жұмсалану үшін салынатын салымдар болып табылады.
Қаржылық инвестиция дегеніміз - акционерлік қоғамдар немесе мемлекет шығарған акцияларға, облигациялар және басқадай құнды қағаздарға банктердің депозиттерін салынған салымдар болып табылады.
Қаржылық инвестициялар иелену мерзіміне қарай мынадай категорияларға жіктеледі:
а) қысқа мерзімдік иелену- иелену мерзімі бір жылға дейін;
ә) ұзақ мерзімдік - иелену мерзімі бір жылдан артық;
Инвестор - қор нарығында құнды қағаздарды сатып алушылар болып табылады.
Ұлттық инвестор дегеніміз - Қазақстан Республикасында инвестицияны жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Заңды тұлғасы.
Инвестиция дегеніміз - табыс табу және капиталды ұлғайту мақсатымен өндірістік және басқа да қызметтерге қаржы жұмсау болып табылады, яғни қаржы үнемі жұмыс істеуге басқаша айтқанда, қандай да бір табыс түсетін жұмысқа немесе іске жұмсалынуы тиіс. Инвестор өз алдына дербес екі топқа бөлінеді:
- жеке инвесторлар (жеке адамдар) .
- инстиуттандырылған инвесторлар (банктер, инвестициялық қорлар, зейнетақы қорлары, тағы басқалары) .
Инвестициялық саясат дегеніміз - халық шаруашылығының әр түрлі салаларында пайда табу мақсатымен ұзақ мерзімді капитал жұмсау саясаты. Күрделі қаржыны тиімді пайдаланудың, оларды шешуші бағыттарға шоғырландырудың, қоғамдық өндірісте тепе- теңдікті қамтамасыз етудің жолдарын көрсететін шаруашылық шешімдерінің жиынтығы. Егер инвестициялық саясат дұрыс шешілсе, әрбір шығындалған теңгеге келетін ұлттық табыстың мөлшері өседі, өнім молаяды. Инвестициялық саясат күрделі қаржыны, қорларды өндіретін, өндейтін және ол өнімдерді пайдаланатын салалар арасында дұрыс пайдалануды қамтамасыз етуі керек. Қазіргі кезде күрделі қаржыны жаңа өндіріс орындарын тұрғызудан гөрі оларды техникалық жағынан қайта жарақтандыруға, қайта құруға бағытталып, одан әрі өндіріске жұмсалған күрделі қаржының ара салмағын өсіре беру көзделіп отыр. Нарықты экономикаға көшу кезінде инвестициялық саясат сұранысты қанағаттандыруға бағытталуға тиіс.
Тікелей инвестиция дегеніміз - капиталды экспорттаушының қабылдаушы ел территориясында өндірісті ұйымдастыруын айтады. Тікелей инвестициялар арқылы халықаралық корпорациялар дүниежүзілік нарықта өз бөліктерін жүргізеді.
Шетел инвесторы - шетелдік заңды тұлғалар, шетел азаматтары, шетел мемлекеттері, халықаралық ұйымдар, шетелде тұрақты тұрғылықты мекені бар Қазақстан Республикасының азаматтары, егер олар шаруашылық қызметін жүргізу үшін азаматтығын алған немесе тұрақты тұрғылықты мекені бар елде тіркелген жағдайда.
Шетелдік инвестиция дегеніміз- қабылдаушы елдегі компанияның қызметін бақылап, басқарып отыру үшін капиталдың мақсатты түрде ауысуы болып келеді. Шетелдік инвестициялардың елдер мен өнеркәсіп салалары арасында бөлінуі кәңіргі халықаралық экономиканың құрамына айтарлықтай әсер етеді.
Шетелдік инвестицияларын тарту саясаты 1991 жылдан басталып, оң нәтижелер беруде. Шетел капиталын басқаратын Қазақстан эксимбанкі, сырттан қарыз алу жөніндегі комитет және инвестициялар жөніндегі комитет тәрізді органдар құрылды. Сөйтіп Қазақстанда шетел капиталы үшін қолайлы ахуал ққалыптасты.
Шетел инвестицияларын тартудың басты бағыттарына тіршілікті қамтамасыз ету салалары мен экспорт бағдарындағы өндірістер - мұнай-газ және мұнай - химия салалары, электр энергетикасы, металлургия, коммуникация және де Қазақстан дәнді дақылдапр, жүн, мақта т. б. ірі өндіруші болу себепті, ароөнеркәсіп кешені жатады. Мұнай-газ саласында күш-қуат мұнай мен газ өндіріп, экспорттқа шығаруды арттыруға сыртқы мұнай құбырлары мен ішкі газ құбырларын салуға жұмсалады.
Қаржы емес активтерге жұмсалған инвестициялар мынадай элементтерді: негізгі капиталға жұмсалған инвестицияларды, материалдық айналым қаражаты қорын толтыруға жұмсалған инвестицияларды, өндірілмеген және материалдық емес активтерге жұмсалған инвестицияларды, басқа да қаржы емес активтерге жұмсалған инвестицияларды өзіне қосады.
Негізгі бөлім
1. Қазақстандағы инвестициялық саясатты жаңартудың негізгі бағыттары
Казақстанда инвестициялық саясат сүрақтарына Республиканың мемлекеттік егемендігін алғаннан бері көп көңіл бөлініп келеді. Соңғы жылдары Казақстанда макроэкономикалық жэне саяси түрақтылыққа қол жетті, ол Казақстандағы инвестициялық климатты айтарлықтай жақсартты.
Қазақстан Республикасымен өзара қолдау жэне бірқатар елдермен, мысалы: Әзірбайжан, цлыбритания мен Солтүстік Ирландия, Болгария, Венгрия, Грузия, Германия, Египет, Израиль, Иран, Индия, Испания, Италия, Қырғызстан, Қытай, Кувейт, Корея, Малайзия, Монғолия, Польша, Ресей Федерациясы, Румыния, Финляндия, Франция, Чехия, гзбекстан, Украина, Түркменстан, Швейцария, басқа да Бельгия-Люксембургтық ұйыммен инвестицияларды қорғау туралы екі жақты келісімдер мен келісім-шарттарға қол қойылды.
Қазақстанда заңдылықтың кең тармақталған және өзара байланысты жүйесі Казақстан Республикасы территориясындағы шетелдік заңды түлғалар мен азаматтардың: "Валюталық реттеу" (24. 12. 1996 ж. ), "Лицензиялау туралы" (17. 04. 1995 ж. ), "Жер туралы" (24. 01. 2001 ж. ), "Мүнай туралы" (28. 06. 1995 ж. ), "Жер қойнауы мен жерді пайдалану" (27. 01. 1996 ж. ), т. б. заңдар қызметтерімен байланысты қатынастарды тиімді реттеуге мүмкіндік береді.
Шетелдік инвестициялар сферасындағы: "Шетелдік инвестициялар туралы" заң (27. 02. 1994 ж. ) ; "Тікелей шетелдік инвестицияларды қолдау туралы" заң (28. 02. 1997 ж. ), "Инвестициялық қорлар туралы" заң (06. 03. 1997ж. ), "Казақстан Республикасы Президентінің жанындағы шетелдік инвесторлар Кеңесін қүру туралың КР-сы Президентінің үкімі (30. 06. 1998), "Казақстанның басты секторларында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын инвесторлармен келісім жасау кезінде берілетін жеңілдіктер мен преференциялар ережесін бекіту туралы" КР-сы Президентінің ұкімі қатынастарды реттейтін нормативтік қүқықтық актілерді бөліп көрсету керек.
"Тікелей шетелдік инвестицияларды қолдау туралы" заңмен инвесторларға жеңілдіктер мен преференциялар беру жолымен экономиканың басты салаларына инвестициялар тартумен айналысуға өкілетті арнайы мемлекеттік органды құру қарастырылған. Бірінші рет м:ндай орган 1992 жылы - шетелдік инвестициялар бойынша үлттық агенттік қүрылды. 1996 ж. Ол инвестициялар бойынша Казақстан Республикасының Мемлекеттік комитеті болып қайта құрылды, ал 2001 жылдан бастап Казақстан Республикасының ішкі істер Министрлігі жанындағы инвестиция бойынша Агенттік қызмет ете бастады.
Агенттік Казақстан Республикасында тікелей шетелдік инвестицияларды мемлекеттік қолдауды жүзеге асыруға өкілетті жалғыз мемлекеттік орган болып табылады.
Агенттіктің негізгі атқаратын функциялары:
1) Казақстанға шетелдік инвестицияларды тарту бойынша жүмысты үйымдастыру:
2) Бекітілген инвесторлармен жүзеге асатын инвестициялық жобаларды орындау бойынша мемлекеттік органдардың қызметін координациялау;
3) Әрбір инвестициялық жобаны орындау үшін қажетті қүқық пен өкілеттік беретін барлық келісімді жэне рұқсат етілген қркаттар, лицензиялар, виза жэне басқа қүжаттарды алуды қамтамасыз ету;
4) Казақстанда маманданған жүмысшылар, тауарлар мен қызметтерді іздеуде бекітілген инвесторларға көмектесу;
5) Бекітілген инвесторлар өзіне алған міндеттерді орындауға бақылау жасауды қосқанда, инвестициялық жобаларды орындауды жүзеге асыру
Шетелдік инвестициялардың қүқықтық жағдайының негізгі сүрақтары КР-ның "Шетелдік инвестициялар туралы" заңымен реттеледі.
Заңға сэйкес шетелдік инвестицияларды, осындай инвестициялар үшін Казақстан Республикасының заң актілерімен тиым салынбаған кез келген обьекті мен қызмет түріне салуға болады.
Портфельді инвестицияны жүзеге асырумен, мақсатты банктік және қаржылық салымдарды, қарыздарды берумен, сонымен бірге шетелдегі үлттық инвесторлар инвестицияларымен байланысты қатынастар арнайы заңдылықтармен реттеледі. Арнайы экономикалық зоналарда шетелдік инвестицияларды жүзеге асыруға "Шетелдік инвестициялар туралы" Заң нормасы қолданады, егер "Арнайы экономикалық зоналар туралы" КР-сы Президентінің үкімі ескерілмеген болса.
Қазақстан Республикасының қызмет етіп түрған заңымен тиым салынбаған шетелдік инвестициялардың кез келген формасы мен онымен байланысты қызметі, мұндай жағдайда Қазақстан Республикасының жеке жэне заңды түлғаларының инвестицияларына немесе басқа кез келген жеке жэне заңды түлғаларға пайдалануға берілуіне қарағанда онша қолайлы емес жағдайда жүзеге асады.
Ең алдымен аса маңызды екі мэселеге ерекше көңіл бөлу керек: біріншіден, халық шаруашылығының ёіаапоёбёуёй0 өзгерістеріне нарықтық механизі әсер ете алмайды, сондықтан бұл өзгерістерді мемлекет тарапынан реттеу қажет; екіншіден, өзгерістерді инвестициялық процестермен жэне шаруашылық жүргіуші субъектілердің инвестициялық белсенділігін ынталандырумен тығыз байланыста қарастырмасақ өндірістің элеуметтік-эконойикалық тиіділігін арттыру мақсатында құрлымдық реттеу мэселесін шешу мүмкін емес. Сондай-ақ, болашақтағы ғылыми негіздерлген қүрылымдық өзгерістердің қажеттілігі - эсіресе экономиканы басқарудың жоғарғы деңгейінде инвестициялық шешімдер қабылдауға қатысты мақсаттй сипатта болады.
Экономикадағы қүрлымдық өзгерістерді сипаттайтын көрсеткіштер ж^Лёесі мен деңгейі көбінесе мемлекеттің экономикалық саясатын жүзеге асыру мен болашақтағы кезеңдерге белгіленген мақсаттарға қол жеткізу жөніндегі нақты макбоэкономикалық шараларға байланысты. Басқаща айтқанда, жалпы мемлекеттік экономикалық саясат - макроэкономикалық, салық жэне аймақтық деңгейлерде құрлымдық саясатты қалыптастыруайң негізі болып табылады.
Қазіргі заманғы мемлекеттің табыстылығы мен бәсекелес қабілеттілігін айқындайтын маңызды өлшемдердің бірі инвестициялық климат болып табылады. Инвестициялық климат экономикалық, әлеуметтік, саяси сипаттағы түрлі жағдайлардан қалыптастырылады. Мемлекеттердің шетелдік инвестицияларды тарту құқығына бэсекелес күресте климаттық жағдайлар, еңбектің мәдени дәстүрлері, діл ерекшеліктері жэне т. с. с. болсын елеусіз, кейде экономикаға байланысты емес факторлар үлкен мүмкіндікке ие болады.
Сонымен бірге сонда да инвестициялық климатты айындайтын басты факторлардың бірі салық жэне кеден режимдері болып табылады. Қазақстан Республикасының Салық және кеден режимдері Қазақстанның экономикасына инвестициялау үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған. Бүл ретте Қазақстан Үкіметі республиканың экономиканың шикізатқа жатпайтын секторына сыртқы да, ішкі де инвестицияларды ынталандыру үшін барлық қажетті алғышарттарды жасады. Үкіметтің фискальдық саясаты Қазақстанның Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылға арналған стратегиясын ойдағыдай жэне дәйекті іске асыруға бағытталған.
Инвестицияларды мемлекеттік қолдау шараларын үсынудың қолданыстағы тетігі бірқатар маңызды басымдықтарға ие. «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тең дэрежеде отандық та, шетелдік де инвесторларды қолдау мен ынталандыру көзделген, инвестициялық артықшылықтарды беру тәртібі жеңілдетілген, оған сәйкес инвестициялық артықшылықтар беруге арналған өтінімді қарау мерзімі елеулі қысқартылған (отыз жүмыс күніне дейін) .
Жоғары қосылған құн салығы бар өнімді, жоғары технологиялық өнімді қүруға бағытталған компаниялар үшін қажетті жағдайлар жасалды. Жаңа өндірістерді дамытуды ынталандыру, қолданыстағы өндірістерді кеңейту жэне жаңарту үшін Салық кодексінде инвестициялық салық артықшылықтарын беру көзделген, оларды алып салық төлеуші инвестициялық жобаны іске асыруға байланысты корпоративтік табыс салығын (КТС), мүлікке салынатын салық пен жер салығын есептеу бойынша салық жағдайларына күқығы бар.
Инвестициялық салықтық артықшылықтар тіркелген активтерге салынатын инвестициялар көлеміне байланысты айқындалатын, бірақ бес жылдан аспайтын мерзімге беріледі.
Бұл ретте, қызмет түрлеріне және тіркелген активтерге салынатын инвестициялар көлеміне байланысты КТС бойынша артықшылықтардың
қолданылу мерзімі Қазақстан Республикасы Үкіметінің щешімі бойынша он жылға дейін үзартыла алады.
Сонымен бірге, 2006 жылдың 1 наурызында Қазақстан Республикасының Президенті Нүрсүлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауы кезінде берілген тапсырмаларды орындау үшін Үкімет Салық кодексіне мынадай бөліктерде:
2007 жылдан бастап қосымша қүн салығының ставкасын 1 %-ға, ал 2008-2009 жылдары қосымша тағы да 1-2 %-ға азайту;
барлық жеке тұлғалар үшін табыс салығының 10 %-дық белгіленген мөлшерлемесін енгізу;
айлық есептік көрсеткіштің орнына жеке түлғаның салық салынатын табысынан ең аз жалақы мөлшерін алып тастау;
2008 жылдан бастап элеуметтік салықтың ставкасын 13 %-дан 5 %-ға дейінгі аралықта шамамен 30 %-ға азайту;
оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолданатын шағын бизнес субъектілері үшін 3 %
2. Инвестицияны талдау
Инвестициялық саясаттың мақсаты:
Тұрақты экономикалық өсудi қамтамасыз ету мақсатында бəсекеге қабiлеттi, жоғары технологиялы жəне ғылымды қажетсiнетiн өндiрiстi дамытуға басым тəртiппен бағытталатын, ішкi жəне сыртқы инвестициялардың жоғары деңгейiне қол жеткiзу.
Қазақстандағы ең басты стратегиялық мiндеттердiң бiрi əрдайым елге экономикалық өсу бағдарламасын iске асыруға мүмкiндiк беретiн тiкелей жəне "қоржындық" инвестицияларды тарту болып келдi. Экономиканы дамытуға бағытталған қаржы ресурстары көлемiн едəуiр арттырмайынша IЖӨ өсiмiнiң жыл сайынғы 5-7% деңгейiнде болжанып отырған жоғарғы қарқынына қол жеткiзу мүмкiн емес.
Мемлекеттiк жəне жеке инвестициялардың экономикаға тартылған ағымдағы көлемi осы заманғы экономиканың жылдам өсiп отырған қажеттерiн қанағаттандыру үшiн жеткiлiксiз. Негiзгi капиталға салынған инвестициялар көлемi қазiргi кезде IЖӨ-нiң 18-19%-ынан аспайтын мөлшердi құрайды, ал елiмiзге осы қолда бар деңгейден екi есе асып түсетiн инвестициялар көлемi қажет.
1. 1. Күштi жақтар
Бүгiнгi таңда жүргiзiлiп отырған инвестициялық саясат бiрқатар жағымдылықтарымен сипатталады, солардың арасынан шетелдiк инвестицияны тарту үшiн тұтас алғанда қолайлы инвестициялық ахуалдың сақталғанын, бағалы қағаздар нарығының құрылғаны мен дамығанын, жаңа институционалдық инвесторлар қалыптасқанын, экономиканы кредиттеуде банктердің рөлi күшейгенiн атап өткен жөн.
1. 1. 1. Шетелдiк инвестициялар
Шетелдiк инвестицияларды тарту көлемi бойынша Қазақстан жан басына шаққанда ТМД елдерi арасында жетекшi орынға ие болып келедi. Жыл сайынғы тiкелей шетелдiк инвестициялардың жиынтық көлемi орта есеппен IЖӨ-нiң 8%-ы деңгейiнде сақталып отыр.
Қазақстандағы қолайлы инвестициялық ахуалға мынадай жолдармен қол жетiп отыр:
- саяси тұрақтылықты жəне алдын ала болжауды сақтау;
- валютаның тұрақтылығын қолдау;
- нарықтық өзгерiстерге бағытталған реформалар жолын ұстану саясатын жүргiзу жəне əлемдiк экономикаға интеграцияланған демократиялық құқықтық мемлекет құру.
1. 1. 2. Банк секторы
Орнықты банк жүйесi құрылды. Жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерiн) мiндеттi ұжымдық сақтандыру (кепiлдiк беру) жəне банк құпиясы институты тетiгiн iске қосу банк жүйесiне сенiмдi арттыруға мүмкiндiк бердi. Коммерциялық банктердiң ресурстық базасы артып келедi.
1. 1. 3. Бағалы қағаздар нарығы
Республикада экономиканың өндiрiстiк секторларын дамытуға iшкi жəне сыртқы қаржы ресурстарын қайта бөлудiң тиiмдi тетiгi ретiнде бағалы қағаздар нарығын дамытуға зор маңыз берiледi.
Мемлекеттiк бағалы қағаздардың дамыған нарығы құрылды жəне мемлекеттiк емес бағалы қағаздар нарығы дамып келедi. Бағалы қағаздар нарығының базалық құқықтық жəне институционалдық инфрақұрылымы жасалды; бағалы қағаздар нарығының жұмыс iстеп тұрған техникалық инфрақұрылымы депозитарлық жəне есептеу-клирингтiк қызметтердi жүзеге асырудың халықаралық стандарттарына сай келедi.
1999 жылы халықаралық сарапшылар корпорациялық басқару мəселелерi жөнiндегi Қазақстан заңнамасын Орталық жəне Шығыс Еуропа, ТМД жəне Балтық жағалауы елдерiндегi үздiк заңнамалардың бiрi ретiнде мойындады.
1000 жылы қаржыландырудың тəсiлi ретiнде банктiк кредиттеуге балама болған корпорациялық облигациялардың алғашқы нарығы ойдағыдай жұмыс iстей бастады. Сақтандыру нарығы дамып келедi. Сақтандыру заңнамаларына енгiзiлген өзгерiстер сақтандыру ұйымдарының ұйымдық-құқықтық нысанын акционерлiк кəсiпорындар нысанында орнықтырады. Сақтандыру қызметi туралы жаңа Заңның қабылдануына орай сақтандыру ұйымдарының сақтандыру резервтерiн тарту жəне олардың инвестициялық мүмкiндiктерi саласындағы қызметiн кеңейту үшiн мүмкiндiктер жасалатын болады.
Құрылыс жинақ ақшалары жүйесi мен ипотекалық кредиттеудің енгізілуі тұрғын үй құрылысын дамытуға инвестициялардың қосымша құйылымын ынталандыруға мүмкiндiк бередi. Бұған қоса, қор нарығында жаңа қаржылық құрал - ипотекалық облигация пайда болады.
1. 1. 4. Ішкi жинақ ақшалар
Бағалы қағаздар нарығында жаңа институционалдық инвестор жинақтаушы зейнетақы қорларының пайда болуы ішкі жинақ ақшаларды жұмылдыру тетiгiн мүмкiндiк бердi. Зейнетақымен қамсыздандыру саясатын одан əрi жетiлдiру кезiнде жинақтаушы зейнетақы қорлары азаматтардың ақшаларын шоғырландыратын аса iрi ұлттық институционалдық инвесторлар болады.
1. 2. Əлсiз жақтар
Сонымен бiрге қалыптасқан инвестициялық жағдайдың бiрқатар əлсiз жақтары бар екендiгiн, оларды еңсеру елдегi инвестициялық жағдайды жақсарту үшiн қажет екендiгiн атап өткен жөн.
1. 2. 1. Шетелдiк инвестициялар
Шетелдiк капитал өндiрiстiк сектордың дамуына ықпал етпейдi, өйткенi iс жүзiнде толығымен экономиканың өндiрушi секторларына, негiзiнен мұнай өндiру мен металлургия салаларына жiберiледi.
Бұдан басқа, инвестициялар құрылымын талдау шетелдік инвесторлардың ақшаның көп бөлiгiн айналым қаражатына немесе қысқа мерзiмдi пайдаланудың негiзгi қаражатына салатынын көрсетедi.
Шетелдiк инвестициялардың келуiн ынталандыру саясаты отандық жəне шетелдiк инвесторлардың теңсiз жағдайға қойылуына алып келдi. Капиталдың елден жылысуының жалғасуы Қазақстан экономикасын дамытуға терiс əсер етiп отыр. Тартылатын шетелдiк капитал көлемiн арттыруға кедергi келтiретін бiрқатар факторлар бар, олардың iшiнен мыналарды атап көрсетуге болады:
- Қазақстан нарығындағы iскерлiк белсендiлiктiң төмендiгi;
- заңнама мен реттеушi шаралардың көмескiлiгi;
- ақша қаражатының төлемсiздiк дағдарысымен шиеленiскен төмен өтімдiлiгi;
- сенiмдi ақпараттың өткiр тапшылығы.
Бұдан басқа, мемлекет рөлiнiң əлсiздiгi сыбайлас жемқорлық пен қызмет бабын терiс пайдаланудың таралуына, келiсiмшарт талаптарының орындалмауына мүмкiндiктер туғызды; санаткерлiк меншiк құқығын қорғау қамтамасыз етiлмейдi.
1. 2. 2. Негiзгi капиталға инвестициялар
Төмен инвестициялық белсендiлік салдарынан экономиканың нақты секторының негiзгi капиталы əбден ескiрдi, iс жүзiнде экономиканың барлық салалары техникалық жағынан керi кетуде. Негiзгi капиталға инвестицияның қазiргi IЖӨ-нiң 18-19% мөлшерiндегi деңгейi таяу жылдары негiзгi капиталды оның табиғи тозуы салдарынан толық шығарып тастауы мүмкiн. Кəсiпорындардың амортизациялық аударымдары негiзгi өндiрiстiк құралдарды ұдайы өндiру функциясын орындамайды жəне нысаналы пайдаланылмайды. Көптеген кəсiпорындарды шетелдiк инвесторлар өндiрiс қуаттарының қалдық құнынан едəуiр төмен баға бойынша сатып алды. Алайда бұл ретте кəсiпорындардың жаңа меншiк иелерi салық салынатын пайдадан амортизациялық шегерiм жүргiзу мүмкiндiгiн басқа кəсiпорындармен бiрдей пайдаланады.
1. 2. 3. Банк секторы
Халық салымдары көлемiнiң едəуiр өсуi банктердiң экономиканың нақты секторына беретiн кредиттер көлемiнiң өсуiне ықпал еттi, бiрақ осымен бiр мезгiлде жоғары банктердiң кредиттеу көлемi тəуекелдерге орай экономиканың нақты секторының сұранысына сай келмейдi. Банктердің кредиттiк қоржынында қысқа мерзiмдi кредиттер басым. Кредиттер бойынша жоғары пайыздық ставкалар банк кредиттерiн шағын жəне орташа бизнес үшiн қол жеткiзiлуi қиын қаражат көзiне айналдырды. Экономика салалары арасында сауда секторына кредит беру басым тұр.
1. 2. 4. Бағалы қағаздар рыногы Бүгiнгi таңда қор нарығының негiзгi қатысушылары банктер мен аса iрi компаниялар болып табылады, ал бұл кезде шағын жəне орташа кəсiпорындар қор нарығына қол жеткiзуде қиындықтарды бастан кешiрiп отыр.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz