Адам мен жануарлар физиологиясы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 73 бет
Таңдаулыға:   

C:\Users\E786~1\AppData\Local\Temp\FineReader10\media\image1.jpeg

И. М. Төленбек

Адам мен жануарлар физиологиясы (2-бөлім. Висцеральдык жүйелер), жалпы редакциясын басқарған И. Төленбек/окулык/ - Алматы. Ы. Алтынсарин атындағы Қазактың білім академиясы- ның Республикалык баспа кабинеті, 2000 ж., 419 бет.

ISBN 5-8380-1834-8

Окулык адам мен жануарлар организмдерінің сырткы коршаған ортамен байланыс кезінде аткаратын кызметін зерттейді, олардың іске асу заңдылыктарын ашады.

C:\Users\E786~1\AppData\Local\Temp\FineReader10\media\image2.jpeg

ЯЛМ. Теленбек

ISBN 5-8380-1834-8 ©

© Ы. Алтынсарин атындағы Қазактьщ білімакадемиясының Республика­лык баспа кабинеті, 2000

Еңбек жоғары оку орындары жаратылыстану факультеттері- нің студентгері мен мектеп мүғалімдеріне арналған.

Пікір жазғандар: Х. Д. Дүйсенбин- биология ғылымдарының док-

торы, Үлтгык Ғылым акаде- миясының корреспондент мұшесі, профессор

А-Аскарова - әл-Фараби атындағы ҚазҮМУ-

дің адам мен жануарлар физио­логиясы кафедрасының меңгеру- шісі, биология ғылымдарының кандидаты

Баспаға Ы. Алтынсарин атындағы Қазактың білім академия- сының оку-әдістемелік кеңесі үсынған

АЛҒЫ СӨЗ

Үсынылып отырған оқулық пединституттар мен университетгердің биологиядан маман дайындайтын факультетгері студентгеріне арналып жазылды. Бүл бөлімде адам мен жануарлар физиологиясының жалпы курсының висцеральдық жүйелерге қатысты тараулары /ішкі секреция бездері, қан, қан айналу, тыныс алу, ас қорыту, зат пен энергия алмасу, сыртқа шығару процестері/ және тері қызметі қамтылды. Сондай-ақ бірінші бөлімге /Төленбек И. М. "Нерв жүйесінің физиологиясы", 1992, "Сенсорлық жүйелер /анализаторлар/ физиологиясы", 1994/ симагаңдықтан енбей қалған "Кіріспе. Физиология пәні, даму этаптары, зерттеу әдістері" деген тақырышы осы бөлімге кіргізуге мәжбүр бодцық. Бірінші бөлімнің материалдары екі оқу қуралы турінде берілген болатын. Бірақ онда қарастырылған мәселелер толыгымен жоғары оқу орнына арналған типгік багдарлама талаптары негізінде баяндалганын айгуымыз керек. Ендігі міндет, сол аталган оқу қүралдарын біріктіріп және физиология ғылымының олар жарық көргеннен кейінгі жаңалықтары мен уақыттың жаңа талаптары түргысынан өндеп, толықтырып, оқулықтың 1-бөлімі деген атпен баспага үсыну. Егер осы жоспар іске асса, адам мен жануарлар физиологиясының жалпы курсы бас-аягы түгенделіп, ресми түрде университеттер мен пединституттардагы биология мамандыгы бойынша жоғары білім алуіа тиісті студенттерге арналган алгашқы қазақ тіліндегі оқулық ретінде қызмет атқармақ.

Ішкі мүшелер /висцеральдық/ жүйелеріне қатысты біраз материадцар бүдан ертерек жарық көрген оқу қүралдарында /Исмагүлова Ф. А, Төленбеков И. М. "Анатомия, физиология және гигиенаны оқытудың кейбір мәселелері", 1970; "Адам физиологиясы", 1985/ баяндалган еді. Одан бергі өткен уақыт ішінде физиология гылымы жаңа көзқарастармен, теориялармен, басқа да мәліметтермен байыганы күмәнсіз екенін ескерсек, қазақ жастары үшін заман талабына лайықтанған жаңа оқулықты жазып, бастыру кезек күтгірмейтін, шүгыл қажеттілік деп түсіну керек болар.

Оқулықты жазуда авторлар өздерінің ұзақ уақыт бойы /30- 40 жылга жуық/ жоғары оқу орындарында осы пәннен лекция және лабораториялық сабақтар жүргізудегі тәжірибесін, сондай-ақ халықаралық деңгейде қолданылып жүрген, басқа да елдерде жарық көрген кітаптар мен материадцарды пайдаланды. Баяндалган деректер ауқымы, жүйесі яғни оқулық мазмүны бүгінгі таңца ресми түрде қолданылып жүрген тиіггік оқу багдарламасы талаптарына сәйкестендірілген.

Әрине, оқулықта тиісті мәселелер ылғи да мүлтіксіз, сц жогары тілек-талап деңгейінде жазылып, баяндалды деудсм тартынамыз. "Көш жүре түзеледі" дегендей, оқушы қауым оіі байқаған кем-кетіктерді хабарлап жатса, біздер оларды алгіл сезіммен қабылдайтынымызды адцын-ала айтқымыз келеді.

ТӨЛЕНБЕК И. М.

КІРІСПЕ

Физиология пәні жане оныц әдктері мен даму этаптары.

Физиология - "физис" - табиғат, "логөс" - ілім деген грек сөздерінен қүралады. Адам мен жануарлар физиологиясы осы организмдердің сыртқы қоршаған ортамен байланысы күйінде атқаратын қызметін зертгейді, олардың іске асу зандылықтарын ашады.

Физиологиялық тіршілік әрекетінің негізінде физиологиялық процестер жатады. Физиологиялық процестер тірі материяда жаңа сапалы мазмүнға ие болатын онда жүретін физикалық және химиялық нроцестердің күрделі бірлігінің формасы. Физиологиялық процестер физиологиялық функцияларды қамтамасыз етеді. Физиологиялық функция - гірі жүйедегі әртүрлі бөліктердің, структуралық элементтерінің өзара әрекеттесуініц көріністері. Функция /кызмет/ организмдегі, органдардағы, клеткалардагы зат алмасу процесініц орта жағдайының алуан өзгерістеріне бейімделуі барысындағы, әрі сол организмнің ортаға белсенді ықпалы барысындағы өзгерістерініц нәтижесі. Функция деп жүйеніц немесе органныц спецификалық әрекетін айгады.

Физиологияныц негізгі міндеті - жануар және адам организмдеріндегі тіршілік процестерінің, мәселен нерв жүйесі мен басқа да жүйелер қызметтерінің спецификалық физиологиялық заңдарын одан әрі ашу, анықтау. Себебі, осы арқылы ол процестерді басқарудыц жетілген әдістерін табуға болады.

Физиология сөйтіп, тіршіліктің мән-магынасын, оның химиясы мен физикасын зерттеп білуге катысады.

Физиологияныц өз алдына қоятын мақсаты: 1. Тірі организмдегі қалыпты функциялардыц іске асуының заңцарын қоршаган ортаныц үнемі өзгермелі және дамымалы жағдайларымен байланыстыра зерттеу; 2. Сол тірі организмдегі функциялардыц онтогенез және филогенез барысындагы дамуын әрі олардыц өзара байланыстарын зерттеу.

Физиологиялық процестерді зерттеудің әртүрлі децгейлері бар: молекулалық, мембраналық, субклеткалық, клеткалық, тканьдік, органдық, жүйелік және организмдік.

Бүкіл организмнің өмір сүру қызметін білу үшін, ец бірінші рет, оныц жеке органдарыныц қызметін, олардыц бір-бірімен

II

және сыртқы ортамен қатынасын анықтау қажет. Бірақ, бүл жеке органдар қызметін зерттеу әруақта организмнің тіршілік ету ортасына байланысты жалпы өмір сүру қызметін толық білу мақсатына багынып отыруы тиіс. Осындай синтездік физиология ғана организм функцияларын толық білуге және оны басқару әдістерін табуға мүмкіндік бере алады.

Организмде жүретін барлық процестер бір-бірімен өте тыгыз байланысып жатқандықтан, оларды зерттеуде коптеген қиындықтар кездеседі. Сондықтан ондагы әртүрлі органдар жүмысын, оган организмде жүретін басқа процестердің ететін әсерін елемей зертгеуге үмтылушылык табиги нәрсе болып табылады. Осындай күрделі қүбылыстарды олардыц жәй түріне айналдырып және оның әрқайсысын жеке-жеке зертгеу жолын анализ /талдау/ жолы деп атайды. Бүган мысал организмнен болініп алынган белгілі бір органдардың жүмысына қолдан жасалган ортада бақылау жүргізу. Бірақ, мүндай зертгеу органдагы процестер сол орган қалыпты организм денесінде түрганда қалай жүреді деген сүраққа жауап бсрс алмайды.

Бізді, сонымен қатар, вивисекциялық операция жасау /тірідей кесу/ әдістемесі де қанагаттаңдыра алмайды. Себебі, мүнда орган қызметін бақылау қалыпты тіршілік еіу ортасынан әлдеқайда алыс жатқан наркозбен үйықтатылган жануарлар денесінде жүргізіледі.

Физиологиялық функцияларды аналигикалык әдіспен зертгеуді теріске шыгаруга болмайды. Бірак, негізгі мақсат жартылай емес, бөлшекгенбеген, біріүгас жамуар организмін зертгеу болуы тиіс. Орыстыц атақты физиолоіі И. П. Павлов гылымга созылмалы /үзақ уақыт бакылауга мүмкіндік беретін/ тәжірибелер жасау әдісін енгізді / фистула қою өдісі деп те аталады/. Мүндай тәжірибслер операция жасаудыц барлық ережелерін сақтай отырып операция жасалган жоне одан жазылган жануарларда жүрпзіледі. Мүпдай ж; шуарлардыц дені сау және барлык оргапдар қалілпи ки ШВТ агқарады. Сондыктан онда операция жасалган оріан кызмстіне галдау жүргізуге де және оны организмнің басқа <) ункцияларымен байланыстыра зерттеуге де мүмкіндік бар. I іүл организмді синтездік жолмен зертгеу болып табылады. Сонымен, дені cay организмге эксперимент жасау, тәжірибе кою физиологиялық зертгеудегі негізгі әдіс болып есептеледі екен. ) ксисримснт

түрлері көп: экстирпация, трансплантация, перфузия, микроэлекгродты техника, радиотелеметрия, модельдеу, т. б.

Экстирпация кезінде зертгелетін органды жартылай, немесе түгелдей кесіп алып тастайды да, бүдан соң организмде байқалатын өзгерістерді бақылау арқылы, оныц денедегі қай қызметке қаншалықты қатысыныц барлығы анықталады. Трансплантация - бір организмдегі органды, тканьді орнынан басқа жерге /мәселен, бүйрекгі мойынға әкеліп орналастыру/, немесе басқа организмге көшіріп қондыру. Осыған

байланысты организмде, орган қызметінде байқалатын өзгерістерді бақылайды. Перфузия - зертгелетін, қүрамы алдын- ала белгілі ерітіңдіні, не қанды тиісті органныц тамырлары арқылы өткізу. Осылай органнан өткен ерітіндіні /сүйықты/ жинап алып, оныц қасиетін, қүрамын анықтап, орган клеткаларында қандай өзгерістерге түскенін біледі. Микроэлектродтық техниканы пайдаланып түрлі электро- физиологиялық зертгеулерді /тыныштық потенциалдарын, әрекет потенциалдарын талдау, тітіркендірулер беру, т. б. / жүргізеді. Радиотелеметрия арқылы әртүрлі қашықтықтардағы /мәселен тіпті гарыштагы/ организмдердегі бірнеше жүйелердіц қызметтерініц көрсеткіштерін /параметрлерін/ бір мезгілде электромагнитгік және радиотолқындардьі тіркеп-жазып, талдау арқылы /математикалық, электрондық есептеу техникасыныц көмегімен/ қажетгі физиологиялық ақпарат алынады. Элекгрондық есептеу машиналарын пайдаланып организмдегі әртүрлі физиологиялық процестер арасындагы өзара сандық қатынастарды, физиологиялық заццылықтарды білу үшін математикалық модельдеу жүргізіледі. Кибернетика мен физиологияның мүндай шыгармашылық одағы арқылы организмге эсер ететін толып жатқан факторлардың тудыруы мүмкін реакцияларының варианттарын болжауға болады.

Тірі организмде өте күрделі физикалық және химиялық қүбылыстар жүреді. Сондықтан да физиология көпшілік жағдайларда басқа гылымдардыц - физиканыц, химияның т. б. әдістемелерімен де пайдаланады. Бірак, организмде жүретін бүл қүбылыстарды кәдімгі табиғатга жүретін физикалық және химиялық қүбылыстармен бірдей деп есептеуге де болмайды. Физиологиялық функциялар, синтездік зерттеу негізінде ғана түсіндіріле алады.

Физиология медицинаның қажетінен туған. Себебі, медицинаның алдыңғы қатарлы өкілдері адамды оның денесінің құрылысын және әртүрлі органдар қызметін білмей емдеп, жазуға болмайтындығын ерте кезде-ақ білген.

Бірақ та ертедегі Греция мен Римнің дәрігерлері мен ақыл- ой иелері өздерінің дене органдарының қызметі туралы қорытындыларын, сол органдар қүрылысын үстіртін зертгеу нәтижесінде туган, ойша жасалган піхірлерге негіздеп шыгарган.

Антик дүние қирап, батыс Европада феодализм орнаган кезде, католик шіркеуінің діни догмаларына бас июшілік өріс алды. Осы кезде ертедегі ойшылардан калган алгашқы білім үиіқындары қайта басылып тастадцы. Демокриттің атомизмі, Аристотельдің, Гиппократтың, Галеннің, Эразистраттың көптеген физиологиялық фактыларды дүрыс түсіндіруі, т. б. ІҮ- Ү гасырдан ХІҮ-ХҮ гасырга дейін әдейі еске алынбай келді. Бірақ та Аристотельдің, Галеннің, Птоломейдің ойша жоруга негізделген концепциялары шіркеудің санкциясын алып, өзгермейтін шындық деп жарияланды.

Тек ХҮІ-ХҮІІІ-гасырда, капитализмнің туу және дамуы кезінде буржуазияның саяси үкімет үшін күресі барысында табигат тану гылымдары біраз дамыды.

Бүл кезде Коперник жердің күнді айналатындыгын тауып, осы кездегі астрономия негізін салды. Ньютон механиканың негізгі ережелері мен бүкіл әлемдік тартылыс заңын таітгы. Везалий деген анатом адам денесі қүрылысының көптеген ерекшеліктерін дүрыс суреттеді. Француз Декарт аспан әлеміндегі денелердің қозгалысын және жануарлардың мінез- қүлқын механиканың зандарымен түсіндіруге тырысты. 1628 жылы агылшын Вильям Гарвей деген дәрігер организмнің функцияларының бірі - қан айналуды ашты. Сөйтіп, Павловтың айтуынша, ол адамның нақты білімінің жаңа бөліміне - жануарлар физиологиясына негіз /фундамент/ салды.

Гарвейдің қан айналуды ашуын физиологияның негізделген датасы деп айтудың 2-себебі, ол гылыми - зерттеу тәжірибесіне ең 1-рет вивисекция - тірідей кесу әдістемесін енгізді. Бүл әдіс бойынша дененің белгілі бір орындарын кесіп, тканьдарды ашып, орган қызметін тікелей бақылауга мүмкіндік алады.

ХҮІІ-ХҮІІІ және ХІХ-ғасырдың бас кезінде физиологиялык факгылардың жиналуы өте жай жүреді.

ХҮІІ-ғасырдың 1-жартысында Декарт көзге бір нәрсе тигенде кірпік қагу сияқты факгыларды негізге ала отырып, рефлекс туралы гипотеза шығарды. Оның ойынша, рефлекс дегеніміз мида "жануарлар рухының" бір нервтен екінші нервке механикалық өтуі болып табылады. "Жануарлар рухы" өте кішкентай және жеңіл қозғалғыш бөлшектер. Нәрсенің жылтыраған бетінен жарық сәулесі қалай шағылысатын болса, мидан бүл жеңіл бөлшектер солай шағылысады.

Бүл идеяны кейін Чех анатомы және физиологі И. Прохаска дамытга. ХҮІІІ-ғасырда агылшын Р. Уигг бақаның миын алып тастағаннан кейін, оның терісін тітіркендіргеннен белгілі қозғалыстар алған. Бүл қозгалыстар жүлынды бүзган кезде тоқтаған. Бірақ, бүл бақылаулар кейін, орталыққа тебетін және орталықтан тебетін нервтер ашылган соң гана рефлекс туралы ілімнің негізіне алынды.

М. В. Ломоносов/1711-1765/. ХҮІІІ-ғасырдың 40-жылдарында зат пенқозғалудыңсақталу заңын таіггы, материя қүрылысының кинетикалық теориясын негіздеді: жылуды молекулалардың қозғалуының нәтижесі деп білді. Ол 1748 - жылы металдар тотыққан кезде ауадан белгілі бір зат қосатындығын, ауаның бірнеше газдар қоспасы екенін тапгы. 30 жылдан кейін таза отгегі бөлініп алынды және Лавуазье тыныс алу дегеннің өзі денедегі органикалық затгардың оттегімен тотыгуы екендігін айтгы. Лавуазье мен Лаплас органикалық заттар денеде тотыққан кезде бөлінетін жылуды өлшеу арқылы, тотыгу процесі "көмірлі қосылыстар" организмде тотыққанда да я болмаса оларды сыртта жаққанда да бірдей шамалы жылу беретіндігін тапты. Сөйтіл, өлі табигат пен тірі табигатга жүріп жатқан процестердің арасында байланыстың барлығы табылды.

ХҮІІІ-ғасырда тканьдардың тітіркенгіштігі туралы ілім де туды. Қүсқанада терісі сыпырылып алынган малдардың жүрегін бөліп алғанда, ол біразға дейін жүмыс істейтіндігі, белгілі нервті қысса я кессе, сол нервпен жалғасқан еттің жиырылатындығы табылған.

1822 - жылы француз физиологі Ф. Мажанди /1785-1855/ сезгіш және қозғағыш нервтердің бір-бірінен бөлек талшықтар екендігін дәлелдеді.

ХІХ-гасырдың 20-жылдарында Флуранс үлкен ми сыңарларынан /жарты шарларынан/ айырылган кептердің сыртқы ортаның өзгерістеріне бейімделе алмайтындығын байқаған. Ал Легаллуа /1812/ үлкен жарты шарларды алып тастап, бірақ сопақша ми мен жүлынның кеуде бөлімін қалдырса, тыныс алу қозғалыстарының тоқталмайтындығын анықтады. Бүл тәжірибе әртүрлі функциялардың орталықтары туралы ілімнің негізіне алынды. 30-жылдары /ХІХ-ғ. / И. Мюллер мен Маршалл Голл Сеченов пен Павловқа дейінгі рефлекторлық теорияны жасады.

Физиология гылымы тек XIX гасырдың 2-жартысынан бастап қана тез дами бастады. Табиғат тану ғылымыңдағы үш үлы жаңалық: энергияның сақталу заңы, клеткалық теория және Дарвиннің эволюциялық ілімі - сол кездегі биология пәндерінің тез дамуының негізі болды.

Клод Бернардың, Гельмгольщің, Дюбуа-Реймонның, Людвигтің т. б. ашқан жаңалықтары физиологияны жаңа фактылармен байыггы. Бүл кездерде орыс оқымыстыларының да физиологияға қосқан үлестері коп болды. А. М. Филомафитский /1807-1849/ қан қүю мен наркоз қоддануды зерттей бастады. В. А. Басов 1-рет фистула қою операциясын жасады. А. И. Бабухин нерв талшыгының козуды екі багытга өткізетіндігін тапты. И. Ф. Цион мен Людвиг қан қысымының бір қалыптылыгын сактауда маңызы күшті депрессорлық нервті апггы. Ф. В. Овсянников сопақша мида сосуд /тамыр/ қозгайтын орталықтың барлыгын тапты. Н. А. Миславский тыныс алу орталыгының ерекшелікгерін аиггы, В. Я. Данилевский ең 1-рет орталық нерв жүйесінде электр тербелістерінің барлығын тапты, А. Я. Кулябко өлген баланың жүрегін тірілтті.

Ресейде физиологияның дамуы, орыс физиологиясының атасы - И. М. Сеченовтың атымен тыгыз байланысты. И. М. Сеченовтың ең бірінші жүмыстары қатты мае болу мен оган байланысты қанның газын зерттеуге арнадды. Ол газды анализдауга арналган абсорбциометр деп аталатын іфиборды жасады. Бүл багыттагы зертгеу жүмыстары көміркышқылын қанның ерітуі, байланыстыруы және тасуы мәселелерін анықтауда көптеген жаңалықтар әкелді. Ол көміркышқылын тасуда гемоглобиннің алатын рөлін анықтады. И. М. Сеченов, сонымен катар, нерв қозуының химиялық жолмен берілу мүмкіндігі туралы болжау айтушылардың бірі болды. 1884-жылы "Физиологиялық очерктер" деп аталатын кітабында ол "еттер мен нервтерде ерекше түрақсыз қосылыстар пайда болады. Олар еттің жиырылуын және нерв арқылы қозудың берілуін қамтамасыз етеді", - деп жазды.

Ол орталық нерв жүйесіндегі элекгр тербелістерін зерттеп, сопақша мидағы мүндай тербелістердің периодты екендігін ашты. Сеченов, сонымен қатар, орталық нерв жүйесіндегі суммация құбылысын аиггы.

Оның жаңалықтарының ішіндегі ең маңыздысы - орталық нерв жүйесіндегі тежелу қүбылысын табуы. Бақада жүргізіжен тәжірибелерінде, ол, егер мңцың алдыңғы бөлімдері алынып тасталғаннан кейін, көру төмпешіктерін химиялық жолмен тітіркендірсе, бүгілу рефлексінің уақытының үзаратынын байқаған. Сөйтіп, егер Сеченовке дейін галымдар орталық нерв жүйесінде тек қозу процесін ғана байқаған болса, енді нерв жүйесі туралы ілім өзінің негізіне козу және тежелу туралы теорияны алатын болды. Сеченов өзінің орталық нерв жүйесінің қызметі туралы көзқарастарын 1863 - жылы басылған "Ми рефлекстері" деп аталатын кітабында жазды.

Сеченов өзінің гылыми жаңалықтарымен қатар үлкен физиологиялық мектеп аиггы. Оның оқушыларының ішінен Н. Е. Введенскийдің, В. Ф. Веригоның, И. Л. Кравковтің, А. Ф. Са- мойловтың, М. Н. Шатерниковтың т. б. аттарын агауға болады.

Н. Е. Введенский телефон түтігі арқылы нерв бағаны мен етге әрекет тоғын тындаған. Ол қозу және тежелу процесін бір процестің екі стадиясы деп қарап, олардың бірлігін тапты. Введенскийдің оқушысы А. А. Ухтомский орталық нерв жүйесінде белгілі жағдайларда туатын доминанта ошагы /билеуші қозу ошагы/ туралы ілімді жасады.

Физиологияның дамуында аса көрнекті роль атқарган орыстың үлы галымы - И. П. Павлов болды /1849-1936 ж. ж/. Өгкен ғасырдың 70-жылдарында қан айналуды, әсіресе ас қорытудың жүрісін дені сау организмде үзақ уақыт бақылауга мүмкіндік беретін жаңа әдісті тапты. Ол организмнің түтастығын бүзбай, оның денсаулығына зиян келтірмей-ақ белгілі бір орган жүмысын зертгеу үшін ерекше операция жасау жолдарын үсынды. Ac қорыту физиологиясындағы айрықша жаңалықтары үшін И. П. Павловқа 1904 жылы Халықаралык Нобел сыйлығы берілді.

Бүкіл организмдегі әрбір қүбылыс оның сырткы оргамен қатынасына байланысты. Жоғары сатылы жануарларда оның сыртқы ортамен барлық қатынастары және организмдегі барлык функциялардың бір-бірімен байланысы олардың нерв жүйесінің қызметіне сәйкес жүріп отьфады. Осыган байланысты эволюциялық даму барысында нерв жүйесінің алдыңғы бөлімі күрделеніп, жоғарыда айтып отырған байланыстарды орындауда атқаратын рөлі күшейе түседі. Жоғары сатылы омыртқалы жануарларда бүл рөлді ми қыртысы атқарады. Олай болса, түтас организмнің қызметін толық білу үшін, ондағы болатын әрбір физиологиялық процесті нерв жүйесімен байланысты қарау керек. Сондықтан да Павлов өзінің зерттеулерінде белгілі бір қүбылыстың әруақта нерв механизмін анықтауға баса көңіл бөліп отырды. Яғни Павлов физиологияда нервизм багытын тудырды. 1883 - жылы нервизм туралы былай деп жазды. "Нервизм дегеніміз - нерв жүйесінің әсерін организмнің барынша көп қызметіне таратуга үмтылатын физиологиялық багыт". /Павлов, Полное собр. Соч. Т-І, стр. 197/.

Сеченов қалыптастырған, организм қызметіне сыртқы ортаның ететін билеуші әсері туралы идеяны дамыта отырып Павлов рефлекс туралы ілімді жаңа сатыга көтерді. Ол рефлекс арқылы жоғары нерв жүйесінің барлық жақтарын зерттеуге болатындығын дәлелдеді. Тәжірибе жасау арқылы ми қыртысының қаіысуында орындалатын шартты рефлекстердің ерекшеліктерін көрсетгі. Шартгы рефлекстер организмнің өмір сүру барысында пайда болады. Бүлардың көбеюі организмнің сыртқы ортамен қатынасының күрделенгендігін және оның әртүрлі жаңа туған орта әсерлеріне тез бейімделе алатындығын көрсетеді.

XX - ғасырдың екінші жартысында физиология гылымының дамуына ат салысқан корнекті ғалымдар қатарында, кезінде СССР Ғылым Академиясының физиология институтын И. П. Павловтан кейін басқарган академикгер КМ. Быковты, В. НЛерниговскийді, сондай-ақ академиктер ЛАОрбелиді, И. С. Бериташвилиді атауға болады.

Л. А. Орбелш - эволюциялық физиологияның негізің қалаушылардың бірі. Ол симпатикалық нерв жүйесінің адаптациялық-трофикалық қызметі туралы теорияны жасады. П. К. Аж) хни - организмнің барлық мақсатга іс-әрекеттерінің механизмін түсіндіруге арналган функционалдықжуйе теориясын жасады. К. М. Быков - ми қыртысьі мен ішкі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адам және жануарлар физиологиясынан лекция мәтіні
Жүректің қақпақшалық аппаратының зақымдалуы себептерімен даму механизмдері
Жануарлар физиологиясы пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен
Физиология ғылымы
Малдар мен құстарды бекіндіру, қанын алу
Қан жүйесінің физиологиясы
Биолог ғалымдар және олардың ғылыми еңбектерін оқу үрдісінде пайдалану жолдары
Балалар және жасөспірімдердің өсуі мен дамуының жалпы заңдылықтары. Тұқым қуалаушылық және ортаның ролі
Биологиядағы теориялық жалпылауы
Ұйқы безінің гормондары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz