Анатомия, физиология және гигиенаны оқытудың кейбір мәселелері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 274 бет
Таңдаулыға:   

^ШЩ И. М. Төленбек

s ^assses?^»

НЫ« Республикалық баспа JS. 5™ , K 4 j>J-, -

ISBN 5-8380-1834-8

НІИ

Пікір жазғаңцар: Х. Д. Дүйсенбин- биология ғылымдарының док-

торы, Үлттык Ғылым акаде- миясының корреспондент мүшесі, профессор

А. Аскарова - әл-Фараби атындағы ҚазҮМУ- дің адам мен жануарлар физио- логиясы кафедрасының меңгеру- шісі, биология ғылымдарынын. кандидаты

Баспаға Ы. Алтынсарин атындағы Қазактың білім академия- сының оку-әдістемелік кеңесі үсынған

ISBN 5-8380-1834-8 © Төленбек

© ЫАлтынсарин атындағы Қазактьщ білімакадемиясының Республика- лык баспа кабинеті, 2000

А Л Ғ Ы С Ө 3

Үсынылып отырған оқулық пединституггар мсм университеттердің биологиядан маман дайындайтмн факультетгері студентгеріне арналып жазылды. Бүл бөлімдс адам мен жануарлар физиологиясының жалпы курсмның висцеральдық жүйелерге қатысты тараулары /ішкі сскрсңия бездері, қан, қан айналу, тыныс алу, ас қорыту, іат пен энергия алмасу, сыртқа шығару процестері/ және тері кызметі қамтылды. Сондай-ақ бірінші бөлімге /Төленбек И. М. "Нерв жүйесінің физиологиясы", 1992, "Сенсорлык жүйелер /анализаторлар/ физиологиясы", 1994/ симагандықтан енбей қалган "Кіріспе. Физиология пәні, даму этаптары, зерттеу әдістері" деген тақырыпты осы бөлімге кіргізуге мәжбүр болдық. Бірінші бөлімнің материалдары екі оқу қүралы түрінде берілген болатын. Бірақ онда қарастырылған мәселелер толыгымен жогары оқу орнына арналган типтік багдарлама талаптары негізінде баяндалганын айтуымыз керек. Ендігі міндет, сол аталган оқу қуралдарын біріктіріп жоне физиология гылымының олар жарық көргеннен кейінгі жаңалықтары мсн уақыттың жаңа талаптары тұргысынан өндеп, толыктырып, оқулықтың 1-бөлімі деген атпен баспага үсыну. Егер осы жоспар іске асса, адам мен жануарлар физиологиясының жалпы курсы бас-аягы түгенделіп, ресми түрде университеттер мен пединститутгардагы биология мамандыгы бойынша жогары білім алуға тиісті студенттерге арналган алғашқы казак тіліндегі оқулық ретінде қызмет атқармақ.

нош. Алматы,

физиология ктеи", 1970.

43ИОЛОГИЯСЫ",

^робкова, М.,

і двух книгах. >91.

ах. Под. ред. іе жануарлар іцкого, М., Покровского Р. Шмидта и Р. Шмвдта и

Ішкі мүшелер /висцеральдық/ жүйелеріне қатысты біраз материалдар бүдан ертерек жарық көрген оқу қүрадцарында /Исмагүлова Ф. А., Төленбеков И. М. "Анатомия, физиология және гигиенаны оқытудың кейбір мәселелері", 1970; "Адам физиологиясы", 1985/ баяндалған еді. Одан бергі өткен уақыт ішінде физиология гылымы жаңа көзқарастармен, теориялармен, басқа да мәліметгермен байыганы күмәнсіз екенін ескерсек, қазақ жастары үшін заман талабына лайықтанган жаңа оқулықты жазып, бастыру кезек күттірмейгін, шүгыл қажеттілік деп түсіну керек болар.

Оқулықты жазуда авторлар өздерінің ұзақ уақыт бойы /30- 40 жылға жуық/ жоғары оқу орындарында осы пәннен лекция және лабораториялық сабақтар жүргізудегі тәжірибесін, сондай-ақ халықаралық деңгейде қолданылып жүрген, басқа да елдерде жарық көрген кітаптар мен материалдарды пайдалавды. Баяндалган деректер ауқымы, жүйесі яғни оқулық мазмүны бүгінгі тадда ресми түрде қолданылып жүрген тшггік оқу бағдарламасы талаптарына сәйкестендірілген.

Әрине, окулықта тиісті мәселелер ылги да мүлтіксіз, ең жоғары тілек-талап деңгейінде жазылып, баяндалды деуден тартынамыз. "Көш жүре түзеледі" дегендей, окушы қауым өзі байқаған кем-кетіктерді хабарлап жатса, біздер оларды алгыс сезіммен қабылдайтынымызды алдын-ала айтқымыз келеді.

ТӨЛЕҢБЕК И. М.

C:\Users\E786~1\AppData\Local\Temp\FineReader10\media\image1.jpeg

К I Р I С П Е

Физиология пәні және оныц әдістері мен даму этаптары.

Физиология - "физис" - табигат, "логос" - ілім деген грек сөздерінен қүралады. Адам мен жануарлар физиологиясы осы организмдердід сыртқы қоршаган ортамен байланысы күйінде атқаратын қызметін зерттейді, олардың іске асу заңцылықтарын ашады.

Физиологиялық тіршілік әрекетінің негізінде физиологиялық процестер жатады. Физиологиялык нроцестер тірі материяда жаңа сапалы мазмүнга йе болатын онда жүретін физикалық және химиялық процестердің күрделі бірлігінің формасы. Физиологиялык процестер физиологиялык функцияларды қамтамасыз етеді. Физиологиялык функция - гірі жүйедегі әртүрлі бөліктердің, структуралық элементтерінің өзара әрекеттесуініц көріністері. Функция /қызмет/ организмдегі, органдардагы, клеткалардагы зат алмасу процесінің орта жагдайыныц алуан өзгерістеріне бейімделуі барысындагы, әрі сол организмнің ортага белсенді ықпалы барысындагы өзгерістерінің нәтижесі. Функция деп жүйенің немесе органның спецификалық әрекетін айтады.

Физиологияныц негізгі міндеті - жануар және адам организмдеріндегі тіршілік процестерінің, мәселен нерв жүйесі мен басқа да жүйелер қызметгерінің спецификалық физиологиялык зацдарын одан әрі ашу, анықтау. Себебі, осы арқылы ол процестерді басқарудыц жетілген әдістерін табуга болады.

Физиология сөйтіп, тіршіліктіц мән-магынасын, оныц химиясы мен физикасын зерттеп білуге катысады.

Физиологияның өз алдына қоятын мақсаты: 1. Тірі организмдегі қалыпты функциялардыц іске асуыныц зақцарын қоршаган ортаныц үнемі өзгермелі және дамымалы жагдайларымен байланыстыра зертгеу; 2. Сол тірі организмдегі функциялардыц онтогенез және филогенез барысындагы дамуын әрі олардыц өзара байланыстарын зерттеу.

Физиологиялык процестерді зерттеудің әртүрлі децгейлері бар: молекулалық, мембраналық, субклеткалық, клеткалық, тканьдік, органдық, жүйелік және организмдік.

іаты,

огия

70.

ісы",

М„ игах. , -ред. рлар

М., кого га и га и

Бүкіл организмнің өмір сүру қызметін білу үшін, ец бірінші рет, оныц жеке органдарыныц қызметін, олардыц бір-бірімен
және сыртқы ортамен қатынасын анықтау қажет. Бірақ, бүл жеке органдар қызметін зертгеу әруақта организмнің тіршілік ету ортасына байланысты жалпы өмір сүру қызметін толық білу мақсатына бағынып отыруы тиіс. Осындай синтездік физиология ғана организм функцияларын толық білуге және оны басқару әдістерін табуга мүмкіндік бере алады.

Организмде жүретін барлық процестер бір-бірімен өте тыгыз байланысып жатқандықтан, оларды зерттеуде көптеген қиындықтар кездеседі. Соңдықтан ондагы әртүрлі органдар жүмысын, оган организмде жүретін басқа процестердің ететін әсерін елемей зертгеуге үмтылушылық табиги нәрсе болып табылады. Осындай күрделі қүбылыстарды олардың жәй түріне айналдырып және оның әрқайсысын жеке-жеке зертгеу жолын анализ /талдау/ жолы деп атайды. Бүган мысал организмнен бөлініп алынган белгілі бір органдардың жүмысына қоддан жасалган ортада бақылау жүргізу. Бірақ, мүндай зерттеу органдағы процестер сол орган қалыгггы организм денесінде түрганда қалай жүреді деген сүраққа жауап бере алмайды.

Бізді, сонымен қатар, вивисещиялық операция жасау /тірідей кесу/ әдістемесі де қанагатгандыра алмайды. Себебі, мүнда орган қызметін бақылау қалыпты тіршілік ету ортасынан әлдеқайда алыс жатқан наркозбен үйықтатылган жануарлар денесіңде жүргізіледі.

Физиологиялык функцияларды аналитикалық әдіспен зертгеуді теріске шыгаруға болмайды. Бірақ, негізгі мақсат жартылай емес, бөлшекгенбеген, біртүтас жануар организмін зерттеу болуы тиіс. Орыстың атақты физиологі И. П. Павлов гылымга созылмалы /үзақ уақыт бақылауга мүмкіндік беретін/ тәжірибелер жасау әдісін енгізді /фистула қою әдісі деп те аталады/. Мүндай тәжірибелер операция жасаудың барлық ережелерін сақтай отыріш операция жасалган және одан жазылган жануарларда жүргізіледі. Мүндай жануарлардыц дені сау және барлық органдар қалыпты қызмет атқарады. Сондықтан онда операция жасалган орган қызметіне таддау жүргізуге де және оны организмніц басқа функцияларымен байланыстыра зертгеуге де мүмкіндік бар. Бүл организмді синтездік жолмен зерттеу болып табылады. Сонымен, дені cay организмге эксперимент жасау, тәжірибе қою физиологиялык зерттеудегі негізгі әдіс болып есепгеледі екен. Эксперимент түрлері көп: экстирпация, трансплантация, перфузия, микроэлекгродты техника, радиотелеметрия, модельдеу, т. б.

Экстирпация кезінде зертгелетін органды жартылай, немесе түгелдей кесіп алып тастайды да, бұдан соц организмде байқалатын өзгерістерді бақылау арқылы, оныц денедегі қай қызметке қаншалықты қатысының барлығы анықталады. Трансплантация - бір организмдегі органды, тканьді орнынан басқа жерге /мәселен, бүйрекгі мойынға әкеліп орналастыру/, немесе басқа организмге көшіріп қондыру. Осыган

байланысты организмде, орган қызметінде байқалатын өзгерістерді бақылайды. Перфузия - зертгелетін, қүрамы алдын- ала белгілі ерітіндіні, не қанды тиісті органныц тамырлары арқылы өткізу. Осылай органнан өткен ерітіндіні /сүйыкты/ жинап алып, оның касиетін, қүрамын анықтап, орган клеткаларында қандай өзгерістерге түскенін біледі. Микроэлектродтық техниканы пайдаланып түрлі элекгро- физиологиялық зертгеулерді /тыныштық потенциалдарын, әрекет потенциалдарын талдау, тітіркендірулер беру, т. б. / жүргізеді. Радиотелеметрия арқылы әртүрлі қашықтықтардагы /мәселен тіпті гарыштагы/ организмдердегі бірнеше жүйелердің қызметтерініц көрсеткіштерін /параметрлерін/ бір мезгілде элекгромагнштік және радиотолқындарды тіркеп-жазып, таддау арқылы /математикалық, электрондық есептеу техникасыныц көмегімен/ қажетгі физиологиялык ақпарат алынады. Электрондық есептеу машиналарын пайдаланып организмдегі әртүрлі физиологиялык процестер арасындагы өзара сандық қатынастарды, физиологиялык зандылықтарды білу үшін математикалық модельдеу жүргізіледі. Кибернетика мен физиологияныц мүндай шыгармашылық одағы арқылы организмге эсер ететін толып жатқан факторлардың тудыруы мүмкін реакцияларыныц вариантгарын болжауға болады.

Тірі организмде өте күрделі физикалық және химиялық қүбылыстар жүреді. Сондықтан да физиология көпшілік жагдайларда басқа гылымдардыц - физиканыц, химияның т. б. әдістемелерімен де пайдаланады. Бірақ, организмде жүретін бүл қүбылыстарды кәдімгі табигатта жүретін физикалық және химиялық қүбылыстармен бірдей деп есептеуге де болмайды. Физиологиялык функциялар, синтездік зерттеу негізінде гана түсіндіріле алады.

Физиология медицинаның қажетінен туган. Себебі, медицинаның алдыңгы қатарлы өкідцері адамды оның денесінің қүрылысын және әртүрлі органдар қызметін білмей емдеп, жазуға болмайтындығын ерте кезде-ақ білген.

Бірақ та ертедегі Греция мен Римніц дәрігерлері мен ақыл- ой иелері өздерінің дене органдарының қызметі туралы қорытывдыларын, сол органдар қүрылысын үстіртін зерттеу нәтижесіңде туган, ойша жасалган пікірлерге негіздеп шыгарган.

Антик дүние қирап, батыс Европада феодализм орнаган кезде, католик шіркеуінің діни догмаларына бас июшілік өріс алды. Осы кезде ертедегі ойшылардан калган алгашқы білім үшқындары қайта басылып тасталды. Демокриттің атомизмі, Аристотельдің, Гиппократгың, Галенніц, Эразистратгың көптеген физиологиялык фактыларды дүрыс түсіндіруі, т. б. ІҮ- Ү гасырдан ХІҮ-ХҮ гасырга дейін әдейі еске алынбай келді. Бірақ та Аристотельдің, Галеннің, Птоломейдің ойша жоруга негізделген концепциялары шіркеудің санкциясын алып, өзгермейтін шындық деп жарияланды.

Тек ХҮІ-ХҮІІІ-гасырда, капитализмнің туу және дамуы кезінде буржуазияның саяси үкімет үшін күресі барысында табигат тану гылымдары біраз дамыды.

Бүл кезде Коперник жердің күнді айналатындыгын тауып, осы кездегі астрономия негізін салды. Ньютон механиканың негізгі ережелері мен бүкіл әлемдік тартылыс заңын тапты. Везалий деген анатом адам денесі қүрылысының көптеген ерекшелікгерін дүрыс суреттеді. Француз Декарт аспан әлеміндегі денелердің қозғалысын және жануарлардың мінез- қүлқын механиканың зандарымен түсіндіруге тырысты. 1628 жылы агылшын Вильям Гарвей деген дәрігер организмнің функцияларының бірі - қан айналуды апгга. Сөйгіп, Павловтың айгуынша, ол адамның нақты білімінің жаңа бөліміне - жануарлар физиологиясына негіз /фундамент/ салды.

Гарвейдің қан айналуды ашуын физиологияның негізделген датасы деп айтудың 2-себебі, ол гылыми - зерттеу тәжірибесіне ең 1-рет вивисекция - тірідей кесу әдістемесін енгізді. Бүл әдіс бойынша дененің белгілі бір орындарын кесіп, тканьдарды ашып, орган қызметін тікелей бақылауга мүмкіндік алады.

ХҮІІ-ХҮІІІ және ХІХ-ғасырдың бас кезінде физиологиялык фактылардың жиналуы өте жай жүреді.

ХҮІІ-гасырдың 1-жартысында Декарт көзге бір нәрсе тигевде кірпік қағу сияқты фактыларды негізге ала отырып, рефлекс туралы гипотеза шығарды. Оның ойынша, рефлекс дегеніміз мида "жануарлар рухының" бір нервтен екінші нервке механикалық өтуі болып табылады. "Жануарлар рухы" өте кішкентай және жеңіл қозгалғыш бөлшектер. Нәрсенің жылтыраған бетінен жарық сәулесі қалай шағылысатын болса, мидан бүл жеңіл бөлшектер солай шағылысады.

Бүл идеяны кейін Чех анатомы және физиологі И. Прохаска дамытгы. ХҮІІІ-ғасырда ағылшын Р. Уитг бақаның миын алып тастағаннан кейін, оның терісін тітіркендіргеннен белгілі қозғалыстар алған. Бүл қозғалыстар жүлынды бүзған кезде тоқтаған. Бірақ, бүл бақылаулар кейін, орталыққа тебетін және орталықтан тебетін нервтер ашылған соң гана рефлекс туралы ілімнің негізіне алынды.

М. В. Ломоносов /1711-1765/. ХҮІІІ-ғасырдың 40-жылдарында зат йен қозғалудың сақталу заңын тапты, материя қүрылысының кинетикалық теориясын негіздеді: жылуды молекулалардың қозғалуының нәтижесі деп білді. Ол 1748 - жылы металдар тотыққан кезде ауадан белгілі бір зат қосатындығын, ауаның бірнеше газдар коспасы екенін тапты. 30 жылдан кейін таза оттегі бөлініп алынды және Лавуазье тыныс алу дегеннід өзі денедегі органикалық заттардың отгегімен тотығуы екендігін айтга. Лавуазье мен Лаплас органикалық заттар денеде тотыққан кезде бөлінетін жылуды өлшеу арқылы, тотыгу процесі "көмірлі қосылыстар" организмде тотыққанда да я болмаса оларды сыртта жаққанда да бірдей шамалы жылу беретіндігін тапты. Сөйтіп, өлі табиғат пен тірі табиғатта жүріп жатқан процестердің арасында байланыстыц барлығы табыдцы.

ХҮІІІ-ғасырда тканьдардың тітіркенгіштігі туралы ілім де туды. Қүсқанада терісі сыпырылып алынған малдардың жүрегін бөліп алғанда, ол біразға дейін жүмыс істейтіндігі, белгілі нервті қысса я кессе, со л нервпен жалғасқан еттің жиырылатындыгы табылған.

1822 - жылы француз физиологі Ф. Мажанди /1785-1855/ сезгіш және қозғағыш нервтердің бір-бірінен бөлек талшықтар екендігін дәлелдеді.

ХІХ-гасырдың 20-жыддарында Флуранс үлкен ми сыңарларынан /жарты щарларынан/ айырылган кептердің сыртқы ортаның өзгерістеріне бейімделе алмайгындығын байқаған. Ал Легаллуа /1812/ үлкен жарты шарларды алып тастап, бірақ сопақша ми мен жүлынның кеуде бөлімін қадцырса, тыныс алу қозғалыстарының тоқталмайтындығын аныктады. Бүл тәжірибе әртүрлі функциялардың орталықтары туралы ілімнің негізіне алынды. 30-жылдары /ХІХ-ғ. / И. Мюллер мен Маршалл Голл Сеченов пен Павловка дейінгі рефлекторлык теорияны жасады.

Физиология гылымы тек XIX ғасырдың 2-жартысынан бастап қана тез дами бастады. Табигат тану ғылымындагы үш үлы жаңалық: энергияның сакталу заңы, клеткалық теория және Дарвиннің эволюциялық ілімі - сол кездегі биология пәндерінің тез дамуының негізі бодцы.

Клод Бернардың, Гельмгольщің, Дюбуа-Реймонның, Людвигтің т. б. ашқан жаңалықтары физиологияны жаңа фактылармен байыгты. Бүл кездерде орыс оқымыстыларының да физиологияға қосқан үлестері көп болды. АМ. Филомафитский /1807-1849/ қан қүю мен наркоз қолдануды зерттей бастады. В. А. Басов 1-рет фистула қою операциясын жасады. АИ. Бабухин нерв талшығының козуды екі багытга өткізетіндігін тапты. И. Ф. Цион мен Людвиг қан қысымының бір қалыптылыгын сактауда маңызы күшті депрессорлық нервті апггы. Ф. В. Овсянников сопақша мида сосуд /тамыр/ қозгайтын орталықтың барлыгын тапты. Н. АМиславский тыныс алу орталыгының ерекшеліктерін ашты, В. Я. Данилевский ең 1-рет орталық нерв жүйесінде электр тербелістерінің барлыгын тапты, АЯ. Кулябко өлген баланың жүрегін тірілтті.

Ресейде физиологияның дамуы, орыс физиологиясының атасы - И. М. Сечено втың атымен тыгыз байланысты. И. М. Сеченовтың ең бірінші жүмыстары қатты мае болу мен оган байланысты қанның газын зерттеуге арналды. Ол газды анализдауга - арналган абсорбциометр деп аталатын приборды жасады. Бүл багыттагы зерттеу жүмыстары көмірқышқылын қанның ерітуі, байланыстыруы және тасуы мәселелерін анықтауда көптеген жаңалықтар әкедці. Ол көмірқышқылын тасуда гемоглобиннің алатын ролін анықтады. И. М. Сеченов, сонымен катар, нерв қозуының химиялық жолмен берілу мүмкіндігі туралы болжау айтушылардың бірі болды. 1884-жылы "Физиологиялык очерктер" деп аталатын кітабында ол "етгер мен нервтерде ерекше түрақсыз қосылыстар пайда болады. Олар еттің жиырылуын және нерв арқылы қозудың берілуін қамтамасыз етеді", - деп жазды.

Ол орталық нерв жүйесіндегі электр тербелістерін зерттеп, сопақша мидағы мүндай тербелістердің периодты екендігін анггы. Сеченов, сонымен қатар, орталық нерв жүйесіндегі суммация құбылысын анггы.

Оның жаңалықтарының ішіндегі ең маңыздысы - орталық нерв жүйесіндегі тежелу құбылысын табуы. Бақада жүргізілген тәжірибелерінде, ол, егер мидың адцыңгы бөлімдері алынып тасталғаннан кейін, көру төміешіктерін химиялық жолмен тітіркендірсе, бүгілу рефлексінің уақытының үзаратынын байқаган. Сөйтіп, егер Сеченовке дейін галымдар орталық нерв жүйесінде тек қозу процесін ғана байқаған болса, енді нерв жүйесі туралы ілім өзінің негізіне қозу және тежелу туралы теорияны алатын болды. Сеченов өзінің орталық нерв жүйесінің кызметі туралы көзқарастарын 1863 - жылы басылған "Ми рефлекстері" деп аталатын кітабында жазды.

Сеченов өзінің гылыми жаңалықтарымен қатар үлкен физиологиялык мекгеп ашты. Оның оқушыларының ішінен Н. Е. Введенскийдің, В. Ф. Веригоның, И. ЛКравковтің, АФ. Са- мойловтың, М. Н. Шатерниковтың т. б. атгарын атауға болады.

Н. Е. Введенский телефон түтігі арқылы нерв бағаны мен етте әрекет тогын тындаған. Ол қозу және тежелу процесін бір процестің екі стадиясы деп қарап, олардың бірлігін тапты. Введенскийдің оқушысы А. А. Ухтомский орталық нерв жүйесінде белгілі жағдайларда туатын доминанта ошагы /билеуші козу ошагы/ туралы ілімді жасады.

Физиологияның дамуында аса көрнекті роль атқарған орыстың үлы ғалымы - И. П. Павлов болды /1849-1936 ж. ж/. Огкен гасырдың 70-жылдарында қан айналуды, әсіресе ас қорытудың жүрісін дені сау организмде үзақ уақыт бақылауға мүмкіндік беретін жаңа әдісті тапты. Ол организмнің түтастығын бүзбай, оның денсаулыгына зиян келтірмей-ақ белгілі бір орган жүмысын зерттеу үшін ерекше операция жасау жолдарын үсынды. Ac қорыту физиологиясындагы айрықша жаңалықтары үшін И. П. Павловқа 1904 жылы Халықаралық Нобел сыйлыгы берілді.

Бүкіл организмдегі әрбір қүбылыс оның сыртқы ортамен қатынасына байланысты. Жогары сатылы жануарларда оның сыртқы ортамен барлыққатынастары және организмдегі барлық функциялардың бір-бірімен байланысы олардың нерв жүйесінің қызметіне сәйкес жүріп отырады. Осыған байланысты эволюциялық даму барысында нерв жүйесінің алдыңгы бөлімі күрделеніп, жоғарыда айтып отырған байланыстарды орындауда атқаратын рөлі күшейе түседі. Жоғары сатылы омыртқалы жануарларда бүл рөлді ми қыртысы атқарады. Олай болса, түтас организмнің қызметін толық білу үшін, ондағы болатын әрбір физиолошялық процесті нерв жүйесімен байланысты қарау керек. Сондықтан да Павлов өзінің зертгеулерінде белгілі бір қүбылыстың әруақта нерв механизмін анықтауга баса көңіл бөліп отырды. Яғни Павлов физиологияда нервизм багытын тудырды. 1883 - жылы нервизм туралы былай деп жазды. "Нервизм дегеніміз - нерв жүйесінің әсерін организмнің барынша көп қызметіне таратуға үмтылатын физиологиялык бағыт". /Павлов, Полное собр. Соч. Т-І, стр. 197/.

Сеченов қалыпгастырған, организм кызметіне сыртқы ортаның ететін билеуші әсері туралы идеяны дамыта отырып Павлов рефлекс туралы ілімді жаңа сатыға көтерді. Ол рефлекс арқылы жогары нерв жүйесінің барлық жақтарын зерттеуге болатындыгын дәледцеді. Тәжірибе жасау арқылы ми қыртысының қатысуында орындалатын шартты рефлекстердің ерекшеліктерін көрсетгі. Шартты рефлекстер организмнің өмір сүру барысында пайда болады. Бүлардың көбеюі организмнің сыртқы ортамен қатынасының күрделенгендігін және оның әртүрлі жаңа туған орта әсерлеріне тез бейімделе алатындығын көрсетеді.

XX - гасырдың екінші жартысында физиология гылымының дамуына ат салысқан көрнекті галымдар қатарында, кезінде СССР Ғылым Академиясының физиология институтын И. П. Павловтан кейін басқарган академиктер КМ. Быковты, В. Н . Черниговскийді, сондай-ак академиктер Л. А. Орбелиді, И. С. Бериташвилиді атауга болады.

Л. А. Орбелв - эволюциялық физиологияның негізін қалаушылардың бірі. Ол симпатикалық нерв жүйесінің адаптациялық-трофикалық қызметі туралы теорияны жасады. П. К. Аяохян - организмнің барлық мақсатгы іс-өрекетгерінің механизмін түсіңдіруге арналған функционалдықжуйе теориясын жасады. К. М. Быков - ми кыртысы мен ішкі органдар арасындагы екі жақта буланые

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Половцовтың әдістемелік еңбектері
Асқорыту жүйесінің бұзылуы кезіндегі мейіргерлік үрдіс
Стоматология мамандығы бойынша интернатураның элективті пәндері
Салауаттылық мәні және қалыптастыру жолдары
Биолог ғалымдар және олардың ғылыми еңбектерін оқу үрдісінде пайдалану жолдары
Биологияны оқытуда өз организмін таным білуге үйрету
Гигиена ғылымының даму тарихы
Салауаттылық –денсаулық кепілі
Нейронның анатомиялық құрылысы және рефлекторлық доғаның құрылымдық ерекшеліктерін қалыптастырудағы теориялық ұғымдар
Биологияны оқытудың қажетті формалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz