БІРЛЕСІП КӨТЕРГЕН ЖҮК ЖЕҢІЛ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
БІРЛЕСІП КӨТЕРГЕН ЖҮК ЖЕҢІЛ
Қаржы жүйесінің дамуы мемлекеттің экономикалық дамуының басты факторы болып табылады.Өткен жылдың тамыз айында басталған бүкіләлемдік қаржы дағдарысы Қазақстанға өз әсерін тигізбей қоймады. Банктік жүйе Қазақстанның ғана емес бүкіл әлемдік қаржы нарығының ең маңызды құрамдас бөлігі және ол толығымен сенімнің негізінде құрылады.Ешбір жекелеген банк салымшыларымен жалғыз өзі төлем жүргізе алмайды, себебі банкте бос ақша қаражаттарының жүйесі мүлдем жоқ. Күнделікті режимде банктер банкаралық нарықтың көмегімен бір-бірінің арасындағы сенімділікті және клиенттердің сенімділігін ұстап тұрады.Бірақ кейде қазіргі қалыптасқан жағдайға сәйкес түрлі себептерге байланысты жүйелік ауытқулар орын алады.Осы тұрғыда дағдарыс сөзінің грек тілінен аударғандағы айналыс нүктесі деген мағынасын айта кеткен орынды болар. Сондықтан да қазіргі таңда бүкіл әлем қаржылық және банктік ғана емес, бұдан да кең геосаяси жүйе мағынасында осы айналыс нүктесінде тұр.
Қазақстан Республикасының қаржылық ұйымдары мен мекемелерін реттеу және Қадағалау Агенттігі және Ұлттық Банктің мәліметтеріне сәйкес қыркүйек айында заңды және жеке тұлғалардың депозиттерінің жалпы сомасы 0,8%-ға төмендеді, банктердің ссудалық портфелі 0,6%-ға ғана өсті, ал жыл бойынша 2,5%-ға өсті.2007 жылдың жеті айы ішінде экономикадағы несиелердің өсуі 46,6%-ды құрады (2006 жылдың сәйкесінше периодында - 27,7% ). Несиелік портфельдердің сапасы айтарлықтай нашарлады: үмітсіз несиелердің екі еседен артық өсуі байқалды.Олардың көлемі 2008 жылдың 1-қаңтарында 1,5%-ды құраса, 1-қазандағы жағдай бойынша 3,3%-ды құрап отыр.Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі Агенттіктің мәліметтері бойынша Қазақстанда инфляция 2008 жылдың қазан айында 0,6%-ды құрады,жыл басынан бері - 8,8%, ал жылдық орташа инфляция - (2008жылдың қаңтар-қазан айларын 2007 жылдың қаңтар - қазан айларымен салыстырғанда ) 18,7%-ды көрсетті. Осы кезең ішіндегі минималды өмір сүру деңгейі 24%-ға өсті.
Қазақстан банктері жоспарланған бағытта қызмет етуде - қаржы жылының басында олардың көбісі өздерінің экономикалық көрсеткіштерінің айтарлықтай қол жетімді жоспарларын құрастырды және оларға жету жолында жұмыс істеуде.Өткен жылдың соңында банктердің көп бөлігі қарыздарының кейбір бөліктерін жапты, дегенмен нарықта жағдай әлі тұрақсыз.

1-кесте. Несиелеу нарығының көшбасшылары.
Несиелік портфель және жұмыс істемейтін несиелер жөнінде мәліметтер.

Банк атауы
Несиелер
01.07.08ж
Несиелер
01.01.08ж
2008ж-дың I жарты-сындағы
несиелік портфель-дің өсімі
2007ж-
ғы несие-лік порт-фельдің өсімі
Ұзар-тылған
несие-
лер
үлесі
1
Казкоммерцбанк
2217,6
2256,4
-1,71
37,5
14,4
2
БТА Банк
2215,5
2117,3
4,63
67,0
3,3
3
Казақстан Халық Банкі
1165,6
1069,6
8,97
72,6
5,4
4
АТФБанк
789,2
759,1
3,96
29,8
7,9
5
Альянс Банк
747,2
853,7
-12,47
31,0
12,1
6
Банк ЦентрКредит
634,3
659,8
-3,86
53,2
6,9
7
Темірбанк
259,2
274,8
-5,67
71,5
8,4
8
Каспий Банкі
187,7
193,7
-3,09
47,3
12,0
9
Нұрбанк
159,0
149,3
6,49
4,8
21,1
10
Евразийский
119,0
126,0
-5,55
34,5
8,6
11
Цеснабанк
100,5
111,6
-9,94
51,2
6,7
12
ДАБ АВN AMRO Банк
51,8
49,0
5,71
21,9
0,05
13
Казинвестбанк
49,4
37,5
31,73
134,3
6,5
14
ДБ Сбербанк России
46,1
36,4
26,64
142,6
2,2
15
ДБ HSBC Банк Казахстан
41,2
32,8
25,60
19,3
0,3
16
Эксимбанк Казахстан
32,1
31,1
0,00
92,2
13,7
17
Ситибанк Казахстан
28,9
32,6
-11,34
11,6
6,2
18
Жилстройсбербанк
20,3
11,1
82,88
208,3
0,5
19
ДБ Альфа-банк
19,9
18,1
9,94
44,8
9,5
20
Delta Bank
17,7
16,1
9,93
89,4
3,3
Қазақстан Республикасының қаржылық ұйымдар мен мекемелерді реттеу және қадағалау Агенттігінің мәліметтерінен.

1-кестеде көрсетіліп отырған мәліметтерге сәйкес, несиелендіру нарығының өсуі елеулі ғана болып отыр. Кейбір банктерде жыл басынан бері несиелік портфельдің азаюы байқалады, ал кешіктірілген несиелердің үлесі айтарлықтай өскен. Егер жылдың басында екімәнді проблемалы несиелер бірінші ондыққа кіретін банктердің арасында мүлдем болмаса, қазір мұндай несиелер бар.
Сенімнің жоқтығы салдарынан бүкіл банктік жүйе тығырыққа тіреліп қалды. Несиелік мекемелердің дағдарыстан зардап шеккені соншалық-олар шарттарды қатаңдату арқылы өздерінің қызметін қысқартуда, ал кейде мүлдем клиенттердің жекелеген категорияларын несиелендіруден бас тартуда.Несиелік нарықтар банктердің баланстары уланып отырған токсинді активтерін мығым етіп жауып қойды.Енді банктер дағдарыстың барлық кезеңдерінің ішінен жан-жақты барынша байқай отырып жұмыс істеуде және қолма-қол ақшаны аса үлкен құлшыныспен жинақтауда. Сонымен қатар, олар өздерінің бизнес - үрдістерін жақсартуда: тауарлық линейкалары ғана емес, банктің стратегиялық бағыттылығы да өзгерістерге түсуде. Контрагенттердің жағдайының тым тұрақсыздығынан қауіптену себебінен банктер өзге банктерге ақша қаражаттарын қарызға беруге мүдделілік танытпай отыр - жүйеде шынымен - ақ капиталдар жетіспейді және оларды шұғыл түрде табу керек.
Қалыптасқан жағдайда үкіметтің стандартты емес және тиімді шешімдерді іздеудегі белсенділігі толығымен түсінікті деп ойлаймыз. Биліктің ұсынған антикризистік жоспарының үш негізгі бағытын атап өтуге болады. Біріншіден, бұл елдің қаржы жүйесін қосымша провизиялар мен резервтік талаптардың жаңа түрлерін енгізу, сонымен қатар алғашқы капитализациясы 52 млрд. теңгені құраған 1-қарашада құрылған Стрессті активтер қоры арқылы банктердің несиелік портфельдерін тазарту және төрт немесе алты банкті 5 млрд. АҚШ долларына жуық көлемдегі рекапитализация жолымен қалпына келтіру және дамыту. Екіншіден, 30 корпоративтік көшбасшы жобасына кіретін инфрақұрылымдық және өзге де жобаларды қаржыландыру арқылы экономикаға ақша салу әрекеті. Бұл мақсаттарға Ұлттық қордан тағы 5 млрд. тенге бөлу көзделуде. Үшіншіден, бағасы 350 млрд. теңгені құрап отырған ауыл шаруашылық кешенін дамытуға бағытталған шаралар кешенін жүзеге асыру. Бұл сома түрлі көздерден және ең алдымен бюджеттен алынады.
Мемлекетіміздің салымшылардың банктік жүйеге сенімін нығайту мақсатында атқарып жатқан іс- шараларының ішінен айта кететін маңызды жайттардың бірі - салым иелерінің жинақтарының сақталуына кепілдікті жоғарылатуы. Коммерциялық банктердің салымшыларына егер мемлекет бұған дейін депозиттердің 100%-дық қайтарылуына, яғни 700 мың теңгеге дейінгі, кепілдік беріп келсе, қазір мұндай схемаға 5 млн. теңгеге дейінгі депозиттер кіретін болды. Бұған қоса, Ұлттық Банктің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Үкіметтік емес ұйымдардың халықты әлеуметтік қорғаудағы рөлі
Отбасы мен балабақша арасындағы өзара әрекеттестік
Адам өміріндегі достықтың мәні
Ұңғымалардың құрылысын жобалау
Қазақстан Республикасының көлік саласын дамытудың жолдары
Қазақстанда жүзеге асырылған ұлттық маңызды жобалар
Ата дәстүрі – асыл қазына
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ
Қасбеттерді әрлеу жұмыстары
Дене жаттығуы, баланың жан- жақты жетілуі
Пәндер