Бағалы қағаздар нарығы. Қазақстан Республикасындағы даму серпіні
1 Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығының қызмет етуінің теориялық аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.1 Бағалы қағаздардың түрлері жіктелу негіздері мен ерекшеліктері ... ... ... ...8
1.2 Бағалы қағаздар нарығының экономикадағы атқаратын ролі және қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
1.3 Қазақстан бағалы қағаздар нарығында жүргізілетін бастапқы
және қайталама нарықтардың ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .37
2 Қазіргі жағдайдағы Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының даму ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .43
2.1 Қор нарығының инфрақұрылымының қалыптасуын ұйымдастыру ... ... ...43
2.2 Қазақстан Республикасының қор биржасының құрылу тарихы,
қызметтері және экономикадағы атқаратын ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...50
2.3 Қазақстан бағалы қағаздар нарығындағы негізгі субъектілер және
олардың атқаратын қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 58
3 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы аясындағы проблемалар мен даму бастамалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...65
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .71
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 73

1 Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығының қызмет етуінің
теориялық аспектілері
1.1 Бағалы қағаздардың түрлері жіктелу негіздері мен ерекшеліктері
Бағалы қағаздардың алуан түрлері жіктеу өлшемдерінің көптігін
айқындайды.
Жалпы бағалы қағаздар нарығын оның қатысушылары арасындағы бағалы
қағаздардың шығарылуы мен айналуына қатысты экономикалық қатынастар түрінде
анықтауға болады
Бағалы қағаздар нарығы – бұл кез келген мемлекет нарығының құрама
бөлігі.
Бағалы қағаз – онымен байланысты мүліктік құқықты көрсететін, нарықта
өз бетімен айналым жасайтын, сатып алу-сату объектісі бола алатын, тұрақты
және бір жолғы кіріс алу көзі болып қызмет ететін, ақша капиталының бір
түрі болып қатысатын құжатты білдіреді.
Бағалы қағаздар – бұл өзінің негізімен ерекшеленетін, тіпті меншікті
материалдық формаға ие ресурстарға құқық.
Келесідей негізгі талаптарға жауап беретін ресурстарға құқық қана
бағалы қағаздар түрінде танылады:
1) айналымдылық – нарықта бағалы қағаздардың сатылып алушылық және
сатушылық, сондай-ақ көптеген жағдайларда басқа тауарлардың қозғалысын
жеңілдететін дербес төлем құралы түрінде қатысу қабілеті;
2) азаматтық айналым үшін түсініктілік – бағалы қағаздардың тек сатып
алушылық және сатушылық қана емес, сонымен бірге барлық мәмілелерді өзіне
енгізе отырып (зайым, сыйға беру, сақтау, тапсырма беру), басқа азаматтық
қатынастардың объектісі бола білу қабілеті;
3) стандарттылық – бағалы қағаздың стандарттық мазмұны болуы тиіс
(бағалы қағаздар беретін, құқықтардың стандарттылығы, қатысушылардың
стандарттылығы, сауданың мерзімдері мен орындары, есеп жүргізу ережесі,
бағалы қағаздарды бір қолдан бір қолға өткізумен байланысты мәмілелердің
стандарттылығы, бағалы қағаздар формаларының стандарттылығы), стандарттылық
қана, бағалы қағаздарды айналым жасауға қабілетті тауар жасайды;
4) сериялық – бірыңғай сериялармен, кластармен шығару мүмкіндігі;
5) бағалы қағаздардың құжаттылығы – бұл қағаз сертификаты формасында
немесе шоттар бойынша аударымдар формасындағы жазбалар түрінде өмір
сүретіндігіне қатыссыз, әрқашанда құжат болып табылады. Бағалы қағаздың
құжат ретінде міндетті түрде реквизиттері болуы тиіс. Олардың тым
болмағанда біреуінің болмауы бағалы қағаздардың жарамсыздығына әкеледі;
6) реттелгіштігі және мемлекеттің тануы – бағалы қағаздар мәртебесіне
таласушы қор құралы, оның жақсы реттелушілігі мен халықтың сенімін
қамтамасыз ететіндей түрде мемлекет таныған болуы тиіс;
7) нарықтылық – егер айналымдылық-бағалы қағаздардың тек айрықша тауар
екендігін көрсететін болса, онда тауар сол бойынша жұмыс ережесі мен өзіне
тән ұйымдастыру белгісі бар өз нарығы болуы тиіс;
8) өтімдік – нарық құнының көп ауытқымауы мен өткізуге жұмсалатын
шығындардың көп болмауы жағдайында, оның иелері үшін түбегейлі шығындарсыз,
бағалы қағаздардың ақшаға тез айналушылығы мен тез сатылушылық қабілеті
[1,90].
Бағалы қағаз бірқатар міндетті реквизиттерге ие және тараптар
арасындағы мүліктік қатынастарды білдіретін, қандайда бір мүлікке немесе
ақша сомасына құқығын бекітетін, тиісті түрде ресімделген құжат болып
саналады.
Осы құқықтарды жүзеге асыру мүмкіндіктерін айқындайтын қандайда бір
жағдайларға қатысты, бағалы қағаздардың әралуан түрлері шығарылады.

айқындайды. Бұл кесте 1 көрсетілген.
Кесте 1. Бағалы қағаздардың жіктелуі және түрлері
Жіктелу тәртібі Бағалы қағаздар түрлері
1 2
Экономикалық табиғаты бойынша үлестік (акциялар)
ұзақ мерзімді (облигациялар,
ипотекалық куәліктер, қазынашылық
міндеттемелер, ҚР Ұлттық банкінің
ноталары)
заттық иелік беретін құжаттар
(коносамент)
еркін қаржылық құралдар (фьючерстер,
опциондар, варранттар, своп және
т.б.)
Бағалы қағазбен куәландыратын құқұқ Атаулы
беру әдісіне қарай ұсынушыға
ордерлік
Шығару формасына қатысты құжаттық
құжатсыз
Айналым мерзіміне қатысты қысқа мерзімді
орта мерзімді (2–5 жылға дейін)
ұзақ мерзімді (5-25 жылға дейін)
мерзімсіз
Кесте 1-дің жалғасы
1 2
Айналым территориясына байланысты аймақтық
ұлттық
халықаралық
Эмитенттерге байланысты мемлекеттік (бұған Үкімет атынан
шығарылатын, яғни Қаржы министрлігі
шығаратын бағалы қағаздар жатады)
муниципалдық (жергілікті билік
органдарының және муниципалдық
иеліктегі кәсіпорындардың бағалы
қағаздары )
корпоративті
шетелдік
Кірістерді төлеу әдістеріне қатысты әрдайым кірісті
бір реттік табыс
тағайындалған пайыздық ставкасы
бойынша
өзгермелі пайыздық ставка бойынша
(Қазақстан Республикасының азаматтық кодексіне сәйкес) Қазақстан
Республикасында келесі бағалы қағаздардың түрлері орын алады: акциялар,
облигациялар, коносаменттер және басқа да заңдық актілермен бекітілген
бағалы қағаздарға қатысты құжаттар
Олар арқылы куәландырылатын, құқықтың кімге жататындық белгісі бойынша
бағалы қағаздардың бөлінуі дәстүрлі жіктеу болып саналады. Құқық мыналарға
жатуы мүмкін:
1) бағалы қағаздар ұсынушыға;
2) бағалы қағазда аталған тұлғаға;
3) бұл құқықты өзі жүзеге асыруы мүмкін немесе өзінің өкімімен
тағайындауы мүмкін, бағалы қағазда аталған тұлғаға.
Осыған сәйкес: бағалы қағаздарды ұсынушыға бағалы қағаздар, ұсынушыға
атаулы қағаз, атаулы қағазға және ордерлік бағалы қағазға ажыратылады.
Ұсынушыға бағалы қағаз қожайын құқығының толық сай келушілігін
орындауды талап етпейді, оған иелік етушінің атына тіркелмейді. Бағалы
қағаздармен ұсынушының куәландырылған құқығы жай тапсыру жолымен басқа
тұлғаға беріледі.
Бағалы қағаз белгілі бір тұлға атына жазылып береді. Атаулы бағалы
қағазбен куәландырылған құқық талаптарға жол беру үшін белгіленген тәртіпте
беріледі.
Ордерлік бағалы қағаз алғашқы сатып алушының атына немесе оның
бұйрығына жазылып беріледі. Бұл онда көрсетілген құқықтың қағазбен
жасалған беру жазбалары – индоссаментке қатысты берілуі мүмкін екендігін
білдіреді.
Бағалы қағаздарда белгіленген өлшемдері немесе шығару мақсаты бойынша:
қысқа мерзімді нарықтың бағалы қағаздарын және капиталдар нарығына бөлуге
болады. Ақша нарығында айналым мерзімі бір күннен бір жылға дейінгі қысқа
мерзімді бағалы қағаздар сатып алынады және сатылады, олар зайымдық
қатынастарға негізделген. Шығару мақсаты – төлем және ақша айналымының
үзбеліксіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
Инвестициялар нарығы капиталдар қозғалысын көрсетеді және орта мерзімді
(5 жылға дейін), ұзақ мерзімді (бес жылдан асатын) бағалы қағаздар, сондай-
ақ мерзімі шектеусіз қор құндылықтары түрінде таныстырылған.
Инвестициялық қағаздарды өз кезегінде екі санатқа (категорияға) бөлуге
болады:
1) займ қатынастарына негізделген және пайыздарды төлеу, келісілген
мерзімге борыштың негізгі сомасын өтеу бойынша эмитент міндеттемелерін
жүзеге асыратын борыштық бағалы қағаздар;
2) меншік қатынастарын білдіретін және акционерлік қоғам капиталындағы
меншік үлесін куәландырушы болып саналатын бағалы қағаздар.
Сол арқылы бағалы қағаздар шығарылатын мәмілелерге қатысты олар қор
(акциялар мен облигациялар) және сауда (чектер, коносаменттер, кепілдік
куәліктері) инвестициялық қағаздары болып бөлінеді.
Бағалы қор қағаздары эмиссияның жаппай түрде болатындығымен
өзгешеленеді және қор биржаларында айналым жасайды.
Бағалы сауда қағаздары коммерциялық бағытқа ие. Олар басты түрде сауда
операциялары бойынша есеп айырысулар мен тауарларды орналастыру процесіне
қызмет көрсетуге бағытталған.
Эмитенттің құқықтық мәртебесін инвестициялық және несие тәуекелдерінің
дәрежелерін, инвесторлардың мүдделерін қорғау кепілдіктері мен басқа да
факторларды ескере отырып, бағалы қор қағаздары: мемлекеттік, муниципалдық
және мемлекеттік емес топқа бөлінеді. Мемлекеттік қор бағалы қағаздарының
ішінен жергілікті билік органдарының қазынашылық міндеттемелері неғұрлым
кең таралған болып саналады.
Мемлекеттік емес бағалы қағаздар корпоративтік және қаржы құралдары
арқылы таныстырылған.
Кәсіпорындардың, ұйымдардың, банктердің, акциялары және борыштық
міндеттемелер корпоративтік бағалы қағаздар болып қызмет етеді.
Нарықтағы айналымдылық ерекшеліктері бағалы қағаздардың нарықтық
(айналым жасайтын) және нарықтық емес (айналым жасамайтын) болып бөлінуін
болжайды.
Нарықтық бағалы қағаздар биржалық және биржадан тыс айналым
шеңберіндегі қайталама нарықта еркін сатып алынуы және сатылуы мүмкін. Олар
шығарылғаннан кейін эмитентке мерзімінен бұрын ұсына алмайды.
Нарықтық емес бағалы қағаздар қолдан қолға еркін өте алмайды, яғни
қайталап айналым жасау мүмкіндігі жоқ. Бұл, мысалы, эмитент оны шығару
кезінде эмитенттің өзі сатуға және сатып алуға болмайтын шарт қоятын бағалы
қағаздарға жатады.
Өзінің атқаратын рөлі бойынша бағалы қағаздар негізгі (акциялар,
облигациялар), көмекші (чектер, сертификаттар) және негізгі бағалы
қағаздарды сатып алу және сату құқығын куәландыратын туынды бағалы қағаздар
болып бөлінеді (варранттар, опциондар, қаржы фьючерстері, сатып алу басым
құқығы).
Көптеген бағалы қағаздар эмиссия шегін құрайды (эмиссиялық бағалы
қағаздар). Бағалы қағаздардың өтеу мерзімдері бойынша жіктеу, яғни
міндеттеме талап еткен кезде орындалатын нақты өтеу мерзімдері мен қағаздар
көрсетілген шұғыл бағалы қағаздарға жіктеу дұрыс болып саналады.
Бағалы қағаздарды сондай-ақ басқа да белгілері бойынша жіктеуге болады
(құжаттамалық және құжаттамалықсыз, шақырулы және шақырусыз, белгіленген
және ауытқымалы кірістермен және т.б.). Бағалы қағаздарды топтастыру туралы
мәселені шешу кезінде әрқашанда жіктеу мақсатын ескеру қажет.
Капитал беру формалары мен табысты төлеу тәсіліне қатысты бағалы
қағаздар борыштық және үлестік болып бөлінеді.
Борыштық бағалы қағаздар әдетте белгіленген пайыздық ставкаға ие және
келешекте белгілі бір күнге олардың алдындағы борыш сомасын төлеу
міндеттемесі болып саналады (облигациялар, сертификаттар).
Үлестік бағалы қағаздар – нақты меншіктегі оның иесінің тікелей үлесін
білдіреді және шектелмеген уақыт аралығында дивидендтер алуды қамтамасыз
етеді (акциялар).
Бағалы қағаздар - ең алдымен мүлікті иемденуге құқық беретін ақшалы
құжат немесе қарыз берушіге қарыз алушының берген қарыз міндеттемесі.
Бағалы қағаздар толтырылуы немесе жазылуы жөнінен екі түрі болуы мүмкін:
заң жүзінде бекітілген жеке құлжат түрі, немесе есепшотқа енгізілген жазу
түрі.
Жалпы бағалы қағаздардың негізгі және туынды түрлері бар. Негізгі
түрлеріне жататындар бұл акциялар - әдетте, акция түрінде, оны құру
кезінде, кәсіпорынның немесе ұйымның акционерлік қоғамға айналуы немесе екі
яки оданда көп акционерлік қоғамдардың қосылуы негізінде, сондай-ақ
жарғылық капиталдың көбеюі кезінде ақша қаражаттарын жұмылдыру үшін
шығаратын бағалы қағаздар түсіндіріледі. Сондықтан акцияны акционерлік
қоғамның жарғылық капиталынан белгілі бір үлесін салғандығы туралы куәлік
деп санауға болады.
Сонымен акция дегеніміз, бұл – оның иесінің дивидендтер алуға,
акционерлік қоғамды таратудан кейін қалған мүліктің бөлігін басқаруға
қатысуға оның құқығын бекітетін бағалы эмиссиялық қағаз.
Оның иелерін:
- жеке (жеке меншік);
- ұжымдық (институционалдық);
- корпоративтікке бөлуге болады.
Эмитент акцияларын шығаруға келесідей ережелер қолданылады:
1) акционерлік қоғам акцияларды сатып алуға салынған олардың капиталын
инвесторларға қайтаруға міндетті емес. Олардың акцияларды сатып алуы
акцияларды ұстаушылардың эмитент шығындарын ұзақ мерзімдік қаржыландыруы
ретінде қаралады;
2) дивиденттерді төлеуге кепілдік берілмейді;
3) дивидендтердің көлемі пайдаға қатысты емес түрде еркін белгіленеді.
Тіпті өндірісті дамытуға бағытталатын таза пайда болғанның өзінде
дивидендтер төленбейді.
Инвесторды акцияларға төмендегілер тартады:
1) акцияларға салынған капиталды айырбастауға дауыс құқығы. Акционер
басқаруға қатысу үшін мүмкіндік алады;
2) кіріс алуға, яғни дивидендтер түрінде акционерлік қоғамның таза
пайдасының бір бөлігін алуға құқығы;
3) нарықтағы акциялар бағасының өсуімен байланысты капиталдың өсуі.
Бұл, негізі бойынша, акцияларды сатып алудың негізгі себебі болып саналады;
4) акционерлік қоғам өзінің акционерлеріне бере алатын қосымша
жеңілдіктер. Олар акционерлік қоғам өндіретін өнімдерді сатып алу кезінде
немесе қызметтерді пайдалану кезінде (жеңілдікті жол жүру ақылары, қонақ
үйде тұруға жеңілдікті бағалар) шегерімдер (жеңілдіктер) формасын
қабылдайды;
5) акциялардың жаңа шығарылымдарын басым түрде сатып алу құқығы;
6) барлық несие берушілермен есеп айырысқаннан және оны таратқаннан
кейін қалған акционерлік қоғамның мүлкіне құқығы.
Акциялар келесідей қасиеттерге ие:
а) акция – бұл меншік титулы, яғни акцияларды ұстаушы осы құқық арқылы
акционерлік қоғамның қосалқы иегері болып саналады;
ә) оның өмір сүруінің белгілі мерзімі жоқ, яғни акцияларды ұстау құқығы
акционерлік қоғам өмір сүріп тұрған кезде сақталатын болады;
б) жауапкершіліктің шектеулі болуы оған тән болып саналады, яғни
акционер акционерлік қоғам міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Сондықтан
инвестор банкроттыққа ұшыраған кезде акцияға салған салымдарынан артық
ештеме жоғалтпайды;
в) акцияларға бөлінбеушілік тән болып саналады, акцияларға бірлесіп
иелік ету меншік иелері арасындағы құқықтардың бөлінуімен байланысты емес,
олардың бүкілі бір тұлға ретінде қатысады;
г) акциялар бірігуі мүмкін.
Бір акция бірнеше акцияға айналуы мүмкін. Эмитент акциялардың бұл
қасиетін акциялардың аталған түріне деген ұсынысты азайту үшін пайдалана
алады. Оның қозғалуы кезінде жарғылық капиталдың көлемі өзгермейді. Яғни,
егер көрсетілген құны 1000 теңге кезінде 4 жаңа акция шығарылады,
сондықтанда жаңа акциялардың көрсетілген құны 250 теңгеге тең болады.
Акционерлерден ескі сертификаттар алынып, олар акциялардың көп санына ие
екендігін көрсететін жаңа сертификаттар беріледі.
Акциялардың санын біріктірген кезде олардың саны азаяды, бұл жағдай өз
кезегінде акциялардың нарықтық бағасын өсіруге әкеліп соғуы мүмкін. Сонымен
бірге көрсетілген құнның өсуі мүмкін, ал жарғылық капиталдың көлемі сол
бұрынғы қалпында қалады. Акциялардың иегерлері сондай-ақ қайтарып алынған
сертификаттарға айырбасқа жаңа сертификаттар алады, онда жаңа акциялардың
аз саны көрсетілетін болады.
Акцияларға иелік ету (легитимациялау тәсілі) тәртібіне қатысты:
а) атаулы;
ә) ұсынушыға арналып шығарылған акциялар болуы мүмкін;
а) атаулы акциялар акционерлік қоғамда жүргізілетін арнаулы тіркеу
журналында жазылады. Онда әрбір атаулы акциялардың деректері, оны сатып алу
уақыты, жекелеген акционерлердің осындай акцияларының саны көрсетіледі.
Атаулы акциялардың қозғалысы міндетті тіркеуге жатады, акцияларды басқа
қожайынға беру нотариалдық ресімдеуді талап етеді.
ә) ұсынушыға акциялар, тіркеу журналында оның жалпы саны ғана
белгіленеді. Бұл акциялардың қозғалысы тіркеуге жатпайды және оны басқа
қожайынға беру нотариалдық ресімдеуді талап етпейді.
Акциялардың құқық көлеміне қатысты:
а) қарапайым;
ә) артықшылық берілген акциялар болып бөлінеді.
а) кәдімгі акциялар бойынша эмитенттің пайдасына қатысты олардың
иегерлеріне дивидендтер төленеді. Мұндай акциялардың иегерлері
акционерлердің жалпы жиналысында дауыс құқығына ие, басқару органы мен
тексеру комиссиясын сайлауға, бақылауды жүзеге асыру мен іскерлік саясатын
бекітуге қатысады.
Кәдімгі акцияларды ұстаушылар арасында таза пайдаларды бөлу артықшылық
берілген акциялар бойынша дивидендтер төлеп және құрылтайшылық құжаттар мен
акционерлер жиналысының шешімімен қараған резервтерді толықтырғаннан кейін
жүзеге асырылады.
ә) артықшылық берілген акция акционерлердің жалпы жиналысында дауыс
құқығын бермейді, ал мұндай акциялар иегерлерінің артықшылықтары қоғам
таратылған кезде төленетін, тұрақты ақша сомасында немесе артықшылық
берілген акциялардың көрсетілген құнына пайыздар түрінде анықталатын
дивидендтер көлемінің жарғыда айқындалғандығынан тұрады. Пайданың
жеткіліксіздігі жағдайында артықшылық берілген акциялар бойынша дивидендтер
төлеу резервтік қор есебінен жүргізіледі.
Артықшылық берілген акциялар эмитенттің жарғылық қорының сомасынан 25%
асып кеткен жағдайда шығарылмайды.
Мұндай акциялар бойынша дивидендтер эмитент қызметінің нәтижелеріне
қатыссыз түрде төленеді. Сонымен бірге артықшылық берілген акциялар
тәуекелі салыстырмалы түрде алып қарағанда төмен болады; сонымен бір
мезгілде бұл негізінен, кәдімгі акциялар бойынша төленетін дивидендтер
деңгейімен салыстырғанда неғұрлым төмен және дивидендтердің көлемі бойынша
орта деңгейде көрінеді.
Сонымен бірге артықшылық берілген акциялар иегерлерінің дауыс құқығынан
айырылуын сөзбе сөз түрде түсіну көзделмейді. Заң мұндай акциялардың
иегерлері:
- қоғамды қайта құру және тарату туралы;
- артықшылық берілген акциялар иегерлерінің, акционерлердің құқығын
шектейтін немесе өзгертетін қоғамның жарғысына өзгертулер мен толықтырулар
енгізу туралы мәселелерді шешу кезінде дауыс құқығымен акционерлердің жалпы
жиналысына қатысу құқығын алатын кездегі жағдайды айқындайды.
Акционерлердің жылдық жиналысында белгіленген дивидендтерді төлеу
немесе толық төлемеу туралы шешім қабылданған жағдайда артықшылық берілген
акциялардың иегерлері дауыс құқығын алады.
Акционерлік қоғамдар туралы артықшылық берілген акциялардың кумулятивті
немесе өзге валютаға еркін айналатын бір немесе бірнеше типтерін шығаруды
қарайды.
Сурет 1. Артықшылық берілген еркін айналыстағы акцияларды шығарылу тәртібі
Артықшылық берілген акциялар еркін айналыстағы акциялар түрінде
шығарылады, яғни опциондық еркін айналыспен белгілі бір жағдайлар мен
сәйкестіктерде сол эмитенттің жай акциялары түрінде шығарылады.
Артықшылық берілген еркін айналыстағы акциялар бойынша дивидендтер
ставкасы, әдетте, өтімді емес, артықшылық берілген акциялардан төмен
болады, өйткені еркін айналыстағы акциялардың иегері оны кәдімгі акцияларға
айырбастау қосымша артықшылықтарына ие болуға және егер кәдімгі акциялардың
нарық конъюнктурасын қалыптастыратын нарық бағасы өсетін болса, қосымша
кіріс алу артықшылығына ие болады.
Еркін айналыстағы акцияларды шығару кезінде оның кезеңін, сәйкестігін
және айырбас бағамын белгілеу қажет. Бұл жоғарыда келтірілген сурет 1
көрсетілген.
Акционерлік қоғам заң бойынша артықшылық берілген акциялардың екі және
одан да көп типтерін шығаруы мүмкін.
Шақырылған немесе артықшылық берілген қайтарылатын акциялар көбірек
таралған. Олардың маңыздылығы, кәдімгі акциялардан айырмашылығы, олар
өтелген болуы мүмкін, акцияларды шығарған акционерлік қоғамдар өмір сүріп
тұрған кезде олар жойылмайды.
Шақыруды немесе қайтаруды акционерлік қоғамдар әртүрлі тәсілдер арқылы
қамтамасыз етуі мүмкін.
Сыйлықпен төлем жасау. Сыйлық оған жататын кіріс көзін ұстап тұрған
инвесторға өзіндік өтем рөлінде қатысады. Осыған орай сатып алу белгілі бір
мерзімде толық немесе бөліп-бөліп төлеу туралы хабарлағаннан кейін,
тұтастай алғанда кез келген уақытта жүзеге асырылуы мүмкін. Өтеу төленбеген
дивидендтерді ескере отырып, көрсетілгеннен жоғары түрде белгіленген баға
бойынша жүргізіледі.
Төлем құны немесе қорлар арқылы сатып алу. Сатып алу қорын қалыптастыру
жыл сайын қайталама нарық арқылы артықшылық берілген шақырылған акциялардың
белгілі бір бөлігін сатып алуға мүмкіндік береді және сол арқылы өз
акциялары нарығының тұрақтылығына ықпал етеді.
Ретрективтік артықшылық берілген акцияларды шығару есебінен акция
иесінің бастамасы бойынша мерзімінен бұрын сатып алу кепілдігін қамтамасыз
ету. Эмитентте сатып алу көмегі арқылы өтеу жолымен артықшылық берілген
акцияларды шақыру абсолюттік кепілдіктері жоқ болған кезде, акциялар
шығаруға жүгіреді. Артықшылық берілген акциялардың мұндай типтерін шығару
кезінде акциялардың иесі оны өтеу мерзімін өзі белгілеп, бұл туралы
эмитентті хабардар етеді және өтеу мерзімі келген кезде эмитентке ол
талаптарын білдіреді.
Акционерлік қоғам, қатысу үлесімен, артықшылық берілген акциялар
шығаруы мүмкін. Мұндай акциялар оның иесіне оны шығару кезінде белгіленген
дивидендтке құқын ғана емес, сонымен бірге жыл қорытындысымен кәдімгі
акциялар бойынша дивидендті өсірген кезде қосымша дивиденд алу құқығын
береді [1,96].
Қазақстан Республикасында жекешелендіру барысында А және Б типтеріндегі
өзгешелікті артықшылық берілген акциялар пайда болды. А және Б типтеріндегі
акциялар мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру процесінде қолданылады
және жабық жазылу бойынша өткізіледі. Жабық жазылу – бұл жеңілдік
жағдайларында жекешелендіру туралы заңдарға сәйкес, оған теңестірілген
жекешелендірілетін кәсіпорындардың жұмысшыларына немесе тұлғаларға
акцияларды сату немесе беру.
Б типіндегі акциялар оның иесі болып мүлік қоры қатысатын жарғылық
капитал үлесі есебінен шығарылады. Соңғы, бұл акциялардың айрықша иесі
болып саналады. Мүлік қорының мұндай акцияларды сату сәтінде олар
жекешелендіру процесінде өздігінен бірде бір қатынасы бойынша кәдімгі
акцияларға еркін айналады.
Қазақстан Республикасының азаматтық кодексіне сәйкес акционерлік қоғам
құрылтайшылары жарғылық қорды қалыптастыруға және дивидендтер алуға
қатыспайтын Алтын акцияны енгізуі мүмкін. Бұл акциялар акция иесіне
кәсіпорынды басқаруға қатысу құқығын бермейді, құқықтық жағдайы мен
кәсіпорынның меншік нысанын өзгертпейді, оған қатысушылар, Алтын акция
иесі жарғымен айқындалатын мәселелер бойынша жалпы жиналысты, басқарма мен
қадағалау кеңесін шешуге вето құқығына ғана ие. Сату және оған иелік етуден
айырылу кезінде Алтын акция кәдімгі акцияға айналады, ал оның иесіне
берілген айрықша құқық тоқтатылады.
Жекешелендіру процесінде сондай-ақ еңбек ұжымының акциялары және
кәсіпорындардың акциялары шығарылуы мүмкін; бірінші акция, айрықша түрде,
аталған кәсіпорынның жұмысшыларына, ал екінші акциялар заңды тұлғалардың
арасында таратылады. Бұл акциялар акция иесіне кәсіпорынды басқаруға қатысу
құқығын бермейді, құқықтық жағдайы мен кәсіпорынның меншік нысанын
өзгертпейді, оған қатысушылар, негізі бойынша, бар болғаны қосымша қаржы
ресурстарын жұмылдыру құралы ғана болып саналады.
Бағалы қағаздардың келесі негізгі түрі бұл – Облигация. Оның иесі мен
оны шығарушы тұлға арасындағы қатынасты куәландыратын бағалы қағаз.
Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі оған иелік етушінің
облигацияларының көрсетілген құнының мерзімі немесе басқа мүлікпен
эквивалентте қаралған, облигацияны шығарған тұлғадан оны алу құқығын
куәландыратын бағалы қағаз танылады деген анықтама береді. Облигация оның
иесіне сондай-ақ облигацияның көрсетілген құнынан одан белгіленген пайыз
алуға құқық немесе басқадай құқық береді.
Сонымен, облигация – бұл екі маңызды элементті сөзсіз түрде өзіне
енгізетін борыштық міндеттеме болып саналады. Олар:
1) облигацияның сыртқы бетінде көрсетілген соманы белгіленген
мерзімінің өтуі бойынша облигациялардың иесіне қайтару жөніндегі эмитенттің
міндеттемесі;
2) облигациялардың иесіне көрсетілген құннан пайыз түрінде немесе
басқалай мүліктік эквивалентпен белгіленген кірісті төлеу жөніндегі
эмитенттің міндеттемесі.
Акциялар мен облигациялар арасындағы принципті айырмашылық келесілерден
тұрады. Инвестор акцияны сатып ала отырып, компания-эмитенттің меншік
иелерінің біріне айналады. Сондай-ақ инвестор компания-эмитенттің
олбигациясын сатып алу арқылы оның несие берушісіне айналады. Бұлардан
басқа облигациялардың акциялардан өзгешелігі, уақыты өткеннен кейін
өшірілетін шектелген айналым жасау мерзіміне ие екендігі. Облигациялар
олардың иелерінің мүліктік құқықтарын жүзеге асыру кезінде акциялар алдында
басымдыққа ие болады; бірінші кезекте облигациялар бойынша пайыздар
төленеді және содан кейін ғана барып дивидендтер төленеді; оның таратылған
жағдайында компания-эмитенттің мүлігін бөлу кезінде акционерлер барлық
қарыздарды, оның ішінде облигация зайымдары бойынша қарыздарды төлеп
болғаннан кейін қалатын мүліктің сол бөлігін ғана есепке алады. Егер
акциялар меншік титулы болып санала отырып, олардың иелеріне компания-
эмитентті басқаруға қатысуға құқық беретін болса, ал займның құралы
облигациялар ондай құқық бермейді.
Облигациялар үкіметтің, әртүрлі мемлекеттік органдардың және
муниципалитеттердің қаржыларын жұмылдырудың басты құралы болып қатысады.
Қосымша қаржы құралдарына қажеттілік пайда болған кезде компаниялар да
облигациялық займдарды ұйымдастыру мен орналастыруға ұмтылыс танытады.
Облигацияларды шығару эмитент үшін бірқатар тартымды белгілерден
тұрады: шаруашылық ұйымдар ды оларды орналастыру арқылы, қарыз алушының
қаржы-шаруашылық қызметін басқаруға олардың несие беруші иелерінің араласу
қаупінсіз қосымша ресурстарды жұмылдыра алады.
Дегенмен банк несиелері түрінде алынатын компаниялардың облигациялық
займдарын қосымша заемдық құралдар ретінде қарау көзделеді. Тіпті дамыған
қор нарығы бар елдердің өзінде компаниялар облигацияларды шығару арқылы
заемдық қаржыларға деген қажеттіліктердің барлығын жаба бермейді. Өйткені
облигациялық займ пайдаланған құнның кері қайту қозғалысы қатынастарын
білдіреді, ол өзінің негізі мен белгіленуі бойынша банк ссудаларына ұқсас.
Осымен байланысты мынаны атап өту көзделеді: облигациялар эмиссиясына құқық
несие төлеу қабілеттілік талаптарына жауап беретін компанияларға ғана
берілуі мүмкін.
Акционерлік қоғамдар облигацияларды шығару кезінде келесідей
жағдайларды сақтауы тиіс:
- қоғамның барлық шығарған облигацияларының көрсетілген құны қоғамның
жарғылық мөлшерінен немесе шығару мақсатымен, үшінші жақтың қоғамға
қамтамасыз етуге берген мөлшерінен асып кетпеуі тиіс;
- жарғылық капиталды толық төлеп болғаннан кейін облигациялар шығаруға
рұқсат етіледі;
- қоғамның үшінші жыл өмір сүруі кезінде және осы уақытта қоғамның екі
жылдық балансы бекітілуге жатқан жағдайда қамтамасыз етусіз облигациялар
шығаруға рұқсат етіледі;
- егер қоғамның хабарланған акцияларының саны сатып алуға құқық беретін
акциялардың санынан аз болатын болса, қоғамның акцияларына еркін айналатын
облигацияларды орналастыруына қоғамның құқығы жоқ.
Облигациялардың өте көп түрі өмір сүреді, сондықтан да олардың түрлерін
сипаттау үшін облигацияларды бірқатар белгілері бойынша жіктейміз.
Облигацияларды неғұрлым толықтай түрде жіктеу үшін Қазақстанның облигация
нарығындағы аздаған тәжірибесін ғана емес, сонымен бірге облигациялық
займдарды ұйымдастырудың аса бай шетелдік тәжірибесін де пайдаланамыз.
Келесідей жіктеуді ұсынуға болады:
1) эмитентке қатысты облигациялар мынадай түрге ажыратылады:
а) мемлекеттік;
б) муниципалды;
в) корпорациялық;
г) шет елдік.
2) займдардың мерзімдеріне қатысты облигациялардың барлық алуан
түрлілігін екі үлкен топқа бөлуге болады:
а) өз кезегінде келесідей түрлерге бөлінетін, кейбір өтеу уақыты
көрсетілген облигациялар:
- қысқа мерзімдік;
- орта мерзімдік;
- ұзақ мерзімдік.
б) өтеу мерзімі көрсетілмеген облигацияларға мыналар кіреді:
- мерзімі шектеусіз немесе өтелмейтін;
- шақыртылған облигацияларды эмитент өтеу мерзімі келгенге
дейін талап етуі мүмкін. Оның үстіне эмитент облигацияларды шығару кезінде
нақтылы көрсетілген бағасын немесе сыйлық төлеу жағдайларын белгілейді;
- өтеу құқығымен берілген облигациялар инвесторға өтеу мерзімі
келгенге дейін эмитентке облигацияларды қайтару және ол үшін көрсетілген
құнын алуға құқық береді;
- мерзімі ұзартылатын облигациялар инвесторға өтеу мерзімін
ұзартуға және осы мерзім ішінде пайыздар алуын жалғастыруға құқық береді;
- мерзімі кейінге шегерілген облигациялар эмитентке өтеуді
кейінге шегеруге құқық береді.
3) облигацияларға иелік ету тәртібіне қатысты олар мынадай болуы
мүмкін:
а) иелік ету құқығы эмитент жүргізетін тіркеу кітабы мен
облигациялардың мәтініне оның иесінің атын енгізумен бекітілетін атаулы
облигациялар;
б) иелік ету құқығы облигацияларды қарапайым түрде ұсынумен бекітілетін
ұсыныс білдірушіге облигациялар.
4) мақсаттары бойынша облигациялық займдар мынадай түрге бөлінеді:
а) эмитенттегі берешектерді қайта қаржыландыру немесе алуан түрлі
шараларға пайдаланылатын қосымша қаржы ресурстарын тарту үшін шығарылатын
әдеттегі облигациялар;
б) сатудан түскен қаржылар нақтылы инвестициялық жобаларды немесе
нақтылы шараларды (мысалы, көпір құрылысы, телефон желісін тарту және т.б.)
қаржыландыруға бағытталатын, мақсатты облигациялар.
5) орналыстыру тәсілі бойынша облигациялар мынадай түрде ажыратылады:
а) еркін орналасатын облигациялық займдар;
б) күштеп орналастыру тәртібін болжайтын займдар. Мемлекеттік
облигациялар ең алдымен күштеп орналастырылатын облигациялар болып
саналады.
6) өзара қарызға алып пайдаланған сомаларды өтеу формаларына қатысты
облигациялар келесідей түрлерге бөлінеді:
а) ақшалай түрде өтелетін;
б) затпен өтелетін, заттай.
7) пайыздар түрінде облигациялар бойынша кірістерді мерзімді төлеу
купондар бойынша жүргізіледі.
Купон онда сандық цифрлы купондық ставкалар көрсетілген кесілген
талонды білдіреді. Облигациялардың купондық кірістерін төлеу тәсілдері
бойынша олар мынадай облигацияларға бөлінеді:
а) купондық ставкалары белгіленген облигациялар;
б) купон ставкасы ссудалық пайыздың деңгейіне қатысты болған кездегі
купон ставкалары өзгеріп отыратын облигациялар;
в) займдардың шыққан жылдары бойынша купон ставкасымен теңдей өсіп
отыратын облигациялар. Мұндай облигациялар индекстелетін облигациялар деп
аталады, әдетте инфляция кезінде шығарылады.
г) ең аз немесе купоны жоққа тән облигациялар. Мұндай облигациялар
бойынша нарықтық баға белгіленген бағадан төмен болып белгіленеді, яғни
жеңілдік беруді болжайды. Бұл облигациялар бойынша кіріс белгіленген құнмен
оны өтеу сәтінде төленеді, сонымен бірге белгіленген және нарықтық құны
арасындағы айырманы білдіреді;
д) таңдауы бойынша төленетін облигациялар. Мұндай облигациялардың
иелері кірісті жаңа шығарылған облигациялардан, сондай-ақ купондық кіріс
түрінде алуы мүмкін;
е) аралас типтегі облигациялар. Облигацияның иегері облигациялық займ
мерзімінің бір бөлігінен кірісті белгіленген купон ставкасы бойынша, ал
мерзімінің бір бөлігінен - өзгеріп отыратын ставкалар бойынша алады.
8) облигациялар айналым жасау сипаты бойынша келесідей болады:
а) өтімді емес (еркін айналмайтын);
б) өтімді, оның иесіне оларды сол эмитенттің акциясына айырбастауға
құқық береді.
в) конверсиялық коэффициент пен конверсиялық баға өтімді
облигациялардың иелері үшін маңызы жоғары болып саналады.
г) конверсиялық коэффициент осындай облигацияларға айырбас арқылы қанша
акция алуға болатындығын көрсетеді.
д) конверсиялық коэффициенті, конверсия кезінде бір облигацияға 10
акция алуға болатындығын білдіреді.
Облигациялардың белгіленген құны және нарықтық бағасы болады.
Облигациялардың белгіленген құны облигацияның өзіне басылған және займ
алынатын соманы білдіреді, сондай-ақ облигациялық займ мерзімінің өтуі
бойынша қайтаруға жатады. Белгіленген баға облигациялар арқылы алынған
кірісті есептеу үшін базалық шама болып саналады. Облигациялар бойынша
пайыз белгіленген пайызбен, ал тиісті кезеңдегі облигациялар құнының өсуі
облигацияны сол арқылы өтейтін белгіленген құн мен облигацияларды сатып алу
бағасы арасындағы айырма ретінде есептеліп шығарылады. Облигациялар
негізінен, жоғары белгіленген құнмен шығарылады. Олар жеке, сол сияқты
институционалдық бай инвесторларға бағдарланған. Олар осы арқылы
акциялардан өзгешеленеді, яғни эмитент құнды инвесторлардың аса кең қабаты
сатып алатындығын есепке ала отырып белгілейді. Осыған орай мынаны атап өту
көзделеді, егер акциялар үшін белгіленген құн мөлшері барынша шартты болып,
акциялар көрсетілген құнға таңылмаған баға бойынша басым түрде сатылса және
сатып алынса, онда облигациялар үшін белгіленген құн облигациялық займның
барлық мерзімі ішінде мәні өзгермейтін өте маңызды параметр болып саналады.
Облигациялар дәл осы алғашқы бетте белгіленген баға мөлшерінде, олардың
айналым жасау мерзімі біткеннен соң өшірілетін болады.
Жоғарыда атап өткендей, облигациялар сатып алушылар үшін тартымды
инвестициялау объектісі, яғни қайта сатылатын тауар, зат болып саналады.
Олардың эмиссиясынан бастап, оларды өтеген сәтке дейін нарықта белгіленген
баға бойынша сатылады және сатып алынады.
Эмиссия сәтіндегі нарықтық баға белгіленген бағадан төмен, баға тең
және белгіленген бағадан жоғары болуы мүмкін. Облигациялардың нарықтық
бағасы одан әрі қарай тұтастай сату кезеңінде облигациялар нарығы мен қаржы
нарығында қалыптасқан ахуалдан, сондай-ақ облигациялық займның өзінің басты
екі элементінен шығарыла отырып анықталады. Бұл екі элемент мыналар болып
саналады:
1) өтеу кезінде облигациялардың белгіленген құнын алудың болашағы
(облигацияларды сатып алу мерзіміне неғұрлым оны өтеу мерзімі жақын болса,
оның нарықтық бағасы соғұрлым жоғары болады);
2) тұрақты белгіленген кіріс алуға құқық (облигациялар арқылы алынатын
кіріс неғұрлым жоғары болса, оның нарықтық құныда соғұрлым жоғары болады).
Облигациялардың нарықтық құны бірқатар басқадай жағдайларға қатысты
болып саналады, солардың ішіндегі маңыздысы – салымдардың (тәуекел
дәрежесі) сенімділігі.
Өйткені, әртүрлі облигациялардың өзара белгіленген бағалары бір-бірінен
түбегейлі түрде өзгешеленеді немесе облигациялардың нарықтық бағаларын
салыстырмалы түрде өлшеудің қажеттілігі туындайды. Бағам осындай көрсеткіш
болып саналады.
Белгіленген бағаға пайыздар түрінде білдірілген нарықтық бағаның мәні
облигациялар бағамы деп аталады:
,
(1)
мұндағы Об – облигация бағамы
Кр – облигацияның нарықтық бағасы
Н - облигациялардың белгіленген бағасы.
Олигацияның бағамын біле отырып, келесідей формула арқылы, біз оның
бағасын таба аламыз:
(2)
Облигациялар басқа бағалы қағаздар сияқты қор нарығында инвестициялау
объектісі болып санала отырып, өзінің иегерлеріне кіріс әкеледі.
Облигациядан түсетін жалпы кіріс келесі элементтерден қалыптасады:
- мерзімді төленетін пайыздар (купоннан алынатын кіріс);
- тиісті кезең ішінде облигациялар құнының өзгеруі;
- алынған пайыздарды реинвестициялаудан алынатын кіріс.
Кірістің жоғарыда атап өткен әрбір элементін төменде жеке-жеке
қарастырып көреміз. Бұл кіріс бірсыпыра жылдар қатарынан жыл сайын
белгіленген соманы алуға тұрақты-аннуитет құқық береді.
Аннуитет сондай-ақ белгілі бір уақыт кезеңінде белгіленген уақыт
аралығында жүргізілген төлемдердің сериясын анықтайды.
Облигациялар бойынша, пайыздар негізінен, жылына 1-2 рет төленеді.
Осыған орай, пайыздық төлемдер неғұрлым жиі жүргізілсе, облигация соғұрлым
көп табыс әкеледі, өйткені алынған пайыздық төлемдер реиквестициялануы
мүмкін.
Облигациялар бойынша купондық кірістің мөлшері, ең алдымен
облигациялардың сенімділігіне яғни басқалай айтқанда оның эмитенті кім
болып саналады, соған қатысты болады. Компания-эмитент неғұрлым тұрақты,
облигациялары сенімді болса, болжанатын пайыз соғұрлым төмен болады. Одан
басқа, пайыздық кіріс пен облигациялардың айналым жасау мерзімдері арасында
тәуелділік өмір сүреді: өтеу мерзімі неғұрлым алыс болса, соғұрлым пайыз
жоғары немесе керісінше болуы мүмкін.
Белгіленгеннен төмен баға бойынша, яғни дисконтпен сатып алынған
облигациялар әкелетін кірістер оның кіріс көзін құрайтын екінші негіз болып
саналады. Бұдан бұрын айтып өткеніміздей нөлдік купонды облигациялар
осындай облигациялардың мысалы болып қызмет етеді. Ол бойынша кіріс
облигациялардың белгіленген бағасы мен сатылу бағасы арасындағы айырма
ретінде құралады. Дисконтпен облигацияларды сатып алу және сату кезінде
облигациялардың сату бағасын анықтау оның маңызды сәті болып саналады.
Басқалай түрде айтсақ: егер келешекте алынатын сома мен кірістіліктің
базалық нормасы белгілі болса, бүгін облигацияны қандай бағамен сатқан
дұрыс.
Мұндай бағаны есептеп шығару дисконттау деп, ал бағаның өзі болашақтағы
сомасының бүгінгі құны аталады. Дисконттау мынадай формула бойынша жүзеге
асырылады:
,
(3)
мұндағы Крд – дисконтпен теңге арқылы облигацияларды сату бағасы;
Н – облигациялардың белгіленген бағасы, теңгемен;
Т – оның өткен кезінде облигациялар өтелетін
жылдар саны;
С – ссудалық пайыз нормасы %;
1 - оның белгіленген бағасында облигация- 1+ТС
ларды сату бағасы қандай үлесті құрайтынын 100 көрсететін, дисконттық
көбейткіш.
Айырмашылық дисконт болып саналады және облигацияның аталған түрі
бойынша кірісті білдіреді.
Жиынтық кірістің соңғы элементі – реинвестициядан пайыздармен алынған
кіріс – облигациялар бойынша пайыздар түрінде алынған ағымдағы кіріс
тұрақты реинвестицияланған жағдайда ғана қатысады. Кірістің аталған түрі
ұзақ мерзімдік облигацияларды сатып алу кезінде айрықша маңызға ие болуы
мүмкін.
Облигациялар бойынша жалпы немесе жиынтық кіріс әдетте басқа бағалы
қағаздарға қарағанда төмен болады.
Бұл ең алдымен, облигациялар басқа бағалы қағаздармен салыстырғанда
жоғары сенімділікке ие екендігімен түсіндіріледі. Облигациялар бойынша
кірістер циклдік ауытқуларға аз түрде тартылады және акциялар бойынша
мысалы, нарық конъюнктурасына соншалықты тәуелді емес.
Тәжірибе жүзіндегі қызметке жиі түрде, мысалы үшін, эмитент шығаратын
облигациялық займдардың параметрлерін айқындау, инвестордың сатып алу
кезінде қандайда бір облигацияларды таңдау және нарықтағы кәсіби
қатысушылардың оңтайлы инвестициялық қоржынын қалыптастыру кезінде
облигациялық займның қаржылық тиімділігін анықтау қажеттілігі туындайды.
Соңғы, облигациялардың кірістілігін анықтауды білдіреді.
Жалпы түрде алғанда кірістілік салыстырмалы көрсеткіш болып саналады
және шығындардың көлеміне келетін кірісті білдіреді.
Облигациялардың ағымдағы кірістілігі, толық немесе түпкі кірістілігі
ажыратылады.
Ағымдағы кірістілік көрсеткіш облигациялар бойынша оны сатып алуға
жұмсалған шығындарға салыстырмалы жылдық түсімдерді сипаттайды.
Облигациялардың ағымдағы кірістілігі төмендегідей формула бойынша
есептеледі.
,
(4)
мұндағы С – облигациялардың ағымдағы кірістілігі, %
Д – жыл ішінде төленетін пайыздар сомасы, теңге.
Кр – сатып алынған облигациялардың бағамдық құны,
теңге.
Облигациялардың ағымдағы кірістілігі облигациялардың қарапайым
сипаттамасы болып саналады. Тек осы көрсеткіштерді ғана пайдалана отырып,
облигацияларды инвестициялау үшін неғұрлым тиімді құралдарды таңдауға
болмайды, өйткені ағымдағы кірістілікте кірістің тағы бір көзі, оған иелік
ету кезеңі ішінде облигациялар құнының өзгеруі көрініс таппаған.
Сондықтанда нөлдік купонды облигациялар бойынша ағымдағы кірістілік дисконт
формасында кіріс әкелетін болса да нөлге тең болады.
Кірістің бұл екі көзі де осы облигацияларды сатып алуға жұмсалатын
шығындар бірлігіне келетін облигациялар бойынша толық кірісті сипаттайтын
түпкі немесе толық кірістілік көрсеткішінде көрініс табады. Түпкі
кірістілік көрсеткіші мынадай формула бойынша анықталады.
,
(5)
мұндағы: Стүп – облигациялар бойынша түпкі кірістілік, теңге.
Дсп – жиынтық пайыздық кіріс, теңге.
Р – облигациялар бойынша дисконт көлемі, теңге.
Кр – сол бойынша сатып алынған облигациялардың
бағамдық құны, теңге.
П – инвестор облигацияларға иелік еткен жылдар
саны.
Облигациялардың кірістілігіне әсер ететін 2 маңызды фактор бар. Бұл –
инфляция және салықтар. Егер облигациялардан алынатын кіріс жылына 4%-ға,
ал инфляция деңгейі 3%-ға тең болатын болса, онда нақты кіріс тек 1%-ды
ғана құрайды. Егер инфляция деңгейі 4%-ға дейін және одан жоғары
көтерілетін болса, онда облигациялардың иегер - инвесторлары 4%-дық
белгіленген кіріспен кіріс алмайды немесе тіпті зиян шегетін болады.
Салықтар, сондай-ақ облигациялар бойынша кірісті, яғни олардың
кірістілігін азайтады.
Жоғарыда айтылғандардың барлығын ескере отырып, қандайда бір
облигациялардың нақты кірістілігі, кіріспен төленетін салықтарды шегеріп
тастау, сондай-ақ сол кездегі инфляция қарқынын ескеру арқылы есептелуге
тиісті. Кірістіліктің дәл осы көрсеткіштерін инвестициялау үшін неғұрлым
тиімді объектілерді таңдай отырып салыстыру көзделеді.
1) вексель – қарыз берушінің несие берушіге міндеттемесін білдіреді.
Аталған борыштық міндеттеме несие берушіге қарыз алушыдан белгілі бір
мерзімде вексельде көрсетілген ақша сомасын талап ете алу талассыз
құқығын береді.
Вексельдің келесідей ерекшеліктері бар:
- абстрактылық, яғни ақшалай қарыздың туындау себебі бойынша қандайда
бір түсіндірулердің жоқтығы;
- талассыздық, яғни аталған вексельмен дәл сәйкестікте төлеу
міндеттілігі;
- айналымдылық, яғни вексель өткізіп беру қысқа жазбалары арқылы
клиенттердің шектелмеген саны арасында айналым жасай алады. Вексель екі
қызметті атқарады:
Несие құралы болып саналады, яғни вексель арқылы әр түрлі несие
міндеттемелерін ресімдеуге болады (сатып алынған тауарға төлем жасауға,
алынған ссуданы қайтаруға және т.б.);
Несие ақшаларының бір түрі болып санала отырып, ақшамен есеп айырысу
құралы болып қызмет етеді. Сөйтіп вексель – бұл қандай да бір тұлға белгілі
бір жерде белгілі бір мерзімде, белгілі бір ақша сомасын төлеу тұрғыдағы
сөзсіз міндеттеме болып саналады. Вексель – бұл абстрактылы борыштық
міндеттеме, яғни ол ешқандай жағдайға қатысты емес [2,21].
Қолдану өрісіне қарай вексель жай және аудармалы болып екіге бөлінеді.
Жай вексельді төлеуші, яғни вексель беруші жазады. Аудармалы вексель –
несие берушінің қарыз алушыға вексельде көрсетілген соманы үшінші кісіге
төлеу жөнініде берген жазбаша үкімін айтады.
Жоғарыда жазылған бағалы қағаздар негізгі құнды қағаздар санатына
жататындар болатын, төменде мен өз дипломдық жұмысымда туынды бағалы
қағаздар түрлерін қарастырғым келеді. Бағалы қағаздардың туынды түрлері:
1) опцион – контрактіде көрсетілген мерзім ішінде ғана әрекет ететін,
тұрақты бағада белгілі бір акциялар санын сатып алу немесе сатуға
құқық беретін контрактіні айтады,. контракт сатып алушы оны сатуға
опциондық сыйақы төлейді, оны опцион бағасы ретінде қарайды.
сатып алу опционы кез келген контрактідегі мерзімде, контрактіде
көрсетілген акциялар санын белгілі бір бағада сатып алуға құқық
береді. Қорыта келгенде, опцион - шарт, оған сәйкес бiр тарап
(опционды сатушы) осы шартта аталған мүлiктiң (базалық активтiң)
белгiлi бiр санын осы шартта келiсiлген баға бойынша сатуға немесе
сатып алуға мiндеттенедi, ал екiншi тарап (опционды сатып алушы)
сатып алу немесе сату құқығына ие болады; сауда-саттықты
ұйымдастырушылар мұндай шартты стандарттаған жағдайда ол туынды
бағалы қағаз ретiнде пайдаланылуы мүмкiн.
2) фьючерс – тұрақты табыс бағалы қағаздарды тұрақты бағада алдағы
уақытта жабдықтау контрактісін айтады. фьючерспен мәмілені жүзеге
асырушы клиенттер екі категорияға бөлінеді: алыпсатарлар және
сақтаушылар. Сонымен, фьючерс бұл белгiленген нысандағы стандарттық
саны мен орындалу мерзiмi бар және ұйымдастырылған бағалы қағаздар
рыногында айналыста жүретiн туынды бағалы қағаз, оны сатушы сатуға
немесе сатып алуға мiндеттенедi, ал сатып алушы мүлiктiң (базалық
активтiң) белгiленген санын келiсiлген баға бойынша және белгiлi бiр
мерзiм өткеннен кейiн сатып алуға немесе сатуға мiндеттенеді.
3) варрант – ерекше бағалы қағаз. Ол корпорацияның айналымдағы бағалы
қағаздарына сатушының сатып алушыға меншік құқын беретін
міндеттемесі. Варрант иемденушісі қолындағы варрантты белгілі бір
уақыт аралығында тұрақты бағамен онда белігленген жай акциялар санына
айырбасталынады. Варрант – бұл ұзақ мерзімді бағалы қағаз. Әдетте,
оны корпорация облигациялармен және артықшылықты акциялармен қоса
шығарады. Ол компанияның жарғысында көрсетілген болуы керек. Варрант
иемденушісі қолындағы варрантты белгілі бір уақыт аралығында тұрақты
бағамен онда белігленген жай акциялар санына айырбасталынады.
Бағалы қағаздардың айналымға түсу уақыты мен әдісіне қарай олардың
нарығы бастапқы және қайталама болып бөлінеді. Бастапқы нарықта бағалы
қааздардың бастапқы иемденушілерінің жаңа шығарылған бағалы қағаздары
сатылады. Қайталама нарықта бағалы қағаздардың айналысы, яғни олардың
иелерінің ауысуы болады. Бағалы қағаздардың номиналдық, эмиссиялық және
нарықтық бағасы болады. Қайталама нарық екі бөліктен тұрады:
1) ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығы – мәмілелер сауда-саттықта
ұйымдастырушының ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылатын
эмиссиондық бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдарының айналыс
сферасы;
2) ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығы – бағалы қағаздар
айналысының бағалы қағаздармен жасалатын мәмілер қаржы құралдарымен
сауда-саттықта ұйымдастырушының ішкі құжаттарында мәміле объектісіне
және оның қатысушыларына белгіленген талаптар сақталмай жүзеге
асырылатын сферасы.
Биржадан тыс айналым нарығының ұйымдастырылған нарықтан айырмашылығы,
онда операцияларды жүзеге асыратын бірыңғай орталық жоқ, мәмілелерді
олардың офистерінде диллер мен брокерлер жүргізеді. Ұйымдастырылған нарықта
операциялар қатаң регламенттелінген, ал ұйымдастырылман нарықта операциялар
шамасы қатаң ережелер бойынша жүргізіледі.
Бұдан басқа қаржы нарықтарын басқа критерийлер бойынша ажыратады:
Эмитенттер бойынша :
- кәсіпорындардың бағалы қағаздар нарығы;
- мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы.
Аумақтық критерийлер бойынша:
- ұлттық;
- халықаралық;
- нарықтық.
Мезгілдері бойынша:
- қысқа мерзімді;
- орта мерзімді;
- ұзақ мерзімді.
Мәмілелердің түрлері бойынша:
- кассалық;
- форвардтық;
- салық критерийлері бойынша.
Инвестициялық бағалы қағаздар – капиталды жұмсаудың объектісі болып
табылатын бағалы қағаздар.
Инвестициялық емес бағалы қағаздар – бұл тауар немесе басқа нарықтарда
ақшалай есеп-қисаптарға қызмет көрсететін бағалы қағаздар.
Бағалы қағаздар нарығы туралы заңда туынды бағалы қағаздар осы
қағаздардың барлық активтеріне қатынасы бойынша құқықтарды кәуландыратын
бағалы қағаздар делінген. Туынды бағалы қағаздарға фьючерстер, опциондар,
форвардтар, варранттар, кәуліктер, жазылыс құқықтары және басқалары жатады.
Негізгі бағалы қағаздарға акциялар мен облигациялар жатады.
Туынды бағалы қағаздар нарықта айналыста жүрген корпорациялық бағалы
қағаздардың тізбесін аяқтайды.
Туынды бағалы қағаздардың пайдалану белгілі бір қажеттіліктерге: қаржы
және баға тәуекелділіктерін сақтандыруға, өтімділіктің артуына, қарыз ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz