Арал өңірінде табиғи-шаруашылық кешенді экономикалық орнықты дамыту
Кіріспе.
I Арал теңізінің апатты жағдайы.
1.1. Арал теңізін апаттан сақтау жобалары.
1.2. Арал өңiрiнiң проблемаларын кешендi шешу жөнiндегi 2007-2009 жылдарға арналған бағдарлама.
II Арал өңірінде табиғи-шаруашылық кешенді экономикалық орнықты дамыту.
2.1. Сырдария-Әмудария өзендері мен Арал теңізі бассейнінде шаруашылық кешеннің дамуы және оның экологияға әсері.
2.2. Арал өңірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеру.
Қорытынды.
Кіріспе
Қазіргі таңда Арал өңірінің экологиялық жағдайы өзекті мәселелердің бірі болып тұр, сондықтан бақыланып отырған дағдарыс, топырақ пен судың өндірістік қалдықтармен және ауылшаруашылық өнімдерімен ластануы, Байқоңыр ғарыш айлағының орналасуымен байланысты, факторлардың әсері, топырақ жамылғысының деградацияға ұшырауының негізгі көріністері, шөлдену, тұздану әліде болса қиыншылықты жеңе алмай тұр. Арал өңірінде табиғи процестер мен шаруашылық салаларының көне дәуірден бері келе жатқан үйлесімді даму ырғағын осы өлкеде орын алған экологиялық тоқырау бұзып жіберді. Соның салдарынан табиғат азғындап, шаруашылық кешеннің өнімділігі кеміді, елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы төмендеді.
20-шы ғасырдың соңында Қызылорда облысының территориясына экологиялық және медициналық, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтермен жүргізілген мониторинг аймақтағы топырақ, су, өсімдік өнімдерінде және жануарлардың ұлпаларында токсиканттардың, ауыр металл тұздарының, пестицидтердің, гербицидтердің, симметриясыз диметил гидразин және т.б. шекті рауалы концентрациядан айтарлықтай жоғары болғанын көрсетті . Облыс бойынша адам мен жануарлардың организмдеріне ортаның экстремалды факторларының әсерінің айқындалу деңгейі оңтүстіктен солтүстікке қарай бағытта жоғарылайтыны көрсетілген . Қазіргі кезде Қызылорда облысының қоршаған орта жағдайына әсер ететін мынадай экстремалды факторларды атауға болады:
1) климаттың құрғауы және судың аздығы;
2) ауыз судың жетімсіздігі және химиялық құрамының санитарлық көрсеткішке сәйкес келмеуі;
3) жердің беткі қабатының тұздануы және түрлі жіктелмеген токсинді заттармен улануы;
4) табиғи ортаның өндірістен бөлінетін, ауылшаруашылықтық, тұрмыстық-шаруашылықтық қалдықтармен және түрлі химиялық тастандылармен ластануы.
Бірақ, Арал өңірінің топырақ жамылғысының және әр түрлі су көздеріндегі судың химиялық құрамына, оның ішінде ауыр металл иондарының мөлшеріне соңғы жылдары жылдық, маусымдық мониторинг жүргізілмеген. Осындай жағдайдағы экологиялық дағдарыс аймағында тұратын адамдардың бірқатар органдары мен жүйелерінде патологиялық өзгерістерге дейін дамитын функционалдық жағдайдың өзгерістері болатындығы айқындалды. Қызылорда облысында тұратын тұрғындардың қан аурулары және қанжасау органдарының аурулары орташа республикалық көрсеткіш бойынша 3,5 есе жоғары, 90% әйелдер анемиямен зардап шегуде. Организмді гомеостазбен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратын кардио-респираторлы жүйесі бойынша , қан жүйесі бойынша , иммундық жүйе бойынша , репродукті жүйе бойынша өзгерістер бар екені нақтыланды. Сонымен қатар, Арал өңірі тұрғындарының қан құрамындағы тиреоидты гормондардың мөлшерінің жағдайы және маусымдық өзгерістері соңғы жылдары зерттелмеген. Арал өңірінің экологиялық жағдайымен байланысты әр түрлі аймақ тұрғындарының тиреоидты статусы мен судағы, топырақтағы ауыр металдармен байланысының ара қатынасы зерттелмеген. Ендігі мәселе Арал өңірінде экологиялық ахуалдың бағытын бақылаудан шығармай басқару арқылы өлкенің табиғи қорларын тиімді пайдаланумен бірге оның потенциалын молайтуға қол жеткізу. Мәселені түбегейлі шешу үшін өңірде бұрыннан қалыптасқан табиғи процестер мен шаруашылық салаларының даму жолын және қазіргі күйін жан-жақты зерттеп, жаңа экологиялық жағдайға орай өрбіту бағытын айқындау мен басқарудың негізінде табиғи қорларды тиімді пайдаланудың негізін жасау қажет.
1.1. Арал теңізін апаттын сақтау жобалары
Жарты ғасырға жуық, экология - лық апат шеңгеліне түскен Арал үстінде, жаңа тарихымызда, әлем назарын аударған, халықаралық ау - қымдағы үш кезеңдік оқиға болды. Оның біріншісі: қызыл империя түндігі астында, ақпараттық қапаста тұншыққан Арал теңізі ақиқатын ББҰ-ның биік мінберінен Елба - сымыз айдай әлемге паш етті. Екін - шісі, 1993 жылдың наурызында проб - лемаға іргелес бес ел басшы - лығын Қызылорда саммитіне қау - ыштырып, халықаралық Аралды құт - қару кеңесі, халықаралық Арал - ды құтқару қорын құруды жүзеге асырды. Үшіншісі, жаңа мыңжыл - дық басында Елбасымыз "Кіші Арал" идеясын теңіз алабындағы бау - ырлас елдер алдында дәлелдеп, мақұлдатып, қорғап шықты.
Еліміздің Арал үстіндегі жағдайды оңалтуға деген талмас ізденісі - осы жол - дағы нақты іс-қимыл қадамдары. Көп жылдық жұртшылық тілегінен туған, адамдардың ой, ниет, ұсыныстар квинтэссенциясы іспетті сондай тағы бір бастама ғасыр басында өмірге келген. Ол - Қа - зақстан қажырлы түрде қолға алған САРАТС (Сыр - дария арнасы және Арал теңізінің солтүстігін сақтау) жобасы еді. Өткен ғасырдың 60-шы жылдарының басында Әмудария мен Сырдария өзендерінің төменгі ағысында суармалы алқаптар күрт ұлғайтылды. Осының салдарынан Арал теңізіне бұған дейін құйылып тұрған өзен суының көлемі алты есе кеміді. Кеңестік ашкөздіктің асқынғаны соншалық, өзен арналарының ағыстары Аралға жетпей қалған жылдар да болды. Сол уақыттардан бері теңіз өз айдынының жартысынан астамын, көлемінің 75 пайызын жоғалтты, кейбір тұстарда өз жағалауынан 100 - 150 шақырым кейін шегініп кетті.Теңіздің тартылуынан сол өңірдегі күллі жан -жануар, тіршілік, табиғат, адам қатты зардап шекті. Экологиялық жүйе бұзылды. Іс жүзінде балық шаруашылығы жойылды. Төрттен үш бөлігі құрғап қалған теңіз түбінен көтерілген тұзды шаң сонау алыстағы Скандинавия елдеріне дейін жетті. Сорланған топырақтың құнары кеміді, дақылдардың өнімділігі төмендеді. Ауыз судың сапасы мүлдем нашарлап кетті. Осының салдарынан адамның, әсіресе, әйелдер мен нәрестелердің денсаулығы күрт нашарлады. Бұл бірнеше елдің, халықаралық институт - тардың күш-жігерін біріктірмесе бой бермейтін, ондаған елді қамтыған, ХХ ғасырдағы теңдесі жоқ табиғат апатына айналды. 1993 жылдың 26 науры - зында Қызылорда қаласында Орталық Азия мем - ле - кеттерінің, атап айтқанда, Қазақ - стан - ның, Қыр - ғызстанның, Тәжікстанның, Түрк - і - менстан мен Өзбекстанның басшылары осы орай - дағы ынты - мақтастыққа сындарлы қадам жасап, Арал айма - ғын экологиялық сауықтыру және оның әлеу - мет - тік-экономикалық дамуын қам - тамасыз ету жө - ніндегі іс-қимылдарды бір - лес - тіру туралы келісімге қол қойды, сәл кейін Нөкіс кездесуінде нақты іс-қимылдар бағдарламасы (АТАБ) қабылданды. Арал теңізі атырабындағы су шаруа - шы - лығындық, басқаша сөзбен айтқанда, эколо - гиялық ахуалды жақсарту жөніндегі күрделі, кей реттерде қайшылығы да мол мәселелердің бір - тін - деп шешім табуына осылайша негіз салынған болатын. Көпшілік келешегінен күдер үзе бастаған Арал өңірі осы жобаның арқасында аз уақыттың ішінде адам танымастай өзгерді. Сырдария өзенінің су өткізу қабілеті секундына 300-350-ден 650-700 текше метрге немесе екі есеге ұлғайып, Солтүстік Арал теңізінің деңгейі көтерілді. Мұндағы су көлемі 27 текше шақырымға жетті. Теңіз ұлтанының үштен бір бөлігі сумен жабылды. Теңіз қалаға 40 шақырымға жақындады. Суы кеуіп, сорға айналған 70-ке жуық көлдің 30-дан астамы қалпына келіп, сулы-шалғынды алқаптар қалыптасты. Сирек кездесетін құстар мен аңдар көбейді, бұрын болған 38 балық түрінен жоғалып кеткен 21-інің 14-і су айдындарына қайта орал - ды. Аймақта жаңа жұмыс орындары ашылып, халықтың әл-ауқаты артты. Өңірден қоныс аударған бес мыңнан астам адам туған топы - раққа қайта оралды. Аймақтың экологиялық, санитарлық ахуалы да жақсарды. Соңғы 3 жылда Арал аумағында жиі кездесетін вирусты гепатит дертінің деңгейі 3 еседей төмендеді.
Арал теңізін апаттан сақтау үшін көптеген жобалардың ұсынылғаны белгілі. Алайда олардың көпшілігі тенізді толтыруды емес, оны тек бүгінгі деңгейде ұстап қалуды көздейді. Ол ұсыныстар мынандай болатын:
1. Сыр және Амудария өзендерінің суларын тиімлі пайдалану;
2. Оңтүстіктен солтүстікке карай Возрождение аралын пайдаланып дамба салу. Кіші Аралдан тұз өндіріледі, ал Үлкен Арал Сыр және Амудария есебінен сақталады;
3. Жел тұрғанда аспаннан тұз жаумас үшін жағалауларға сексеуіл т.б. жасыл желек ағаштарды отырғызу;
4. Арал аймағын Иран еліндегідей жер асты суларымен камтамасыз ету;
5. Сібір өзендерінің бір бөлігін Аралға бұру.
Бұл шаралардың теңізді бұрынғы қалпына келтіре алмайтыны анық. Әрине Сібір өзендерінің бір бөлігін Аралға тартуға болар еді, бірақ ол біріншіден қымбатқа түседі, екіншіден Ресей оған келісе коймайды.
АҚШ, Жапония, Канада ғалымдарының Арал теңізінің суын бұрынғы деңгейіне жеткізу үшін 200 миллиард доллар қажет дейтін көрінеді. Аралды бұрынғы қалпына келтіру үшін іргелі зерттеу жолымен Каспий-Арал каналының ғылыми-техникалық дәлелдемесі жасалынады. Сол жоба бойынша Арал апатын шешу үшін 300 млн доллар жеткілікті екеніне көз жеткізген. Каспий теңізінен деңгейі бір кезде көтеріліп, бір кезде төмендеп кететіні, яғни ғасырлық тербелісі бұрыннан белгілі құбылыс. Соңғы көтерілуінде теңіз деңгейі 214 см-ге өсіпті. Каспиймен шекарасы жанасқан мемлекетттердің (Ресей, Казақстан, Иран, Түрікменстан, Әзірбайжан) біраз жағалық жерлері судың астында қалды. Кәзірдің өзінде де бұл елдердің мұнай өндіріп тұрған көптеген кен орындары мен халық орналасқан жерлері су астына кету қаупі бар.Егер жоғарыда көрсетілген (214 см) судың қабатын Каспий теңізінің акваториясының ауданына (380 000 км2) көбейтсек, ол 800 км текше километр (800 км3) су болады. Бір кызығы, дәл осыншама су көлемі кұрып бара жатқаны Аралға жетпей тұр! Каспий теңізіндегі артық суды шарпып алып Аралға құйса екі теңіз де өздерінің баяғы күйлеріне келер еді. Мұны екі теңізді каналмен косу арқылы оңай жүзеге асыруға болады. Арал Каспийден 74 метр биіктікте орналасқан және екеуінің арақашықтығы 500 километрді құрайды. Жоба бойынша Каспий-Арал каналын салуды 2 кезеңге бөліп жүргізу керек. Алдымен каналдың аса терең емес табан бөлігін минерал жыныстың ішінен қазып, одан шыққан топырақты каналды бойлай жағалауға үйеді. Каналды бетонмен каптап, жылына 25 текше километр (25 км3) су жүретіндей етіп іске қосады. Екінші кезеңде, каналдың жағасында жиналған үйінді топырақты тегістеп жайып, каналдың екі жағынан бірдей дамба көтереді. Соның нәтижесінде каналдың көлемі кенейіп, 40 текше километр (40 км3) су жүретін болады. Бұл есептеу жайдан-жай, кездейсоқ алынып отырған жоқ. Олар Аралды қалпына келтіру жұмысында құрылысқа өте аз шығын жұмсап, энергияны үнемді пайдалануға мүмкіндік береді.
Әрине, аталған жоба бойынша бірінші кезектегі каналдың құрылысын 3-4 жылда, ал екінші кезектегі құрылысты асықпай, келесі 15-20 жылдың ішінде салуға болар еді. Бірақ та, біз күткенмен де Каспий күтпейді, сондықтан бұл жұмысты ұзақ мерзімге қалдыруға әсте болмайды.Канал жағалауларынын дамбасын салуды каналды қазу жұмысымен қатар жүргізгенде оны толығымен 5-6 жылда аяқтауға болады. Жоғарыда, соңғы 15 жылдың ішінде Каспийдің суы 800 км3-ге артты делік. Яғни, ол жыл сайын 53 км3 су қосылғанын, немесе теніз денгейінің жылына 14 см-ге көтерілетінін білдіреді. Егер Каспий теңізінен жылына 40 км3 су алынып тұрса, ол теңіз суының көтерілуіне жақсы тежеу болмақ. Аралды суға толтыруға кажетті 25 жылдың ішінде су деңгейінің көтерілу қарқыны осы күйінде сақталғанның өзінде Каспий суының деңгейі 3,5 метрдің орына тек 0,87 метрге ғана көтеріледі. Сөйтіп 25 жылдың ішінде Аралға 1000 км3 су құйылады.
Канал Үстірт шоқысынан өтетін болғандықтан Каспийдің суын насоспен айдап, оны 150 метрге көтеру қажет. Канал кұрылысы мен насос станцияларының шығыны 300 млн долларды құрайды. Оның 43 бөлігі канал құрылысына, ал қалғаны насос станциясы сияқты косымша қондырғыларға жұмсалады.
Судың булану нәтижесінде Каспийдің тұзы Аралдың түбіне жиналып, оның тұздылығын арттыруы мүмкін. Оның алдын алмаса, тағы да 100-150 жылдағы кейін ол өзінің пайдалы маңызын жояды. Осындай жағдайды болдырмас үшін енді Аралдан Каспийге қарай ағатын екінші канал салу керек. Сонда Каспий-Арал каналы Аралды сумен толуды камтамасыз етсе, екінші Арал - Каспий каналы теңіздің тұздылану балансын бірқалыпты ұстап отырады. Екінші Арал -- Каспий каналын салу көп қаржыны талап етпейді. Жоба бойынша ол 30 млн долларға бағаланып тұр. Бұл каналға насос станиясының қажеті жоқ, канал қазылып суға жол берілсе болды, ылдиға қарай судың өзі зымырайды. Каспийге кұятын Арал -- Каспий каналының ұзындығы негізгі каналға карағанда 2,5 есе қысқа болмақ.
Екінші каналдың кұрлысын еліміздің экономикасы бекіп, аяғынан тік тұрып, Аралымыздың арнасы суға толғаннан кейін 25-30 жылдан соң бастауға болады. Каспийге құятын Арал Каспий каналы іске косылған соң Арал Каспийден жылына 20 км3 су алумен ғана шектеледі. Каспийдің су балансының тепе-теңдігі 20 км3 судан бұзылмайды.
Көріп отырғанымыздай, Аралды құтқарумен асау Каспийге тұсау салуға 300 млн доллар соншалықты қол жетпейтін сома емес. Каспий жағасында орналасқан қазақ жеріне судың көтерілуіне байланысты 40 млрд теңге (40 млн доллар) зиян келтіріледі. Оның үстіне әсіресе төмендегі мәселелерді ескерсек, канал құрлысының тиімділігіне тағы көз жеткіземіз.
1. Арал бүкіл планетаның жанды жарасы. №1 экологиялық апат. Орталық Азия мен Казақстанның және т.б. елдердің тағдыры Арал мәселесін дұрыс шешуге тікелей байланысты.
2. Каспий теңізін айналдыра дамба салу үшін жұмсалатын қаражат пайда келтірмейтін өлі капиталмен тең.
Жоғарыда айтылғандардың тоқ етер түйіні, ортақ іске қатысы бар мемлекеттер бірігіп, керекті 300 млн доллар қаржы жинап, орасан күрделі екі экологиялық ахуалдың шиеленісуін шешпесе болмайды.
Ол шара Аралдын шипалы суын калпына келтіріп, балығын халыққа үйіп-төгіп бергеннен соң, барлық шығынды өтейді. Әрі асау Каспий де біраз тынышталып, Орта Азияның негізгі екі өзеніне көмектесіп, Аралдың мың жылдық әсемдігін тағы да 1 000 жылға оздырмақ.
Қызылқұм мен Қарақұмға қарағанда, жаңадан пайда болған шөл дала казір жай ғана сусыз аймақ емес, бетін жауып тұрған шөбі жоқ, бұрқыраған құмды, сортаңды шөлге айналды. Бүгінде, оның аумағы шамамен 3 млн гектарды құрайды.Қарақұмның тұсынан "Аққұм" деп аталатын тұзды, сортаңды кауіпті аймақ пайда болды. Оның көлемі күн сайын ұлғаюда. Демек, бұл осы өңірдегі табиғи өсімдік жамылғысының өсуіне топырақтың күшті тұздануы өз әсерін тигізіп отыр деген сөз.
Бұрынғы теңіздің астауын сақтап келген қысым бірте-бірте азайып, енді теңіз түбінің көтерілу процессі бастау алды. Демек бұл процесс негізінен екі бағытта яғни, онтүстіктен солтүстікке, шығыстан батысқа қарап бет ала бастады. Осыған орай кейбір ғалымдарының есептеулері бойынша Арал теңізі түбінің бүгінгі көтерілу жылдамдығы жылына 5-7 мм, ал жарты ғасырдан кейін 50-70 сантиметрге жетеді екен.
Сөйтіп, жергілікті тұрғындардың тіршілік етулері жыл өткен сайын, оларды айтарлықтай қусырып, қиындатып барады. Сонымен бірге бұл аймақта жылына 15 рет катты дауыл соғып, тұзды шаңды жүздеген шақырымға таратады. Яғни, майда тұз аралас шаң атмосфераның ағынымен сонау Қиыр Шығыстағы Амур өзенінің бассейніне жөне АҚШ-тың Онтүстік Штаттарына дейін жетіп тұрғанын дәлелдейтін деректер өз алдына.
Міне, соған қарағанда бұл құбылыс келешекте жақсы үміт күттірмейтін сияқты. Өйткені қазіргі Арал апатын, оның айналасында жан-жаққа етек ала жайылып бара жатқан сор шаңдақты, бұрқыраған шөл даланы көргенде Африкандағы өлемге өйгілі Сахара шөлі көзге еріксіз елестейді.
Ол аймақ та кезінде егінді, малды, гүлденген өлке болған. Бірақ, кезінде сол жерді мекендеген халық табиғаттың заңымен санаспай, шаруашылықты қалай болса солай жүргізудің нөтижесінде ұланғайыр кең жер елсіз, сусыз шөлге айналған көрінеді.
Ал, біз болсақ, сол кайғылы төжірибені кайталауға бірте-бірте жакындап келеміз. Міне, осыған орай теңізді сумен толтырмағанмен оның кепкен ұлтанындағы құм, тұз, шаңды ұшырмаудың тезірек бір амалын жасаған жөн.
Арал теңізі Каспийден 74 метр биіктікте жатыр, ал Каспий Қара теңіз деңгейінен 26 метр төмен, демек Арал теңізінің айдын беті кезінде мұхит деңгейінен 48 метр биік болған. Аралдың түбінің ең терең жері мұхит бетінен 20 метр төмен, ал Каспий айдынынан 6 метр жоғары.
Сондай-ақ, Каспий теңізінің тереңдігі 944 метр, ал Арал теңізі ең терең жері небәрі 68 метр ғана. Өкінішке орай, осы уақытқа дейін теңіз астының қүпия ағыстары мен иірімдерін ғана зерттеген ғылым үшін жер асты суларының өзара карым-қатынас ағыс иірімдері әлі жұмбақ. Алайда Арал мен Каспий егіз болғанымен, мінездері кереғар. Өйткені, Каспийде су көбейсе, Арал да азаяды. Ал, Аралда су көбейсе Каспий шегінеді. Демек, осы екі теңіз өзара тұтасып жатқан жоқ па деген сауал Қорқыт дәуірінен бері алға тартылып келеді.
Аралдың кайғылы тағдыры мен ызғарлы зардабы қазір аймақ шеңберінен асып, бүкіл әлем биігінен білінуде. Осыдан-ақ теңіздің казіргі жағдайы тым ауыр, келешегі тым күңгірт екенін түсінуге әбден болады.
Қазір Аралдың кебуі күнмен есептелуде. Демек, бүгінгі таңда кезек күттірмейтін мәселе - құрғаған теңіз табанындағы тұз, шаңның көбеюін қалайда бәсеңдету. Ол үшін жоғарыда сөз болғандай сол кепкен теңіз ұлтанындағы кұм, тұз шаңдарды жет үсті немесе жер асты суымен бастыру, сол сияқты өсімдік түрлерін егу жұмыстарын айрықша назарға алған жөн. Әлі де Арал теңізі бассейніндегі проблемаларға орай, халыкаралық қорлар мен ұйымдардың каржылары мен мумкіншіліктерін жұмылдыру қажет.
Егер де жоғарыда аталған жұмыс көлемдері толық іске асырылған жағдайда Арал өңірінің атмосфералық ауа қабаттары тазарып, сондай-ақ аймақта төтенше ауру түрлерінің қаңдай түрі болса да таралмауына оң жағдай туар еді. Алматыда құ - рыл - тайшы мемлекеттер басшыларының кезекті сам - миті болып, Ашғабадта БҰҰ-ның Орталық Азия - дағы превентивті дипломатия жөніндегі Ай - мақтық орталығында өзара әріптестікті кеңейту жөніндегі халықаралық шара - үйлестіру кездесуі өтті. Ашғабадтағы кездесуден кейін Алматыға атбасын бұрған БҰҰ Бас хатшысының ор - ын - басары, әрі БҰҰ-ның Еуропалық экономикалық комиссиясының хатшысы Ян Кубиш, БҰҰ-ның Еуропалық экономикалық Комиссиясының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі Аймақтық кеңесшісі Бо Либерт қор тарапынан қолдау тапқан бағдарламалар мен бекітілген жобаларға барынша көмек қолын созатындарын мәлім өтті.
Бұлар Арал проблемасын әлемдік айдынға шығаруда маңызды тетіктер болып, алдағы уа - қытта Сыр өңірі халқының тұрмысын, әлеуметтік өмірін нәрлендіруге, экологиялық жағдайын сау - ық - тыруға игі ықпалын тигізетін болады. Ал об - лыстың қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметкерлері Сыр өңірінің тауқымет түйіндерін тарқатып шешу жолындағы сан қырлы жұмыстарын белсенді түрде жалғастыруда.
1.3. Арал өңiрiнiң проблемаларын кешендi шешу жөнiндегi 2007-2009 жылдарға арналған бағдарлама.
Соңғы жылдары мемлекет экологиялық қасiрет нәтижесiнде Арал өңiрiнде қалыптасқан әлеуметтiк-экономикалық проблемаларды шешу жөнiнде ауқымды шаралар қабылдауда.
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 7 мамырдағы N 520 қаулысымен бекiтiлген Арал өңiрiнiң проблемаларын кешендi шешу жөнiндегi 2004-2006 жылдарға арналған және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 24 қаңтардағы N 49 қаулысымен бекiтiлген, Арал өңiрiне iргелес өңiрлер аумақтарының шөлейттену процесiн тоқтатуға және болдырмауға бағытталған Қазақстан Республикасында шөлейттенуге қарсы күрес жөнiндегi 2005 - 2015 жылдарға арналған бағдарлама қабылданды және iске асырылуда.
Осы және басқа шараларды iске асыру өңiрдiң экологиялық жай-күйiн бiршама жақсартуға, оның мемлекет кепiлдiк берген негiзгi қызметтердi ұсынатын әлеуметтiк және тыныс-тiршiлiктi қамтамасыз етушi инфрақұрылым желiсiмен қамтамасыз етiлу деңгейiн арттыруға көмегiн тигiздi.
Сонымен қатар, Арал өңiрi проблемаларының ауқымдылығы оларды шешу жөнiндегi жұмыстарды жалғастыруды талап етедi. Осыны негiзге ала отырып, Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаев 2005 жылы 27-28 сәуiрде Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында берген тапсырмалар бойынша жаңа 2007-2009 жылдарға арналған Арал өңiрiнiң проблемаларын кешендi шешу жөнiндегi бағдарлама әзiрлендi. Арал өңiрiнiң проблемаларын кешендi шешу жөнiндегi 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламаның қабылдануымен өңiрдегi жағдайды тұрақтандыру жөнiндегi шаралар неғұрлым жүйелi сипатқа ие болды.
Арал өңiрiндегi экологиялық қасiрет себептерi мен салдарын жою жөнiндегi басымдықтар айқындалды.
Көрсетiлген Бағдарлама шеңберiнде республикалық бюджеттен 2004-2006 жылдары Арал өңiрi проблемаларын шешу жөнiндегi iс-шараларды iске асыру үшiн 17356,1 млн. теңге бөлiндi, оның iшiнде 2004 жылы 6271,9 млн. теңге, 2005 жылы 7814,4 млн. теңге, 2006 жылы (бюджеттi нақтылау кезiндегi түзетулердi ескере отырып) 3269,8 теңге бөлiндi.
Көрсетiлген қаражат мынадай жобаларды iске асыруға жiберiлдi:
Сырдария өзенiнiң арнасын реттеу және Арал теңiзінің солтүстiк бөлiгiн сақтау;
Арал теңiзi өңiрiнiң елдi мекендерiн сумен жабдықтау және санитариясы;
Қызылорда қаласында сарқынды суларды биологиялық тазарту станциясын салу;
Қызылорда қаласында сарқынды суларды биологиялық тазарту станциясына дейiн 1 және 12 кәрiздiк-сорғы станциялары бар бас тегеурiндi коллекторларды салу;
Қызылорда облысында бас су өткiзу құрылысы бар Қараөзек өзегiн қайта жаңарту;
Қызылорда қаласында су құбырлары мен кәрiз желiлерiн қайта жаңарту және кеңейту (1-кезек);
Қызылорда қаласының жылу-энергия көздерiн және тұрғын үй секторын iлеспе газға көшiру;
және басқалар.
Тұтастай алғанда, көрсетiлген және басқа да мемлекеттiк және салалық бағдарламалар шеңберiнде Арал өңiрiнiң проблемаларын шешу үшiн 2004 - 2005 жылдары республикалық бюджеттен 32795,98 млн. теңге бөлiнген болатын.
Қазақстан Республикасында шөлейттенуге қарсы күрес жөнiндегi 2005 - 2015 жылдарға арналған бағдарлама шеңберiнде жайылымды пайдалану жүйесiн жетiлдiру, Қызылорда және Оңтүстiк Қазақстан облыстарындағы шөлейттену процестерiн болдырмау мақсатында егiстiктi жайылымдар жасау, Қызылорда облысында қайталама тұздалған топырақты қалпына келтiру және мелиорациялау жөнiндегi пилоттық жобаны әзiрлеу және iске асыру жөнiндегi шаралар қабылдануда.
Қабылданып жатқан шаралардың нәтижесiнде соңғы жылдары Арал өңiрiнде демографиялық көрсеткiштердiң жақсарғаны байқалады.
2005 жылы бала туудың республикалық көрсеткiшi халықтың әр 1000 адамына 18,4-тен келген кезде, Оңтүстiк Қазақстан облысында бұл индикатор 25,9-ды, Қызылорда облысында - 22,5-тi құрайды. Ақтөбе облысында да бала туу орташа республикалық көрсеткiштен жоғары.
Өлiм-жiтiм көрсеткiштерi соңғы жылдары Арал өңiрiнiң аудандарында да төмендеу үрдiсiне ие болды және орташа республикалық деңгейден төмен қалыптасты.
Арал өңiрiнде елдiң басқа өңiрлерiмен салыстырғанда халықтың өмiр сүру деңгейiн жақсартуға бағытталған қосымша әлеуметтiк қорғау шаралары iске асырылуда. Мысалы, жыл сайын республикалық бюджеттен экологиялық қасiрет аймақтарында тұратын халыққа атаулы әлеуметтiк және тұрғын үй көмегiн көрсетуге арналған нысаналы трансферттер бөлiнiп келдi.
Сонымен қатар, халықтың өмiр сүру жағдайының едәуiр нашарлауына алып келген Арал өңiрiндегi экологиялық қасiрет себептерi мен салдарын жою үшiн капиталды қажет ететiн iрi жобаларды iске асыру арқылы мемлекеттiң одан әрi мақсатты қолдауы қажет.
Сонымен бiрге орасан күйзелiске ұшыраған, табиғи және әлеуметтiк-экономикалық проблемаларға толы, тыныс-тiршiлiктi қамтамасыз ету үшiн жарамсыз және даму үшiн перспективасы жоқ өңiр ретiндегi Арал өңірі туралы соңғы он жылдықтарда қалыптасқан таптаурын көзқарасты өзгерту қажет.
Қолданылып жатқан шаралардың нәтижесi осы ұғымды өзгертуге, Арал өңiрiн үлкен мүмкiндiктер өңiрi ретiнде қабылдауға жәрдемдесуi тиiс, бұл оның экономикалық дамуының, инвестициялық тартымдылығының қосымша факторы болады. Республика өңiрлерi бойынша талдау және салыстырмалы деректер Арал өңiрiндегi сумен жабдықтау объектiлерiн салу және қайта жаңарту соңғы жылдары жедел қарқынмен жүзеге асырылғанының куәсi.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 23 қаңтардағы N 93 қаулысымен бекiтiлген 2002 - 2010 жылдарға арналған "Ауыз cу" салалық бағдарламасы шеңберiнде республикалық бюджет қаражаты есебiнен 2002 - 2003 жылдары Арал өңiрiнде 195 км-ден астам су құбыры желiлерi салынды немесе қайта жаңартылды.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 10 шiлдедегi N 1149 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын және 2002 - 2010 жылдарға арналған "Ауыз cу" салалық бағдарламасын iске асыру шеңберiнде өңiрдi ауыз сумен жабдықтауды дамытуға республикалық бюджеттен 2004 - 2006 жылдары 6107,6 млн. теңге сомасында қаражат бөлiндi.
2004 жылы Қызылорда облысының Жалағаш, Жосалы кенттерiндегi және Жиделi топтық су құбыры (2-кезегiн қайта жаңарту), Ақтөбе облысының Байғанин және Оңтүстiк Қазақстан облысының Қарақұр ауылдарында су құбыры желiлерi салынды немесе қайта жаңартылды.
2005 - 2006 жылдары Арал-Сарыбұлақ (IV кезек), Жиделi және Кентау-Түркiстан топтық су құбырлары сияқты iрi объектiлердiң құрылысы, Қызылорда облысының Қазалы қаласын сумен жабдықтау жобасы аяқталды (немесе аяқталу сатысында), Қызылорда облысының Жаңақорған, Тереңөзек кенттерiнiң, Ақтөбе облысының Ноғайты ауылының сумен жабдықтау объектiлерi, Қарағанды облысының Жездi кентiндегi су құбыры желiлерi және басқалар қайта жаңартылды.
Қызылорда облысында Арал өңiрiнiң проблемаларын кешендi шешу жөнiндегi 2004 - 2006 жылдарға арналған бағдарлама шеңберiнде "Арал теңiзi өңiрiнiң елдi мекендерiн сумен жабдықтау және санитариясы" жобасы iске асырылуда. Жоба шеңберiнде жалпы ұзындығы 22 км Арал-Сарыбұлақ топтық су аққысы желiлерiн қыздырылған шойыннан жасалған құбырлар төсеп, Арал қаласының қолданыстағы су тарату құбыры желiсiн полиэтилен құбырларымен қайта жаңарту, 3 мыңнан астам үйдi қалпына келтiрiлген желiге қосу, су тарту колонналарын және өрт сөндiру гидранттарын орнату және тегеурiндi су мұнараларын салу және басқа да жұмыстар жүргiзiлдi.
Қазiргi уақытта халықтың су құбыры суымен қамтамасыз етiлу деңгейi бойынша (75%) Қызылорда облысы республиканың басқа облыстары арасында алдыңғы орындардың бiрiн иеленедi.
Ақтөбе облысы бойынша 2005 жылы Арал өңiрiндегi халықтың су құбыры суымен қамтамасыз етiлуi 60,4 %-ды құрады, орталықтандырылмаған көздерден 2000 жылғы 70 %-ға қарағанда - 39,5%-ды құрады. Жұмыс iстемейтiн бу құбырларының үлес салмағы 2000 жылғы 15,3 %-дан 2005 жылы 10,6 %-ға төмендедi.
Сонымен бiрге Арал өңiрiнде жұмыс iстеп тұрған су құбырларының санитарлық-техникалық жай-күйi қанағаттанғысыз күйде қалып отыр, бұл су құбыры құрылыстары мен тарату желiлерiнде апатты жағдайлардың жиi болуына алып келедi. Бiрқатар су құбырларында тазарту және зарарсыздандыру қондырғыларының қажеттi кешенi жоқ.
Судың тапшылығынан Оңтүстiк Қазақстан облысының ауылдық жерлерiндегi халықты сумен қамтамасыз етуде неғұрлым қиын жағдай қалыптасып отыр, мұнда Арал өңiрi аймақтарының бiрқатар елдi мекендерiнде су тұтыну үлесi норма бойынша тәулiгiне 150 литрдiң орнына шамамен 30 литрдi құрайды.
Арал өңiрiнiң жергiлiктi атқарушы органдары ішкi су құбыры желiлерiн салу және оларды салынып жатқан топтық су құбырларына қосу мәселелерiн тиiсiнше пысықтамайды. Бұл республикалық бюджеттен бөлiнген қаражаттың тиiмсiз жұмсалуына алып келедi.
Бағдарламаның мақсаты экологиялық жағдайды тұрақтандыру, нарықтық және әлеуметтiк инфрақұрылымды дамыту, өңiрдiң беделiн арттыру арқылы Арал өңiрi халқының тұрмыс сапасының көрсеткіштерiн жақсарту болып табылады.
Қойылған мақсаттарға қол жеткiзу үшiн Бағдарламада мынадай мiндеттердi шешу көзделедi:
экологиялық жағдайды оңалту;
суды ұтымды пайдалану және жер ресурстарын тиiмдi пайдалану;
сапалы ауыз суға қол жеткiзудi қамтамасыз ету;
нарықтық және әлеуметтiк инфрақұрылымды дамыту;
өңiрдiң беделiн қалыптастыру және iлгерiлету.
Арал өңірінің проблемаларын кешенді шешу жөніндегі 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
Рс N
№
Іс-шара
Аяқтау нысаны
Орындалуына (іске асырылуына) жауапты
Орындау (іске асыру) мерзімі
Болжалды шығыстар (млн. теңге)
Қаржыландыру көздері
1
2
3
4
5
6
7
1. Экологиялық ахуалды жақсарту және халықтың экологиялық мәдениетін арттыру
1
Қызылорда қаласында улы химикаттарды сақтау үшін арнайы сақтау қоймасын (көмінді) салу
ЭБЖМ-ге ақпарат
Қоршағанортамині
2009 жылғы 20 шілде
2008 жыл - 126,0 2009 жыл - 196,8
Республикалық бюджет
2
Қызылорда қаласында өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды сорттауға және көмуге арналған полигон салу
ЭБЖМ-ге ақпарат
Қоршағанортамині
2009 жылғы 20 шілде
2008 жыл - 200,0 2009 жыл - 137,0
Республикалық бюджет
3
Сырдария өзенінің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz