Қазақстандағы жұмыссыздық


Қазақстандағы жұмыссыздық
2
009 жылғы ақпанда, бағалау бойынша, жұмыссыздар саны 598, 5 мың адамды, жұмыссыздық деңгейі 7, 1%-ды құрады, ЕХӘҚМ жұмыспен қамту органдарында 66, 5 мың адам ресми тіркелді (экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 0, 8%-ы) деп хабарлайды ҚР статистикалық агенттігі.
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық
ХЕҰ стандарттарына сәйкес, жұмысы жоқ, оны іздеумен айналысқан және жұмысқа кірісуге дайын тұлғалар жұмыссыздар ретінде жіктеледі. Халықтың жұмыспен қамтылуын іріктеп зерттеу материалдары бойынша 2008ж. IV тоқсанда жұмыссыз халықтың саны 559, 3 мың адамды құрады немесе өткен тоқсанға қарағанда 18, 7 мың адамға (3, 5%-ға) көп. Жұмыссыздық деңгейі 6, 6% (2008ж. III тоқсанда - 6, 4%) құрады. ЕХӘҚМ жұмыспен қамту органдарында 2008ж. желтоқсанның соңына жұмыссыздар ретінде 48, 4 мың адам тіркелді (экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 0, 6%-ы) .
2009 жылғы ақпанда, бағалау бойынша, жұмыссыздар саны 598, 5 мың адамды, жұмыссыздық деңгейі 7, 1%-ды құрады, ЕХӘҚМ жұмыспен қамту органдарында 66, 5 мың адам ресми тіркелді (экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 0, 8%-ы) .
Еңбек рыногының негізгі индикаторлары (бағалау)
Сонымен бірге, өндірістердің қысқартылуы, еңбек рыногында қызметкерлердің толық емес жұмыспен қамтылуы жүріп жатқандықтан жасырын жұмыссыздықты қадағалау қажет. 2009 жылғы ақпандағы бағалау бойынша жасырын жұмыссыздық деңгейі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 1, 9%-ын құрады.
Жасырын жұмыссыздық (лажсыздан толық емес жұмыспен қамтылу) - қысқартылған жұмыс аптасы немесе толық жұмыс күні режимінде жұмыс істейтін қызметкерлердің, сондай-ақ жалақысы сақталмайтын немесе еңбекақысы жартылай төленген әкімшілік демалыстарда болған қызметкерлердің санын көрсетеді.
Жасырын жұмыссыздық деңгейі - толық емес (жартылай) жұмыспен қамтылған және лажсыздан демалыста болған қызметкерлердің экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың санындағы, пайызбен өлшенетін үлесі
Демографиялық және әлеуметтік статистика департаменті директорының орынбасары С. Ғазизова
Астанада агроөнеркәсіптік кешен мәселелеріне арналған семинар-кеңес ашылды. Семинар жұмысына шаруа қожалықтарының басшылары, аудан әкімдері қатысты. Семинар-кеңесті ашқан вице-премьер - Ауыл шаруашылығы министрі Ахметжан Есімов, Ауыл жылдарының алғашқы жылында, яғни, 2003 жылы, аграрлық сектордағы заңнамалық базаны нығайту жөнінде үлкен жұмыстар атқарылғанын атап көрсетті. Сонымен бірге, ол, бірқатар нормалар мен заңдардың жергілікті жерлерде белгілі бір сауалдар туғызып отырғанын, осы өтіп отырған семинарда дәл осы заңнамалық мәселелерді талқылау қажеттілігін мәлім етті. Вице-премьер, сондай-ақ, ауыл шаруашылығын қаржыландыру көлемі жыл сайын артып келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, бірінші Ауыл жылы бағдарламасын жүзеге асыруға бөлінген барлық қаржы толық пайдаланылды.
Қазақпарат
29. 06. 2007ж. өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды қабылдады.
Заң жобасының басты мақсаты агроөнеркәсіптік кешенді мемлекет тарапынан қолдау шараларының тиімділігі мен атаулылығын, бәсекелестік қабілетін көтеруге жағдайлар жасау, сондай-ақ, атқарушы билік деңгейлері арасындағы өкілеттілікті шектеу болып табылады.
Атап айтсақ, құжатта агроөнеркәсіптік кешенге субсидия бөлудің қазіргі жүйесін өзгерту межеленген. Депутаттар субсидия бөлу бағыттарын біріктіріп, бұл қаржыны бір гектар егіс алқабына есептеп, басымдық берілген дақылдарға бөлуді ұсынуда.
Заң жобасы авторларының пікірінше, мұндай шара ауылшаруашылығы өнімдерін өндіру мен олардың сапасын көтеруді, мемлекеттік қолдау шараларын атаулы көрсетуді, ауылшаруашылығының тауар өндірушілерінің тауарларын субсидиямен жоғары деңгейде қамтуды қамтамасыз етеді.
Заң президенттің қол қоюына ұсынылды.
2 Қазан 2009 // Пікір жазу
Қазіргі таңда агроөнеркәсіптік кешеннің даму мәселесі экономикалық саясаттың басты басымдықтарының бірі. Сонымен қатар оның әрі қарай бәсекеге қабілеттілігін нығайту мақсатында арнайы шаралар қабылданып жатыр. Бүгінде агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты даму тұжырымдамасы іске асырылуда.
Аграрлық салаға тұтас мемлекеттік қолдау көрсету жүйесі жасалды. Ең алдымен, ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің кәсіпкерлік ынтасын ынталандыруға және агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілетті бағыттарын тездетіп дамытуға қолайлы жағдайлар туғызылуда.
Республикалық бюджеттен ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы саласына 96 млрд. теңгеден артық қаржы қарастырылды. Оның ішінде 41, 3 млрд. теңге өндірісті субсидиялауға арналады, ол өткен жылғы деңгеймен салыстырғанда 3% жоғары. Бұдан басқа, инвестициялық жобаларды іске асыруға “ҚазАгро” холдингіне Ұлттық қордан 120 млрд. теңге бөлінді. Оның 70 млрд. теңгесі уақытша бос қаражаттар, ол маусымдық егу және жинау жұмыстарын несиелендіруге бөлінген.
Ауылшаруашылық дақылдарының егістік көлемі 2009 жылы 21, 4 млн. га құрады. Өткен жылмен салыстырсақ, 1, 4 млн. га немесе 7, 2%-ға ұлғайды. Майлы дақылдардың егістік көлемі былтырғы жылмен салыстырғанда - 30, 9%, азықтық дақылдары - 6, 9%, астық және ірі бұршақты дақылдар - 6, 3%, картоп 5, 0%-ға өсті.
Сонымен бірге оңтүстік облыстарда судың жетіспеушілігіне байланысты басқа ауылшаруашылық дақылдарын өндіруге қайта бағдарлау мақсатында мақта шикізаты - 21, 6%, ашық топырақты көкөністер - 1, 3%, қант қызылшасы егістігі 0, 4%-ға азайды.
Бүгінгі таңда өсімдік шаруашылығын әртараптандыру маңызды рөл атқарады. Ол ауыл шаруашылығында басымдықты дәнді дақылдар өндірісін ынталандыруға бағытталған. Ауылшаруашылық өнімінің көлемін мемлекеттік реттеу мәселесі көбіне субсидиялау бағдарламаларын іске асыру арқылы шешім табады.
Сонымен қатар, өсімдік шаруашылығының ішкі рынокты молықтыруына байланысты алдағы уақыттарда экспорттық әлеуетті арттыру қажет. Алдымен, ол астық өндірісіне қатысты. Оған жаңадан жерлерді жырту, химияландыру және қазіргі заманғы ылғал сақтау технологияларын енгізу есебінен қол жеткізуге болады. Сонымен бірге, экспорттық бағытты күшейту мақсатында қолданыстағы астық терминалдары мүмкіндіктерін әрі қарай нығайтып және инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы экспорттың барлық бағыттарында жаңадан астық терминалдарын салу қажет.
Мал шаруашылығында да оң тенденция сақталып отыр. Малдың барлық түрінің саны және мал шаруашылығы өнімдерінің өндірісі жыл сайын орташа 4-5%-ға тұрақты өсу үстінде. Малды асылдандыру, асыл тұқымды төл өсіру, асыл тұқымды шаруашылықтардың санын ұлғайту, жасанды ұрықтандыру орындарын көбейту іске асырылуда. Мал шаруашылығы өндірісін мамандандыру және концентрациялау, оның өндірістік негізге ауыстыру үрдісі жалғасуда.
2009 жылғы қаңтар-шілде айларында барлық санаттардағы шаруашылықтар өсімі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда - 2, 9%, сүт - 1, 8%, жұмыртқа 15, 4%-ға өсті.
Мал шаруашылығы саласында орта және ірі тауарлы құрылымдарды ынталандыру мақсатында, өндірістік негізде құрамажем, өндіріске қолданылатын ірі қара мал еті, шошқа еті, құс еті, жұмыртқа, сүт және биязы жүн құны ішінара субсидиялануда.
Аталмыш шама, бір жағынан қазіргі ауыр жағдайдағы қайта өңдеу кәсіпорындарына қолдау көрсетуге, екінші жағынан азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Қайта өңдеу саласын дамыту үшін, алдымен, қайта өңдеу кәсіпорындарын техникалық және технологиялық қайта жабдықтау қажет. Сонымен бірге, қайта өңдеу қуаттылығын сапалы шикізатпен толықтай қамтамасыз ету жөнінде де жұмыстар атқарылуда. Өндірілген өнімді өткізуге жағдай жасауда отандық өңдірісшілерге қолдау көрсету мақсатында мемлекет бірқатар шараларды іске асырып жатыр.
Экспорттық әлеуетті дамыту үшін басты назар инвестициялық жобаларға аударылуда. Атап айтқанда, инфрақұрылымы дамыған мал бордақылау алаңдарының жүйесін құру, сою пункттері, биязы жүнді қой шаруашылығын жандандыру, жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдеу, астықты терең әдіспен қайта өңдеу технологиясын дамытуға көңіл бөлінуде.
Қазақстан Орталық Азиядағы инвестиция тартуға ең тартымды ел болуға талпыныс жасауда
Алматыда өткен төртінші инвестициялық саммитте Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ отандық экономиканың ең маңызды салаларын атады. Мемлекет басшысы шетелдік магнаттарды метеллургия, мұнай өңдеу, химия өнеркәсібі, агроөнеркәсіптік кешен, машина жасау мен телекоммуникацияға қаржы салуға шақырды. Бұл жоғары деңгейдегі жиынды өткізуші - «Интернешнл Геральд Трибьюн» халықаралық басылымы.
Айым МАЖЕНОВА
Көктөбедегі кездесу
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz