Несие теориясы және оның дамуы


I тарау. Несие теориясы және оның дамуы
Несие зерттеу барысында таным әдісі ретінде теорияның рөлі ерекше. Несие туралы ғылым әлі жас. Ол саяси экономиканың қалыптасуымен пайда болды. Несиенің ұдайы өндіріс процесімен құндылықтың қайта айналымның және айналысының Маркстік тұрғыдан тандануы несиенің қажеттігін түсінудің демеушісі, қоғамдағы несиелік қатынастың туындауын, несиенің табиғаты мен мәнің айрықша экономикалық категория екендігін түсінудің қуат көзі болып табылады.
Ғалымдар бүгінгі таңда экономика ғылымның алдында бір жағынан теориялық талдау қорытындыларын белсендірек жүргізіп, екінші жағынан банк ісін дамытып, жетілдіруің керек екенін айтуда. Теориялық тәжірибеден оқшау қарастырмау керек екенін түсінікті. Барлық теориялық проблемалардың соңы тек тәжірибелік
әдістермен шешілетіні кездейсоқтық емес. Теория мен тәжірибе арасында диалектикалық бірлік бар.
Экономикалық әдебиеттерде несиенің мәніне, қызметтері мен заңына қатысты саясат орын алуда. Несиенің мәнін зерттеуде натуралистік және капиталдық жасампаздық теориясы қатаң қадағаланатындығы байқалады.
Натуралистік несие теориясы XVIII ғасырдың екінші жартысында пайда болды. Бұл теорияның негізін салушы А. Смит пен Д. Рекардо болды. Одан әрі оны француз экономистері Ж. Сэй, Ф. Бастия және американдық Д. Мак-Куллах дамытты. Бұл теорияның негізгі идеялары не-ие мәнінің натуралистік түсінігіне үйлесті, яғни несие заттай игіліктің қозғалысын көрсетті. Сондықтан, бұл тек аталмай қоғамда бар материалдық құндылықтарды бөлу әдісі ғана. Бұл жағдайда несие обьектісі табиғи заттай емес игіліктер болып табылады. Несие капиталы өндірістік капиталға тең. Бұл жерде натуралдар несиені несие капиталының қозғалысын емес, табиғи түрде материалдық құндылықтарды қайта бөлудің әдісі сияқты қарастырылады. Несинің мәні мен рөлі жөнінде мұндай қате түсініс өнеркәсіп капиталының тауарлы, өндірістік және ақшалай түрдегі ауыспалы айналымын жете түсінбеуден шығып отыр. Несие капиталының мәні өнеркәсіп капиталының ақша түріндегі ерекше бөлігі деуге болады.
Бұған қарамастан натуралистік теорияның маңызын несиенің қазіргі заманғы теорияның қалыптасуы мен дамуына байланысты еш кемітуге
болмайды. Натуралистер өндіріс процесінде қалыптасатын. Несие нақты капиталды құрмайды, - деп дұрыс есептеді. Олар несиенің рөлін өсірмей, несие пайызының түсетін табыстың көлемін өзгерістеріне тәуелді екенін дәлелдеді.
Несиенің капиталдық жасампаздық теориясы натуралистік қарама-қарсы идеяны ұстанады. Оның тұжырымдамасы бойынша несиеге экономиканың дамуында шешуші рөл беріліп, оны ұдайы өндіру процестерінен алыстатады. Несие ақшамен және байлықпен теңістіріледі. Бұл теорияның негізін салушы ағылшын экономисі Дж. Лонның ойынша несие елдің барлық пайдаланылмаған мүмкіндіктерін қозғалысқа келтіріп, байлық пен капиталының жиналуына себеп болады. Ол банктерді дәлдалдар ретінде емес, капитал жасаушылар деп қарастырады.
Бұл теорияның қолданушылары ағылшын экономистері Г. Макмед, Дж. Кейнс, Ф. Хаутри, И. Шумпетер, А. Ган болды. Олар ақша мен несиені сатып алу күшіне сай байлық деп есептеді. Несие пайда әкеледі, сондықтан, ол “өндіргіш капиталы” болып табылады, ал банктер - “несие фабрикасы”. Бұл екеуі де несиені, яғни капиталды жасайды деп пайымдайды. Сондай-ақ олар банктер шексіз депозиттерді, соған сәйкес несие мен капитал жасайды деп есептейді. Міне, осындай несие ауқымының шексіз кеңеюі қайта өндірудің, экономикалық дамудың қозғаушы күші екенің ұйғарып, экономиканың тұрақты дамуына әсер етеді. Сондықтан, олардың теориялары “өткемпаздық теориясы”деген атауға ие болды. Олар несиенің шегін, несие ауқымының шексіз кеңеюі
инфляция мен оның зардаптарына әкелетінін ұмытып кетті.
1929-33 жылдары әлемдік дағдарыс несиенің капиталдық жампаздық теорияның абыройын жоққа шығарады. Алайда, оның оңтайлы нәтижелері болмай қалған жоқ. Оны Дж. Кейнс пен оның ізбасарлар оларды дағдарыстың және екінші дүниежүзілік соғысының зардаптарын жою үшін пайдаланады. Олар экономиканы несиемен реттейтің принциптерін негіздеді: экономикаға несие салымдарының инвестициясын кеңейту жолмен несие пайызын төмендетуге болады. Дж. Кейнстың тұжырымдамасы бойынша айналымдағы ақша жиынтығы пайызға, пайыз - инвестицияға, инвестиция - өндіріске, өндіріс - табысқа, табыс - бағаға әсер етеді. Сондай-ақ, ол ақшаның белгілі бір деңгейге дейін пайызға әсер ететінін, ал инвестицияның пайызға үнемі әсер етпейтінін мойындайды.
XX ғасырдың екінші жартысында ақша-несие реттеудің мектебінің пайда болғанын белгілі. Бұл мектептің өкілдері американдық ғалымдар П. Самуэльсон, С. Харрис, Э. Хансен, Л. Ледокер, Дж. Гелбрейт болды. Олар Дж. Кейнстің “несиенің көмегімен шаруашылық процестерге мемлекеттің белсенді араласуы” туралы идеясын дамытты.
Олардың ойынша мемлекеттік экономиканы Орталық банк бюджеті мен қаржыларының ақша-несие тетіктерінің көмегімен реттеуі керек.
АҚШ ғалымдарының басқа бір тобы( Р. Голделлий, С. Кузнец, К. Дугел, Д. Кример) бұл тұжырымдаманы дамыта отырып, несие капиталдарының нарығын және оның сегменттерін, олардың экономикамен өзарам әрекетін, қызмет ету параметірлерін зерттеді.
Бұл нпрықтың негізгі қатысушылары мыналар:
- алғашқы инвесторлар, яғни уақытша бос ақша ресурстарының иелері: уақытша бос ресурстары бар заңды және жеке тұлғалар, мемлекет.
уақытша бос ресурстарды шоғырландыратын несие қаржы институттары ретіндегі тұлғалық мамандандырылған дәлдалдар.
- қаржы ресурстарына уақытша мұқтаж қарыз алушы-заңды және жеке тұлғалар, сондай-ақ мемлекет.
Несие капиталының нарығы төменде көрсетілгендерге сараланады:
- ақша нарығы - айналым қаражаттарының қозғалысына қызмет көрсететін қысқа мерзімді несиенің жиынтығы
- капитал нарығы - орташа мерзімді несиеленудің жиынтығы
- ипотека нарығы - жылжымайтын мүлікпен байланысты немесе операцияларының жиынтығы
- қор нарығы - бағалы қағаздармен байланысты несие операцияларының жиынтығы
Несие капиталы нарығының даму деңгейіне: ел экономикасының дамуы, елдегі өндірістік және қаражат қорларымның және халықтың әл-ауқат деңгейі соған сәйкес оның жинақ ақшасы тікелей әсер етеді.
Әлемде экономикалық дамудың
Орталығы бар. Олар: АҚШ, Батыс Еуропа, Жапония.
Төртінші орталық болып - Шығыс Азия қатарға қосылып келеді.
Бұл орталықтарда несие капиталының қуатты нарықтары бар. АҚШ-ң несие капиталдар нарығы олардың ең қуаттысы болып
есептеленеді. Ол барлық төрт сараланымның тармақталуымен және дамығандығымен ерекшеленеді және әлемдік капитал нарығына маңызды әсер етеді.
Батыс және Еуропаның жиырма төрттен астам дамыған елдерін қамтитын Еуропа Одағы АҚШ-тан капитал қорларымның кіші көлемімен және несие нарығының жеке сараланым операцияларының жеткілікті дамымауымен ерекшеленеді. Мұндай тенденциялар Жапонияның несие капиталы нарығына да тән.
Егер Қазақстанның несие нарығына тоқталатын болсақ, онда оның сараланымдары әр түрлі деңгейде екенін, сондай-ақ ол енді-енді қалыптасып келе жатқанын атауға болады. Мысалы, Қазақстанда ақша және капитал нарығының сараланымы елдегі өндірістік және жеке қорланымның және банк жүйесінің жақсы дамымағаныма байланысты едәуір жетілді.
Ипотека нарығы алғашқы даму сатысында, оның инфрақұрылымы мен заңдық базасы жасалуда. Бірақ, бұл нарықты әзірге даму сатысында деп айтуға болмайды, ол ипотекалық несиелеудің Батыс үлгісінен алшақ жатыр.
Қор нарығы кенжелеп қалған. Оның заңдық базалары мен ифрақұрылымы әлдеқашан әзірленіп, биліктің ынтасы болса да, ол әлі даму тұрғысынан енді-енді оянып келе жатыр. Егер мемлекеттік бағалы қағаздар қалыпты дамыса, ал корпорациялық бағалы қағаздар түрлі обьективті себептерге байланысты мүлде дамымаған.
Капиталдық жасампаздық теорияны ары қарай монетаристер дамытуда. М. Фридмен, экономиканы реттеудің негізгі құралдары несиенің пайыздық мөлшемерлері мен айналымдағы ақша жиынның
өзгерісі болып табылады деп есептейді. Шын мәнісіне пайыздық мөлшерлемелерді реттей отырып, экономикаға салынатын несие салымдарының ауқымын кеңейтуге немесе аясын таралтуға болады. Сондай-ақ, айналымдағы ақша жиынтығын реттуге, ең соңында өндіріске және баға мен инфляцияның деңгейіне де әсер етуге болады.
Монетаризм теориясы дамыған елдердің экономикалық саясатында кеңінен қолданылуда. Бүгінгі таңда оның маңызы несиенің пайыздық мөлшерлемесін өзгерте отырып, ақша жиыны мен инфляцияның өсуін тежеуге қол жеткізу болып отыр.
Қазақстанда да несие теориясының жемістерін тәжірибеде кеңінен пайдаланып отыр. Қазақстан Республика Ұлттық банкі мен үкіметі ақша-несие реттеуінің монетаристік теориясын қолдана отырып, 1994-1997 жылдары өршіген ифлицияны басты және елдегі макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізді.
«БТА Банкі» АҚ 2008 жылдың 1 жартыжылдығындағы жұмыс қорытындысы бойынша Қазақстанның банк секторындағы көшбасшылық ұстанымын нығайтты
12. 09. 2008
Активтер мен капитал. 2008 жылдың 6 айындағы қаржы есебі бойынша БТА-ның активтері 2, 3 млрд. долларға (9, 5%) өсіп, 3. 356 млрд. теңгені (27, 8 млрд. $) құрады. Ағымдағы жылғы табыстың өсуіне қарай баланстық капитал 4, 9%-ға өсіп, 474 млрд. теңгені (3, 9 млрд. $) құрады.
БТА Қазақстандағы ең көп капиталдандырылған банктердің бірі болып отыр. Базель келісімінің ұсыныстарына сәйкес есептелген топтың капиталының жеткіліктілік коэффиценті 19, 8%-ды құрады. Бұл қазақстандық банктер үшін ғана емес, шетелдік қаржы институттары үшін де жоғары көрсеткіш болып табылады.
Қорландыру. Активтер өсімінің негізгі факторларының бірі - ішкі нарықтардан депозиттерді тарту. 2008 жылдың 1 шілдесінде БТА клиенттерінің депозиттік базасы 15% -ға өсіп, 747, 7 млрд. теңгені (6, 2 млрд. $) құрады. Бөлшек сауда және корпоративтік клиенттердің депозиттер өсімі 10% және сәйкесінше 18%-ды құрады. Осылайша Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінің арасындағы жеке тұлғалардың депозиттік базасының жиынтықты өсіміндегі БТА-ның үлесі бірінші жартыжылдықта 90%-дан асты, бұл тұрақтылық дәлелі болып табылады және Қазақстанның жүйеқұрушы қаржы институты - БТА-ға деген сенімділікті білдіреді.
Аталған көрсеткіштер ішкі қорландыру көздерінің рөлін арттыруға бағдарланған БТА Банкінің тұрақты өсімінің ұзақ мерзімді стратегиясын жүзеге асырудағы алғашқы қадамдардың бірі болып табылады. Оның аясында БТА бөлшек сауда мен корпоративтік клиенттердің қаржысын тартудағы өз үлесін арттыруды көздейді.
Қорландырудың қосымша көзі ішкі нарық субъектілері арасында 500 млн. АҚШ доллары сомасынан астам қуатталған облигациялардың орналастырылуы болды.
БТА сауданы және құрылымды қаржыландыру саласындағы тұрақты көшбасшы бола отырып, экономиканың нақты секторын дамытудың және қолдаудың сенімді серіктесі болып табылады. Сауданы қаржыландыру операциясының көлемі 2008 жылдың бірінші жартысында 1 млрд. АҚШ долларынан асты.
Несие қоржыны. Клиенттерге берілген қарыздар бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша өткен жылға қарағанда 3, 6%-ға артып, 2. 465 млрд. теңгені (20, 4 млрд. $) құрады. 2008 жылғы 1 шілдедегі жай-күйі бойынша БТА Қазақстан Республикасының ЕДБ арасында несиелендіру қызметін ұсынуда 27, 7% үлеске ие, жеке тұлғаларды несиелендіру - 19, 3%, заңды тұлғаларды несиелендіру - 31, 0%.
Несие қоржынының орнын «мәжбүрлі шығынмен» толтыру 2007 жылдың соңындағы 5, 4%-дан және 2007 жылдың 1 шілдесіндегі 3, 6% -дан асып, 6, 5%-ды құрады, бұл нарықтардың ағымдағы жай-күйін көрсетеді. Осылайша, «мәжбүрлі шығындардың» абсолютті сомасы өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 2 есеге өсті.
Халықаралық міндеттемелер. Банк халықаралық инвесторлар алдындағы міндеттемелерін табысты орындап келеді, 2008 жылдың бірінші жартысында 560, 9 млн. қарызын төледі. 2008 жылдың екінші жартысында БТА төлеуге тиісті сома 637, 4 млн. доллар, бұл Банктің шоғырландырылған активтері көлемінен 2, 3 пайызға аз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz