АЗАМАТТЫҚ НЕКЕ– ЕЛДI АЗДЫРУДЫҢ БАСЫ
"АЗАМАТТЫҚ" НЕКЕ - ЕЛДI АЗДЫРУДЫҢ БАСЫ
Уақыты:2008-02-16
Қыз Жiбек фильмiн баршаңыз көрген шығарсыздар? Сондағы әлi некесi қиыла қоймаған Төлеген мен Жiбектiң ортасына жеңгелерiнiң белдiк қоятын әдемi салтын көрсететiн эпизоды есiңiзде ме? Төлегеннiң төзiмдiлiгiне сын, Жiбектiң аппақ арына корған болған сол белдiк арқылы халқымыздың ақ некенi аттамауды талап еткен тәрбиесiн тануға болады.
Ал ендi сол Төлеген мен Жiбектiң орынында бүгiнгiнiң бойжеткенi мен бозбаласы болсашы? Қайтер едi? Ортадағы белдiктi атып ұрып, өбiсiп кетер ме едi? Бұл сөзiмiзбен көпке топырақ шашып, жастарға жала жабудан аулақпыз, бiрақ халықтық тәрбиенiң қаймағы бұзылып, шет-шеттен шеңбектеген жат мәдениеттiң құрсауында ұлттың ұяты да құрып бара жатырғанын несiне жасырайық. Шыны керек, қазiр бесiктен белi шықпай жатып, ғашықтық сезiмдерiн ашықтан-ашық бiлдiре беретiн жастардың қылығына үлкендердiң өздерi қысылады. Бiрақ сол өлiп-өшкен өңкей ғашықтар үйленуге келгенде кежегелерi кейiн тарта қалады. Бабаларымыз ақ неке деп ардақтаған игi қадамның адам өмiрiндегi ұлы өзгерiс екенiн кiм жоққа шығара алар? Сiз кеше жалғыз едiңiз, бүгiн екеусiз, жаныңызда тағдырдың түрлi сынағын бiрге көтерiп, ыстық-суықты, жақсылықты-жамандықты бөлiсер жан жарыңыз бар. Тiптi Аса қамқор Жаратушы иемiздiң адамзат баласына бұйыртқан ең үлкен сыйының бiрi де - ер мен әйелдiң бiрiн-бiрi сүйiп, шаңырақ көтеру бақытына ие болуы екенi даусыз. "Он үште отау иесi" дейдi қазақ. Жетiскеннен айтпаған шығар? Бiрiнен-соң бiрi шауып, тыным бермеген жауларымен айқасып, үнемi ат үстiнде шарт түйiнiп жүрген халықтың небiр зұлматты басынан өткерсе де, ұрпағы үзiлмей, осынау ұлан-ғайыр жердi аман сақтап қалуына осы тектес халықтық тәрбиенiң тигiзген шарапаты мол-ау. Шiркiн, 2020 жылға дейiн 20 миллионға жетемiз деп мақсат етiп отырған елiмiздiң ертеңi үшiн "бiрiншi мүшелiне толып үлгергендер" үлес қосса, демографиямыз демiкпей-ақ шыңға көтерiлер ме едi?!. Қайдам, қазiр он үшiнде отау тiгуге құлшынып тұрғандарды емге таппайсыз, тiптi менiң осы ойым сандырақ көрiнуi де мүмкiн, есесiне жиырма бестiң қыр желкесiне шыққанша үйлену дегенге үрке қарайтындар бар екенiн несiне жасырайық. Демографтардың есептеуiнше, жiгiттердiң басым бөлiгi отыз жастан кейiн үйленуге, қыздардың көпшiлiгi жиырма бестен кейiн күйеуге тиюге шешiм қабылдайды. Әттең, әттең, үйленiп, үй болу, ұрпақ сүйiп, үйелмендi болу деген де басымыздан тайып бара жатырған бақ болғаны ма? Қоғамдық көлiкте келе жатып, Сайраш атты апаймен әңгiмелесiп қалдым. - Балаларыңыздың қызығын көрiп, үбiрлi-шүбiрлi болып отырған шығарсыз ендiгi? - дегенiмде, апайымыз аяқ астынан күрт өзгере қалды: - Немере дейсiң, баладан қайыр жоқ. Екi жыл бойы бiр шүйкебасты ұстап, ақыры қоя бердi. Бата алып, байласпағасын, заңды некеге тұрмағасын бәтуасы болмайды ғой, "бiр-бiрiмiзге үйлеспейдi екенбiз" деп елде жоқ сылтауды айтып, екi жаққа кете барды, - деп төменшiктедi. Мiне, мәселе қайда жатыр? Қоғамымызда ер мен әйелдiң қосақталып өмiр сүруiнiң тағы да бiр белең алды? Ол - "азаматтық" неке", толыққанды отбасын құрып, балалы-шағалы болуды мәре санамайтындардың оң жамбасына оңтайлы келген өмiр салты. "Азаматтық неке" деген өз iшiмiзден шықпаған, Батыстан бас көтерген бәлекет екенiн айта кету керек. Броккауз бен Эфронның кiшi энциклопедиялық сөздiгiнде: "Бiрқатар батыс елдерiндегi шiркеу мен мемлекет арасындағы ушыққан дүрдараздық нәтижесiнде халық екiге жарылып, азаматтық некеге тұрушылар пайда болды. Олардың некесiн ендi дiн өкiлi қиған жоқ, мемлекеттiк орган тiркедi" деп жазылған. Ал Ресей жерiндегi православиелiк христиан дiнiн ұстанатын халықтардың арасында азаматтық неке ХХ ғасырдың бас кезiнде пайда болған. 1917 жылғы революциядан кейiн билiк тiзгiнiн ұстаған большевиктер ескiлiкке қарсы көзсiз күрес жүргiзе бастады. Соның iшiнде Дiнге де қарсы атейстiк атой салынды. Православ дiндарларының таратуынша, бұрыннан қалыптасқан заңды бұзып, "бүйректен сирақ шығарып" ең алғаш азаматтық некеге отырған - әйел комиссар Александр Колонтай болған. Рас, жұртты шошытқан сол жолғы неке өте сәтсiз аяқталған көрiнедi. Бiрақ 70 жыл бойғы Коммунистiк партияның үстемдiгi кезiнде күштеп жүргiзiлген атейстiк iлiмнiң пәрменiмен адамдардың көбi ендi некесiн шiркеуде емес, азаматтық хал актiлерiн жазатын мемлекеттiк мекемеде тiркетуге мәжбүр болды. Сөйтiп, бiр кездерi дiн өкiлдерi күнә деп таныған азаматтық неке уақыт өте келе зайырлы қоғамның да заңынан жаттық көрмей, сiңiстi болды. Қазақстан Республикасының "Неке және Отбасы туралы" Заңының 3-шi бөлiмiнiң, 2-шi бабында да "мемлекеттiк АХАЖ мекемелерiнде тiркелген неке - азаматтық неке" болып саналатындығы жазылған. Әрине,120 ұлт пен ұлысты қанатының астына алған зайырлы мемлекетте азаматтардың некесiн тiркеудiң баршаға ортақ, ешқандай ұлттың этикалық ұстанымына қайшы келмейтiндей ең оңтайлы жолы осы болмақ. Ал егер үйленiп жатырған жас-жұбайлар некелерiн дiн өкiлдерiне барып қидырғысы келсе, оған да тиым жоқ. Қазақстан Мұсылмандары Дiни басқармасының қызметкерi Қайрат Жолдыбайұлының айтуынша "Мемлекеттiк Неке сарайларындағы некенi тiркеу рәсiмiнде де шариғаттың кейбiр талаптары орындалады; куәлары болады, екi жас бiр-бiрiне жар болуға ризашылықтарын бiлдiредi. Бiрақ қосылғалы жатқан жас жұбайлар имандылыққа бет бұрған жандар болса, мешiтке келiп, Аллаһтың алдында куәлiк келтiрiп, шариғат бойынша неке қидырғаны дұрыс" дейдi. Ал Бiз сөз қылып отырған "азаматтық неке" - дiни некенi де мойындамайды, мемлекеттiк органның тiркеуiнен де өтпейдi, әрi Қазақстан Республикасының "Неке және Отбасы туралы" Заңында ол туралы ешқандай түсiнiктеме берiлмеген, сондықтан заң өкiлдерi мұны "бейресми некелесу" деп атайды немесе "азаматтық неке" деген тiркестi тырнақшаның iшiнде жазуды ұсынады. Сiрә, сөз сыңайын ұққан адамға дiннен бөлектенген некенiң екi түрiнiң де әу бастағы сипаты бiр болғанын аңғаруға болады. Тек жiк iшiнен жiк пайда болып, ендi тiптi мемлекеттiк неке куәлiгiн де керек қылмайтын, "еркiн махаббатты " қолдаушылар қалыптасты. Сiрә, "еркiн махаббат" деген ұғым асу астында қалған жүз жылдықтың бел ортасындағы оқиғалардан хабары бар адамды емiксiте қоюы екi талай. АҚШ пен Батыс Еуропадағы 60- жылдары еркiндiкке бой ұру тым жүгенсiз кетiп, тұтас бiр ұрпақты "сексуальдық төңкерiс" деп аталатын азғындықтың билеп алғаны көзi қарақты адамның есiнде шығар? Тiптi 1987 жылы "Новый мир" журналында жарияланған "Көкектiң ұясында" атты романында осы азғындық әдебиет жолымен де насихатталды, романдағы кейiпкерлер :"Жас қыздар өздерi аяқтан шалып, еденге жықса" деп жыныстық нәпсiнi көкседi. Көп ұзамай бұл азғындық кино, газет-журнал арқылы да таратыла бастады. "Азаматтық неке" де дәл осы қожыраған қоғамның үстiнде туып, елiмiз тәуелсiздiк алып, сырт елдермен ашық мәдени қатынас орнатқан кезде лық еткен батыстық экспансиямен iлесiп бiзге де келiп жеттi. Нақты статистикасы болмаса да, елiмiздегi әрбiр жетiншi жұптың "азаматтық некенi" таңдайтыны мәлiм болып отыр. "Азаматтық неке" деген шарасыздықтан қойылған шартты атауы ғана. Оны Дiн мүлдем неке деп санамайды, Аллаһтың алдында куәлiк келтiрмей, жұртқа жария етiлмей ерлi-зайыптылардың бiр шаңырақтың астында тұруын зинақорлыққа ғана балайды. Аллаһ тағаланың Хақ дiнi - Исламды жеткiзушi Мұхаммед (с.ә.с) Пайғамбарымыз заңды некесiз қосылып, зина жасағандарды:"Пенде зина жасағанда иманы шығып, бас жағында көлеңке сияқты үйiрiлiп тұрады" деп сипаттаған. (Әбу-Һурайрадан) Әлбетте, "азаматтық некемен" тұратын ерлi-зайыптылардың да өздерiнiң санасына сiңiрiп алған пәлсапасы бар. Олардың пiкiрiнше, бiр шаңырақтың астында тұрамыз деп шешкен жандарға неке куәлiгiн алып, әуреленудiң қажетi жоқ. Мөрдiң қойылғаны, қойылмағаны не? Ең бастысы, тату-тәттi болып, жарасып кету, жараспасақ ың-шыңсыз өз жөнiмiзге кете барамыз дейдi. Өздерiне шаң жуытқысы жоқ. Заңды түрде ерлi-зайыпты болып танылмағаннан кейiн "азаматтық некедегi" ерлер мен әйелдер бiр-бiрiнiң алдында жауапкершiлiк алмайды. Тiптi "Азаматтық некеге" үйiрсек келетiндердiң көпшiлiгi қарақан басын күйiттеуден әрi аса алмайды, әрi одақтарының тұрақты болуы да неғайбыл, қашан айырылысып кетемiз деген қауiппен жүредi, сол себептi олар перзент сүйiп, ата-ана борышын өтеуге де құлықсыздау болады. Психологтардың пiкiрiнше, "азаматтық некедегi" нәзiк жандылар көбiнесе күйеуiм бар деп сенедi, ал ер адамдар оларға тек көңiлдесiм деп қана қарайды. Осындай қарым-қатынастағы ер мен әйелдi отбасы деп те атауға қалай ауыз барады? Әрине, "азаматтық неке" жағдайында балалы болып жататын жұптар бар. Бiрақ о баста Заңды менсiнбегендер дәл осы кезде мықтап опық жейтiнi сөзсiз. Бiр жолдасым ағасының бел баласынан қалай айырылып қалғанын айтып бердi. Ағасы бiр әйелмен көңiл қосып, некелерiн заңдастырмастан тұра бередi. Ал сәбилерi дүниеге келiп, оны кiмнiң тегiне жазуымыз керек деген мәселеге келiп тiрелгенде, әйел аяқасты айнып, "әкесi емессiң" деп маңына жуытпайды. Қолдан келер амал жоқ. Өйткенi заң бойынша сәбидiң әкесiнiң кiм екендiгiн тек анасы ғана шеше алады. Кейде оқиға керiсiнше өрбiп жатады. "Азаматтық неке" кезiнде дүниеге келген баланың әкесi екенiн мойындаудан ер адамдардың өздерi бас тартады. Осындай келеңсiз жағдайлардың кесiрiнен қаншама сәбидiң тағдырына "некесiз туылған" деген жаман атақ жамалады, қаншама сәби жарық дүние көрместен жатыр iшiнде тұншығып өледi. Бүгiн елiмiздегi кәмелеттiк жасқа толмаған балалардың 22% - некесiз туылғандар. Дағдарыс орталықтары Одағының төрағасы, заңгер Зүлфия Байсакова: "Жыл сайын кем дегенде "азаматтық некеге" тұрып, алданып қалған 10-15 әйел көмек сұрап келедi. Қазiр ер адамдар өздерiнiң заңды балаларына алимент төлеуден қашқақтайды, ал "азаматтық некеде" дүниеге келген балаға алимент төлету мүлде мүмкiн емес. Ер адамды шынымен баланың әкесi екенiн анықтайтын бiр ғана жол бар, ол - ДНК арқылы дәлелдеу. Бiрақ бұл өте қиын, әрi қаржыны қажет етедi. Ал сот көп жағдайда мұндай iстердi қарауға тәуекел етпейдi. Неге? Өйткенi парасы аз. Сол себептi некесiз бала тапқан әйелдердi де жалғыз басты аналардың санатына қосып, мемлекет өз қамқорлығына алуы керек. Конституциямызға "кез-келген ана қоғамның қамқорлығы мен қолдауына сүйенуге құқылы" деген өзгерiс енгiзу керек. Өйткенi олар да ел демографиясына үлес қосып жатыр" - дейдi. Ия, көлденең көк аттының алдауына түсiп, шоқ басса да, пешенеге жазғанға көндiгiп, перзентiне жарық дүние сыйлайтын қаракөздерге рахмет. Әйтеуiр, далада қалмас, "бiр қозы туса, бiр түп жусан артық шығады" демеушi ме едi?! Бiрақ әкенiң тәрбиесiн көрмей өскен сәбиден күнi ертең қандай азамат шығады, көкжасық бола ма, кекшiл бола ма, әлде әке-шешесiнiң iстеген қателiгiн ол да қайталай ма? Әрi-берiден кейiн кез-келген жерде тастай беретiн бала да - жапа емес қой. Алланың елшiсi Мұхаммед (с. ә. с) Пайғамбарымыз: "Мен және балаларына қамқорлық жасаған әйелiмiз екеумiз қиямет күнi бұдан да жақын отырамыз" - деп сұқ саусағы мен ортаңғы саусағының жақын екенiн көрсетiптi. Ендеше Отбасылық өмiрдiң басты бақыты - ұрпақ тәрбиелеу екенiн қаперден шығарып, нәпсiнiң жетегiнде кеткен жандар осыны түйсiнсе екен. Өкiнiшке қарай, "бүлiнгеннен бүлдiргi алма" дейтiн секемшiл қазақтың бүгiнгi ұрпағы бар ұяттан айырылып, тырдай күйiмен батыстан бас көтерген "еркiн махаббат" деген адасқақ, терiс идеяға ессiз күмп берiп жатыр. Жақында НТК телеарнасынан "Дом-2" деген шоу бағдарламаны көргенiм бар. Бiр үйге 20 шақты қыз-жiгiттi қамап, олардың оңаша қарым-қатынасын, ұрыс-керiсiн, тiптi жыныстық жақындасуын бейнекамераға түсiрiп, қаз-қалпында көрермендердiң назарына ұсынады. Таңның атысы, күннiң батысы теледидарға телмiрiп отыратын жастар бұдан терiс тәрбие алмағанда қайтедi? Ал сансыз конференциялар өткiзiп, неке мен отбасы туралы мәселенi талғыға салғыш кейбiр дүбара ұйымдар "Азаматтық некенi" асыра мақтап, қазақ жастарының жатырқамауына үгiттейдi. Мәселен, Интернет форумда Халықаралық неке агенттiгiнiң президентi Оксана Гарднер: "Бiздiң елде тiркелмей-ақ некелеседi, бұл деген керемет емес пе! Неге десеңiз, адамдардың бiрiн-бiрi жақынырақ түсiнiсуiне мүмкiндiк туады" деп көктен iздегенi жерден табылғандай қуанса, тележүргiзушi, "PRO движение" шығармашылық бiрлестiгiнiң директоры Серiк Ақышев: "...Қазiргi заман жастары үшiн неке, ең алдымен қаржылай тәуелсiздiктi талап ететiн саналы қадам. Ал төсек қажетiн өтеп бiрге тұра беру тiркеуге тұруды мiндеттемейдi. Болашақ жарыңды тереңiрек тануға осы күнi кең тараған азаматтық неке мүмкiншiлiк бередi" деп көсiледi. Хош. "Қазiргi заман жастары үшiн неке, ең алдымен, қаржылай тәуелсiздiктi талап ететiн саналы қадам" деген дүмшелеу түсiнiктерiн ұққандай болдық. Ал "төсек қажетiн өтеп...", "... бұл деген керемет емес пе?!" дегендерiн оқығанда мазамыз май iшкендей болды. Шын мәнiнде, "азаматтық неке" жұрт ойлағандай заңды некенiң алдындағы түсiнiсудiң тиiмдi жолы емес қой. Бұл тек сүреңсiз сүрбойдақтардың нәпсiсiн қандырып, құмарын тарқатуға пайдаланатын ермегi ғана. Қысқасы бiз неге, батыстың адасқақ жолымен жүруiмiз керек? Қазiр Батысты кезiп жүрген"еркiн махаббат" елесi өздерiне пәлекет болып тие бастады. Қағанағы қарқ, сағанағы сарқ Германия, Ресей, Швеция сияқты елдер демографиялық дағдарысқа ұшырағалы тұр. Ал гомосексуалисттердiң қарым-қатынасын заңдастырғысы келмеген АҚШ конгресi күштi қарсылыққа тап болып, ақыры Лұттың қауымының дегенiне көндi. Қасиеттi Құран кiтапта бiр-бiрiмен жұбайлық жұп құрған еркектер мен өзара жарасқан әйелдердiң азғын қауымына Аллаһ тағала ақыл-кеңес айтып, түзу жолға түсiру үшiн Лұт (ә.с) Пайғамбарды жiбергенi, сонда да олар Лұт (ә.с) Пайғамбардың ескертуiн елемей, тiптi оның өзiне қоқан-лоққы көрсеткенi былай баяндалады: "Дүниеде еркек пен еркектiң жақындасқаны не сұмдық, сонда сендердiң әйелдерiн қайда? Сендер нағыз азғын жұрт екенсiңдер. - Ей, Лұт! - дедi олар, - егер сен райыңнан қайтпасаң, сөз жоқ, қуғынға ұшырайсың". (Шұғыра:165-167) Аллаһ тағала мұндай пәлекеттiң бетiн әрi қылсын. Бiрақ бiз осыларды көрiп-бiле тұра батыстан ауған бұлттың астына басымызды тосамыз. Қазақтың бiр-бiрiн сүйген жасы тек ақ некенiң үстiнде қосылған. "Ырыс қайда барасың, ынтымаққа барамын" демекшi, болмашы нәрсеге кикiлжiң туғызып, бiр-бiрiмен жiк жапар боп бет жыртысу да қазақ отбасына жат болуы тиiс. Батыс қоғамындағы жанұялардың жырым-жырым болатындығының бiр ғана себебi бар. Олар да әйел мен еркектiң отбасындағы өз орны, белгiленген мiндеттерi жоқ. Бiр-бiрiне кiнәрат тағып, ту-талақай болып жататындары да содан. Сондықтан олар отбасылық өмiрге шошына қарап, қолындағы бақты айдаладан iздеп шарқ ұрады. "Азаматтық неке" деген тұрақсыз өмiрдi мiсе тұтады. Ал шығыс халықтарының басым бөлiгiнде мұндай бетсiздiкке жол берiлмейдi. Өйткенi олардың ұстыны - Ислам дiнi. Ал Ислам дiнiнде әйел мен ердiң мiндеттерi бұлжымас қағида болып қалыптасқан. Авторы: Әлібек Алдабай 2007-12-16 ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz