Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп
Ұйымның ақша қаражаттарының қозғалысы туралы ақпарат қаржы есептілігін пайдаланушыларға ұйымның ақша қаражаттарын жасау қабілеті мен олардың баламаларын, сондай-ақ ақша қаражаттарына қажеттілікті бағалау үшін негіз беретіндігімен пайдалы. Пайдаланушылар қабылдайтын экономикалық шешімдер ақша қаражаттары мен олардың баламаларын жасау қабілетін, сондай-ақ оларды уақытқа қарай бөлу мен оларды жасау айқындылығын қажет етеді.
Бұл стандарттың мақсаты ұйымның өткен кезең ішіндегі ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру арқылы ақша қаражаттары мен ақша баламаларындағы тарихи өзгерістер туралы ақпарат беруін талап етуде болып табылады, онда кезең ішінде операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметтен түскен ақша қаражаттарының түсімдері мен төлемдерін жіктеу жүргізіледі.
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп оны қаржы есептілігінің қалған нысандарымен бірге пайдаланған кезде ақпарат береді, онда өзгеріп отыратын жағдайлар мен мүмкіндіктерге бейімделу үшін пайдаланушыларға ұйымның таза активтеріндегі өзгерістерді, оның қаржы құрылымын (өтімділігі мен төлем қабілетін қоса алғанда) және түсімдер мен ақша қаражаттары төлемдерінің деңгейі мен мерзімдеріне әсер ету қабілетін бағалауға мүмкіндік береді. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы ақпарат ұйымның ақша қаражаттары мен баламаларын молайту қабілетін бағалау кезінде пайдалы болады және пайдаланушыларға әртүрлі ұйымдардағы ақша қаражаттарының болашақтағы түсімдері мен төлемдерінің дисконтталған құнын бағалауға және салыстыруға арналған үлгілерді әзірлеуге мүмкіндік береді. Ол сондай-ақ әртүрлі ұйымдардың операциялық көрсеткіштері туралы есептіліктің салыстырмалығын жеңілдетеді, бұл бірдей операциялар мен оқиғалар үшін есептің әр алуан әдістерін қолданудан келтірілетін әсерін жояды.
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы өткен жылдардағы мәлімет ақша қаражаттарының болашақ ағындарының сомасының, уақытының және айқындығының индикаторы ретінде жиі пайдаланылады. Ол сондай-ақ ақша қаражаттарының болашақ ағындарының бұрынғы бағалауларының дәлме-дәлдігін тексеру кезінде және пайдалылық пен ақша қаражаттарының таза қозғалысы және бағалар өзгеруінің әсері арасындағы байланысты зерттеу кезінде пайдалы болады.
Ақша қаражаттарының баламалары инвестициялар және басқа да мақсаттардан гөрі, ең алдымен қысқа мерзімді міндеттемелерді өтеуге арналған. Ақша қаражаттарының баламалары ретінде жіктелуі үшін инвестиция ақша қаражаттарының белгілі бір сомасына оңай айналуына және құн өзгерісінің болмашы тәуекеліне ұшырауы тиіс. Осылайша, әдетте инвестиция ақша қаражаттарының баламасы ретінде, оның қысқа мерзімі, айталық, үш ай немесе сатып алу күнінен бастап одан аз өтеу мерзімі болған кезде ғана жіктеледі. Меншікті капиталға салынған инвестициялар, егер олар, негізінен, ақша қаражаттарының баламалары болып табылмағанда ғана, мысалы, оларды өтеу күніне дейін көп ұзамастан сатып алынған артықшылықты акциялары болған және сатып алудың нақты күні көрсетілген жағдайда ақша қаражаттарының баламаларынан алынып тасталады.
Банк несиелері әдетте қаржы қызметі ретінде қарастырылады. Алайда, кейбір елдерде талап ету бойынша өтелетін банктік овердрафттар (банк берешектер) ұйымның ақша қаражаттарын басқарудың ажырамас бөлігі болып табылады. Мұндай жағдайларда банктік овердрафттар ақша қаражаттары мен баламаларының құрамдас бөліктері ретінде енгізіледі. Банктегі шот бойынша сальдоның оң сипатынан теріс сипатына жиі ретте өзгеріп тұруы банктермен осындай келісімдердің өзіне тән белгісі болып табылады.
Ақша қаражаттарының қозғалысына баптар, ақша қаражаттарының немесе ақша қаражаттары баламаларының құрамында бөліктері арасындағы қозғалыс жатпайды, өйткені бұл құрамдас бөліктер операциялық, инвестициялық қызмет пен қаржы қызметінің бөлігі емес, ұйымның ақша операцияларын бақылаудың және реттеудің бір бөлігі болып табылады. Ақша операцияларын бақылауға және реттеуге ақша қаражаттарының баламаларына артық ақша қаражаттарын инвестициялау жатады.
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп кезең ішіндегі ақша қаражаттарының қозғалысы туралы деректерді оларды операциялық, инвестициялық қызмет немесе қаржы қызметі бойынша жіктей отырып ұсынылуы тиіс.
Ұйым операциялық, инвестициялық қызмет немесе қаржы қызметінен түскен ақша қаражаттарының қозғалысы туралы деректерді өзінің қызметінің сипатына неғұрлым сәйкес келетіндей береді. Қызмет түрлері бойынша жіктеу пайдаланушыларға осы қызметтің ұйымның қаржы жағдайына әсер етуін, оның ақша қаражаттары мен ақша қаражаттарының баламаларының сомасын бағалауға мүмкіндік беретін ақпаратты қамтамасыз етеді. Бұл ақпарат сонымен бірге қызмет түрлері арасындағы өзара байланысты бағалау үшін де пайдаланылады.
Бір операцияға әртүрлі жіктелген ақша қаражаттарының қозғалысы кіруі мүмкін. Мысалы, несие бойынша ақша қаражатарын өтеудің құрамына пайыздарға қоса борыштың негізгі сомасы кіретін жағдайда пайыздарды құрайтын бөлігі операциялық қызмет ретінде жіктелуі, ал негізгі соманы құрайтын бөлігі қаржы қызметі ретінде жіктелуі мүмкін.
Операциялық қызмет
Операциялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының түсімдерінің және төлемдерінің мөлшері ұйым операциялары несиелерді өтеу, операциялық мүмкіндіктерді сақтау, дивидендттер төлеу және қаржыландырудың сыртқы көздеріне жүгінбестен жаңа инвестицияларды жүзеге асыруға жеткілікті болатын ақша қаражаттарының түсімін қамтамасыз ететін дәрежедегі басты индикатор болып табылады. Операциялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының бастапқы операциялық түсімдер мен төлемдерінің негізгі құрамдас бөлігі туралы ақпарат басқа ақпаратпен үйлесе отырып операциялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының болашақ қозғалысын болжау үшін пайдалы болады.
Операциялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының қозғалысы ұйымның кіріс келтіретін негізгі қызметіне тікелей байланысты. Сөйтіп, әдеттегідей, олар таза пайданы және шығынды айқындауға кіретін операциялар мен басқа да оқиғалардың нәтижесі болып табылады. Операциялық қызметтен түсетін ақша қаражаттары қозғалысының мысалдары мыналар болып табылады:
(а) тауарларды сатудан және қызмет көрсетулерден түскен ақшалай түcімдер;
(b) рояльти түріндегі түсімдер, қаламақылар, комиссиялық сыйақылар және табыстың басқа да түрі;
(с) тауарлар мен қызмет көрсетулері үшін жеткізушілерге берілетін ақшалай төлемдер;
(d) қызметшілерге және олардың атынан басқа тұлғаларға ақшалай төлемдер;
(е) сақтандыру ұйымының сақтандыру сыйлықтары мен талап арыздары, жылдық жарналар және басқа да сақтандыру сыйақылары ретіндегі ақшалай түсімдері мен төлемдері;
(f) егер бұлар тек қаржы немесе инвестициялық қызметтермен байланыстырылмайтын болса, ақшалай төлемдер немесе пайдаға салынатын салық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша қаражаттарының шығуы
Ақша қаражаттар қозғалысы туралы жалпы түсінік
Ақша қаражатының есебі туралы
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептер
Ақша қозғалысы
Ақша қаражаттары және олардың баламалары
Ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі есептері
Ақша қаражаттар қозғалысының мәні мен маңызы
Ақша қаражаттар қозғалысы туралы есептілік: құру тәсілдері және мазмұны
Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп берудің теориялық аспектілері мен негіздері
Пәндер