Құран - Аллаһ тағаланың мәңгі кітабы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
АЛЛАНЫҢ КІТАБЫ - ҚҰРАН
жинақтап әзірлеген: Илияс Сырым (жорналшы)
Құран - Аллаһ тағаланың мәңгі кітабы.
Мухаммед пайғамбардың С.А.С. мұғжизасы, (Құран Кәрім - Мұхаммед пайғамбардың ең ұлы әрі мәңгі мұғжизасы. Ол - рухты шаттандырып, көңілге тыныштық орнататын, ұшан теңіз сырларға толы, мағынасы зор,адамзаттың бақыты үшін әкелген өшпес шарттары және барлык кезеңдерге жарык болған ғылыми акиқаттарымен теңдесі жок мұғжиза. Мұғжиза деген пайғамбарлардың өздерін Аллаһ тағала тарапынан келгендерін дәлелдеу үшін Аллаһтың көмегімен көрсеткен таңғажайып окиғалары. Мұғжиза - пайғамбарлардың пайғамбар екендігін дәлелдейтін кұжаты десе де болады. Сондыктан бұл тек пайғамбарлар тарапынан жасалған таңғажайып нэрселер. Жай карапайым адамның мұндай нәрселерді жасауына, мұғжиза көрсетуіне күш-қуаты жетпейді). Сондай-ақ, ол шығыс елдерінің басым көпшілігі жэне әлемнің бестен бір бөлігі сенетін Ислам дінінің ең басты қайнар бүлағы. Бұған қоса ол Ислам мэдениетінің негізгі қайнары болып табылады. Құран -- адамзатқа тура жол көрсету үшін түсірілген Аллаһтың сөзі, күллі мұсылмандардың қасиетті кітабы. Құран Кәрімді Жебірейіл періште Мүхаммед пайғамбарға (с.а.с) бөлек-бөлек аяттар, сүрелер түрінде жиырма үш жыл бойы жеткізіп түрды. Құранның түсуі 609-жылдың Рамазан ай-ында басталып, 632-жылдың рәбиғ әл-әууәл айында аяқталды.

Құранда барлығы жүз он төрт сүре бар, олар әл-Фәтиха сүресімен басталады да, ән-Нәс сүресімен аяқталады. Құрандағы меккелік сүрелердің нақты саны сексен екі, мәдиналық сүрелердің жалпы саны -- жиырма. Қалған он екі сүре турасында ғалымдардың бірауыздан айтқан үзілді-кесілді пі-кірлері жоқ.
Құрандағы ең үзақ сүре -- әл-Бақарада екі жүз сексен алты аят болса, ең қысқа сүре -- әл-Кәусәрда үш-ақ аят бар.
Негізінде, Құранның жалпы жұртқа мәлім бес аты бар, олар:
1.ӘЛ-ҚҰРАН - КӨП ОҚЫЛАТЫН КІТАП
Араб тіліндегі қараа (оқу) деген мағынаны бе-ретін етістіктен туындаған есім сөз. Аллаһ Өзінің соңғы кітабына осы есімді таңдады.
2. ӘЛ-ФУРҚАН - АЖЫРАТУШЫ
Бүкіл әлемге бір ескертуші болуы үшін құлына ( жақсы-жаманды айыратын) Құранды түсірген Аллаһ өте жогары (әл-Фурқан сүресі, 1- аят) Осы аяттың тәпсірін жасаған әз-Зәркәши деген ғалым: Құран ақ пен қараның, ақиқат пен жалғанның, мұсылман мен кәпірдің, мүмін мен екіжүздінің арасын ашық түрде айыратын кітап болғандықтан, оған әл-Фурқан деген атау берілді деген пікір айтқан. Көптеген муфассирлердің (яғни, аяттарға түсінік беретін ғалымдар) пікірінше, Құранның ең мәшһүр атауларына осы екеуі ғана жатады.
3. ӘЛ-КИТАБ - КІТАП
Аллаһ Өзінің кітабын әл-Китаб деп те атаған, мысалы, әл-Бақара сүресінің екінші аятында: Муның тақуаларды тура жолга бастайтын кі-тап екеніне ешқандай күмән жоқ - делінген.
4. ӘТ-ТӘНЗИЛ - НӘЗІЛ БОЛҒАН КІТАП
Әз-Зәркәши былай дейді: Құран Аллаһтан Мүхаммед пайғамбарға Жебірейіл періште арқылы түскендіктен, Жаббар Ие кітабын әт-Тәнзил деп
Ол -- Құран, әлемдердің Раббысы тарапынан тусірілген (әл-Хаққа сүресі, 43-аят.)
5. ӘЗ-ЗИКР-ЕСКЕ ТҮСІРУ
араб тілінде зикр деген сөз еске түсіру, еске алу деген мағыналарды білдіреді. Құран Кәрім адамзаттың есіне дүниелік һәм ақыреттік нәрселерді салады, тозақтың азабы мен жаннаттың нығметін еске түсіреді, сол себепті де ол әз-Зикр деп аталған.
Енді, Құранның басқа да кең таралмаған аттарын атап өтейік:
БҰРХАН -- дәлел. Құранда Аллаһтың шексіз құдіретіне барлық дәлелдер бар.
НҰР -- Аллаһтың тура жолын көрсететін
шамшырақ.
ХАҚ -- ақиқат. Құранның осы бір атауы ақиқат сөз және шынайы іс-әрекет деген мағыналарды қамтиды.
КӘЛӘМУЛЛА -- Аллаһтың кәләмі, ешқашан өзгермейтін хақ сөз. Аллһ Құранды бірнеше қасиеттермен сипаттағаны белгілі, мысалы:
АРАБИЙ, яғни араб тілінде түскен кітап.
МУБИН - анық, айқын.
ХАКИМ -- іші хикметке толы.
МӘЖИД -- ұлық, даңқты.
ШИФА - адамдардың тәні мен жанына шипа.
АЗИЗ -- күшті, қуатты.
РАХМАТУН -- Аллаһ Тағаланың рақым-мейірімі.
БУШРА -- сүйінші, қуанышты хабар.
МҮБӘРӘК -- берекелі, қүтты.
КӘРІМ -- жомарт, қасиетті, ардақты.
МАУҒИЗА -- үгіт-насихат, уағыз беруші.
НАЗИР -- ескертуші
Құран атауы ежелден бар атау, ол ешқандай да етістіктен немесе есім сөзден шықпаған. Аллаһ Тағала өзінің ақырғы кітабына Құран деген ат
берді, демек оны қай сөзден шықты деп қарастыру еш пайда бермейді.
Құран -- адамзат емірінің қоғамдық, әлеуметтік, экономикалық, үлықтық, рухани салалаларын жан-жақты қамтыған қасиетті кітап. Француз жазушысы Гастонкар: Ислам -- дүниенің үйытқысы болған дін. Бүл діннің қайнар көзі -- Құран. Ал, Құран -- әлем мәдениетінің негізгі іргетасы деген.
ҚҰРАННЫҢ ТҮСУІ
АялаҺ Тағала Құран Кәрімді әуелі ләух әл- Іахфузда бекітіп, сосын оны аспан дүниесіндегі әйт әл-ғиззаға бір-ақ мәрте түсірді де, берекелі Рамазан айының мүбәрәк Қадір түні өз елшісі - Мухаммед пайғамбарға Жебірейіл періштені жіберіп, адамзатқа тура жол көрсету үшін бөлек-бөлек аяттар түрінде жиырма үш жыл бойы түсірді.
Күранның ләух әл-махфузда сақталғанына төмендегі аят дәлел болады:
Әрине, ол -- ұлы бір Құран. Ләух әл-Махфузда сақтаупы (әл-Буруж сүресі, 21-22 - аяттар)
Аллаһ Тағаланың Құранды Ләух әл-Махфузға қашан және қалай түсіргені жайлы осы аяттан артық -нәрсе айта алмаймыз. Ләух әл-Махфуздың бар екенндігі және онда Құранның сақталғандығы - хақ нәрсе, оған иман келтіріп, Аллаһтың ұлылығы мен құдіретін еш күмәнсіз мойындауымыз керек.
Күранның аспан дүниесіндегі бәйт әл-ғиззаға түсірілгеніне дәлел болатын аяттар:
Рамазан айы сондай бір ай, ол аида адам ба- сына тура жоп және ақ, пен қараны айыратын дәлел турінде Құран тусірілді (әл-Бақара сүресі, 185 - аят)
Расында, Біз Құранды Қадір түнінде тусірдік (Қадір сүресі, 1 - аят)
Ән-Нәсәи мен әл-Хакимнің еңбектерінде: ... Құран аспан дүниесіндегі бәйт әл-ғиззада болды, сосын Жебірейіл періште оны пайғамбарға алып түсті деген хадис бар.
Әл-Хаким, әл-БәйҺақи мен имам ән-Нәсәидің еңбектерінде: Құран Қадір түні аспан дүниесіне бір-ақ мәрте түсті, содан кейінгі түсуі жиырма жылдай уақытқа созылды деген тағы бір дүрыс хадис бар. Осы мағынада айтылған хадистердің барлығы да ибн Аббастан жеткен және имам әс-Суютидің пікірінше, сахих хадистерге жатады.
Пайғамбарға (С.А.С.) Құраннан бір нәрсе түссе болды, ол оны сахабаларына жеткізуге асығып, оларды оны жаттауға, түсінуге жэне оқуға қызықтыратын еді. Уахи жазушы сахабаларға түскен аяттарды дереу жазуларын бұйыратын. Пайғамбарымыз (С.А.С.) уахимен түскен Құран аяттарын оларға өзі оқып тұрып жаздыртатын, осылайша оның көзі тірісінде Құран түгелімен хатқа түскен еді. Әр жылы Жәбрейіл періште Алланың елшісімен (С.А.С.) бірге Құранды толық жатқа оқып қайталайтын. (Бұл жөніндегі хадисті имам Бухари келтіреді)
Құран аяттарын жазу ісімен тек уахи жазушы сахабалар ғана шектелмеді. Басқалар да жазып жүретін. Пайғамбарымыз (С.А.С.) дүниеден өткен кезде Құран жазулы, әрі он мыңдай сахабаның көкіректерінде жаттаулы қалған еді. Олар сүрелердің түсу тәртіптерін басынан аяғына дейін білетін. Құран бүл уақытта әлі кітап түрінде жинақталмаған еді. Өйткені оның түсуі жиырма үш жылға созылып, уахидың тоқтап-тоқтамағаны белгісіз болды.
Әділетті төрт халифаның алғашқысы Әбу Бэкірдің кезінде болған Ямама шайқасында қарилардың көбісі шәһид болды. Сондықтан сахабалардың қолдарындағы жазулы әрі көкіректерінде жаттаулы Құран кітап түрінде жинақталып, Пайғамбарымыздың әйелі Омардың қызы Хафса анамыздың үйінде сақталды.
Ал, үшінші болып халифа Османның кезінде Ислам халифатының аумағы Исламның таралуымен кеңейіп, Исламға араб емес халықтар да топ-тобымен кірген еді. Сахабалардың көпшілігі әлемнің түкпір-түкпіріне тарай бастады. Олардың әрқайсысы Құранды Пайғамбардан (с.а.с.) үйренген қирағатпен оқитын. Біреуінің қирағаты екіншісінен өзгеше болатын. Әркім Пайғамбардан (с.а.с.) үйренгендіктен, өзіндегі қирағатты ғана дұрыс көріп, Құранның Аллаһ тағаладан жеті түрлі қирағатпен түскендігін жете біле бермейтін. Сондықтан олар өзара кайшылыққа түсіп, араларында түсінбеушіліктер пайда бола бастағанын естіген Осман сахабалармен кеңес өткізеді. Сахабалар кеңесі адамдарды бір қирағаттағы Құранға үйрету керектігін шешеді. Осман Хафсадағы Құранның колжазбасын алып, оның көшірмесін жасатып, түпнұсқаны Хафсаға қайтарып береді. Осыдан кейін Осман оның бірнеше нұсқасын жасатып, біреуін Мәдинада қалдырады да, қалғандарын Сирияға, Йеменге, Мысырға, Иракқа жібереді. Аллаһ тағала тарапынан түскен кітаптың жағдайын мұсылмандар осылайша қамдаған. Кейін Құранның төңірегінде тажуид, қирағат, тәпсір сияқты ілімдер дамыды.
Құран Кәрімнің тәпсіршілері көбейді. Олардың ен алғашқыларының бірі - имам эт-Табари.
Құранның бөлек-бөлек болып түсуінің кейбір хикметтері:
-- Пайғамбарымыздың (с.а.с) жүрегіне тоқтау салып, оның жан дүниесін бекіту, көңіліне қуаныш кіргізу үшін.
-- Пайғамбарымызға (с.а.с.) рухани күш-жігер беріп, өзінің елшілік міндетін қалтқысыз орындауына көмектесу, қамыққан кездерде жұбатып отыру.
-- Құран сүрелері мен аяттар сахабалардың көкейлеріне тез қонып, көкіректерінде жеңіл жатталуы үшін қажет. Себебі кептеген сахабалар ол кезде жазу-сызуды, оқуды білмейтін еді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Имандылық туралы
Имандылық – бақыттың шыңы
Сабуни іліміндегі таным және оның маңызы мен мәні
Исламдағы ағымдардың шығу себептері
Діни экстремимнің пайда болуымен теориялық негіздері
Әлемдік дін
Ислам діні туралы жалпы мағлұмат
Сабуни ілімінің негіздері, ислам теологиясының ерекшеліктері
Исламдағы қиямет – қайым
Имам Матуриди және Имам Ашари көзқарасындағы негізгі айырмашылықтарға талдау жүргізу
Пәндер