АЛЛАҺУ ӘКБАР айту мәні



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
АЛЛАҺУ ӘКБАР! ДЕП АЙТУДЫҢ МӘНІ
дайындаған: Азамат Махыпбекұлы
Құдіретті Күшті Ұлық Аллаһтың бұл ұшы-қиыры жоқ әлемді жаратуы үлкен даналық пен шексіз үйлесімділікке толы. Жоғарыдан төмен қарай жеті қат көк пен жеті қат аспан өзара біте қайнасып, Аллаһтың ұлылығын паш етіп тұрады. Бейне бір жіптің бойына тізілген моншақтай аспан денелері мүлгімей айналып тұрса, жер беті де өзінің тұрмыс-тіршілігін бір сәт болса да доғарар емес. Әр нәрсе өз қызметін біліп, тіршілік деген ағыммен ағып, Аллаһтың ұлықтығын әркез дәлелдеп тұрады.

Жаратушымыз Аллаһ бұл әлемді жаратып, осының бәріне басшы етіп адамды сайлаған. Бұған Құрандағы Аллаһтың: Әрине, мен жерде бір орынбасар жаратамын ,-деген сөзі айғақ болады. Көбіміз күйбеңдеп жүріп, бұл дүние үшін тер төгіп, бізге артылған міндеттің толық мәнісін түсіне де бермейтініміз хақ. Ал енді адам баласы осындай ұлы міндетті өз мойнына алғанда тайраңдап жүре беруі орынды болар ма? Әлбетте олай болуы ақылға қонымсыз. Бәлкім әр нәрсенің өз мақсаты бар. Ал адамзаттың жаратылуындағы мақсат-осы қоршаған айналаны ұғынып, Аллаһтың құдіретіне толық иланып, Оған құлшылық жасау. Шын мәнінде адамдар мен жындарды тек қана Маған құлшылық қылулары үшін жараттым . Ондай болса соқыр-мылқау тастар мен ессіз жануардан бөлек етіп, үлкен қызметті мойнымызға жүктеп, жердің падишасы етіп жаратқан Ұлы Аллаһқа мадақ айтып, Аллаһу әкбар,-деп, Оны ұлықтағанымыз жөн болар. Құрсақта қауқарсыз болғанымыздан бастап, ентелеп қабірге жеткенімізше тәрбиелеп, бағып-қағып, ризығын аямай төгетін Аллаһқа мақтау айтайық.
Осы жерде сәл кідіріс жасап, бір маңызды мәселеге назар аударсақ артық болмас. Жастайымыздан Аллаһу әкбар деген сөзді көп естіп, намаз оқу барысында да жиі қолданамыз. Адам дәрет алып, жүзін құбылаға бұрып, намазын бастарда ең алдымен Аллаһу әкбар деп, тәкбиратул ихрам айтады. Бұл үлкен мағынаға ие сөздің тілге жеңіл, Қияметте салмағы ауыр екеніне ой жүгіртіп көрдіңіздер ме? Әр адам күніне қанша рет Аллаһу әкбар деп айтатынын санап байқайық.
Біле білсек, біз әр рәкағат намаздың өзінде алты рет Аллаһу әкбар деп айтады екенбіз. Аллаһу әкбар дегеніміз Аллаһ ең ұлы деген мағынаға жақын. Осылай күніне жүздеген мәрте Аллаһты ұлықтаймыз, ал соның мәні неде екеніне үңіліп көрдік пе?
Құран және Пайғамбар (с.ғ.с) хадистеріне сүйеніп көрсек, Аллаһты ұлықтау бес нәрседе көрініс табады екен.
1. Аллаһ барлық нәрселерді жаратуда өте ұлы.
2. Барлық іс, амал, құлшылық тек оған лайықтылығында өте ұлы.
3. Аллаһ өзінің есімдері мен сипаттарында өте ұлы.
4. Аллаһ тыйым салу мен бұйрық беруде ең ұлы.
5. Аллаһ тағдыр белгілеуде өте ұлы.
Біріншіден: Алла барлық нәрселерді жаратуда өте ұлы дедік. Бұны қалай түсінеміз? Жан жағымызға назар аударсақ, Аллаһтың жаратушылығында шек жоқ екені тайға таңба басқандай айқын байқалады емес пе?! Бір майталман суретші сурет салып, оны көрмеге қойғанында, көз жанарын алатындай шеберлігін тілге тиек етіп, тамсанамыз. Ал енді әлгі сурет ішіндегінің бәрін де тірі етіп жаратқан ұлы Аллаһтың осынау суреті мен шеберлігіне неге таң қалмасқа?! Тірі жануарларды, шиқылдаған құстар мен жайқалған өсімдіктерді жаратқан Аллаһ ұлы емес пе? Осының бәрін көріп қалай ғана Аллаһты ұлықтамасқа? Адамды ең әдемі келбетте жаратып, ризығын үзбей жеткізіп, өзі тамақтандырады. Расында адамзатты көркем бейнеде жараттық. Ана құрсағындағы нәрестенің өзіне үзбей қорек жеткізіп тұрушы кім? Жаратушылығында шебер екенін тағы бір дәлелдегендей, баланың қорек көзін кіндік етпеді ме? Аллаһ ұлық!
Ақыры уақыт жеткен соң, бала шыр етіп, дүние есігін айқара ашқанында кіндігі кесіліп, қорек көзінен айрылған бейшара бала жылап, бейне бір: Ей, Ұлы Аллаһым! Ол мен тамақтанатын жалғыз ғана қорек көзі еді ғой. Оны менен қалай ғана алып қоймақсың?-дегендей. Алайда әр нәрсені даналығымен басқаратын ұлы Аллаһ, оған сүтке толы ана омырауын береді. Ал осындайдан кейін, бір қорек көзін екеу еткен Аллаһты қалай ғана ұлықтамасқа?!
Арада біраз уақыт өтеді. Бала емшектен шығып, тағы жылап: Ей, Аллаһым! Мені қалай ғана аш қалдырмақсың?-дегенінде Ұлы Аллаһ оған отыз екі тісті беріп, қояды. Аллаһтың ұлылығы мен даналығында шек жоқ. Алла шынымен де жаратуда ең шебер, ең ұлы. Аллаһу әкбар!
Екіншісі, Аллаһ барлық іс, амал, құлшылық тек оған лайықтылығында өте ұлы. Ең алғаш Құран түсе бастағанын еске түсіріп көрейік. Айша анамыздан жеткен хадисте, пайғамбар (с.ғ.с) Хира үңгірінде болғанында, оған періште келіп: Оқы!-дейді. Пайғамбар (с.ғ.с) оқу білмейтіндігін айтады. Осыдан кейін сүрелер түсе бастап, ол кісіге пайғамбарлық қона бастаған. Уақыт өтіп, келесі ретте Мүдәссір сүресі түседі. Бұл сүренің үшінші аятын алып қарасаңыздар Раббыңды ұлықта,-делінген. Ғұламалар бұл аятты: Раббыңды ұлықтап, оның жалғыздығын ұлықта,-деп түсіндіреді. Себебі құлшылық атаулының барлық түрі тек оған лайық. Аллаһты мадақтап, Оған деген ризалығымызды білдірудің негізі-құлшылықта.
Құлшылық демекші, осы құлшылық сөзін дұрыс түсінеміз бе? Бірі осы сөзді ести сала етек-жеңін тартып алып, бас сауғалайды. Құлшылық дегенде мүлдем дүниені тәрк етіп, бұл дүниемен байланысты үзу деп біледі. Бірі болса құлшылық дегеніміз тек қана намаз бен оразада деп ойлайды. Енді біреулері ниетің таза болса болғаны деген ұранды ұстанады. Демек, осы орайда құлшылықтың не екенін бір ауыз сөзбен түсіндірер болсақ, құлшылық дегеніміз-Аллаһ жақсы көріп, соған риза болған кез-келген іс болып табылады. Қасиетті Құран мен Аллаһ елшісінің (с.а.с) сүннетінде келген қайбір іс амалды Аллаһ жақсы көрсе, соны атқару-құлшылық, ал енді Ол жеккөрген нәрсенің бәрі де бойұсынбаушылық пен кеудекерушілік, Аллаһым сақтай гөр!
Ал осы құлшылықтардың ішіндегі ең абзалы-намаз. Намазға сақ адам-Аллаһ тарапынан да сақтау алады. Себебі намаз-ризықтың келуіне, денсаулықтың дұрыс болуына, жамандықтан аулақ жүруге, жүректі аман сақтауға, ниетті дұрыстап, жүзімізді нұрландырып жүруге, еріншектікті кетіруге, ыждаһаттылық пен ынтаны күшейтуге, рухымызды азықтандыруға, берекеттің орнығуына, нығметтің толастамай келуіне, аурудың жоламауына, шайтаннан алыстауға, Аллаһқа жақындауға бірден бір себеп. Аллаһ тағала бізді адасудан сақтап, елшісін жіберіп, намаздың қалай оқылатынын, құлшылық қалай жасалатынын көрсетті. Ондай болса бәрін тастап, жүзімізді құбылаға жөнелтіп, Аллаһу әкбар деп ұлықтауымызға не кедергі? Құлшылық жасау нығметінен дәм таттырған Ұлық Аллаһқа мадақ айтайық.
Мүдәссір сүресінің Раббыңды ұлықта деген аятынан кейінгі Уарружза фәһжур деген аятты, Ибн Аббас: Ружз дегені-пұттар, фәһжур дегені-аулақ бол деген сөз,-деп түсіндірген. Яғни, таза бір құдайшылық, таухид. Құранның алғашқы түсе бастаған аяттарынан-ақ біз ол Аллаһтың құлшылыққа лайық екенін байқаймыз.
Ойымыз тиянақты болуы үшін Ибраһим (а.с)-ның оқиғасын алып қарайық. Ол кісінің заманында халық пұттарға табынады екен. Ғибадатханаларында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ислам діні
Намаздың маңыздылығы
Намаз оқып үйренейік
Намаздың ішкі және сыртқы парыздары
Фикх-ул-әкбардан үзінді
Құран мен намаздың парызы
Туристік бизнес жайлы
Құрбан айт – ұлттық мереке
Қажылық
Қазақтың діни мерекелері
Пәндер