АТА - АНАНЫҢ ИСЛАМДАҒЫ ОРНЫ
АТА-АНАНЫҢ ИСЛАМДАҒЫ ОРНЫ
әзірлеген: Илияс Сырым (жорналшы)
Адам өмірінің мәні мен сұлулығы, өз келешегіне сенімділігі -- оның ата-анасын ардақ тұтып, перзенттік парызын бір сәтке де есінен шығармауында. Бұл -- жас ұрпақтың мәдениеттілігінің, әдептілігінің ғана емес, ең алдымен адамгершілігінің де белгісі. Ата-анасы о дүниелік болғаннан кейін де олардың рухы алдындағы міндетін ұмытпаған бала ғана өзінің перзенттік міндетіне адалдық таныта алады.
Шынында да, өз ата-анасын құрметтемейтін, перзенттік парызын өтемейтін, әдептілік, кішіпейілділік көрсете алмайтын, оларға деген сүйіспеншілік сезімнен жұрдай баладан не үміт, не қайыр?
Халқымызда: Адам ұрпағымен мың жасайды деген қанатты сөз бар. Сондықтан Аллаһтан тілеп алған перзенті дүниеге келгенде жүрегі жарыла қуанған. Баламның табанына кірген тікен менің маңдайыма кірсін -- деп аялап өсірген. Жас сәбиі ауырып қалса, не оған басқа да бір қауіп төнгенде: Өзімді алып, баламды аман қалдыр! -- деп Жаратушыға жалбарынған. Балалары үшін өздерін құрбан етуден де тайынбаған.
Ата-ана ризалығын алу -- әдептіліктің негізі. Әкелік, аналық және туысқандық сезімдердің адам жанына ықпалы - өте зор. Бұл сезімдер бір-бірімен тығыз байланысатын болса, мүшелері мықтап байланған отбасы қалыптасады.
Аллаһ Тағала ата-ананы жоғары орынға қойды. Әрбір адамға ата-анасын құрметтеуді, оларға жақсылық етуді, сыйлауды парыз етті. Аллаһ Тағала Исра сүресінің 23 аятында: "Раббың Өзіне ғана ғибадат етулеріңді және ата-анаға жақсылық істеуді әмір етті...", - деген.
Зайырлы атеистік негізінде құралған коммунистік немесе капиталистік қоғамдағы отбасы өміріне назарсалсақ, отбасы мүшелерінің өзара байланысы өте әлсіз. Көптеген отбасыларда балалар әке-шешелеріне тілазарлық қылады, дауыстарын көтеріп сөз қайтарады, тіпті қол жұмсайды. Алайда бұның себептері әкелер мен шешелердің тәрбиесінде екендігін де ұмытпаған жөн. Қазіргі қоғамда көптеген әке мен шешенің арасын тек төсек немесе дүние табу мақсаттары ғана байланыстырады. Осының кесірінен балаларының тәрбиесіне де көңіл бөлулері шамалы. Олардың бала тәрбиесі таңертең балаларын балабақшаға апарып тастап, кешке үйлеріне алып қайтумен шектеледі.
Ислам діні ата-аналарға өз балаларына жақсы тәрбие беруін өсиет етеді. Ал, балаға ата-анасын құрметтеуін және оларға бойсұнуын бұйырды. Саналы бала өзінің рахаты үшін әке-шешесінің қанша түндерді ұйқысыз өткізіп шаршағанын бір сәт те есінен шығармай, оларды өмір бойы қадірлейді.
Осындай игі мақсаттар амалға асу үшін Ислам әке-шешенің алдындағы міндеттерді екінші орынға, яғни Аллаһтың алдындағы міндеттерден кейін қойды. Құранда Аллаһ Тағала: Аллаға құлшылық етіңдер. Әрі Оған ешкімді серік етіп қоспаңдар. Және әке-шешеге жақсылық қылыңдар және туысқандарға да, - деп бұйырады ән-Ниса сүресінің 36 аятында.
Аллаһ тағала ата-ана мен туысқан алдындағы міндеттерді көптеген аяттарда баяндады. Аллаһтың елшісі (с.а.с.) әке-шешені сыйлауды, қадірлеуді - амалдардың ең абзалы деп түсіндірген.
Расулуллаһ с.ғ.с. ата-анаға жақсылық істеу жайында бір қызық оқиғаны айтты: "Ертеде ата-анасын өте жақсы көретін, оларға тек жақсылық істейтін, түсі игі қойшы болыпты. Күндердің күнінде ол екі адаммен бірге сапарға шығады. Үшеуі жолда келе жатқан уақытта кенеттен қатты жаңбыр жауып, күшті жел соғады. Олар жаңбыр мен желден тығылып, сол маңайдағы үңгірді паналайды. Кенеттен таудың үстінен бір үлкен тас түсіп, үңгірдің аузын жауып қояды. Сонда олар сасқалақтап: "Осы жерде опат боламыз", - деген ойға келеді. Сонда олардың бірі: "Бізді бұл жағдайдан тек ізгі амалдарымызды еске алып, дұға етуіміз құтқара алады", - дейді. Сөйтіп олар істеген ең жақсы амалдарын айтып, Аллаһ Тағалаға құтқаруын тілеп, жалбарына бастайды. Сонда қойшы: "Я, Аллаһ Тағала! Менің қарт ата-атанам болатын. Әр күні кешке мен сауылған сүтті балаларыма бермей, алдымен соларға беретінмін. Бірде кешігіп келсем ата-анам ұйықтап қалыпты. Оларды оятып, мазалағым келмеді. Қарындары аш балаларым жанымда жылап жатты. Сонда да болса алып келген сүтті ата-анамнан бұрын балашағама беруді қаламай, сүт құылған ыдысты ұстаған күйде тағ аттырдым. Таңертең ата-анам оянғаннан соң, сүтті алдымен соларға бердім. Я, Аллаһ Тағала! Осыны Сенің разылығың үшін істеген болсам, бізді ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz