БЮДЖЕТТІК ИНВЕСТИЦИЯЛАР
әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Экономика және бизнестің жоғары мектебі
Қаржы кафедрасы
СӨЖ
БЮДЖЕТТІК ИНВЕСТИЦИЯЛАР
Орындаған: Құранбекова А.С
Тексерген: Дарибаева М.Ж
Группа: Ф07К3
Алматы, 2010
Бюджеттік инвестициялар түсінігі, оның жіктелуі. Бюджеттік инвестицияларды жоспарлау мен іске асыру принциптері және кезеңдері
Қазіргі кезеңде экономикалық дамушылық жаңа кәсіпорындар құру мен әрекеттегілерді модернизациялаусыз, жаңа техника мен технологияларды игерусіз, өндірістің көлемі мен табыстылық деңгейін ұлғайтусыз мүмкін емес. Ал бұлардың барлығы ұзақ мерзімді қаржылық құралдар - инвестицияларды - салуды талап етеді. Мемлекет инвестициялық процестерді реттеу мен қаржылық салымдардың басымды бағыттарын анықтау үшін дәйекті шаралар қабылдайды. Сондай реттеу шаралары ретінде бюджеттік инвестициялар механизмін пайдаланады.
Бюджеттік инвестициялар - ол экономика тиімділігін, өнім мен ұлттық табыстың жанама өсуін жоғарлату түрде экономикалық пайда алу мақсатымен әр түрлі жобаларды қаржыландыру. Бюджеттік инвестициялар ең алдымен адамды дамыту мен табиғат ресурстарын жаңғырту және мемлекеттік активтер құнын ұлғайтуға бағытталады. Олар бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру мен заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру мен ұлғайтуға қатысу арқылы іске асырылады.
Бюджеттік кодекске сәйкес инвестициялық жобалар республикалық және жергілікті инвестициялық жобаларға бөлінеді. Инвестициялық жобалардың осылай бөлінуі меншік түрі мен пайда алушы критерийлерге байланысты. Егер бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыру нәтижесінде алынған мүлікке республикалық меншік құқы шықса, онда мұндай жоба республикалық инвестициялық жоба деп жіктеледі. Егер меншік құқығы коммуналдық болса, онда - жергілікті бюджеттік инвестициялық жоба болады.
Егерде бюджеттік инвестициялық жобаны іске асырудан түскен экономикалық пайданың алушысы болып екіден астам аймақтар табылса, онда мұндай жоба республикалық инвестициялық жобаларға жатады, ал пайданың алушысы бір аймақ болса, онда ол жоба жергілікті бюджеттік инвестициялық жоба болады.
Осы критерийлер бойынша жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаларда облыстық, аудандық, қалалық болып жіктеледі. Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар жергілікті бюджет құралдары арқылы қаржыландырылады және оларды жергілікті атқарушы органдар іске асырады. Республикалық инвестициялық жобаларды орталық мемлекеттік органдар іске асырады және олар республикалық бюджет құралдары арқылы қаржыландырылады.
Бюджеттік инвестицияларды жоспарлау мен іске асыру тұрақтылық және өзара толықтырулық, сәйкестік және дәйектілік принциптердің талаптарына негізделеді. Бірінші принцип - барлық бағдарламалық және жоспарлық құжаттар тұрақты және бір-бірін өзара толықтыруын талап етеді. Екінші принцип-мемлекеттік органдардың (лауазымды тұлғалардың) барлық қабылданатын шешімдері дәйектілік сипатта және әрекеттегі мемлекеттік инвестициялық саясатқа сәйкестікте болуына маңыздалады.
Бюджеттік инвестициялық жобаларды нақты жоспарлау және ұйымдастыру үш кезеңмен жүргізіледі:
1. Бюджеттік инвестициялық ұсыныстарды таңдау және қалыптастыру;
2. Бюджеттік инвестициялық жобаларды таңдау және дайындау;
3. Басымды бюджеттік инвестициялық жобалар тізбесін қалыптастыру және бекіту.
Бірінші кезеңде жоспарлап отырған бюджеттік инвестициялық жобаның мақсаты мен оны орындау стратегиясы, құрылымы мен шамалық құны зерттеледі. Экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бюджеттік бағдарламалар бойынша келісімділік жүргізу сатысында инвестициялық ұсыныстарды бағалап таңдау жасайды. Жалпы бұл кезеңді бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктері орташа мерзімді мемлекеттік, салалық және аймақтық бағдарламалар дайындау барысында іске асырады.
Екінші кезеңде бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктері бюджеттік инвестициялық жобаларға техникалы-экономикалық дәйектеме дайындауды ұйымдастырады. Содан кейін жоба экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес экономикалық сараптамадан өтеді. Эксперттік тұжырымдар негіздерінде осы уәкілетті орган бюджеттік инвестициялық жобалар таңдауын іске асырады. Таңдаған жағдайда олар басымды бюджеттік инвестициялық жобалар тізбесіне енгізіледі.
Басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесін қалыптастыру және бекіту. Инвестициялық жобаларды іске асыру және олардың мониторингісі мен тиімділігін бағалау
Жоспарлаудың үшінші кезеңінде республикалық және жергілікті басымды инвестициялық жобалардың тізбесін қалыптастыру мен оларды бекіту іске асырылады. Бұл тізбе елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының орташа мерзімдік жоспарының құрамында және бір уақытта үш жылдық мерзімге экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдармен жыл сайын жасалады. Мұндай тізбе барлық деңгейдегі бюджеттерді құру барысында даму бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру көлемі мен түрлерін анықтауға қажет. Басымды бюджеттік инвестициялық жобалар тізбесін қалыптастыру тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметімен анықталады.
Тізбеге, біріншіден, өз мақсаттарымен мемлекеттік инвестициялық саясатқа сәйкес, екіншіден, бекітілген техникалы-экономикалық дәйектемесі бар жобалар кіруі мүмкін. Осы талаптарға сәйкес бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктері экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдарға тапсырыс ұсынады.
Осы тапсырыстар негізінде уәкілетті органдар басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесін қалыптастырады және оны қарауға тиісті бюджеттік комиссияға ұсынады. Тізбені қолдаған жағдайда бюджеттік комиссиялар оларды қаржыландыру көздері мен механизмін және сол жобаларды қаржыландыруға бағытталатын бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктерін анықтайды. Басымды бюджеттік инвестициялық жобалар әлеуметті-экономикалық даму орташа жылдық жоспарымен қарастырылған мемлекеттік, салалық және аймақтық бағдарламалар құрамында бекітіледі.
Бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруын бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктері жұмыс тізбесі, қаржыландырудың көлемі мен мерзімі көрсетілген арнайы кесте бойынша жүргізеді. Экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар тиісті бюджеттік инвестициялық жобаларды орындауына мониторинг пен тиімділігін бағалауды іске асырады. Жобаларды орындауының мониторингісі бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктері мен бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдар ұсынатын ақпараттар негізінде жасалады. Оған қажетті ақпараттарды ұсыну формасы мен мерзімін экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейді.
Бюджеттік инвестициялар тиімділігін бағалаудың мақсаты болып мемлекеттік инвестициялық саясатты қалыптастыру мен іске асыру жөнінде ұсыныстар өндіру және оларды жоспарлауын жетілдіру табылады. Бағалау шығындардың нақтылық және жоспарлық көлемін, инвестицияларды іске асырудан күткен және алынған нәтижелерін салыстыру әдісі мен факторлық талдау әдістерін пайдалану негізінде жүргізіледі. Бюджеттік инвестициялар тиімділігін бағалау бойынша есеп берудің мазмұны, оларды тапсыру мерзімі, орындаушылар мен ақпарат қолданушылар заңнамалық және нормативтік актілерде белгіленеді.
Әр түрлі мемлекеттік ұйымдарына тауарлар жеткізу, жұмыстар орындау мен қызметтер көрсетуді қаржыландыру үшін бюджеттік несиелер және инвестициялармен қатар гранттар пайдаланылады. Гранттар - ол донорлармен көрсетілетін ақысыз қаржылық немесе техникалық жәрдем. Донорлар ретінде болуы шетел мемлекеттері, халықаралық ұйымдар, шетелдік қоғамдық Үкіметтік емес ұйымдар мен қорлар мүмкін, егерде олардың іс әрекеттері Қазақстан Республикасының заңнамаларына қайшы келмесе.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҚОРЫ.
Орындаған: Құранбекова А.С
Тексерген: Дарибаева М.Ж
Группа: Ф07К3
Алматы, 2010
Мемлекеттің қаржы жүйесіндегі Ұлттық Қордың ролі мен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz