Ұлы жасақ — Шыңғысхан тағайындаған заңдар кодексі


Ұлы жасақ - Шыңғысхан тағайындаған заңдар кодексі.
Ұлы жасақтың кейбір баптары:
- Нәпсіқұмар, оның әйелі бар-жоқтығына қарамастан, ешбір ерекшеліксіз өлім жазасына кесіледі.
- Кімде-кім қасақана өтірік айтса, біреудің ізіне түсіп аңдыса немесе келіспей тұрған екеуінің біреуіне барып жақтасса, ол өлім жазасына кесіледі.
- Кім суға немесе күлге дәрет алса, ол да өлім жазасына кесіледі.
- Кім тауар алып, ақысын қайтара алмаса, тағы да тауар алып, ақысын қайтара алмаса, ол үш мәртеден соң өлім жазасына кесіледі.
- Кім тұтқынға рұқсатсыз тамақ пен киім берсе, ол өлім жазасына кесіледі.
- Кім қашқан құлды немесе тұтқынды тауып алып тұрып, иесіне қайтармаса, өлімге бұйырылады.
- Кімде-кім ас ішіп жатқан адамдардың қасынан өтсе, аттан түсіп, олармен бірге ауқаттануы тиіс, ал аналар бұған қарсылық көрсетпеуге міндетті.
- Әбу Әлидің ұрпақтары мен үрім-бұтағы, сол сияқты Құран оқушы факирлер және заңгерлер, емшілер, ғұлама ғалымдар, дәрәуіш-кезбелер, азаншылар алым-салықтардан азат етіледі.
- Әскерлер соғысқа кеткенде, әйелдер ерлердің жұмысын істеуі міндетті.
- Егер әмірлердің бірі кінәлі болып, қаған жаза қолдану үшін оған шені ең төменгі қызметкерді жіберген күннің өзінде ол қарсыласпай, хан бұйырған жазаны құлдық ұра қабыл алуы тиіс.
- Әрбір адам діндердің кез-келгенін құрметтей білуге тиісті.
- Мемлекет ішіндегі жай-жағдаяттардан дер кезінде хабардар болып отыру үшін нояндар мен сұлтандар байланыс жүйесін жолға қоюға міндетті.
- Кісі өлтірген қылмысы үшін мұсылманға қырық алтын теңге (балаш), қытайлыққа бір есек түрінен құн төлеп құтылуға рұқсат етіледі.
- Кімнен ұрланған жылқы табылар болса, ол атты иесіне тоғыз жылқы қосып қайтаруға міндетті.
- Кәнизактан туған балалар заңды болып есептелінеді һәм әкесінің бұйрығы болған жағдайда дүние-мүліктен енші алуға құқылы. Дүние, мүлікті бөлу былайша жүзеге асырылады: жасы үлкеннің үлесі де үлкен, кішісі әке шаруашылығын иемденіп қалады. Балалардың үлкенді-кішілі жолдары олардың шешелерінің жол-жоралғысына қарай анықталады. Әйелдердің жол реті некеге тұру уақытына орай белгіленеді.
- Әкесі өлген жағдайда оның мұрасына баласынан басқа адамның қақысы жоқ.
- Ешкімнің де нояндар мен сұлтандар және басқа да шонжарлардың Жалпы кеңесте алдын-ала сайлауынсыз қаған жариялануға құқы жоқ. Мұндайда өлім жазасына бұйырылады.
- Хан тұқымынан бөтен былайғы жұрттың құрметті лауазымға ие болуға қақысы жоқ.
Ұлттық тарихымыздың бастау көздері
“Күлтегін” баспасынан шыққан “Орхон ескерткіштерінің толық атласы” атты кітап туралы толғаныс
Соңғы 15-20 жыл көлемінде идеологиялық өктемдіктен ада, жаңа ұстанымдар мен құжаттарға бай тарихи еңбектерге деген сұраныс жоғары деңгейде қалып отыр. Бүгінгі күнде де тиянақты тарихи зерттеулерге қызығушылық бәсеңсіген жоқ. Әсіресе, халқымыздың көне тарихына арналған жұмыстарға деген көпшіліктің ынтасы ерекше. Мұндай қызығушылықтың сырын немен түсіндіруге болады? Көне дәуір тарихынан кеңестік жылдары да Ә. Марғұланның, К. Ақышевтың, О. Ысмағұловтың іргелі зерттеулері жарық көріп еді ғой. Біздің ойымызша, бұл ынта - қоғамымыздың, мемлекетіміздің дәл бүгінгі түбегейлі өзгеру кезеңінен туындап отырған рухани құбылыс. Яғни, біріншіден, еркін ойлау мүмкіндігіне ие қоғам шынайы өткенін білгісі келеді. Бұған дейінгі саяси жүйеде ұлттың өткен тарихы, оның барлық кезеңдері мен іргелі мәселелері бұрмалауға ұшырағаны құпия емес. Мәселен, мектеп оқулықтары мен зерттеу еңбектерінде жас буын мен көпшілік оқырман санасына қазақ халқының арғы тегі - “түркі тайпалары бұл жердің автохтонды (жергілікті) тұрғындары болған емес, ал сақтар болса өзге мәдениет пен текке тән жұрт” деген мағынадағы тұжырымдар сіңірілді. Қазақ тарихын, әсіресе оның көне кезеңдерін баяндау мен түсіндіруде тарихи сабақтастыққа негізделген нанымды логикалық жүйе болмады, керісінше, өзара байланысы жоқ, үзік-үзік баяндауларға басымдылық берілді. Ұлттың өзін-өзі өткен тарихы арқылы тану ісіне жол бермейтін мұндай “ғылыми” әдістер отарлаушы империяға, оның идеологиялық аппаратын басқарып отырған күштерге қажет-ақ еді.
Ғылымдағы түрлі концепцияларды қалыптастыруға тікелей ықпалы болған бұл идеологиялық ұстанымның салдары қазақ ұлтының тарихи танымынан анық байқалды: ұлт өзін өркениеттік құндылықтар жаратқан субъект ретінде сезінуден қалды, оның көңіліне өзінің этностық болмысына қатысты күдікті ойлар ұя сала бастады.
Ал мемлекеттік тәуелсіздіктің арқасында қазақ қоғамында мүлдем жаңа жағдай қалыптасты. Оны біз “жаңа рухани ахуал” немесе “жаңа рухани күй” деп атаған болар едік. Тұжырымдап айтқанда, оның мағынасы мынаған саяды. Заман талабына сай кезекті сапалы өзгерістерге мұқтаж ұлт өз өткенін қайта қорытуға ден қойды.
2005 жылы “Күлтегін” баспасынан Мырзатай Жолдасбеков пен Қаржаубай Сартқожаұлының “Орхон ескерткіштерінің толық атласы” аталатын көлемді (45, 0 б. т. ) кітабы жарық көрді. Оның ізін ала Қытай Халық Республикасындағы Шыңжаң халық баспасынан (Үрімжі) “Ежелгі Үйсін елі” атты еңбек (24, 5 б. т. ) дүниеге келді. Бұл екі басылым тұтастай алғанда жоғарыда айтылған пікіріміздің, яғни өткен тарихымызды рухани игілік ретінде қайта қорыту жолында тұрғандығымыздың нақты айғағы бола алады.
Мәселенің басын ашып қоялық, аталған кітаптардың соңғысы б. з. б. ІІ ғасырда өзегі Іле өзені сағасында орын теуіп, өзін қалыптасқан өркениетті қоғам ретінде көрші Хан империясына және басқа жұрттарға мойындатқан Үйсін мемлекетінің тарихына арналған. Кітапта көне қытайлық тарихи дерек мәтіндерімен (түпнұсқа және аударма) қатар бүгінгі қытай ғалымдарының зерттеу жұмыстары берілген. Ал алдыңғы кітапта б. з. VІ-VІІІ ғасырларында бүкіл әлемге Түрік қағанаты, яғни империясы ретінде танылған қоғамның тасқа қашалып жазылған мұраларының мәтіндері, олардың жаңа транскрипциясы мен аудармасы, ескерткіштердің археологиялық сипаттамасы, фото және сызба суреттері тұңғыш рет толық күйінде жарияланып отыр.
Көтерген жүгі соншама салмақты да мәнді бұл екі іргелі еңбек мазмұндық тұрғыдан өзара жақын, тіптен ортақ өзекті мәселеге арналған десе де болады. Өйткені, Үйсін мемлекеті мен Түрік қағанаты түрлі тарихи мезгілдер мен өзара іргелес кеңістіктерде өмір сүріп, артында терең із қалдырған біртұтас түрік этносының дамуы болып табылады. Аталған басылымдар, сөз жоқ, осы бүтін бір тарихи құбылысты өзара сабақтастықта әрі жаңа сапада қорытуға көмектеспек. Бұл еңбектердің бүгінгі тарихи таным үшін ең негізгі маңызы да осы атқарар міндетінде.
Осы екі басылымға бірдей қатысы бар тағы да бір мынадай жағдайды айта кетелік. Осыдан ғасыр астам мезгіл бұрын орта ғасырдағы түрік жазба ескерткіштері жөнінде пікір алысу басталғанда, олардың түрік этносына тәндігіне еуропалық ғалымдар сенімсіздік танытты. Ол жөнінде академик В. В. Бартольд: “Бүгін түріктік төркіні дәлелденген бұл жазулардың (сөз Енисей және Минусинск жазбалары жөнінде - авт. ) кілті табылар мезгілдің сәл алдында ғана ең таңдаулы түріктанушылардың бірі Радлов тас балбалдар түріктерге тән еместігіне иландыруға тырысты” деген пікірді білдіре келіп, кейінірек Моңғолиядағы Орхоннан табылған түрік ескерткіштеріндегі тура сол әріптермен тасқа қашалған жазуларды дат ғалымы В. Томсеннің қытай жылнамалары арқылы оқығандығын, сөйтіп ғалымдар қауымдастығы бұл жағдайды ғылыми факті ретінде мойындауға мәжбүр болғандығын жазады (Акад. Бартольд В. В. Сочинения. Т. 5. М., 1968, с. 426. ) . Анығырақ айтқанда, қытай дерек көздерінде Түрік қағандығының қайраткерлері Білге Қаған (734 ж. көз жұмған) мен оның бауыры Күлтегіннің (731 ж. көз жұмған) есімдері аталып, қызметі баяндалғаны мәлім болған соң түрік өркениетіне, оның жазба ескерткіштеріне көзқарас түбегейлі өзгеріске ұшырай бастайды.
Тарих тағылымы тағы алдымыздан шығып отыр. Осы баяндалған үрдіске ұқсас жағдай енді, міне, б. з. б. соңғы мыңжылдықтың екінші жартысы мен б. з. ІV ғасыры аралығында өмір сүрген Үйсін мемлекеті мен бүгінгі қазақ этносы арасындағы сабақтастық байланыс мәселесіне орай қайталанғандай сыңай танытуда. Б. з. б. Хань империясының батыс бетіндегі Орталық Азия кеңістігін мекен еткен халықтар жөніндегі қытай жазба мәліметтерінде Алатаудың солтүстік етегі мен Іле бойына қоныстанған у-сунь жұрты жөнінде айтылады. Соңғы жылдарға дейін осы көне халықтың этностық тегі жөнінде айтыс толастамай келеді. Дискуссияға қатысушы ғалымдардың бір жағындағылары усундарды индоеуропалық иран тілді халықтар тобына жатқызуға бейімділік танытса, екінші жағындағылары түрік тілді жергілікті жұрт ретінде тануға басымдылық береді.
ХХ ғасырда Қытай Халық Республикасындағы гуманитарлық ғылымдар саласында қалыптасқан “үйсінтану” бағытының бүгінгі аяқ алысы жоғарыда баяндалған ғылыми пікірталасқа нүкте қоятын сыңайы бар. Осы бағыттағы ғылыми ізденістердің бүгінгі күнге дейінгі жиынтығы есебінде жарық көрген “Ежелгі Үйсін елі” кітабында қытай жылнамаларындағы “усун” мен қазақ тіліндегі үйсін этнонимінің бір мағына беретіндігі, үйсіндердің бір халық, ал көне үйсіндермен бүгінгі қазақ халқы арасында тікелей сабақтастық байланыс бар екендігі нақты фактілік негізде әрі дәлелді баяндалады.
Енді осы “Орхон атласы” мен “Ежелгі Үйсін еліне” ортақ тағы да мынадай бір жағдайға тоқталайық. Орхон-Енисей жазба ескерткіштерін оқу ісінде ұзақ жылдар бойы еуропалық және ресейлік ғалымдар белсенділік танытып келді. Бұл ретте біз еуропалық ғылымға қарыздармыз. Сонымен бірге “Орхон атласы” көне түрік ескерткіштерін оқу және бұл ескерткіштердің түрік өркениеті мен мәдениетінде алатын орнын байыптау ісінде отандық мамандардың ғылыми танымдық жаңа сапаға көтерілгендігін айғақтайды.
Өз ретінде көне тарихи ескерткіштерді оқу ісіндегі сапалық тұрғыдан жаңа бұл кезең не үшін керектігін түсіндіре кетейік. Томсен, Малов сияқты ғалымдар түрік жәдігерліктерін оқуда тыңнан жол салды. Бұл шынымен де ежелгі түрік мәдениетін тануда теңдесі жоқ ғылыми ерлік болатын. Сонымен бірге аталмыш ескерткіштерді оқу және қорыту ісінде сол ескерткіштердің заңды мұрагері болып табылатын бүгінгі түрік халықтарынан шыққан ғалымдардың бұл мәселені зерттеу ісіне араласып, пікір білдіруі қажет-ақ еді. Өйткені, түрлі тарихи дәуірлерде өмір сүрген бір этносқа тән буындар арасында жалпыэтностық мәселелерді ұғынуда генетикалық жад арқылы берілетін ішкі тылсым байланыстың болуы ғылымда мойындалған табиғи құбылыс.
Тарихи ескерткіштерге байланысты осы мазмұндағы қатынас Үйсін кезеңіне тиесілі тарихи мұраларды түсіну үшін де қажет екендігі даусыз. Өткен ХХ ғ. 80-ші жылдарынан “26 тарих” аталатын қытай жылнамаларындағы жалпы түрік және қазақ тарихына қатысы бар деректік материалдарды қазақ тіліне аудару ісі қолға алынды. Оған көне және жаңа қытай тілдеріндегі жәдігерліктерді оқу ісінде маманданған қандас бауырларымыздың кәсіби қалыптасып шығуы негіз болды. 2006 жылдан бастап “Жұңго тарихнамаларындағы қазаққа қатысты деректер” деген атпен даярланған көп томдық еңбектердің алғашқы екі томы қазақ тілінде елімізде жарық көрмек.
Жоғарыда Үйсін мемлекеті мен Түрік қағанаты өзара ішкі байланысы бар тұтас этностық мәдениеттің түрлі тарихи кітаптарда көрінісі екендігі айтылды. Олай болса біз пікір білдіріп отырған еңбектерде осы тарихи байланыс қандай деңгей және мазмұнда көрініс тапқан, енді осы тақырыпқа көңіл аударайық. Мақала көлемінің шектеулілігіне байланысты мәселенің көзге ұрып тұрған кейбір қырларына ғана тоқталуды жөн көрдік.
1. Ең алдымен, әрине, бұл аталған екі қоғамның да шаруашылық негізі бір болғандығы анық және ол дау туғызбайды. Б. з. б. ғасырдағы үйсін ауқаттыларының мал басы 4-5 мың жылқымен саналады. “Тарихи жазбалар” атты дерек көзінде: “ . . . Үйсін елі -жылқылы еді. Байларында 4-5 мың жылқы бар” - делінеді (Ежелгі Үйсін елі. Қытай деректері мен зерттеулер. Үрімжі, 2005, 189-б. ) . Ал Күлтегінге ас берілгенде оның төрт мың жылқысын, қазынасын, дүние мүлкін таратқан екен. Күлтегін кешенінде: “Күлтегіннің алтынын, күмісін, ақығын, дүние-мүлкін, төрт мың жылқысын, (ірі) қарасын (қағанның) айтуы бойынша Тұйғындар таратты . . . ”, - делінген (М. Жолдасбеков, Қ. Сартқожаұлы, “Орхон ескерткіштерінің толық атласы”. “Күлтегін” баспасы, 2005, 191-б. ) .
Бір ғажабы, арасында сегіз ғасырға жуық мерзім бар бұл екі қоғамда да жылқы малы, арғымақ ат, тұлпар - байлықтың, ерліктің, сұлулықтың, мәңгіліктің символы. Хан патшасына үйсіндер қалың малға мың жылқы айдатады. Ал қытай билеушісі үйсін жылқысын “Тәңір тау сәйгүлігі” атайды. Күлтегін жазуында “Күлтегін Байырқудың ақ айғырын мініп опыра шапты”, “Күлтегін боз қасқа ат мініп шапты” деген ғажап тіркестер кездеседі (“Ежелгі Үйсін елі”, 251-б. ; “Орхон ескерткіштерінің толық атласы”, 188-б. ) .
2. Үйсін қоғамы мен Түрік қағанатының шаруашылықтағы өзара сабақтастығы олардың материалдық және рухани мәдениетінен де анық байқалады. Үйсіндерде билеуші әулет қалыптасқан. Нығмет Мыңжанұлы “Ежелгі Үйсін елінде” деген көлемді мақаласында “Үйсін елінде бүкіл елді басқаратын өкіметтік ұйымы болды” деген тұжырым жасап, оның негізгі лауазым атауларын келтіріп, соңынан алғашқы күнбилер әулеті жөнінде мол мәлімет береді. Үйсіндерде жоғары билікте билер әулеті тұр. Би, билеу (властвовать) ұғымы осы үйсіндер заманында қалыптасқан. Сондай-ақ елін жинап, басын біріктіріп жақсы басқарған жоғарғы билік иесіне “ел” деген ұғымды тіркеп айту дәстүрі де осы тарихи мезгілде қалыптасуы әбден мүмкін. Мәселен, үйсіндер Нәнді бидің (б. з. б. 177 жылдан бұрын) баласын Елжау би (б. з. б. 177-б. з. б. 104 жылдар аралығы шамасында) атаған (“Ежелгі Үйсін елі”, 31-б. ) .
Аталмыш екі қоғамдағы ақсүйектерді жерлеу рәсімінде де ұқсастықтар байқалады. Үйсіндерде опат болған ақсүйекке Египет пирамидаларын еске салатын алып обалар тұрғызу салты қалыптасқан. Түрік қағанаты заманында алып обаларды алып тастарға қашалып жазылған жазулар (ұстындар) мен балбалдар ауыстырды. Соңғысы, әрине, негізі бір мәдениеттің жаңа тарихи сатыдағы көрінісі еді. Сондай-ақ бұл екі тарихи кезеңдердегі ескерткіштердің айтар ойы да өзектес болатын, яғни ішіне сауытты жасырған алып обалар мен мағыналы да астарлы сөздер қашалған алып ұстындар бұл екі дәуірдегі қоғамдардың жасампаз өмірге, болашаққа, тұтастыққа ұмтылысын айғақтауға тиіс болды. Араға мыңдаған жылдар салып біз де бүгін олардың ішкі сырын осы тұрғыдан қабылдаймыз.
3. Бұл екі қоғамның дүниетанымында да ортақ өзек анық байқалады. Күлтегін мәтінінде “Күлтегін қой жылы (731 - авт. ) тоғызыншы айдың он жетісі ұшты”, ал Білге қаған мәтінінде “Әкем-қаған елін (төрін) орнатып, ұша барды”, “Әкем - қаған ит жылы оныншы айдың жиырма алтысында ұша барды” деген сөздер бар (“Орхон ескерткіштерінің толық атласы”, 190, 191, 257, 261-б. б. ) .
Кітап авторлары мәтіндерде берілген бұл көрсетулерге байланысты “бұл айғақтар байырғы түріктер түсінігінде адамның тәні Жер-Анада қалып, жаны ұшып кетеді дегеннің дәлеліне саяды” деген тұжырымға келеді (сонда, 29-б. ) .
Адам өмірі мен өліміне қатысты осы көзқарас үйсіндерде де болғандығы байқалады. Үйсіндерден біз бұл көзқарастың, дүниетанымның бастапқы қалыптасу сәтін аңғарамыз. Жарық дүниеден қайтқан адаммен бірге оның мінер атының, жұмсар құлының, киер киім-кешегінің, сәнді бұйымдарының, тіптен ас ішер ыдыс-аяғының бірге жерленуі соның дәлелді көрінісі болса керек. Адам өмірден озды, бірақ біржола кеткен жоқ, яғни оның жаны ғана тәнін тастап, ұшып ғайып болған. Ұшып кеткен жанның о дүниеде тәнге қайта оралуы әбден ықтимал. Олай болса, опат болған құрметті кісінің екінші өмірінде керек болуы мүмкін көлігі, құлы мен қажетті түрлі заттары бірге жерленгені жөн.
4. Бұл екі қоғамның дүниетанымындағы ұқсастық, ортақ түсініктер олардың тотемдік сенімдерінен де көрінеді. Мәселен, Орхондағы Бұғыты кешеніндегі ұстынның бас жағына қасқырды еміп тұрған баланың кескіні бейнеленген. Бұл сюжет, әрине, үйсіндер заманынан, тіптен одан да арғы мезгілден келе жатқандығы даусыз (сонда, 48, 49-б. б. ) . Қытайдың “Хәннама” жылнамасындағы 61-бума 31 ғұмырнамадан мынадай көріністі оқимыз. “Ұлы нүкістер шапқыншылық жасап, Нәнді биді өлтіріп, олардың жерін тартып алыпты, халқы босып, ғұндарды паналапты. Жаңа туған нәресте күнбиді аталық Бозоқ ябғұ қалың шөптің арасына апарып жасырып қойыпты. Бозоқ оған азық алып қайтып келсе, сәбиді көк құртқа емізіп жатыр екен, ал ет тістеген қарғалар оны төңіректеп ұшып жүр екен” (Ежелгі Үйсін елі, 201-б. ) .
Көне түркілер қоғамын зерттеуші Ю. А. Зуевтің қытай дерек көздері мен зерттеушілерінің көрсетуіне сүйеніп 647 жылы Батыс Түрік қағаны Тан императорына алтыннан құйылған қарғаның мүсінін сыйлыққа тартады, ал б. з. б. 31 жылы Хан сарайы өзінің өкілі арқылы үйсіндерге Алтын Адамды (әрине, оның мүсінін - авт. ) сыйлады деген фактілерді келтіре отырып, “Подобное изображение найдено в районе города Иссык, Алма-Атинской области и приобрело теперь мировую известность”, - деп тұжырымдайды (Зуев Ю. А. Ранние тюрки: очерки истории и идеологии. А, 2002, с. 25, 29) .
Тарихи деректердің көрсетуіне сүйенсек, Алтын сауытты адам бейнесі негізіне алынған тарихи тұлға - түрік жұртын ауыр сәтте біржола жоқ болудан сақтап қалған аса ірі саяси қайраткер Елжау би. Өйткені, көне түрік аңызында аналық қасқырды еміп аман қалып, есейгенде елін қайта жинап, оны жаңа жайлы қонысқа жеткізген қайраткерлік іс осы қайраткердің қызметімен байланыстырылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz