Тектоникалық құрылымы және рельефінің негізгі ерекшеліктері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Еуразия құрлығы жан-жағын төрт мұхит-Солтүстік Мұзды мұхиты, Атлант, Тынық жəне Үнді мұхиттары шайып жатқан жердің ең үлкен құрлығы. Құрлық экватор мен 770 с. е аралығында орналасқан. Ең шеткі нүктелері -

Челюскин мүйісі (770 43! с. е. ),

Пиай мүйісі (1016 с. е. ),

Рока мүйісі (9034! б. б),

Дежнев мүйісі (169 40!б. б. ) ;

солтүстіктен оңтүстікке дейін -ең ұзын жері-8 мың км, ал батыстан шығысқа қарай-16 мың км-ге созылып жатыр. Еуразия құрлығына қарайтын кейбір аралдар құрлықтан қашық орналасқан. Шпицберген, Франц-Иосиф Жері мен Солтүстік Жер 800 солтүстік ендіктен жоғары орналасқан; ал оңтүстік жарты шардағы Малай архипелагының аралдары 110 о. е. дейін созылып жатыр. Атлант мұхитындағы Азор аралдары 280 батыс бойлықта орналасқан. Еуразия құрлығының көлемі, аралдарымен қоса есептегенде-53, 4 млн. км2, оның-2, 75 млн км2 аралдардың үлесіне тиесілі. Құрлық көлемінің үлкен болуынан табиғи жағдайы алуандығымен жəне күрделігімен ерекшеленеді. Еуразия шеңберінде дүние жүзінің екі бөлігі - Еуропа мен Азия орналасқан.

Тектоникалық құрылымы және рельефінің негізгі ерекшеліктері

Евразия материінің қалыптасуының күрделі тарихы оның табиғатының барлық компоненттеріне әсерін тигізді. Евразия үшін жер шарындағы белгілі тектоникалық құрылымдардың және рельеф типтерінің барлығы болуы тән. Өйткені жердің ең зор континентінің негізін құраған Европа және Сібір платформалары. Солардың төңірегінде Евразия материгінің одан әрі ұлғаюы байқалды, олар осы уақытта дейін өзінің тұтастығын және даму қалпын сақтаған. Басында бүтін болған Қытай платформасы кейін бөлшектенді, екі дербес платформалық учаскеге-Қытай-Корея және Оңтүстік Қытай суперплатформаларына бөлінді. Аравия және Үндістан платформалары бүкіл геологиялық тарих ішінде Евразияның қалған бөліктерінен тәуелсіз дамыды және оған біршама кейін қосылды. Олардың рельефінің қалыптасуына тектоникалық жандану үлкен роль атқарған.

Евразия материгінің ежелгі платформалары шегінде пайдалы қазбалардың едәуір қоры шоғырланған:архей және протерозой құрылымдары үшін темір, марганец, хром рудаларының бар болуы тән. Үндістан платформасының жер қойнауында алтын, алмас және асыл тастар бар. Платформалардың ежелгі кристалды ядросы көптеген құнды өңдеу материалдары болып есептеледі. Европа платформасы шөгінді жамылғысының жыныстарында мұнай мен тұз бар. Үндістан платформасының Гондвана сериясымен тас көмірдің ірі кен орындары байланысты.

Шетелдік Евразияда ерте және соңғы палеозой ғимараттары Европаның солтүстік және орта бөліктерінде, сондай-ақ орта және шығыс Азияда таралған. Бұл территориялар үшін таулы да, жазық та рельефтердің етек алуы тән. Жер бетінің қалыптасуында үлкен роль атқарғандар бірнеше рет қайтадан жаңарған тегістеу мен аккумуляция процестері, сондай-ақ әр түрлі дәрежеде көрінген геоген-антропоген дәуіріндегі жандану байқалды. Европа каледон қатпарлығы ғимараттарының орнында пайда болған. Рельефтің күрделілігі Орта Европадағы Британия аралдарынан Орта Польшаға дейінгі қайта жаңарған тауларға тән. Онда тектоникалық жандану әр түрлі дәрежеде болады, соған байланысты қазіргі рельефке сипаттама болатындар инверсиялық рельефті аласа массивтер (Бретон қыраты, Корнуэлл түбегінің массивтері, Силезия қыраты ауданы) кіші жақпарлы тауларда жүрді. Сондай-ақ Орталық массивтің(Гарц, Рудалы таулар, Судет, Вогез, Шварцвальд, ) солтүстік бөлігі таулы үстірттер құрайтын биікке көтерілген пенеплендер Рейн тақтатасты таулары, Орталық массивтің солтүстік бөлігінде тектоникалық процестер жүрді.

Кейбір блоктардың көтерілу пароцестерінде жарылу пайда болады, олармен вулкандық әрекеттер және орталық массиавтерде, Рудалы тауларда және т. б вулкандық таулар құрылу қатары болды. Тау массивтері герцин қатпарлығындағы синеклизаларға және тектоникалық жарылулар зоналарына сай келетін ойпаңдармен бөлінген. Ойпаңдар әр кезде теңіз суларының астында қалып және қайта құрғап отырды. Олардың қазіргі рельефі мен геологиялық құрылысы әр түрлі. Париж бассейні, Оңтүстік-шығыс Англия, Тюринген бассейні еңіс жазықтар болып есептеледі. Ирландия жазығы қат-қабатты аккумуляциялық тегіс жазық рельефпен сипатталады.

Азияда палеозой жағасындағы қатпарлы ғимараттар, әсіресе неоген-антропоген кезінде жандануға ұшырады, оның нәтижесінде Орталық Азияның Монғолдық-Алтай, Тянь-Шань, Кунь-Лунь және оның солтүстік тармақтары -Алтындаг және Тян-Шань биік және аса биік қатпарлы-жақпарлы және қайта қалпына келген жақпарлы таулары пайда болды.

Азияның шығысына да палеозойдың негізіндегі орташа, тіпті аласа қатпарлы -жақпарлы таулардың басым болуы тән. Олар-Үлкен және Кіші Хинган, Оңтүстік -Қытай таулары. Шығыс Азияда ең биік жота Циньлин, ол Куньлуньнің орографиялық және тектоникалық жалғасы және биіктігі 4 мың

Герцин қатпарлы құрылымдарының ойпаңдарында рельефі жазықтық-аккумуляциялық ойыстар (Жоңғар, Үлкен көлдер қазаншұңқыры) орналасқан. Қытай мен Монғолия шегінде, Гобиде ұсақ шоқылы бор және кайнозой дәуіріндегі шөгінділер жамылған қат-қабатты биік жазықтар үйлесіп келеді.

Палезой қатпарлық құрылымдары тараған облыстар, әсіресе шетелдікЕвропа жері, түсті және сирек металл рудаларына(мырыш, қорғасын, қалайы, сынап, уран) бай. Герциндік тау алды иіндерінде (Силезия, Рур және басқа шетелдік Европа бассейндері, Солтүстік-Шығыс Қытай кен орындары) ең ірі тас көмір кен орындары орналасқан.

Еуразияның оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөліктері құрылымдық жағынан мезакайнозойлық қатпарлы ғимараттар зонасына жатады. Үндіқытайдың үлкен бөлігі, Тибет таулы қыратының оңтүстік шеті мен Қарақорым неоген-антропоген кезінде тектоникалық жандануда шөккен мезозой жасындағы жасандылар. Ол Қарақорым мен Тибеттің оңтүстігінде өте күшті байқалады. Бұл таулар, әр түрлі жастағы қатпарлардан тұратын, антропогеннің басында-ақ өте биікке көтерілген және көтерілуі қазіргі кезде жалғасып жатқан Биік Азия деп аталатын жер үстіндегі ең биік таулар жүйесіне кіреді. Үндіқытайдың солтүстік және шығыс бөліктерінде және Малакка түбгінде мезозойда болған қатпарлану, жаңа кезекңдегі көтерілу мен жарылулар орташа биік жақпарлы-қатпарлы таулардың таралуына себепші болды. Тау жоталары арасында қоршалған Шань таулы қыраты, Аннам жотасының бөлігі және Камбоджа ойпаты оңтүстікте жасы жағынан өте ежелгі қатпарлықтағы орталық массивтерге сай келді.

Үндістан жерінде мезозой қатпарлығы таралған облыс бүкіл Евразия арқылы, батыста Пиреней түбегінен оңтүстік шығыста Зонд аралдарына дейін созылып жатқан Альпі Гималай қатпарлы белдеуімен ұласқан. Сонымен бұл белдеудің батыс тармағы Пиреней және Андалузия тауларын, Альпі, Карпат, Апеннин және Балқан түбектерінің тау ғимараттарын, Алдыңғы Азия таулы қыраттарын (Кіші Азия, Армян, Иран), Гиндукуш және Гималай тау жүйелерін қосып қазіргі тектоникалық карталарда Альпі қатпарлықтарының өзі таралған зона ретінде көрсетілген, ал Үндіқтайдың батысындағы, Оңтүстік шығыс және шығыс Азия аралдарындағы таулар аяқталып бітпеген, олар соңғы кайнозойлық.

Бүкіл белдеу үшін біршама көне құрылымдар-палеозойлық немесе одан да көне қатпарлыққа жататын орталық массивтер тән. Қазіргі рельефте орталық массивтер сатылана тегістелген және сатылы опырылма-беткейлі, биіктігі орташа тау көтерілуі түрінде көрінеді. Мұндай типтегі рельеф Калабри тауларына, Балқан түбегіндегі Родоп-Македония массивіне, Орта Иран тауларына тән массив.

Ежелгі кристалдық ядролар мен шөгінді жыныстар комплекстерінен тұратын күрделі құрылған Альпі ангтиклинорийлеріне биік және өте биік қатпарлы және қатпарлы-жақпарлы тау жоталары сай келеді, олар оңтүстік Европа және Оңтүстік-Батыс Азия тау жүйелерін(Альпі, Пиреней, Эльбрус, Загрос, Гиндукуш, Гималай) бойлай созылып жатыр. Биік тау жүйелерінің шеткі тізбектері, сондай-ақ Карпат, балқан, Апеннин, Динар таулары, Тавр, Макран және басқа да тау жоталары флишті иіндер орнында пайда болған немесе мезозойдың карбонатты жыныстарынан құрылған және аз көтерілуге ұшыраған, эрозиялық формалары басым орташа биік таулы рельефтен тұрады. Карбонатты жыныстардың Альпілік қатпарлы белдеудің бүкіл ұзына бойына кең таралуы, әсіресе Апеннин, Динар таулары, Тавр үшін тән рельефте карст формалары мен карст құрылуына жағдай жасады.

Топырағы

Материктің ішкі аудандарының топырағы мен флорасының, өсімдік жамылғысының материктің оңтүстігіндегі тау жүйелерінің неотектоникалық көтерілуіне байланысты күн суытуының және одан да соңғы климат құрғауының үлкен мәні болды. Ендік бағыт бойынша батыстан шығысқа қарай ұзынынан созылып жатқан Евразия материгінен алуан түрлі топырақ жамылғыларын кездестіруге болады. Мысалы, Финноскандинавияны жеті аймаққа бөліп қарастырғанда әр түрлі топырақ жкамылғысы таралып жатыр. Скандинавия таулы ауданы таулық топырақтар, қиыр солтүстік шығысы және Кола түбегі глейлі күлгін және күлгін иллювиалды-қара шірікті топырақ жамылып жатыр. Орта Европада таралған топырақ түрі шымды қуан күлгін, аллювиалды, Пиреней түбегіне дейін созылған аймақта орманды қоңырқай топырақтың түзілу жөнінен жазықтық топырағына ұқсас топырақтар кездеседі. Пиреней түбегінің басым көпшілігін мәңгі жасыл қатты жапырақты ормандардың және бұталардың қоңыр топырағы жауып жатыр. Сонымен қатар, Апеннин түбегі, Жерорта теңізі маңы мен Балқан түбегінде таулық жайылымдық далалық және жасыл қатты жапырақты ормандардың және бұталардың қоңыр топырағын кездестіруге болады. Қылқан жапырақты ормандар өсетін жер топырағы күлгін типті болып келеді. Температураға, ылғалдану жағдайларына, сондай-ақ рельефтің белгілі бір формаларының басымдығына және үстіндегі шөгінділердің сипатына байланысты бұл топырақтар әр түрлі вариантта болады. Бірақ олардың бәрі үшін құрамында қара шіріктің аз болуы, берік емес ұсақ түйірлі құрылым, кремнеземний мөлшері көп және фосфор мен кальций сияқты элементтердің аз болуы, топырақ ерітіндісінің қышқылдық реакциясының интенсивтілігі тән қасиет.

Шетелдік Европаның Атлантика жағалауларындағы аудандары қоңыржай оңтүстік бөлігіндегі климат жағдайлары жапырақтар мен шалғын шөптердің шіруіне аса қолайлы. Карбонатты қосындыларға бай сазды топырақ аналық жыныстар ретінде көп қызмет атқарады. Бұл қылқан жапырақты ормандар өсетін жердегі топырақтарға қарағанда қарашірікке және кальций қосындыларына бай топырақтың қалыптасуына әсер етеді. Солтүстік және Балтық теңіздерімен шектесетін аудандарға тән сипат-шымтезекті күлгін топырақтардың көп болуы, ал оңтүстікте және батысқа қарай 6%-ке қара шіріндісі бар, құрамы жақсы, нейтралды реакцияға жуық және құнарлылығы жоғары ормандық борпаң топырақ басты тип болып саналады.

Евразияның шеткері шығыс аудандарындағы жалпақ жапырақты ормандар орнын орманды далалар және далалар алып жатыр. Континенттік климат пен ылғалдың жеткіліксіз жағдайында Евразияның ішкі аудандарында далалар кеңінен етек алған. Шетелдік Европада байырғы далалар мен орманды далалар ортаңғы және төменгі Дунайдың қоңыржай континенттік климатты және қалыпты ылғалдық аллювиальды жазықтарында ғана болған. Топырақтары-әр түрлі типті қара топырақ. Құрамында 6% гумусы бар нағыз қара топырақ Румыния ауқымындағы Төменгі Дунай жазығына тән. Оңтүстікке қарай, Солтүстік Болгарияда олардың орнын гумусы аз оңтүстіктің қара топырақтары басады. Орта Дунай ойпатында құрамында 3- 6% гумус бар және едәуір сортаң сілтісізденген қара топырақ орын алған.

Жерорта теңіздік өсімдіктер өсетін жерде ауыспалы ылғалдылық жағдайында қалыптасатын өзіндік ерекшеліктері мол топырақтар түзіледі. Әсіресе құрамында 5-7% қарашірік мөлшерінде кальцийі бар күңгірт түсті қошқыл қоңыр топырақтар ерекше. Әк тастардың үгілу қыртысында қызыл түсті топырақтар пайда болады. Топырақтардың бұл түрлерінің қай-қайсы да құнарлы әрі субтропиктік дақылдар мен қоңыржай белдеудің дақылдары үшін қолайлы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның биік таулы аймақтары
Европаның жер бедері мен пайдалы қазбалары
Жерорта теңіз алқабы
Рельеф құрушы эндогендік факторлар
АЗИЯНЫҢ БИІК ТАУЛЫ АЙМАҚТАРЫНЫҢ АУДАНДАСТЫРЫЛУЫ МЕН ІШКІ АЙЫРМАШЫЛЫҚТАРЫ
Географияны оқытудың көрнекі әдісітерінің мәні
Алтай таулы өлкесі
Оңтүстік Африка тау үстірті
АРКТИКАНЫҢ ЖӘНЕ СУБАРКТИКАНЫ ЕВРОПАЛЫҚ СЕКТОРЫ
Оңтүстік Батыс Азия
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz