ЖҰМА КҮНІНІҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ


ЖҰМА КҮНГІ ҚҰЛШЫЛЫҚ
авторы: әзірге белгісіз
ЖҰМА КҮНІНІҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ
“Жұма күні-күндердің төресі және Аллаһ Тағаланың қасында ең үлығы. Жұма күні-Аллаһ Тағала үшін Ораза айты мен Қүрбан айтынан да үлығырақ. Жұманың бес қасиеті бар: Жұма күні Аллаһ Тағала Адамды ғ. с. жаратты; Осы күні Адам ғ. с. жерге түсті; Осы күні Адам ғ. с. қайтыс болды; Жұма күні бір сағат бар, ол сағатта пенде Аллаһ Тағаладан харамнан басқа не тілесе, соны береді; Қиямет жұма күні болады. Сондықтан, періштелер, аспан, жер, жел, тау, теңіздер барлығы да Жұма күнінен қорқады. ”
Хадисті Әбу Лубабадан (р. л. г. ) Имам Ахмад жэне Имам Ибн Мажәһ риуаят етті.
“Күн шыққан күндердің ең жақсысы - Жұма күні. Жұма күні Адам ғ. с. жаратылды. Жұма күні ол жәннатқа кіргізіліп, Жұма күні жәннаттан шығарылды. ” Хадисті Әбу Һурайрадан (р. л. г. ) Имам Муслим риуаят етті.
“Күн шыққан күндердің ең жақсысы-Жұма күні. Жұма күні Адам ғ. с. жаратылды. Жұма күні Адам ғ. с. жәннаттан шығарылып, Жұма күні Оның ғ. с. тәубесі қабыл болды. Жұма күні бір сағат бар. Мүмин пенде намазда түрып Аллаһ Тағаладан не тілесе де, сүрағаны беріледі. ”
Хадисті Әбу һурайрадан (р. л. г. ) Имам Насаи риуаят етті.
“Абдуллаһ ибн Омар (р. л. ғ. ) менен: “Сен әкеңнің Расулуллаһтың (с. ғ. с. ) осы сағат жайында айтқан сөзін айтқанын естідің бе?”, -деп сұрады. Мен: “Иә, естідім. Әкем: “Расулуллаһ (с. ғ. с. ) : “Ол сағат-имам мінбәрға уағыз айту үшін отырғаннан Жұма намазы оқылып біткенге дейінгі аралықтағы уақыт”, - деп айтты”, - деді. ”
Хадисті Әбу Бурдадан (р. л. г. ) Имам Муслим және Имам Әбу Дауд риуаят етті.
“Нәби (с. ғ. с. ) : “Сендер үшін ең абзал күн-Жұма. Жұма күні Адам ғ. с. жаратылып, Жұма күні жан тапсырды. Жұма күні Қиямет күні басталуының белгісі болған сүр үріліп, қатты дауыс шығады. Ендеше сол күні Маған салауатты коп айтыңдар. Себебі, сендердің салауаттарың Маған жетеді”, - деп айтқан уақытта адамдар: “Я, Расулуллаһ (с. ғ. с) ! Сіз топыраққа айналсаңыз, біздің салауаттарымыз Сізге (с. ғ. с. ) қалай жетеді?”, -деп сұрады. Расулуллаһ (с. ғ. с. ) : “Аллаһ Тағала Пайғамбарлардың денелерін шірімейтін еткен”-деп жауап берді. ” Хадисті Аус ибнАустан (р. л. г. ) Имам Әбу Дауд риуаят етті.
Ж¥МА НАМАЗДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ
Жұма күні бесін намаздың орнына екі рәкәғат жұма намазы оқылады. Жұма намаздың укімі-парыз ъайн, яғни балиғат жасына жеткен әрбір мұсылман адам өзі орындауға тиісті болған амал. Жұма намазы парыз болудың шарттары:
1. Балиғат жасына жету;
2. Азат болу;
З. Ер кісі болу;
4. Дені сау, намазға жете алатын болу;
5. Саналы болу, яғни ақыл-есі дұрыс болу;
6. Муқим болу, яғни жолаушы болмау.
Жұма намазын оқыған адам бесін намазын оқымайды. Үзірлі себептермен Жұма намазына келмеген адам бесін намазын оқиды. Кей жерлерде Жұма намазынан соң “ықтиятуз-зуһр” намазын оқиды. “Ықтиятуз-зуһр” деген сөздің өзі-”намазға ықтияттық жасау” деген мағынаны білідіреді. Түп негізінде “ықтиятуз-зуһр” намазын оқығанға шариғатта бүйрық жоқ. Бүл - бидғат.
“Арасында ауыр күнәлар істелмесе, бес уақыт намаз бен Жұма намаздары, арасында істелген жеңіл күнәларды жуып, шаяды. ”
Хадисті Әбу һурайрадан (р. л. г. ) Имам Муслим риуаят етті.
Ж¥МА НАМАЗЫНА БАРУ ҮШІН ШОМЫЛУДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ
“Кімде-кім жұма күні дәрет алса, өте жақсы. Кімде-кім шомылса, шомылғаны абзалырақ. ”
Түсініктеме: “…дәрет алса…”- яғни, шомылатын халде болмай, Жұма намазына бару ушін тек дәрет алумен_ шектелетін болса. “шомылғаны абзал”, -Ислам әдебі бойынша мұсылман аптасына бір рет шомылуы тиіс. Шомылудың белгілі бір күні жоқ. Алайда, Жұмадан бір-екі күн бұрын шомылып, кейін Жұманың құрметіне тағы шомылатын болса, нұр устіне нұр.
Хадисті Самура ибн Жундубтан (р. л. г. ) Имам Тирмизи және Имам Әбу Дауд риуаят етті.
“Жұмаға келетін болсаңыздар, шомылыңыздар!”
Хадисті Ибн Омардан (р. л. г. ) Имам Бухари және Имам Муслим риуаят етті.
“Әрбір балиғат жасында болған ер адам үшін Жұма күні шомылу -уәжіп. ”
Хадисті Әбу Саъид Әл-Худриден (р. л. г. ) Имам Бухари және Имам Муслим риуаят етті.
“Жұма күні шомылып барынша тазаланған және қолында бар хош иісті заттарды пайдаланып Жұма намазына келген, мешітке келгеннен кейін адамдарды кимелеп итермелемей шариғат бүйырғанын оқып, имам сөйлегенде үндемей тындаған адамға екі Жұманың арасындағы қате-кемшіліктері кешіріледі. ”
Хадисті Салман Әл-Фарисиден (р. л. г. ) Имам Бухари риуаят етті.
Ж¥МА НАМАЗЫНА ЕРТЕ КЕЛІП, ИМАМДЫ ТЫҢДАУДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ
Жұма намазына имамның уағызын тындау үшін келу-мүсылмандық тағлымның ұстыны десе болады. Неге? Арнайы діни білім алып, дін ғылымының маманы болу-парыз кифая. Кейбіреулер түсінгендей Ислам - қолға құман үстап алып дәретхана мен үйдің екі арасында жүру немесе бір бөлмеге қамалып, таң атқаннан түнге дейін намаз оқу діні емес. Халал тіршілік істеу, уақытында тиісті қүлшылығын орындау, біреудің ақысын жемеу, мүсылман болмаса да көршіге жақсылык істеу, пайдалы білім алып, Отан, қоғамға адал қызмет ету. Міне, Ислам дегеніміз осы. Ислам мүсылмандардың барлығы молда болсын деп бүйырмайды. Бәрі молда болса, ауырған адамдарды кім емдейді, зәулім түрғын үйлерді кім түрғызады, ұшақты кім жасайды? Осы себептен Ислам мұсылманға инженер де, мүғалім де, дәрігер және үшқыш та болуды бүйырады. Алайда, адам тіршілікті ойлаумен қатар, Қиямет болатынын естен шығармағаны жөн. Осы жағдайда имамның аткарар қызметі-ен алдымен шариғатты өзі жетік игеріп, оны басқаларға үйрету. Бүл үшін ең ыңғайлы уақыт - Жұма намазы. Кез келген мүсылман инженер, мүғалім немесе дәрігердің Жұма намазға келіп, имамның уағызына қүлақ салу-оз дінін оқып-үйренгені болады. Уағыз айтып түрған имамды тыңдау мәселесіне келер болсақ, Жұма намазына келдім деп айналасындағыларға түрлі сұрақ беріп, артық-ауыз сөзбен уағыз тындаушылардың ойын бөлу, намазхандардың үстерінен аттап жүру, намаз оқып түрған кісінің алдынан кесіл өту - әдепсіздікке жатады. Сондықтан Жұма намазына келген әрбір намазхан пенде өзінің көпшілік арасында жүргенін үмытпағаны жөн. Алдыңғы қатардағы сауаптан үміт еткен кісі Жұма намазына ертерек келуін қаласа, оған кім бөгет?
“Жұма күні шомылып, өзгелерге де шомылуды бүйырған, кейін мешітке ерте келіп, имамға жақын отырып, артық сөйлемей оның сөзін тыңдаған адамның басқан әр қадамына бір жылдық нәфіл ораза мен түнде үйықтамай намаз оқығанның сауабы жазылады. ”
Хадисті Аус ибн Аустан (р. л. г. ) Имам Әбу Дауд, Имам Насаи, Имам Ибн Мажәһ және Имам Тирмизи риуаят етті.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz