''Ислам діні – ең хақ дін''



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
''Ислам діні - ең хақ дін''
Уақыты:2007-09-21
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының діни уағыз және ағарту бөлімінің меңгерушісі, исламтанушы Әбдімүтәліп Дәуренбековпен сұхбат
- Әбдімүтәліп мырза, Конституция бойынша Қазақстан - зайырлы мемлекет, дін саясаттан бөлек. Дегенмен діннің қоғамдағы рөлін бәрібір жоққа шығара алмаймыз. Дәл қазір біздің еліміздегі діни ахуал қандай? - Дін - мемлекеттен бөлек дегенмен, халық, қоғам діннен бөлек бола алмайды. Дінсіз халық болмайды. Дінсіз халық өмір сүріпті деген тіпті тарихта да жоқ. Әрине, Кеңес кезінде дінсіз өмір сүрді ғой деген сияқты уәж айтылатын шығар. Бірақ соның өзінде де дін жойылып кеткен жоқ. Дін деген - сенім. Кез-келген адамның алдына қойған мақсаты болады, адам сол мақсатына жету үшін өмір сүреді. Егер мақсат болмаса, адам өмір сүре алмайды. Ал ең шынайы мақсатқа жеткізетін, еш жалғаны жоқ, ақиқатқа, тура жолға апаратын және адам баласының жүрегіндегі күмәнін шешіп, көңілін орнықтыратын бір ғана нәрсе бар, ол - дін. Ал соның ішінде біздің ата-бабамыз ұстанып келе жатқан ислам діні - ең хақ дін. Оған тарих та куә, бүкіл әлемнің ғұламалары да, ғалымдары да куәлік етеді. Діннің мемлекеттен, саясаттан бөлек болуы дұрыс та шығар. Өйткені, біз коммунистік идеологияның шырмауынан кеше ғана шықтық. Шынын айтқанда, көп адам діннің қаншалықты қажеттігін біле де бермейді. Олар үшін коммунистік идеологияның өзі дін болды, Коммунизмге жетсек, нан тегін болады, тұз тегін болады деген үміт-арман болды. Бұл туралы аз айтылып жүрген жоқ, оны қаузап, қазбалай берудің қажеті жоқ шығар. Ал дәл қазіргі біздегі - Қазақстандағы діни ахуал халықтың талабына сай деп білемін. Мен мұны ҚМДБ-ның өкілі, иә діндар адам ретінде емес, Қазақстанның қарапайым азаматы ретінде айтып отырмын. Неге? деген сұрақ туады. Дін, оның ішінде біздің ислам діні - өте терең, өте нәзік, арабша мұны ләтиф дейді, яғни мұқият, жіті орындалатын жұмысты айтады. Мысалы, сағат жөндеуші немесе компьютерші мамандар титтей, өте бір нәзік нүктелермен жұмыс істеп жатады ғой, дінді де дәл сонымен салыстыруға болады. Егер сол нүктелерді дұрыс және дәл баспасаң, оңға-солға сәл-пәл ауытқып кетсең, ол бір нәрсеге ұрындырады немесе ешқандай жеміс бермейді. Бір жағынан дәл бүгін бізде дін мамандары тапшы. Жасырып-жабатын несі бар, парақорлық, сыбайластық бұрыннан болды. Рушылдық пен жершілдік те бұрыннан бар. Ол қашаннан қай салада да болған, әлі де бар. Дінді де солай бұрмалап, былыққа батырар еді. Бұл - дінімізге үлкен апат. Ондай дінінің болғанынан болмағаны абзал. Сондықтан да күні бүгін діннің мемлекеттен бөлек болғанына мен өз басым оншалықты күйзелмеймін. Ең бастысы - діни сенім бостандығы бар: намаз оқуға ешкім шек қоймайды, діни білім алам десең, өзің білесің, ғибадатыңды жасай бер, пітір, садақаңды, зекетіңді тарата бер, ешкім қарсы емес. Ал егер дін мемлекеттің қарамағында болса, не болар еді? Оны кім басқарар еді? Әрине, коммунистік партияның шекпенінен шыққан біреу басқарар еді. Тіпті қаншама жастарымыз шетелден оқып келді дегенмен, солардың өзі толық басқара алмас еді. Өйткені, ол - өте нәзік, өте мұқияттылықты қажет ететін нәрсе. Егер діни мемлекет болсақ, онда бүкіл халық соның жолымен жүруге тура келеді. Діни әртектілік пен түрлі этностық айырмашылықтарды, посткеңестік кезеңнің салдарын айтпай-ақ қояйық, бұл - біз түгілі, ислам мемлекеті аталып жүрген елдердің өзінде өте қиын мәселе. Мейлі, Қазақстан ислам республикасы болсын дейік, онда кейбір мәселелерге көз жұма қарауға немесе теріс бағыт беруге тура келеді. Мысалы, айталық, бір кездерде Ирак Кувейтке соғыс ашты. Екеуі де - мұсылман мемлекеті. Неге соғыс ашты? Айналасында мен - мұсылманмын деген қаншама ел бар. Ешбірі ешнәрсе дей алмады. Саддам Хусейнге Соғыс ашып жатқаның дұрыс дей алмады, дұрыс емес те дей алмады. Сол сияқты Иракты бүгін АҚШ басып алды. Мен - мұсылманмын деген елдердің өзі ештеңе дей алмай отыр. Бірдеңе дейін десе, өзінің саясаты бар, соған нұқсан келуі мүмкін. Немесе мұның арты дүниежүзілік соғысқа айналып кетуі мүмкін. Ал дінімізде не дейді?! Мұсылман - мұсылманға бауыр, Мұсылман қиналса, мұсылман жәрдем беруі - міндет. Осы тұрғыдан келгенде, жаңа ғана аяқтанып келе жатқан біздің мемлекетімізде діннің саясаттан бөлек болғаны жөн сияқты. Тіпті Бүгіннен бастап бәрің мұсылман үкімімен жүресіңдер десе, оған біз дайын емеспіз. Өйткені, көп адам өзін мұсылман санайды, Құдайдан қорқады, бірақ намаз оқымайтын, ораза ұстамайтын адам қаншама! Бай болса, зекет бермей жүргендер қаншама. Ол уақытта қаласа да, қаламаса да намаз оқуға тура келеді, қаласа да, қаламаса да зекет беруге тура келеді. Бермесе, мәжбүрлеуге тура келеді. Ал оның пайдасынан зияны көп болмасына кім кепілдік береді?! Сондықтан да дәл қазіргі біздің еліміздегі дінге деген көзқарасқа көңілім толады. Мүмкін біреулер Ой, мынау өзі діндар бола тұра осылай деп отыр дейтін шығар. Бірақ бұл - менің өз пікірім. - Қазір діни экстремизм туралы жиі айтылады. Хизбут-тахриршілер, уахабшылар, зікірші-исматуллашылар туралы баспасөзде де аз жазылып жүрген жоқ. Қанша адамдар солардың шылауында адасып жүргені туралы да естіп жүрміз. Қаншама қылмыстық іс қозғалып, жүздеген адамның сотталғаны туралы фактілер де бар. Жалпы, төніп тұрған қауіп-қатер бар ма? Бар болса, ол қандай ұйымдар? - Ондай ұйымдар жоқ деп те айта алмаймыз, қаптап кетті, басып кетті деп те қарадай қорқытып-үркітудің де жөні жоқ. Қазақ Жау жоқ деме - жар астында дейді ғой, Ол тек Ауғанстанда, Пәкістанда, Өзбекстанда немесе Шешенстанда ғана болады, Қазақстанда жоқ деуге болмайды. Қашанда болса, халқымызды сақтандырып, құлақтандырып отыруымыз керек. Қазір бұрынғы замандағыдай есек арбамен келем дегенше бір жыл өтетін уақыт емес қой, кеше Америкадан шыққан ағым бүгін Қазақстанда өзінің іс-әрекетін жүргізуі мүмкін. Бәрі жылдам. Байланыс бар, интернет бар дегендей. Екіншіден, адамның барлығы бірдей болуы мүмкін емес. Адам болғасын, ішінде қисық, қыңыры болады. Мейлі, ол жүз адамның оны, иә бесеуі болар, бірақ халқымыз Жаудан біреу болса да, аз деме деген ғой. Кейбір ағымға адамдар адасып ереді, кейбіреуі оны іздеп жүріп, тауып алады. Ол оны өз мақсатын жүзеге асыру үшін пайдаланады. Діни басқарманың бір жұмысы - осындай жат ағымдардан халықты сақтандырып отыру. Абайлаңыздар, ілесіп кетпеңіздер! деп отырамыз. Өткенде де бір журналист дәл осындай сұрақ қойды. Тентекті тентек десең, бөркі қазандай болады деген қазақтың мақалы бар. Сондықтан Ойбай, қауіп әне келіп қалды, міне келіп қалды деп оларды жарнамалай берудің де жөні жоқ. Елімізге қауіп төніп тұр дей берсек, олар есіріп, тіпті құтырып кетеді. Сондай-ақ қауіпті емес деп, салғырттыққа салынуға да болмайды. Әдетте жау, дұшпан, жаман пиғылды адам өзінің арам ойын жасырып келеді, әбден іштен ірітіп барып, кеудесін көрсетеді. Бізде де жат діни ағымдар бар: тахриршілер, өздерін салафиміз дейтіндер бар, өздерін зікіршіміз дейтіндер бар. Олар тіпті өздерін сопы қылып көрсетіп, Дін жолы, ақиқат жолы - осы деп жүр. Тіпті олар істеген амалдары ширк болса да, әшкере болса да, әлі күнге азайған жоқ. Сол сияқты жақында Шымкентте, Қарағандыда мемлекеттік құзырлы органдарға шабуыл жасамақшы болған топтар ұсталды. Қазақтың басқа ұлттардан менталитеті басқаша, жайбасарлығы да бар. Мысалы, Хизбут-тахрир ұйымы Өзбекстанда өте күшейіп кетті, тіпті мемлекет қайтара алмайтын деңгейге жетті. Түрмеде отырғандардың жартысы - Хизбут-тахрирдің адамдары десе де болады. Екі күннің бірінде топырлатып ұстап, қамап жатыр. Райынан қайтып жатқаны шамалы-ақ. Бізде де хизбут-тахриршілер шықты. Бірақ ол ниетінен қайтып, кешірім сұрап жатқандарды телеарналардан көрген боларсыздар. Өзге ұлттарда олай емес. Әсіресе өзбектер өздерін дінге жақын тұтады. Ақ-қарасын ажыратпай тұрып, ілесіп кетіп жатады. Құдайға тәуба, бізде олай емес. Біздің халық та дінді жақсы көреді, бірақ сәл баяулау. Алда-жалда адасқан болса, Мынау дұрыс емес екен ғой деп алған бетінен, райынан қайтып жатады. Әлгіндей ағымдардың бірден от алып кетпей жатқанының бір себебі осы болса керек. - Ал сіздер осы ұйымдардың жетекшілерімен, болмаса солардың жетегіне еріп, адасып жүрген бауырларымызбен кездесіп, әңгімелесіп көрдіңіздер ме? Дөңгелек үстел басында отырып, пікірлесіп көрдіңіздер ме? Оларды райынан қайтарып, түзу жолға салуға тырыстыңыздар ма? Әлде олар өзінше, діни басқарма өзінше уағызын жүргізіп жатыр ма? - Мұндай пікір талай рет айтылып жүр. Қазақстан мұсылмандар Одағы деген ұйымның төрағасы Мұрат Телібеков те: Біз дөңгелек үстел ұйымдастырамыз, діни басқарма ештеңе бітірмейді деген сияқты әңгіме айтып жүр. Осы сұрақтарды қойып, бізге мін таққысы келетіндер, Оларды неге шақырмайсыңдар? Неге тіл табыспайсыңдар? дейтіндер де бар. Мен өз басым бұған былай дер едім: олар - бір үстел басында отырып мәмілеге келетін ұйымдар емес. Біріншіден, олардың ақиқаты жоқ, жолдары тура емес. Біз ондай ұйымдарды мойындамаймыз. Дөңгелек үстел басына қашан отырады? Егер Сенің мынауың дұрыс, мына жерде ортақтасайық дейтіндей болса, пікірлесуге болар еді. Ал олардың ұстанған бағыты исламның ешбір қағидасына сай келмейді. Сондықтан өз басым олармен сөйлесуді қажет емес деп есептеймін. Бірақ біз үндемей отырған жоқпыз, иә сыртынан жамандап жатқан ештеңеміз жоқ. Әр уақытта ұсыныс, үндеулер жариялап отырамыз. Мына ұйымның мынасы дұрыс емес деп ескертіп отырамыз. Оны ақпарат құралдарында жариялап келеміз. Мысалы, тахриршілермен кездескен уақытта олардың өзіне де айтамыз. Басшыларыңыз кім? десек, оны көрсетпейді. Тіпті салафилердікі дұрыс емес деп мешіттегі уағыздарда да айтып жүрміз. Естір құлақ бар жерде, сөз жетер жерде Уахабшылардікі дұрыс емес, Өздерін зікіршіміз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дін және адам
Ислам кітаптарында
Ислам дінінің түсу мақсаты
Заманауи тұлғалардың ислам дIнIн қабылдау себептерI
Дін
Исламға дейінгі наным-сенімдер және Қазақстандағы мұсылман мәдениеті
Қазақ Ислам дінін қашан қабылдаған
Жеке адамның этнопсихологиялық және әлеуметтік діни қалыптасуы
Қожа Ахмет Яссауи туындыларының әдеби-көркемдік қуаты туралы ғылыми-теориялық пікірлер
Ислам сөзiнiң түбiрi арабшадағы сәлиме, силм етiстiгi
Пәндер