ИСЛАМДАҒЫ ТАЛАҚ МӘСЕЛЕСІ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
ИСЛАМДАҒЫ ТАЛАҚ МӘСЕЛЕСІ
авторы: Қанат Жұмағұлов (дінтанушы)
Қоғамның негізі - жанұя. Жанұясыз ешбір қоғамды елестету мүмкін емес. Әке мен шеше ол жанұяның қос қазығы. Ал, бала оның - келешегі. Қос қазықтың біреуі суырылса отау жарым-жарты болып, бала жетім қалмақ. Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер, - дейді дана халқымыз. Оқ жонуды үйретер әке мен тон пішуді көрсетер шеше болмаса қоғамның болашағы қалай болмақ?!

Үйлену оңай үй болу қиын демекші, соңғы жылдары жас отбасылар арасында ажырасулар жиiлеп барады. Қазақстан Республикасының статистика агенттiгiнiң мәлiметтерiне жүгiнетiн болсақ, 2004 жылы 114685 жас шаңырақ көтерсе, оның 31492 ажырасып кетiптi. Ал жыл басынан (2005) берi қаңтар мен қыркүйек аралығында құрылған 88699 жас отаудың 24132 түтiнi қисайған (Айқап, № 12 (39), 30 маусым 2006 жыл. Отбасы берiктiгiндегi ортақ түйткiлдер Ұлан Тәліппай), - дегенді оқығанда өз басым жағамды ұстадым. Бұл аздай, қоғамымызда мардымсыз себептерге бола айқайласып, бірін-бірі жұлып жей жаздайтын ерлі-зайыптыларды да кездестіресің. Сол айқай арасында бір-біріне абайсызда шариғат бойынша ажырасуға алып баратын сөздерді айтып қоятындары да бар, алда-жалда. Ол бір қайталанса мейлі екен. Құдайдың құтты күні жанжалдасқан жанұяларда неке жібінің тозығы жеткені қашан! Мұндай кезде күйеу мен әйелге, төсекті былай қойғанда, бірге тұрудың өзі дұрыс емес. Осының барлығы коммунисттік кезеңнің сарқыны. Сол кездері қазақ халқы ата-баба дінінен бір жолға қол үзген тұғын. Мұны Міржақып Дулатұлының:
Көзіңді аш оян қазақ, көтер басты,
Өткізбей қараңғыда бекер жасты.
Жер кетті, дін нашарлап, хал харам боп,
Қазағым, енді жату жарамасты - деген өлең жолдарынан-ақ көруге болады.
Мұнымен біз бұқара халыққа кінә тағып отырғанымыз жоқ. Ащы ақиқатты тілге тиек етіп отырғанымыз. Әрине, болары болды, бояуы сіңді. Әйтсе де, ештен кеш жақсы демекші, ендігі жердегі міндетіміз тер төгіп еңбек ету, жоғалтқан жауһарларды теру, бір кездері қолдан кеткен құндылықтармен табысудың жолын іздеу. Сол жоғалған маржандардың бірі мұсылман ата-бабаларымыздан қалған жанұя түсінігі. Қаншама уақыт немқұрайлы қаралып келген неке, талақ тәрізді ұғымдар сол жанұямен тығыз байланыста болды. Салауатты өмір кешкіміз келсе, бұларды оқып, көкірекке түйейік, ағайын.
Исламда жанұя түсінігінің үлкен орынға ие екендігі Неке (үйлену) - менің сүннетім. Кім менің сүннетімнен бас тартса, ол менен емес, - деген Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбарымыздың хадисінен-ақ байқалады. Ал, енді ажырасу Исламда талақ деп аталады. Сөздікте бір нәрсені босату, жібере салу дегенді білдіретін талақ сөзі Ислам шариғаты терминологиясында күйеудің аузынан шыққан немесе әйелдің сұранысымен қазы айтқан, ажырасуды ашық немесе астарлы түрде бейнелейтін белгілі бір сөздермен ерлі-зайыптылар арасындағы тұрмыстық байланысты үзу дегенге саяды.
Жалпы адамдар арасында келіспеушіліктердің туындап отыруы - заңды құбылыс. Егер раббың қалағанда, адам баласын бір үммет етіп жаратқан болар еді, - деген Аллаһ Тағала, адамзаттың әуел бастан-ақ бірдей түсінікте болмайтындығын тағдырына жазғанға ұқсайды. Міне, осындай түрлі түсінікке ие болушылық кей кездері Аллаһтың құлдарының, тіпті соның ішінде ерлі-зайыптылардың да ара жігінің бұзылуына апарып соғатын негізгі себептердің бірі болса керек. Демек, ажырасу да - заңды құбылыс болғаны. Сондықтан болар, Ислам ерлі-зайыптыларға ажырасуға рұқсат берген. Дегенмен, Талақ - Аллаһ Тағала жек көретін халал іс деген қағидатты да естен шығармағанымыз жөн. Аллаһ Тағала Құранда талаққа үш рет қана жол берілетіндігін айтады. Бұдан біз мынадай нәтиже түйеміз: Ислам ажырасуға үзілді-кесілді тыйым салмаған және де бұл есікті айқара ашпаған да. Сөзіміз дәйексіз қалмауы үшін, бұған байланысты Құраннан бір-екі аят келтіре кетсек.
Әйелдеріңмен жақсы қарым-қатынаста болыңдар. Егер оларды жек көретін болсаңдар, (ұмытпаңдар) Аллаһ сендер ұнатпаған нәрсеге көп жақсылық жазған болуы да мүмкін (Ниса сүресі 19-аят) - деп, Аллаһ Тағала шаңырақ құрғандарды үстірттіктен тыйып, ойлануға шақырып отыр.
Ал мына бір аят екі жұптың тырнақ астынан кір іздемей, бір-бірлерінің жаманын жасырып, жақсысын асырып жүрулерін үгіттейді: Егер ол әйелдер сендерге мойынсұнып жатса, (ажырасуға) сылтау іздемеңдер. Күмәнсіз Аллаһ Жоғары мәртебелі әрі Ұлы (Ниса сүресі 34-аят).
Жаратушы Иеміз Ал енді күйеуі оны (үшінші рет) талақ етсе, ол әйел бұдан былай, басқаға үйленбейінше оған халал емес (Бақара сүресі 230-аят), - деп, талаққа шек қойған. Демек, ерлі-зайыптыларға үш талақ мүмкіншілігі беріледі. Әйелін үш рет талақ еткен ер адам жұбайын қайта ала алмайды. Қайта үйленулері үшін әйел басқа бір еркекпен тұрмыс құрып, онымен қосылып, ол адам оны талақ етіп, әйелдің күтетін етеккір мерзімі (иддә) бітуі тиіс. Міне, сонда ғана бірінші күйеуі ол әйелді жаңа мәһрмен жаңа неке арқылы өзіне ала алады.
Талақ Аллаһ тарапынан күйеуге ғана берілген құқық. Ұлы Аллаһ Құран Кәрімде Егер сендер жақындаспай тұрып, оларға (мәһр) белгілеп, оларды талақ еткен болсаңдар, белгілегендеріңнің жартысын (беріңдер). Бірақ ол әйелдер (жартысын да алмаймыз деп) немесе неке жібін қолында ұстаған (еркек толық беремін деп) кеңшілік етсе, ол басқа.... (Бақара сүресі 237-аят) Бұл аятта өткен талақ еткен болсаңдар, қолында неке жібін ұстаған деген сөздер ер адамға қаратыла айтылған. Яғни, талақты ер адам ғана береді.
Талақтың құқығы неге әйел кісіге берілмеді? Мұның себебін (хикметін) ғұламалар әйел баласының психологиялық ерекшелігімен байланыстырады. Әйел баласы (жалпы алғанда) ер адамға қарағанда сыртқы оқиғалардан әсерленгіш, соның салдарынан тез ашуланғыш келеді. (Мухаммед Мухиддин Абдуль-Хамид, әл-Ахуалушшахсия фи әш-шәриатиль исләмийя 255-бет) Табиғатынан осындай ерекшелікке ие болған әйел кісіге талақ құқығы берілсе, яғни оны бет алды қолдана берудің қаупі бар. Ал, Исламда ажырасу ең соңғы шара. Ерлі-зайыптылар мен қазыға түскен міндет мүмкіндігінше мұны болдырмауға тырысу. Міне, осы және біз білмейтін басқа да себептерге байланысты хикмет иесі Аллаһ Тағала талақ құқығын еркекке ғана берсе керек. Алайда, әйел баласы да бұдан түбегейлі мақрұм қалмаған. Жоғарыда талаққа анықтама бергенде талақты ер адам немесе әйелдің сұранысы бойынша қазының қолдана алатындығын айтқанбыз. Әйел кісі қазыға ажырасу бойынша мына үш жағдайда мұңын шаға алады:
1.Нәпақасының толық берілмегендігінен. Нәпақа - отағасы тарапынан берілетін отбасының қажеттіліктері. Яғни ол - әйелдің баспанасы, ішетін асы, киетін киімі мен жыныстық қатынас құқығы.
2.Күйеуінен қоқан-лоққы көрсететіндігінен.
3.Күйеуінің жоғалып кеткендігінен.
Осындай жағдай туындаса, әйел кісі қазыға барып шағымдана алмақ. Қазы бұл шағымды орынды деп тапса, күйеуінің орнына әйелді талақ етіп, екеуін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Исламдағы адам өмірі
Ислам дініндегі антрапалогиялық мәселелер
Талақтың тілдік мағынасы
Еркекті адам ететін әйел
Исламдағы әйел кісінің алатын орны
Әйелдер жөнінде Аллаһтан қорқыңдар
Әйелдің еркекпен теңдігі мәселесін танып білу
Исламдағы жанұя мәселесі
Қазіргі таңдағы мұсылмандықтағы ер мен әйелдің бір-біріне жауапкершіліктері мен орны
Исламдағы ағымдардың шығу себептері
Пәндер