ІІ дүниежүзілік соғыстан кейінгі Оңтүстік Азия елдері

Үндістан халықтары үнемі тәуелсіздік алуға ұмтылатын. Жаппай көтерілудің жаңа өрлеуінен қаймыққан Ұлыбританияның лейбористік үкіметі 1946ж өзінің Үндістанға тәуелсіздік беру туралы шешім қабылдағанын жариялады. Үндістанның тәуелсіздігі туралы 1947ж 15-тамызындағы заң екі доминиондағы - Үнді одағы мен Пәкстанның құрылуын қарастырды. Бұрынғы отар формальды түрде діни белгілері бойынша екі мемлекетке бөлінді. Бөліну аса күшті үнді-мұсылман жауласуы мен қанды қақтығыстар жағдайында іске асырылды. 1949ж Үндістанның Құрылтай (конституциялық) жиналысы конституция қабылдап, ол 1950ж қаңтарынан бастап күшіне енді. Конституция Үндістан Республикасын жариялады. Үндістан федеративтік республика болды. Төтенше жағдай кезде ол унитарлы республикаға айналды. Конституция бойынша Үндістандағы штаттар 3 топқа бөлінді:
1. Британдық Үндістанның бұрынғы провинциялары: Уттар-прадеш, Мадья-прадеш, Бихар, Мадрас, Бомбей, Ассам. Билік басында - губернатор, штат билеушісі, екіпалаталы ассамблея.
2. Бұрынғы княздіктер: Джамму, Кашмир, Хайдерабад, Майсур, Траванкур-Кочин, Пепсу, Мадхья-Бхарат, Саураштра, Раджастхан, Виндхья-прадеш. Билікбасында губернатор (раджпрамукх)- бұрынғы князь, бір палаталы ассамблея.
3. Бұрынғы баскомиссарлық провинциялар, яғни өзін-өзі билеуге құқықы болмаған првинциялар: Дели, Трипура, Манипур, Куч-Бихар, Кург, Кач, Химачал-прадеш. Билік басында А деңгейдегі губернатор немесе президент тағайындаған комиссар.
Конституция 22 бөлімнен, 395 беттен, 9 үлкен қосымшадан тұрады.
Бірақ Үндістан Ұлттардың Британдық Ынтымақтастығының құрамында қалды. Штаттардың заң шығарушы жиналыстарының жалпы парламеннтік сацлауында Үнді ұлттық конгресі жеңіске жетті. Сол кезден бастап бұл партия үкіметті үздіксіз басқарып келеді. Тұңғыш үкіметті Джавахарлал Неру басқарды. Кейінгі уақыттарда үкіметті оның қызы Индира Ганди, оның баласы Раджар Ганди басқарды. Олардың екеуі де террористердің қолынан қаза тапты. Р. Ганди қаза тапқаннан кейін үкімет басында Н. Рао келді.
Жаңа үкіметтің алғашқы маңызды реформасы аграрлық мәселені шешу болды. Өткен ғасырда құрылған делдалдар-заминдарлар институты жойылып, жер оны тікелей өңдеушілерге берілді. Бұрынғы жалға алушылардың көпшілігі жер иелеушілерге айналды. Аграрлық өзгерістер кейінгі жылдарда өсімгершілікті шектеу, кооперацияны дамыту, шаруашылықты жүргізудің озат агротехникалық әдістерін енгізумен толықтырылды. Үндістан халқының басым көпшілігінің тоя тамақ ішпейтіндігіне, тіпті кейбіреулерінің жартылай аш өмір сүретіндігіне қарамастан, азық-түлік саласындағы қиыншылықтарын өзі шешіп келеді.
Үндістан капиталистік жолмен дамып келеді. Күшті мемлекеттік секторы бар аралас экономика рыноктык-бәсекелестік қатынастар мен шетел капилатының қатынасуына негізделген. Мемлекет саясаты негізгі салалардағы мемлекеттік секторларға - металлургия, химия, ядролық энергетикаға, шаруашылықтың барлық салаларындағы жеке кәсіпкерлдікті қолдау көрсету және өндірістің прогрессивтік салаларындағы тарнсұлттық корпорацияларының шетелдік капиталдарын тартуға бағытталған. Жалпы ұлттық өнім шығарудағы мемлекеттік сектордың үлесі 20% ғана.
Саяси дамуында Үндістан британдық парламенттік-демократиялық жүйенің тәжірибесі мен отаршылдық басқару жылдарында жинақталған үнді қоғамының билеуші элитасының тәжірибелеріне сүйенеді. Еуропалық өлшемдерге сәйкес келетін биліктердің бөліну принципі сақталуда. Саяси процесс сайлау науқандарында саяси партиялардың бәсекелесі мен көппартиялыққа негізделген. Ағылшын тілі бүкіл мемлекет көлемінде қолданылады, себебі ұлттық құрам жағынан ала-құлалық және көптілділік орын алып отыр.
Сөйтіп, Үндістанды жаңарту процесі тәуелсіздік алғаннан кейін капиталистік жолмен іске асырылды. Бірақ Үндістанның өзіндік проблемалар жеткілікті. Солардың ішіндегі ең қиыны - ұлттық-діни алауыздықтар (үнді - мұсылман қақтығыстары, сикхтардың саяси автономия үшін қозғалысы, оңтүстіктегі тамилдердің сепаратистік қозғалысы т.б.). Қай кастаға жататындықтарына қарамастан, адамдардың барлығының тең құқықтылығы жарияланса да, касталар проблемасы осы уақытқа дейін өзгеріссіз қалып келеді.
Шығыстың көптеген елдерден өзгешілігі Үндістанда бұрынғының дәстүрлері сақталған (идеалдық шыдамдылық, күш қолданбау, плюрализм және т.б.) және парламенттік демократияның жаңа дәстүрлері мен институттары қалыптасқан. Сондықтан да елде ірі қақтығысулар мен экстремизм орын алған жоқ.
1990ж Үндістандағы саяси жағдай айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. Үнді ұлттық конгресінің парламенттегі басым көпшілігін жоғалтуына және оңшыл Бхатрия Джаната партияның (БДП) ықпалының күшеюіне байланысты Үндістанда үкімет басында партиялардың саяси маятник типі бойынша ауысуы орын алды. 1999ж қазанда парламент және жергілікті заң шығарушы органдардың сайлауы болып өтті. Жаңа үкіметті толыққанды ұлтшылдық позициясынан әрекет етуші, БДП жетекшісі А.Б. Ваджпаи құрды.
Сыртқы саясатта Үндістан бейтараптық, тәуелсіздік сақтап, дербес позиция ұстауға ұмтылды. Қырғи-қабақ соғыс қызып тұрған онжылдықтарға Үндістан әскери-саяси одақтарға қосылмау қозғалысының бастамашысы болды. Сонымен бірге Үндістан атом бомбасын иеленуді (1974ж) және қазіргі заманғы қарулы күштер ұстауды қажет деп тапты. Үндістан мен Пәкстан арасындағы көпжылдық қарама-қайшылықтар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz