Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы мен дамуы


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   

1 Бағалы қағаздар нарығының қызмет етуінің теориялық негіздері

1. 1 Бағалы қағаздар нарығының пайда болу тарихы, мәні және экономикалық аспектілері

Қазақстан Республикасының қатаң түрде орталақтандырылған жоспарлы экономикадан қағидалы жаңа, мемлекет тарапынын реттелініп отырат ын нарықтық экономикаға көшуі елімізде оған қызмет көрсететін барлық институттармен бірге қаржы нарыңының құрылуын талап етті.

Қаржы нарығы - бұл ең алдымен дербес экономикалық категория ретінде бағалы қағаздарды с ату мен қайта сату жөнріндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен кәсіпорындардың, фирмалардың, банктердің, жинақтаушы зейнретақы қорларының, сақтық институттарының, мемлекеттің және халықтың уақытша бос ақша қаражаттарын жұмылдыруды, бөлуді жәнре қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың жиынтығы.

Демократиялық ұйымдасқан қаржылық институттары бар қазіргі заманғы нарық - адамзат өркениетінің тамаша жетістігі болып саналады. Нарықтық экономикаға өту меншік қатынастарын, шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің құрылымы мен механизмін, олардың арасындағы қаржылық байланыс формаларын, шаруашылық қызметінің нәтижелеріне деген қоғамның барлық қабатының мүдделік дәрежелерін өзгертеді.

Бағалы қағаздар нарығы қазіргі нарықтық экономика жағдайында өте маңызды экономикалық инфақұрылымдардың дамуындағы экономикалық қатынастардың жиынтығын сипаттайды. Өз кезегінде бағалы қағаздардың пайда болуы қаржы ресурстарының, қаржыландыру мәселесінде өзінің үлкен маңызды рөлін көрсетті. Инвестициялық қаржыландырудың басқа да бағыттарының қалыптасуы, қазіргі таңдағы бағалы қағаздар нарығының өркендеп дамуымен сипатталады. [1, 91] .

Бағалы қағаздар нарығы тек әдеттегі тауар-ақша қатынастары мен меншік қатынастары жағдайында дамуы мүмкін. Мелекеттік меншікті жаңа нарықтық қатынастарға сай өзгерту тек оны жекешелендіру арқылы ғана іске асады. Соңғы 10 жылдықта дүниежүзінің көптеген елдерінде жекешелендіру жүрді. Әсіресе, Англияда ол шапшаң қарқынмен өтті. Бірақ Батыс Еуропа елдерінде өркендеген нарық экономикасы жағдайында жүрді. Сондықтан жекеменшіктірілген кәсіпорындардың акция саны қанша көп болса да өркендеген нарық жағдайында оларды орналастыру өте оңай болды. Ал тәуелсіз мемлекеттер достастығында елдердің жайы өзгеше.

Бұл елдерде бағалы қағаздар нарығы жаңадан қалыптасып келе жатқан жағдайда мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру оларды анкцияландыру арқылы жүргізілді. Себебі, көптеген кәсіпорындарда, халық та осындай жаңа құбылыстар арқылы нарыққа кең көлемде қатынасуға мүмкіндік алады. Жекешелендіру бағалы қағаздардың жаңа түрі - жекешелендіру чектерін (купондарын) өмірге келтірді. Бұл мемлекеттік бағалы қағаздардың бір түрі, олар өз иесіне мемлекеттің иелігінен алып, жекеменшіктендірілген меншіктің бір бөлігін қайтарымсыз пайлануына құқық береді.

Ірі және орта кәсіпорындардың жекешелендіру оларды акционерлік қоғам ретінде қайта құрудан басталады. Акционерлік қоғамның иесі - акционерлер, олардың меншік құқы акция берумен кәуландырады.

Бағалы қағаздар нарығы қазіргі нарықтық экономика жағдайында өте маңызды экономикалық инфақұрылымдардың дамуындағы экономикалық қатынастардың жиынтығын сипаттайды.

Нарық экономикасы дамыған елдердің тәжірбиесі көрсеткендей, адамның еңбек етуге деген ынтасы, яғни адамның жұмыс істегісі және ақша тапқысы келуі, нарықтың роліне сенуі, тауар өндірушілерлдің мемлекеттен тәуелсіздігі болған жағдайда ғана жүзеге асырылады, экономиканың бір қалыпты қызмет етуі үшін мемлекеттік сектордың үлесі 25-30%-дан аспауға тиіс. Тек осындай үйлесімділік болғанда ғана халық шаруашылығының бүгінгі құрылымын қалпына келтіріп тауар өндірушілер арасындағы бәсекені дамытуға, сонда-ақ өркениетті нарықтың қатынастарын жоюға болады.

Қазақстан Республикасының үкіметі нарық эконмикасы стратегиясын жарияланғаннан бастап мемлекеттік меншікті түрлендіруді біртіндеп жүргізуде. 1991 жылдың ортасында сарапшылардың бағалауы бойынша негізгі өндірістік қорлардың 90 %-дан астамы мемлекеттік меншікте болған. Қалған мүліктің біршама санын мемлекеттік емес ұйымдар, кеңшаралар мен кооперативтер иеленеді. [2, 13] .

Алдағы уақытта мемлекеттік меншікте ұлттық экономиканың үштен бір бөлігі қалды деп күтілуде. Бұл экономика өзегіне, мемлекет меншігін құрайтын қазба байлықтарға негізделген салаларға байланысты болып келеді.

Меншіктің монополиялану көлемі мен ауқымын сол сияқты экономиканың өзіндік ерекшелігін ескере отырып Қазақстан Республикасы Үкіметі ұзақ уақытқа мемлекет иелігінен алудың және жекешелендірудің ұлттық бағдарламасын жасады. 1991-1992 жылдарға есептелген бағдарламаның бipншi кезеңінде шағын жекешелендіруді жүргізу мен халық шаруашылығының әр түрлі салаларынын орта және кіші кәсіпорындарың мемлекет иелігінен алуды бастау қарастырылған.

Бұл процесс өте баяу жүрді. 1992 жылы көктемде меншік қатынастарын түрлендіру процессін жеделдету мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің №728 «Материалдық өндіріс салаларындағы меншікті мемлекет иеленуінен алу және жекешелендіру бойынша жұмысты жандандыруға байланысты шаралары туралы» Жарлығының қабылдануы ірі және орта кәсіпорындарды мемлекет иелігінен алудың негізгі тәсілі, оларды ашық типтеп акционерлік қоғамға айналдыруға бағытталды. Алайда бұл басқа формаларда да жеңілдіктер шығармады, керісінше Жарғы әр объектінің түрлендірілуімен ықшамды формасын таңдауға мүмкіндік жасады. Кәсіпорындарға өздерінің шаруашылықтану формаларын таңдауға және жекешелендіруді жүргізуге байланысты шараларды жасауға құқық берілді. Бұл кәсіпорындардың жұмыс жасау ерекшелігіне, олардың негізгі қорларының әр түрлі құндарына еңбекшілердің санына, рентабельділігіне және т. б. негізделдi.

Қазақстанда мемлекет иелігінен алу және жекешелендірудің бірінші кезенінде 6-9 мың объект қайта түрлендірілді. Мемлекеттік сектордан 18% негізгі қорлар сатылып жекешелендірілген кәсіпорындарда республикада жұмыс жасайтын жұмысшылардың тізім бойынша орташа саны 12% жұмыспен қамтылды.

Қайта түрлендірілген объектіліердің жартысынан көбі ұжымдық меншікке берілді. Бірақ меншктің ұжамдық формасына берілгенімен, ондағы жұмыскерлердің еңбегінің нәтижелерінде өзгеріс болған жоқ.

Сатып алудың бұл формасы мемлекет және халық үшін күткен нәтижені бере алмады. Талдау көрсеткендей, ұжымдық кәсіпорындардың 25% нашар жұмыс жасап, өндірістің 24% қысқарды немесе мүлдем жабылды. 30 % ғана өз өнімдеріне бағаның өсуі есебінен ісі жақсара түсті. 01. 01. 1993 ж. Қазақстандағы қайта түрлендірген 6198 кәсіпорын ішінде жеке меншікке берілгендер саны 1461 - ді құрды. Меншіктің көп түрлілігі мен құқылы тең формаларын жасау мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік меншікті қайта түрлендіру процесінде республика үкіметі екі негізгі қағиданы жетекшілікке алады.

Бірінші, бұл қағида еңбекшілірдің қатысуымен олардың мүдделерін ескере отырып жүргізілуден тұрады.

Екінші қағида, меншіктің көп түрлілігі мен тең құқылығын барлық сфераларда пайдалану болып табылады.

1993 жылы көктемде елімізде1995 жылдарға (2 кезең) арналған мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру ұлттық бағдарламасы қабылданды. Ұлттық бағдарламаның басты мақсаты мемлекеттік кәспорындарды жекешелендіру купондарының иелеріне акционердің жолыменен меншікке біртіндеп беру болып табылды.

Жаппай жекешелендіру тұжырымының алатын ерекшелігі. Біріншіден, ол республиканың барлық тұрғындарының мүдделерін толық қамтиды, ал екіншіден, оның басқа елдердегі тұржырымдамалармен сәйкес келмейтін ерекшеліктері бар.

Акционерлік қоғамдар меншіктің басқа формаларымен салыстырғанда, бірқатар ерекшеліктерге ие. Кәсіпорындарды ашық акционерлік қоғам формасында қайта түрлендіру арқасында, жедел түрде ірі қаржы ресурстарын жұмылдыру мүмкіндігі туындайды. Акцияларды сатудан түскен түсімдер эмитент-компанияның шотына түсіп және бизнесті жаңғыру диверсификациялауға және т. б. қызмет етеді.

Акционерлеудің басты пайдасы-бұл алдағы уақтта әр түрлi қаржы көздеріне кең көлемде қол жеткізуді қамтамасыз ету болып табылады. Акционерлік қоғам облигацияларды эмиссиялаудан басқа да, яғни қосымша акцияларды шығару нәтижесінде біршама қаражат тарта алады.

Акционерлеу процесінің қолайлы жақтарымен қоса теріс жақтары да бар. Дегенменде, сол компанияның акцияларын сатып алу-сату объектісіне айналдыру туралы шешім қабылдау, бұл шешімді іске асырумен байланысты бір шама материялдық шығындардың жұмсалуын қажет етеді.

Сонымен қатар, акционерлік меншік формасы қосарланған салық салуға, яғни салықты корпорацияның пайдасынан үлестipyгe, корпорацияның салық төлегеннен кейінгі қалатын және акционерлер арасында бөлінетін пайдадан алуға мүмкіндік жасайды. Шаруашылық қызметті ұйымдастырудың акционерлік формасы, әcipece ipi немесе орта кәсіпорындар үшiн тиімді, ceбeбi ондай кәсіпорындарда мүлік құқының өте жоғары болуына байланысты бір немесе бірнеше тұлғаның капиталы жеткіліксіз болатындықтан заңды және жеке тұлғалардың қаражаттарын тарту талап етіледі.

Акционерлік қоғамның жарғылық капиталын анықтау үшін кәсіпорынның мүлкінен келесідей баланс пассивінің баптары шығарылып тасталады:

- басқада кәсіпорындардан алынған мақсатты қаржыландыру қаражаттары;

- несие және заемдық қаражаттар - қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелер;

- есеп айырысулар және баланс пассивінің басқадай, яғни заемдық және уақытша тартылған қаражаттар бөлігі.

Сондай-ақ заңдағы жекешелендірудің ерекше режимінде белгіленген мүлікің құны, сол сияқты мемлекеттік меншік туралы Мемлекеттік мүлік комитетінің қабылдаған шешiмiнe қатасты әлеуметтік-тұрмыстық және әлеуметтік-мәдени объектілер құны да шығарылып тасталынады.

Акционерлік қоғамның жарғылық қоры компанияның меншікті қаражаттарының ішінде ерекше орын алады. Біріншіден, жарғылық қор акционерлік қоғамның жарғысында бекітілген акционерлердің тәуелсіз кәсіпкерлік қызметін жүргізу құқығын көрсетеді. Екіншіден, бұл қоғамның алдағы қызметіне қуат беретін бастапқы капитал болып табылады. Акционерлік қоғамның жетістіктерімен жұмыс жасауы негізінде алынған пайдасы есебіне жарғылық қордың шамасын бірнеше рет көтеруге болады. Сонда жарғылық қор пассивтік біршама тұрақты формасы болып қала береді.

Компанияның меншігін иелену құқығын заңды түрде бекіту, оны иемдену және бастапқы капиталдың тұрықтылығы капиталды негізгі капитал ретінде және акционерлік компанияның қорындағы белгілі бip үлесіне меншік құқығынын кепілдігі ретінде де пайдалануға болады. Бұл құқық жарғылық қордың барлық шамасын үлестерге бөлу жолымен және бұл үлестерді компанияның акционерлерінің арасында белгілі бip шартпен орналастыруды қамтамасыз етеді. Екінші жағынан, жарғылық қор қоғамның қарызы бойынша меншік иелерінің жауапкершілігін қамтамасыз ететін кепілдік қоры ретінде қызмет eтeдi. Мұндағы акционерлердің жауапкершілігі олардың жарғылық капиталға қосқан салымдарымен шектеледі.

Жарғылық қор тек қана акционерлердің жалпы жиналысының шешімі мен мынадай жағдайларда өзгеpтілуі мүмкін:

- қоғам қызметі қосымша акциялар шығару және пайданы қайта инвестициялау жолымен кеңейеді;

- жарғылық қордың азаюы акциялардың бір бөлігін сатып алу есебінен жүзеге асады;

- бір акцияның номиналдық бөлігінің өзгерісінен.

Меншікті капиталдың өсуінің маңызды көзінде акционерлік қоғам пайдасы жатады. Бұл акционерлерге дивидент төлемейтін, сондай-ақ компанияның қызметін қаржыландыруға жұмсалатын пайданың бір бөлігi болып табылады. Жалпы компания пайдасы үш топқа бөлінеді: дивиденттер төлеуге, капиталдандырылатын пайдаға, резервтік капиталға аударымдарға.

Акционерлік қоғам өз қызметінде заемдық капиталды (қарыз, банктік, коммерциялық және басқа да несие түрлерін) кеңінен пайдаланады.

1. 2 Бағалы қағаздар нарығының негізгі қаржылық құралдары және олардың жіктелінуі

Бағалы қағаздар нарығының құралдарына бағалы қағаздар жатады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес формалар мен реквизиттерде белгіленген мүліктік құқықты куәландыратын құжат бағалы қағаз болып табылады. Бұл бағалы жүзеге асырылуы мен берілуі тек оны ұсынғанда ғана мүмкін болады. Бұл оның заңды анықтамасы болып табылады. Ал оның экономикалық мағынасы бүкіл тауар әлемінің екіге бөлінетініне байланысты анықталады: тауарлар (материалдық игіліктер, өндіріс құралдары, қызмет көрсетулер) және ақшалар. Ақша жай және жаңа ақшаны әкелетін капитал ақша боп бөлінуі мүмкін. Заңды немесе жеке бір түлғадан екіншісіне ақша берудің қажеттілігі ұдайы болып тұрады. Қаржы нарығының әлемдік іс-тәжірибесі ақша берудің екі негізгі тәсілін - несиелеу процесін және бағалы қағаздарды айналасқа шығаруды таңдап алды. Тауар нарығында да мұндай жағдайлар болып тұрады: тауарды табыс ету сәтінде оның әлі жеткізілмегеніне немесе өндірмегеніне байланысты тауар болмай калған жағдайда осындай жағдай орын алады. Алайда бағалы қағаз - ақша немесе материалдық тауар емес. Оның құндылығы - өз иесінің қандай да бір қажеттілігін қанағаттандыруына мүмкіндік беретін құқықта. Сатып алушы өзінің ақшалай капиталын бағалы қағаздарға айырбастай алады. Бұл арада оның меншік құқығы, сонымен бірге қарызға берілген капиталдың пайыздары немесе дивидендтері түрінде нақты жүйелі табысты алу құқығы сақталады.

Ақша да, тауар да осы заманғы жағдайда капиталдың әр түрлі формалары болып табылады. Экономикалық тұрғыдан алғанда бағалы қағаздар - бұл тауарлық, өндірушілік және ақшалай капитал формаларынан өзгеше болатын капитал формасы. Оның өзгешелігі - оны басқа капитал формаларының орнына беруге болады әрі нарықта тауар ретінде айналыста болып, табыс әкеледі.

Бағалы қағаздар - бағалы қағаздар нарығында айналыста болатын ерекше тауар, алайда ол заттай тауар немесе қызмет немесе ақша болып табылмайды. Оны ақшаға жақындататын бірқатар өз ерекшеліктері бар. Олардың ішіндегі ең басты ерекшелігі - оны әр түрлі формадағы ақшаға айырбастауға (өтеу, сату-сатып алу, эмитентті қайтару, құқықты қайта табыстау және т. б. жолдармен) болады. Ол есеп айырысуда пайдаланылуы мүмкін, кепіл де бола алады, оны бірнеше жыл сақтауға да немесе мұра бойынша мерзімсіз беруге де болады, оны сыйлық ретінде біреуге ұсынуға да болады. [4, 545] .

Осылайша бағалы қағаз өз иесіне біршама табыс әкелетін, құқығы мен міндеттемесі үшінші тұлғаға жаңа келісімшартсыз берілетін, үлгісі қатаң тәртіппен белгіленетін құжатты білдіреді. Оның құқығы мен міндетін жаңа келісімшартсыз басқа біреуге табыс етуге болады. Сонымен бағалы қағаздардың негізгі ерекшелігі, айрықша өзгешелігі осы болып табылады. Қолда бар келісімшарт бойынша басқа тұлғаға құқық пен міндеттерді табыс ету үшін жаңа келісімшартты әзірлеу керек. Ал бағалы қағаздар бойынша құқықты табыс етуде жаңа келісімшартқа отырудың қажеті болмайды.

Бұл бір жағынан қолайлы, ал екінші жағынан трансакциялық шығындарды азайтады.

Бағалы қағаздар қоғамдық маңызы бар бірқатар функцияларды орындайды:

  • экономиканың салаларына, аумақтар мен елді мекендерге, халыққа, мемлекетке және т. б. ақшалай қаражатты қайта бөледі;
  • өз иесіне келесідей нақты қосымша құқықтар береді: капиталға, ақпаратқа, ең алдымен, белгілі бір жағдайларға сәйкес келетін басқару ісіне қатысуға;
  • капиталдан табыс алуды және капиталдың өзін қайтаруды қамтамасыз етеді.

Кесте 1. Қазақстандағы бағалы қағаздардың жіктелінуі

Сипаттамасы: Сипаттамасы
Бағалы қағаздың түрлері: Бағалы қағаздың түрлері
Сипаттамасы: 1
Бағалы қағаздың түрлері: 2
Сипаттамасы: Эмитенті бойынша
Бағалы қағаздың түрлері:

- мемлекеттік

- корпорациялық

- жекеменшіктік

- шетелдік

Сипаттамасы: Эмитент міндеттемелері бойынша
Бағалы қағаздың түрлері:

- үлестік

- борыштық

- тауарды иелену құжаты

Сипаттамасы: Айналыс аумақтары бойынша
Бағалы қағаздың түрлері:

- аймақтық

- ұлттық

- халықаралық

Сипаттамасы: Кесте 1- дің жалғасы
Бағалы қағаздың түрлері:
Сипаттамасы: 1
Бағалы қағаздың түрлері: 2
Сипаттамасы: Құқықты жүзеге асыратын формалары бойынша
Бағалы қағаздың түрлері:

- атаулы

- ұсынбалы

- ордерлік

Сипаттамасы: Шығарылатын формалары бойынша
Бағалы қағаздың түрлері:

- құжаттандырылған

- құжаттаңцырылмаған

Сипаттамасы: Айналыс мерзімі бойынша
Бағалы қағаздың түрлері:

- мерзімсіз

- мерзімді

- қысқа мерзімді (1 жылға дейін)

- орта мерзімді (1 жыддан 10 жылға дейін)

- ұзақ мерзімді (10 жылдан жоғары)

Сипаттамасы: Базистік активі бойынша
Бағалы қағаздың түрлері:

- негізгі

- туынды

Сипаттамасы: Табысты төлеу тәсілдері бойынша
Бағалы қағаздың түрлері:
  • - ұдайы төлеммен
  • - біржолғы төлеммен
  • - тіркелген % мөлшерлемесімен
  • - өзгермелі % мөлшерлемесімен
Сипаттамасы: Табысты алу тәсілдері бойынша
Бағалы қағаздың түрлері:
  • - инвестициялық
  • - нарықтық
Сипаттамасы: Эмиссия тәсілдері бойынша
Бағалы қағаздың түрлері:
  • - эмиссиялық
  • - эмиссиялық емес
Сипаттамасы: Валюта бойынша номинал
Бағалы қағаздың түрлері:

- ұлттық валютаның номинал құнымен

- шетелдік валютаның номинал құнымен

- қос номиналмен

- номиналсыз

Сипаттамасы: Айналыс шарттары бойынша
Бағалы қағаздың түрлері:

- қайтарымды

- қайтарымсыз

Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық бағалы қағаздар келесідей санаттарға бөлінеді:

  1. негізгі бағалы қағаз - олардың негізіне қандайда бір активке, әдетте, тауарларға, ақшаға, капиталға, мүлікке әр түрлі ресурстарға және т. б. берілген мүліктік құқық жатады;
  2. туынды бағалы қағаз - бұл қандай да бір базиске активке арналған бағалы қағаз: базистік активтер бағаларына пайыздық мөлшерлемелер, индекстер жатады. Базистік активтерге тауарлар, негізгі бағалы қағаздар жатады. Туынды бағалы қағаздарға: фьючерстік келісімшарттар, варранттар, құқықтар және еркін айналыста болатын опциондар жатады;
  3. үлестік бағалы қағаздар - кәсіпорын таратылғанда өз иесінің мүлікінің бір бөлігіне ие болу құқығын бекітіп береді, өз иесіне жарғылық капиталды құруға қатысуына мүмкіндік береді, пайданың бір бөлігін алуға және кәсіпорынды басқаруға қатысуына құқық берді. Үлестік бағалы қағаздарға акциялардың барлық түрлері, инвестициялық пайлар жатады;
  4. борыштық бағалы қағаз - қарыз иелері мен эмитенттері арасындағы қарыз қатынасын бейнелейді. Олар оны сатып алу және белгілі бір пайыз төлеу міндеттерін өз мойындарына алады. Борыштық бағалы қағаздың үлгілеріне облигацияларды, ипотекалық куәліктерді, қазынашылық міндеттемелерді, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің ноталарын жатқызуға болады.

Қазақстан Республикасының заңына сәйкес бағалы қағаздың мынадай түрлері айналысқа түседі:

- мемлекеттік бағалы қағаздар;

- акциялар;

- облигациялар;

- коносаменттер;

- ипотекалық куәліктер;

- туынды бағалы қағаздар;

- жай қоймалық куәліктер;

- қосарлы қоймалық куәліктер (қоймалық және кепілдікті куәлік) ;

- Қазақстан Республикасындағы айналысқа жіберілген шетелдік эмитенттің бағалы қағазы;

- заң актілерімен белгіленген тәртіпте бағалы қағазда қатарына жатқызылған басқа да құжаттар.

Бағалы қағаздардың Қазақстан нарығындағы қаржылық құралдарына қарай оның құрылымын былайша көрсетуге болады, яғни бұл келесі Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығының негізгі сегменттерін бейнелейтін суретте көрсетілген [4, 592] .

Сурет 1. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығының негізгі сегменттері

Бағалы қағаздардың меншік құқығын жүзеге асыратын формалар бойынша мыналарды бөліп көрсетуге болады:

  1. атаулы бағалы қағаз - олардың барлық иелерін сәйкестендіруді қарастырады. Иелері туралы ақпарат тізілімінде болады, ал осы бағалы қағаздармен бекітілген меншік құқығының басқаға өтуі оларды сәйкестендіруді қажет етеді;
  2. ордерлік бағалы қағаздар - ол бойынша құқық бағалы қағазда аталған тұлғаға тиесілі болады және осы бағалы қағазда табыстау жазуын индоссаментті орындау жолымен беріледі. Оның үлгілеріне вексельдер, ипотекалық куәлік жатады;
  3. ұсынбалы бағалы қағаз - осы кағазбен куәландырылған құқық оны ұсынатын адамға тиесілі болады. Осы бағалы қағазға бекітіліп берілген құқықты жүзеге асыру үшін аталған бағалы қағазды ұсынса жетіп жатыр;
  4. құжаттандырылған - қағазбен тасымалдаушыға эмитенттеледі;
  5. құжаттандырылмаған - шотқа жазу жолымен эмитенттеледі;
  6. нарықтық бағалы қағаз - бағамдық айырмашылық ретінде одан табыс алуға мүмкіндік береді;
  7. инвестициялық бағалы қағаз - дивидеңдтер, купондар, пайыздар түрінде осы бағалы қағаз бойынша ағымдағы табысты алу мақсатында ұзақ мерзімге сатып алынады;
  8. қайтарылымды бағалы қағаз - мерзімнен бұрын өтелуі мүмкін;
  9. қайтарылымсыз - айналыс мерзімі біткенше айналыстан алынбайтын бағалы қағаз.

Бағалы қағаздардың меншік құқығын жүзеге асыратын формалар бойынша мыналарды бөліп көрсетуге болады:

  1. атаулы бағалы қағаз - олардың барлық иелерін сәйкестендіруді қарастырады. Иелері туралы ақпарат тізілімінде болады, ал осы бағалы қағаздармен бекітілген меншік құқығының басқаға өтуі оларды сәйкестендіруді қажет етеді;
  2. ордерлік бағалы қағаздар - ол бойынша құқық бағалы қағазда аталған тұлғаға тиесілі болады және осы бағалы қағазда табыстау жазуын индоссаментті орындау жолымен беріледі. Оның үлгілеріне вексельдер, ипотекалық куәлік жатады;
  3. ұсынбалы бағалы қағаз - осы кағазбен куәландырылған құқық оны ұсынатын адамға тиесілі болады. Осы бағалы қағазға бекітіліп берілген құқықты жүзеге асыру үшін аталған бағалы қағазды ұсынса жетіп жатыр;
  4. құжаттандырылған - қағазбен тасымалдаушыға эмитенттеледі;
  5. құжаттандырылмаған - шотқа жазу жолымен эмитенттеледі;
  6. нарықтық бағалы қағаз - бағамдық айырмашылық ретінде одан табыс алуға мүмкіндік береді;
  7. инвестициялық бағалы қағаз - дивидеңдтер, купондар, пайыздар түрінде осы бағалы қағаз бойынша ағымдағы табысты алу мақсатында ұзақ мерзімге сатып алынады;
  8. қайтарылымды бағалы қағаз - мерзімнен бұрын өтелуі мүмкін;
  9. қайтарылымсыз - айналыс мерзімі біткенше айналыстан алынбайтын бағалы қағаз.

Сурет 2. Бағалы қағаздардың жіктелу тәртібі

Жоғарыдағы суреттен бағалы қағаздардың жіктелу тәртібін көруге болады.

Бағалы қағаздардың негізгі түрлерінің бірі - акция. Оны ұстаушының акционерлік қоғамға түскен пайданың бір бөлігін дивидендтер түрінде алу кұқығын, оның істерін және мүліктің бір бөлігін акционерлік қоғам таратылғаннан кейін де басқаруға қатысу құқығын куәландыратын бағалы қағаз болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында акционерлік қоғамдардың және бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы мен дамуы
Бағалы қағаздардың негізгі және туынды түрлері
Екінші деңгейлі банктердің бағалы қағаздармен жасайтын операцияларын эмиссиялық операциялар
Бағалы қағаздар қаржы рыногы
Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы қызметін талдау
Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының құрылымы
Қазақстан Республикасындағы қаржы нарығының қалыптасуы,және қызмет атқару механизмдері
Қазақстандағы қор биржаларының қалыптасуы және дамуы
Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы
Бағалы қағаздардың негізгі түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz