:Кәсіпкерлік пен бизнестің айырмашылығы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Экономика және бизнес факультеті Экономикалық теория кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Кәсіпкерлік пен бизнестің айырмашылығы

Орындаған: Байменова А. И. Тобы: ОПиЭ 08 К1 Қабылдаған: Кулиев И. О.

Алматы - 2010

Кәсіпкерлік пен бизнестің айырмашылығы

Қазіргі кезде «кәсіпкерлік» мағынасына берілетін анықтамалар шамадан тыс көп. Ерте заманда «кәсіпкерлік» ұғымы тек қана тәуекел элементтерімен байланыстырылған. 1725жылы Ричард Кантильон кәсіпкерді - нар тәуекел жағдайында қызмет етуші адам деді. 1961 жылы «кәсіпкер - ұстамды тәуекел жағдайында қызмет ететін пысық адам» деп пайымдаған Дэвид Маклелланд да осы пікірді қолдаған. Кәсіпкерлік ұғымына анықтама беруші келесі ағым - кәсіпкерлікке тән тәуекелділікпен қатар, одан алынатын пайда мен туындайтын жауапкершілікті жатқызады. Мысалы, 1797 жылы Бодо кәсіпкер - іскерлік қызметке жауап беруші, кәсіпорын қызметін бақылап, жоспарлап, ұйымдастырып және оған иелік етуші тұлға деген. 1964 жылы Питер Друкердің дәлелдемесі - кәсіпкер қандай болмасын мүмкіндікті пайдалана отырып, ең жоғарғы деңгейдегі пайдаға жетуге ұмтылатын адам. Тағы бір ағым - кәсіпкерлікті жаңашылдықпен байланыстырады. 1934 жылы Йозеф Шумпетер кәсіпкерді - жаңа технологияларды өңдеуші жаңашыл ретінде суреттейді. Сөз болып отырған әр түрлі ағымдардың тұжырымдары түсінікті, ғылыми көзқарас тұрғысынан қарағанда өте маңызды. Белсенді ізденушілік жұмыстарын жүргізгендіктерінің дәлелі. Кәсіпкерлікке берілген анықтамалар, оның мазмұнын барынша жақсы ашып көрсеткен. Сондықтан, кәсіпкерліктің барлық жоғарыда аталған анықтамаларын негізге ала отырып, тағы бір жаңа ағым шығуына себеп болды. Кәсіпкерліктің кешенді анықтамасы пайда болды. Дәлел ретінде Роберт Хизричтің анықтамасын келтіруге болады. Кәсіпкерлік - белгілі бір құнға ие болатын жаңа нәрсе ашу үрдісі, ал кәсіпкер - осыған бар күші мсен уақытын жұмсай отырып, орнына ақшалай және қанағаттанарлыққа жете алатын, қаржылық, психологиялық және әлеуметтік тәуекелді мойнына алатын адам. «Кәсіпкерлік» және «бизнес» түсініктерінің мағынасы жағынан өте ұқсас екенін айтқан жөн. Орыс тілінде «бизнес» - кәсіпкерлікті, ал бизнесмен - кәсіпкерді білдіреді. Орыс тіліндегі сөздер шет ел сөздеріне сәйкес келеді, сонымен қатар, қосымша мағына да береді. Кәсіпкерлік сөзінің ар жағында - «іс» және жай ғана «іс» емес, «кәсіпорын», яғни басқаша айтқанда, кәсіпорынды және өз ісін ұйымдастыру болып табылады. Р. Хизрич соңғы анықтамада кәсіпкерлік нақтылы бір нәрсені жасау үрдісі, яғни, тікелей нақты қызмет екенін түсінеміз. Егер де біз, батыс экономикалық әдебиеттеріне назар аударсақ, онда олардың «кәсіпкер» және «бизнестің» жүйелі анықтамаларына сүйенетінін көре аламыз. С. Розенблатт, Р. Бонингтон, Б. Нидлдің берген анықтамаларына назар аударуға болады. Бизнес деген не? Бизнес - іс жүргізу жүйесі. Бизнес - адамдарға қажетті өнім өндіру. Бизнес - біздің әлеуметтік-экономикалық жүйеміздің орталық магистралі. Бизнес - қажеттіліктерімізді қанағатандыру үшін құрған жүйеміз. Берілген анықтаманың жүйелігін мынадан көруге болады: қоғамның экономикалық өмірінде бизнес және кәсіпкерліктің рөлін түсіну деңгейінің меңгерілгендігін білдіреді. Батыс экономистерінің анықтамаларында игілікті бизнес жайлы айтылады. Ал біздің экономикалық әдебиеттерімізде, негізінен, жүйесіз сипаттағы анықтамалар орын алған. Әдетте, табыс табуға бағытталған қызмет бабын түсіндіреді. Мысалы, «шаруашылық қызмет және кәсіпкерлік дамуының еркнідігі» жайлы Қазақ КСРО Заңында «кәсіпкерлік - барлық қатысушылар үшін өзара тиімді нәтижелер мен пайда алу мақсатында құрылған жеке, қарыз және басқа да мүліктер мен құралдар есебінен шаруашылық немесе әрекет етуші заңдылық шеңберіндегі, инициативті, басқалай қызмет» делінген. «Бизнес» және «кәсіпкерлік» түсініктерінің ұқсастығымен қатар, олардың өздеріне тән бірқатар айырмашылықтары бар. Мысалы, «бизнес» «кәсіпкерлік» түсінігіне қарағанда ауқымды болып келеді. Кәсіпкерліктің субъектілері - жеке немесе заңды тұлғалар, басқаша айтқанда, кәсіпкер. Ал бизнес субъектілері мына төмендегідей:

  • Кәсіпкерлердің өздері және кәсіпкерлер ұжымы
  • Жеке және ұжымды тұтынушылар
  • Жалдамалы еңбек қызметімен айналысатын жұмысшылар
  • Мемлекеттік құрылымдар

Бизнестің субъектілеріне байланысты мынадай түрлері болады:

  • Кәсіпкерлік бизнес
  • Тұтынушы бизнесі
  • Еңбек ету бизнесі
  • Мемлекеттік бизнес

Осындай белгілері арқылы кәсіпкерлік пен бизнестің айырмашылықтарын білуге болады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Экономика және бизнес факультеті Экономикалық теория кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық формалары

Орындаған: Байменова А. И. Тобы: ОПиЭ 08 К1 Қабылдаған: Кулиев И. О.

Алматы - 2010

Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық формалары

Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес кәсіпкерліктің мынадай ұйымдық-құқықтық формалары бар:

  • Толық серіктестік
  • Сенім серіктестігі
  • Жауапкершілігі шектеулі серіктестік
  • Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік
  • Акционерлік қоғам
  • Еншілес және тәуелді акционерлік қоғам
  • Өндірістік кооператив
  • Мемлекеттік кәсіпорын

Енді осыларға жеке тоқталсам:

Толық серіктестік Толық серiктестiктiң мүлкi жеткiлiксiз болған жағдайда қатысушылары серiктестiктiң мiндеттемелерi бойынша өзiне тиесiлi барлық мүлкiмен ортақ жауапкершiлiкте болатын серiктестiк толық серiктестiк деп танылады. Азамат бiр ғана толық серiктестiктiң қатысушысы бола алады. Толық серiктестiктiң жарғылық капиталының мөлшерiн оның құрылтайшылары белгiлейдi, бiрақ ол заң құжаттарында белгiленген ең төменгi мөлшерден кем болмауы керек. Толық серiктестiктiң ең жоғары органы қатысушылардың жалпы жиналысы болып табылады. Толық серiктестiктiң iшкi мәселелерi жөнiнде шешiм барлық қатысушылардың жалпы келiсiмi бойынша қабылданады. Серiктестiктiң құрылтай шартында қатысушылардың көпшiлiк даусымен шешiм қабылданатын реттер көзделуi мүмкiн. Егер құрылтай шартында оның қатысушыларының дауыс санын анықтаудың өзгеше тәртiбi көзделмесе, толық серiктестiктiң әрбiр қатысушысының бiр даусы болады. Құрылтай шартында қатысушылар алатын дауыс санын олардың жарғылық капиталдағы үлесiне сай белгiленетiндiгi көзделуi мүмкiн.

Сенім серіктестігі Серiктестiктiң мiндеттемелерi бойынша өзiнiң бүкiл мүлкiмен (толық серiктерiмен) қосымша жауап беретiн бiр немесе одан да көп қатысушылармен қатар, серiктестiктiң (салымшылардың) мүлкiне өздерi салған салымдардың жиынтығымен шектелетiн бiр немесе одан көп қатысушыларды да енгiзетiн және серiктестiктiң кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға қатыспайтын серiктестiк сенiм серiктестiгi деп танылады. Сенiм серiктестiгiне қатысатын толық серiктердiң құқықтық ережесi және олардың серiктестiк мiндеттемелерi бойынша жауапкершiлiгi толық серiктестiктiң қатысушылары туралы ережемен белгiленедi. Азамат тек бiр ғана сенiм серiктестiгiнiң толық серiктесi бола алады. Сенiм серiктестiгiнiң жарғылық капиталы оның қатысушылары салатын салымнан құралады. Шаруашылық үрдiсiнде жарғылық қор өзгертiлуi мүмкiн. Салымшылардың салымдарын есептемегенде, жарғылық капитал толық серiктестердiң сенiм серiктестiгi мүлкiндегi үлесiн белгiлейдi. Жарғылық капиталдың мөлшерiн сенiм серiктестiгiнiң толық серiктестерi белгiлейдi және ол заң құжаттарында белгiленген ең төменгi мөлшерден кем болмауы керек. Сенiм серiктестiгiнiң iсiн басқаруды толық серiктестер жүзеге асырады. Сенiм серiктестiгiнiң iсiн оның толық серiктестерiнiң басқару және жүргiзу тәртiбiн олар толық серiктестiк туралы ережелер бойынша белгiлейдi. Салымшылардың сенiм серiктестiгi iсiн басқаруға қатысуға, сондай-ақ сенiмхат бойынша болмаса, оның атынан әрекет жасауға құқығы жоқ. Сенiм серiктестiгi салымшыларының серiктестiк iсiн басқару жөнiнде толық серiктестердiң әрекеттерiне дау жасауға құқығы жоқ.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік Бiр немесе бiрнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгiленген мөлшерде үлеске бөлiнген серiктестiк жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк деп танылады; жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiкке қатысушылар оның мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi және серiктестiктiң қызметiне байланысты залалдарға өздерiнiң қосқан салымдарының құны шегiнде тәуекел етедi. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiкке қатысушылардың саны шектелмейдi. Жарғылық капиталдың мөлшерiн жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң құрылтайшылары (қатысушылары) белгiлейдi және ол заң құжаттарында белгiленген ең төменгi мөлшерден кем болмауы керек.

Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік Қатысушылары серiктестiк мiндеттемелерi бойынша өздерiнiң жарғылық капиталға салымдарымен жауап беретiн, ал бұл сомалар жеткiлiксiз болған жағдайда өздерiне тиесiлi мүлiкпен оған өздерi еселенген мөлшерде енгiзген салымдар арқылы жауап беретiн серiктестiк қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк деп танылады.

Акционерлік қоғам Өзiнiң қызметiн жүзеге асыру үшiн қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлға акционерлiк қоғам болып танылады. Акционерлiк қоғамның акционерлерi осы заң актiлерiнде көзделгеннен басқа жағдайларда оның мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi және өзiне тиесiлi акциялар құнының шегiнде қоғамның қызметiне байланысты шығындар тәуекелiн көтередi. Акционерлiк қоғамның өз қатысушыларының мүлкiнен оқшауланған мүлкi болады, өз мiндеттемелерi бойынша өз мүлкi шегiнде жауапты болады және өз қатысушыларының мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi. Құрылтай шарты (жалғыз құрылтайшының шешiмi) мен жарғы акционерлiк қоғамның құрылтай құжаттары болып табылады. Акционерлiк қоғамның жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерi және оны қалыптастыру тәртiбi, сондай-ақ оны ұлғайту тәртiбi Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен айқындалады. Акционерлiк қоғамның жоғары органы оның акционерлерiнiң жалпы жиналысы болып табылады.

Еншілес және тәуелді акционерлік қоғам Жарғылық капиталының басым бөлiгiн басқа заңды тұлға қалыптастырған не олардың арасында жасалған шартқа сәйкес (не өзгедей түрде) негiзгi ұйым осы ұйымның қабылдайтын шешiмдерiн айқындай алатын заңды тұлға еншiлес ұйым болып табылады. . Егер акционерлiк қоғамның дауыс берушi акцияларының жиырма проценттен астамы, басқа (қатысушы, басымырақ) заңды тұлғанiкi болса, ол тәуелдi қоғам деп танылады.

Өндірістік кооператив Азаматтардың бiрлескен кәсiпкерлiк қызмет үшiн мүшелiк негiзде олардың өз еңбегiмен қатысуына және өндiрiстiк кооператив мүшелерiнiң мүлiктiк жарналарын бiрiктiруiне негiзделген ерiктi бiрлестiгi өндiрiстiк кооператив деп танылады. Кооператив мүшелерi екеуден кем болмауға тиiс. Өндiрiстiк кооперативтiң мүшелерi кооператив мiндеттемелерi бойынша Өндiрiстiк кооператив туралы заңда көзделген мөлшер мен тәртiп бойынша қосымша (жәрдем беру) жауапты болады. Өндiрiстiк кооперативтiң меншiгiндегi мүлiк, егер кооперативтiң жарғысында өзгеше көзделмесе, оның мүшелерiнiң пайларына олардың жарналарына барабар бөлiнедi. Кооператив таза табысы оның мүшелерi арасында, егер кооператив жарғысында өзгеше Өндiрiстiк кооперативтi басқарудың жоғары органы оның мүшелерiнiң жалпы жиналысы болып табылады. Өндiрiстiк кооперативте кооперативтiң атқарушы органдарының қызметiне бақылау жасауды жүзеге асыратын қадағалау кеңесi құрылуы мүмкiн. Қадағалау кеңесi мүшелерiнiң өндiрiстiк кооператив атынан әрекет жасауға құқығы жоқ.

Мемлекеттік кәсіпорын Мемлекеттiк кәсiпорындарға:

1) шаруашылық жүргiзу құқығына негiзделген;

2) оралымды басқару құқығына негiзделген (қазыналық кәсiпорын) кәсiпорындар жатады.

Мемлекеттiк кәсiпорынның мүлкi бөлiнбейдi және оны салымдар (үлестер, жарналар) бойынша, соның iшiнде кәсiпорын қызметкерлерiнiң арасында бөлуге болмайды.

Шаруашылық жүргiзу құқығына негiзделген кәсiпорын

Құрылтайшы бекiтетiн шаруашылық жүргiзу құқығына негiзделген кәсiпорынның жарғысы оның құрылтай құжаты болып табылады.

Шаруашылық жүргiзу құқығына негiзделген кәсiпорын өз мiндеттемелерi бойынша өзiне тиесiлi барлық мүлкiмен жауап бередi.

Шаруашылық жүргiзу құқығына негiзделген кәсiпорын мемлекеттiң мiндеттемелерi бойынша жауапты болмайды.

Қазыналық кәсiпорын Жедел басқару құқығымен мемлекет мүлкiне ие болған кәсiпорын қазыналық кәсiпорын деп танылады. Қазыналық кәсiпорын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органның шешiмi бойынша құрылады. Құрылтайшы бекiткен қазыналық кәсiпорынның жарғысы оның құрылтай құжаты болып табылады.

Жедел басқару құқығына негiзделген кәсiпорынның фирмалық атауында кәсiпорынның қазыналық болып табылатындығы көрсетiлуге тиiс.

Қазыналық кәсiпорынның шаруашылық қызметi жарғыда көрсетiлген оның мақсаттарымен және мiндеттерiмен белгiленедi.

Қазақстан Республикасы немесе әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс қазыналық кәсiпорынның мiндеттемелерi бойынша жәрдем беру жауаптылығын өз мойнына алады. Шарттық мiндеттемелер бойынша жауапкершiлiк мемлекеттiк кәсiпорын туралы заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен туындайды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Экономика және бизнес факультеті Экономикалық теория кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Ел экономикасында кәсіпкерлікті дамытудың кешенді бағдарламалары

Орындаған: Байменова А. И. Тобы: ОПиЭ 08 К1 Қабылдаған: Кулиев И. О.

Алматы - 2010

Ел экономикасында кәсіпкерлікті дамытудың кешенді бағдарламалары

Еліміз өз тәуелсіздігін алған соң нарықтық қатынастарға өтіп, өз экономикасын соған қарай бағыттады. Осыған байланысты еліміздегі кәсіпкерлікті қолдау, оны дамыту еліміздің басты мақсаттарының бірі. Осы саланы яғни кәсіпкерлікті қолдаудың сан түрлі бағдарламалары еліміздегі кәсіпкерліктің дамуына өз үлестерін қосуда. Енді сол кешенді бағдарламаларға тоқталып өтсем. Арыға бармай-ақ елбасымыздың 2010 жылғы халыққа жолдауында айтылған «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын алуымызға болады. «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы ( одан әрі - Бағдарлама ) Қазақстан Республикасы Президентінің « Жаңа онжылдық - Жаңа экономи калық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері » атты Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстанның 2020 жылға дейінгі стартегиялық даму жоспарын іске асыру үшін әзірленген . Бағдарлама 2014 жылға дейінгі Мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациялық дамыту бағдарламасын іске асыру механизм дерінің бірі болып табылады. Бағдарламаның мақсаты экономиканың шикізаттық емес секторларындағы өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сонымен қатар бар жұмыс орындарын сақтау және тұрақты жұмыс істейтін жаңа жұмыс орындарын құру болып табылады. Сонымен қатар елімізде кәсіпкерлікті қолдау мақсатында түрлі қорлар құрылды. Солардың бірі «Даму кәсіпкерлікті дамыту қоры» болып табылады. Енді осы қордың еліміздегі кәсіпкерлікті дамытуға арналған төмендегідей бағдарламалары бар:

  • Қаражатты шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін кейіннен кредиттеу үшін екінші деңгейлі банктерге келісіп орналастыру бағдарламасы
  • “Даму-Қолдау” шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін тікелей қаржыландыру бағдарламасы
  • Микрокредит беретін субъектілерді қаржыландыру бағдарламасы
  • «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ "Бизнес Кеңесші" бағдарламасы
  • "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ қаражатын кейіннен микрокредиттік ұйымдарға несие беру үшін екінші деңгейдегі банктерге келісіп орналастыру бағдарламасы
  • «Даму-Көмек» бағдарламасы
  • Қаражатты кейіннен әйелдер кәсіпкерлігіне микрокредит беру үшін екінші деңгейдегі банктерге келісіп орналастыру бағдарламасы
  • «Даму-Өндіріс» өңдеуші өнеркәсіп саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау бағдарламасы
  • Өңдеуші өнеркәсіп саласындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің лизингілік мәмілелерін екінші деңгейдегі банктер және Лизингілік компаниялар арқылы қаржыландыру бағдарламасы

Енді осылардың ішінде «Даму-Қолдау» бағдарламасына тоқталсам. «Даму-Қолдау» бағдарламасының мақсаты - шағын және орта бизнестің сапалы дамуына жәрдемдесу және Қазақстан экономикасын әртараптандыру үдерісінде олардың рөлін күшейтуге бағытталған. Бағдарлама шарттарын республикалық және аймақтық БАҚ-та және Қор сайтында жариялау нәтижесінде, сонымен қатар аймақтық мемлекеттік атқару органдарымен, қоғамдық ұйымдармен (Қазақстан қаржыгерлер ассоциациясы, «Атамекен Одағы» Қазақстан Ұлттық экономикалық палатасы, Тәуелсіз кәсіпкерлер ассоциациясы, Франчайзинг агенттігі) және екінші деңгейдегі банктермен (одан әрі - ЕДБ) өзара әрекеттесу нәтижесінде, 01. 07. 2009 ж. бастап 300-ге жуық шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері Қорға кеңес сұрап, өтініш білдірген, олардан жалпы сомасы 40 млрд. теңгеге дейінгі 143 жобаны қарастыруға өтінім келіп түскен. Келіп түскен өтінімдердің ішінен 10 жоба бойынша қарыз беру туралы келісімшарт жасалды және олар негізгі мына талаптарға сай келеді:

· өңдейтін өндірісті құру немесе жаңғырту;

· кластерлер мен жаңа технологиялар трансфертін дамыту;

· бәсекеге қабілетті, импорталмастырушы және экспортқа шығаруға бағдарланған тауарлар мен қызметтерді шығару;

· сәтті отандық және шетелдік бизнес үлгісін (франчайзингті) қайталау;

· жаңа жұмыс орындарын құратын әлеуметтік мағынасы бар бағыттар қалыптастыру;

01. 03. 2010 ж. жағдай бойынша 3 млрд. теңгені құрайтын 10 жоба бойынша қарыз беру туралы келісімшарт жасалып, 2 139 110 мың теңгені құрайтын 9 жоба қаржыландырылды:

- «Тағам-Регион» ЖШС - ұн және ұннан дайындалатын өнімдер шығару;

- «BRANDO» ЖШС - бір реттік шприцтер өндірісі;

- «Raimbek-Vostok-Agro» ЖШС - ұзақ сақталатын сүт өнімдерін шығару;

- «АЙТҰМАР ИНВЕСТ» ЖШС - туристік қызмет, қонақ үй бизнесі;

- «Союз» Сауда үйі» ЖШС - рапс өндіру;

- «Казспецремонт-2000» ЖШС - автожөндеу және көлік жуу орталығы;

- «Компания «Аманат ЛТД» ЖШС - дәнді дақылдарды өңдеу ;

- «Мулен» ЖШС - ұн және ұннан дайындалатын өнімдер шығару;

- «Злак плюс М» ЖШС - макарон өнімдерін шығару;

- «Mediсal Park» ЖШС - медициналық қызмет (қаржыландыру 2010 ж. сәуір айынан басталады) ;

Сонымен қатар осы қордың «Даму-Көмек» атты бағдарламасы да көңіл аударарлық. «Даму-Көмек» Бағдарламасы мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлер мен тұрғындарға олардың проблемалары мен оларға қажетті ресурстар (қаржылай көмек, мүлік, консультациялық қолдау, өзге қызметтер) туралы ақпарат дәрежесін арттыру жолымен қолдау көрсетуге мақсатталған. «Даму-Көмек» Бағдарламасы мүмкіндігі шектеулі адамдарды материалдық ырыс-береке және кәсіби өсу негізі болып табылатын кәсіпкерлік қызметті жүргізуге ынталандыратын жағдай жасауға мүмкіндік береді, сонымен қатар жұмыс жасап жүрген мүгедек-кәсіпкерлерді бизнеске арақашықтықтан оқыту арқылы олардың біліктілік деңгейлерін арттыруға жәрдемдеседі . «Біз тәуекелдерді өз мойнына алуға, жаңа рыноктарды игеруге, инновациялар ендіруге дайын қуатты кәсіпкерлер табын көргіміз келеді» - деп елбасы өз жолдауында атап өтті. Осындай кәсіпкерлерге көмек ретінде жоғарыда аталған бағдарламалар өз үлесітерін қосады деп есептеймін.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Экономика және бизнес факультеті Экономикалық теория кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Үшінші әлем елдерінің жалпы экономикалық сипаттамасы. Халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіндегі дамушы елдер

Орындаған: Байменова А. И. Тобы: ОПиЭ 08 К1 Қабылдаған: Кулиев И. О.

Алматы - 2010

Үшінші әлем елдерінің жалпы экономикалық сипаттамасы. Халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіндегі дамушы елдер

Үшінші әлем елдерінің экономикалық құрылымын төмендегі жеті көрсеткіш арқылы сипаттауға болады:

1) ел көлемі:оның территориясы, тұрғылықты халқының саны мен жан басына шаккандағы табысы. Ел көлемі бойынша Үшінші әлем елдерін территориясы ауқымды және шағын деп бөлуғе болады және олардың әрқайсысының кемшіліктері мен өзіндік басымдылықтары бар. Территориясы ауқымды басымдылықтары бар елдерге (Үндістан, Бразилия, Египет, Нигерия және т. б) мыналар жатады: а) табиғи ресурстардың бар болуы; б) нарық тереңдігі; в) шикізат, материалдар мен дайын өнімнің импортқа тәуелділігінің төмендігі. Үшінші әлем елдерінің проблемалары: Халықаралық ынтымақтастық, ұлттық қысымдылық. Шағын елдердің кемшіліктері: ішкі нарықтың тарлығы, білікті кадрлардың жетіспеушілігі, матералдық ресурстардың жетіспеушілігі, халықаралық келіссөз жүргізудегі әлсіз позиция, экономикалық өсудің әлсіз перспективасы.

2) Тарихи даму және отарлы кезең ерекшеліктері; Үшінші әлем елдерінің көбісі олардың білім жүйесі, әлеуметтік институттары мен экономикалық құрылымының өзгеруіне әсер еткен батысеуропалық елдердің отарында болған.

3) Өндіріс фокторларымен қамтамасыз етілуі; Елдің экономикалық өсуіне әсер ететін басты факторлардың бірі ол табиғи ресурстардың болуы. Еңбек ресурстары бойынша дамыған елдермен салыстырғанда үлкен айырмашылықтар көрінеді. Мұндай айырмашылықтар материалдық ресурстардан да (жер, пайдалы қазбалар) көрінеді.

4) мемлекеттік және жеке кәсіпкерлік секторларының өзара қатынасы және ролі. Латын Америкасы мен Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің экономикасы жеке кәсіпкерлікке бейімделген. Жеке кәсіпкерліктің дамуы жаңа жұмыс орындарының ашылуына септігін тигізеді. Африка мен Оңтүстік Азия елдері мемлекеттік секторға инвестициялық бағдарламалар мен ауылдарды дамыту максатындағы бағдарламаларға көп көңіл бөледі.

5) өндірістік құрылым сипаты. Үшінші әлем елдерінің көбісі аграрлы ел болып келеді. Мұнда да бірқатар айырмашылықтар байқалады. Латын Америка елдері жоғары табыс пен өндірістің аз да болса дамығандығымен ерекшеленеді. Үшінші әлем елдерінің ішінде Үндістан өңдеуші сала бойынша тауар шығару көлемі бойынша ең мықты ел болып табылады.

6) сыртқы факторларға тәуелділігі. Үшінші әлем елдерінің барлығында дерлік сыртқы факторға тәуелділік байқалады: экономикалық (дамыған әлеммен сауда көлемі, халықаралық технология трасферті), саяси (білім жүйесі мен баскарудың өзгеруі) және мәдени (тұтынушы әдеті, жұмысқа, өмірге және өзіне деген көзқарасы) куш.

7) саяси құрылым, билік пен топтық көзқарастарды орналастыру. Үшінші әлем елдеріндегі шиеленісті көзқарастармен элитаны баскаратын билік арасындағы ерекешеліктер олардың экономикалық, әлеуметтік және саяси дамуынан көрініс табады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шағын бизнестің мәні мен ерекшеліктері
Өндірістік кәсіпкерлікті жүргізу
Бизнес - жоспарды құру
Кәсіпкерлік қызметінің нарықтық экономикадағы рөлі
Қазақстандағы венчурлық бизнес
Шағын бизнесті дамытудың теориялық негіздері
Шағын және орта бизнестің дамуы
Халықаралық лизингтiк қатынастар
Кәсіпкерлік: мәні, мазмұны және формалары. ҚР кәсіпкерліктің дамуы
Оперциондық аудиттің мәні мен қажеттілігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz