АДАМЗАТТЫ УЛАҒАН ІШІМДІК ТУРАЛЫ АҚИҚАТ
АДАМЗАТТЫ УЛАҒАН ІШІМДІК ТУРАЛЫ АҚИҚАТ (Үшінші орын)

Әлемде жер көлемі жағынан 9 орын алатын кең байтақ қазақ жерінің болашағы не болады? Бұл сауал жүрегінде иманы, бойында намыстың қаны ойнаған әрбір отандасымызды ойландыруы тиіс. Өйткені кешегі ел билеген хандар мен әділдігімен қара қылды қақ жарған билеріміз, арыстай азаматтарымыз: Елім, жерім, ұрпағым деп еңіреп кетті емес пе? Енді, міне, Алла тағала тәуелсіздік таңын сыйлаған шақта ұрпағымыз ұсақталмай, биік мақсаттарға ұмтылу - бізге жүктелген аманат! Шапқыншылықпен де, саясатпен де, аштықпен де, соғыспен де сыналған халқымыз енді ешқандай шекараны білмейтін жаһанданудың соғыс алаңында рухани майданға тап болды. Бұл майданда қолына қару, семсер алып соғысушылар емес, біліммен қаруланғандар, әлемдердің патшасы Алла тағаланың ақиқат жолында жауынгер бола білгендер ғана жеңіске жетпек. Өйткені Раббымыз қасиетті Құранда (3139): (Мұсылмандар!) Босамаңдар да қайғырмаңдар. Егер мүмін болсаңдар, әлбетте үстем боласыңдар,- деп уәде береді. Бірақ мұсылман болу жай ғана ауызбен айтып, өз-өзіңе марқаюмен жүзеге аспас. Ол ең әуелі жаратушымыз жалғыз бір ғана Алла тағала екендігін түсініп, Оған ғана құлшылық етіп, Одан ғана жәрдем сұрауымыздан басталады. Әрине, ғасырға жуық уақыт бойы Алланы жоққа шығарып, компартияға табындырып келген атеистік саясаттың шырмауынан шыға алмай жүрген ағайынға 5 парызыңды орындамасаң мұсылман емессің деп айту Мұхаммед (с.а.у.) үмметіне жараспас. Жүректердің әміршісі бір ғана Алла болғандықтан, Алладан алыстап кеткен сол жүректерді қарайтып, мүлгітіп жіберген күйкі тіршіліктің ақиқатпен астасқан түйткілдерін түсіндіру басты міндетіміз. Алла тағала қасиетті Құранда (3941): (Мұхаммед Ғ.С.) расында саған Құранды адам баласы үшін шындық бойынша түсірдік. Сонда кім тура жолға түссе, өзі үшін. Ал кім адасса, ол өз зиянына. Сен оларға кепіл емессің,- дейді. Ал біздің қоғамда көпшілікті зиянға ұшыратып, адастырып, аздырып, арандатып келе жатқан тажалдардың бірі - ішімдік, арақ-шарап. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының (ДДҰ) 2009 жылғы мәліметі бойынша еліміз ішімдік ішуден әлем бойынша 8 орынға шыққан, яғни әрбір қазақстандыққа шаққанда жылына 12 литрден спирт ішіледі. Ал ішімдік салдарынан жылына 700-800 мың адам көз жұмып жатыр деп дабыл қағушы Ресей 22 орында. Бұл қарқынмен 7-10 жылда тұқымымыздан айрыламыз деген ресейлік ғалымдардың бірі атақты психиатр-дәрігер Александр Мельников өз отандастарының адам басына шаққанда 15 литр спирт ішілетінін айта келе: Алкоголь - есірткінің нақ өзі. Оның ең қауіпті есірткі саналатын героиннен еш айырмашылығы жоқ. Екеуі де өзіне тәуелді етеді, адамға беретін азабы мен деградациясы өлімге дейін апарады. Сондықтан ішімдікке жарнама жасауды санасыздық пен нағыз қылмыс деп есептеймін,-деді. Сондай-ақ ресейлік дәрігер:Алкогольді шайтанның суы деп есептейтін мұсылмандар бізден әлдеқайда ақылдырақ. Расында алкоголь әзәзілдің айласы,-деген. Алайда Алла тағала тек мұсылмандар үшін емес, бүкіл адамзатқа ішімдіктен аулақ болыңдар деп осыдан 14 ғасыр бұрын қасиетті Құран арқылы ескерткен. Құранда ішімдікке қатысты түсірілген 5 аяттың бірі Мәида сүресіндегі 90-аятта: Әй, мүминдер! Арақ, құмар, арнайы табынуға тіктелген тастар, бал ашатын оқтар - тек лас шайтанның істерінен. Одан аулақ жүрсеңіздер, мұратқа жетерсіздер,-делінген. Ал пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у.) ішімдікке қатысты көптеген хадистерінің бірінде: Ішкіліктен аулақ болыңдар, өйткені ол бүкіл жамандықтың көзі,-деген. (Ибн Аббастан ( р.а.) имам Әл-Хаким және имам Байһақи жеткізген). Расында, осы әзәзіл судың салдарынан қаншама шаңырақ ортасына түсіп, қанша арулардың ары аяққа тапталып, қаншама жастың ғұмыры қыршыннан қиылып жатыр. Қылмысқа ұрынып ғұмырын қорлыққа айналдырған ер-азаматтар, қыз-келіншектер аз емес. Енді осы ішімдікке қатысты аят-хадистердің шынайы өмірдегі шындығын, қарапайым пенде біле бермейтін кесапаттарына тоқталып өтейік.
ДДҰ алкоголь жайында адам денсаулығы мен психикасын күйрететін наркотикалық у деп 1975 жылы мәлімдеген. Соған қарамастан соңғы 20 жылда ішімдікті пайдалану әлемде 2 есе көбейген. Оның 80% өнеркәсібі дамыған Батыс Еуропа, АҚШ және ТМД елдеріне қатысты. Ал ислам діні дамыған елдер бұл тізімнен алыста. Ғалымдардың айтуынша адамның ажалы үшін этил спиртінің 250-400 грамы жеткілікті. Алкогольді ішімдіктің құрамында болатын этанол, яғни этил спирті біріншіден ми жасушаларын улап, биологиялық алмасуларды күйретіп өлтіріп отырады. Адам ағзасын улап, өлім қаупін күшейтіп, физикалық және психологиялық ауруларға ұшыратып қана қоймай отбасын ойрандап, рухани азғындықты күшейтеді. Ал кез-келген халыққа ең ауыр тиетіні ұрпағының ақыл-есі таяздалып, ұсақталып кетуінде.
Ақсақалдардың айтуынша, елімізде ішімдікке жаппай бой алдыру 1970 жылдары белең ала бастаған. Нәтижесінде ішімдік дастарқанның ортасынан ойып орын алып, әрбір қазақ кез-келген қуанышын ішімдіксіз атап өтпейтін халге жетті. Тіпті КСРО-ның соңғы басшысы М.С. Горбачевтың 1985 жылғы Маскүнемдік пен алкоголизмге қарсы күресті күшейту шаралары деген үкімі бойынша арақ зауыттары жабылып, жүзімдіктер қиратылып, спиртті ішімдіктерді сатуға шектеу қойса да, жұртшылық ішімдікті қолдан өндіріп, самопал, техникалық спирт секілді заттарды пайдаланып айласын асырып жіберді. Сондықтан ішімдік салдарынан болатын зардаптар азайған жоқ. Ал Ислам діні келмей тұрып өз қыздарын адам қатарына санамай тірідей жерге көметін, ішімдік судай ішіліп әбден азғындаған арабтардың қоғамында пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.) арқылы келген Құран аяттары мен хадистер арқылы иманы күшейген қоғам ішімдіктен мүлдем бас тартты. Ал қазір біздің қоғамымызда ата-бабамыздың исламмен салып кеткен жолынан адасқанымыз сонша Ішімдікті аздап ішсе, денсаулыққа пайдалы, ол дәрі секілді, қан айналымын жақсартады деп аздап ұрттап қоятын әдеттен арыла алмай жүргендер қаншама. Осылайша өз тұқымымызды өзіміз қолдан улап жатқанымызға мән бермейміз. Өйткені пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.): Көп мөлшерде мас ететін ішімдіктің азы да харам,-деген (Ахмад, Әбу Дауд, Насаи, Тирмизи жеткізген хадис). Алла Елшісінің (с.а.у.) сөзін растайтын ғылыми дерек ретінде академик И. П. Павловтың тәжірибесіне сүйенсек, алкогольдің аз ғана мөлшерін пайдаланған иттің рефлекстері күрт төмендеп, ол тек алтыншы тәулікте ғана қалпына келе бастайтынын айтуға болады. Яғни аз ғана ұрттадым деген адамның өзі апта бойы әзәзілдің шылауында жүреді. Ал арнайы тексеруге алса, ондай адам қателікке өте көп жол береді екен. Себебі, адамның жүйке жүйесінде әлсіздіктер артып, тіпті 50 грамм жұтқанның өзінде адамның есте сақтау қабілеті нашарлап, жүріс-тұрысы баяулап, жұмыс істеу қабілеті төмендейді. Ал мас адам өзін күш-қуаты артқандай сезінуі мүмкін. Бірақ зерттеулерге қарағанда дені сау адам күш өлшейтін құралда 130 кг тартса, ал 100 грамм жұтып алған соң 108 келіге ғана шамасы келген. 20-25 грамм алкогольдің өзі тек күш-қуаттың кемуіне ғана емес ақылмен жұмыс істеуді де тежейді. Компьютерлік теріммен айналысатын маманның жұмысы 15 пайызға төмендеп, машинисткаларда қате жіберу 20 пайызға өскен. Сондай-ақ ғалымдар ұзақ уақыт сүтке алкогольдің аз мөлшерін қосып берген иттерде ішкі ағза мүшелерінің аурулары пайда болғанын анықтаған. Бірнеше ай бойы ішкізілген спирт көлемі 2 литрге жеткен ит өлген кезде ғалымдар оның ішкі ағзасына зерттеу жасады. Сонда бауырында үлкен өзгерістер, бүйрегінде, асқазанында, әсіресе жүрегінде ақаулар табылған.
ДДҰ 25 елді мысалға ала отырып, алкогольді көп пайдаланатын елдерде ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz