Альянс Полис Сақтандыру компаниясы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Компания туралы

"Альянс Полис" Сақтандыру компаниясы" Акционерлік қоғамы сақтандыру нарығында 1993 жылдан бері жұмыс істеп келеді. 2002 жылға дейін компания "Тұмар" аталды.
"Альянс Полис" СК" АҚ "Seimar Alliance Financial Corporation-ның" әріптесі болып табылады.
Қызметінің түрі: Сақтандыру қызметі және қайта сақтандыру жөніндегі қызмет.
Жарғылық капиталы - 1 360 млн. теңге. Қаражаттың осындай мол көлемі компанияның қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етеді және клиенттері алдындағы міндеттемелері бойынша төлемдерді жүзеге асыруға кепілдік береді.
Компания сақтандырудың 24 санаты бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыруға құқық беретін лицензияға ие: Міндетті сақтандыру бойынша ОС № 4-101 - 07.03.07 жылы берілген. Ерікті жалпы сақтандыру бойынша ДОС №4-111 - 5.12.2007 ж.б. сондай-ақ қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығын беретін лицензия ПД№4-11 - 18.05.06 ж.б.
Компанияның Қазақстанның 20 қаласында кең тармақты бөлімшелер желісі бар.
Бүкіл Қазақстан бойынша полистер сататын 456 орын жұмыс істейді.
Компанияның бас кеңсесі Алматы қаласында орналасқан.
Бас кеңсе
Телефоны: +7 (727) 258-48-48 , 258-47-47
Факс: +7 (727) 258-59-57
Эл. пошта: alp@alp.kz
Сайт: www.alp.kz

050059, Қазақстан Республикасы
Алматы қ-сы, Фурманов к-сі, 273 А
(әл-Фараби к-сінен жоғары
"Альянс Полис" Сақтандыру Компаниясы - сақтандыру төлемдерін кепілдендіру Қорының қатысушысы, Қазақстанның Қаржыгерлер Қауымдастығына кіреді және Қазақстанның Салық төлеушілер Қауымдастығының мүшесі болып табылады. Компания сондай-ақ шағын және орташа кәсіпкерлікті дамыту Қоры берген кепілдіктерді сақтандыру жөніндегі сақтандыру пулының қатысушысы болып табылады
Соңғы екі жыл Альянс Полис Сақтандыру Компаниясы үшін серпінді даму кезеңі болды. Тек бір ғана 2006 жылы сақтандыру сыйлықақыларын жинақтау бойынша компания 10 еседен астамға өсіп, ҚҚА рэйтингінде 17-орыннан 5-орынға көтерілді. Ал 2007 жылы Альянс Полис сақтандыру нарығының көшбасшысы атанды. Бұл компания сақтандыру сыйақыларын жинақтау жағынан да, сақтандыру төлемі бойынша да 1-орынға шықты. Өкшесін басып келе жатқан бәсекелесі олардан сақтандыру сыйлықақыларын 7 млрд.теңгеден астамға кем жинаған.Біз сақтандыру қызметтерінің жаңа түрлерін игердік, оның өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру секілді күрделі түрінде көшті жалғыз бастап, сақтандырудың ерікті түрлері бойынша өз ұстанымымызды сақтап қалдық. Мысалы, сақтандыру қызметінің автокөлікті ерікті сактандыру (автоКАСКО) секілді түрінен Альянс Полис бүгінгі күні нарықтың 11 пайызына ие болып отыр.
Қайта сақтандыру қызметі
"Альянс Полистің" келісім-шарттар портфелінің қайта сақтандыру қорғауын ыңғайлы да ойластырылған жүйесі компанияның жоғары қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етеді . "Альянс Полис" Сақтандыру компаниясы" АҚ өз тәуекелдіктерін жергілікті нарықта да, шетелдік әріптестерінде де қайта сақтандырып қояды. Тәуекелдіктерді орналастыру жан-жақты дамыған және жетекші делдалдар қатысуымен жүзеге асады.
Біздің компания сақтандыруға қабылдайтын мүліктік тәуекелдіктер, құрылыс және монтаж тәуекелдіктерін қоса есептегенде, CAT XOL апаттық тәуекелдіктерді қайта сақтандырудың облигаторлық келісім-шартымен өтеледі. Бұл салада көшбастаушы болып аса ірі Munich Re қайта сақтандыру ұйымы саналады. Қалған 6 қайта сақтандыру компаниясы 15 үздік қайта сақтандыру қоғамдары тізіміне кіреді және S&P бойынша қаржылық сенімділік рейтингіне ие.
Келісім-шарттың жалпы сыйымдылығы USD 25 млн. құрайды.
2007 жылғы шілденің 1-інде компания S&P бойынша AA рейтингіне ие Hannover Ruckversicherung AG белгілі қайта сақтандыру қоғамымен қаржылық шығындарды пропорционалды қайта сақтандыру келісім-шартын жасады.
"Альянс Полис" АК" АҚ бұл келісімге қол жеткізуі шетелдік қайта сақтандыру нарығының біздің сақтандыру компаниямыздың абыройы мен қаржылық дербестігіне деген сенімінің биік екендігінің айғағы!
Қосымша қаржылық тәуекелдіктерді Lloyd's синдикаты аса ірі брокер "Willis" делдалдық етуі арқылы өтейді.
2007 жылғы мамырдың 1 - інде ауыл шаруашылық тәуекелдігін қайта сақтандыру келісімі жасалды. Мұнда қайта сақтандырушы міндетін өз мойнына Moody`s Investors Service рейтинг агенттігінің көрсеткіші бойынша Baa1 рейтингіне ие ОАО РОСНО компаниясы алды.
Біздің әріптестеріміз - төменде аталған ірі делдалдар, сақтандыру және қайта сақтандыру компаниялары:
ТОО Марш (сақтандыру делдалдары)
* ТОО СБ АОН Казахстан
* ТОО Сақтандыру делдалы АКСИОМ
* ТОО Сақтандыру делдалы SP-Malakut
* Cooper Gay (Eastern Europe) Limited
* Willis
* RFIB Group Limited
* Munich Re
* SCOR
және Қазақстан мен Ресейдің жетекші сақтандыру компаниялары.

Сақтандырудың мынадай түрлері бар:

Мүлікті ерікті сақтандыру бағдарламасы және Тату көршілер бағдарламасы

Мүлікті залалдан ерікті сақтандыру

Ерікті медициналық сақтандыру "Денсаулық" бағдарламасы

Ерікті медициналық сақтандыру "Бөбек" бағдарламасы

Жазатайым оқиғадан ерікті сақтанды
Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру

Автокөлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру

Автокөлік құралдары иелерін ерікті сақтандыру (автоКАСКО)

Мүлікті ерікті сақтандыру бағдарламасы және "Тату көршілер" бағдарламасы
Нені сақтандырамыз?
* Үйлер, пәтерлер, кеңселер, дүкендер, құрал-жабдықтар, тұрмыстық техника, жиһаздар, зергерлік бұйымдар және қымбат қиімдерді.
Неден сақтандырамыз?
* Табиғи апаттардан ( зілзала, көшкін, су тасқыны, құйын, бұршақ және т.б.);
* Өрт пен жай түсуден;
* Тұрмыстық газдың, бу қазандықтары, мәшинелер және т.б. жарылыстарынан;
* Ұшақ апатынан;
* Ұрлық, қарақшылық және құқық бұзу әрекеттерінен;
* Коммуналдық жүйеден аққан су кесірінен зиян келуден.
Нені сақтандырамыз?
Пәтердің ішкі бөлшектерін ( қабырғаларын, есіктерді, терезелерді, едендерді, қабырға қаптамаларын және т.б.). Егер жөнделген пәтеріңізге өрт, атап немесе көршілерінің кесірінен болған су алып кету салдарынан зиян келсе.
* Көршілер алдындағы жауапкершілік. Егер сіз байқаусызда көршілерініңге су ағызып алсаңыз немесе олардың жөнделген пәтеріне өз үйіңіздегі өртті сөндіру кезінде зиян келтірсеңіз.

Сақтандыру қанша тұрады?
* Мүлікті сақтандарғанда ( үй, пәтер, кеңсе, дүкен, құрал-жабдықтар, тұрмыстық техника, жиһаздар, зергерлік бұйымдар, қымбат қиімдер) мүлік бағасының 0,5% -нан бастап.

Мүлікті залалдан ерікті сақтандыру

Меншікті сақтандыру.
Жылжымаймын мүлікпен (үйлер, ғимараттар) қатар оның ішкі бөліктері, инженерелік құрал-жабдық, тұрмыстық техника, жиһаз, электронды жабдықтар т.б.сақтандырыла алады.
Өндірісте үзіліс болу қаупінен сақтандыру.
Табыстан айрылу + Сақтандырылушының қарызға немесе жалға алған мүлкін пайдалана отырып өндірістік қызметін жалғастыруы мүмкін еместігінен пайда болған ағымдағы шығыны өтеледі.
Өтелетін тәуекелдіктер:
* өрт;
* жай түсу;
* газ жарылысы;
* ұшу аппараттарының немесе олардың сынықтарының құлауы;
* табиғи апаттар;
* бу қазандықтарының жарылысы;
* ұрлық, қарақшылық немесе үшінші тұлғалардың басқа да құқық бұзу әрекеттері ;
* канализация, су құбыры және өрт сөндіру жүйесінен аққан судан келген зиян;
* ұрлық, қарақшылық, қоқан-лоққы;
* терезе әйнектерін, айналар мен витриналарды сындыру.

Сақтандыру тарифы сақтандыру сомасынан 0,1% - дан бастап.
Барлық сақтандырылған мүлік автоматты түрде CAT XOL келісімі бойынша батыс компанияларында қайта сақтандырылады.

Ерікті медициналық сақтандыру "Денсаулық" бағдарламасы
Неден сақтандырамыз?
Жазатайым оқиғалардан.
Кім сақтандырыла алады?
1 жастан асқан балалар мен ересектер.
Сақтандыру қалай жұмыс істейді?
* Сақтандырырған азаматтың қолына медициналық ассистанстың (медқызмет) телефоны жазылған пластикалық карточка беріледі. Медициналық қызмет сақтандырылған адамның жекеменшік клиникада емделуін ұйымдастырады.
* Медициналық қызметте: диспетчерлер, отбасылық дәрігерлер, салалық мамандар жұмыс істейді, сондай-ақ жедел жәрдем және пациенттің үйіне бару қызметі қарастырылған.
* Медициналық қызметтер тізімі мен олардың жалпы бағасы (сақтандыру сомасы) сақтандыру Келісімінде көрсетіледі және сақтандыру бағасына байланысты болады.
* Сақтандыру полисі 1 жылға жарайды. Сақтандыру компаниясы медициналық шығындарды Келісімде көрсетілген сақтандыру сомасы аясында төлейді. Сақтандыру бағасы неғұрлым қымбат болса, соғұрлым үлкен сомаға медицинлық қызмет алуға болады.
Сақтандыру қанша тұрады?
Жылына 30 000 теңгеден 75 000 теңгеге дейін.
Сақтандыру полисін қалай пайдалану керек?
* Егер Сіз ауырып қалсаңыз, Медициналық пластикалық карточкада көрсетілген медициналық қызметпен телефон арқылы байланысуыңызы керек.
* Медициналық карточка - Сізге сақтандыру келісіме сәйкес медициналық қызмет алуға құқық беретін құжат.
* Сіз өзіңіздің медициналық карточканың қабылданатын емдеу мекемесіне ғана қаралуға тиіссіз.
* Сақтандыру компаниясы сіздің емделгеніңіз үшін ақшаны Сіздің өзіңізге емес, Медициналық қызметке ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туристік қызметтегі сақтандыру түрлері, мәні және мақсаты
Банк қызметін зерттеу
Сақтандыру компанияларының тізімі
Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығы жағдайын талдау
«Лондон-Алматы» сақтандыру компаниясына сипаттама
Сақтандырудың теориялық негізі
Қазақстан Халық банкі АҚ-ың ипотекалық несиелеу жүйесінің дамуын талдау
Коммерциялық банктердің жеке тұлғаларды несиелеу ерекшеліктері
Лизингтік қатынастар
Сақтандыру нарығының дамуы
Пәндер