КӨРКЕМ МІНЕЗ


КӨРКЕМ МІНЕЗ
“Рахмет самалы” журналы материалдары негізінде
Сонау бастан-ақ адам баласы істеген амалдарына жақсы-жаман, обал-сауап, дұрыс-бұрыс деумен баға беріп келеді. Исламда мінез-қүлықты әлемдегі жаратылыстың ішінде тек адаммен байланыстырады. Қандай ортада болмасын ең алдымен адамның мінез-құлығы сынақ таразысына түседі. Жақсы мінез-қүлықтың касиетгілігіне қатысты Пайғамбарымыз с. ғ. с: “Қиямет күні мүминнің таразысында көркем мінез-құлықтан салмақты нәрсе болмайды”-деп айтқан.
Біз Аллаһ Тағаланың сүйіспеншілігіне қол жеткізу үшін әрдайым ойымызда, санамызда Одан қорқуды қалыптастыруымыз керек. Көңілді кезімізде де, ашу үстінде де әдІлеттілікке дағдылануымыз ләзім. Кедей болсақ та, бай болсақ та несібемізді үнемдеп, артылғанын Аллаһ жолында жүмсап, туысқандарымызбен ара жігімізді ажыратпай, тіпті бізге қиянат жасағандарға да сый-сияпат көрсетіп, зүлымдық көрсеткендерді де кешіре білгеніміз жөн.
Мүмін кісінің рухани болмысын кемелдендіру Расулуллаһтың (с. а, у. ) рухани өмірі мен коркем ахлақынан нәр алу арқылы мүмкін болады. Осы алған нәрімізді қаншалықты жақсы көрсек, каншалықты Пайғамбарға ұқсап бақсақ, соншалықты нәтиже бермек. Себебі Аллаһ Тағаланың барлық қалауы алдымен Оған (с. а. у. ) түседі, ол арқылы бізге жетеді. Аллаһтың қалауындағы жалғыз ең кемел түлға - хазіреті Мүхаммед (с. а. у. ) . Олай болса, біздің бар міндетіміз Пайғамбарымыздың (с. а. у. ) сүннетімен, Аллаһтың хақ жолымен жүру.
‘Расулуллаһ (с. ғ. с. ) мінез-құлығы жағынан адамдардың ішіндегі ең жақсысы еді. ”
Хадисті Әнас ибн Маликтен (р. л. г. ) Имам Бухари жэне Имам Муслим риуаят етті
Раббымыздың әрбір әмірін бұлжытпай орындаған пайғамбарымыз (с. а. у. ) : «Аллаһтың атымен ант етейін, сендердің араларыңда Аллаһтан ең қатты корқатын - мен. Оған аса зор ықыласпен тағзым етіп жүретін -мен» дейді. (Бухари, ән-Никаһ 1)
Оңашада да, ел ішінде де әрдайым өзінен корқып жүретін құлдарына Хақ Тағала Қасиетті Қүранда: «Ал, енді кім Раббысының алдында тұрар күннен қорқып, нәпсісінің жаман қалауларын тежеген болса, күмәнсіз оның барар жері - жұмақ» (Нәзиат суресі 41-40-аяттар) ;
«Мінеки, уәде берген жәннатым. Бүкіл тәубешіл, сақтанушылар үшін. Көрмей-ақ Рахманнан қорыққандар, бейім жүрекпен келгендер, жұмаққа амандықпен кіріндер. Бұл күн мәңгілік күні. (Қаф сүресі 34-32-аяттар) ;
«Олардың жамбастары төсектерінен ажырап, Раббыларына қорқа - дәмете жалбарынады. Сондай-ақ, олар берген несібемізден тиісті орынға жұмсайды» (Сәжде сүресі 16-аят) - деп үлкен сый уәде етеді.
“Расулуллаһ (с. ғ. с. ) ұятсыз сөз айтпайтын және әдепсіздік істемейтін. Әрі: “Сендердің абзалдарың - мінез-құлығы жақсы болғандарың”, -деп айтатын. ”
Хадисті Абдуллаһ ибн Ъамрден (р. л. г. ) Имам Бухари және Имам Муслим риуаят етті.
Пайғамбарымыз (с. а. у. ) айтады: “Қиямет күні мүминнің таразысында көркем мінез-қүлықтан салмақты нөрсе болмайды. Расында, Аллаһ Тағала үятсыз және балиғат сөз айтушыны жақсы көрмейді. ”
Хадисті Әбу Дарда”адан (р. л. г. ) Имам Тирмизи риуаят етті.
“Расулуллаһтан (с. ғ. с. ) адамдардың жәннатқа кіруіне ең көп септігін тигізетін амал жайында сұралғанда Ол (с. ғ. с. ) : “Тақуалық пен көркем мінез-құлық”, -деп жауап берді. Ал, адамдардың тозаққа кіруіне ең көп септігін тигізетін амал жайында сүралғанда: “Ауыз бен жыныс мүшесі (яғни, өсек-аян мен зинақорлық) ”, -деді. ”
Хадисті Әбу һурайрадан (р. л. г. ) Имам Тирмизи риуаят етті.
“Мүминдердің ішінде иманы ең кәмілі-мінез-құлығы жақсы болғаны. Ал, сендердің ең жақсыларың-әйелімен жақсы мәміледе болғаны. ”
Хадисті Әбу һурайрадан (р. л. г. ) Имам Тирмизи риуаят етті.
“Мүмин мінез-құлығының көркемділігімен ораза ұстаушы мен түнімен намаз оқушының дәрежесінде болады. ”
Хадисті Айша анамыздан (р. л. г. ) (р. л. г. ) Имам Әбу Дауд риуаят етті.
Адам ашулы сәттерде өз ақылын жоғалтып сергек ойлай алмай әділеттілікке жат нәрсе істеп қоюға барынша бейім тұрады. Мүндай кездерде бар ерік-жігерді сабыр сақтауға жүмсап, мейлінше салқынқандылықпен әрекет жасауға тырысқан абзал. Бүл біздің қолымыздан келетін іс. Себебі, Аллаһ Тағала Қүранда бізге күшіміз жетпейтін нәрсені жүктемеген: «Нәпсілеріңе еріп, әділдіктен қашпаңдар» (Ниса сүресі 135-аят) ;
«Туралық істендер. Расында Аллаһ туралық істеушілерді жақсы көреді». (Хужурат сүресі 9-аят)
“Мен Расулуллаһтың (с. ғ. с. ) алақанынан жүмсақ зерлі мата немесе жібек матаны үстап көрмедім. Әрі, Расулуллаһтың (с. ғ. с. ) бойынан аңқыған иістен артық хош иіс иіскеген емеспін. Мен он жыл бойы Расулуллаһтың (с. ғ. с. ) қызметінде болдым. Сол аралықта Ол (с. ғ. с. ) бір мәрте де маған “уф” демеді. Бір нөрсені істесем: “Сен мүны неге істеп жатсың”, -демеді немесе бір нәрсені істемесем: “Сен мұны неге істемедің”, -деп айтпады. ”
Хадисті Әнас ибн Маликтен (р. л. г. ) Имаь Бухари және Имам Муслим риуаят етті.
“Өзінің ақ екеніне сенімді бола тұрып айтысудан бас тартқан адам үшін жәннаттың маңайынан, әзілдеп болса да өтірік айтпаған адам үшін жәннаттың ортасынан және көркем-мінез құлық иесіне жәннаттың ең жоғарғы дәрежесінен үй нөсіп болуын өз кепілдігіме аламын. ”
Хадисті Әбу Умама Әл-Баһилиден (р. л. г. ) Имам Әбу Дауд риуаят етті.
“Расулуллаһ (с. ғ. с. ) : “Мен сендердің араларыңдағы ең жақсы көретінім және қияметте Маған ең жақын болатындарың мінез-құлқы жақсы болғандарың. Мен үшін ең жексұрын және Қияметте Менен ең алыс болатындарың сөз қүмар, мақтаншақ және мылжың болғандарың”, -деді. Адамдар: “Я, Расулуллаһ (с. ғ. с) ! Біз сөз қүмар мен мақтаншақты білеміз. Ал, мылжың дегеніңіз кім?”, -деп сұрағанда Ол (с. ғ. с. ) : “Ол - тәкаппар болғандар”, -деп жауап берді. ”
Хадисті Жәбирден (р. л. г. ) Имам Тирмизи риуаят етті.
Әділдік
Жекелеген адамның да, қоғамдағы ортаның да бақыты үшін әділеттілік ауадай қажет.
Бір күні үрлық жасаған кісі өзіне жаза бермеуін өтініп келген де Пайғамбарымыз (с. а. у. ) өз қызын мысалға келтіріп: «Аллаһтың атымен ант етейін. Мухаммедтің қызы Фатима егер ұрлық істесе, оның да қолын ойланбастап кесер едім» деген еді. (Бухари, Әнбия, 54; Мүслим, Худуд, 9-8)
Пайғамбарымыз Мүхаммедтен (с. а. у. ) өділдікті үйренген сахабалардың халифалық дәуірлерінде әділдікке сан мыңдаған мысалдар бар. Өздерінің әділетсіз басшыларынан шаршаған христиандардың да өздерін жаулап алған мұсылман өскерлерін бас киімдерін аспанға лақтырып, қуана қарсы алғандығы тарихи шындық.
Жомарттық
Аллаһтың елшісі (с. а. у. ) барлық мұсылмандарды кең пейіл, жомарт болуға үндейді.
Хадисте: «Жарты құрмамен болса да тозақтан қорғаныңдар. Оны да істей алмагандар жақсы сөзбен қорғансын» деген (Бухари, Әдеб 34) .
Шүкіршіл байлар да, сабырлы кедейлер де қоғамда өте сирек кездеседі. Сондықтан осы екі топқа жататын мүминдер Аллаһ алдында қадірлі жандар. Алайда мұсылман дей тұра байлығымен тәкәппарланатын, кедейлігіне ашынатындар да бар. Оларды Ислам мансұқтайды. Бүған Пайғамбарымыз (с. а. у. ) : «Уа, Раббым! Кедейлік пен байлықтың зиянынан өзің сақтай гөр» деп дүға жасайтын. (Мүслим, Зикр 49)
Тәбук жорығына жәрдем әзірлігі басталған кезде жағдайы жоқ сахабалар да қандай үлес қоссам екен деп әлек болып жатқан-ды. Солардың бірі Әбу Ақил (р. а. ) түнімен қара жүмыс істеп екі қадақ құрма тауып келеді. Оның бірін отбасына қалдырып, екіншісін жорыққа қосқаным деп әкеп береді. Мүны көрген Расулаллаһ (с. а. у. ) : «Аллаһ сенің осында әкеп бергеніңді де, цйіңдегілерге бергеніңді де берекелі етсін», - деп құрманы жиналған жәрдем қорына қосады. (Табари, Тәфсир X 251)
Бір күні Пайғамбар (с. а. у. ) : «Бір дирхам, жүз мың дирхамнан асып түседі» деп қалды. Сахабалар:
- Бүл қалай болады, уа, Аллаһтың елшісі? - деп сүрағанда, былай жауап береді:
- Бір кісінің екі дирхамы бар еді. Оның ең салмақтысын садақа етіп берді. Тағы бір кісі мал-мүлкінен 100 мың дирхам шығарып садақа берді. (Нәсәи, Зекет 49)
Яғни екіншісі көп мөлшерде қанша садақа бергенімен нәтижеде мал-мүлкінің бір бөлігін ғана қиып берді. Ал, біріншісі қолында бар азғантайдың тең жартысын берді. Мүны беріп жатып, ертесі күні аш қалуы мүмкін екендігін де білді. Бірақ бұл оның жомарттығын тежеген жоқ.
Бауырмалдық
Аллаһ Тағала қүлдарына туыстарының арасын үзбеуді, оларға сый-қүрмет көрсетуді міндеттеген. Пайғамбарымыз (с. а. у. ) мүны өзінің пайғамбар болып жіберілуіндегі үш негізгі мақсаттың бірі ретінде түсіндірген:
«Аллаһ мені туыстықты жалғап сақтау, пұттарды жою, Аллаһтың серіксіз жалғыз екендігін түсіндіру міндетін жүктеп жіберді». (Мүслим, Мусафирун 294)
Кекшіл болма, кешірімді болу
«Жақсылық пен жамандық тең болмайды. Жаман қылықтыға жақсы ниетпен қара. Сонда саған өшпендігі бар адамдардың өзі бейне сырлас досындай болып кетеді». (Фуссилат сүресі 34-аят)
Юсуф (а. с. ) пайғамбар да осы түрғыда керемет мысал бола алады. Өздерінен туған Юсуфты (а. с. ) бауырлары пенделік қызғанышпен үрып-соғып қүдыққа тастап, одан шығарып алған адам қүлдыққа сатып жіберген болатын. Бауырларының кесірінен қүдықты, қүлдық пен зындан қасіреттерін тартып шыққан Юсуф пайғамбар (а. с. ) оларды оп-оңай кешіре салды. Юсуфтың ілтипатынан өкініштері өртене түскен олар:
«Уаллаһи, сені Аллаһ шынымен де бізден артық жаратыпты. Біз қателескен екенбіз» деуге мәжбүр болған еді. (Юсуф сүресі 91-аят)
Олай болса адамдарды Аллаһқа және қайырымдылыққа үгіттеу үшін олардың жүрегіне баратын жан тамырын табу қажет. Мүның ең тете жолы: жомарттық, жүмсақтық, ұстамдылық және мейірімділік.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz