Қазақстанның инвестицияларға жәрдемдесу орталығы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан инвестициялық қоры АҚ
Қор туралы ақпарат
Қазақстанның инвестициялық Қоры АҚ Қазақстанның даму институты ретінде Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің №501 қаулысымен 2003 жылдың 30 мамырында құрылған.Қазақстанның инвестициялық Қоры АҚ-ның Жалғыз акционері - Самрук-Қазына Ұлттық Әл-ауқат Қоры АҚ.Қордың мақсаты - перспективалы ұйымдардың жобаларына инвестицияларды жүзеге асыру және тарту арқылы Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық саясатын іске асыруға ықпал ету, экономиканың шикізаттық емес секторындағы жеке секторының бастамасына қаржылық көмек көрсету.Қордың мәселелері:Шикізат пен материалдарды толығымен қайта өндіретін, жаңа технологияларды пайдаланып, бәсекеге қабілетті өнімдерді шығаратын, сонымен бірге келешегі бар ұйымдарға өндірістік қызмет көрсететін, өздерінің іс әрекеттерін өнеркәсіпте жүзеге асыратын жаңадан құрылған, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған ұйымдардың жарғылық капиталдарына инвестицияларды жүзеге асыру; Инвестициялық жобаларды Қормен қаржыландыру арқылы экономиканың шикізат емес секторына жеке инвестицияларды ынталандыру (ұйымдардың жарғылық капиталдарына инвестицияларды жүзеге асыру) және осы жобаларды басқаруға қатысу;Қосымша, аралас өндірістерді дамытатын, отандық және шетелдік ұйымдар арасында өндірістік кооперацияны қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасынан тыс жердегі инвестициялық жобаларды бірлескен қаржыландыру арқылы шетелдегі қазақстандық ұйымдардың инвестициялық белсенділігін көтеруге ықпал ету; Қордың акционеріҚазына орнықты даму қоры АҚ 2003-2015 жылдары Қазақстан Республикасының индустариялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру мақсатында құрылған ұлттық даму институттарына қатысты мемлекеттік басқару компаниясы болып табылады.Қазына орнықты даму қоры акционерлік қоғамы қызметінің негізгі ұстанымдары туралы Меморандумға сәйкес, Қордың құрылу мақсаты мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғаларды тиімді корпоративті басқару арқылы Қазақстан Республикасы экономикасының барлық секторларында инвестициялық және инновациялық белсенділікті арттыру және ынталандыру болып табылады.Осы Меморандумда жазылған Қазына орнықты даму қоры АҚ негізгі міндеттері: 1. Қазына орнықты даму қоры АҚ-ның даму мәселелері жөніндегі Арнаулы Кеңесі ұсыныстарының негізінде, 2003-2015 жылдары Қазақстан Республикасының индустариялық-инновациялық даму стратегиясының ережелерін, мемлекеттік және салалық (секторлық) бағдарламаларды ескере отырып даму институттарының стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуін қамтамасыз ету; 2. ҚР Үкіметіне ұлттық экономиканы әртараптандыруға жәрдем көрсету, Компанияның қызметін үйлестіру негізінде экспорттық-импорттық артықшылықтарды қолдану;3. еншілес ұйымдарды корпоративтік басқарудың озық әлемдік тәжірибесін енгізу;4. еншілес ұйымдар қызметінің экономикалық тиімділігін арттыру, еншілес ұйымдардың мамандандырылуы мен олардың арасындағы қисынды бәсекелестік арасындағы балансты анықтау;5. Қазақстан Республикасының қор нарығын дамытуға жәрдем көрсету.Қазына Қоры Қазақстан даму банкі АҚ-ның, Қазақстанның Инвестициялық Қоры АҚ-ның, Ұлттық Инновациялық Қоры АҚ-ның, Даму кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ-ның, Экспортты дамыту және өркендету жөніндегі корпорация АҚ-ның, Экспорттық несиелерді және инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы АҚ-ның, сонымен қатар 2007 жылы құрылған Kazyna Capital Management АҚ-ның жалғыз акционері болып табылады. Компаниялар тобының құрамына, сондай-ақ, Инвестицияларға жәрдемдесудің Қазақстандық орталығы ЖШС де кіреді.Корпоративтік басқаруКорпоративтік басқару ұстанымдарын сақтау компанияға акционерлердің құқықтарына құрметпен қарауға, ашықтық және әділеттілік қалпында жұмыс істеуге, акционер, директорлар кеңесі және компания менеджменті арасындағы өзара қарым-қатынастың және жауапкершіліктің деңгейін айқын анықтауға мүмкіндік береді. Қазақстанның инвестициялық қоры АҚ Қорда корпоративтік басқарудың ұстанымдары мен тәжірибесін 2008 жылдан бастап енгізуде. Біз корпоративтік басқарудың ең жоғарғы стандарттарын біздің, сонымен қатар инвестицияланатын компанияларда қолдануды көздеп отырмыз. Аталмыш жұмыс біршама уақытты және еңбек ресурстарын қажет етеді, бірақ біз нәтиже Қордағы корпоративтік басқару деңгейімен мақтаныш етуге мүмкіндік беретініне және инвестициялар нарығында тиімді және жоғары кәсіби серіктес ретінде Қор имиджін нығайтуға ықпал ететініне сенімдіміз. ӘріптестерҚазақстан Республикасының даму институттарыҚазақстан Даму Банкі

Казына Кэпитал Менеджмент

Ұлттық инновациялық қоры

Даму кәсіпкерлікті дамыту қоры

Экспортты дамыту және алға бастыру kорпорациясы KAZNEX

Экспорттық несиелерді және инвестицияларды сақтандыру жөнінде Мемлекеттік сақтандыру корпорациясы

Қазақстанның инвестицияларға жәрдемдесу орталығы

Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы

Біздің көзқарас
Біз үздік қазақстандық компаниялар мен брэндтерді құруға ықпал жасауға тырысамыз.

Біз ғаламдық өсуге, үнемі, қарқынды дамуға, жан-жақты ашықтыққа және әр акционердің құқықтарын құрметтейтін компаниялармен әріптес болуға бағытталамыз. Ең көп мөлшерде нәтижеге жету үшін біз өзіміздің білімді, тәжірибе мен үздік әлемдік практикаларды енгізуге дайынбыз.

Біз кімге инвестиция жасаймыз?
Біз Қазақстанда жұмыс жасайтын орта және ірі бизнестің компанияларына, сонымен қатар отандық кәсіпкерлердің шетелдегі компанияларына инвестициялар жасаймыз.

Біз қандай нәтижеге бағыт алдық?
Біз жасалған инвестицияларға табыстың 20% және одан көбін келтіре алатын және кемінде 7 жылдан кейін болжалауға және нақты шығу мүмкіншілігі бар компанияларға бағытталамыз.

Біз не ұсына аламыз?
Біз Сіздердің бизнестеріңізге инвестициялауды және оның ортақ иеленушісі бола отырып, сіздердің қатерлеріңізді бөлуді, бизнестеріңізді құруға, дамытуға және табысты іске асыруға ықпал етуді ұсынамыз.

Біз қандай қағидаларда жұмыс жасаймыз?
Біз өзара құрметтеу, сенім білдіру және әріптестік қағидаларында жұмыс жасаймыз. Біз бизнеске бүкіл әлемде пайдаланатын корпоративтік басқару қағидаларын енгізуге тырысамыз.

Инвестициялау туралы шешімдерді біз қалай қабылдаймыз?
Бізбен шешім сыртқы көздерден және бизнестің тәуелсіз бағалауынан ақпараттарды пайдаланып, компаниялардан алынған барлық мәліметтердің негізінде Қордың ішінде алқамен әзірленеді.. Біздің барлық процедуралар тұнық және әр бөлшектеріне дейін ойластырылады, барлық мүмкін болатын факторлар мен әр мүдделі тараптың көзқарастары ескеріледі.

Жобалар туралы ақпарат

Бүгінгі таңда Қор сомасы 34.2 млрд. теңгені құрайтын 35 жобаны қаржыландырды. Бұл келесі салалардың жобалары:
- ауыл шаруашылық өнімін қайта өндіру;
- балық өнеркәсібінің;
- химиялық өнеркәсіптің;
- құрылыс материалдарын өндірудің;
- орман және ағаш өңдеу өнеркәсібінің;
- металлургияның;
- машина құрылысының;
- өндірістік инфрақұрылымның.

Жобалардың тізімі:

1. "PAMS PIPE" АҚ
Жобаның мағынасы: Болат құбырлардың тоттануға қарсы, үш қатпарлы (эпоксидтік, адезивті, полимерлі) жабындысы бойынша өндірісті құру.
Жобаның құны: 320 млн. теңге.

2. "Уркер Косметик" АҚ
Жобаның мағынасы: Косметика және тұрмыс химия тауарларын сандық және сұрыптық құрамда өндірісін кеңейту, оқы технология мен жабдықтың, үздік отандық және шетелдік фирмалардың жоғары сапалы шикізаты негізінде дамудың сапалы жаңа деңгейіне шығу, өзіндік бірегей рецептураларды әзірлеу, дизайнды жетілдіру, маркетинг пен бредингтің қазіргі әдістерін пайдалану.
Жобаның құны: 2,8 млрд.теңге.

3. "White fish of Kazakhstan" АҚ
Жобаның мағынасы:Қазақстанда бірінші тік біріктірілген балық саласының компаниясын дамыту, биоресурстарды тиімді пайдалану үшін, балық шаруашылығын жаңғырту үшін, аквамәдениеттің жаңа нысандарын өсіру, өнеркәсіптік балық шаруашылығын ұйымдастыру, меншікті сауда желісі арқылы тарату, меншікті корпоративті брэнді құру, жоғары сапалы, экспортқа бағытталған салық өнімін өндіру, ғылыми және халықаралық ұйымдармен тиімді ынтымақтастықта болу.
Жобаның құны: 3,6 млрд. теңге

4. "Юстал-Контракт" АҚ
Жобаның мағынасы: Қазақстан Республикасында желімделген ағаш құрылғылардың жоғары техникалық өндірісін ұйымдастыру, атап айтқанда үлкен құрылғылар мен желімдерген брустан жасалған үйлер үшін көтергіш құрылғыларды.
Жобаның құны: 2,4 млрд. теңге.

5. "Актобестройиндустрия" АҚ
Жобаның мағынасы: Қазақстан Республикасының құрылыс материалдардағы қажеттілігін қанағаттандыру үшін ұяшықты бетон өндірісін ұйымдастырумен темір бетон бұйымдар зауытын қалпына келтіру.
Жобаның құны: 3,06 млрд.теңге.

6. "Қазақ әйнек компаниясы" АҚ
Жобаның мағынасы: Қызылорда қаласында жаңа зауыт салу және іске қосу арқылы Қазақстан Республикасы табақтық полирленген әйнектің қазіргі өндірісін ұйымдастыру.
Жобаның құны: 23 млрд. теңге.

7. КазРуно АҚ
Жобаның мағынасы: Инфрақұрылым нысандарын салу және жетілдіру арқылы фабриканың пайдалану шығындарын төмендету есебінен және фабриканың үзіліссіз жұмысын қамтамасыз ете отырып, жүнді бастапқы өңдеу (ЖБӨ) фабрикасы әрекетінің тиімділігін жоғарлату. Жүн өнімінің және сапасының жоғары көрсеткіштері бар жүнідері жұқа саулықтардың отарларын құру арқылы ЖБӨ фабрикасын сапалы шикізатпен - жұқа қой жүнімен қамтамасыз ету.
Жобаның құны: 6,3 млрд. теңге.

8. "ЗайсанРыбаПродукт" АҚ
Жобаның мағынасы: Шғыс Қазақстан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлардың қызметін жүзеге асыруы мен оның маңызды мәселелері
Қазақстанның инвестициялық саясаттары
Қазақстан Республикасының аймақтарының инвестициялық-инновациялық әлеуеті
Инвестициялық жоба,оның құрылымы және өмірлік циклі
Кәсіпорынның инвестициялық қызметі
Инвестициялық жоба - инвестицияларға негізделген экономикалық немесе әлеуметтік жоба
Қазақстан Республикасының инвестициясы
Қазақстандағы инвестициялық қызметтің тиімділігі
Инвестициялық қатынастарды халықаралық- құқықтық реттеу
Инвестициялық қызметті қаржыландыру көздері
Пәндер