Қазақстан Республикасының су ресурс проблемалары туралы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының су ресурс проблемалары

Қазақстанның су артериялары шамамен 85 мың өзендерден құралған. Ең ірі су көздеріне : : Ертіс, Есіл, Іле, Сырдария, Жайық, Шу, Талас, Асса өзендері жатады. Соңғы жылдары бірқатар көлдер жүйесінің кебуі байқалып отыр. Бұл өзендер ағысының шектен тыс реттелуі мен олардың деңгейінің табиғи ауытқуларына байланысты болып отыр. Экологиялық жағынан ең қолайсыз жағдайда Қазақстанның басты су артериясы - Ертіс өзені қалып отыр. Оның сулары жоғары дәрежеде ауыр металдармен ластанған. Негізгі ластаушы заттар - мыс, шайынды сулармен бірге келіп түседі. Су қоймалары мен бассейіннің су ағыстарына түсетін негізгі ластаушыларға иондық ағыс (28 мың тоннадан астам 1994 және 1995 ж. шамамен 23 мың тоннаға жуық), фосфор қосылыстары (1994 жылы 1, 3мың тоннадан астам, 1995 жылы 800 тонна), цинк (42, 6 және 24, 9 т 1995) жатады. Қазіргі кездің өзінде тұщы судың жетіспеуі, су ресурстары жеткілікті жерлердің өзінде де байқала бастады. Тұщы сумен қала халқының 20%, ауыл халқының 50% қанағаттандырылмай отыр. Сумен қамтамасыз ету Қазақстанда аумақтар бойынша біркелкі таралмаған. Сумен тек Шығыс Қазақстан облысы ғана жақсы қамтамасыз етілген (290 мың м³/1км²) . Ал Атырау, Қызылорда және Маңғыстау облыстары сумен жеткіліксіз қамтамасыз етілген. Республикада су құбырлары желісінің 70% жұмыс істемейді және 23% санитарлық- гигиеналық талаптарға сай емес. Жұртшылықтың лайланған ашық ауыз су көздерін, өзен - көл, арық, құдық суларын пайдалануынан жыл сайын жұқпалы аурулар, сүзек, сары ауру, тырысқақ пен ішек, асқазан аурулары өршіп бара жатыр. Мысалы, Атырау облысы тұрғындарының 20% кермек татыған су ішіп, арық суларын пайдаланады. Таза сумен қамтылған делінетін Алматыдағы су жүйелерінің 70% тұрмысқа жарамсыз.

Табиғи суларды ластайтын негізгі химиялық элементтердің барлығы дерлік су ортасына өнеркәсіп орындарының шайынды суларымен келіп түседі.

Каспий аймағының экологиялық жағдайы. Бұл ауданның экологиялық жағдайы Каспий теңізінің деңгейінің көтерілуіне және жағалаулық теңіз экожүйесінің антропогенді әсерге ұшырауына байланысты болады. Ғалымдардың болжамдары бойынша теңіз деңгейінің көтерілуі жағалаулық сызықтың 2400-2700 км ұзарып, су астында қалған жерлерге тағы да 1, 2-2, 2 млн. га қосылуына әкелуі мүмкін.

Су астында қалу қаупі әсіресе Каспийдің Солтүстік және Солтүстік-Шығыс жағалауындағы мұнай кен орындарына төніп отыр. Су астында қалу қаупі төніп отырған 43 мұнай кен орындарының 32-сі Атырау, ал 11-і Маңғыстау облысында орналасқан.

Каспий теңізі дүние жүзіндегі бекіре тәрізді ең ірі мекен ету ортасы болып табылады. Сондықтан Каспий мәселесі тек мемлекетаралық қана емес, ғаламдық мәселе болып табылады. Каспийдің биологиялық алуантүрлілігін сақтау бүкіл әлемдік қауымдастықтыңжұмысы. 1995 ж. Тегеранда Каспий маңындағы мемлекеттердің өкілдерінің кездесуі өтті. Бұл кездесудің мақсаты Каспий аймағының экологиялық тұрақтылығы мен оның ресурстарын пайдалануды басқару концепциясын жасау болып табылады. Бірақ кез келген экологиялық бағдарламаның іс жүзіне асуына, оның ірі мұнай-газды аймақ ретінде маңызының артуы күрделендіреді.

Арал теңізінің экологиялық мәселелері. 60-жылдардан бастап Арал теңізінің ауданы кеми бастайды. Суды ауыл шаруашылық дақылдарын суару үшін қолдану Тянь-Шань тауларымен ағып келетін табиғи су ағысын 90%-дан астам қысқартып жіберді. Теңіз ауданы 2, 6 млн. га-ға кеміп, өзінің 60% көлемін жоғалтты. Судың деңгейі 12-ден 2 м-ге түсіп кетті, тұздылығы 2 еседен астам артты. Күн сайын 200 тонна тұз бен құм желмен 300 км ара қашықтыққа таралады. Шөлдену, топырақтың тұздануы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің кедейленуі, климаттың өзгеруі одан әрі жалғасуда. Халықтың денсаулығы күрт төмендеп кетті.

Арал аймағының экологиялық жағдайы экономиканың дәстүрлі бағыттарының дамуының мүмкін болмауына әкеліп, бірқатар әлеуметтік және саяси мәселелерді туғызады.

Қоршаған ортаны бұза отырып, кез келген қазіргі заманғы қоғам өзінің болашағын жояды. Болашақ ұрпақтардың дамуы үшін экологиялық тұрақтылықты сақтап қалу қажет. Экологиялық тұрақты болашақты сақтау үшін табиғи ортаның жағдайын бақылап, өнеркәсіптік қалдықтарды нормалау мен алдын алу, қалдықсыз және ресурстарды тиімді пайдаланатын технологияларды жасап, іске қосу керек.

Аралды сақтап қалу мүмкін бе? 30 жылдың ішінде Арал теңізі 640 км³ судан айрылды, судың тұздылығы 26-27 г/литрге (бұрын 11-12) жетті. Судың деңгейі 13 метрге төмендеп, су жағалаудан жүздеген километрге шегінді. Кеуіп қалған теңіз түбінен құмды-тұзды дауылдар көтерілуде.

Арал теңізі Орта Азияның шөлді белдеуінде орналасқан. Көлемі бойынша Арал дүние жүзінде ішкі су қоймаларының ішінде төртінші орында болған.

Теңіз Тұран ойпатында орналасқан. Қарақұм және Қызылқұм шөлдері Аралды оңтүстік және шығыс жағынан қоршап жатыр. Судың орташа көлемі шамамен 1000 км³. Тереңдігі 20-25 м, ең үлкен тереңдігі-67 м. Жаздағы орташа температура 24-26ºС, қыста 7-13, 5ºС. Жылдық жауын-шашын мөлшері шамамен 100 мм.

Арал теңізінің су балансы бұрын жауын-шашынмен -5, 9 км³, өзен ағысымен -54, 8 км³ қамтамасыз етіліп отырды. Орташа булану -60, 7 км³. Теңіз деңгейінің маусымдық ауытқуы-25 см, ал ғасырлық -3 м-ден артпаған. Дүние жүзінің ірі тау жүйелері бұл орасан үлкен аумақтың өзеңдерінің сулылығын қамтамасыз еткен. Аралдың су балансын Орта Азияның ірі өзендері-Амудария мен Сырдария ұстап тұрған.

60-жылдардан бастап суармалы жерлердің кеңеюіне байланысты Арал теңізіне келетін өзендердің суы күрт кеміп кеткен: 1970 жылы 35, 2 км³, ал 1980 жылы-10 км³. 1986 жылы Амудария мен Сырдария өзендері теңізге жетпеген. Барлық су суармалы жерлерге жұмсалды.

Арал теңізі табиғи температура реттеуші ретінде ауа райына үнеміБарлық су суармалы жерлерге жұмсалды.

Арал теңізі табиғи температура реттеуші ретінде ауа райына үнемі әсер етіп отырады. Теңіздің қолайлы әсері 300-400 км ара қашықтықта байқалды. Бұл Хорезм облысында мақта өсірудің ең солтүстік белдеуін жасауға мүмкіндік береді. Қазіргі ауа райының континенталдылығы артты. Ең салқын айдың орташа айлық температурасы 1, 5-2ºС-ға төмендесе, маусымда 2ºС-ға артқан. Ауа райының қаталдығы Арал теңізінің тартылуына байланысты одан да қаталдана береді. Аязсыз кезеңнің 170-180 күнге қысқаруы мақта өсіруді қиындатады (мақтаның өсуіне 200-220 кун оң температура қажет) . Бұрын өзен суының минералдылығы 0, 3-0, 5 г/л болса, қазір ол 2, 5 г/л жеткен.

Судың сапасының нашарлауы мен оның жетіспеуі өсімдіктер жабынына ерекше әсер етті. Бағалы орман, қамыс, өнімді жайылымдар мен шалғындықтар жойыла бастады. Олар сортаң жерлерге айналған. 50 көл кеуіп кеткен. Сырдария грунт суларының деңгейі төмендеп кеткен.

Балқаш көлінің экологиялық мәселелері. Ағынсыз Балқаш көлі Қарағанды (Жезқазған) , Жамбыл, Алматы (Талдықорған) облыстарымен шектесіп жатыр. 70-жылдарда көлдің ауданы жылдық жауын-шашын мөлшеріне байланысты 17-ден 22 мың км³ дейін ауытқып отырған. Көлдің ұзындығы 605 км, ені шығыс бөлігінде 9-19 км, ал батысында 74 км-ге дейін жетеді. Шығыс жағында Балқаш Алакөл көлдері жүйесімен, батыс бөлігі Бетпақдала шөлімен, ал оңтүстік және оңтүстік-шығыс жағы Шу-Іле және Іле Алатауымен шектесіп жатыр. Сонымен қатар, Балқаш бассейнінде Жоңғар және Күнгей Алатауы, Қалықтау, Нарат, Боро-Хоро да кіреді. Балқаштың суының көлемі-112 км³, ең үлкен тереңдігі-6 м. Көлдің батыс бөлігіне Іле өзені, шығыс бөлігіне шағын өзендер Қаратал, Ақсу, Лепіс келіп құяды.

Балқаш-жартылай тұщы көл. Сарыесік түбегі Балқашты батыс және шығыс бөліктерге бөледі. Батыс бөлігіндегі су ірі Іле өзенінің келіп құюына байланысты тұщы болған. Ол көлге жылдық су мөлшерінің 78, 2% береді. Балқаштың шығыс бөлігіне келіп құятын шағын өзендердің барлығы қазір толығымен дерлік суаруға және шаруашылық қажеттіліктерге жұмсалады. Тек көктемгі су тасқыны кезінде және мұздықтардың еруі кезінде ғана осы судың бір бөлігі өзендермен Балқашқа келіп түседі.

Географтар бұл жерді Балқашқа келіп құятын Іле, Шу Ақсу, Қаратал, Лепсі, Тентек, Көксу өзендеріне байланысты Жетісу деп аталған.

1967жылы Іле өзенінде Қапшағай ГЭС-і салынды, ал 1970 жылы ірі Қапшағай су қоймасы іске қосылды. Шілік өзенін бөгеу нәтижесінде Баратоғай су қоймасы жасалды. Балқаш көлінің бассейнінің өзендерінен 1965-1986 жылдар аралығында алынатын судың мөлшері 4, 8-ден 5, 6 км³/жылына артқан. Соңғы онжылдықта Балқаш көлінің деңгейі екі метрден астам төмендеп, су бетінің ауданы 4, 7 мың км³ кеміген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы ауаның ластануы
Негізгі өзен бассейндері
Сарысу өзені алабының көлдері
Қазақстан Республикасының су ресурс проблемалары
«Биоэкология» пәнінің ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Қазақстан Республикасының транс шекаралық өзендер мәселелері
Ауыл шаруашылығына қызмет көрсететін салалар
Экологиялық қауіпсіздік ұғымы және оның экономикалық аспектісі
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРЫ
Қазақстан мен Өзбекстан экономикалық байланыстары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz