Жұмысбастылық мәселесі қалалар мен жұмысшылар елді мекендерінде өте өзекті, көкейтесті мәселелер


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстандағы жұмысбастылық мәселелері және еңбек рыногының жағдайы

Рыноктық экономиканың бір ерекшелігі оның тұрақсыздығы, оның негізгі әсерінен жұмыссыздықтың пайда болуы. Жұмыссыздық - бұл, экономикалық белсенді халықтың белгілі бір бөлігі олардың өздерінде жұмыс істеуге бар мүмкіндіктері мен үміттерін іске асыра алмауы. Жұмыссыздық - рыноктық экономиканың өте күрделі де қиын мәселесі.

Жұмыспен толық қамту дегеніміз, ол - халық шаруашылығы көлемінде еңбекке деген қабілеті бар халықты жұмыс орындармен қамтамасыз ету. Ал, тиімді жұмыспен қамту дегенміз - қоғамдық қажеттіліктерді аз еңбек шығындарымен қанағаттандыру.

Кеңес заманында жұмыссыздық мәселесі тралы қайта құру кезеңінде шын әңгіме бола бастады. 1990 жылы жұмыспен қамтамасыз ету туралы заң қабылданды. Ал бұның алдында жұмыссыз мәселесі тек теоретикалық тұрғыдан, батыс елдер тәжірибесіне сілтеп, негативтік түрде қарастырылды. Шынында, жұмыссыздық жеке адам және қоғам үшін көптеген әлеуметтік-экономикалық мәселелерді өзімен алып келеді.

Қазіргі таңда Қазақстанда жұмыспен қамту нысандары мен түрлерінің салалық өзгерістері болып жатыр, еңбек нарығы мен халықтың түрі топтарының экономикалық мүмкіндіктерінің жіктелуінің сегментациясы жоғарылауда және жұмыс іздеу мен еңбек мансабының нарықтық стратегиясы қалыптасуда. Жұмыссыздықты реттеу өткір әлеуметтік мәселеге айналуда. Экономиканы реформалау жаппай жұмыссыздықтың пайда болуына алып келді, жұмыссыздықтың жоғары күрделі тәуелділігі бар кәсіби топтар мен жекелеген өңірлер анықталды. Жұмыспен қамтудың табысты түрде іске асуы мемлекттік жұмыспен қамту саясатын қайта қарауды талап етеді. Бұл мәселелер әлеуметтік тұрғыдан зерттеліп, экономикалық тиімділік талабына жауап беретін Қазақстанның еңбек нарығын дамытудың пайдалы жолдарын іздестіруді талап етеді.

Жұмыспен қамту қатынасы мынадай элементтерден тұрады:

  • Жұмыс пен жұмыс күшін іздеу;
  • Жұмысшыларды жалдау және босату тәртәбі;
  • Еңбек мәні мен мазмұны;
  • Оның төлем деңгейін және тиісті жеңілдіктің нысандарын бекіту;
  • Кадрларды өндірістен тыс жерде және жұмыс орындарында оқытып дайындау;
  • Тік және көлденең күйдегі кәсіби икемділік.

Жұмысбастылық мәселесі қалалар мен жұмысшылар елді мекендерінде өте өзекті, көкейтесті мәселелер. Ауыл шаруашылығындағы өндірістің құлдырауы халықтың жұмысбастылығына әсер етті. Ауыл шаруашылығы тұрғындарының арасында көші-қон процесі күшейді. Әсіресе, жұмыс іздеп қалаға немесе экономикалық құрылымы дамыған аймаққа келуші жастар.

Сондықтан жұмыссыздықпен күресуге қарсы мынадай шаралар белсенді түрде ұсынылады:

  • Келешегі зор салалар мен өндірістерде экономикалық тиімді жұмыс орныдарының санын сақтау және арттыру;
  • Әр түрлі қаржыландыру көздерін пайдалану нәтижесінде инвестициялық белсенділікті арттыру арқылы жұмыс орныдарын құру;
  • Орта және шағын кәсіпкерлікке қолайлы жағдай жасау, өз істерін ашқысы келген азаматтардың кәсіпкерлік бастамаларын және еңбегін қолдау;
  • Қоғамдық жұмыс түрлерін ұйымдастыру және кеңейту және т. б.

Рыноктық экономика толық жұмыс істеуі үшін мынадай бес түрлі рынок қызмет істеуі қажет: еңбек рыногы, жер рыногы, өндіріс құрал-жабдығының рыногы, азық-түлік рыногы, бағалы қағаздар рыногы.

Еңбек рыногы - бұл экономикалық тұрғыдан белсенді халыққа сұраныс пен ұсынысты қалыптастыратын сфера, сала.

Еңбек рыногы басқа рыноктармен салыстырғанда ерекше рынок деп есептелінеді, өткені бұл рынокта сатуға және сатып алуға түсетін тауар - ерекше тауар - жұмысшы күші, бұл тауардың бағасы - төлемақы немесе жалақы ретінде көрінеді, жұмысшы күшінің құны еңбек рыногында басқа тауарлармен сплыстырғанда ерекше анықталады.

Еңбек рыногының Қазақстан Республикасындағы қалыптасу ерекшеліктері бұл біздің мемлкетімізде рыноктық экономикағы өткенімзге көп болғаны, және де біздегі көптеген өндіріс орныдары жаппай жекешелендіруге байланысты көптеген жұмыс орындары жабылып қалды, соның салдарынан мемлекет өз қармағына алды және де ол жұмыссыз адамдарды еңбек биржасына тіркеп, оларға ай сайын әлеуметтік көмек ретінде жалақы беріп отырды.

Еңбек рыногының негізгі мақсаты - еңбек ресурстарын жұмыспен тиімді және нәтижелі қамту. Еңбекке жарамды адамдарды жұмыспен қамту аса күрделі әрі маңызды мемлекеттік мәселе. Сонымен қатар, еңбек рыногының бүгінгі күнгі ең маңызды мәселелері - ол, халықты жұмыспен қамту және жұмыссыздық. Осы мәселелерді шешу үшін ең алдымен еңбек рыногын жүйелі түрде талдап, сонан соң ондағы болып жатқан өзгерістерді бағалап, әрбір аймақтың өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, еңбек ресурстарын басқару жүйесін жетілдіру қажет. Қазақстан Республикасының қазіргі жағдайында еңбек рыногының қалыптасуына саяси ахуал, экономикалық-әлеуметтік даму, рыноктық инфрақұрылымдар, демографиялық процестер, аймақтық ерекшеліктер тікелей әсер етіп отыр.

Осындай жағдайларда қазақстандық еңбек нарығындағы ахуал былайша сипатталады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазан төңкерісі
Ақпан революциясы жайлы
ЖАСТАРДЫҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛУЫН БАСҚАРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК БАҒЫТТАРЫН ТАЛДАУ
Жұмыссыздықтың түрлері мен формалары, себептері
XX ғасырдың басындағы Ресейдегі революциялар және олардың Қазақстанға әсері
Жұмысбастылық пен жұмыссыздық: демографиялық және әлеуметтік көрсеткіштерге байланысты
Қазақ кеңестік мемлекеттігінің құрылуы
Еңбекке жарайтын халықтың жұмыс бастылығы
Жергілікті жердегі муниципалдық әлеуметтік саясат
Еңбек биржасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz