Қазба - байлықтарының қалдықтарының үйлінділерін қалпына келтіру



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қазба - байлықтарының қалдықтарының үйлінділерін қалпына келтіру

30-шы жылдардан бастап, Семей сынақ полигоны, пайдалы кенорындарын іздестіруге ыңғайлы орын ретінде қарастырылды. Бұл жерден: вольфрам, бериллий, темір, флюорит табылды. Ядролық қару сынақтарын өткізу басталған кезде геологиялық барлау жұмыстары тоқтатылды. ССП жабылған соң, 1991 жылға дейін әскери полигон болған аумақ, қойнауларындағы байлықтарды зерттеу және пайдалану бойынша қызығушылық туғыза бастады. Қазіргі уақыттағы геологиялық барлау деректері бойынша ССП алтын, мыспорфирленген (мыс, молибден, алтын), сирек металды рудаландыру (вольфрам, молибден), таскөмір өндіретін телімдер анықталды. Келешекте бұрын аз зерттелген ССП аумағы лайықты инвестициялау барысында, Қазақстан минералды ресурстарды өндіру бойынша стратегиялық маңызды нысан болуы мүмкін.
Қазіргі уақытта ССП аумағында келесі пайдалы қазба байлықтарды өңдеу және өндіру жұмыстары іске асып жатыр, олар: алтын, марганец, флюорит, тас көмір, мыс, молибден.
Қаражал флюорит кенорны, Дегелең таулы массивінің ауданында орналасқан. Бұл Қазақстан Республикасы аумағындағы жалғыз кенорын болып табылады, бұрын бұл минералды шикізат елімізден тыс жерден әкелінетін. Шығарылып жатқан рудаларды өңдеу үшін Курчатов қ. аумағында 2007 жылы кенбайыту фабрикасы салынып іске қосылды. Қаражыра таскөмір кенорны Балапан сынақ алаңының ауданында, ССП оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Кенорнының аумағы 2574,7 га-ды, бекітілген көмір қоры 1,2 млрд. тоннаны құрайды. Өндіріліп жатқан көмірдің мөлшері - жылына 3 млн. тонна. Кенорынды өндіру түрі - ашық, аракідік қопсытуға бұрғылау-жару жұмыстарын пайдаланады. Өндіру жүйесі - көлік арқылы, сыртқы және ішкі ернеуден қопсытылған жыныстарды тасу арқылы іске асады. Разрезден көмірді жеткізу тәсілі - Дегелең стансасына дейін теміржолмен және автомобильмен тұтынушыға дейін көлікпен жеткізу арқылы іске асады. Шорское мыс-молибден кенорны, бұрыңғы Семей сынақ полигонының, Балапан сынақ алаңының ауданында орналасқан. Кенорнының аумағы 550 га құрайды. Руданы аршу тәсілі - ашық, аракідік қопсытуға бұрғылау-жару жұмыстарын пайдаланады. Өндіру жүйесі - көлік арқылы, сыртқы және ішкі ернеуден қопсытылған жыныстарды тасу арқылы іске асады. Физикалық география - қоршаған ортадағы табиғаттың құрамдас бөліктерін зерттейтін, оны іс жүзінде пайдалану жолдарын көрсететін ғылым. Ол - қазіргі жаһандық деңгейде көтеріліп отырған "Жаратылыстану" білімінің негізін салу - шы. Табиғат - Жер мен Әлем кеңістігі аралығын жалғастырушы, тұрақтандыру - шы болмыс. Оның құрамдас бөліктері: Әлем кеңістігі, литосфера, гидросфера, атмосфера, биосфера. Бұл аталған төртеуі - қоршаған ортаны құрайтын, бірімен бірі сабақтас, бір-бірімен әрекеттес, бір-бірінен туындайтын табиғат болмысы. Оларды зерттейтін ғылым - география. Табиғатты тану - қоршаған орта мен адамның арақатынасын және де олардың дамуын, өзгеруін зерттейтін ғылымдар жүйесі. Қоғамның дамуымен байланысты адамның табиғатты игеруі де біртіндеп күрделене түседі.
Қазақстан табиғатын танып, білудің өз тарихы бар және оның әрбір кезеңі бір-біріне мүлде ұқсамайды. Қазақстан аумағының физикалық геогра - фиялық тұрғыда зерттелуі қоғам дамуының әр кезеңіндегі жаңа міндеттер мен сұраныстарға сәй - кес қолданылған әртүрлі әдістер арқылы дамыды. Бұрын қалып - тасқан қағидалар мен тұжырым - дарды жаңарту қажет - тілігі туындады.
1903 жылы орыс ғалымы А.Н.Седельниковтің басқаруымен шыққан "Киргизский край" атты Ресейдің толық географиялық сипаттамасының XVІІІ томында берілген геологиялық картада Қазақстан аумағы 3 түрлі бояумен ғана боялған. Ол бояулардың негізгі көрінісі қазақ жеріндегі қазба байлықтардың қазіргі қорына, түріне мүлдем сәйкес келмейді. Сондық - тан қазақ жері жөнінде бұрын далалы, шөлейтті, шөлді, табиғаты жұтаң деген ұшқары пікір қалыптасқан. Осындай нақтылы емес пікірлердің терістігі жаңа заманда мүлдем жоққа шығарылды. Бір кездегі Қазақстан табиғаты сүреңсіз, шөлді алап делінсе, жаңа дәуірде оның табиғатының алуан түрлілігі, байлығы дәлелденіп, оны игерудің сұранысына байланысты жаңа көзқарас, болжамдар пайда болды.
Кеңес дәуірінде жер қойнауынан алынатын байлықтың Менделеев кесте - сінде кездесетін элементтердің барлығы да Қазақстан жерінен табылды. Еліміздің жері қазба байлықтың қоймасы ретінде танылды. Сонымен қатар осы дәуірдегі ғылыми-техникалық жетістіктер қазақ жерін атом қаруының сынақ орнына, ғарыш алаңына айналдырды. Соның салдарынан бір кездегі табиғаттың сұлу аймақтары жарамсыз жерлер болып, Қазақстанның "Қызыл кітабына" енген ақ бөкен, құлан сияқты жануарлар түрі азайып кетті. Табиғаттың даму тепе-теңдігінің бұзылуынан Қазақстанның кез-келген аймағы экологиялық шешімі қиындау, күйзелісті аймаққа айналды. Осы аталғандардың барлығы - таби - ғаттың заңдылығын, оның қалыптасу, даму ерекшеліктерін ескермей, оны тек шикізат көзіне айналдыру табиғаттың жұтаңдануын туғызды.
Бүгінгі таңда жаһандық проблема болып отырған экологиялық мәселелер табиғаттың даму заңдылығын ескерме - гендіктен, оның тепе-теңдігінің бұзы - луынан пайда болды. Ал оны қалпына келтіру жолындағы жұмыста география ғылымының міндеті зор. Себебі, ғылыми-техникалық жетістік ғылымның кейбір саласында адам баласына қауіп төндіруде. Адам әрекетінен туындап отырған жаңа "антропогендік ландшафтар", жер бетінде климаттың жылынуы тіршілік дүниесіне зардабын тигізуде. Бүкіл ғылымдардың жетістігі адамзаттың өсіп, өркендеуіне қызмет жасауы керек қой. Осыған орай бүкіл жаратылыстану ғылымдары бірігіп, өзін қоршаған ортадағы табиғатты сақтау, оның тепе-теңдігін үйлестіру мәселесін шешуге күш жұмылдыруы қажет. Жаһан - дық деңгейде табиғат қорларын тиімді пайдалану үшін қоршаған орта жайлы бұрынғы ғасырлар бойы жинақталған зерттеулердің нәтижесін ескере отырып, табиғатты жүйелі түрде тиімді пайдалану, оны қорғаудың мәселелері жолға қойы - луы тиіс. ХХ ғасырда табиғатты ысырап етпей игеру ғылымға жаңа бағыт берген, атақты табиғаттанушы, энциклопедист ғалым В.В.Вернадский ноосфера ұғымы - ның негізін салды. Ол литосфераға, гид - рос - фераға, атмосфераға және биосфераға қосымша ноосфера тұжырымдамасын ұсынып, адамның табиғатты сырапсыз пайдалануы негізінде жаһандық деңгейде туындап отырған проблеманы шешуге адамның ақыл-ой жүйесін бағыттайды. Бұл - бүгінгі таңдағы ғылымда, іс-жүзінде, әрбір қоғамда пайдалануға тиісті қағида.
Бұрынғы Кеңес одағына дейін, Кеңес Одағы кезінде қазба байлықтардың ғылы - ми негізсіз, тек Орталыққа қажет болған - дықтан игерілуі (көмір, түсті металдар, тыңайған жерлердегі егістік алқаптар) Қазақстан табиғаты жұтаңдануының бірден-бір себебі болған еді. Сол қазба байлықтар қазір егемен елдің игілігіне айналып, мұнай, газ, түсті металдар, соның ішінде уран кені халықтың әл-ауқатын көтеруге, экономиканың тұ - рақтануына қызмет етіп отыр. Кеңес уақытында дамыған ғылым салалары бір-бірімен байланыссыз, тек Орталыққа қажеттілігі жағына бағытталса, қазір қандай ғылым болсын бір-бірімен байла - нысты түрде мемлекеттің экономикасын көтеруге ұмтылуда.
Қазақстандағы география ғылымының атқаратын міндеті мен мақсатын нақты түсіндірмей, жерін тек қана атау ретінде (тау, қырат, үстірт, жазықтық, өзен, көл, кұм, шөл т.б.) қарастыру ғылымның өрісін шектейді. Сондай көзқарастың кең тарауынан байтақ қазақ жері таби - ғатының даму заңдылығын, оның қалып - тасу еркшеліктерін көптеген ғалым - дар елемей жүр. Олар жалпы экологиялық мәселенің маңызын түсінбей, тек өз саласының мүддесін қорғайды. Ғылым - ның қайсы болса да (ботаника, зоология т.б.) - табиғаттың туындысы. Тіршілік үшін белгілі бір географиялық орта керек. Ол географиялық ортаға өзіне тән қалып - тасқан ауа-райы құбылысының өзгеруі, жыл мезгілінің ауысуы, күн сәулесінің таралу заңдылығы, тіршіліктің өсуі мен дамуы тәуелді. Олардың белгілі бір гео - графиялық заңдылыққа бағынуы, темпе - ратураның таралу заңдылығы ба - тыстан шығысқа, солтүстіктен оңтүстікке қарай өзгеруі кез келген жердің алып жатқан географиялық орнына байла - нысты табиғатта үздіксіз жүріп жатады. Қоршаған орта болмысының өзгеруі, ғаламшардағы ірі өркениетті елдердің өздері мойындап отырғанындай, табиғат байлықтарын тиімсіз пайдаланудан, табиғаттың даму, қалыптасу заңдылығын ескермеуден туындап отырғаны даусыз. Мысалы, бір кездегі ит мұрыны өтпейтін Оңтүстік Американың тропиктік орман - дары оталып, Африканың қайталанбас табиғатындағы сирек кездесетін керік - тердің, пілдердің, түйеқұстардың, арыс - тандардың азаюы, материк байлық - тарының талан-таражға түсуі сол аймақ - тарда жарамсыз жерлердің молаюынан, шөлейтті аймақтардың ұлғаюынан табиғат тепе-теңдігінің бұзылуына соқ - тырды. Жерорта теңізі аймағындағы зәйтүн шаруашылығы плантацияларында мол өнім алу үшін химиялық тыңайт - қыштарды молынан қолданылуы күрделі экологиялық мәселе тудырды. Соған байланысты қазір зәйтүн плантациялары оталуда.
Ғылыми-техникалық прогрестің күрт дамуы барысында ірі өндірістік қалаларда автокөліктердің санының өсуінен, атмосфера және озон қабаттарына улы газдардың мол бөлінуінен, ірі елді мекен - дерде таза ауыз су тапшылығынан адам - ның денсаулығына залал келуде. Қазіргі кездегі қоршаған ортаның радиациялық, химиялық, биологиялық ластануы әлемдік деңгейде адам баласы мен тір - шілік дүниесіне қауіп төндіруде. Жер шарындағы халық санының жедел өсуі мен ғылыми-техникалық прогрестің қарқынды дамуы адам мен қоғамның қоршаған ортамен қарым-қатынасын күрделендіріп жіберді.
Пайдалы қазбалар қорының ғылыми негізсіз пайдаланылуы, жер бетіндегі өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүние - сінің жұтаңдануы және табиғи ортаның шектен тыс ластануы күрделі экология - лық проблемаларды тудырды. Кейбір өндіріс орындарынан бөлінген зиянды қалдықтардың шектен тыс көбеюі қор - шаған орта жағдайының нашарлауына, адам денсаулығының бұзылуына апарып соғуда. Осының барлығы қоршаған ортаны қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлуді және оны қалпына келтіру жұмыс - тарымен айналысуды, сондай-ақ оның ресурстарын тиімді пайдалануды талап етеді. Сондықтан жерді суландыру, орманды қалпына келтіру, өндірістік қалдықтар мен ақаба суларды тазартудан өткізу, топырақтың құнарлылығын сақтау және топырақ эрозиясына жол бермеу жұмыстарын қарқынды жүргізуді өмірлік маңызы бар талап ретінде алға тартуда.
Табиғаттағы өзін-өзі реттеу мен қал - пына келтіру үдерістері ұзаққа созылады. Адамның зиянды істері де бірден байқалмайды, оны адамдар көбінесе ұзақ жылдар өткен соң ғана байқайды, бірақ оны жедел түзеу жұмыстары күткендей нәтиже бере қоймайды.
Табиғат дамуының заңдылықтарын білмеу, кейде оларды есепке алмау бос шығынға, адамдардың өмір сүру жағ - дайы - ның және табиғи ортаның нашар - лауына алып келді. Мұндай жағдай Арал теңізінің тағдырына тән. Мақта және басқа да егістіктер көлемінің артуына бай - ланысты, Арал теңізіне құятын өзендердің суын пайдалану мақсатымен көптеген су қоймалары мен суару канал - дары салынды. Мұндай су жүйелері өзендер суының азаюына, түптеп кел - генде оның шұғыл тартылуына жеткізді. Қазір теңіз деңгейінің күрт төмендеуі өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің жұ - таңдануын, т.б. экологиялық проб - лема - ларды тудырып отыр.
Еліміздегі Арал апаты жаһандық сипат алып, оның зиянды әсері қазірдің өзінде көптеген мемлекеттерде байқалуда. Сондықтан АҚШ, Жапония, т.б. мемле - кеттер Аралды құтқаруға байланысты шараларға қатысуға келісімдерін беріп отыр.
Қазіргі кезде Арал теңізін құтқарудың жаңа жоспарлары жасалып, ғалымдардың ұсыныстары талқылануда (мысалы, Кіші Арал туралы). Мүмкін Аралды құтқара - тын күн де алыс емес шығар.
Келтірілген мысалдар адамзаттың таби - ғатқа жауапсыз қарауға болмайтын - дығын дәлелдейтін, қоршаған ортамен қарым-қатынас кезінде өз іс-әрекетінің салдарына көңіл бөліп, әрдайым дұрыс жолды таңдау қажеттілігін көрсетеді. Дүние жүзінде адамның іс-әрекетінен болатын экологиялық зардаптар мен дағдарыстар көп-ақ. Мысалы, жидек тергенде, аң аулағанда немесе егіс алқабын тазартқанда табиғатқа белгілі бір мөлшерде зиян келтіріледі. Адамның бұл әрекеті аз мөлшерде болғандықтан, табиғи орта оны ретке келтіріп, орнын толтырып отырады. Яғни, табиғаттың тепе-теңдігі сақталғандықтан, өзгеріс көп елене қоймайды.
Ал мал шаруашылығы мен жайылым - дыққа пайдаланылатын жерлердің жыр - тылуы, ормандардың кесіліп, өртелуі, каналдар мен жолдардың ойлас - ты - рылмай салынуы сол жерлердегі өсім - діктер әлемі мен жануарлар дүниесіне көп мөлшерде зиян келтіреді. Оны тез түзете қою қиын.
ХХ ғасырдың екінші жартысында қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасының жаңа бір саласы - алып өндіріс орындары көптеп бой көтере бастады. Зауыттар мен фабрикалардың еселеп өсуі барған сайын шикізат түр - лерінің мол пайдаланылуына, энергия шығынының өсуіне, қазба байлықтардың қарқынды игерілуіне алып келді. Ғы - лыми-техникалық прогрестің табиғатқа тигізетін кері әсері дауыл, су тасқыны, жанартаулар атқылауы, жер сілкіністері сияқты апатты құбылыстардың зардап - тарымен теңбе-тең, тіпті олардан асып түсетіндей жағдайға жетті. Мұның өзі табиғи ортаның қалыптасқан заңды - лығын бұзып, биосферадағы энергия мен табиғи зат алмасуға теріс әсер етті.
Адамның табиғатты өзгертуі өте қауіпті экологиялық жағдайлар тудыруда. Атап айтқанда, біріншіден, Екінші дүние - жүзілік соғысқа дейін өнеркәсібі да - мымаған мемлекеттер соғыстан кейін индустриялы даму жолына түсті. Осы мақсатта адамдар табиғи ресурстарды игеріп, жаңадан зауыт, фабрикалар және жолдар сала бастады. Өнеркәсіптің жаппай дамуы табиғатқа тиетін кері әсер ауқымын кеңейтіп, жаңа кен орында - рының ашылуы және игерілуі бұған өзіндік үлес қосты. Бұл қоршаған орта - ның ластануын күшейтті.
Екіншіден, дүние жүзіндегі демогра - фия - лық жағдай күрт өзгерді. Жер шары халқының саны тез өсіп, 1700 жылы 620 млн. адам болса, 1850 жылы оның саны 1200 млн-ға жетті, яғни екі есеге артты. 1950 жылы жер шарындағы халық саны 2500 млн-ға жетсе, 1986 жылғы санақ бойынша халық саны 5 млрд-қа дейін өсті. Біріккен Ұлттар Ұйымының есебі бойынша, 2050 жылға қарай дүние жүзі халқы 11,9 млрд. болады деген болжам бар. Халық санының жылдам өсуі табиғат байлықтарына деген ашқарақ сұранысты тудырды. Қазірдің өзінде табиғат ресурс - тары (су, топырақ, пайдалы қазбалар, отын қорлары) өзін-өзі қайта қалпына келтіре алмайтындай деңгейде пайда - ланылуда. Бұл табиғаттың тозып, бүлінуіне соқтыратыны даусыз.
Үшіншіден, қалалар мен олардың тұрғындарының саны тез өсуде. Егер 1900 жылы қалаларда 300 млн. адам тұрса, 1950 жылы олардың саны 700 млн-ға, 1980 жылы 1800 млн-ға, ал 2000 жылы шамамен 3300 млн-ға жетті. Соңғы 100 жылдың ішінде халықтың жалпы санының қалаларға тиесілі бөлігі 20%-дан 51,5%-ға өсті. Осынша адамның шағын аумақта тіршілік етіп, қоршаған ортаға кері әсерді ұлғайтуы қала мен оған жақын жерлердің қатты ластануына себепші болуда.
Адамзат әр уақытта табиғатқа бағынышты болып, оның ресурстарын өз қежіттілігіне жұмсап келген. Сонымен бірге адамдарда үнемі табиғатты "бағындыру" арманы болған. Қалай болғанда да адамның табиғатқа, табиғи ортаға деген көзқарасы болашақ ұрпақ мүддесі үшін тиімділікті, саналылықты керек ететін көзқараспен ұштаса жүруі қажет. Табиғат ресурстарына баю мен пайда табу көзі ретінде қарамау керек. Аз уақыттық табысқа бола оларды ретсіз жұмсауға, қоршаған ортаны адамдар мен барлық тіршілік үшін зиянды қалдықтармен ластауға болмайды. Ғылыми-техникалық прогресс адамдарды табиғи ортаға әсер етудің ауқымды мүмкіндіктерімен және құралдарымен жарақтандырып қана қоймай, сонымен бірге бұл ортаны сақтау мен қалпына келтірудің тәсілдері мен жолдарын көрсетіп беруде. Адам баласына табиғи ортаны сақтау мен оның ластануына жол бермеудің мынадай мүмкіндіктері белгілі. Олар: ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік беретін қалдықсыз технологияны енгізу; ортаның ластануын барынша азайту; ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоршаған ортаны қорғауды ұйымдастыру және табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану
Қарағанды-Теміртау өндіріс ауданының қазіргі кездегі экологиялық жағдайы және дамуы
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ГЕОЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Экология факульттері ашылып, мамандар дайындалу үстінде
Геологиялық карта
Шикізат және қосымша материалдар
Табиғатты пайдалану экономикасы туралы ақпарат
Экономика, геология-экологиялық зерттеулерді ұйымдастыру мен жобалау
Жер астын шаймалау — уран өндірісіндегі ең қауіпсіз әдіс
Табиғат пайдалану экономикасы
Пәндер