Қазіргі әлемдегі жоғары білімнің даму тенденциясы және негізгі ба ғыттары
1. Қазіргі әлемдегі жоғары білімнің даму тенденциясы және негізгі бағыттары
Білім берудің даму тенденциялары. Әлемдік білім беру кеңістігі.
ХХ ғ. екінші жартысында білім беру жүйесі де тығырыққа тірелді, сондықтанда ірі реформаларға ұшырады. 1968 жылы Ф.Кумбстың Кризис образованияң :системный анализ.-М.:Политиздат, 1991.-287 с. Оның ойынша білім беру төрт мәселеге байланысты тығырыққа тірелген:
1. Адамдардың білім алуға сұранысының жоғарылауы;
2. Қаржы жетіспеушілігінен, білім жүйесі жаңа сұраныстарды қанағаттандыра алмауы;
3. Білім беру жүйесінің инерттілігі;
4. Қоғамның өзінің инерттілігі.
Бұл себептер батыста білім беруді реформалауға алып келді.
Біздің ойымызша, білім берудің тығырыққа тірелуі көптеген мәселені қамтиды: әлеуметтік, экономикалық, саяси және т.б. Мысалға техниканың қарқынды дамуы- ғылыми білім көлемінің ауқымданғанын көрсетеді, ал оны азғандай аралықта ұрпаққа беріп үлгермеудеміз. Мұндай кешеуілдеу адамдардың жаңа нәрсеге бейімделуіне қиындық туғызып, физикалық, психологиялық ауыртпалыққа алып кеп соғуда. Ақпараттың, білімнің өсуі, техниканың дамуын жеделдетті.
Н.Н.Пахомов бұл тығырықты үш мәселемен байланыстырады:
1. Әлеует пен білім беру арасындағы сәйкессіздік, яғни әлеуметтендіру мәселесі (жастардың жаңа қоғамға бейімделуі);
2. Білім беру мен мәдениет арасындағы сәйкессіздік (мектеп білім береді, құндылық пен әдеп нормаларын үйретпейді, (школа учит знаниям, а не ценностям и нормам));
3. Білім берудің ғылымнан артта қалуы.
Н.Н.Пахомов ХХ ғасырда тарихи- мәдени мұраның түрлері ауысты. М.Хайдегердің айтуынша бұрын адамдар тарихқа енген болса, қазір олар болашақты божау арқылы өздері оны тарихқа ендіруде.ң
2. Білімдендіру жүйесіндегі нормативтік құжаттар.
ҚР МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ СТАНДАРТЫ
Стандарт бойынша магистрант қандай білім, білік, дағдыны игеруі тиіс:
* қазіргі білімдендіру технологияларын қолдана отырып, жаңа білімді меңгеруді үйренуі және өз еңбегін ғылыми тұрғыда ұйымдастыра білуді;
* жғары мектеп педагогикасы мен психологиясының негіздерін білуі және оны практикада қолдана білуді;
* апараттық және білімдендіру технологияларын қолдана отырып, курс аяқталғаннан кейін де өзіндік оқып, білім жинақтауды;
* мәдени ойлауды, көпшілік алдында сөйлеуді, өз ойын жазбаша және ауызша түрде дұрыс, қисынды құрастыра білуді және т.б.
Білім беруді дамыту тұжырымдамасы мемлекеттік тәуелсіздікті қалыптастыру мен нығайтудың, елдің прогресшіл дамуының негізін құрайтын Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудың мақсаттары мен міндеттерін, құрылымы мен мазмұнын және негізгі стратегиялық бағыттарын айқындайтын ғылыми-теориялық, әдіснамалық құжат болып табылады.
Тұжырымда ҚР Конституциясына, "Білім туралы" ҚР Заңына, "Қазақстан - 2030" стратегиясына, "Қазақстанның 2015 жылға дейінгі индустриялық-инновациялық даму стратегиясына","Білім" Мемлекеттік бағдарламасына, Баланың құқықтары туралы конвенцияға, Еуропа аймағындағы жоғары білімге қатысты біліктілікті тану туралы Лиссабон конвенциясына, Жоғары білім жөніндегі бүкіл дүниежүзлік крнференцияның декларациясына, Болоньядағы Еуропа елдері білім министрлері кеңесінің, ТМД-ға қатысушы мемлекеттер білім министрлерінің және білім беру саласындағы ынтымақтастығы жөніндегі кеңесінің , Еуразия Экономикалық Қоғамдастығының Интеграциялық комитетінің жанындағы білім, ғылыми дәрежелер мен атақтыр туралы құжаттарды өзара тану және олардың баламалылығы жөніндегі кеңестің конференциясының ұсынымдарына сәйкес әзірленді.
Тұжырымдама білім беруді жалпы ұлттық басымдық белгі ретінде белгілейді және мемлекеттің ұзақ мерзімге арналған білім беру саясатын дамытудың негізін қалайды, әлі заңнамаға, қаржыландыру жүйесіне, білім берудің мазмұнына, білім беру жүйесінің құрылымына, білім берудің басқару жүйесіне, кадрлық және әлеуметтік саясатқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін негіз болып табылады.
3. Қазақстан Республикасындағы жоғары білім.
Қазақстанның білім беру жүйесі мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта білім беру, орта білімнен кейінгі кәсіптік білім беру, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру деңгейлерінен тұрады.
Соның ішінде жоғары білім беру.
Жоғары білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту, жоғары оқу-орындары зерттеулерінің әлеуметтік сала мен экономиканың қажеттіліктерімен тығыз байланысты, білім беру және ақпараттық технологияларды жетілдіру болып табылады.
Жоғары білім берудің мақсаты - қоғамның, мемлекеттің және тұлғаның сапалы жоғары білім алуға деген мүдделерін қанағаттандыру, әрбір адамға оқытудың мазмұнын, нысанын және мерзімдерін таңдауға кеңінен мүмкіндік беру.
Міндеттері:
* іргелі білімді кеңінен меңгерген, бастамашыл, еңбек рыногы мен технологиялардың ауысып тұратын талаптарына бейімделген, командада жұмыс істей білетін жаңа тұрпатты маман даярлау;
* білім беру процесін демократияландыру арқылы жоғары білім берудің барлық жүйесінің сапалы білім беру қызметін ұсынуға деген уәждемелерін күшейту;
* жоғары оқу орындарын халықаралық аккредиттеуден өтуге дайындау. Бетке ұстар жоғары оқу орындары дамытуға объективті жағдайлар жасау;
* жоғары оқу орындарын басқарудың жаңа принциптері мен практикасын қалыптастыру, стратегиялық жоспарлау жүйесін енгізу;
* студенттердің сапалы білім алуға деген құқықтарын нығайту, жоғары оқу орын басшыларының сапалы білім беру қызметін ұсыну жауапкершілігін анықтайтын тетіктерді әзірлей және енгізу.
4. Қазіргі білімдендірудің жаһандандыру мәселесінде алатын орны мен ролі.
Қазақстан Республикасында соңғы жылдар шеңберінде болып жатқан білім беру жүйесіндегі реформаларға, әсіресе жоғарғы мектепке қатысты реформалардың нәтижесіне елдің болашағы тәуелді. Бүгінгі күнде біз қазақстандық білім беру жүйесінің модернизациялануы сияқты күрделі процестің қатысушысы болып отырмыз.Яғни, Жоғарғы Тектепті дамытудың прогрессивті моделінг енгізу, оның дамуының бағаналы жолдарын табу бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Осы тұрғыда, жоғарғы білімнің қалыптасуы мен дамуына ықпал ететін әлеуметтік мәдени фактордың мәні орасан зор.
Жахандану процесі әлемді өз қағидаларымен қамтып жатқанда, әрбір дамушы, экономикасы толық тұрақтамаған елдер (Қазақстан осындай елдер қатарында) өз мәдениетін, әдет-ғұрпын сақтап қалуға, оны ұрпақтан ұрпаққа беруге мұқтаж. Осы жердегі біздің мақсат жоғарғы білімнің қалыптасуына әсер етпей қоймайтын әлеуметтік мәдени факторлардың дұрыс жолды таңдап, ұлттық мүдде мақсаттарды көздей отырып әрбір жаңалықты тек керегінше қабылдау.
Қазіргі таңдағы ҚР-ғы білім берудіңу стратегиясы. Мақсаты және міндеттері. Жоғары білімнің Ұлттық үлгісінің бағыттары.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 19 наурыздағы Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін,бәсекеге қабілетті халық үшінң атты Қазақстан халқына Жолдауына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы №735 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі Стратегиялық даму Жоспарына сәйкес әзірленді. Бағдарлама білім беру саласындағы Мемелекеттік саясаттың Стратегиясын, негізгі бағыттарын, басымдықтарын, міндеттерін және оны іске асыру тетіктерін айқындайды, әрі Қазақстан Республикасының заңнамасына , білім беру жүйесін басқару мен қаржыландыруға, құрылымымен мазмұнына , кадр саясатына және әлеуметтік саясатқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін негіз болып табылады.
Осы Бағдарламаны әзірлеу жаңа әкономикалық және әлеуметтік-мәдени жағдайларда казақстандық білім беру жүйесінің алдында тұрған білім беру сапасын арттыруға, Стратегиялық міндеттерді шешуге бағытталған түбегейлі қайта өзгертулердің қажеттігінен туындады.
Бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 30 қыркүйектегі №448 Жарлығымен бекітілген Білімң Мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі - Білімң бағдарламасы) іске асырудың нәтижелерін талдау негізінде әзірленді.
Қазақстан Республикасын әлемдік қоғамдастық нарықтық экономикалы мемлекет ретінде таныды. Тәуелсіздігінің қысқа тарихи кезеңінде еліміз әлемдік қоғамдастыққа ықпалдаса торырып, экономикада айтарлықтай өсуге қол жеткізді.
Осы орайда, қоғамдық даму деңгейінің, елдің экономикалық қуаты мен ұлттық қауіпсіздігінің өлшемдері ретінде білім беру жүйесінің, адам ресурстарының ролі мен маңызы арта түседі. Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі өзгерісттер білім беруге, одан ұтқырлықты , жаңа тарихи кезеңнің болмысына барабар әрекет етуді және экономиканың даму қажеттіктеріне сай болуды талап ете торырып әсерін тигізеді.
Жедел өзгеріп тұратын әлем және ақпарат легінің ұлғаюы жағдайында ілгері пәндік білім міндетті, бірақ ол білім берудің жеткілікті нысанасы болып табылмайды. Оқитындар қазақстандық білім беру жүйесі бағыт алған білімнің, дағды-біліктің жиынтығын (білім үстемдігі) меңгеріп қана қоймауға тиіс. Оқитындардың өзін барынша көрсете білу және қоғам өміріне пайдалы түрде қатысуы үшін ақпартатты өз бетінше табу, талдау, құрылымдау және тиімді пайдалану дағдысын бойына сіңіру әлдеқайда маңызды да күрделі. Қазақстандық білім беру жүйесі оның әлемдік білім беру кеңістігінде лайықты орын алуына мүмкіндік бермейтін ескірген әдіснамалық базасы, құрылымы мен маөмұны жағдайында дамуын жалғастыруда.Білім беру мазмұны фактологиялық күйінде қалып отыр және оұитындарды қоғам өміріне құзіретті, жауапты әрі шығармашылық тұрғыдан қатыстыра отырып даярлауға бағдарланбаған. Өңірлік деңгейде білім беруді басқарудың біріздендірілген жүйесінің болмауы, білім беру бөлімдерінде мамандардың штат санының жетіспеушілігі білім беруді басқарудың тиімділігіне кері әсер етеді.
5. Қазіргі таңдағы ҚР білім беру саясаты.
7.Білім берудің жаңа парадигмасы.Жоғары білім беру модернизациялаудың негізгі бағыттары.
10. 13.Әлемдік білім берудегі интеграциялық процестер. Білімді интернационализациялау түсінігі.
Әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінің дамуын талдау онда кредиттік білім беру жүйесіне негізделген, кадрлар даярлаудың үш сатылы моделінің кең тарағанын көрсетеді: бакалавриат-магистратура- докторантура. Бұл модель АҚШ университтетерінде және Еуропаның көптеген елдерінде қолданылады. Ол неғұрлым икемді де тиімді болып табылады, академиялық ұтқырлықты және еңбек нарығының тез өзгеріп тұрған шағында түлектерге деген сұранысты қамтамассыз етеді.
Қазақстандағы Жоғары мектеп әлемдік тәжірибелермен мемлекеттік практикаға сүйене отырып өзінің жаңару потенциалын дүниежүзілік тәжірибе позициясына сай қалыптастыруы керек. Сонымен қатар, әлемдік алдыңғы қатарлы Германия, Ұлыбритания, Франция, АҚШ, Қытай және ТМД қатарындағы елдердің жоғарғы оқу орнындағы тәжірибесіне сүйеніп оқытуға және маман даярлауға аса көңіл бөлуі қажет болып отыр.
Ойлаудың жаңа тұрпаты және қағидалары алға шығуда. Біз бүгінгі күннің ойлау бейнесіне сай келетін біртұтас педагогикалық процесті құрудың және мамандарды дайындаудың жаңа моделін ұсынамыз.
Бұл модел үш қағидаға негізделген және жаңа парадигмаға:
1) еуроцентристік және Рухани сипатты ойлау бейнелерінің интеграциясы қағидасы, яғни оқыту- тәрбиелеу жүйесінің Батыстық және Шығыстық әдістерінің бірлігі қағидасы.
2) Шындықты танудағы ғылым дамуының ішкі қарқындары заңдылығын ашу және пайдалану қағидасы, оны адам табиғатына сәйкестендіру.
3) Бүтіндей педагогикалық процесті ашық динамикалық және өзін-өзі ұйымдастырушы жүйе ретінде қарастыру қағидасы.
4) Субъектілі-объектілі-субъектілі қатынастар (парадигма).
"Парадигма"- (латын сөзі, ол "үлгі" деген мағынаны білдіреді) - білім берудің концептуальдық моделі ретінде қолданылады. Ұғым Бергман атты ғалымның атымен байланысты болғанымен, негізінен оны американың физигі және философы Т.Кунн зерттеген. Оның айтуынша парадигма ғылым өлшеуіші. Яғни білім беру парадигмасы дегеніміз білім алушыларды мәдени, табиғатқа сай әдіснамалық тұрғыдан негізделген эталон құрылымы бойынша білім стандартына сәйкес жоғары адамгершілікке тәрбиелеу. Бүгінде білім берудің бірнеше парадигмалары қолданылады, олардың ішіндегі ең көп тарағаны негізгі бесеуі болып табылады. Олар мыналар:
1. Дәстүрлі-консервативтік ( білімдік парадигма).
2. Феноменологиялық (гуманистік парадигма).
3. Рационалистік парадигма (бихевилристік, мінез-құлықтық).
4. Технократиялық.
5. Эзотериялық парадигма.
Әрбір парадигманың алдында тұрған міндет- жастарды қандай етіп тәрбиелейміз және не үшін, өмір сүрудегі мақсат не т.с.с. Бүгінгі әлемдік білім беру процесінде В.А.Пилиповский салыстырмалы сипатын енгізген білім берудің парадигмалық моделі қолданылады. Парадигмалардың әржақтылығы білім беру мен мәдениет мақсатына қойылатын әртүрлі ыңғайлармен түсіндіріледі.
1-ыңғай. Құндылық (аксиологиялық). Мұнда мәдениет адамзат өмірінің мәні ретінде қабылданады. Мәдениеттің өркендеуі мәдениеттің жетістігі ретінде түсіндіріледі.
2-ыңғай. Іс-әрекеттік. Мұнда мәдениет материалдық және рухани құндылықтарды жасау бойынша әрекеттер тәсілін апробациялау ретінде қарастырылады.
3-ыңғай. Жеке тұлғалық. Мәдениет нақтылы бір тұлға бойынан ғана табылады деп түсіндіріледі. Парадигмалар оқытушы мен оқушының арасындағы өзара педагогикалық әрекеттің сипаты мен мақсаты бойынша анықталады.
1. Білімдік дәстүрлі парадигма. Білімдік парадигманың негізгі мақсаты білім беру болып табылады.
2. Бихевиористикалық парадигманың негізгі мақсаты керісінше білім берудің мазмұны емес, білімді меңгерудегі әдіс-тәсілдерді қолдану ерекшелігінде болып табылады. Мұнда баланы білімді етіп тәрбиелеп шығарудан гөрі, оны өзі өмір сүретін қоғамға бейімдеп қалыптастыру аса маңызды. Мектептің мақсаты - оқушыларды қоғамның әлеуметтік талаптары мен нормаларына сәйкес келетін мінез-құлыққа бейімдеу. Мұнда негізгі түсінік: "Мектеп - бұл, фабрика, ал оқушылар - шикізат" деп қарастырылады.
3. Гуманистік парадигманың (феноменологиялық) негізгі мақсаты білім алушыны өмірдің субьектісі әрі өзін-өзі дамытуды қажет ететін еркін және рухани тұлғасы ретінде қарастыруы болып табылады.
4. Технократиялық парадигманың негізгі мақсаты - тәжірибелерді жетілдіруге қажетті нақтылы ғылыми білімдерді меңгеру мен ұрпақтан-ұрпаққа беріп отыру болып табылады. "Білім -күш", сондықтан адамзат құндылығы оның танымдық мүмкіндіктері арқылы айқындалады деп түсіндіріледі.
6.Педагогикалық әрекеттің мәні мен құрылымы
Әр саладағы ғылымды меңгеру, әдетте, сол ғылымның пайда болуы мен дамуы, оның зерттейтін проблемаларын анықтап, түсінуден басталады. Шыныныда да, әр ғылым саласы өз тарихына , зерттелуі тиіс және сол ғылымның теориялық негізін түсінуге жәрдемдесетін табиғи немесе қоғамдық құбылыстардың нақты аймағына ие.
Бұл тұрғыдан көпке мәлім Барша заттың бастауын тапсаң, көп нәрсе түсінерсіңң - деген қанатты сөзде терең мағына бар. Осыдан педагогика пәнімен танысуды да оның қысқаша болса да туындау және даму тарихымен, ол зерттейтін проблемаларды анықтап, түсінуден бастаған жөн.
Ескеретін жәйт, аталған мәселелерді қарастыруда әрдайым екі тұжырымды жадтан шығармау лазым:
1. Үлкен даму жолы қаншалықты шырғалаң және дәуір тозаңымен көмескеленсе де, қай ғылым болмасын қоғам қажеттілігіннен дамып, қалыптасады.
2. Адамзат білімнің қай саласы болмасын ғылымдық дәрежиге көтерілуі үшін тек ерекше, соған ғана тән зерттеуі аймағы бөлініп, нақтылануы қажет.
Осы тұрғыдан алып қарасақ, педагогиканың жәйі қалай? Оның ғылым ретінде пайда болып, дамуының себептері неде? Оның жалпы заттық дүниемен білім жүйесіндегі орны қандай?
Адамзат дамуының барысында білімдендіру педагогикасының саласы ең ежелгілерден, әрі қоғам дамуынан ажырап көрген емес. Бұл тұжырым түсінікті болу үшін мәнді де маңызды жағдайға назар аударған жөн. Педагогикалық білім дамып келе жатқан әлеуетті тұрмысқа дайындауға немесе тәрбиеге бағышталған адамзат іс - әрекетінің ерекше бір саласына кіреді. Шынында да, педагогика жөнінде сөз болғанда, әдетте, бұл термин оқу- тәрбие, адамды қалыптастыру түсініктерімен баламалас қолданылады. Ал, тәрбиенің өзі жас әлеуетті тұрмысқа дайындау құралы ретінде, адамзат қоғамының іргетасы қалануымен бірге пайда болады. Еңбек құралдарын жасау табиғат өнімдерін меншіктеуге байланысты өндірістік және бірлікті іс-әрекет пен қызметтік тәжірибелерді жинақтай келе, адамдар оларды келер ұрапққа өткізуді мақсат - мүддесіне айналдырды. Қоғамдық ілгерілеудің өзі осы өмірге жаңадан еңген әрбір адамның өз ата - бабаларының өндірістік әлеуметтік және рухани құндылықтарын игерумен бірге, оларды жаңа, жоғары деңгейде байытып өзінен соңғыларға жеткізіп беруі арқылы іске асып отырады және әрі қарай дамыды. Сонымен жинақталған өндірістік, әлеуметтік және рухани тәжірибені келесі әулеттке жеткізіп отырау, адамзат қоғамының жасалуы мен дамуының алғы шарттары және маңызды қызметіне айналады. Міне, сондықтан да тәрбие адамзат қоғамының дамуынан ажырамайды және оған ежелден - ақ тән құбылыс, демек, тәрбие жастарды тұрмысқа дайындауға бағытталған ерекше іс-әрекет ретінде қоғам дамуының барлық кезеңдерінде де өз маңыздылығын жоймаған.
Педагогиканың негізгі категориялары. Педагогика әдіснамасы.
Қай ғылым болмасын өзіндік категорияларымен негізделеді. Сол сияқты педагогиканың категорияларына оқыту, тәрбиелеу, білім беру педагогикалық процесс ұғымдарын жатқызамыз. Тәрбие оқыту-тәрбиелеу мекемелер мен ұйым жағдайында жүзеге асырылатын педогогикалық процесс ретінде түсіндіріледі. Алайда, бұл оның кәсіби-қызмет тұрғысында ғана қамтылған. Тәрбие кең мағынада - қоғамдық өмірдің өшпейтін, мәңгі категориясы. Қоғамдық-тарихи қарым-қатынастың сипаттамасы тәрбие бағыттылығы мен мазмұнында көрінеді, оның ұйымдастыру формасына әсер етеді.
Білім берудің негізгі жолы - оқыту. Оқыту - педагогикалық процесті регламентациялау жағдайында және оқытушыға ғылыми білімді меңгеруді ұйымдастыру жәредемімен тұлғаның ақыл-ой сферасын дамытуға бағытталған тәрбиеннің бір бөлігі.
Оқыту маңызды және ұйымдастыру қарым-қатынаста нормативті жарлықтармен белгіленеді.
Сонымен, педагогика ғылымының пәнінен құралатын әлеуметтік атау, білім беру - бұл қоғам мүшелерін тәрбиелеу мен оқыту функцияларын атқаратын тұлғаға белгілі бір адамгершілік құндылықтарды дағдыны, икемділікті, мінез-құлық нормасын, қоғамның әлуметтік-экономикалық және саяси құрлысы мен оның материалдық техникалық, даму деңгейінің мазмұнын меңгеруге бағытталған жүйе (В. А. Сластенин).
Білім беру - педагогикалық категория ретінде (категория - болмыс атауының жалпы қасиеті мен байланысынан көрінетін ғылыми түсінік) көптеген қасиеттерге ие. Білім беру ұғымы мен тұлғаның физикалық және рухани процесінің қалыптасуын, саналы түрде тарихи келіскен идеалдық бейнеге бағытталған, қоғамның сана-сезімінде анығына жеткен әлеуметтік эталондар арқылы түсіндіріледі. Бұл ұғымға толығырақ тоқталып өтелік. Педагогикалық контексте бұл түсінік тұлғаның қалыптасуында көрінетін оның дүниетанымы, адамгершілік бейнесі, эстетикалық талғамы, ерік және физикалық сапа жақтарын білдіреді.
В.Ф.Сидоренко білім беру ұғымын қазіргі кездегі концепциялардың ішінде кең және метафорлы (ауыспалы) анықтаған. Ол білім беру мен мәдениетті аналогия (ұқсастығына қарай) бойынша кең дем алу яғни біріккен, ритмикалық іс-әрекет ретіндегі дем алу және дем шығару арқылы ассоциациялайды (оймен байланыстырады). Білім беру өзіне-мәдениет бейнесі, ал мәдениет үшін ол-мәдениет жайлы білім, анығырақ, оны білім беру арқылы ұдайы өндіру, ал социум үшін білім беру- оған оңай. Педагогика ғылымында білім беру - қоғамды басқаруға бағытталған, нақты біртұтас педагогикалық процесс деп түсіндіріледі. Ал, педагогикалық процесс-білім берудің зерттеу пәні болып табылады.
Педагогикалық процесс - білім беру мақсатынан оның нәтижесіне қозғалысы. Кез-келген процесс - біріншісінен басқа күйге жүйелі алмасу. Педагогикалық әрекетте жүйелі алмасу, педагогикалық процеске қатысушыларға педагогикалық ықпал етудің нәтижесі деп аталады.
Педагогикалық процестің маңызды сипаттамасы - педагогтың тәрбиелеушіге ықпал етуі емес, тәрбиелеушімен өзара ықпалдасуы.
Ал, әдіснамаға келер болсақ, ғылым тек жаңа білімдермен толықтырылып отырған жағдайда ғана дамуы мүмкін. Алынған білімнің обьективтілігі ең алдымен зерттеу әдіснамасын таңдауға байланысты.
Әдіснама ( методология ) - ( гр. мetһodos - зерттеу немесе таным жолы, теория, білім және logos - сөз, түсінік ): 1) теориялық құрылымның және практикалық іс-әрекетті ұйымдастырудың тәсілдері мен принциптер жүйесі; 2) танымның ғылыми әдістері туралы ілім; 3) қандайда бір ғылымда қолданатын әдіс-тәсілдер жиынтығы.
Педагогика ғылымының әдіснамасы - бұл педагогикалық болмысты құруда таным процесіндегі формалар, әдіс-тәсілдер, принциптер туралы ілім.
Ғылымның әдіснамасы: талдау обьектісі мен пәнінің талдауларына, зерттеу міндеттеріне, оларды шешуге қажетті зерттеу әдіс-тәсілдері мен құралдарының жиынтығына, зерттеу компоненттеріне сипаттама береді, сонымен қатар зерттеу міндеттерін шешу процесіндегі кезең, іс-әрекеттің жүйелілігі туралы түсінікті қалыптастырады.
8.Педагогикалық диагностиканың қызметі мәні түрлері.
Педагогикалық болжам жасаушылық педагогтың маңызды ұйымдастырушылық, гностикалық ( студенттермен өзара әрекет етудің құралдары, әдістерін іздеу) немесе коммуникативті функциялары сияқты әр педагогтың функциясы болып табылады.
Әрекеттердің ойластырылуы, олардың реттілігі адамда жақсы қасиеттердің жобалануына, батыл да бай тұлғаның қалыптасуына бағытталды.
1989ж. осы маңызды педагогика саланың дамуына бастама берген әйгілі педагог В.П.Беспальконың педагогикалық жобалау туралы жеке еңбегі шықты.
Педагогикалық болжам жасау жоспарланған іс-әрекеттің мүмкін нұсқаларын жасауға және оның нәтижелерін болжамдауға көмектеседі.
Педагогикалық болжам жасаудың құрылымын: педагогикалық жүйелер, педагогикалық процесс, педагогикалық ситуациялар анықтайды.
Педагог үшін педагогикалық процесс болжам жасаудың басты объектісі болып табылады.
Педагогикалық жүйелерді, процесс немес ситуаццияларды болжамдау - күрделі көпсатылы іс-әрекет. Бұл іс-әрекет субъектілерге және объектілерге тәуелсіз, бір-бірінен кейін болатын кезеңдермен жасалынады. Өзіміз көріп отырғандай болжам жасау педагогикалық процесте маңызды роль атқарады. Яғни, оқытушының қызметінің бірі де болжам жасай білу.
9. Жоғары мектеп әлеуметтік институт ретінде
11.Педагогикалық жобалау және құрастыру.
21.Жоғары мектептегі педагогикалық жобалауды ұйымдастыру мен бақылау
Педагогикалық жобалау дегеніміз, оқытушылар мен оқушылардың атқаратын іс-әрекетінің негізгі құрамын алдын ала құрастыру. Педагогикалық жобалау, педагогтың басқа да негізгі қызметінің бірі. Педагогикалық жобалау барысында студенттермен қарым-қатынастың мазмұны, әдістері және құралдары қарастырылады.
Педагогикалық жобалау болашақ іс-әрекетті және оның нәтижелерін болжаудан тұрады.
Педагогикалық жүйе, педагогикалық үрдіс, педагогикалық жағдаят педагогикалық болжаудың объектісі бола алады. Соның ішінде ең маңыздысы педагогикалық үрдіс. Педагогикалық процесс студенттерді жан-жақты дамытуға бағытталған компоненттер жиынтығы. Педагогикалық процесс барысында педагогикалық жағдаят шешімін табуға тиіс. Педагогикалық жағдаят - белгілі бір уақытта, кеңістікте болған уақиғаның сипаты, педагогикалық үрдістің құрамды бөлігі болып табылады.
Педагогикалық жүйені, үрдісті, жағдаятты жобалау- көпсатылы, қиын іс-әрекет.
Педагогикалық жобалау: 3 кезеңнен тұрады:
1 кезең - үлгілендіру;
2 кезең - жоба құрастырушылық;
3 кезең құрастыру технологиясы;
Педагогикалық үлгілендіру (үлгі құру) - бұл педагогикалық жүйе құру, мақсат құру немесе оның жетістікке жету жолы.
Педагогикалық жоба құрастырушылық - құрастырылған үлгіні дамыту және оны тәжірибеде қолдану деңгейіне жеткізу.
Педагогикалық құрастыру технологиясы - құрастырылған үлгінің жеке-жеке детальдарының нақты жағдайда шынайы тәрбиеге қатынасушылардың іс-әрекеттерінің іске асуы.
Педагогикалық жобалаудың түрлеріне педагогикалық жүйе, үрдіс, жағдаяттың әртүрлі деңгейде сипатталған құжаттар жиынтығы жатады. Мысалға бағдарлама, тұжырымдама т.б.
Педагогикалық жобалаудың негізгі принциптері:
oo ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
адамға бағытталған принцип (негізгі роль адам);

өзін-өзі дамыту принципін;

дидактикалық шығармашылықты;

технологиялық шығармашылықты;

ұйымдастыру шеберлігін жатқызуға болады.
Оқу-тәрбие үрдісін жүргізудің тәсілдері, құралдары және ол туралы білім жиынтығын оқу үрдісінің технологиясы деп атауға болады.
Педагогикалық жобалау технологиялары: педагогикалық міндеттерді танып білу, берілген ақпараттарды талдау және педагогикалық диагностикалаудан тұрады. Ол:
- әдістемелік, стратегиялық шұғыл мақсаттарды жобалау және бір-біріне бағындырудан, сәйкестендіруден;
- оқытылатын пән бойынша мазмұнды іріктеуден;
- шартты айқындалған педагогикалық ой-пікірлерден;
- студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар жүйесін жобалаудан;
oo студенттердің өзін-өзі бақылауға арналған дидактикалық тестерді жобалай білуден тұрады.
Педагогикалық жобалау технологиялары: педагогикалық міндеттерді танып білу, берілген ақпараттарды талдау және педагогикалық диагноз қоюдщан тұрады. Яғни бұл:
а) әдістемелік, стратегиялық шұғыл мақсаттарды жобалау және бір-біріне бағындыру;
б) оқытылатын пән бойынша мазмұнды іріктеу;
в) Шартты айқындалған педагогикалық оймен;
д) студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар жүйесін жобалауы;
е) студенттердің өзін-өзі бақылауға арналған дидактикалық тестерді жобалай білуімен сипатталады.
Жоғары мектепті басқару жобалаудың бір шарты ретінде
Жалпы алғанда басқару- белгілі бір жағдайда нәтиже шығаруға байланысты топтың, ұжымның, ұйымның және жеке адамның іс-әрекетіне ықпал ету. Яғни, шешім қабылдауға бағытталған, белгіленген мақсатқа сәйкес басқару нысанын ұйымдастыру, қадағалау, реттеу, алынған шынайы ақпарат негізінде талдау жасап, нәтижесінің қорытындысын шығару әрекеті деп түсіндіруге болады. Халықаралық тәжірибеде басқарудың міндеттер бойынша, жоспардан тыс, ерекшелікке байланысты, нәтижелер бойынша т.б. түрлері іске асырылуда. Ал, қазіргі заманда жоғары мектепті басқарудың өзіндік ерекшеліктері айқындалуда, өйткені ол - күрделі жүйе. Бұл қазіргі кез-келген оқу-білім беру мекемесінің алдына өмірдің өзі қойып отырған міндеттерді жүзеге асыру бойынша барлық жұмыстың басты ұйымдастырушысы ретіндегі жоғары мектеп басшыларының тікелей басқару іс-әрекетінде көрінуі тиіс. Жоғары мектеп басшылығы мен мұғалімдерден тұратын басқару жүйесі жетекші болып келеді. Жоғары мектепті басқарудың басты мәні - педагогтардың оқыту мен тәрбиеде ең жақсы нәтижеге жету мақсатын көздейді. Адамдар жеке істей алмайтын немесе жекелеп істеу тиімсіз болғанды жұмыла істеу үшін басқару қажеттігі туындайды.
В.Г. Афанасьевтің пайымдауынша: "Басқару - қоғамның, оның кез-келген даму сатысындағы, ішкі өзіне тән қасиеті. Бұл қасиеттің жалпылық сипаты бар және ол қоғамның жүйелік табиғатынан, адамдардың қоғамдық, ұжымдық еңбегінен, еңбек пен өмір барысында қарым-қатынас жасау, өзінің материалдық және рухани өмірінің жемісімен алмасу қажеттігінен бастау алады".
ХХ-ХХІ ғасырлар тоғысындаѓы басқару, білімінің қарқынды өсуі мен өзгеру кезеңі. Бұл эволюцияның бастапқысы ретінде басқарудың классикалық мектебінің негізін салушы А. Файольдің еңбектерін атауѓа болады, ол 1916 жылы басқарудың жалпы принциптерін ұсынған. Дәл осы принциптер ғылыми басқару теорияларының негізіне айналған.
"Басқарудың классикалық теориясы" 1930-жылдарға дейін ең басты орында болған. ХХ ғасырдың 30-жылдарында басқарушылық ғылым дамуында "басқарушылық қатынастар теориялары" атты жаңа бағыт қалыптасты. Классикалық теория бірлескен іс-әрекет нәтижелілігінің негізгі шарттары не, қашан, қайда және қалай істеу керектігін анықтайтын басқарудың нақты ресми құрылымы, жемісті жұмысты (ең бастысы, материалдық жағынан) қамтамасыз ету деп санаған. Ал адамдар қатынасының теориясы адамның ұйымдағы мінез-құлқын анықтайтын факторларды, мақсаттылық пен жеке тұлғалар арасындағы қатынастарды бірінші орынға қояды. Бұл теория ХХ ғасырдың 50-60-жылдары Батыста, әсіресе АҚШ-та кең өріс жайған, тәжірибеде оң нәтиже бере алмаған, дегенмен басқарудың демократиялық әдістерін кеңінен енгізу әрекеті де осы теориямен байланысты. "Адамдар қатынасы теориясының" орнына, басқарудың жүйелік теориялары, жағдайлық теориялар, басқарудың рационалистік (ақыл-ой талабына ғана негізделген) және мінез-құлықтыњ жаѓымды жақтарын біріктіріп, олардың орнына ұйымдастырушылық даму теориялары келді.
Басқарушылық еңбекті ғылыми ұйымдастырудың жүйесін енгізу бойынша шетелдік ғалымдар И.П. Раченконың еңбегін; мұғалімдердің шығармашылық зерттеушілік және эксперименталды қызмет-әрекетін ұйымдастыру бойынша, ғылымды практикаға енгізу бойынша Ю.К. Бабанскийдің, Л.И. Гусевтің, В.И. Журавлевтің, В.И. Загвязинскийдің, В.В. Краевскийдің, М.Н. Скаткиннің және т.б.еңбектерін; мамандықты жетілдіру бойынша Я.С. Бенционның, Г.И.Горскаяның,Л.С. Коробкованың т.б.еңбектерін; мамандықты көтерудің психологиялық-педагогикалық және ақпараттық негізін құру бойынша Г.С. Сухобскаяның, А.С. Пискуновтың, т.б. еңбектерін атап өтуге болады.
Басқарудың қызметтерін тек дидактикалық тұрғыдағы аспектілермен шектеген қате болар еді. Білім беру мектептеріндегі педагогикалық ұжымның жүзеге асыратын тәрбиелік жүйесі де басқаруға келеді.
Г.И. Щукинаның басқару дегеніміз - "психологиялық, ұйымдастырушылық және әдістемелік" сияқты күрделі процестер мен қатынастарды саналы түрде реттеу деген пікіріне толық қосылуға болады. Дегенмен, басқарудың алдыңғы қатарлы тәжірибесін жинақтап қорыту , материалды жинаумен ғана және оны тиісті ғылыми-әдістемелік тұрғыдан бағаламай, тек баяндаумен ғана шектеледі.
К.Я. Вазинаның пікірінше: "Басқару - нақты бір мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін қалыптасуға жауап беретін жүйенің қызметі".
Жоғары мектепті басқару теориясының объектісі - барлық құрамды элементтерімен алынған жүйе. Практиканың объектісі - жоғары мектептің әртүрлі құрамдық топтарының іс-әрекеті (ұжым, факультет, жеке субъект).
Практикалық басқару іс-әрекетінің амал-тәсілдері - басқару әдістері. Басқарудағы ғылыми іс-әрекеттің амал-тәсілдері - ғылымның нақты бір объектісін зерттеуде қолданылатын жолдар, тәсіл, амалдар: жоғары мектептерді басқару бойынша білім беру органдарының жұмыс тәжірибесін қортындылап талдау, ғылыми болжамдар жасау, оларды эксперименталды тексеру.
Білім беру жүйесіндегі немесе бөлек топтағы практикалық басқару іс-әрекетінің нәтижесі - тєжірибені көбейту, бұған оқу-тәрбие процесінің қортындылары дәлел бола алады. Басқару теориясының нәтижесі - жаңа заңдар, практикалық іс-әрекетте жүзеге асырылатын заңдар, принциптер, ережелер, тұжырымдар.
Жоғары мектептің негізгі әлеуметтік міндеттеріне сәйкес, болашақ мамандарды тәрбиелеу мен оқытуды жүзеге асырады, осыған байланысты, басқарудың барлық бағыттарының ішінде оқу-тәрбие жүйесін басқару бірінші орынға ие бола алады.
Яғни, педагогикалық басқару - практикалық іс-әрекет, ол - тәрбие мен оқытуды ұйымдастыру. Педагогикалық басқару теориясы - мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар жүйесі, ұжымдар мен жеке адамдар, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептер жүзеге асыратын педагогикалық жүйені басқару, болашақ мамандарды тәрбиелеу, оқыту және дамыту.
Қазіргі кезде басқару тиімділігін артыруда білім, идея, концепция сияқты басқаруға қатысты педагогикалық құндылықтар үлкен маңызға ие болуда.
12.Жоғары мектептегі тәрбие жұмысының мәні мен бағыттары болашақ маман тұлғасының әлеуметтену процесі
Тәрбиелеу - педагогтың студенттермен өзара әрекеттесудің арнайы ұйымдастырылған, мақсатқа бағытталған педагогикалық үрдіс, сонымен қатар студенттерде саяси, өнегедік, эстетикалық, физикалық қасиеттерін қалыптастыру мақсатымен алуан түрлі әрекетті ұйымдастырудың педагогикалық үрдісі.
Тәрбиелеу - бұл үрдіс субъектілерінің белсенділігімен, әрекетімен байланысқан күрделі педагогикалық үрдіс. Ол жеке тұлғаның интеллектуалды, эмоционалды, физикалық салаларындағы өзгерістерді, оның байытылуын және жетілдірілуін ұйғарады.
Қандай әдістемелік идеяларда тәрбиелеу жұмысының бағдарламасын мақсатты түрде құруға болады? Тәрбиелеу үрдісінің өнімділігін арттыратын жалпы концептіуалдық қағидалар, бағдар бар.
Жоғары мектеп оқытушылары үш категорияларға бөлінеді. Біреулері студенттермен тәрбиелеу жұмысын арнайы ұйымдастыру қажеттігін мойындамайды. Басқалары ол тәрбиелеу қызметімен сәйкес оқыту үрдісі кезінде жүзеге асу керек деп айтса, үшіншілері жоғары мектеп жағдайында мұндай жұмыстың қажеттігі мол, өйткені оқыту үрдісі тәрбиелеудің көптеген міндеттерін орындауға мүмкіндік бермейді.
Студенттермен аудиториядан тыс тәрбиелеу жұмысы оқыту үрдісімен байланысқан өзіндік категория ретінде қабылдану керек. Тәрбиелеу және оқытудың мақсаты ортақ - болашақ мұғалім-профессионалдың жеке тұлғасын қалыптастыру. Алайда тәрбиелеу оқыту үрдісін жалғастырмайды, оны қосымша сабақтарға тіреуге болмайды. Тәрбиелеу адамның қалыптасуын әсер етеді. Сонымен қатар ол бір уақытта қоымша міндетті орындайды - болашақ мұғалімдерді біртіндеп мектепте тәрбиелеу жұмысын ұйымдастыруға дайындайды.
Өзіндік катгория ретінде қабылданатын жоғары мектептегі тәрбиелеу жұмысы өзіндік мақсатпен басқарылады - болашақ мұғалімнің жеке тұлғасының индивидуалддығына жүгіне отырып, жан-жақты дамуы. Бұл мақсат тек бөлшектеп қана оқыту үрдісінде жүзеге асады, өйткені оқытудың өзіндік мақсаты бар, ол оқу жоспарлары және бағдарламары шігенде ғана болады. Ал аудиториядан тыс студенттерді тәрбиелеу жұмысы бұл мақсатты орындау үшін барлық мүмкіндіктерге ие. Олардың жүзеге асуы студенттердің жеке тұлғасының жан-жақты қалыптасуына әрекет етеді.
Студенттерді тәрбиелеу тұтас ұйымдастырылған үрдіс ретінде белгілі бір заңдылықтар мен принциптерге негізделеді.
Тәрбие заңдылықтары - тәрбиелеу үрдісіндегі мәнді, орнықты байланыстар, олардың жүзеге асырылуы оның жүрісін, бағытын және өнімділігін арттырады.
Тәрбиелеудің бағытталуы, оның мақсаттары және мазмұны, өнегелік-эстетикалық құндылықтары қоғамммен, үстемдік етуші класпен алдын ала анықталады. Тәрбиелеу студенттерді оқытумен органикалық түрде байланысқан. Ол ортақ мақсатқа - белгілі бір типтің жеке тұлғасын қалыптастыруға жүгінеді. Тәрбиелеу негізінен бір тұлғалармен - сол үрдістің субъектілерімен жүзезе асады. Бәрақ ол оқу тапсырмаларын қайталамайды.
Тәрбиелеу жоғары мектепте профессионалды түрде бағытталған. Тәрбиелеудің профессионалдық бағыты студенттерде педагогиклық бағыттың қалыптасуында және педагогикалық әрекетке құндылық ретінде қарауда көрініс ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz