Қола дәуіріндегі Қазақстан тайпалары. Дәуірдің ерекшеліктері
Қола дәуіріндегі Қазақстан тайпалары
Дәуірдің ерекшеліктері. Неолит дәуірінде- ақ байқала бастаған шаруашылық өзгерістері б.з.б II мыңжылдықта малшылық- егіншілік экономикасы мен жоғары дамыған металлургияның қалыптасуына жеткізді. Өндіруші тұрпаттағы экономикаға көшу Қазақстан аумағындағы бүкіл жағдайды түбірінен өзгертті. Қоныстарын жиі өзгертетін, жігерлі, пысық малшы тайпалар ұлан- байтақ және қуатты бірлестіктер құрды; бұлардың қалыптасуында соғыс қақтығыстары едәуір рөл атқарды. Қару енді жабайы хайуандарды аулау үшін ғана емес, сонымен қатар тайпалар арасындағы қақтығыстарда да жиі пайдаланылатын болды. Қару жасау бірте- бірте металл өңдеудің дербес саласына айналды. Археологиялық материалдар бойынша, андронов тұрпатты ескерткіштер қалдырған далалық малшы - егінші тайпалардың мәдени ортақтығы жақсы мәлім. Барлық жергілікті өзгешіліктеріне қарамастан, ұлан- байтақ аумаққа тараған бұл тайпалар неолит дәуіріндегі тайпалық ала-құлалықты айқын мәдени біркелкілік ауыстырғанын көрсетті.
Қола дәуіріндегі қоғамның ілгері басуы екі факторға байланысты. Олардың бірі -жаңа дәуірді белгілеген фактор-палеометалдардың өндірістік жолмен игерілуі болды.
Б.з.б. II мыңжылдықтың ортасында Қазақстан тайпалары қола бұйымдар жасау ісін меңгерді. Қоланың өзі бұйымның неге арналуына қарай, әр түрлі пропорцияда мыс пен қалайының, кейде сүрменің, күшаланың, қорғасынның қорытпасы болып табылады. Мыс пен салыстырғанда қоланың бірсыпыра артықшылықтары бар: оның өзгешелігі-өзі қатты, балқу температурасы төмен, түсі алтын сияқты әдемі. Қола еңбек құралдары мен қару жасау үшін қолданылатын негізгі шикізат бола бастады. Қазақстан жер қойнауында полиметалдардың, ең алдымен қалайы - мыс рудаларының барынша молдығы бұл аумақта металлургияның мықты ошағы шығуының бір себебі болды.
Б.з.б. II мыңжылдықтың басында-ақ Еділ бойы, Орал өңірінің, Қазақстан мен Алтайдың далалық тайпаларында кешенді малшылық-егіншілік шаруашылық қалыптасады. Ал б.з.б. II мыңжылдықтың ортасында Қазақстанның далалық тайпаларында алғашқы өндірістің өрлеуі байқалады, мал шаруашылығы жедел дамиды. Осы уақыттан бастап далалық Евразия тұргындарының шаруашылығында мал шаруашылығы неғұрлым көбірек орын ала бастайды. Б.з.б. II мыңжылдықтың аяғында-I мыңжылдықтың басында далалық өңірлердегі тұрғындардың көпшілігі шаруашылықтың маманданған жаңа түріне-көшпелі мал шаруашылығына көшеді. Батыс Азия мен Шығыс Европаның далалық аймағында бақташы тайпаларының бөлініп шығуы, шынында, б.з.б. II мыңжылдықтың басында болды деуге келеді, алайда әр қилы табиғи ортадағы даму қарқынының әр түрлі болғанын ескеру керек.
Алғашқы экономиканың қайта құрылуына бәрінен бұрын табиғи-климаттық өзгерістер себепші болды. Мәселен, қола дәуірінде ұзаққа созылған салқын-ылғал кезеңнің орнына климаттың жылылық пен қуаңшылыққа қарай бірте-бірте өзгеруінің мың жылдан асатын дәуірі келді, сөйтіп, ксеротермиялық минимум дәуірі басталды. Қуаңшылық дәуірінде өзендердің суы тартылды, жайылымдағы алаңқайлар бірте-бірте құрғады, көлдердің су деңгейі төмендеді, түптеп келгенде, Солтүстік жартышардағы құрлықтардың жалпы ылғалдылығы азайды.
Климаттың жедел құрғауына байланысты Шығыс Европа мен Батыс Азиядағы далалық тайпалардың шаруашылығы мен тұрмысында болған өзгерістерді археологиялық деректемелер де растайды. Батыс және Орталық Қазақстанның ұзақ уақытқа арналған қоныстарында сумен жабдықтаудың жаңа әдісі-құдық қазу шығады.
Егер Қазақстанның солтүстік аудандарының тұрғындары мен Батыс Сібірдің орман және тайгалы аймақтарының тайпалары энеолит пен алдыңғы қола дәуірінде шаруашылық және мәдениет жағынан бір-біріне көп ұқсас болса, кейін климат өзгергенде бұл ұқсастық жойылады. Б.з.б. II мыңжылдықтың ортасында, Орталық Қазақстандағы сияқты, бұл аудандарда да малшылық-егіншілік шаруашылық өрістеп, мал шаруашылығы басым дамиды.
Оңтүстік Сібірде Нарым өлкесінің тайгалы-батпақты аудандарына дейін бұл аймақтың тұрғындарына тән емес ежелгі мал шаруашылығының шаруашылық дәстүрлерінің кең таралуын және Қазақстанның далалық тайпалары мәдениеті ықпалының күшеюін, сірә, нақ сол табиғи-климаттық құбылыстарымен түсіндіруге болар.
Тұрғындардың қоғамдық құрлысы мен отбасылық-некелік қатынастарында елеулі өзгерістер болды.
Қола дәуіріндегі экономиканың басты-басты екі бағыты болып табылатын мал шаруашылығы мен металлургияның тез дамуы өндіргіш куштердің өсуіне, қоғамдық еңбек мамандануының күшеюіне, қоғамдық өмірдегі ірі өзгерістерге жеткізді. Жеке отбасылар оқшауланды, отбасылық меншік кеңейді, рулық қауым ішінде мүлік теңсіздігі өсті.
Андронов мәдениеті. Қола дәуірінде Сібірдің, Жайық өңірінің, Қазақстанның және Орта Азияның ұлан-ғайыр далаларын тегі жағынан және тарихи тағдырларының ортақтығы жағынан туыс тайпалар мекендеді;бұл тайпалар өзінше бір үлгідегі жарқын мәдениет қалдырды. Бірінші ескерткіштің табылған жері Ачинск маңындағы Андронов селосының атына қарай бұл мәдениет ғылымда шартты түрде Андронов мәдениеті деп аталды.
Андронов мәдени-тарихи қауымның негізгі орталықтарының бірі Қазақстан аумағында болды. Батыс аудандардың андроновтық тұрғындары қима мәдениетінің туысқан тайпаларының ықпалына үнемі түсіп және өз тарапынан оларға тікелей ықпал жасап отырады.
Археологиялық деректер андроновтық тұрғындарының басым көпшілігі отырықшылық өмір сүргенін көрсетеді. Қоныс - мекендер кең жайылма шалғыны бар өзендердің жағаларына орналасты. Патрихаттық отбасылардың уйлері үлкен жертөлелер болды;олардың жанынан әр түрлі шаруашылық жайлар мен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz