ҚҰРАН ЖАЙЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
ҚҰРАН ЖАЙЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?
аударма авторы: Жомарт Батырбеков
Құран Кәрім Пайғамбарымызға(с.ғ.с.) қырық бір жасқа өткен шағында бірдестен емес, біртіндеп Рамазан айының он жетінші жұлдызынан бастап Хира үңгірінде құлшылық қылып жатқан кезінде түсіріле бастаған. Ең алғаш оған Аса қамқор, ерекше мейірімді Аллаһтың атымен бастаймын. Жаратқан Раббыңның атымен оқы! Ол адам баласын ұйыған Қаннан жаратқан. Оқы! Ол Раббың аса ардақты. Сондай қаламмен үйреткен. Ол адамзатқа бiлмеген нәрсесiн үйреткен деген аяттар түсірілген. Ал һижри жыл санауы байынша оныншы жылы Зул-хиджә айының тоғызыншы жұлдызында болған үлкен қажылық кезінде алпыс үш жасқа келген Пайғамбарымызға(с.ғ.с.) Құранның: Бүгін діндеріңді толықтырдым және нығметімді тамамдадым. Сондай-ақ сендерге Ислам дінін қоштап ұнаттым деген соңғы аяты түсірілді. Осылайша Құран Кәрім жиырма екі жыл, екі ай, жиырма екі күн мерзім ішінде Пайғамбарымызға толығымен түсіріліп болды.

Құран Кәрім түсіріле бастаған түн Қадыр түні деп аталады. Аллаһ Тағала бұл жөнінде былай дейді:
Негiзiнен Бiз оны (яғни Құранды) қадыр түнiнде түсiрдiк. (Мұхаммед Ғ.С.), қадыр түнінің не екенін білесің бе? Қадыр түні мың айдан қайырлы. Періштелер және Жебірейіл (ғ.с.) ол кеште Раббыларының рұқсаты бойынша барлық іс үшін түседі. Ол бейбітшілік кеші таң рауандағанға дейін жалғасады .
Шын мәнiнде оны құтты бiр кеште түсiрдiк. Расында Бiз ескертушiмiз. Ол кеште барлық хикметті істер айырылады. Бұл сөз қасымыздан бір бұйрық. Расында Біз елшілерді жіберушіміз .
Рамазан айы сондай бiр ай, ол айда адам баласына тура жол және (ақ пен қараны) айыратын дәлел түрiнде Құран түсiрiлдi .
Ал Құранның түсіріле бастаған түнінің дәл қай түн екені жөнінде тарих ғалымдары арасында әр түрлі пікірлер бар. Ибн Исхақ бұл түннің айдың он жетінші жұлдызы екенін басы ашық айтқан. Құранда бұл жөнінде Егер сендер Аллаһқа әрі дұрыс пен бұрыстың айырылған күні; екі топ қарсыласқан күні құлымыз (Мұхаммед Ғ.С.) ға түсірілген аяттарымызға иман келтірген болсаңдар, дау жоқ деген аят келтіріледі.
Мұнда екі топ қарсыласқан күні деп Һижри екінші жылғы Рамазан айының он жетісі күні мұсылмандар мен мүшриктердің арасындағы болған соғыс, ал дұрыс пен бұрыстың айырылған күні деп Құранның түсіріле бастаған күні айтылып тұр. Яғни екі оқиға да бірге сипатталып тұр. ¤йткені бұл екі оқиға бір жылда болмағанымен, бір айда, яғни Рамазан айының он жетісі күні болып өткен. Табари өзінің тәпсірінде Хасән ибн Алидің (р.ғ.): Құран түсірілген түн Рамазан айының он жетісіндегі екі топ қарсыласқан күнмен тура келеді деген сөзін риуаят етеді. Бұхариге түсіндірме жазушылардың бірі болған Қасталани бұл Қадыр түнін дәлме-дәл анықтауда көпшілік ғұламалардың сөзіне қарсы бірнеше пікір айтқан. Алайда мен жоғарыдағы айтылған пікірге сенімді түрде қосыламын. Себебі Құран Кәрім бұл ұлы оқиғаны бір ишаратпен болса да айтып өтпеуі мүмкін емес еді. Байқасақ, шынында да Аллаһ Тағала ол оқиғаны ең көркем түрде айтып өтіпті; сүреде Бәдр соғысынан түскен олжалар жөнінде айтылып, Пайғамбарымыздың(с.ғ.с.) Аллаһ Тағала тарапынан құрметке бөленгендігі келтіріледі де, сөз арасында дұрыс пен бұрыстың айырылған күні; екі топ қарсыласқан күні құлымыз (Мұхаммед Ғ.С.) ға түсірілген аяттарымызға иман келтірген болсаңдар, дау жоқ6 деп айтылып кетеді.
Ал түсірілуінің дәл қай күні тоқтағанына келер болсақ, Табари Бүгін діндеріңді толықтырдым деген аятқа берген тәпсірінде бұл оқиғаның Пайғамбарымыздың(с.ғ.с.) қоштасу қажылығы кезінде Арафат тауында болғанын, осы аяттан кейін Пайғамбарымызға(с.ғ.с.) парыз, халәл, харам болатынын түсіндіретін ешбір нәрсенің түсірілмегенін және осы аят түсірілгеннен кейін Пайғамбарымыз(с.ғ.с.) сексен бір күн ғана өмір сүргенін келтіреді.
Нәйсабури өзінің тәпсірінде мынадай риуаятты келіреді:
Ибн Аббас (р.ғ.) осы аятты оқыған кезінде жанында яһудидің бір кісісі болады. Әлгі яһуди кісі: Егер осындай аят бізге түсірілсе ғой, біз ол күнді мейрам етіп алар едік, дейді. Сонда Ибн Аббас (р.ғ.): Онсыз да бір күнге түйіскен екі мейрамда; жұма күні әрі арафат күні түсіріліп тұр деп жауап береді.
Құран Кәрім аяттары бір дестен емес, осылайша жылдар бойы жеке-жеке түсірілуі Аллаһқа сенбейтін мүшриктердің қарсылығы мен сенімсіздігінің ең мықты қозғаушы күші болып келді. Аллаһ Тағала олардың бұл әрекетін Құран Кәрімде баян етіп, оларға Фурқан сүресінде:
Тағы кәпірлер: Оған Құран бір дестен неге түсірілмеді?, дейді. Осылайша көкейіңе қондыру үшін оны анықтап оқыдық деп, ал Исра сүресінде:
Біз Құранды адамдарға тоқырап оқуың үшін бөлімдерге айырып, аз-аздап түсірдік , деп қарсы жауап береді.
Құран Кәрімнің түсірілуі бір-бірінен әр түрлі жағынан ерекшеленетін екі кезеңге бөлінеді.
Бірінші: Пайғамбарымыздың(с.ғ.с.) Мекке шаһарында өмір сүрген кезі. Ол Пайғамбарымыздың(с.ғ.с.) қырық бір жасындағы Рамазан айының он жетісінен, елу төрт жасқа келгендегі Рабиъ әл-әууәл айының біріне дейінгі он екі жыл, бес ай, он үш күнді қамтып жатыр. Меккеде түсірілген Құран сүрелері меккелік сүре деп айтылады.
Екінші: Пайғамбарымыздың(с.ғ.с.) Мәдина қаласына қоныс аударғаннан кейінгі кезі. Ол елу төрт жасқа келгендегі Рабиъ әл-әууәл айының бірінен, алпыс үш жасындағы Зул-хиджаның тоғызына дейінгі тоғыз жыл, тоғыз ай, тоғыз күнді құрайды. Сондай-ақ Мәдинада түсірілген Құран сүрелері Мәдиналық сүре деп айтылады. Меккелік сүрелер Құранның 63%-ын құраса, қалған 37% Мәдиналық сүрелердің үлесіне тиеді.
Мәдиналық сүрелер мыналар:
1. Бақара, 2. Әли Имран, 3. Ниса, 4. Мәида, 5. Әнфәл, 6. Тәуба, 7. Нур, 8. Ахзаб, 9. Қитәл, 10. Фатх, 11. Хужурат, 12. Хадид, 13. Мужәдәлә, 14. Хашр, 15. Мумтахина, 16. Саф, 17. Жумъа, 18. Мунафиқун, 19. Тағабун, 20. Талақ, 21. Тахрим, 22. Наср.
Осы аты аталғандарынан өзгелері меккелік сүрелер болып табылады. Барлығын қосқанда Құран сүрелерінің саны жүз он төрт болады. Олар Фатиха сүресінен басталып, Нас сүресімен аяқталады.
Бұл сүрелердің әрбірінің өз аты бар. Ол аттардың көпшілігі сүрелердің алғашқы аяттарынан алынған. Мысалы:
Анфәл сүресі: (Мұхаммед Ғ.С.), олар сенен әнфәл (яғни соғыс олжасы) жайынан сұрайды деп басталады.
Исра сүресі: Құлын (яғни Мұхаммедті Ғ.С.) бір түні өзіне белгілерімізді көрсету үшін Харам мешітінен Біз айналасын мубәрәк қылған Ақса мешітіне апарған (яғни көтеріп әкеткен) Аллаһ әр түрлі кемшіліктен пәк деп басталады.
Таһа сүресі: Таһа. Саған Құранды машақат үшін түсірмедік деп басталады.
Муминун сүресі: Шынында мүминдер (яғни иман келтіргендер) құтылды деп басталады.
Фурқан сүресі: Бүкіл әлемге бір ескертуші болуы үшін құлына Фурқанды (яғни жақсы мен жаманды айыратын Құранды) түсірген Аллаһ өте жоғары деп басталады.
Рум сүресі: Әлиф ләм мим. Рум ең жақын жерде жеңілді. Олар жеңілгеннен кейін жедел жеңіске ие болады деп басталады.
Фатыр сүресі: Көктерді және жерді жасаған сондай-ақ екі, үш және төрт қанатты періштелерді елші қылған Аллаһқа барлық мақтау лайық деп басталады. Осылай өз атымен басталатын бұдан да өзге де сүрелер кездеседі.
Сондай-ақ Құранда сүрелердің басында келтірілмеген нәрселердің есімдерімен аталған отыз бес сүре бар. Мәселен Бақара сүресін алайық. Ондағы сыйыр жөнінде айтылған қысса сүренің 65-аятында келеді. Имран әулеті Әли Имран сүресінде 32-аяттан кейін барып айтылады. Ал Ниса сүресіне үңіліп көрсек ондағы әйелдер жөнінде айтылған аяттар да сүренің әр басында емес, әр жерінде келіп отырады. Дәл солай дастархан жайындағы әңгіме Мәида сүресінде 110-аяттан кейін барып айтылады.
Сүрелердің аттары бұлайша таңдалып алынуының себебі жөнінде бірнеше қайтара зерттеулер жүргіздім. Сондағы дұрыс деп шешкенім - бұл аяттар қазіргі Құран тәртібі бойынша емес, алғашқы кездердегі түсу тәртібінде сүрелердің бірінші аяттары болып айтылған. ¤йткені сүрелердің көп бөлігі осылай басталады. Сондай-ақ Құрандағы сүрелер де, аяттар да өзінің алғашқы түсу тәртібімен реттелмеген. Бұл жөнінде кейінірек әңгіме етеміз.
Негізінен Құран Кәрім Пайғамбарымызға(с.ғ.с.) бір түскенде бес, он немесе одан көбірек не азырақ аяттан уахи етіліп отырған. Мәселен Ифк қиссасында он аяттың бір мезетте түсірілгендігі сахих түрде тіркелген. Сондай-ақ Муминун сүресінің алғашқы он аяты да бір дестен түскені риуаят етіледі.
Ал Аллаһ Тағаланың: Мүминдерден себепсіз (соғысқа шықпай) отырушылар мен Аллаһ жолында малдары және жандарымен соғысушылар тең емес деген аятындағы себепсіз (соғысқа шықпай) отырушылар деген сөздің жалғыз өзі бөлек түсірілген. Сондай-ақ Дау жоқ, мушриктер арам. Сондықтан биылдан кейін Харам мешітіне жоламасын деген сөзінен кейін Кедейліктен қорықсаңдар еген Аллаһ қаласа, сендерді өз кеңшілігімен байытады. Расында Аллаһ толық білуші, хикмет иесі деген сөзі де дәл осылай бір ғана аят болып түсірілгені анық.
Пайғамбарымыз Мұхаммед(с.ғ.с.) не жаза алмайтын, не оқи алмайтын сауатсыз адам болған. Бұған Анкабут сүресіндегі Аллаһ Тағаланың: Сен бұдан бұрын бір кітап оқымаған едің де, оны қолыңмен жазбаған едің. Егер ондай болса еді, әрине бұзықтар күдіктенер еді деген аяты дәлел болады. Ол Құранды Жәбірейіл періштеден жатқа алып отырған. Оған Құранның мына аяттары дәлел болады:
(Әй, Мұхаммед!) Құран түскенде оған асығып тіліңді қозғалтпа. Шын мәнінде оны жинау, оқу Бізге міндет. Ал оны Біз оқығанда, оның оқуына ілес. Сосын оны түсіндіру Бізге міндет.
(Мұхаммед Ғ.С.), саған етілген уахи бітуден бұрын Құранды оқуға асықпа да: Раббым, білімімді арттыр!, - де.
(Мұхаммед Ғ.С.), саған Құран оқытамыз. Сонда оны ұмытпайсың. Бірақ Аллаһтың қалағаны басқа. Негізінен Ол, көрнеу, көместі біледі.
Расында Құранды Біз түсірдік. Әрі шын мәнінде, оны Біз қорғаушымыз.
Түсірілген аяттарды жадында сақтап, түсінген замат Пайғамбарымыз(с.ғ.с.) ол аяттарды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құран аяттарына полемикалық талдау
Әлемдік және дәстүрлі діндер
Құран мен ертегіде ұқсастықтар бар ма?
Діннің пайда болуы туралы конценциялар
Дін туралы
Ислам тарихындағы алғашқы саяси радикалды ағым
Қазақстандағы халал индустриясын қалыптастыру мәселесі
Исламдағы әдеп
Қазақстандағы оккульттік ілімдер
Дін және ғылым пәнінен дәрістер
Пәндер