Құтадғу білік (Құтты білік)


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Құтадғу білік (Құтты білік)

Жүсіп Хас Қажыб Баласағұни
/шамамен 1020 жылдары өмірге келген, қайтыс болған жылы беймәлім/

Көне түркі тілінен қазіргі қазақ тіліне аударған ақын, ФилолҒД, профессор Асқар Құрмашұлы Егеубай

Бисмилләһир Рахманир Рахим!
Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен /бастаймын/!

Әзіз уа ұлы Аллаһтың құдіреттілігі айтылады

1. Аллаһ атымен бастадым сөз әлібін,

Жарылқаған, жаратқан бір тәңірім!

2. Шексіз құрмет, шүкірлік[1] мың да бір,

Ол мәңгілік, Хаққа[2] лайық кіл қадір.

3. Жаратты Ол: жасыл көк, ай, күн, түнді,

Қара жер, ел, заман, уақыт, бұл күнді.

4. Қалады да, жаратты бар болмысты,

«Бол!» - деді де, бірден бәрін болғызды.

5. Жаралғанның бәрі мұңлық, мұңы көп,

Ием ғана, Жалғыз, шері, мұңы жоқ.

6. Ай, ерікті, Күшті, Мұңсыз құдайым,

Бұл есімдер Саған ғана лайық!

7. Ұлылық Сен, серігі жоқ Жалғызсың,

Жаратушым, жоқ Өзіңмен түсер тең!

8. Саған өзге кіріге алмас Дарасың,

Әуелгі де соңғы да Өзің, Сарасың.

10. Күмәнсіз, Хақ, Мәңгілік Сен, Бір ғана,

Санақтан тыс, қатынассыз бір Дара.

11. Іш пен тысты бірдей білген Асылсың,

Көзден - жырақ, көңіліме жақынсың.

14. Жараттың Сен кішісін де, ірісін,

Өтер бәрі, Өзің мәңгі Тірісің.

15. Жаралғанға түгел танық Жаратқан,

Қос дүниені анық қолға қаратқан.

22. Жасыл көкті безендірдің жұлдызбен,

Қара түнді жарық еттің күндізбен.

23. Қанша ұшқан, жүрген, жүзген, інде өскен,

Ішіп-жемі Сенен болып күн кешкен.

24. Көк үсті мен жер қойнының арасы,

Мұқтаж Саған, жоқ өзгеше шарасы.

25. Хаққа бүтін сенсең, тілді табындыр,

Көңілің сенсе ақылыңды бағындыр!

28. Мұңсыз Ием! Мен бір мұңлық құлыңмын,

Күнәмді кеш мейіріміңе жылындыр.

29. Сыйындым мен, Сенде үміт, сенім де,

Өзің қолда мұңға батқан жерімде!

Аллаһтың Елшісі туралы айтылады, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын.

34. Рахымды Ием пайғамбарын жіберді,

Кісі ізгісі, ел сарасы жігерлі.

35. Түнек түнде шамы болды халықтың,

Саған, жұртқа нұрын шашты ол жарықтың!

36. Ол Аллаһтың жаршысы, ерім, білгейсің,

Сен содан соң, тура жолға кіргенсің.

37. Ата-анадан жетім қалып келді ол,

Үмбетіне тілек тілеп, берді жол!

38. Күндіз жемей, көр, түнімен жатпады,

Сені жақтап, қолдамады басқаны.

39. Сені тілеп, бейнет шекті күні-түн,

Салауат айт[3], мақта, ақта үмітін!

42. Елге деген рахымы ол құдайдың,

Қылығы хош, құлқы түзу, шырайлы.

43. Көркем мінез, ақылды, аппақ пейілді,

Жаны жомарт, қолы ашық, мейірлі.

46. Пейіл бұрдым енді оның жолына,

Сүйдім сөзін, сендім ділі оңына.

47. Ия иләһім[4], қорғап менің көңілімді,

Қияметте пайғамбармен бір еткін!

48. Қияметте көрсет толық жүзіңді,

Рақым етіп, Раббым, өткіз өзімді!

Төрт сахабаның ерекшеліктері туралы

49. Төрт серігі бар еді оның сенетін,

Әрбір істе бірге қолдап еретін.

51. Бәрінен де Атық[5] ұлы, ірі де,

Хаққа түзу көңілі де, ділі де!

52. Тәрк қылды мал, жан-тәнін, жүдеді,

Тек пайғамбар сүйінішін тіледі.

53. Сонсоң, Фаруқ[6] еді кісі сарасы,

Тіл-ділі сай, халықтың ең данасы.

54. Діннің көркі, жәрдемші еді асқан ол,

Шариғатты халыққа кең ашқан сол[7] .

55. Үшіншісі, Осман[8] - жомарт, ақылды,

Тандаулы ер, сақи, кең-мол, асыл-ды.

57. Әли[9] - сонсоң, жігерлі, мәрт, ер-ді,

Жүректі, отты, ақыл-ойы кемел-ді.

58. Қолы ашық, сара-таза жүрегі,

Білімді, есті, даңқты әрі ірі еді.

59. Бұлар діннің, шариғаттың жаршысы,

Тартқызды азап кәпір, дінсіз қылығы.

60. Бұл төртеуі төрт тұғырдай мен үшін,

Түзілсе олар, болар тірлік, келісім.

Құдіретті бір хақ барша алапқа,
Соған лайық мәртебе де, мадақ та!

Пәк, зұлжалал, ұлылықтың иесі,
Жаратушы, кемел қадір-киесі.

Құдіретті бір хақ барша алапқа,
Соған лайық мәртебе де, мадақ та!

Пәк, зұлжалал, ұлылықтың иесі,
Жаратушы, кемел қадір-киесі.

Же жадырап, жер-көк, жұрттың иесі,
Дайындап берген ризығыңды тиесі.

Ол баршаға ризық беріп, жақтайды,
Тойындырып бәрін, өзі татпайды.

Тірі жанды ешқашан аш қалдырмас,
Жеп-ішкізер өзегін еш талдырмас.

Не қаласа - құдіреті жетеді,
Кім-кімді де тілесе, ұлы етеді.

Ықыласым пайғамбарға таңдаулы,
Достарына ықтиарым арнаулы.

Мұһаммед-елші барша жұрттың басы ол,
Тірі жанның көзі менен қасы ол.

Әзіз кітап - бұл ұлылық негізі,
Біліктіге болғай білім теңізі!

Құт білікпен безенген бұл, жамағат,
Шүкір қылып ал да, тіле қанағат.

Күллі дана сөзі түгел сүзілген,
Інжу-маржан тізбегіндей түзілген!

Шығыс ханы, Машындардың бектері,
Даналары жердің, асыл тектері.

Бұл кітапты артық көрген асылдан,
Қазынасының ішіне ерек жасырған.

Бір-біріне мирас қылып қалдырған,
Басқаларға бермей, жеке алдырған.

Зияны жоқ көп пайда, нұр-арайы,
Мәнін ұқпас түркілердің талайы.

Тыңдағанға - ұғынықты, қадірлі,
Жазбасы - ауыр, надандарға кәдімгі!

Көз-қолыңды демеп жарық шашар да,
Ісіңді оңдар сөзі екі жаһанда.

Машын-Шынның хәкімдері жарысып;
Мадақтасты таң-тамаша қалысып.

Шығыс елі, күллі түркі ішінде,
Дүниеде - кітап жоқ бұл пішінде.

Кітап құнын білсе - білер білікті,
Ақылсыздар нені сезіп, біліпті!?

Бермеу керек кісілерге кез келген,
Бұдан жақын емес дос та көз көрген!

Білімсіздер қасиетін біле алмас,
Ақылдылар оқып, көзін бір алмас.

Бұғра хан тұсында бұл жасалған,
Құтті кітап - хан тілі деп атанған.

Бұрын-соңды мұндай кітап жазған кім,
Енді асырып, келістіріп жазар кім?!

Кім бар, қане, жазып бере алушы,
Мадақтайын шықса егер, жазушы.

* * *

Әр ұлыста, орда, сарай, шаһарда,
Жаңа атпен, кітап түрлі ат алған.

Әр елдің бек, даналары алыпты,
Ел рәсіміне бейім жаңа ат тағыпты.

«Әдәбүл Мүлік» деп атапты шынлықтар,
«әнисул Мәлік» деп атапты машынлықтар.

Мұны ұлықтар күллі Шығыс елінде,
«Зийнатүл умәра» - деп таратқан, тегінде.

Ирандықтар «Шахнама» деп қараған,
Турандықтар «Құт білімі» санаған.

Ат қойғанмен бұрып әр ел тіліне,
Жақын күллі адамзаттың діліне!

Жаңа ат беріп, қосқан сөздің шырайын,
Пенделерін жарылқасын құдайым!

Ей, кітапты қабыл алып, қарарсың,
Түркі тілі ғажабына қанарсың,

Оқып қара, кітап ұнар баршаға,
Тұтар қолға, көп кенд, оқыр патша да.

(Кітап күллі кісіге ақыл береді,
Шахтар оқып артар құрмет, беделі!)

Ел, мүлікті тұтушы кім? өзі кім?
Айтқан кітап данышпандар сөзімен.

(Мұнда бәрін айтқан ойлы хәкімдер:
Елді қалай басқарған жөн әкімдер?)

Патшалықты басқарудың әр түрі,
Әмірліктің шарттары мен тәртібі,

Неден мүлкің хараб, бақи болмағы?
Неден кетіп, неден қолда қалмағы?

(Шахтықты не бақи қылып, не аздырар?
Қайтсе қалып, неден безіп, жазғырар?)

Әскер, қолды қалай жинап, бастайсың,
Жауды қалай тосып, қуып тастайсың?

Тәртіп-жөні бұл кітапта қадап-ақ,
Сипатталған, ұғындырған саралап.

Және елді берік ұстар кісіге,
Бұйырады ел басқару ісі де,

Лайық адам керек бұған ақылды,
Ай келбетті, ойнатар ой-жасынды.

Патшаларда қалың халық қақы бар,
Ал, халықта патшалардың қақы бар.

Ел патшаны сақтап, құлқын түзетсін,
Патша елдің жанын-тәнін күзетсін!

Қай патша да тайсалмайды ұрыстан,
Қолды ұрыста басқарған жөн дұрыстап,

Айтады, көр, қандай айла тұтуды,
Жау әскерін қалай бұзып ұтуды.

(Айтады, көр, жауды қалай жеңуді,
Қолды қалай бастап жауға енуді. )

Қалай істеу керек шахтық жұмысты,
Қалай жөнге салу керек ұлысты.

Ондай ханы болса, халқы сүйінер,
Жүзін көрсем, деп талайлар иілер.

Құты барға қызмет бер, жанастыр,
Бәзбіреуді қу, қақпаңнан әрі асыр.

Жақын ұста, сені жақын тұтқанды,
Құтсыз, қорға сана, безіп шыққанды. .

(Жақсылармен қалай жақын келуді,
Жамандардан қалай безіп, жеруді. . )

Саясатта кімнің басын қаққан жөн,
Парасатты ер көңілін қалай тапқан жөн.

Ақылды, есті, алып жүрек ер болып,
Қалай қазна толтырған жөн, кең болып. .

Бегі құтты, ел көңілі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұйғыр жазуы
Жүсіп Баласағұн. «Құтадғу білік»
Ж. Баласағұнның дүниетанымының идеялық негіздері
Құтадғу біліг (Құтты білік)
Жүсіп Баласағұн және «Құтты білік»
Жүсіп Баласағұнның философиялық көзқарасындағы болмыс мәселесі
Жүсіп Баласғұнның Құтты бiлiк шығармасы және ондағы әлеуметтік философия туралы
Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу біліг» дастанындағы халықтық педагогика негіздері
Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастандағы адами және кәсіби қасиеттердің жырланып, көрініс табуы
Әл-Фараби- ғалым-энциклопедист
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz