Қазақ тележурналистикасы: қалыптасу, даму проблемалары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   

М. Барманқұлов «Весь мир у вас в квартире»

Телевизия, радиоақпараттандыру және баспасөз үлкен ашылулар табалдырығында тұр.

Бірінші кезекте бұл КСРО- да 1975 жылы 1970 жылға қарағанда 40 пайызға үлкейген телевизияға қатасты.

Жуырдағы он -жиырма жылдың ішінде телевизияның дамуы төмендегідей бағыттарда күтілуде:

  1. Экран көлемінің он есе үлкеюі
  2. Үй жағдайында видеотаспа жазу мүмкіндігі
  3. Телеарналардың жүзге дейін жетуі
  4. Хабар және фильмнің бөліктерін телевизиялық орталықтан кабельдік жүйе арқылы трансляциялау.
  5. Кинофонотекаларды ұйымдастыру
  6. Бағдарламаларды телекөрермендердің өздерінің құрастыруы.
  7. Газеттердің почта арқылы таралуынан бас тарту - олардың теледидар экранына трансляциялау немесе телевизиялық аппаратпен басып шығару.

Қ. Тұрсын, Н. Жарылқасын «Тележурналист анықтамалығы»

Қазақ теледидарының корифейі, профессор Барманқұлов (Танкин) Марат Кәрібайұлының рухына бағыштаймыз.

Авторлар

Журналистік шеберлік - публицистің міндеті- дәуіріміздің, заманымыздың шежіресі жазу. Журналист қоғам өмірінің оқиғалары мен құбылыстарына ілесумен қатар, оларды сезе, болжай білуге, қоғам оқиғалары мен құбылыстарын қорытындылай білуге, белгілі бір пікірге келуге, бүгінгі күн тарихының сабақтарынан ертенгі күнге, келешекке үлгі ала білуге үйренуі тиіс.

БАҚ-тағы менеджердің міндеті - (редактор, редколлегия мүшелері, газет редакциясы, телерадиоарнаның бөлім бастығы, телерадионың бөлім басшысы) редакцияның қызметіне шеберлікпен басшылық жасап, жұмысын жүргізеді.

Жарнамалық ұран - жарнамалық хабарламаның негізгі тақырыбының айқын, түсінікті және ықшам түрі.

Түпнұсқа - компьютерге, жазу машинасына басылған мәтін, сондай-ақ графикалық материалдар (суреттер, фотосуреттер) . Түпнұсқада полиграфиялық жолмен баспалық басылым жасалады.

Айдар - белгілі бір аралықта, нақтылы бір аудиторияға есептелген, белгілі бір тақырып бағыттағы әлденеше хабар немесе фильмер.

Рупор - біреудің пікірін немесе ойын таратушы тұлға.

Телемұнара - ұшар басына теледидар, радиохабар тарату, радиотелеграф пен радиотеле байланыстарының антенналары орнатылған биік мұнара. Дүние жүзіндегі ең биік телемұнара Мәскеудегі Останкино, биіктігі 533м.

С. Масғұтов «Көгілдір экран өмір айнасы»

Телевизия - адамзаттың тарихи - қоғамдық тәжірибесін кеңінен тарататын, аса пәрменді насихат құралы, өнер мен әдебиеттің небір үздік үлгілерін қалың көпшіліктің игілігіне айналатын, қажетіне асыратын дәнекер, ғылым-білімнің қайнар бұлағы.

Телевизия арқылы асқар биік шыңдардың ақ қар, көк мұзын, ай мен алыс планеталардың бедер-бейнесін, микроорганизмдердің тіршілік тынысын - бәрін бәрін көруге болады. Көгілдір экранның сиқырлы сыры осындай, оның өсу, даму қарқыны да өзгеге ұқсамайды.

Журналист қайда еңбек етсе де оған қойылатын басты талап, жүктелетін ең ауыр әрі абыройлы міндет - замана шежірешісі, халық өмірінің жыршысы болуы керек.

Телевизиялық комментатордың ең басты қасиеттерінің бірі - ой шапшаңдығы. Ұшқыр ойлылық, ұтымды жауапты табан астынан суырып салатын тапқырлық бір жағынан табиғи дарын.

Телевизия қаһарманы - қатардағы қарапайым замандастарымыз. Кейбір елеулі даталарға байланысты жазылған материалдар мен жекелеген информациялар да баспасөз беттерінде ара-тұра бой көтеріп отырады.

К. С. Станиславский «Работа актера над собой»

Айналадағы өміріңізге мән беріп, ол жақтан өзіңіздің шығармашылығыңызға қажет материал тауып үйренгеннен кейін, енді сізге біздің шығармашылығымыздың негізі салынған керегірек материалға жүгіну керек.

Көптеген көрінбейтін жан қиналулары біздің мимикамызда, дауысымызда, сөйлеуімізде, қимылымызда және бүкіл физикалық аппаратымызда байқалады.

1. Дилентализм - кәсіби білімді талап ететін нәрселерге дилетанттық қарым-қатынас жасау.

2. Араласу

3. Эмоциялық жад

4. Сахналық ішкі сезім

5. Психологиялық өмірдің қозғалтқыштары

6. Шыншылдық сезімі

Қ. Тұрсын «Қазақ тележурналистикасы: қалыптасу, даму проблемалары»

Телеэкранның қуаттылығын дер кезінде байқаған партия 1951 жылы 22 наурызда КСРО министрлер кеңесінің қаулысымен Бүкілодақтық радиоақпарат комитетінің құрамында КСРО наурызда КСРО министрлер кеңесінің қаулысымен Бүкілодақтық радиоақпарат комитетінің құрамында КСРО-ның Орталық теледидарын құрды. 1957 жылдың басында Үкімет радио мен теледидарды мәдениет министрлігі құрамынан бөлек шығару туралы шешім шығарды. Сөйтіп, КСРО Министрлер Кеңесі жанынан Радио және телехабарларын тарату жөніндегі комитет құрылды.

1992 жылдың 18 қыркүйегінен Қазақмтан телевизия және радио хабарлары жөніндегі Мемлекет Компаниясы, ал 1994 жылдың 4 сәуірінен бастап Қазақстан теледидары мен радиосы республикалық корпорация болып өзгерді.

С. Масғұтов: «1958 жылы телевизия Қазақстанда да пайда болып Республика астанасы тұрғындары 8 мартта тұңғыш рет өз экранында Қазақ телевизиясының алғашқы дикторы З. Жұматова мен Н. Омарованың дидарын көрді.

1960-80 жылдары экранға келген жаңа толқын:

Ж. Нұсқабайұлы, С. Қаратаев, С. Тәжіғұлов, Т. Смағұлов, С. Оразалинов, Ғ. Шолахметов, Қ. Игісінов, А. Жақсыбеков, Ф. Бегембаева, Ж. Тоқпанов, Қ. Қорғанов, С. Байхонов, Р. Жәнібеков, С. Әшімбаев, Н. Иманғалиұлы авторлық қолтаңбалар теледидар тарихында өз іздерін қалдырды.

Қазақ телехабарының қалыптасу кезінде оның денін тележурнал, плакат, очерк, репортаж, әңгіме, хабар т. б. үлгідегі жанрлар құрады.

Қазақ теледидарының алғашқы телебағдарын тәжрибе түріндегі кинофильм, театр және эстрада түзді.

1958 жылы репортаж жанрында теледидардың қуатты жақтары бар мүмкіндіктерімен көрінді.

Қ. Тұрсын «Көгілдір экран құпиясы»

Бізде көп хабарлардың кейіпкерлері дүние танымын кеңейту үстінде көріне бермейді, әрекет-қимыл, іс деген әуелі ойнаудан басталмай ма? Ойлану, ой туғызу, жаңадан жиналған білімді өткен өмір тәжірибесінің отымен, қызуымен қорыту. Ой қандай көрнекті болса сөз де сондай болатыны айқындалған, дәлелденген шындық. Ойы тереңнің сезімі телегей, сезімі тереңнің ойы телегей! Бір басына парасат пен пайым қатар қонақтаған Сағат Әшімбаев арқылы сөз өнеріне терең мән беретін өзі жүргізген хабарларының астарында сөз бен ойдың жымдасуы, көз ілеспес шапшаңдықпен алдыңнан жамырай қаздап, өз тылсымына еріксіз тарта жөнелтетін. Дүбірлі дүниеде сөзден мәңгілік, сөз мәнісінен құдіретті ешнәрсе жоқ.

Экранда біржарым сағатқа созылған «Азаматтық парыз», «Интелегент деп кімді айтамыз?», «Демократия мен бюрократия», «Жариялылық жайлы ойлар», «Қайта құру және интелегенция», «Ұлттық сана және рухани бірлік», «Ұлт тілінің тағдыры» секілді хабарлар топтамасы көптің көңілінен шыққан дүниелер болды. Уытты тілдің өтімділігі мен сөз арқылы дегеннің сынщылығына еріксіз бас иітті.

Назгүл Шыңғысова «Жастар бағдарламасының қалыптасу және даму жолына түсуі» (Алматы 1999ж. )

Мәскеудегі ең алғашқы жастар бағдарламасы 1956-58жылы «Молодость» тележурналы.

Балалар мен жасөспірімдер редакциясы 1959жылы жеке отау тікті. Бұған дейін ол Алматы телестудиясының көркемхабарлар бас редакциясының құрамында болған еді. «Студияның алғашқы балалар мен жастарға арналған хабарына Ж. Смақов, М. Барманқұлов, Р. Қалкенова көп еңбек сіңірді» деп жазды С. Масғұтов.

«Алтыбақан» 1997жылдың қаңтарында дүниеге келген (авторы Ф. Бегембаева, режиссері А. Есенов) . «Алтыбақан» - ұлттық болу, реңі қою, таза қазақ теледидарының табиғатына тән, әсіресе ауыл жастарының өнерін дамытуға арналған мәдени - рухани бағыттағы алғашқы ойын-сауық бағдарламасы.

«Көкпар» 1980жылы түрі соны, қызықты хабарлардың бірі. Хабардың мынадай ерекшеліктері болды:

  1. «Көкпар» алғыр ой мен ұтқыр тіл, тапқыр шешім мен табанды пікір, біліктілік пен білімділік бәсекесі;
  2. Жастардың бірлесіп ойлау мәдениетін қалыптастырады;
  3. Білім толықтырады;
  4. Эмоциялық әсері (бей-жәй қалдырмау, өзара пікірталастыру) жоғары болады.

Ж. Әбдіжәділқызы «Тікелей эфир табиғаты»

Тікелей эфир - радиожурналистикадағы уақыт дәлдігін сақтап, жедел хабар таратудың кәсіби әдісі, шығармашылық-техникалық сипаттағы соңғы техникалық процесс, аудиториямен қарым - қатынастың айрықша тәсілі, өзгеріске ұшырамайтын нақты құбылыс.

Кәсіби сана - журналистің жеке санасындағы көзқарас, сенім формасында жүзеге асатын кәсіби - адамгершілік түсініктер. « Журналистің кәсіби санасынығ құрылымы:

А) әдістемелік сипаттағы білім, яғни жалпы ізденіс пен тақырыпқа сәйкес әлеуметтік зерттеулер негізінде жинақталған білім;

Ә) технологиялық ережелер мен қағидалар, яғни тікелей эфирдің техникаға тәуелді екеніне және радиоарнаның ұсынған бағытына байланысты туындайтын талаптарды орындау мен ережелерді сақтау;

Б) адамгершілік бағдарламалар, яғни мәдениеттілік таныту, сыпайылық сақтау, дүниетаным деңгейін көрсету;

В) жұмыс барысында жинақталған тәжірибе, яғни күн сайын шеберлікті шыңдау.

Р. Сыздықова «Сөз құдіреті»

Әдетте, «жазушы тілі» дегенде, ең алдымен, ойға оралатыны да, іздейтініміз де - оның суреттеу шеберлігі, көркемдік әдістері туралы әігіме болмақ. Бұл заңды да. М. Әуезов осы заңдылықты: «Күнділікті құлаққа сіңген тозыңқы сөз бен жазушының қаша сөйлетіні болады. Әдейі өзінің сөйлейтінін тақ - тұқ етпей, шеберлік көрік іздегісі келеді. Кенеулі ойды да көрікті, әсерлі етіп айтпаққа талпынады. Жазушының көркем әдебиеттегі тілі тек жабайы, жұпыны ұғымының тілі болып қоя алмайды. Ұғым, түсінік пен қатар, ой мен сезімге де бірдей әсер етерлік айшықты тілмен әсем сөйлеу шарт, » - деп анықтама береді.

«Айшықты тіл» жасаудың үлкен бір амалы - фразеологизм деп аталатын сөз тіркестерінің барын пайдаланып, жоғын тудыруда.

Образ - поэтика дүниесі.

Сөз - тіл ғимаратын қалайтын негізгі кірпіш.

Сөз таңдауы дегенде баяндауына, сондай-ақ кейіпкер тіліне керек лексиканы дұрыс, орынды, шебер қолдану.

Сөз қолданысы - көркем шығарма тілін танытудың ең бір өзекті тұсы, мұнда стильдік-шеберлік жайттары сөз болмақ.

Сөз әрлеу - жазушының көріктеу құралдарын жұмсауы, яғни поэтикалық - көркем тілді сөз.

С. Қозыбаев «Справочник журналиста Казахстана»

«Синьхуа» агенттігі - 1931жылы 7қарашада негізі қаланған Қытайдың ресми агенттігі.

«Франс - Пресс» агентігі - әлемдегі ең ірі ақпарат агенттіктерінің бірі. 1944 жылы қыркүйекте негізі қаланды.

ДПА агенттігі - Германияның көшбасшы агенттіктерінің бірі.

Акшен реплейн - репортаж кезінде маңызды сәттерді видеомагнитафонның көмегімен көрсету.

«Алтын жұлдыз» - жоғары жалпыұлттық жыл сайын берілетін тәуелсіз журналистік сыйлық.

«Алтын самрұқ» - арнайы жыл сайын берілетін Қазақстанның Журналистік Академиясының сыйлығы

КИЖ - Коммунистік журналистика институты.

Рейд - журналистің қатысуымен өтетін редакцияның көпшілік жұмыстарын бірі.

«Рек-тайм» - жарнамалық газет.

Риа «Новости» - Ресей ақпарат агенттігі.

«Непсабадшаг» - Венгриядағы қоғамдық - саяси жағынан кең таралған танымал газет.

Трансляция - арақашықтыққа қарамастан таралатын музыкалық, бейнелілік, дыбыстық толқындар.

Ахмет Байтұрсынов «Ақ жол»

Шығарма сөз өңді, ұнамды болу туралы талғаудың қоятын жалпы шарттары мынау:

  1. Сөз дұрыстығы - әр сөздің, әр сөйлемнің дұрыс күйінде жұмсалуы.
  2. Тіл тазалығы - ана тілдің сөзін басқа тілдің сөзімен шұбарламау, басқа тілден сөз тұтыну қажет болса, жұртқа сіңіп, құлақтарына үйір болған, мағынасы халыққа түсінікті сөздерді алу.
  3. Тіл анықтығы - айтылған лебіз, ашық мағыналы, түсінуге жеңіл, көңілді күдіктендірмейтіндей болуы.
  4. Тіл дәлдігі - ойлаған ұғымға сөз мағынасының сәйкес келуі.
  5. Тіл көрнектілігі - сөздің дұрыс, анық, дәл айтылуы.

Ж. Әбдіжәділқызы «Журналистің кадрдегі сөзі немесе «STAND - UP» туралы»

«Stand - up» ағылшын тілінен аударғанда «позиция», тірек, өзек, негіз деген мағынаны білдіреді.

«Stand - up», біріншіден, тележурналистің кәсіби тілмен айтқанда, телерепортаждың оқиға орнында болғанын бейнелі дерекпен дәйекті ету үшін жасалады.

Екіншіден, телерепортердің оқиға, құбылыс, я болмаса, қандай да бір проблема төңірегінде қорытынды ой түйіп, тұжырым айтып, болжамды пікір білдіруі үшін жасалады.

М. Барманқұловтың тұжырымына сүйенсек, қалың көпшілік үшін айтулы оқиғалардың бәрі дерлік ақпараттан орын алады. Ал журналистік ақпаратсыз өмірде болған оқиға да, тіршіліктен орын алған құбылыс та ізім-қайым жоғалып кетпек.

«Stand - up» - репортердің жеберлігін көрсететін негізгі элемент.

М. Барманқұлов «Телевизия: бизнес әлде билік?»

Телефильмнің ерекшеліктері

Варшавада шығып тұратын «Фильм» атты апталықта: «Осы күнгі зерттеулер мен әдебиеттерден қазіргі ойын баласының сөз қорында латын тілінің элементтірі қаншалықты екендігін зерттеп жазған еңбектерге дейін табуға болса да, миллиондардың санасын жаулап алған күнделікті пікірталастар тудыратын, кейде тіпті ой қозғайтын - телевизиядағы деректі фильмдер туралы бір ауыз сөз таба алмайсың» - деп өкінішті білдіріпті.

Телевизиядағы нақты кейіпкер жайлы оқиға айтудың үш тәсілі бар:

  1. Нақты шындық актерлерге ойнату арқылы нақты беріледі;
  2. Актерлер нақты оқиғаны шындыққа жақын етіп ойнайды, мүнда кинохроника, құжаттар пайдаланылады;
  3. Нақты кейіпкерді сол кейіпкердің өзі сомдайды.

Деректі өнімдер фильм - монтаж, фильм - бақылау, фильм - репортаж, фильм - образды қалпына келтіру және фильм - диалог болып бөлінеді.

Қ. Тұрсын « Телевизиялық журналистика негіздері»

Теледидардың принциптері - оның бағдарламаларының шыншылдығы, бұқаралығы, халықтығы, биік идеялылығы. Телевизияның бүкіл ісінде сүйенетін негізгі іргетасы осылар болып саналады.

Тележурналистің құралы - сөз, сурет, музыка, табиғи дыбыстар, сан реңктегі көріністер. Телередактор осының бәрін бейнелік, көркемдік әркетке келтіре, кейіпкер ой-қиялымен астастыра отырып, экранда келісті, көркем бейне жасайды. Телевизиялық журналист режиссер мен оператордың, дыбыс режиссері мен дыбыс қоюшының, көрініс инженері мен суретшінің, бәрінің дерлік творчествалық басшысы.

Тележурналист - әрі диктор, әрі режиссер, әрі редактор, әрі актер, әрі репартер, әрі жүргізуші, әрі интервьюер.

С. Барлыбаева «Специфика телевидения»

Телевизиялық жарнама жасау үшін, алдымен сценариін құрып аламыз. Мысалы:

Көрініс
Мәтін
Көрініс:
Мәтін:

Телевизияның өзіне тән ерекшеліктері:

  1. Барлық жерде маңыздылығы
  2. Экрандылығы
  3. Деректілігі
  4. Әсемділігі мен әсерлілігі
  5. Арнайы ақпараттандырылған
  6. Симуляциялылығы
  7. Туралылығы, тікелейлілігі

Телевизиядағы журналистің жұмысы кәсіби дағдыны қажет етеді.

Қ. Тұрсын «Тележурналистик негіздері пәнінің типтік оқу бағдарламасы»

Телерепортаж - ақпарат пен публицистика элементтерін бойына топтастырған оперативті жанр.

Телешоу - әр түрлі нысандардан түсірілген кадрлар тақырыптық жағынан бір-бірімен байланыстырады.

Телеочерк - көркем публицистикалық жанрлардың бір түрі.

Телевизиялық очерктер - өндірістік, портретті, проблемалық және жол жазба, оқиғалы болып бөлінеді.

Сатиралық жанрлар - көркем публицистикалық жанрлардың бір түрі. «Сатира - өмір шындығының көлеңкелі көріністерін күлкілі, кейіпсіз түрде әшкерелеуші әдеби шығарма. »

Телевизиялық фельетон уыттылығы мен тілінің өткірлігі жағынан бойына публицистикалық және көркем әдеби жанрларға тән белгілі бір топтастырған. Өмір мен өнер шындығын тұтастыра отырып, мазмұн мен түрді шебер қиюластыру. «Хабар» мемлекетік агенттігінің «77 күн» бағдарламасының сатиралық жанрлардың барлық түрлерінің дерлік элементтерін өз бойына топтастыруы.

С. В. Светана «Телевизионная речь»

Сөз - кез келген журналистің шеберханасындағы басты сайманы.

Сөздің телевизиядағы рөлір ашып, әрі қарай сөйлеу спецификасы бұқаралық ақпарат құралдарын және жарнаманы зерттеуді қажет етеді.

«Публицистика тілі», «газет тілі» және «радио тілі» бұрындары қалыптасын терминология еніп қойған.

«Телевизия тілі» деген ұғымды қарастырғанда, біз біршама сұрақтарға тап болмамыз. Мысалы, телевизия тілінің қарапайым тілден айырмашылығы неде? Егер мұны талдар болсақ, онда телевизия тілінің қыр - сырын кез келген мәтіннен аңғаруға болады.

Тематикалық сәт

Визуалдық жағдай
Аудио - жағдай
Сөйлеу жағдайы
Визуалдық жағдай:
Аудио - жағдай: Экрандық контекст
Сөйлеу жағдайы:
Визуалдық жағдай:
Аудио - жағдай: Лингвистикалық контекст
Сөйлеу жағдайы:

В. Л. Цвик « Журналист с микрофоном»

Микрофон алдындағы журналист - ол хабар айтып тұрған немесе публицистикалық бағдарлама жүргізіп, қасчындағы адамға сұрақ қойып, белгілі бір оқиғаны, құбылысты, деректі сипаттап тұрған адам.

Әдеби негіз - баспсөз переодикасының керекті және толықтай бөлігі. Кейбір газеттер мен журнал материалдарында фотосуреттер, суреттер немесе көркемдік - графикалық материалдар кездеседі, бірақ бұл көмекші құралдар.

Тақырып - көрініс құралы.

Идея - туынданың негізгі мағынасы, авторлық тұрғыдағы көзқарас.

Композиция - бір толық нәрсені құрайтын туындының әдеттегіше құрылымы, әрбір бөлімнің үйлесімділігі.

Сюжет - баяндаудың жолы, тақырыпты ашудың драматургиялық негіздегі амалы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
31-арнадағы «Информбюро» ақпараттық қызметі
Қазақ телевизиясының алғышшартары
Электронды бақ және мәдени хабарлар
«Қазақстан» және «Хабар» телеарналарындағы адамзатқа тән құндылықтарды насихаттайтын бағдарламалардың шығармашылық сипаты
Отандық телеарналардағы сұхбат бағдарламаларының өзектілігі
Телевидениедегі сұхбат жанры және тікелей эфир
ҚАЗАҚ ТЕЛЕЖУРНАЛИСТИКАСЫНЫҢ ДАМУЫ
Жастар және уақыт «Астана - жастар қаласы»
Отандық телевизияның әлемдік телевизия бағытымен салыстырмал
Тележурналистиканың нарыққа бейімделуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz