Оқушыларға құқықтық тәрбие беру. Құқықтық білім күндері
Оқушыларға құқықтық тәрбие беру. Құқықтық білім күндері тақырыбындағы әлеуметтік педагогтарға арналған семинар туралы
Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің мамандары 2008 жылғы 3 желтоқсан күні, №35 мектеп-лицейінің базасында өткен Оқушыларға құқықтық тәрбие беру. Құқықтық білім күндері тақырыбындағы әлеуметтік педагогтарға арналған семинар жұмысына қатысты. Семинар мектептің аталған бағыт бойынша соңғы 2 жылдық тәжірибесіне негізделген оқытушы семинар сипатында болды.
Семинар жұмысына Астана қаласының кәмелетке толмағандар ісі бойынша прокурор көмекшісі О.А. Ионова, Астана қаласының Білім басқармасының өкілдері, Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің бас мамандары, адамның адамгершілік-рухани дамуы бөлімінің бастығы М.А. Исказина, Астана қаласының Алматы және Сарыарқа аудандарының Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлімнің бастықтары қатысты.
Құқықтық мәдениеттің дамуы, кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыстарды жетілдіру - аталған семинардың басты мақсаты болып табылады. Семинардың міндеттері: оқушылардың құқықтық негіздерімен танысуы, теріс қылықтар мен құқық бұзудың алдын алу, белсенді азаматтық ұстанымға тәрбиелеу, жастар мен жасөспірімдердің дұрыс демалуын ұйымдастыру.
Семинар барысында мектептің Полиция нравов отрядының жұмысы таныстырылды. Полиция нравов отряды -- бұл мектеп инспекторына, әлеуметтік педагогқа, сынып жетекшілеріне көмек беретін қаладағы жалғыз отряд. Отрядтың құрамына 10, 11 - сынып оқушылары мүше. Мұндай отряд қала бойынша тек №35 мектеп-лицейінде ғана құрылғандығын айтып өту маңызды.
Семинар барысында келесі іс-шаралар өткізілді:
- Құқық бұзу неден басталады? атты жоғары сынып оқушыларына арналған тренинг. Тренингті жаттықтырушы, 10 сынып оқушысы Мыңжасарова Кристина (Полиция нравов отрядының мүшесі) өткізді;
- Бізді мейірімсіздіктен қорғаңыз және бізге жамандық істеушілерден сақтаңыз атты сынып сағаты. Сынып сағатын отряд командирі, 11 сынып оқушысы Токарева Александра өткізді.
- Дау-жанжалдарды шешу тәсілдері атты жоғары сынып оқушылары арасында пікірталас. Оны құқық үйірмесінің жетекшісі Т.Н. Ахмединов өткізді. Пікірталас барысында қақтығыс жағдайлар бейнеленген фильмдерден үзінділер көрсетіліп, оның құқықтық шешімін табу ұсынылды.
- Мектептің театр үйірмесі Түнгі қыдырыс туралы ертегі тақырыбына миниатюра және И.А. Крыловтың Қасқыр мен қозы атты мысалынан сахналық көрініс қойды. Осы мысалдардың негізінде полиция отряды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қоғамдағы құқықбұзушылықтарға анықтама берді.
Өткізілген іс-шаралар мен қойылымдар арқылы отряд мүшелері өздерінің құқықтық білімдері мен мектеп оқушыларымен жүргізіліп жатқан жұмыстарын іс жүзінде көрсете білді. №35 мектепте балалардың дербестігі мен мектептегі өзін-өзі басқару жұмысының нақты қойылғандығы байқалады.
Семинардың барлық қатысушыларымен мектеп психологы жаттықтырулар жүргізіп, семинар материалдарымен портфолио таратылды.
06.12.08
2006-01-19:
құқықтық насихат: уақыт жүктеген міндет
Еліміздің Ата Заңыңда "Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады..." деп жазылғандай, құқықтану, халықтың құ - қықтық білім алып, жалпы құқықтық мәдениетті қалыптастыру мемлекеттік мәселе екендігі бел - гілі. Өйткені, қоғамымыздың одан әрі өркендеп дамуына, халықтың, әсіресе жастардың құ - қықтық сауатын ашуда, көзқарасын қалыптастыруда оның маңызы өте зор. Ал құқықтық мә - дениетті қалыптастыру жұмыстарының экономикалық, әлеуметтік, психологиялық, пе - да - го - ги - калық, тарихи, тіпті жалпы мәдени негіздері бар екендігін ескерсек, бұл шараны кешеуілдетуге бол - майтындығы айқындала түседі. Сондықтан бұл тұрғыда атқарылып жатқан жұмыстар бар ма, бар болса, аталған шаралар ескеріле ме, жалпы құқықтық мәдениетті қалыптастыру үшін не істелінуі керек деген секілді мәселелер төңірегінде Әділет министрлігі Халыққа заң қызметін көр - сету және құқықтық көмекті ұйымдастыру жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Мұхит Мұхамадиұлы НҰРТАЗИНГЕ жолығып, әңгімелескен едік.
- Мұхит Мұхамадиұлы, бүгінде құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселелері жөнінде жиі айтылып жүр. Оны жалпы мәдениетімізді құ - райтын негізгі бір бөлігі, саласы десек қате - лес - пейміз. Бірақ, оның бұдан әрі қалыптасуына тиіс - ті дәрежеде мән берілуі керек, яғни құ - қық - тық білімді ақпарат ре - тін - де тарату жағы қалай?
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Құқықтық түсіндіру жұмысы, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі 2005 - 2007 жылдарға арналған бағдарламасы" бекітілгені де ақпарат құралдары арқылы талай рет хабарланды.
Бұл бағдарла - ма - ның ең басты ерек - ше - лігі - онда бел - гі - ленген іс шаралар - дың қаржылай қам - тамасыз етілуі. Көр - сетілген әр жылға Республикалық бюд - жеттен 71,5 млн. тең - геден бөлініп отыр. Мұндай бұ - рын-соңды болып көрген емес. Сон - дай-ақ, барлық ай - мақ - тарда осы қаулы - ның негізінде жер - гілікті атқарушы ор - гандар тиісті бағдар - ламалар қабылдап, оларды қаржылай қамтамасыз етуі қажет. Неге дейсіз ғой? Себебі құқықтық білімді таратуда оған тең келер сала болмай тұр.
- Мектептердегі білім беру ше? Құқықтық пәндерге арналған оқу-әдістемелік құралдарын қайда қоямыз?
- Бұл жөнінде нақты мысал келтіруге болады. Айталық, республикамызда мектептер мен колледждер саны 9 мыңнан астам дейік. Сонда қараңыз, құқықтық пәндерге арналған оқу-әдістемелік құралдарын ұсыныс ретінде, көп жағдайларда, Әділет министрлігінің тек 1,5 - 2 мың дана шығаруға мүмкіндігі жетеді. Ал шын мәнінде, әрбір оқушыны оқулықпен қамтамасыз ету үшін олардың таралымы кем дегенде 90-100 мыңнан кем түспеуі қажет...
- Дегенмен, елімізде жалпы ақпараттандыру жүйесіндегі құқықтық ақпарат саласын неғұрлым ауқымды, бағдарлы түрде жүргізетін жоғары деңгейге жеткізетіндей өзекті тақырыптарды қамту жағы олқы түсіп жатқан жоқ па?
- Дұрыс айтасыз. Осыған байланысты тағы бір мысал келтірейік. Байқасаңыздар, Ресейден шығатын заң, құқық тақырыбындағы басылым - дарды қоспағанда, үнемі "Человек и Закон", "Час суда" немесе "Федеральный судья" атты теле-хабарларды, т.б. жиі көре аласыз. Мұндай бағ - дарламалар бізге де өте қажет. Сонымен қа - тар, республикамызда заң тақырыбын қамтитын газеттер санаулы-ақ, ал қазақ тіліндегісі қанша деп сұрасаңыз, әнгіме етудің өзі ыңғайсыз...
- Құқықтық мәдениетті қалыптастыруда бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысына басымдық танытып отырғаныңыз, құқықтық білім беру жағы ақсап жатыр дейсіз ғой?
- Әрине, білімсіз даму мүмкін емес. Ол адамға да, қоғамға да қатысты. Бірақ, тағы бір жағдайды сөз ете кеткеніміз жөн болар. Қазіргі заманымыз ақпараттандыру заманы дедік емес пе? Енді ойлап көріңіз: осыншама көлемдегі ақпараттарды игеріп алу, мысалы, жеке бір адам үшін мүмкін бе? Мүмкін болса, қаншалықты? Бір ғана құқық, заң шығару саласы көптеген салаларға бөлінеді. Сондықтан, заңгерлердің өзі әртүрлі салаларда "маманданады". Менің ойымша, арнайы білім алған заңгерлердің өзі сол құқықтық мәдениетті қалыптастырудағы негізгі топтың қатарында ғана қалған секілді.
Есіңізде болса, осыдан бір-екі жыл бұрын еш негізсіз құрылған заңгерлер даярлайтын көптеген жоғары оқу орындары туралы, оны заңгер ретінде бітіргендердің білім сапасының нашарлығы жөнінде, сондай-ақ оқу орнын тәмамдаған мамандардың жұмыссыз жүретіндігі туралы біршама сын айтылды. Осы тақырыптағы әнгімелердің жалғасы қазір де орын алуда. Сондықтан жалпыға бірдей арналған құқықтық білім беру жөнінде әңгіме қозғаған жөн бе деймін. Бұл мектептердің негізгі ұйымдастыру - шысы және осы жұмыстың атқарылуына жауапты - жергілікті атқару органдары. Қалалар мен аудандардағы жергілікті мемлекеттік басқару органдары сондағы ұйымдар мен кәсіпорын - дардың, кейбір оқу орындарының жанында қызмет ете отырып және бұл туралы негізгі ережелер Қазақстан Республикасы Президенті - нің 1995 жылғы 21 маусымдағы №2347 қаулы - сымен бекітілгендігі аталған істі атқаруда ерекше маңыз береді.
Қазіргі мәліметтер бойынша республика аймақтарында 6 мыңға жуық құқықтық білім мектептері ұйымдастырылған және оларға тыңдаушы ретінде 200 мыңнан астам адам қатысады. Бірақ, осы "көрсеткіштердің" әртүрлі жерлерде өзара алшақтығы байқалып тұрады. Яғни, бұл мектептердегі құрылған топтардың тыңдаушылар саны әрқилы деген сөз. Әрине, мәселе олардың санында емес, сапасында болып тұр ғой. Сондықтан, мектептерді ұйымдастыруда алдымен құрастырылған топтарға арналған тақырыптар талқыланып, оларға қатысушылар - дың нақты тізімі анықталуға тиіс. Кез келген жұмысты ұйымдастырып, оның басы-қасында болатын мамандар белгіленуі де қажет. Ал енді бұл мектептердің жұмысы жүйелі түрде жүргізілетінін көздесек, онда бағдарламаға сәйкес жоспар негізінде "дөңгелек үстел", "мамандармен кездесу", дәріс беру, т.б. әдістемелік нысандарда сабақтар өткізілсе, мақұлдауға әбден болатын шаруа.
- Алайда, осы арада, ең бастысы, бұл шараларға қатысу не қатыспау тыңдаушылардың қалауына байланысты емес пе, деген сұрақ туындайды?
- Демек, бұл жағдайда тағы бір мәселені қозғасақ артық болмас деп ойлаймын. Осы мектептерде аталған шараларды кім өткізбек? Бұған тиісті дайындығы бар мамандар қайдан табылады? Әсіресе, ауылдық жерлерде. Тіпті табылғанның өзінде олардың еңбек ақыларын кім төлемек? Міне, бұл мәселе республика бойынша шешімін әлі тапқан жоқ. Бірде-бір аймақта сабақ өткізуге тартылған мамандарға еңбекақы төленген де емес.
Байқап отырсаңыз, бұл құқықтық мектеп - терге келушілердің саны аз болса да олар сол құқықтық білім алуға мұқтаж болғандықтан ғана қатысады, яғни, өздері мүдделі деген сөз. Тағы бір жәйт туралы айтса да артық болмас. Ол жалпы көпшілікті құқықтық "ликбезге" қатыстыру мүмкіндігі. Ондай жағдай әзірше жоқ және болуының өзі екіталай. Мысалы, құры - лыста жүрген жұмысшыларға, механизаторларға, малшыларға, т.б. кәсібі сондай салалардағы адамдарға бұл мектептердің тиімділігі қанша - лықты? Сен заң білмейсің деп заңдылықты бұзып, азаматтарды күштеп тарту қаншалықты ақылға қонады?
Бір ғана салық саласын мысал етейік. Кәсіпкерлер немесе олардың есеп-қисап жүргізетін мамандары салық төлеу кезінде кейбір уақытта қателесіп қалуы мүмкін. Ондай қателіктер әдеттегідей бақылау тексерістері (ревизия) кезінде анықталады. Бұл уақытта тексеруші "жерден жеті қоян" тапқандай болады. Себебі, жетіспеген салық көлемімен қоса, айыппұл, сол сияқты үстеме айып, т.б. төлемдер бюджетке кіріс келтіреді. Қала берді бұл ревизордың "жетістігі" болып есептеледі. Ал сонда кезінде жіберілген қателік пен сол есеп беруді қабылдап алған салық органдарының жуапкершілігі қайда?! Ойлап қарасаңыз, осындай жағдайда А.Шопенгауэрдың "біз өзімізден басқа ешкімді соншалықты тапқырлықпен алдай алмаймыз" деген сөздерінің астарында қандай сыр жатқаны ашылады. Сонда түптеп келгенде әркімнің құқығы қорғалуы керек дейміз. Міне, сондықтан осы құқық қорғау саласында қызмет атқаратын басшылардың азаматтардың құқығын сақтап, оларға тиісті жәрдем беруде жауапкершілігі арта түссе дейсіз.
- Қоғамымыздағы қылмыстың, жалпы құқық бұзушылықтың кеңінен орын алып отырғаны да елімізде жаппай құқықтық мәдениеттің қалыптаспауының салдары емес пе?
- Иә, бұл туралы жазылып-айтылған пікірлер аз емес. Ескеретін жағдайлар көп. Оның экономи - калық, әлеуметтік, моральдық, т.б. себептері бар екені туралы құқықтық мәдениеттің қалыптасуына байланысты осы әнгіменің басында сөз еткенбіз. Бұл жөнінен мен де сізге сұрақ қойсам деймін. Мысалға, осы ешқандай заңды білмегеннің өзінде, өзіңе теңдес басқа азаматтың құқығына нұқсан келтірмеу, қала берді өміріне қауіп төндірмеу үшін қандай құқықтық білім қажет?! Әкені бала немесе бала әкені соққыға алып, қорадағы малың, аулада тұрған көлігің ұрланып жатса, саяжайдағы егіп тастаған көкөністерді біреулер қазып әкетсе, қызметте тамыр-таныстық орын алып, жалақы төлеуде алалық байқалса, пәтеріңізге түскен ұрының мен "заң білмегендіктен" осы қылмысты жасап едім дегені қаншалықты ақылға сияды?
Демек, құқық бұзушылық пен қылмыс жасалудың түп-төркіні әлгі азаматтарымыздың ар-ождан ластығына, ұятсызығына, арамдығына және осыған себеп-сылтау болатын еліміздегі көптеген жағдайлардың орын алып отырғанына, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа да байланысты екен. Ал сіз бен біз айтып отырған құқықтық мәдениеттің қалыптасуы тәртіптің орындалуын, заңға құрметпен қарап, оны сақтағанда ғана нәтиже - лі болмақ. Бірақ, осыны біле тұра кейбір лауазымды адамдардың бір бармағын іштей бүгіп тұратындығы да аса қауіпті ме деймін.
Ешқайсымызға жаңалық емес, көптеген бұқаралық ақпарат құралдарындағы көрсетілетін, жарияланатын кейбір материалдар кері әсерін тигізеді. Мысалға, теледидарда кісіні өлтіре салу немесе үлкен ғимараттарды жарып жіберу, бомба тастай салу оп-оңай секілдендіріліп, есірткі заттарын пайдалану күнделікті, тіпті үйреншікті нәрсеге айналғандай көрсетіледі. Бұлардың бәріне ешкімнің жауапкершілігі жоқтың қасы... Міне, осылардың бәрін аластату үшін, яғни құқық бұзушылықтың, қылмыстардың алдын алу үшін жауапкершілікті күшейтумен қатар түсініктеме жұмыстарын да жетілдіруіміз қажет.
- Елімізде қылмыстық саясатты ізгілендіру үрдісінің басталғанына біраз уақыт өтті. Кезінде мұның салдарынан қылмыс жасау өсіп кете ме деген қауіп болғаны да рас. Бірақ, соған қарамастан қыл - мыстың біршама түрлерін жасаған азаматтардың жазасы жеңілдетілді, мерзімдері қысқартылып, тіпті соның ең қауіптісі үшін тағайындалатын өлім жазасына мораторий жарияланды.
- Ізгілендіру саясаты туралы, әсіресе кейінгі жылдары жиі-жиі айтылып та, жазылып та жатыр. Жалпы оқырман қауымы бұдан хабардар. Мораторий жөніндегі пікірталастар да аз болған жоқ. Көбінесе әңгімелер осы төңіректе жүріп жат - ты, әлі де жалғасатын болады. Мұның ешқандай құпия ұстайтын себептері жоқ, өйткені бұл халықаралық тәжірибеге де байланысты. Мүмкін, бұрынғы айтылған пікірлерді тағы бір қайталауға тура келетін шығар. Дегенмен, ойлап қараңыз: кез келген қоғамда тек заңның, жазалаудың қатал - дығы - мен қылмыс жасауды тоқтату мүмкін бе? Әлемде ондай мысал ретінде келтіретін үлгі жоқ деп ойлаймын. Сондықтан, егер олар азаматтардың өміріне қауіп төндірмесе, адамдардың ар-ожданына тікелей нұқсан келтірмесе, жасалған қылмыстар - дың біршама түрлеріне берілетін жазаны неге жеңілдетпеске? Мысалы, сот шешімінің негізінде жәбірлеушіні бас бостандығынан айырудың орнына жәбірленушіге материалдық шығындарын айып ретінде өтеткізсе болады. Әрине, бұған екі жақтың да келісімі қажет. Мұндай жағдайлар жеткілікті.
Ал енді өлім жазасына мораторий жариялау мәселесіне келсек, бұл қоғамымыз үшін үлкен сын. Көптеген өркениетті елдерде өлім жазасы тек уақытша тоқтатылып қана қоймай, одан мүлде бас тартуға дейін барып отыр, яғни олар жазаның бұл түрін заңдарынан алып тастады деген сөз. Бізде де Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 желтоқсандағы №1251 Жарлығымен өлім жазасын қолдануға мораторий жарияланды. Содан бері Әділет министрлігінің құрамындағы қылмыстық-атқару жүйесінің дамып жетілуіне ол тиімді әсер етіп отыр. Себебі, бұл жүйедегі түзеу мекемелеріне жаңаша талап қойылып, олардың материалдық-техникалық жағдайлары нығайтылып, кадр мәселесі дұрыс шешімін табуда.
Аталған істе асырылып жатқан шараларға бай - ланысты осыдан 3 жыл бұрын түзеу мекемелерінде 65 мыңнан астам сотталғандар болса, қазіргі уақытта олардың саны 40-41 мыңның төңірегінде ғана. Енді, жарияланып отырған рақымшылықты ескерсек, бұл "көрсеткіштер" одан әрі кеміп, Қазақстан дүние жүзі бойынша сотталушылардың үлесіне байланысты 35-ші орынға дейін "төмендейді". Біздің республикамыз үшін әзірге бұл оң нәтиже.
Бұл саладағы атқарылып жатқан жұмыстар тек мамандардың немесе осы мекемелерде қызмет атқаратындардың ғана шаруасы емес. Қандай өзгерістер болса да, оларды қоғам мүшелерінің қабылдап мақұлдауынсыз іске асыру екіталай. Сондықтан, Әділет министрлігі өз тарапынан осы сала бойынша қоғамдық, халықаралық, үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп ғылыми-тәжірибелік конференциялар, семинарлар өткізіп, құқықтық түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жалпы, қылмыс - тық-атқару жүйесіндегі жұмыстардың денгейі қоғамымыздағы құқықтық мәдениетті қалыптастыруға тиімді ықпал ететіні сөзсіз.
- Қылмыстық саясатты ізгілендіру көшінен қалмаймыз деп шын мәнінде жасырын қылмыс - тың тамыр жаюына мүмкіндік тумай ма?
- Иә, қылмыстық саясатты ізгілендірудің тағы бір себебі бар. Мемлекетіміздің жүргізіп отырған саясатын іске асыру үшін елімізде талай игілікті шаралар өткізіліп, экономикалық тұрақтылық орын алды. Сонымен қатар, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуда да республикамызда біршама тиімді нәтижелерге қол жеткізілді. Жаңадан серпіліс алған мекемелер мен кәсіпорындарда талай жұмыс орындары ашылып, мыңдаған азаматтарымыз өз еңбектері үшін тиісті жалақыны үнемі алып тұруға қол жеткізді. Бұл дегеніңіз олардың келешекке сенімін қалыптастырып, одан әрі жақсы тұрмысқа деген құлшынысты арттыра түседі.
Ал енді осыншама өзгерістерге қол жеткізіп отырған шақта қоғамымызда қылмыстық жағдайлардың "атрибут" ретінде кеңінен орын алуы республикамыздың әлемнің экономикасы дамыған 50 елінің қатарына қосылып, өркениет сатысында тағы бір шепке ілгерілеуіне кедергі болмасына кім кепіл?
Әрине, есірт - кі тарату және оны пай - да - ланып дертке шалдығудың кері әсері қан - шалықты зиян келтіретіні жө - нінде жоғарыда атап өттік. Сон - дай-ақ, әсіресе кейінгі жыл - да - ры, бүкіл адам - зат қауымдас - ты - ғын дүрліктіріп отырған лаң - кес - тік мәселесі, адам - дарды сау - даға салу, тап - сырыс бойынша кісі өлтіруді ұйымдастырып әрекет ету, заңсыз қару-жарақ саудасын жүргізу, т.б. сол сияқты қылмыстың сан-алуан түрлерінің кеңінен таралуы, алаңдатпай қоймайды. Міне, сондықтан да, қылмыс жасаудың алдын алу үшін құқық қорғау органдары тікелей күрес жүргізуімен қатар, құқықтық түсіндіру жұмыс - тарын да жоғары денгейде ұйымдастыруы қажет.
- Құқықтық мәдениетті қалыптастыруда тілдің орны бөлек екенін баршамыз жақсы білеміз. Бірақ, бұл салада да ақсап жатқан жәйттер көп емес пе?
- Біріншіден, мемлекеттік органдарда, көбінесе тіл дамыту мәселесі іс қағаздарын жүр - гізу төңірегінде ғана шектеліп, жұмыстың бар - лығы осымен тынады. Ал екінші жағын ескер - сек, ол осы тіл төңірегіндегі мәселелер бойын - ша, әсіресе, мемлекеттік тіл жөнінде пікірлердің қарама-қайшылығы. Кейбір азаматтар мемлекеттік тілдің мүшкіл жағдайын тілге тиек етсе, өзгелері осы тіл саласындағы асығыстықты, білім сапасының төмендігін, мемлекеттік тілді игерген мамандардың жетіспеушілігін алға тартады. Өкінішке қарай, көптеген жағдайларда бұларда өзара келісушіліктің (консенсустың) болмауы жасалып жатқан жұмыстардың нәтижесіне кері әсерін тигізеді. Себебі, әркім өз пікірінде қалып қояды. Оның аяғы "ананы бүйтпедік, мынаны сүйтпедік" деген қысыр әнгіменің төңірегінде жалғаса береді.
Үшіншіден, ешкімнің көңіліне келмей-ақ қойсын, бірақ, осы тіл мәселесін қоғамымыз - да - ғы ең түбегейлі, жанды мәселелердің бірі ре - тінде мойындасақ, онда бұл үлкен және күрделі саладағы "көсемсу, көсемдік таныту" құбылыс - тарын азайту қажет дер едім. Себебі, нақты жұмыс жүргізуге келгенде олардан айтарлықтай пайда болмайтынын көріп отырмыз. Жалаң сөзге салыну мен және кеуде қағу заманы өтті емес пе? Тіл мәселесі саясатқа жататынын жақсы түсінеміз, бірақ оның атүсті орындала қоятын саясат еместігін де ұмытпаған абзал.
Сондықтан, ең бастысы мемлекеттік органдар жүйесінде тіл дамыту мәселесінің тиімді шешіліп, дамуын көздесек, оның нақты іске жол ашатын заңды тетіктері бар екендігін ескерген жөн. Қазақстан Республикасы Тіл жөніндегі заңының 23 бабында: "Мемлекеттік тілді белгілі бір көлемде және біліктілік талаптарына сәйкес білу қажет кәсіптердің, мамандықтардың және лауазымдардың тізбесі Қазақстан Республикасы заңдарымен белгіле - неді" делінген. Яғни, осыған байланысты, өз алдына дербес Заң қабылдануы қажет емес пе?
Бұған байланысты осыдан 3-4 жыл бұрын арнайы жұмыс тобы құрылып, аталған іс қолға алынғанымен өкінішке орай, сол күйінше аяқсыз қалғаны мамандардың көбіне мәлім. Бұның себебі - аталған заң жобасы азаматтардың құқығына нұқсан келтіреді деген кейбір пікірлерге негізделген. Осындайда кімнің құқығына кім нұқсан келтіреді деген сұрақ туады? Заң ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz