МҰСЫЛМАН БАУЫРЛАРМЕН АРАЛАСУДАҒЫ ӘДЕПТЕР


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

МҰСЫЛМАН БАУЫРЛАРМЕН АРАЛАСУДАҒЫ ӘДЕПТЕР

авторы: әзірге белгісіз

Жора-жолдас таңдау абай болуды қажет етеді. Жақсы және білімді адамдармен дос болу керек, олардың сөз және іс-әрекеттерінен жақсы өнеге алып қалу қажет. Жаман адамдардан қашық болған абзал. Бірақ оларды жаман іс-әрекеттерінен құтқару мақсатында олармен жақсы араласып, адамгершілікке, парасаттылыққа тарту керек. Жақсы адамдармен жолдас болғандарға жақсы мінез-құлқы әсер етеді. Ал жаман мінезді адамдармен достасқандарға олардың жаман іс-әрекеттері әсер етіп, уақыт өте келе ол адамның да мінез-құлқы өзгеріп, жаман жаққа өзгереді. Сол себепті игі ахлақ иесі өз құлқын сақтау үшін игі ахлақты тәлім-тәрбие көруі және сондай мінезді адамдармен араласуы керек, ал әдепсіз адамдармен кездесулерден қашық жүруі тиіс.

Жолдас таңдау
* «Адам өзінің жолдасының дінінде, сондықтан кіммен жолдас болғандарыңа қараңдар» (Ахмад, ат-Тирмизи) .
Адам жолдасына әсерленетіні айтылған. Қонаққа тек тақуаларды шақыруды айтқан. Шарх: Жалпы тамақ кәпірге де беріледі. Жаман жолдастың зияны міндетті түрде болады.
* «Жақсы жолдас пен жаман жолдастың мысалы әтір сататын адам мен темір ұстасындай. Біріншісі тек әтір береді, сен одан жақсы иіс сезесің. Ал темір ұстасының қасында жүрсең міндетті түрде күйесің не күйе боласың».
Мұсылманшылықтың бір сипаты - жолдас таңдай білуде жатса керек. Мұсылманның жолдасы мұсылман болуы керек. Адамның толық мұсылманшылығын білу үшін оның төрт нәрсесіне қарап, бір нәрсесіне қарамау керек екен.
1. Үй-ішіне қара (үйінде мұсылманшылық бар ма? Бар болса қандай деңгейде…) .
2. Жолдастарына қара (иманды ма, жоқ па?…) .
3. Білімнің көзін қайдан алып жатқанына қара (Құраннан ба, хадистен бе…) .
4. Бос уақытын немен өткізетініне қара (салихалы істер жасай ма, жоқ па?…) .
5. Аузындағы сөзіне қарама.
* «Сен тек ғана мүмин адаммен жолдас бол және тамағыңды тақуа адам ғана жесін».
Бұл дүниеде адам кез-келген рахаттан жалығады, ана дүниеде жалығу жоқ. Адаммен адам Аллаһтың (С. Т) ризашылығы үшін ғана болуы керек. Ал басқа үшін дос болғандарды (дүние, арақ, қыз, ұрлық…) ана дүниеде де Аллаһ (С. Т) аяусыз азапқа салады. Бүкіл махаббат тек Аллаһ (С. Т) үшін болу керек.
* «Сол күні тақуалардан басқа достар бір-біріне дұшпан болады» (43:67) .
* «Қияметте Аллаһ (С. Т) : “Мен үшін бір-бірін жақсы көргендер қайда? Мен бүгін Өз көлеңкеме кіргізем, басқа көлеңке жоқ күні” - деп айтады» (Абу Хурайрадан (р. а) Муслим, Ахмад, Малик) .
* «Аллаһ (С. Т) : “Менің махаббатым Мен үшін бір-бірін жақсы көргендерге, Мен үшін бір-бірімен отырғандарға, зиярат қылғандарға, Мен үшін бір-біріне жақсылық қылғандарға міндетті түрде болады” - дейді» (Ахмад, Малик) .
* «Аллаһ (С. Т) үшін досына зиярат жасап бара жатқан адамға Раббы адам кейпіндегі бір періштені жібереді екен. Ол (періште) әлгі адамнан: “Қайда барасың?” - деп сұрайды. Сонда әлгі адам «пәлен» деген досына зиярат ктіп бара жатқанын айтады. Періште: “Саған өткен бір жақсылығы бар ма еді?” - деп сұрайды екен. Адам: “Жоқ, мен оны Аллаһ ризашылығы үшін жақсы көруші едім” - деп айтады екен. Сонда періште: “Сен оны Аллаһ (С. Т) үшін жақсы көрсең, Аллаһ (С. Т) та сені сондай жақсы көреді” - дейді екен» (Абу Хурайрадан) .
* «Қияметте жеті түрлі адам Аллаһтың мейірім көлеңкесінде болады:
1. Әділ басшы
2. Жүрегі мешіттерге байланған адам
3. Әдемі, мансапты әйел шақырғанда зинадан Аллаһтан қорқып қашқан адам (Жүсіп (ғ. с) )
4. Жас кезінен иманмен жолдас болған адам
5. Садақаны ықыласпен жасырын берген кісі (яғни, оң қолының бергенін сол қолы көрмей қалған адам)
6. Аллаһ үшін бірігіп, Аллаһ үшін бір-бірімен ажырасқан адам
7. Жеке қалғанда Аллаһты еске алып жылайтын адам»
* «Кімде үш нәрсе болса, ол иманның тәтті дәмін татқаны:
1. Аллаһ және Оның Елшісін (с. ғ. с) барлық нәрседен артық жақсы көрсе;
2. Мұсылманның Аллаһ (С. Т) үшін жақсы көретін бауыры болса;
3. Отқа тастағандай күпірліктен қашса»

* «Біреуді Аллаһ (С. Т) үшін жақсы көрсе, соны білдірсін»
* «Бір кісі Пайғамбарымыздың (с. ғ. с) қасында болғанда, қастарынан бір кісі өтті. Әлгі кісі: “Я, Расулуллаһ (с. ғ. с) ! мен осы кісіні жақсы көремін” - деді. Аллаһтың Елшісі (с. ғ. с) : “Сен оны білдірдің бе?” - деп сұрап еді, ол сауалына: “Жоқ” - деген жауап алды. “Онда барып білдір” - деген Пайғамбарымыздың (с. ғ. с) сөзінен кейін әлгі адам манағы өткен кісіні қуып жетіп: “Мен сені Аллаһ (С. Т) үшін жақсы көремін” - деді. Ол: “Сен Ол үшін жақсы көрген Аллаһ (С. Т) сені де жақсы көрсін” - деді» (Ахмад, Абу Дауд) .
Адам өзінің бауырына деген махаббатын тексеріп тұруы керек. Себебі, олардың достығы басында Аллаһ (С. Т) үшін болуы мүмкін, ал кейін түрлі жағдай (ақша, мансап) үшін өзгеріп кетуі әбден мүмкін немесе шектен шығып жақсы көріп күнәға (харамға) ұрынуы мүмкін.

Мұсылман бауырлар арасында болуы керек нәрселер:

I. Бір-біріне жылы жүзбен қарап, жұмсақ сөйлеу.
* «Жақсылық қылуды ешбір азырқанбаңдар. Бауырыңды тым болмаса, жылы жүзбен қарсы ал» (Муслим, ат-Тирмизи) .
* «Күллі жақсылық - садақа және бауырыңды жылы жүзбен қарсы алу да - жақсылық» (Ахмад, ат-Тирмизи) .
* «Аллаһ (С. Т) барлық нәрседе жұмсақтықты жақсы көреді» (Бухари, Муслим) .
* «Аллаһ (С. Т) жұмсақ және жұмсақтықты жақсы көреді, қаттылықтың сауабынан жұмсақтықтың сауабы артық беріледі» (Муслим) .
Бір-біріне жылы жүзбен жақсылық жасап, сыпайы сөйлеу - сүннет.
* «Әрбір жұмсақтық иесі тозаққа харам етілген».
* «Мұхаммед (с. ғ. с) - Аллаһтың Елшісі. Онымен бірге болғандар - кәпірлерге қатаңырақ, өзара тым мейірімді» (48:29) .
* «Егер тұрпайы, қатал жүректі болсаң еді, әрине олар маңайыңнан тарқап кетер еді» (3:159) .
* «Оған сыпайы сөйлеңдер, мүмкін үгіт алар немесе қорқар» (20:44) .

II. Мұсылман бауырлардың бір-біріне сыйлық (хадия) беріп тұрғаны дұрыс, жүректерінен жеккөрініш кетеді. Себебі, сыйлықтар жүректегі ауру, реніштерді кетіреді.
* «Бір-біріңмен қол алысыңдар, жүректеріңдегі жек көрушілік нетеді және хадия беріңіздер, одан ашу-ыза кетеді» (Абу Хурайрадан (р. а) Малик) .

III. Мұсылман бауырлар бір-біріне жақсы насихат айту керек. Пайғамбарымызға (с. ғ. с) сахабалар қол берген кез «байғат» деп аталады.
* «Жәрир ибн Абдуллаһ (р. а) айтады: “Мен Пайғамбарымызға (с. ғ. с) 1) намаз оқуға; 2) зекет беруге; 3) әрбір мұсылманға насихат айтуға байғат қылдым” (Бухари, Муслим) .

IV. Мұсылмандар бір-біріне көмек беру.
* «Расулуллаһ (с. ғ. с) Мәдинада мешіт салғанда жұртпен бірге кірпіш тасыған» (Бухари, Муслим) .
* «Хандақ (ор) соғысының алдында жұртпен бірге ор қазысқан. Орда кездескен тасты майдаласқан» (Бухари, Ахмад) .
* «”Мүмин мүминмен бірге құрылыс (үй) сияқты” - деп саусақтарын бір-бірімен айқастырды» (Бухари, Муслим, Ахмад) .
* «Аллаһ (С. Т) өзінің бауырына жәрдемдескен құлына жәрдемдесіп тұрады» (Абу Хурайрадан) .

V. Мұсылман мұсылманның алдында қарапайым болуы қажет, тәкаппар болуына болмайды.
* «Аллаһ (С. Т) сендер бір-бірлеріңе қарапайым болуларыңды, бір-бірлеріңе менмендік көрсетіп, зұлымдық қылмас үшін аян етті» (Муслим, Абу Дауд, ибн Маджаһ) .
Адамның әр қилы дәрежесі мұсылмандардың арасында айырмашылық беретін себеп емес.
* «Аллаһ (С. Т) сендердің бейнелерің мен денелеріңе қарамайды, бірақ сендердің жүректерің мен амалдарыңа қарайды».
* «…Шынында, Аллаһтың (С. Т) қасында ең ардақтыларың - тақуаларың…» (49:13) .
* (Биләлді (р. а) Абу Зарр (р. а) кемсіту жайлы Абу Хурайрадан (р. а) жеткен хадис болуы керек осы жерде) . Қарапайымдылық дәрежені көтереді.
* «Кімде-кім Аллаһ (С. Т) үшін қарапайым болса, Аллаһ (С. Т) оның дәрежесін көтереді» (Ахмад, Муслим) .
«Абу Бакр (р. а) қой сауып беретін, кейін олар халифа болды, енді сауар деймісің…?»
* «Әй, мүміндер! Сендерден кім дінінен шықса, Алла Тағала жедел бір қауым әкеледі. Алла оларды жақсы көреді және олар да Алланы жақсы көреді. Мүміндерге қарсы жұмсақ, кәпірлерге қарсы қатал, Алла жолында соғысады. Сөгіс берушілердің сөгісінен олар қорықпайды. Осы - Алланың қалағанына беретін ілтипаты. Өйткені, Алла өте кең, аса білуші» (5:54) .

VI. Мұсылманның жүрек тазалығы.
* «Пайғамбарымыз (с. ғ. с) : “Менің жүрегімнен мұсылмандарға деген жеккөрінішті алып таста!” - деп дұға қылатын» (ибн Аббастан) .
Мұндай қасиет адамдарда өте сирек кездеседі. Кеңес: біреуге деген жеккөрінішті жүректен алып тастағыңыз келсе, соған Аллаһтан (С. Т) дұға тілеу керек. Өзіңнің жүрегіңді әйнек қылып алма, әр түрткен нәрседен із қалатын болса, ол тек қана жамандық әкеледі. Кешірім шамаң келмегеннен емес, шамаң жетіп тұрған кезде болуы керек. Кек қайтаруға шамаң кеп тұрғанда кешірім еткен пенденің Аллаһ (С. Т) дәрежесін көтереді. Аллаһ (С. Т) күші жетпегендіктен емес, ұлылықпен кешіреді. Мұсылманның жүрегі үш кезеңнен тұрады:
1. Шиша сияқты - қатты қабылдаса, сынып кетеді.
2. Паролон сияқты - жамандық ішіне кіреді, бірақ сыртқы формасын өзгертпейді. Ішінде ит өліп жатса да, сырын сыртқа білдірмейді.
3. Пластик, сабын сияқты - келген дерт жұқпайды, сырғып кете береді. Ондай жүректің түрткен нәрседен түгі кетпейтін болады.
* «Мүмін адам - қулығы, арамдығы жоқ, кеңпейілді, жомарт. Ал күнәһар адам, керісінше мінезі жаман, іші тар, қу және пасық».

VII. Бір-бірі жайында жақсы ойлау.
Мұсылман бауырының істерін тек жақсы жағына қарай бұрып қарауға тырысуға тиіс. Аллаһ (С. Т) бізді мұсылман бауырлар туралы жаман ойлаудан тыйды.
* «Сендер күмәнді, жаман ойлардан аулақ болыңдар, ол - ең жалған сөз. Бір-біріңді аңдымаңдар және айыптарыңды іздемеңдер» (Абу Хурайрадан (р. а) Бухари, Муслим) .
Хаттабидің шархы: ойыңа келген күмәнді ойларды ойларды дәлелсіз растау. Бір нәрсені дәлелсіз, себепсіз біреуге жала жабу.
* «Әй, мүміндер! Күмәннің көбінен сақтаныңдар. Өйткені, күмәннің кейбірі - күнә. Сыр тексермеңдер. Біреуді біреу ғайбаттамасын» (49:12) .
Имам Шафиғи: ауырады, шәкірті келеді. «Әлсізбін» - дейді. «Аллаһ сіздің әлсіздігіңізді күшейтсін» - дейді. «Егер күшейтсе, өліп кетем ғой» - дейді. «Мен басқаша айттым, сіз туралы жаман ойламаймын».

VIII. Мұсылмандар ашуға ұстамды болуға тиіс. Әрбір адамның қателігі болады.
* «…Ашу кернеген кезде өздері кешірім еткендер» (Шура:37) .
* «Олар кеңшілікте, таршылықта Аллаһ жолында мал сарып қылғандар. Сондай-ақ олар ашуларын жеңушілер, адамдарды кешірім етушілер. Аллаһ жақсылық етушілерді сүйеді» (3:134) .
* «Бір жамандықтың жазасы - өзіндей ғана жамандық. Сонда кім кешірім етіп жарасса, онда оның сыйлығы Аллаһқа тән. Күдіксіз, Ол залымдарды жақсы көрмейді» (Шура:40) .
* «Ал және сондай Раббыларына мақұл дегендер, намазды толық орындағандар, сондай-ақ өзара істерін кеңеспен жүргізгендер және өздеріне берген несібемізді тиісті орындарға жұмсағандар (өрара ақылдасып, іс жүргізу мұсылманшылықтың елеулі бір сипаты болып саналады) » (42:38) .
* «Сендерден кеңшілік, молшылыққа ие болғандар жақындарына, міскіндерге, мүһәжирлерге, Алла жолында бермеуге ант етпесін, ғафу етіп кешірсін. Алланың сендерді жарылқауын жақсы көрмейсіңдер ме? Алла аса жарылқаушы, ерекше мейірімді» (24:22)
* «(Мұхаммед Ғ. С. ) кешірім жолын ұста және оларға туралықты әмір ет. Сондай-ақ, білместерден бет бұр» (7:199)
* «Аллаһ кешірімділікпен ұлылықты береді» (Муслим, Ахмад, ат-Тирмизи) .
* «Кімде-кім ашуын кек алуға мүмкіндігі жетіп тұрып басса, Аллаһ оны Қияметте бүкіл адамдардың үстінен шақырып, хор қыздарын таңдатады». (ат-Тирмизи, Абу Дауд) .
(Фуссилат:34) - дәлел.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аймақтық дағдарыс синдромы немесе араб дауылы
Алладан әрі Елшісінен ілгері кетпеңдер
Гендерлік теңдік еліміздің өркендеуі тікелей ықпал жасауда
Қазақ қоғамындағы білім жүйесінің даму деңгейі
Құран немесе Құран Кәрім
Алаш қозғалысы басталуы, тұтастығы, қатысушылары
Мұсылмандардың қасиетті орындары
Гендерлік социология
Диуани Хикмет еңбегі
Мұсылмандықтағы жанұяның орны мен мәні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz