МҰСЫЛМАН ҚОҒАМЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДІҢ АЛАР ОРНЫ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
МҰСЫЛМАН ҚОҒАМЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДІҢ АЛАР ОРНЫ
аударма авторы: Ыхтияр Палтөре
Арабтар Исламнан бұрын өмір сүрген надандық дәуірінде әйел затын қорлап, кемсітіп қарайтын. Қыз баланың дұниеге келуін қорлық санайтын. Тіпті оларды тірідей жерге көміп тастаудан да тайынбайтын. Әйел адамды әке-шешесінен қалған мұрадан мақрұм ететін. Оларға өз ұяестерін бермейтін. Бұларға қоса оларға басқа да неше тұрлі зұяымдһщтар жасайтын. Мұндай бейберекетсіздік тек арабтарға ғана тән емес. Олардан басқа халықтардың да көпшілігі әйел затына осындай не осыған ұқсас қиянат көрсететін.

Ислам діні өз нұрымен әйел затының құқығын өзіне қайтарды. Оны сан жылдар бойы құрсаған зұяымдық шырмауынан біржолата құтқарды. Оның беделін көтеріп, отбасындағы және қоғамдағы орнын белгіледі. Абыройын қорғайтын құқықтар мен міндеттерді сыйлады. Атқаратын қызметі мен ар-намысын қорғаудың жолын үйретті.
Әйелдің құқықтары:
1. Ислам - адамгершілікті дін туын көтере отырып, ер мен әйел арасындағы теңдікті жариялады. Шын мәнінде әйел еркектің бір бөлігі болып саналды. Әй, адамдар! Сендерді бір адамнаи жаратқан Раббыларыңнан қорқыңдар. Әрі одан жұбайын жаратып, ол екеуінен қыруар еркектер мен әйелдерді таратты, -дейді Аллаһ тағала.
Аллаһ тағала жақсы істер үшін сауапты тек ер кісілерге ғана емес, әйелдерге де жазады. Салиқалы істерді қылушылар, еркек болсын, әйел болсын, бірақ иман келтірсе ғана, жәннатқа кіреді. Әрі оларға тозаң-дай да зұлымдық жасалмайды,204-делінген Құранда.
2. Ислам қыз баланы тірідей көму үрдісінің тұбіне балта шауып, оған қатаң тұрде тыйым салды. Күйеуге тек өз ризашылығымен ғана әрі өз таңдауымен ғана тұрмысқа шығу құқығын сыйлады. Әйелдің сөзі мен тұрмыс құруға деген көзқарасы ескерілетін дәрежеге ие болды. Қыз бала ардақты болып өсіп жетілуі үшін Ислам оның тәлімі мен тәрбиесіне көңіл бөлді. Пайғамбарымыз Екі қызы бар адам, қыздарына әдеп үйретіп, ең жақсы әдеппен тәрбиелеген болса, олар оны оттан қорғайтын перде болады,-деді. Күйеуге шыққан болса, күйеуіне онымен жақсы қарым-қатынас жүргізуін бүйыр ды. Бұл - Исламның әйел затына деген құрметі. Құранда: Олармен жақсы қатынаста болыңдар, - деп бұйырылған. Егер әйел ана дәрежесіне жетсе, Ислам жәннатты оның аяғының астында деп тұсіндіреді. Пайғамбарымыз Жәннат - аналарыңның аяқтарының астында, - дейді. Ислам әйелді асырау мен оны қаржыландыру міндетін күйеуінің мойнына жүктеді. Күйеуі әйелінің материалдық және рухани қажеттіліктеріне шариғаттың шеңберіне сай көңіл бөлуі қажет. Ислам әйелге қалыңдық сыйын иемдену құқығын, мұрагерліктен өз ұяесін иемдену құқығын, сауда-саттықпен айналасу құқығын, келісім-шарттарға отыру құқығын, меншік иесі болу құқығын берді. Күйеуі әйелінің қамқоршысы болғандықтан, оның білімінің, ақыл-ойының, құлшылығының, жүріс-тұрысының, туған-туыстарымен қатынасының, мінез-құлығының, көрші әйелдермен араласуының Ислам тәлімдеріне сай болуын қадағалауға толық құқылы.
Әйелдің міндеттері:
1. Шариғаттың алдындағы міндеттерін өтеуі қажет.
2. Күйеуіне бағынуы. Пайғамбарымыз с.а.с. Егермаған бір адамның екінші бір адамға сәжде қылуын бүйыруыма рұқсат берілген болса, сөзсіз мен әйелдің күйеуіне сәжде қылуын бүйырар едім,-деген.
3. Әйел адам үй-іші мен оның аясында өсіп жатқан балаларының дұрыс тәрбиесі үшін жауапты. Пайғамбарымыз с.а.с. ...әйел - күйеуінің үйі мен баласына қамқоршы...,-деп ескерткен.
Әйелдің өзіне ғана тән қызметі:
Аллаһ тағала әйелді жұбай әрі ана болатындай табиғатпен жаратты. Оның бойына сағыныш пен аяныш сезімдерін ұялатты. Оған бала тәрбиелеу қабілетін сыйлады. Әйелдің негізгі қызметі - күйеуі үшін оның көзінің қарасындай жұбай болу, балаларына мейірімді ана болу, оларға жақсы тәрбие беру.
Бала тәрбиесі далада немесе балабақшаларда емес, үйдің аясында атқарылады. Бұл маңызды қызметке ана өзіндегінің бәрін салмаса болмайды. Ислам діні бұл үшін әйелге бүкіл мүмкіндікті берді. Күнделікті тіршілікке қажетті қаржы табуды оның мойнынан алып, тұгелімен күйеуіне жүктеді. Сондықтан аса қажетті жағдай болмаса әйел адамның үйден тыс жерде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ТАРИХЫНДАҒЫ ӘЙЕЛ МӘРТЕБЕСІ
Исламдағы әйел кісінің алатын орны
Исламдағы әйел мәселесі
Исламдағы әйел мәселесі және қазіргі қоғам
Еркекті адам ететін әйел
М. ДУЛАТОВ МҰРАЛАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ФИЛОСОФИЯСЫ
Некені бұзу және ажырасу түсінігі
Шығыстық қисса - дастандардың табиғаты
Қазақ халқындағы неке және оның түрлері
Қазақтың әдет-ғұрып құқығындағы қылмыс пен жаза түсінігі
Пәндер