Озон қабатын қорғау



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Тақырып - - - - - - - - - - - - - - - Озон қабатын қорғау

Жоспар
Кіріспе
1. Ортақ міндеттемелер мен анықтамалар
2. Озон қабатын қорғау туралы Вена конвенциясы
3. Озон қабатының бұзылуы
Қорытынды

Кіріспе
Озон қабаты өзгеруiнiң адамның денсаулығы мен айналадағы ортаға ықтимал қатерлi ықпалын түсiнiп, Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Айналадағы орта жөнiндегi бағдарламасының озон қабаты жайындағы iс-қимылдың бүкiл дүниежүзiлiк жоспарын ескерiп, сондай-ақ қазiрдiң өзiнде ұлттық және халықаралық деңгейлерде қабылданған озон қабатын қорғау жөнiндегi сақтану шараларын ескерiп, озон қабатын адам қызметiнiң салдарынан болатын өзгерiстерден қорғау жөнiндегi шаралардың халықаралық ынтымақтастықты ғылыми-техникалық пайымдауларға негiзделуге тиiс екенiн түсiнiп, сондай-ақ озон қабаты туралы, әрi оның ахуалының өзгеруiнiң ықтимал терiс зардаптары туралы қосымша ғылыми мағлұматтар алу үшiн бұдан былай да зерттеулер мен үздiксiз байқаулар жүргiзу керек екенiн түсiнiп, адамдардың денсаулығы мен айналадағы ортаны озон қабатының жағдайындағы өзгерiстердiң қолайсыз ықпалынан қорғауға бекем бел байлады.
Қазақстандағы тәуелсiздiк жылдары экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң мүлде жаңа мемлекеттiк жүйесiнiң құрылуының және қалыптасуының, Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы атқарушы органдардың жақсы ұйымдастырылған және аумақтық таралған жүйесiн - қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалануды басқарудың жылдары болды. Бұл қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыруды және дәйектi iске асыруды қамтамасыз еттi.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негiздерi Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 30 сәуiрдегi өкiмiмен мақұлданған экологиялық қауiпсiздiк тұжырымдамасына енгiзiлiп, онда өтпелi кезеңнiң экологиялық басымдықтары, атап айтқанда, жекешелендiрудiң экологиялық проблемалары, табиғат қорғау заңнамасының, мемлекеттiк бақылау және сараптаманың, табиғат пайдаланудың экономикалық тетiктерiнiң, қоршаған орта мониторингiнiң жүйесiн құру қажеттiлiгiнiң мәселелерi қарастырылған болатын.
Ұлттық экономиканың барлық салаларын реформалау табиғи ресурстарды пайдалануға көзқарастардың өзгеруiне, қоршаған ортаны сақтауды ескере отырып, әлеуметтiк-экономикалық дамуды жүзеге асыруға негiз болды.

1.Ортақ міндеттемелер мен анықтамалар
Тараптар адам денсаулығы мен айналадағы ортаны озон қабатының жәйiн өзгертетiн немесе өзгертуге қабiлеттi адам қызметiнiң салдарынан болатын немесе болуы ықтимал қолайсыз зардаптарынан қорғау үшiн осы Конвенцияның және өздерi қатысушылар болып отырған қолданылып жүрген хаттамалардың қағидаларына сәйкес тиiстi шаралар қабылдайды.
Осы мақсатпен Тараптар қолдарындағы құралдармен және өздерiнiң мүмкiндiктерiне сәйкес:
а) адам қызметiнiң озон қабатына ықпалын және озон қабаты жәйiнiң өзгеруiнiң адам денсаулығы мен айналадағы ортаға жасайтын залалын тереңiрек пайымдап, бағамдау үшiн жүйелi байқаулар, зерттеулер жүргiзу және ақпараттар алмасу жолымен ынтымақтасады;
b) мұндай қызмет озон қабатының жағдайын өзгертiп немесе өзгерту мүмкiндiгiн туғызып, қолайсыз ықпал жасайтын немесе жасауы мүмкiн екенi анықталған болса, өздерiнiң заңдық аясын немесе бақылауына жататын адам қызметiн бақылау, шектеу, қысқарту немесе оған жол бермеу үшiн заң немесе әкiмшiлiк шараларын қабылдайды және тиiстi бағдарламалық шараларды келiсiп алу үшiн ынтымақтасады;
с) хаттамалар мен қосымшалар қабылдау мақсатында осы Конвенцияны орындау үшiн келiсiп шаралар, ресiмдер мен стандарттар әзiрлеу үшiн ынтымақтасады;
d) Конвенцияны және өздерi қатысушылары болып отырған хаттамаларды тиiмдi орындау мақсатында құзырлы халықаралық органдармен ынтымақтасады.
Осы Конвенцияның қағидаларды қайткенде де тараптардың халықаралық хұқыққа сәйкес жоғарыдағы 1 және 2 тармақтарда көзделген шараларға қосымша мемлекеттiк iшкi шаралар қабылдау құқығына қатысты болмайды; бұлар сондай-ақ мұндай шаралар осы Конвенцияның шеңберiндегi олардың мiндеттемелерiмен қабысатындай Тараптар қабылдап қойған қосымша мемлекеттiк iшкi шараларға қатысты болмайды.
Озон қабаты планетаның шекаралас қабатындағы атмосфералық озон қабатын бiлдiредi.
Қолайсыз ықпал физикалық ортадағы немесе тiршiлiктегi өзгерiстердi бiлдiредi, бұған адамның денсаулығы үшiн немесе табиғи және реттелмелi экожүйелердiң қалпына келтiрушi қабiлетiнiң немесе өнiмдiлiгiнiң құрамы үшiн немесе адам пайдаланатын материалдар үшiн едәуiр зиянды залалы бар климаттағы өзгерiстер қосылады.
Баламалық технологиялар немесе жабдық озон қабатына қолайсыз ықпал жасайтын немесе жасауға қабiлеттi заттардың тасталуын азайтуға немесе мүлде жоюға мүмкiндiк беретiн технологиялар немесе жабдықты бiлдiредi.
Баламалық заттар озон қабатына қолайсыз ықпалды азайтатын, жоятын немесе болдырмайтын заттарды бiлдiредi.
Бас әрiппен жазылған Тараптар, егер мәнiнде басқаша айтылмаған болса, осы Конвенцияның Тараптарын бiлдiредi.
Экономикалық ынтымақ жөнiндегi аймақтық ұйым осы аймақтың егемендi мемлекеттерi құрған, әрi осы Конвенциямен және оған қосылған хаттамалармен реттелетiн мәселелерде құзырлығы бар, әрi оның iшкi ресiмдерiне сәйкес тиiстi құжаттарға қол қоюға, бекiтуге, қабылдауға, мақұлдауға немесе соларға қосылуға лайықты өкiлдiгi бар ұйымды бiлдiредi.

2.Озон қабатын қорғау туралы Вена конвенциясы
Зерттеулер және жүйелi байқаулар Тараптар тиiстi тәртiппен мына мәселелер бойынша:
Озон қабатына ықпал жасауы мүмкiн физикалық және химиялық процесстер; озон қабаты жағдайындағы өзгерiстен, әсiресе тiрi организмдерге әсер ететiн әзiрге күлгiн сәулелерiнiң (ОК-Б) өзгеруiнен туындайтын адам денсаулығына жасалатын әсерлер мен басқа да биологиялық зардаптар; озон қабаты жағдайындағы өзгерiстiң климатқа әсерi;озон қабаты жағдайындағы кез-келген өзгерiстердiң және ОК-Б сәулелерi шағырмақтылығын бұдан былай кез келген өзгеруiнiң адам пайдаланатын табиғи және жасанды материалдарға ықпалы; озон қабатына ықпал өте алатын заттар, жұмыс тәжiрибесi, процесстер мен қызмет түрлерi, әрi олардың жинақтала келе жасайтын ықпалы; тиiстi әлеуметтiк-экономикалық мәселелер; сондай-ақ I және II қосымшаларда егжей-тегжейлi қаралып отырған басқа да мәселелер бойынша зерттеулер мен ғылыми бағамдаулар ұйымдастыруға және оларды өткiзуге тiкелей немесе халықаралық құзырлық органдар арқылы ынтымақтасуға мiндеттенедi.
2. Тараптардың өздерi немесе халықаралық құзырлы органдар арқылы ұлттық заңдарды және ұлттық деңгейде, сондай-ақ халықаралық деңгейде жүргiзiлетiн қызметтiң осындай саласын толық ескере отырып, озон қабатының жағдайына және басқа да тиiстi көрiнiстерiне, I қосымшада көзделгендей, жүйелi бақылау жасаудың бiрлескен немесе бiрiн-бiрi өзара толықтырып отыратын бағдарламалары жүргiзiлуiне жәрдемдесуге немесе жүргiзуге мiндеттенедi.
3. Тараптар зерттеу деректерiнiң жинақталуын, тексерiлуiн және тиiстi халықаралық деректер орталығы арқылы тұрақты түрде әрi уақтылы берiлiп тұруын қамтамасыз етуде тiкелей немесе халықаралық құзырлы органдар арқылы ынтымақтасуға мiндеттенедi.
Конвенция Тараптары басты ғылыми проблемалары мыналар деп таниды:
а) озон қабатының өзгеруi, соның салдарынан күннiң тiрi организмдерге ықпал ететiн және Жер бетiне жететiн әсеркүлгiн (ОК Б) сәулеленуiнiң шоғырлылығының өзгерiске ұшырау мүмкiндiгi, әрi адам денсаулығы, организмдер экожүйелер мен адам пайдаланатын материалдар үшiн ықтимал зардаптары;
б) озонның атмосфераның температуралық құрылымын бұзуы мүмкiн тiк бетiнiң өзгеруi, әрi ауа райы мен климат үшiн ықтимал зардаптары.
2. Конвенция Тараптары 3 бапқа сәйкес мынадай салаларда зерттеулер мен жүйелi байқаулар жүргiзуде және бұдан былайғы зерттеулер мен байқаулар туралы ұсыныстарды тұжырымдауда ынтымақтасады бұл салалар:
а) Атмосфераның физикасы мен химиясын зерттеу
I) кешендi теориялық модельдеу, радиациялық, серпiндi және химиялық процесстердiң бiрлескен әрекетiн қарастыратын модельдердi одан әрi әзiрлеу, атмосферадағы озонға адам қолымен жасалған және табиғаттағы әртүрлi заттардың бiр мезгiлдегi әсерiн зерделеу;
жер серiктерiнен және жердегi қондырғылардан алынған телеметрикалық өлшеулердiң деректерiн екшеу;
атмосфералық және геофизикалық сипаттардың қозғалмалылығын бағалау және осы сипаттардың өзгеру себептерiн анықтау тәсiлдерiн әзiрлеу;
II) тропосфералық және стратосфералық химиялық және фотохимиялық процесстердiң өзгеруiнiң, сiңiру қимасының және өзара әрекет жасауының коэффициенттерiн лабораториялық өлшеу; спектердiң барлық тиiстi учаскелерiнде далалық өлшеулердi бекiтуге арналған спектроскопия деректерi;
III) далалық өлшеулер: табиғи, сондай-ақ антропаген тектi негiзгi әуелгi газдардың шоғырлануы мен ағыстарын зерделеу; атмосфераның құбылуын зерделеу; in situ датчиктерiн және қашықтан басқару датчиктерiн пайдалана отырып, жер атмосферасы шекарасынан биiктегi фотохимиялық тектес объектiлерiн мезгiлде өлшеу; жер серiгi аппаратурасына арналған номенклатураны үйлестiру мен бiрегейлендiрудi қоса әртүрлi нүктеден және әртүрлi аспаптардан алынған деректердi салыстыру; атмосфералық қосымшалардың, негiзгi iзiнiң, күн радиациясының спектрлiк ағысы метеорологиялық сипаттардың үш өлшемдiк бейнесiн алу;
IV) атмосфералық қосындылардың iзiн, күн радиациясының ағысы мен метеорологиялық параметрлердi өлшеу үшiн жер серiгiндiк және серiгiндiк емес датчиктердi қоса аспаптар әзiрлеу;
С. Климатқа ықпалды зерттеу
I. Озонның және басқа микроэлементтердiң радиациялық ұтырына және құлық пен мұхиттардың бетiнiң температурасы, жауын-шашынның түрi, тропосфера мен стратосфера арасындағы алмасу сияқты климат сипаттамасына әсерiн теориялық зерттеу мен байқау жүргiзу;
II. Климаттың осындай өзгерiстерiнiң адам қызметiнiң әрқилы түрлерiне әсерiн зерттеу;
d) Мыналарды жүйелi түрде:
I. Озон қабатының жағдайын (озонның жалпы құрамының және тiк бiтiмiнiң кеңiстiктегi және уақыт аралығындағы өзгермелiлiгi) байқаудың жер серiгiндiк және жердегi жүйелерiн топтастыруға негiзделген озон қабатын байқаудың ауқымдық жүйесiн түпкiлiктi iске қосу жолымен байқау;
II. Тропосфера мен стратосферадағы әуелгi газдардың шоғырлануын, олардағы НОх, NOx пен CIOx құрамына сондай-ақ көмiртегiлiк қоспаларды байқау;
III. жердегi, сондай-ақ жер серiгiндiк жүйелердi пайдаланып, жер бетiнiң мезосфераға дейiнгi температурасын байқау;
IV. жер серiгiнен алынған деректердi пайдаланып, жератмосферасына жететiн күн радиациясы ағысы толқынының құрамын, онытастап шығатын жылу сәулесiн байқау;
V.спектрдiң әсiре күлгiн бөлiгiнде жер бетiне дейiн жететiн және тiрi организмдерге (ОК-Ф) әсер ететiн күн радиациясы ағысының толқындық құрамын байқау;
VI.байқаудың жердегi, ұшақтық және жер серiгiндiк жүйелерiн пайдаланып, жер бетiнен мезосфераға дейiнгi қабаттағы аэрозолдердiң қасиеттерiн және таралуын байқау;
VII. жоғары сапалы метеорологиялық үстiңгi өлшеулердi жүзеге асыру негiзiнде климатология үшiн зор маңызы бар ауыспалылықтарды байқау;
VIII. аумақтық деректердi саралаудың неғұрлым жетiк әдiстерiн пайдалан отырып, микроэлементтердi, температураны, күн радиациясының ағысын және аэрозолдердегi байқау.
3. Конвенция Тараптары дамушы елдердiң айырықша қажеттiлiктерiн ескере отырып, осы қосымшада көрсетiлген зерттеулерге және жүйелi байқауларға қатысуға қажеттi сенiмдi ғылыми-техникалық әзiрлiктi көтермелеу жөнiнен ынтымақтасады. Салыстырмалы немесе жүйеленген деректер түзу үшiн аспаптарды қайшыластыра дәлелдеу мен әдiстердi келiсiп алуға айырықша назар аудару қажет. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Атмосфераның озон қабатының Жердегі тіршілікті сақтаудағы маңызы
Озон қабатының бұзылуы
Ғаламдық экологиялық проблемалар. озон қабаты
Озон қабатын құртатын заттар
Қазақстан Республикасының Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль Хаттамасына қосылуы туралы
Химиялық заттардың әр түрлі ортада таралуы
Озон қабатының жұқаруы туралы Вена конвенциясы
Вена конвенциясы
Озон қабатының бұзылуы. Парниктік эффект
Озон қабатының бұзылу салдары
Пәндер