АЛМАТЫ – ТАШКЕНТ –САМАРҚАНД – БҰҚАРА –ТАШКЕНТ – АЛМАТЫ МАРШРУТЫ БОЙЫНША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ПРАКТИКАДАН ӨТУ ЕСЕБІ



Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
География факультеті
Туризм кафедрасы

АЛМАТЫ - ТАШКЕНТ - САМАРҚАНД - БҰҚАРА - ТАШКЕНТ - АЛМАТЫ МАРШРУТЫ БОЙЫНША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ПРАКТИКАДАН ӨТУ ЕСЕБІ

Орындаған: Кожаназар Арна
Габельбаева Юлдуз
Сарсенбаев Даурен
Сағындық Жұлдыз
Мұсаева Айгуль
Кланкозова Жанар
Хасен Жандос
Оралжан Аманхан
Барманбеков Азамат
Қанат Айнұр

Қабылдаған: Сабиров Д.З.

Алматы,2010
Өзбекстан Республикасы

(Узбекистон) -- Орта Азиядағы республика. Солтүстігінде және солтүстік-батысында Қазақстанмен, шығысы мен солтүстік-шығысында Қырғызстанмен, Тәжікстанмен, оңтүстік-батысында Түрікменстанмен, оңтүстігінде Амудария өзен арқылы Ауғанстанмен шектеседі. Солтүстік жағы Арал теңізімен шайылады. Өзбекстан 1924 жылдың 27 қазан айында құрылды. Жері - 447,4 мың км2. Астанасы -- Ташкент қаласы.

1-сурет. Өзбекстан Республикасы

Мемлекеттік құрылысы. Өзбекстан - Орта Азиядағы дамушы елдердің бірі. Мемлекет басшысы - президент. Президенті - Ислам Каримов. Премьер министрі - Шавкат Мирзиоев. Ресми тілі - өзбекше. Халқыныі саны - 2005 жылғы санақ бойынша 26 593 000 адам. ЖІӨ - $50,395 млрд (74-ші), жан басына шаққанда 1 920 (145-ші). Ұлттық пұлы - өзбек сомы.
Табиғат өңірі жер бедері жөнінен -- солтүстік-батыс жазық және оңтүстік-шығыс таулы бөліктерге бөлінеді. Жазық жағын Қызылқұм шөлі, Үстірт, Тұран ойпаты, Амудария атырауы алып жатыр. Таулы өлке Шатқал, Құрама, Ферғана, Алай, Зеравшан, Түркістан т. б. жоталардан құралады; бұлардың аралықтарында Ферғана, Зеравшан, Шыршық-Ангрен, Қашқадария, Сурхандария т. б. аңғарлар орналасқан.
Өңір территориясының геология құрылысында жасырын және кайнозой жыныстарының жиынтығы кеңінен тараған. Бұл өңірдің мезозойға дейінгі, мезозой-палеогендік, неоген-антропогендік мезгілдегі геол. құрылысы әр түрлі болды. Мезозойға дейінгі ершеліктері негізінде Өңір жері 4 геоқұрлымдық элементке ажыратыла, Байсұн қатпарлы массиві (Бай құрылымдық-формациялық зонад тұрады); 2. Оңтүстік Тянь-Шань (Ал Көкшаал) қатпарлы жүйесі (Караптыр, Оңт. Бұқантау, Түркістан-Ал Зеравшан-Түркістан, Зеравшан-Алг Оңтүстік Гиссар және Сурматаш зоналары); 3. Орта Тянь-Шань қатпар массиві (Қаратау-Нарын және тау-Құрама зонасы); 4. Үстірт құрлымдық-формациялық зонасы қабаты континенттік және теңдік терриген-карбонат жыныстард түзілген. Геосинклинальдық сипат б: мезгілде Оңтүстік Тянь-Шань жүйесіні байқалады. Ордовикте құмдытақ тасты шөгінділер қалыптасқан.

Ташкент қаласы

Ташкент (өзбекше: Toshkent, Тошкент, орысша: Ташкент) -- Өзбекстанның елордасы, Ташкент уалаятының әкімшілік орталығы. 2006 жылы қаланың ресми түрде тіркелген тұрғын саны 2.1 миллион болды, бейресми деректер бойынша 3 миллионға жетті.
Орта ғасырлар заманында қала Чач деп аталды. Кейінірек ол Чач қаласы деген мағына беретін Чачканд деп атала бастады. Канд, қанд, кент, кад, кат, куд, осы жалғаулардың бәрі көне парсы тілінен алынған, ол қала дегенді білдіреді. Мысалы, Самарқанд, Жаркент, Пенжикент сияқты қалалардың аттары осылай пайда болған.
16-шы ғасырдан кейін Чачканд деген атау Ташканд деген түрге өзгерді. Түсініксіз ескі атауына қарағанда жаңа атау (Тас қала) халық этимологиясының арқасында түсініктірек бола бастады. Ташкент деген түрі орыс тілінің әсерінен қалыптасқан.
Орналасуы. Ташкент қаласы Тянь-Шань тауларының батыс етектеріне жапсарлас жатқан сулы жазықтықта, Шымкент-Самарқан жолының бойында орналасқан. Ташкенттің маңында Шыршық өзені тағы бірнеше өзендермен қосылады, сондықтан қаланың өзі қалың (15 метрге дейін) аллювийлі шөгінді жыныстардың үстінде жайғасқан. Тектоникалық жағынан Ташкент өте белсенді жерде тұр, сондықтан жердің сілкінулері сирек емес. 1966 жылы болған зілзаланың күші Рихтер кестесі бойынша 7.5-ке жетті. Ташкент уақыты Гринвич уақытынан 5 сағат алда (UTCGMT +5). Ташкенттің орналасу координаттары: 41°18′N, 69°16′E
Тарихы. Ташкент қаласы Шыршық өзенінің бойындағы, Гүлістан тауларының етегіндегі шұраттағы (оазис) елді мекен ретінде пайда болған. Көне замандарда осы жерде Бейтиан, Кангюй конфедерациясының жазғы астанасы орналасқан.
Чач патшалығының б.з.д. 5-ші-3-ші ғасырларда соғылған басты қаласының қамалының пішіні төртбұрышты болған, ол Сырдария өзенінен 8 километр оңтүстікте орналасқан. Б.з. 7-ші ғасырында Шаш патшалығында шамамен 30 қала мен 50 шақты каналдың желісі болған, соның арқасында ол соғдылықтар мен түркілердің арасындағы сауда орталығына айналды. 8-ші ғасырдыцң алғашқы бөлігінде қала мұсылмандардың билігіне өтті.
Суанзаң қаланың атын Че-ши деген түрде жазып қалдырды. Қытайдың Суйшу, Бейшу және Таншу деген жылнамаларында 5-ші ғасырдан бері Ши немесе Чеши атты бір иеліктің болғаны туралы айтылған [Бичурин, 1950. II т.]
Самани әулетінің заманында қаланың аты Бинкат деген түрге енді. Алайда арабтар Бинкаттың айналасындағы аймақты Чач деген ескі атауымен атай берді. Қаланың қазіргі Ташкент (Тас қала) деген түркі тіліндегі атауы Қарахандар әулеті билік жүргізген 10-шы ғасырдан бері белгілі.
Хорезмдіктер қаланы 1214 жылы тонады, бірақ Шыңғыс ханның әскерлері 1219 жылы оны қайтара тонады. Өзбектер, қазақтар, парсылар, моңғолдар, ойраттар мен қалмақтар қалаға оқтын-оқтын шабуыл жасап тұрса да, Ақсақ Темір әулеті және одан кейінгі Шайбан әулетінің билігінің кезінде қала қайта жанданып, өркендей түсті.
1809 жылы қаланы Қоқан хандығы қосып алды. Ол кезде Ташкенттің халқы 100 000-ға жетіп, ол Орталық Азияның ең бай қаласы болып саналатын. Қала Ресеймен жасалған сауданың арқасында байи берді, бірақ Қоқанның салған салықтары оған ауыр болды. Оның үстіне Ташкенттің дінбасылары Қоқаннан гөрі Бұхараның дінбасыларына оң көзбен қарайтын. Бірақ Бұхараның әмірі бұл жайтты пайдаланып үлгірмеді -- орыс әскерлері келіп қалды.
1865 жылдың мамыр айында генерал Черняев қалаға түнгі шабуыл бастады. Қаланың қабырғаларының ұзындығы 25 километр болып, 11 қақпасы, қорғаушыларының саны 30 000 болды. Бұл шабуыл патшаның бұйрығына қарама-қайшы жасалды, оның үстіне Черняевтың әскерлері қаланың қорғап жатқандардікінен 15 есе аз болатын. Кішкене арнайы топ бір жерден шабуыл жасап жатқан кезде басты күш қаланың қамалы арқылы басып кірді, оларды бастаған қолында қресінен басқа түгі жоқ орыс православ священнигі бастап жүрді. Ресей әскері қаланы екі күндік кескілескен ұрыстан кейін қолға түсірді. Орыстың тек 25 жауынгері ғана, қала қорғаушыларынан бірнеше мың адам қаза тапты, солардың арасында -- Қоқан хандығының билеушісі Әлімқұл да бар. Қаланың ақсақалдарынан Ташкент арыстаны деген лақап алған Черняев жергілікті тұрғындардың сеніміне ие болудың шараларын жүзеге асыра бастады. Ол қала халқын бір жылға алым-салықтардан босатты, қаланы қарусыз аралап, көше мен базарларда жай халықпен тілдесті. Ол өзін Ташкенттің әскери басқарушысы етіп тағайындап, ІІ-ші Александрға қаланы Ресейдің қол астындағы тәуелсіз хандық етуге кеңес берді.
Патша Черняев пен оның қарамағындағы адамдарға марапат пен сый-сыяпаттарды үйіп-төкті, бірақ Черняевтың тұрақсыз мінезін еске алып, көп ұзамай оны генерал фон Кауфманмен алмастырды. Ташкентке тәуелсіздік берілмек түгілі, ол жаңадан құрылған Ресей Түркістаныны аймағының орталығына айналдырылып, фон Кауфман соның бірінші генерал-губернаторы болып тағайындалды. Ташкенттің жанында орыс поселениесі құрылып, орыс қоныстанушылары мен саудагерлері ағыла бастады. Ресей мен Құрама Патшалықтың арасындағы Үлкен ойын атты Орталық Азияның үстінен билік үшін тайталастың кезінде Ташкент тыңшылықтың орталығына айналды. 1889 жылы Каспий темір жолы салынып, оны салған теміржол жұмысшылары Ташкентте қоныстанды. Бұл 1917 жылғы Қазан революциясына алғышарттар дайындады.
20-шы ғасырдағы тарихы. Ақпан төңкерісінен кейін жарияланған Ресей Уақытша Үкіметі Ташкентте өз билігін орнатуға тырысты. Бірақ ол көпке ұзамады, жергілікті мұсылман қарсылығы жойылды. 1918 жылғы сәуірде Ташкент Түркістан Автономиялық Кеңес Социалистік Республикасының (Түркістан АКСР) орталығы болып жарияланды. Бұл жаңа үкімет ақтардың, басмашылардың және ішкі жауларының шабуылдарына ұшырады. Ташкент 1924 жылы жаңадан ұйымдастырылған Өзбек КСР-ның үлесіне тиді, ал 1930 жылы Самарқандтың орнына Өзбекстанның астанасына айналды.
20-шы-30-шы жалдары қаланың өнеркәсібі қарқындап дами бастады, бірақ Ұлы Отан соғысы кезінде батыс аудандардан өнеркәсіп орындарының жаппай КСРО-ның шығыс аудандарына көшірілуінің арқасында ерекше қарқынмен дамыды. Сол арқылы қаланың орыс тілді тұрғындарының саны да қатты өсті, соғыс аймақтарынан шамамен 1 миллион адам көшірілді. Орыстардың саны Ташкент тұрғындарының жартысына жетті (Үлгі:Fact).
1966 жылғы сәуірдің 26-сында Ташкентте жойқын жер сілкіну болды (Рихтер кестесі бойынша 7.5 балл). 300 000-нан астам адам үйсіз қалды.
1991 жылы Кеңес Одағы ыдыраған кезде Ташкент Кеңес Одағындағы тұрғын саны жағынан 4-ші орында тұрған қала, білім беру, ғылым және техниканың ірі орталығы еді.
Ташкент сол кезде басқа кеңес қалаларынан айырмашылығы шамалы болды, өзінің 2000 жылдан астам тарихының немесе Ұлы Жібек Жолының бойындағы маңызды қала болғандығын айғақтайтын орындар аз еді. Қазір Ташкент Өзбекстанның ең көп ұлттар тұратын қаласы, орыс тұрғындарының саны әлі де елеулі. Ташкенттің көшелерін жағалай ағаш көп отырғызылған, қалада фонтандар мен саябақтар көптеп кездеседі.
1991 жылдан бері қаланың экономикасы, мәдениеті мен сырт көрінісі зор өзгерістерге ұшырады. Тарихтағы ең биік Ленин ескерткіші Өзбекстанның картадағы бейнесі сызылған глобус ескерткішімен алмастырылды. Кеңес заманында соғылған ғимараттармен бірге жаңа, осы заманғы ғимараттар пайда болды.
2007 жылы тарихи құндылығы бар мешіттер мен басқа діни ғимараттары көптеп кездесетіндіктен Ташкент Ислам дүниесінің мәдени астанасы болып жарияланды.

Қаланың көрнекті орындары
1917 жылғы төңкерістен кейінгі болған өзгерістердің нәтижесінде және әсіресе 1966 жылғы жер сілкінуден кейін Ташкент көптеген дәстүрлі сәулеттік мұраларынан айырылды. Алайда онда мұражайлар және кеңес дәуірінің ескерткіштері көптеп кездеседі.
Әлішер Навои атындағы орталық парк
Өткен ғасырдың отызыншы жылдары Орта азия халқтарының аса белсенділік танытуымен ерекшеленді. Осы уақытта көптеген парктер салынды. 1932 жылы қазіргі Алмазар көшесінің маңынан құрылысы 1937 жылы аяқталған парк салынған еді. Қазір бұл парк шығыстың ұлы ақыны мен ағартушысы алишер Навоидің атында. Парктің көлемі - 65га, пак су алаңының аумағы - 9га.

Парк және оған тиесілі аймақ Олий Мажлис (Парламент) ғимаратының маңында орналаса отырып, халықтың терең тарихының болашақпен жалғасып жатқан бір керект кешеін құрайды. Әлішер Навоидің ескерткішіне келген жастар өздерінің бірлескен өмірін дәл осы жерден бастайды.
Парктың ауасын жайқалған раушан бақтары мен жасанды көлдер ерекшелеп тұрады.

Кукельдаш медресесі(1568-1569жж.)
Кукельдаш медресесі 16ғасыр ескерткіші болып табылады.2 Абдулла хан басқару кезінде Бұхарадағы ең үлкен медреселердің бірі болып табылды.Медресе екі қабаттан,160худжрдан тұрады.Бұл жерде орта азияның атақты жазушыларының бірі Садраддин Айни оқыған.Бұл медресе күйдірілген кірпіш пен және ганчтан құйылған.Ең қиыны жұлдыз тәрізді плафондардан құрылған.Негізгі өзіне тән және бас ерекшелігі Ляби хаузуға бағытталған.Бұл медресе вестибюль мен дарсханнан тұрады.Бұл мешіт іші тарлау келеді.Өткелдерін екі үлкен залға бөлінеді.Қақпадан мешітке дейін,мешіттен мешіт ауласына дейін әр түрлі оюмен өрнкетелген ағаш есіктерден тұрады.
Чорсу базары
Көкілдаш медресесінің жанында орналасқан бұл базар Ташкенттің ескі қаласының орталығы. Қалаған нәрсеңнің бәрін осы базардан табуға болады.

Телашаях мешіті
Құранның сақталып отырған ең ескі көшірмесі Осман құраны осы жерде сақталған. Өлтірілген халиф Османның қаны құйылған бұл 655 жылғы Құранды Самарқандқа Ақсақ Темір алып келген, кейін оны орыстар әскери олжа ретінде алып, Сән-Питерборқа әкеткен. Ол 1989 жылы Өзбекстанға қайтарылды.
Жүніс хан мазары
19-шы ғасырда қалпына келтірілген бірқатар 15-ші ғасыр мазарлары. Солардың ең үлкені -- Моғол империясының негізін қалаушысы Бабурдың үлкен атасы Жүніс ханның мазары.

Тәуелсіздік алаңы немесе Мустакиллик
Мустакиллик алаңы (бұрыңғы кафедралды алаң) - бүкіл Кеңес Одағының ең үлкен алағы болып саналатын. Бұл қаланың ең асем де тартымды орындарының бірі. айнала қаланың маңызды ғимараттарымен қоршалған.

Алаңның шығысында Ұлы отан соғының құрбандарын еске алу орны жасалған. Соғыста қайтыс болған барлық адамдардың тізімі алтын түстес металға жазылып, кітап ретінде қойылған. Мұнда шетелден әкелінген мыңдпаған ағаш түлері өсірілген. Тауды бұзылудан сақтайтын шынар ағашы ерекше көзге түседі. Сәл жоғары жүрсек, мәңгілік алау жанып тұр. Мустакиллик алаңында шар тәріздес монумент қойылған. Онда Өзбекстанның жері көрсетілген. Шар алдында ана баласын құшақтап отыр. Ол ұрпақтар жалғасып жатқандығын білдіреді. Одан бөлек, жартылай ай тәрізді биік арка орнатылған. Оның құзар басында аист құсының мүсіні бар. Ол қорғаушы құс ретінде саналады. Маңында фонтандар және Мустакиллик станциясы бар.

Әлішер Науаи атындағы опера және балет театры

Үлкен Науаи театры

Бұл ғимарат -- Мәскеудегі Ленин мавзолейінің авторы сәулетші Алексей Щусевтің жобасы бойынша 1940-1947 жылдары салынған. Оған дейін сол орында Воскресенск базары орналасқан болатын. 1947 жылдың қараша айында Әлішер Науаидың 500-жылдығы аталып жатқан кезде театр салтанатты түрде ашылып, оған ұлы ақынның аты берілді.
Театрдың көрермендер залының сыйымдылығы 1400 адам, сахнасының ауданы 540 шаршы метр. Көрермендер залының екі жағында үш қабатта орналасқан алты фойе сол кезде Өзбек КСР-інің құрамында болған алты облысқа бағышталған: Ташкент, Самарқанд, Бұхара, Термез, Хиуа және Ферғана облыстарына. Театр ғимаратының залдарын әрлендіру үшін сәулетші әр облыстан шеберлерді шақырды. Осы театрды жасағандағы сіңірген еңбегі үшін Щусев 1948 жылғы КСРО мемлекеттік сыйлығын алды.
1940 жылы басталған құрылыс жұмыстары соғыстың басталуымен тоқтап, 1943 жылы жалғасты. Соғыстан кейінгі жылдары театр ғимаратының құрылысы негізінен сол кезде Ташкентте болған жапон соғыс тұтқындарының күшімен жүргізілді.

Қолданбалы өнер мұражайы
Бұл музей патша заманындағы бір бай дипломат үшін салынған үйде орналасқан. 19-шы-20-шы ғасырдың қолданбалы өнер туындыларының жиынтығынан гөрі үйдің өзі көбірек назар тартады.

Қолданбалы өнер мұражайы

Әмір Темір мұражайы

Әмір Темір мұражайы

Тәуелсіздік сквері немесе Амір Темір Паркі (бұрынғы Ленинский) қаланың тура орталығында орналасқан. Осы маңнан Өзбекстанның ең ірі мейрамдары мен парадтары өткізіледі. Ол барлық ташкенттіктер мен қала қонақтарының демалатын орны. Скверге бір жағынан Министрлер кабинеті келіп түйіседі, ал екінші жағында мемлекеттік кітапхана мен бірнеше фортандар орналасқан.
Көше бойымен мыңдаған кафелер созылып жатыр. Мұнда сувенирлер сататын дүңгершектер бар, өз суретіңді тапсырыс беріп салдыртып алуға да болады. Көше Әмір Темірдің керемет ескерткішімен бітеді.
Жалтыраған көк күмбезді, іші ерекше көркем әсемделген бұл бір зәулім ғимарат (оң жақтағы фотода бейнеленген). Ішінде көрерменнің назарын Әмір Темір мен Ислам Каримовтың көрмесі өзіне тартады. Мұражайдың сыртындағы бақта салт атты Ақсақ Темірдің ескерткіші орнатылған.
Оң жағында Тимуридтер тарихы атты мемлекеттік мұражай орналасқан.Ол 1997 жылы ашылған болатын.

Ташкент метросы
Ташкент метросы - Өзбекстанның астанасы Ташкенттің қоғамдық көліктерінің бірі, көліктің жер астындағы жүретін түрі.
Бұтақтары мен бекеттері
Ташкент метросы үш бұтақтан құрастырылған. Олар - Шіланзар, Өзбекістан және Жүнісабад бұтақтары.
oo Шіланзар бұтағының бекеттері (атаулары өзбекше берілген):
o Мустакиллик Майдони
o Собир Рахимов
o Чилонзор
o Мирзо Улугбек
o Хамза
o Ёшлик
o Халклар Дустлиги
o Пахтакор
o Марказий хиёбони
o Амир Темур хиёбони
o Хамид Олимджон
o Пушкин
o Буюк Ипак Йули
o Миллий Бог

oo Өзбекстан бұтағының бекеттері (атаулары өзбекше берілген):
o Алишер Навоий
o Узбекистон
o Космонавтлар
o Ойбек
o Тошкент
o Машинасозлар
o Чкалов
o Гофур Гулом
o Чорсу
o Тинчлик
o Беруний
oo Жүнісабад бұтағының бекеттері (атаулары өзбекше берілген):
o Минг урик
o Юнус Раджабий
o Абдулла Кодирий
o Минор Минор
o Бодомзор
o Хабиб Абдуллаев

Тарихы
1977 жылының қарашаның 7-нші жұлдызында Қазан төңкерісінің 60 жылдық мерейтойына ашылған. Бұл Орта Азияның тарихында алғашқы метро. Жер сілкініс болуы қауіпі бар аумағында құрылған. Құрылыста Мәскеуметроқұрылыс демеу жасаған.
1966 жылының Ташкентте болған жер сілкінісіден кейін, 1973 жылында метроның құрылысы басталды.Алғашқы - Шіланзар бұтағының бірінші кезегі ("Сабыр Рахимов" бекетінен "Қазан төңкерісі" бекетіне дейін (қазір бұл бекет "Әмір Темірдің" саябағы деп аталады) 9 бекетінен, электродепосынан және Байланыс үйімен 1977 жылының. қарашаның 6-сында ашылған еді. Оның ұзындығы 12,2 шақырым еді.
Шіланзар бұтағының екінші кезегі ("Қазан төңкерісі" , қазіргі "Әмір Темір саябағы" бекетінен "Максим Горький" , қазіргі "Ұлы Жібек Жолы"("Буюк Ипак Юли") бекетіне дейін) 3 бекеттен құрастырған еді. Оны 1980 жылының тамыздың 18-інде ашты . Кезектің ұзындығы 4,6 шақырым еді. 1980 жылында Шіланзар бұтағы 12 бекеттен құрастырып, оның ұзындығы 16,8 шақырым еді.
1980 жылында екінші бұтағының бірінші кезегінің салуы басталды. Бұл бұтақ Өзбекістан бұтағы еді. Кезек "Науаи" бекетінен "Ташкент" бекетіне шеін созылған еді, 5 бекеттерден құрасылған еді. Кезек 1984 жылының желтоқсан айында ашылды. Кезектің ұзындығы - 5,6 шақырым еді.
Екінші кезек 1987 жылында ашылды, 3,2 шақырым ұзындығымен 2 бекеттен ("Ташауылмаш" ( "Машинасозлар") және "Чкалов") құрастырылған.
1989 жылының қараша айынан бастап, Өзбекістан бұтағының үшінші кезегі жұмыс істеу бастады. Кезек "Ғафур Гүләм" мен "Шорсу" бекетінен құрастырып, оның ұзыңдығы 2,2 шақырым еді. , Соңында, 1990 жылының сәуірдің 30-ында Өзбекістан бұтағының төртінші кезегі ашылды (ұзындығы 3,ә шақырым, 2 бекет "Тинчлиқ" пен "Бируни") Бұтақтың жалпыұзындығы - 31 шақырым, 23 бекет бар.

1988 жылының қыркүйек айында Жүнісабад бұтағының құрылысы басталды. Жүнісабад бұтағы 2001 жылының қыркүйек айының 1 жұлдызында ашылды, оны Өзбекстанның тәуелсіздігінің 10 жылдық мерейтойына ашты. Бұтақта 6 бекет бар, ұзындығы 7,61 км және метрокөпір ("Бадамзар" мен "Хабиб Абдуллаев" бекеттр арасында). Метрокөпір Бозсу тоғаны арқылы телемұнараның жанында өтеді.

САМАРҚАНД

Самарқанд- Өзбекстанның көлемі бойынша екінші орынды иеленіп отырған қала, Самарқанд облысының орталығы. Антикалық әдебиетте Согдиана деген атпен танымал. Екі мың жылдан аса Ұлы Жібек жолының негізгі кілті болатын Халқының саны- 412300 адам. Ұлттық құрамы : тәжіктер, өзбектер, орыс, еврей,ирандықтар. Орналасуы теңіз деңгейінен 702 метр биіктікте. 2001 жылы бұл қала Әлемдік мұра ЮНЕСКО құрамына енді. Қала үш негізгі ауданнан тұрады: Темирюль, Богишамаль, Сиаб. Қаланың жалпы ауданы- 100 кв.км. Самарқанд әлем бойынша ежелгі қалалардың құраына кіреді. Ол б.з.б 742 жылы құрылған болатын. Қаланың ежелгі атауы - Мараканда, мұндай атаумен өздерінің шығармаларында грек жазушылары атап өткен. Олар Квинт Курций Руф, Арриан, Старбон. Көп жылдар бойы ол парсылардың, гректердің, арабтармен шығыс түріктердің қол астында болған. 1220 жылы моңғолдар түгелімен қырып жойып тастаған. 1365 жылы Маулана-задэ, Абу Бекр Келеви және Хурдак Бухари жерін қайта жаңғартуға ат салысады. Темірдің және Тимуридтердің басқару кезінде қала империя астанасы болады. Бұхар кезінде княздық орталық болады. Ол жылдары 1612 жылдан 1656 жылға дейін Ялангтуша Бахадура билікте отырады. 1868 жылы Ресей империясына қосылып Зеравшан округінің орталығына айналады. Октябрь революциясынан кейін қала Түркістан АССР құрамына енеді. 1924-1930 жылдары Өзбек ССР-інің астанасы болады, ал 1938 жылдан бастап Самарқанд облысының орталығы атанады.

Имам аль-Бухари мемориалды кешені

Имам аль-Бухари мемориалды кешені - Самарқанд қаласынан 12 шақырым жерде орналасқан. Имам аль-Бухаридің өзі 9 ғасырда Бухарады туылған, бірақ жерленге және қайитыс болған жері Самарқанд 870 жылы. Ол кішкентай кезінен хадистер жаттап оны жинап соның көбілері шариатқа енгізіліп қолданылуда. Имам 7275 хадис жинаған болатын. 16 ғасырда оның мәйітіне улкен емес мазар орнатқан. Оның жанында мешіт пен чинар салынған. 1998 жылы 1225 жылдықты тойлау арқасында Имамның уылғанг уақыты ежелгі мазардың үстіне мемориалды кешен орнатылды. Архитектуралық кешеннің ауданы-10 гектар.Ұлттық салт дәстүрде қолану негізінде. Кешен мазаран, мешіттен, ұйымдастырушылық ғимараттардан тұрады. Тура орталығында Имам аль-Бухари мазары орналасқан. Бұл ғимарат куб тәрізес және 17 метрлік куполдан тұрады. Есігі оң жақтан дахмаға төмен қарай апарады-жығылу орнына. Оң жақта ашық көктес түсті саганамен жасалған Имамның мәйіті тұр, мәрмәрмен әшекейленген. Сол жағынан ішкі алаңның мешіт орналасқан, оның сыйымдылығы 1500 адам. Қабырғалары ашық жасыл, көк, ақ ,мәрмәрмен, оникспен, гранитпен әшекейленген. Полдары гирихпен, және көбінесе қолданылған зат ол ганч. Купол әртүрлі оюлармен безендірілген.

Гур Эмир

1404 жылы Темірдің бұйрығымен Гур Эмир мазары тұрғызылды. Әмірдің ең сүйікті немересі Мухаммед Сұлтанға арналған. Ұлы және жеңіл архитектуралық линиялар, әртүрлі турлі түсті мозайкалар мазардың ортаазияның ең тамаша ескерткіштеріне айналдырады. Мазарда Темір, оның екі ұлы- Шахрух және Мираншах, олардың немересі Мұхаммед Сұлтан және ұлы астроном Ұлықбек және де Темірдің оқытушысы мұсылман шейхі Мединадан Мир Сейид Береке и некий Шах-Ходжа жерленген.

Регистан алаңы

Самарқанд қаласының жүрегі- Регистан алаңы. Аударғанда құмды жер деген мағынада. Регистан- форум және қаланың сауда-саттық орталығы. Мұнда монументальді ғимараттар және өткен ғасырлардың мәденитеі қалған. Регистан алаңы 3 ұлы ғимараттармен қоршалады: Ұлықбек медресесі (1417-1420), Шердор (1619-1936), Тилля Кари (1647-1660). Жоғарғы жандық оқу оны ортағаксырдағы Ұлықбек медресесі алғашына 50 келийден тұратын. Онда 100 студенттен жоғары тұрған. ОНың ішінде атақты тәжік ақыны Джами е оқыған. Кейбір мәліметтер бойынша Ұлықбек өзі математика сабағынан берген. Мересе ғимараты алғашында екі этажан құрылған. 4 ірі биік куполдар мен 4 бұрыштық минареттен тұрған. Гиганттық жер биік және терең аркасымен алаңның 23 бөлігін алып жатыр. Ұлықбек медресесі жер сілкінісінен көп зарап шекті. Әсіріесе 18 ғасырда. Сыртқы куполы, екіминарет және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туристік экскурсиялық поездар маршруттары
Орта Азия Республикаларындағы ұлттық-территориялық межелеудің барысы
Экскурсиялық құжатты жобалау (Алматының архетектуралық көрінісінің ерекшелігі)
Ұлы жібек жолының Қазақстандық бөлігінің туристік әлеуетін бағалау және оның Қазақстан Республикасы туризмінің дамуындағы маңызын анықтау
Қазақстан туризмінің дамуындағы көліктің маңызы
Түркістан өлкесіндегі кеңес билігіне қарсы қарулы қозғалыс (1918-1924 жылдар)
“Интергаз Орталық Азия” АҚ
Қазақстандағы туристік өнім
Ұлы Жібек жолының тарихына шолу
Темір жол көлігінің дамуын мемлекеттік реттеудің теориялық-методологиялық негіздері
Пәндер