Теңге бағамының айналысқа шығу тарихы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Теңге бағамының айналысқа шығу тарихы

1993 жылдың қарашасында теңгенің айналысқа шығарылуы біздің жас тәуелсіз республикамыздың жылнамасындағы ең маңызды оқиғалардың бірі болып табылады. Ол еліміздің тәуелсіздігін нығайту жолындағы түбегейлі әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүргізу үшін қажетті тарихи қадам болды. Төл теңгеміз пайда болғалы жүргізіліп келе жатқан мемлекеттің тізбекті қаржылық саясатының арқасында елімізде нарықтық институттар макроэкономикалық тұрғыдан тұрақталып, біртіндеп қалыптаса бастады.
Өзіміздің ақша бірлігімізді енгізу қазіргі кездегі қол жеткен экономикалық табыстарымыздың негізін қалады. Оның дұрыстығы қаржы-несие секторының белсенді дамуымен және теңгенің тұрақтылығымен айқын дәлелденді.
Ақша мен экономиканың өзара байланысы өте тығыз, олар экономикалық жүйенің негізгі құрамы болып табылады. Ақша жүйесі экономикалық үдерістерге оларды күшейтумен немесе бәсеңдетумен әсер етеді.
Елдің экономикалық жағдайы, сол елдің экономикалық кеңістіктегі интеграциясы мемлекеттің ақша жүйесіне, оның атқаратын қызметіне тікелей байланысты. Макроэкономикалық тепе-теңдік ақша рыногында белгілі бір тепе-теңдіктің болуын қалайды. Олардың ішіндегі ең бастысы ақшаға деген сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі.
1991 жылы Қазақстан нарықтық қайта құруды жүзеге асыра бастады. Алайда, сол кезде жұмыс істеген бірыңғай ақша жүйесі тұрақсыз болды. Жас мемлекеттер бірінен соң бірі өздерінің ұлттық валюталарын немесе уақытша ақша белгілерін енгізе бастады. 1992 жылы рубль аймағында Қазақстан, Өзбекстан, Ресей және Тәжікстан елдері ғана қалды. Республикаға кеңестік рубльдің бақылаусыз көптеп келуі инфляцияның шарықтап өсуіне әкеліп соқты. Қазақстан өз валютасын енгізуге мәжбүр болды. Өйткені, рубль аймағында тұрып, Қазақстан Ресейдің қаржы институттарына бағынышты күй кешті, дербес монетарлық, экономикалық саясатты жүргізе алмады.
1993 жылы 3 қарашада Президенттің Жарлығымен құрылған Ұлттық валютаны енгізу жөніндегі мемлекеттік комиссия ұлттық валютаны енгізудің тұжырымдамасын дайындады. Бұл құжатта жаңа валютаның енгізілу мерзімі, тәсілі, жаңа валютаны айырбастау пункттеріне жеткізу мәселелері, қолма-қол ақшаны айырбастау коэффициенті мен лимиттері, валюта бағамын қалыптастыру және басқа маңызды мәселелер айқындалды. Ұлттық валютаны енгізудің заңдылығын сақтау және өркениетті түрде енгізу үшін дайындалып жатқан іс-шаралар туралы халықаралық ұйымдар және көрші елдердің үкіметтері дер кезінде хабардар етілді.
Тарихи күн қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті теледидар арқылы халыққа алда болатын акцияны түсіндіре отырып, сөз сөйледі. Мұндай шаруаның жан-жақты ойластырылғанын, елдің бүгінгі мүмкіндіктері мен күні ертең көрінетін жаңа көкжиегі астастырылғанын, өз жолымен, жөнімен жүзеге асатынын халыққа ұғындырды.
Теңге ресми түрде 1993 жылы 15 қарашада енгізілді. Ең бірінші бағамы 1 АҚШ долларына 4,75 теңге болды. Әр теңге 500 рубльге ауыстырылды. Теңгенің валюталық қызметінен кейін оның құнын жоғалтпай ұстап тұру - ең маңызды шаруалардың бірі болды.
1993 жылдың сәуірінде "Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы", "Қазақстан Республикасындағы банк және банк қызметі туралы" заң күші бар жарлықтарға қол қойылды. Бұл құжаттарда коммерциялық банктердің қызметін тоқтату және іске қосу тәртібі, сондай-ақ коммерциялық банктердің қызметін Мемлекеттік банк арқылы реттеудің қағидаттары мен әдістері бекітілді.
Ұлттық валюта енгізілгеннен кейінгі алғашқы екі жыл біздің еліміз үшін өте қиын жылдар болды. Жалпы экономикалық сипаттағы объективтік қиындықтар (бағаны ырықтандыруға және өндірістің құлдырауына байланысты инфляцияның жоғары деңгейі, импорт тауарларына деген қанағаттандырылмаған сұраныстың едәуір көлемі) шетел валютасына сұраныстың өсуіне, ал ізінше бағаның өсуіне әкеліп соқты. 1994 жылы кәсіпорындардың сәтсіз жүргізілген өзара шаруашылық есептесуі сияқты өкінішті экономикалық жаңсақтықтар алғашқы айларда теңге айналысының жағдайын біршама қиындатты. Енгізілгеннен кейін алғашқы 7 айда теңге 8 есе құнсызданды.
Ең әуелі теңгеге байланысты бүкіл инфрақұрылымды қайтадан құруға тура келді. Бұл іс банк жүйесінен басталды. Содан кейін кеден, қаржы қызметтеріне көшірілді. Бұдан кейін кезек күттірмейтін валюта айырбастайтын биржа құру, алтын және валюта қорын жасақтау, теңге сарайын іске қосу сияқты маңызды шаралар шешілді. Барлық қаржы операциясы теңге арқылы есептелінгендіктен, оның бағамы басқа елдердің валютасымен күнбе күн нақтыланып отырды.
Теңгенің экономикалық өсімге тікелей қызмет жасауын қамтамасыз ету қажет болды. Бұған дейін теңге құлдырап бара жатса, Ұлттық банк өзіндегі алтын-валюта қорынан қосымша ақша жұмсап, оны реттеп отыратын. Бірақ бұл әрекет жасанды бағамның жасалуына жол ашты. Теңгенің шын бағамын белгілеу үшін оны еркін жүзуге жіберу керек болды. Аталмыш шарадан кейін теңге бағамы АҚШ долларына шаққанда бірден екі есеге сатылап жоғарылап кетті.
Бұдан кейінгі жылдары теңгенің АҚШ долларына қатынасы бойынша құнсыздану қарқыны едәуір баяулады. Мәселен, егер 1995 жылы теңгенің бағамы 17,9 пайыз болса 1996 жылы - 15,4 пайызға төмендеді, 2001 жылы теңгенің номиналдық құнсыздануы 5,17 пайыз, ал 2002 жылы - 3,25 пайыз болды.
Ұлттық валютаның тұрақтылығы белгілі бір мерзімдегі оның құндылығымен анықталады. Ішкі құндылығы инфляция деңгейімен, ал сыртқы құндылығы басқа валютаға баламалау арқылы анықталады. Бізге мәлім деректерге сүйенсек, инфляция 1995 жылы 276,2 пайыздан 2005 жылы 5,9 пайызға төмендеуімен теңгенің ішкі құндылығын арттырып отыр.
Қарашаның 15-і күні ұлттық валютаның қабылданғанына 17 жыл толады. Біз осыған орай теңгенің ел экономикасының дамуындағы ролі мен қызметі туралы Қазақтың Тұрар Рысқұлов атындағы экономика университетінің Қаржы және банк менеджменті ғылыми-зерттеу институтының директоры, ҚР ҰҒА академигі, экономика ғылымының докторы, профессор Ораз Баймұратов
- Біздің ұлттық валютамыз 1 күнде пайда болған жоқ. Оның өзіндік тарихы бар. Ол эволюция түрінде пайда болып, дамып келе жатыр. Валюта тарихы дербестікпен тығыз байланысты. Мен екеуін еш уақытта ажыратпаймын. Валюта - дербестіктің қызметіне жатады. Оның бір атрибуты, тірегі. Тәуелсіздік те бір күнде пайда болған құбылыс емес. Біз аймақтық шаруашылық есепті енгізу бастамасын көтердік, бұл идеяны зерттеу үшін 80-ші жылдардың соңына қарай КСРО Ғылым академиясында 5-6 адамнан тұратын арнайы топ құрылды. Оған мен бұл мәселені ең алғаш көтерген ғалымдардың бірі ретінде ғана, Мәскеудегі әріптестерімнің жеке шақыруының арқасында ғана ендім. Онда сарапшы ғалымдардың жан-жақты талқылауынан кейін аймақтар, республикалар шаруашылық есепке көшсін деген тұжырым жасалды. Кейбір республикалар ұлттық байлықты жасағанымен өздерінде оның болмашы бөлігін ғана алып қалатын. Сондықтан бұл идея республика басшыларына да ұнап, күллі Кеңес одағында үлкен пікірталасқа ұласты және оның төңірегінде саяси күш шоғырлана бастады. Өйткені дамудың шаруашылық есептен кейінгі сатысы дербестік еді. Сол кездің өзінде-ақ кейбір ғалымдар дербестік туралы айта бастады. Бұл үлкен үрдіс саяси қозғалысқа айналып, шаруашылық есепке көшу идеясының жемісін Балтық жағалауы елдері көрді. Оған империялық билік ашық қарсы болған жоқ.
Қазақстанда ұлттық валютаны енгізу туралы саяси шешім қалай қабылданды
Дербестікті валютасыз жасауға болмайтындықтан 1980 жылдардың ортасынан бастап мен өзімше ұлттық валюта қандай болу керек, оның бағамы қалай жасалуы қажет екендігін зерттеп, мақалалар жаза бастадым. Сондықтан 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін валютаға көшу енді оңай болатын болды деп ойлаған едім. Бірақ біз 2 жылдай ұлттық валютасыз жүрдік. Өйткені идея дайын болғанымен, саяси шешім болмады. Оны қабылдайтын - Президент. Біз Ресей рублі аймағында қалып қойдық. Ал басқа республикалар одан біртіндеп кетіп қалды. Сондықтан Жоғарғы Кеңес депутаты ретінде бұл мәселені сессияда бірнеше рет көтеріп, неге өзіміздің валютамызға көшпейміз деп сөз сөйледім. Өйткені рубль құнсызданып, қағазға айнала бастады. Сол кезде басқа елдердің кейбір азаматтары сабан ақшаны машиналап, вагондап тасып республикадан тауар мен шикізатты сатып алып кетіп жатты. Мысалы, 1992 жылы ақпанда, биліктің заң шығарушы жоғарғы органында айтқан: Бізге қағаз ақша туралы ойлану қажет. Тұжырымдама жасап, жаңа ақшаның бағамын анықтау керек. Бұл жұмыс баяу жүруде. Ресей өз ақшасын жариялаған кезде тағы кеш қалуымыз мүмкін. Оған алдын ала дайындалу керек, деген сөзімді републикалық газеттер көшіріп басты. Алайда біз өз валютамызды енгізуде кешіктік. Идеясын бәрінен бұрын айтсақ та, оны іске асыруда тағы да көш соңында қалып қойдық. Өзімді ұлттық валюта идеясының авторы ретінде бұған әлі күнге дейін өкінемін.
Рубль аймағында қалып қоюдан Қазақстан экономикасы қаншалықты зиян шекті
Оны есептеу қиын емес. 1992 жылы Қазақстанның 2010 жылға дейінгі дамуы жөніндегі кешенді болжау жасадық. Онда рубльдің құны жоқ екені, тауардың тегін кетіп жатқаны айтылды. Нақты сомасы қазір есімде жоқ. Біздің республика экономика жағынан Одақ бойынша Ресей мен Украинадан кейін 3-ші орында тұрды. Экономика неғұрлым үлкен және валюта құндылығы төмен болса, оның зияны соғұрлым көп болады. Біз ол кезде ұлттық валютаға ауыспағандықтан кереметтей зиян шегіп отырдық. Мысалы, 1991 жылғы қарашаның 10-ы күнгі мақаламда, ұлттық валютаны енгізу нарықтағы ахуалды жақсартуға мүмкіндік береді. Жаңа ақша тұтынушылар қызығушылығын қорғайды. Өндірісшілерді бәсекеге қабілетті тауар өндіруге ынталандырады, деп жаздым.
Жалпы ғылым өз міндетін атқарды. Ұлттық экономиканы қалыптастырудың идеясы айтылып, теориялық негіздері жасалды. Бірақ саяси шешім кеш шықты. Идея алғаш көтерілген кезде Қазақ ССР Ғылым академиясындағы өндірістік күштерді зерттейтін кеңесте жұмыс жасадым. Академияның ақыл-ой орталығы ретінде ол бүкіл ғалымдарды біріктіріп отырды.
Осы арада теңгенің тарихына қатысты мына мәселені де айта кеткенді парыз деп санаймын. 1992 жылы идея қабылданып, тұжырымдама жасалып, заң дайындайтын жұмыс тобы құрылды. Оны Дәулет Сембаев пен Сауық Тәкежанов басқаратын. Ұлттық валютаның атауы теңге болсын деген ұсыныстар оның алдында ең алдымен қазақ газеттерінде жарық көрді. Марқұм Сауық Тәкежанов жұмыс тобында ұлтық валюта атауына қатысты шешім қабылданған кезде бұл ұсынысты қолдап, қабылдануына ықпал етті. Қарапайым халық қазір ең соңғы шешімді ғана көріп отыр. Бейнелеп айтқанда, қойылымның аяғындағы сахнаның жабылар кезін. Оған дейін қойылымның 1, 2 актілері болады ғой. Мен соны айтып тұрмын.
Теңгенің өзге валюталардағы бағамы қалай жасалды
Валюта бағамы алғашқы кезде 1 долларға шаққанда 4,75 теңге болды. Оған дейін өз мақалаларымда ұлттық валютаның 1 АҚШ долларындағы бағамы 13 теңге шамасында болу керек деп жазып жүргенмін. Мәскеуде жүрген кезімде жұмыс тобы асығыс өз шешімін шығарып жіберіпті. Бұл жерде олар ұлттық валютаны көтереміз деп оған экономикалық емес, саяси тұрғыдан қараған. Бұл өзі қызық жағдай. Шешім қабылдағанда саяси жағы кеш келсе, теңгенің бағамын белгілеуде ол басым боп кетті. Бірақ 1,5-2 айдың ішінде валюта бағамы 1 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның ұлттық валютасы: пайда болуы, дамуы
Қазақстан Республикасының ақша жүйесі мен ұлттық валютаның қызметі
Ақша массасы және ақша базасы
Қазiргi кездегi ақша реформаларын жетiлдiру мәселелерi
Ақша реформасының маңыздылығы
Қазақстанда Ұлттық валюта - теңгені енгізу және оның тұрақтылығы
1993 ж. ақша реформасы
Валюталық қатынастар
Қазақстан Республикасындағы ақша реформалары және оның ерекшелiктерi
Қазақстанның ұлттық валютасы: пайда болуы және дамуы туралы
Пәндер