АлматыЭнергоСбыт компаниясының маркетингтік ортасы


БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ
АлматыЭнергоСбыт компаниясының
маркетингтік ортасы
Орындаған: Есімбеков Сағынбек
Алматы 2010
Компанияның тарихы
«АлматыЭнергоСбыт» компаниясы 2006 жылы АПК АҚ-ын қайта құрудың нәтижесінде құрылған. 2004 жылғы Электр энергетикасы жөніндегі Заңның 25 бабына сәйкес өткізілген реформаның мәні электрмен жабдықтаудан электр қуатын беру жөніндегі қызметтерді бөлуге негізделеді. Мұндай реформалаудың артықшылығы ретінде Алматы мен Алматы облысының тұтынушылары мен субъектілерінің арасындағы нарықтық қатынастар болып табылады. Нарықтық құрылым бәсекелес орта құрады және, нәтижесінде, қуат көзімен жабдықтау сенімділігін арттыруға әсер етеді.
2004 жылдан бастап бүкіл Қазақстан бойынша электрмен жабдықтайтын ұйымдар құрылған, ал Алматы қаласы мен Алматы облысында «Алматыэнергосбыт» компаниясы тек 2007 жылдың басынан ғана жұмыс істей бастады.
«Алматыэнергосбыт» компаниясы Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша энергия кешенінің бөлігі болып табылады. Аталған ұйымның міндетіне әртүрлі өндірушілерден Алматы қаласы мен Алматы облысына электр қуатын жеткізу, келісім шарттар жасасу және электр энергиясын тұтынушыларға сату . . . кіреді
Қазіргі таңда Алматы қаласы мен Алматы облысының энергия кешеніне энергия жабдықтау кәсіпорны ретіндегі «Алматыэнергосбыт» компаниясынан басқа шығарушы әрі ұсынушы компания кіреді:
- Алматы қаласы мен Алматы облысы үшін жылу және электр энергиясын өндіретін АлЭС «Алматы Электр Станциялары». Қазіргі таңда өндірілетін жылу және электр энергиясы Алматы қаласы мен облысының қажеттілігінің шамамен 60%-ын құрайды. «АлЭС» өз құрамына ТЭЦ-1, ТЭЦ-2, ТЭЦ-3, Батыс жылу кешені, Қапшағай СЭС, Алматы СЭС Сарқырамасы, «Энергоремонт» Өндірістік-жөндеу кәсіпорны, ЦПВТ қамтиды.
- «АЖК» - 220-110-35-10-0, 4кВ кернеуге ие өңірлік мәнге ие желісі бойынша электр энергиясын беретін әрі тарататын энергия беруші компания. Бұл тұрғындар үшін электр энергиясын тасымалдау және тарату жөніндегі республикамыздың оңтүстігіндегі ірі энергетикалық жүйе, сонымен бірге Алматы қаласы мен Алматы облысында өз қызметінің аймағындағы өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық кәсіпорындарының ірі жүйесі. Қазіргі таңда «АЖК» электр энергиясымен Алматы облысының 8 ауданын қоса алғанда, Алматы өңірінің 2. 3 миллион тұрғынын қамтамасыз етеді.
Алматы Энергия Кешенінің барлық кәсіпорындары құрылымы мен мақсатына «Самұрық» Холдингке кіретін энергетикалық активтерді шоғырландыру, бірлестіктік басқаруды оңтайландыру, Қазақстандағы өндіруші қуаттардың бағдарламасын өңдеу мен жүзеге асыру кіретін «Самұрық Энерго» АҚ-ының басқаруында.
«Самұрық-Энерго» АҚ-ы 2007 жылдың мамыр айында қолдағы өндіруші қуаттарды жаңарту мен жаңа өндіруші қуаттарды ендіру жөніндегі ұзақ мерзімді мемлекеттік саясатты жасау мен жүзеге асыру мақсатында құрылған.
«Электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) "KEGOC" - Қазақстанның БЭЖ-сінің қарқынды қызмет етуін қамтамасыз ету мен Ұлттық электр желісін сенімді басқаруды жүзеге асыру негізгі мақсаты болып табылатын Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің жүйелік операторы.
Қазіргі таңда «Алматыэнергосбыт» компаниясы - Алматы қаласы мен Алматы облысының 2. 3 миллион тұрғынына және 21 мың кәсіпорнына электр энергиясын жеткізетін және 400-ден астам маманды жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп отырған табысты компания болып табылады. 2008 жылы компания 500 мың облигациясын орналастырып, «Тұтынушыларға қызмет көрсету орталығының» жүйесін құру мен дамытуға 476, 9 миллион теңге мөлшеріндегі қаражатты тартты. 2008-2009 жылдың ішінде 11 ТҚО ашылып, оның жетеуі Алматы облысының өңірінің аудандық орталықтарында құрылған.
«Алматыэнергосбыт» компаниясы қазіргі таңда өңірдің энергия кешенінің қаржылық күре жолы және энергия көзімен жабдықтаудың негізгі кепілдемелерінің бірі болып табылады.
Компанияның мақсаты мен міндеті
Біздің мақсаттарымыз:
- «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-інің әрекет ету аудандарында сапалы әрі сенімді түрде электрмен жабдықтау (Алматы қаласы мен Алматы облысының өңірі) ;
- Өз қызметін жүзеге асыру барысында клиентке бағытталған беталысты жүзеге асыру;
- Сапалы қызмет көрсету.
Нарықтық құрылғы тұтынушыға негізгі құқықты - сапаға деген құқықты беріп отыр. Біздің мақсатымыз осы сапаны қамтамасыз ету болып табылады. Тұтынушы сапалы, яғни үздіксіз электрмен - өнімнің өзімен жабдықтаудан басқа, сапалы түрде қызмет көрсетуге ие болуы тиіс.
Мақсатқа, яғни сапалы қызмет көрсетуге - жетуге тырыса отырып, біз өзіміздің тұтынушымызға электрмен жабдықтаумен байланысты түрлі қызметтер ауқымын ұсынамыз: электр энергиясын «қосу-сөндіру», есеп-шоттарды түзету, тарифтік жоспарларды орындау, маркетингтік жоспарларды жүзеге асыру…
Компанияның міндеттері:
- Электр энергиясымен Алматы қаласы мен Алматы облысының 2. 3 миллион тұрғыны мен 21 мың кәсіпорнын қамтамасыз ету
- Мейлінше оңтайлы бағалар бойынша электр энергиясын сатып алу
«Алматыэнергосбыт» компаниясы мейлінше төменгі бағалар бойынша электр энергиясын сатып алу үшін жауап береді. Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі қуаттың жетіспеушілігінің негізінде бұл жағдай аса маңыздылыққа ие.
- Электр энергиясына қойылатын тарифтік құрылымның айқындығын қамтамасыз ету
«Алматыэнергосбыт» компаниясы тұтынушылар мен жалпы халықты тұрақты түрде электр энергиясына қойылатын тарифтің құрылымы жөнінде хабарландырып отырады. Осылайша, қазіргі таңда тарифтің құрылымы мынадай көрініске ие: 55-тен 60%-ға дейін - бұл сатып алынатын электр энергиясының құны; 30% - бұл желілер бойынша сатып алынған электр энергиясын беру жөніндегі АЖК және KEGOC компанияларының қызметтер үлесі; 7% - бұл қосалқы қызметтер үлесі (реттеу, теңгеру, диспетчерлендіру) ; 3% - бұл "АлматыЭнергоСбыт" компаниясының қызметкерлер құрамы.
Компанияның миссиясы
Электр энергиясын тұтынушыларға электрмен жабдықтаумен байланысты толық қызметтер кешенін көрсету
Біз әрбір клиентке жеке қызмет көрсетуге қолымыздан келгенін жасаудамыз. Біз өзіміздің клиенттеріміз үшін «жарықты беруші немесе сөндіруші» кескінсіз ұйым болып қана емес, сонымен қатар электр энергиясына жұмсалатын шығындарды жоспарлауға көмек көрсететін, өз қаражаттарын үнемдеуге, есептерді төлеуге шығындалатын уақытша шығындарды оңтайландыруға көмек қолын созатын серіктес болғымыз келеді.
Біз өзіміздің тұтынушымызға оның электр энергиясына жұмсайтын шығындарына ерікті түрде аудит жүргізушіге дейін және аталған мәселені оңтайлы түрде шешу жөніндегі ұсыныстарды жасауға дейін қол ұшын созғымыз келеді.
Біз күнделікті энергия кешеннің барлық қатысушыларымен бірге қаланың энергиямен жабдықталуының мейлінше сенімді болуы үшін барлық мүмкіндіктерді қолға аламыз. Тарифтің оңтайлы болуы үшін қолымыздан келгенінің бәрін жасаймыз және электр энергиясын мейлінше төменгі бағалар бойынша сатып алуға кез келген мүмкіндікті қалт жібермеуге тырысамыз.
Біз клиенттердің сапалы электр энергиясына қатысты және сапалы сервиске қатысты қажеттіліктерін мейлінше қанағаттандыруға тырысамыз.
Әрқашан біздің негізгі құндылықтарымыз ретінде Жауапкершілік, Қол жетімділік, Сенімділік, Сапа, Жаңашылдық, Айқындық және Өзара түсінушілік болып табылады.
Біз Қазақстанның ірі мегаполисі Алматының тұрақты тіршілік әрекетін қамтамасыз ету мен өңірдің әлеуметтік және экономикалық әл-ауқатын табысты түрде дамытуға барлық күшіміз мен мүмкіндіктерімізді саламыз!
Компанияның бағдарламасы мен бағыттары
- Тұтынушыларға Электр Энергиясымен қызмет көрсетудің жаңа стандарттарын ендіру мен Сервис деңгейін арттыруТұтынушылардың туындаған мәселелерін шұғыл түрде шешуге үндейтін тұрғындарға Қызмет Көрсету Орталықтарын құру. Орын алған жағдай жөніндегі шұғыл түрде мәлімет беретін Call-орталғын құру…Электронды төлем жүргізу жүйесін ендіруОқу орталығын құру
- Клиенттік База мен Жеткізушілер Базасын Сақтау мен Кеңейту
- Шығындарды басқарудың тиімді жүйесін құру және жарамды кірістер деңгейін қамтамасыз ету
Әрбір іскерлік үрдіс барысында әрбір қызметкер ИСО 9001:2000 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес әрекет ете отырып, шығындарды мейлінше азайтуға тырысады. Компания, жалпы алғанда, жаңа технологияларды ендіре отырып, мекеме қызметін қамтамасыз ете отырып, аталған қызметті тарифтік құрылымына ендірмейді.
- Энергия көзін сатудың жаңа технологияларын жасау мен ендіру, Іскерлік үрділерді жүргізу мен қызметтердің тарификациясын мейлінше жоғарғы деңгейде жүзеге асыруға мүмкіндік беретін екі тілдік жүйені ендіру жоспарланып отыр. Аталған қызмет ең соңында тұтынушы үшін өте қолайлы болады - бұл жағдай қойылатын есептердің нақтылығына, электр энергиясының шығындарының оңтайлылығына әсер етеді. Сәйкесінше, екі тілдік жүйе электрмен жабдықтаудың сенімділігіне де әсер етеді. Клиенттердің (заңды және жеке тұлғалар) біртұтас базасын қолдаудың өзі қара ниетті төлем жасаушылардың тарапынан жасалатын қиянаттарды төмендетуге мүмкіндік береді. Дербес шоттар жүйесін құру, ең алдымен, тұтынушыларға еншілес құрылымдарға (заңды тұлғалар үшін), туған-туысқандарына (жеке тұлғалар үшін) ұсынылатын қызметтер бойынша өзара есептесуді бақылау мүмкіндігін алуға жағдай жасайды. Екі тілдік жүйе клиенттер үшін күрделі тарифтік жоспарлардың және бонустық бағдарламалардың болуын білдіретіні маңызды. Уақыт өте келе «Алматыэнергосбыт» компаниясы Интернет арқылы, мысалы, осы сайтқа кіру арқылы шоттарға төлем жүргізуге мүмкіндік беретін технологияларды ендіруге жағдай жасайды.
2014 жылға дейін аталған жоспарлардың бәрі Алматы қаласы мен Алматы облысындағы электр энергиясын тұтынушылар үшін шындыққа айналады.
- Тұтынушыға мейлінше сан алуан қызметтер түрін көрсету
Келісім шарттар жасасу, тұтынған электр энергиясы үшін есеп-шотты рәсімдеу мен жіберуден басқа, тұтынушы өзінің тарапынан жасалған төлемдердің тарихын жасап, келешектегі шығындарын жоспарларлауға мүмкіндігі болатын дербес шоттарды ашу мүмкіндігі жоспарланып отыр.
Компания тұтынушыға энергия үнемдеуші технологиялар саласы бойынша ұсыныстар бере алады.
- Компанияға ендірілген халықаралық ИСО 9001:2000 стандарттарының талаптарына сәйкес сапа менеджмент жүйесінің тиімділігін қамтамасыз ету мен тұрақты түрде жақсарту
Жыл сайын «Алматыэнергосбыт» компаниясы сапа менеджмент жүйесін сертификаттап отырады.
Компанияның басшылығы
Гамбургер Михаил Геннадьевич
Бас директоры
Михаил Геннадьевич Алматы энергия құрылыс техникумын станцияның электр құрал-жабдықтарын монтаждау мамандығы бойынша, Алматы энергетикалық институтын электр станциялары мамандығы бойынша аяқтап, энергетика саласында жан-жақты әрі кең білім алды. Михаил Геннадьевич электр энергетикасы саласында өте үлкен жұмыс өтіліне ие. Әртүрлі жылдары ол «Электросредазмонтаж» трестінің Электр монтаждық басқарамасында, КАТЭП фирмасының Екібастұз филиалында, Екібастұз жоғарғы вольтты электр желілерінің кәсіпорнында жұмыс атқарған. Одан бөлек, ол “KEGOC" ААҚ-да сауатты да табысты басшы тәжірибесіне қол жеткізді. Жанұясында атадан-балаға келе жатқан энергетик бола отырып, Михаил Геннадьевич Қазақстанның энергетика саласындағы нарықтық қатынастардың қалыптасуына, қуаттылықты реттеу нарқын дамытуға белсенді түрде қатысты.
Даулбаев Данияр Адылович
Бас директордың бірінші орынбасары
Данияр Адылович Санкт-Петербург мемлекеттік электр техникалық университетінде инженер электроншы мамандығы бойынша білім алды. 31 жасында Данияр Адылович Қазақ Мемлекеттік Университетінде кандидаттық диссертациясын қорғап, экономика ғылымдарының кандидаты болды. Әртүрлі жылдары «Resmi Group» ЖШС-де, «Ардагер» Агроөнеркәсіптік қаржы бірлестігінде, «БТА Банк» АҚ-да, «САФ» Әйнек компаниясы» АҚ-да, «ЭкибастузЭнергоТрейд» ЖШС-інде басшылық лауазымдарды атқарды.
Искакова Майра Ербалаевна
Бас директордың экономика және қаржы істері жөніндегі орынбасары
Майра Ербалаевна қаржылық талдау, есептілік және іскерлік жоспарлау саласында бай практикалық тәжірибеге ие. Ол Алматы халық шаруашылық институтын өнеркәсіпті жоспарлау мамандығы бойынша бітірді. Әртүрлі жылдары Майра Ербалаевна Қаскелең жеміс консервілеу зауыты ПЭО-да, Қазақ ССР-інің «Казглавлесбумслабсбыт» ұйымында, Қазақстандық КСРО Республикалық Кеңсесінде, «Казагропромбанк» ААҚ-ның ОБ-да, "KEGOC" ААҚ-да қызмет атқарған.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz