Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат қоры туралы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Тарихы
Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат қоры туралы
Самұрық-Қазына ұлттық әл ауқат қоры акционерлік қоғамы Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі кейбір шаралар туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 қ аулысы на сәйкес Қазына орнықты даму қоры акционерлік қоғамы мен Самұрық мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі акционерлік қоғамын біріктіру жолымен құрылды.
Самұрық-Қазына ұлттық әл ауқат қоры ұ лттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын арттыру және әлемдік нарықтағы өзгерістердің елдегі экономикалық өсуге ықтимал жайсыз әсер етуі факторларынан сақтандыру үшін құрылды.
Ұзақ мерзімді құндылықтарын күшейту және әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін ұ лттық даму институттарының, ұлттық компаниялар мен басқа да заңды тұлғалардың өзіне меншік құқығында тиесілі акциялар пакеттерін (қатысу үлестерін) басқару Қорды негізгі мақсаты болып табыла ды.
Қор қызметінің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады :
1. Қордың жалғыз акционері ретінде мемлекеттің мүдделерін сақтау ;
2. Қордың және оның компаниялары қызметінің ашықтығы, тиімділігі және икемділігі ;
3. шешімдер қабылдауда және оларды іске асыруда кезінде жүйелілік және шұғылдық ;
4. жауаптылық және есептілікте болу .
Қор қызметінің негізгі бағыттары мыналар болып табылады :
1. ұлттық экономиканы жаңғыртуға және әртараптандыруға жәрдемдесу ;
2. елдің экономикасын тұрақтандыруға жәрдемдесу ;
3. компаниялар қызметінің тиімділігін арттыру .
Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауларын, Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы н, Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы бағдарламасын, компаниялардың алдына қойылған мақсаттар мен міндеттерді іске асыру шеңберінде жаңғырту мен әртараптандыру Қордың және компаниялар қызметінің негізгі бағыты болып табылады.
Қор экономиканың шынайы секторына инвестициялар тарту, өңірлерде жұмыстарды жандандыру, салааралық және өңіраралық байланыстарды нығайту жөніндегі мәселелерді жылдам әрі шұғыл шеше отырып және бар басымдықтар мен мүмкіндіктерді барынша қолдана отырып Қазақстан Республикасының Үкіметіне барынша жәрдемдесу үшін танылған.
Ұлттық экономиканы тиімді әртараптандыру және жаңғырту, әсіресе, мынадай экономиканың басым секторларында белсенді инвестициялық қызметті іске асыру арқылы жүзеге асырылады:
# мұнай- газ сектор ы ;
# электр энергетика сы ;
# металлургия;
# химия, мұнай- химия;
# инфра құрылым .
Қордың негізгі міндеттері мыналар болып табылады :
1. өңірлік, ұлттық және халықаралық ауқымдағы инвестициялық жобаларды әзірлеу және оның іске асырылуын қамтамасыз ету ;
2. Қордың компаниялары топтарының қолданыстағы активтерін қолдау және жаңғырту ;
3. өңірлерді дамытуға және әлеуметтік жобаларды іске асыруға жәрдемдесу ;
4. отандық тауар өндірушілерді, отандық тауарлар мен қызметтерді қолдау .
Қаралатын міндеттер шеңберінде Қор мынадай функцияларды жүзеге асырады :
1. өздігінен және (немесе) компаниялардың қатысуымен, сондай-ақ жарғылық капиталдарына қатысу және қарыздар беру арқылы стратегиялық және (немесе) отандық инвесторлармен бірлесіп, өңірлік, ұлттық және халықаралық ауқымдардағы, оның ішінде экономиканың шынайы секторындағы инвестициялық жобаларды әзірлеу және (немесе) іске асыру, және (немесе) қаржыландыру ;
2. Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы бағдарламасын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша өзге бағдарламалар мен жоспарларды іске асыру жөніндегі оператордың функциясын орындау ;
3. экономиканың жаңа секторларын игеру және елден және де шетелден экономикалық жағынан тартымды активтер сатып алу ;
4. Қазақстан аумағында жобаларды асыру негізгі басымдығы болып табылатын инвестициялық және инновациялық жобаларды компаниялардың іске асыруы кезіндегі үйлестірілген және белсенді инвестициялық саясатты қамтамасыз ету ;
5. отандық және шетелдік, мемлекеттік және жеке инвестицияларды тарту және экономиканың әртүрлі саласына инновациялар енгізу ;
6. капиталдың дүниежүзілік және отандық нарығында капиталды теңгерімделген қарызға беруді жүзеге асыру ;
7. шағын және орта бизнестің жобаларын қаржыландыру ;
8. компаниялардың топтары шеңберінде қаржы-инвестициялық құралдарының тиімді кешенді жүйесін құру ;
9. өңіраралық экономикалық байланыстарды, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында жобаларды іске асыру арқылы дамыту ;
10. әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арқылы өңірлерді серпінді дамытуды қамтамасыз ету .
Қор мынадай функцияларды да орындайды :
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің тұрақтандыру бағдарламаларына қатысу ;
2. екінші деңгейлі банктерден жарияланған дауыс беруші акцияларды сатып алу ;
3. әлеуметтік-экономкалық дамуды қолдау мақсатында екінші деңгейлі банктерде негіздемелі қаражатты орналастыру, оның ішінде құрылыс объектілерін аяқтау, шағын және орта бизнес субъектілерін және агроөнеркәсіптік кешенді қаржыландыру ;
4. ипотекалық кредит беру нарығын және тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасы жүйесін дамытуға жәрдемдесу;
5. Қордың және компаниялардың қазақстандық тауар өндірушілерден тауарлар мен қызметтерді сатып алуда отандық маңызды ұлғайту, компаниялар импорттық жабдықты ірі сатып алуды жүзеге асырған кезде өндірісті, жинау, жөндеу бойынша жұмыстар және оларға қызмет көрсетуді Қазақстанда оқшауландыру қамтамасыз ету бойынша тетіктерді көздейтін Қордың және компаниялардың сатып алуды жүзеге асыру тәртібін анықтау, бекіту және жүзеге асыру ;
6. Стресті активтер қоры акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін сенімгерлік басқаруды жүзеге асыру .

Жүзеге асырылған жобалар
Самұрық-Қазына ҰӘҚ АҚ-ға Бағдарламаның операторы функциясы жүктелді.
Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде серпінді санатқа жатқызатын нақты белгілі бір өлшемдерге сәйкес келетін жобаларды іріктеу қорытындылары бойынша Мемлекет басшысының 2008 жылғы 6 ақпандағы Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асырудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 88-ө өкімінде бекітілген серпінді жобалардың базалық тізбесі қалыптастырылды.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің көрсетілген өкіміне сәйкес (ҚР Премьер-Министрдің 22.07.09ж. №103-ө өкімімен осы нормативтік құқықтық актіге енгізілген өзгерістер ескерілген) Қор 22 серпінді жобаны іске асыруға жауапты болып анықталды. Осы жобалардың салалық құрылымы энергетика, химия, мұнай-химия және мұнай өңдеу, фармацевтика, металлургия, туризм, көлік, телекоммуникация және т.б. салаларды қамтиды.
Қорға бекітілген жобалардың көрсетілген жалпы санының 2008-2009 жылдары төменде санамаланған бес жобасын іске асыру аяқталды, тиісті объектілер пайдалануға енгізілді.
Сонымен қатар, 2010 - 2014 жылдарға арналған Қазақстанды индустрияландыру картасы туралы ҚР Үкіметінің 13.04.10ж. қаулысына сәйкес Бағдарламаның күші жойылды деп танылғанын атап өткен маңызды.

1. Көлемі ірі тантал ұнтақтары өндірісін ұйымдастыру

2. Солтүстік Қазақстан - Ақтөбе облысы өңіраралық электр беру желісін салу

3. Қазақстанның Солтүстік-Оңтүстігі транзитінің екінші 500 кВ ЖЖ салу

4. Астана қ. локомотив жинау зауытын салу

5. Дайын тоқыма бұйымдарын өндіріс

1. Көлемі ірі тантал ұнтақтары өндірісін ұйымдастыру

Жобаның мақсаты:
* Жетілген әрі жарқыншақты бөлшек нысанды көлемі ірі өндірісті ұйымдастыру;
* нанотехнологиялар саласын дамыту үшін негіз болып табылатын инновациялық технологияларды әзірлеу және енгізу;
* қосылған құны жоғары және өнімділігі жоғары деңгейдегі өнімді өндіру;
* Қазақстанның электрондық өнеркәсібін қалыптастыруға салым;
* ҮМЗ АҚ-ның экспорт мүмкіндіктерін кеңейту, конденсатор салушы компаниялар үшін ірі өнім берушілер арасына компанияның кіруі (нарық үлесі - 5-7%).
Қатысушылар: Үлбі металлургия зауыты АҚ (Қазатомөнеркәсіп ҰАК АҚ-ның еншілес кәсіпорны).
Іске асыру кезеңі: 2001 - 2009 жылдар.
Жоба объектілерінің орналасқан оны: Өскемен қ., Шығыс Қазақстан облысы.
Өндірістік қуаттылығы: жылына әртүрлі класты 73 тонна тантал ұнтағы.
2008 жылы көлемі ірі конденсатор ұнтағы өнеркәсіптік өндірісін құру жөнінде құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды. 2009 жылы көлемі ірі тантал ұнтағының өндірісі өнеркәсіптк пайдалануға берілді, Танталдан көлемі ірі ұнтақ өндіру, 2-ші кезек. 10-ғимарат. Өнеркәсіп учаскесі салынған объектіні қабылдау туралы № 4728 қабылдау комиссиясының актісіне қол қойылды.

2. Солтүстік Қазақстан - Ақтөбе облысы өңіраралық электр беру желісін салу

Жобаның мақсаты:
* Ресей электр энергиясының импортына Ақтөбе облысының тәуелділігін болдырмау;
* Ақтөбе облысының электр желісін Қазақстанның бірыңғай электр энергетикасы жүйесіне қосу арқылы Қазақстанның ұлттық электр желісінің сенімді әрі қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
Жобаның бастамашысы: Батыс-транзит АҚ.
Іске асыру кезеңі: 2006 жыл - 2008 жылғы IV-тоқсан.
Жобаның өлшемдері:
* 500 кВ ЖЖ Жетіқара КС - Үлкі КС жалпы ұзындығы - 486 км.
* Жобаның құрауыштары:
- талшықты-оптикалық байланыс желісін (ТОБЖ) қоса алғанда, ұзындығы 486 км 500 кВ ЖЖ салу;
- қолданыстағы 50022010 кВ Үлкі КС және 500110356 кВ Жетіқара КС кеңейту және жаңғырту.
500 кВ ЖЖ Жетіқара-Үлкі салуды Промстрой-Энерго ЖШС жүзеге асырды.
Салынған объектіні пайдалануға қабылдау туралы жұмыс комиссиясының актісін 29.12.2008 ж. № 176 бұйрыққа сәйкес Батыс транзит АҚ-ның бас директоры бекітті.

3. Қазақстанның Солтүстік-Оңтүстігі транзитінің екінші 500 кВ ЖЖ салу

Жобаның мақсаты:
* Солтүстік-Оңтүстік бағытында электр энергиясын берудің өткізу қабілетін 4,5 млрд.кВтс-тан 7,5 млрд.кВтс (1350 МВт) дейін ұлғайту есебінен Қазақстанның оңтүстік облыстарында электр энергиясына тапшылықты болдырмау;
* Қазақстанның ҰЭЖ сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
* Қазақстанның ҰЭЖ-нің транзит әлеуетін ұлғайту;
* Қазақстан, Ресей және Орталық Азия энергия жүйесінің паралельді жұмысының сенімділігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Жобаның қатысушылары: KEGOC АҚ.
Іске асыру кезеңі: 2004 - 2009 жылдар.
Жобаның өлшемдері:
* Қазақстанның Солтүстік-Оңтүстігі транзитінің екінші 500 кВ ЖЖ жалпы ұзындығы - 1096,94км.
* Жобада үш учаскеде салу көзделді:
1-учаске. 500 кВ ЖЖ (№514) Алматы - Фрунзе 500 кВ Шу КС кіріп жатқан 500 кВ ЮКГРЭС - Шу ЖЖ салу, нажағайдан қорғаушы тросқа кіріктірілген талшықты-оптикалық байланыс желісін (ТОБЖ) ұйымдастыру, 500 кВ Шу КС салу. 500 кВ ЮКГРЭС КС кеңейту және жаңғырту. 500 кВ Алматы КС жаңғырту. Учаскенің ұзындығы - 248,11 км.
2-учаске. ТОБЖ ұйымдастырылған 500 кВ Екібастұз - Ағадыр ЖЖ салу. 500 кВ КС 1150 кВ Екібастұз және 500 кВ Ағадыр ЖЖ кеңейту және жаңғырту. Учаскенің ұзындығы - 462,6 км.
3-учаске. ТОБЖ ұйымдастырылған 500 кВ Ағадыр - ЮКГРЭС ЖЖ салу. 500 кВ Ағадыр - ЮКГРЭС ЖЖ-ін 500 кВ Ағадыр және ЮКГРЭС КС біріктіру. Учаскенің ұзындығы - 386,22 км.
Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары аяқталды; тиісті объектілерді Мемлекеттік қабылдау комиссиясы пайдалануға қабылдады.

4. Астана қ. локомотив жинау зауытын салу

Жобаның мақсаты:
* Қазақстан Республикасының және Таяу шетелдердің теміржол саласындағы қазіргі заманғы магистральдық локомотивтерге мұқтаждығын қанағаттандыру.
* General Electric компаниясының технологиясы негізінде отандық локомотив жасаудағы жаңа бағытты құру - Evolution сериялы тепловоздар өндірісін ұйымдастыру.
Қатысушылар: Қазақстан темір жолы ҰК АҚ, General Eleсtric (АҚШ).
Іске асыру кезеңі: 2008-2010 жылдар.
Жоба объектілерінің орналасқан орны: Астана қ., индустриалдық парк, арнайы экономикалық аймақта (АЭА).
Зауыттың өндіріс қуаты: жылына 150 локомотив.
2009 жылғы 3 шілдеде локомотив жинау зауытын ашудың ресми салтанаты болып өтті. 2009 жылғы 7 желтоқсанда ҚР Премьер-Министрінің қатысуымен Evolution сериялы бірінші тепловоз шығару салтанатты рәсімі болды.

1. Дайын тоқыма бұйымдарын өндіріс

Жобаның мақсаты: Жергілікті мақта-мата шикізатын пайдалана отырып, мақта-мата трикотаж матасын және дайын тігін бұйымдарын шығаруды ұйымдастыру.
Жобаның орындаушысы: Ютекс АҚ
Іске асыру кезеңі: 2005 - 2008 жылдар.
Орналасқан орны: Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қ.
Жоба қуаттылығы: жылына 720 000 төсек жабдығының жиынтығы.
Объект 2008 жылғы 18 сәуірде пайдалануға енгізілді.

Жүзеге асырылатын жобалар

ҚР Президентінің 19.03.10 ж. № 957 Жарлығымен Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама (бұдан әрі - ҮИИДМБ) бекітілді, оның негізгі міндеттеріне экономиканы әртараптандыру мен оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру, экономиканың басым секторларын дамыту және т.б. арқылы экономиканың тұрақты және теңгермелі дамуын қамтамасыз ету жатады.
ҮИИДМБ құрамдас элементі ҚР Үкіметінің 13.04.10 ж. қаулысымен бекітілген және 101 инвестициялық жобаны қамтитын Қазақстанның 2010-2014 жылдарға арналған Индустрияландыру картасы болып табылады.
Көрсетілген жобалардың жалпы саны ішінен Қор 19 жобаны іске асыруға жауапты болып белгіленді, олардың тізбесі мен сипаттамасы төменде келтірілген.

1. Мойнақ су электр станциясын салу

2. Атырау мұнай өңдеу зауытын қайта жөндеуге және жаңғыртуға бағдарланған жобалар

3. Ақтау пластикалық массалар зауытында жол битумдарын өндіру

4. Алматы қаласында трансформаторлық кіші станциялар салу

5. Жүк вагондарын шығаруды ұйымдастыру

6. Фармацевтикалық фабрика салу

7. Жетіген-Қорғас темір жолының құрылысын салу

8. Өзен - Түркіменстанмен мемлекеттік шекарасы темір жол желісін салу

9. Жылына 180 мың тонна өндірістік қуатпен күкірт қышқылы зауытын қайта жөндеу

10. Балқаш ЖЭС салу

11. Қазақстанның Ұлттық электр желісін жаңғырту (II кезең)

12. Екібастұз МАЭС-1 кеңейту және қайта жөндеу

13. № 3 ст. энергия блокты орната отырып Екібастұз МАЭС-2 кеңейту және қайта жөндеу

14. Электровоздарды шығаруды ұйымдастыру

15. Үшбас және Герес кен орындары базасында моноаммоний және диаммонийфосфатты өндіру

16. Тау-кен байыту фабрикасын және күкірт қышқылы цехын салу

17. Шардара СЭС-ін жаңғырту

18. Қазақстанның ҰЭЖ-ін 500 кВ, 220 кВ кернеу желісіне қосатын 500 кВ Алма КС салу

19. Мойнақ ГЭС-нің қуат беру сызбасы

1. Мойнақ су электр станциясын салу

Бұл жоба Шарын өзеніне (Алматы облысы) бекітілген қуаты 300 МВт су электр станциясын салуды көздейді.
Жобаның мақсаты:
* ҚР оңтүстік өңірлерінің тапшы энергия жүйесіне электр қуаты мен энергияны жеткізуді ұйымдастыру үшін маневрлі көз жасау;
* оңтүстік өңірлердің қарбалас жүктемелерін жабу (электр энергиясының құрылатын теңгермелі нарығындағы жұмыс).
Қатысушылар:
* Мойнақ СЭС-і АҚ (51% - мемлекеттің 100% қатысуымен ҚазҚуат АҚ; 49% - Бірлік АҚ жеке меншік компаниясы);
* Қытай су шаруашылығы мен энергетика халықаралық корпорациясы (China International Water & Electric Corporation) Мойнақ СЭС-інің негізгі объектілерін жобалау, толық салу және пайдалануға енгізу үшін мердігер ретінде тартылады.
* Жобаны қаржыландыруды ұйымдастыру мақсатында Қазақстанның Даму банкі АҚ, Қазақстанның Мемлекеттік даму банкі (ҚМДБ) кредиттері тартылды.
Жобаның іске асырылу кезеңі: 2006-2011 жылдар.
Жоба объектілерінің орналасқан жері: Алматы облысы, Райымбек ауданы, Жылысай ауылдық округі.
Өндірістік қуаты: 300 МВт
Жоба мынадай екі іске асыру кезеңін көздейді:
1. Мойнақ СЭС-інің бас су торабы - Бестөбе су қоймасын, сондай-ақ инфрақұрылымдық объектілерді (сыртқы электрмен жабдықтауды ұйымдастыру, уақытша құрылыстар мен пайдалану қызметі кентін салу, сыртқы сумен жабдықтауды кәрізді қамтамасыз ету, Бестөбе су қоймасының бөгеті мен теңдестіру сыйымдылығына кірме жолды қайта жөндеу) салу.
2. СЭС негізгі құрылыстарын салу (ұзындығы 9 км деривациялық туннель, станциялық алаңымен және қызметтік-тұрмыстық корпусымен СЭС ғимараты).
Жобаны іске асырудан күтілетін тиімділік:
* Жылына 1 млрд. кВтс. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Самұрық-Қазына ұлттық әл ауқат қорының қаржылық қызметіне талдау жасау
Самұрық-Қазына экономиканың қуатты тірегі
Кәсіпорындар ұйымдардың қаржы қорлары
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл ауқат қоры»
ҰЛТТЫҚ БАСҚАРУШЫ ХОЛДИНГТЕР
Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлардың қызметін жүзеге асыруы мен оның маңызды мәселелері
Инвестициялық жоба,оның құрылымы және өмірлік циклі
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры
Қазақстандағы шағын бизнес Бағдарламасы шеңберінде серіктес банктерде
Мемлекеттік меншікті басқару мен реттеу
Пәндер