Соғыстан кейінгі Иран 1945-2000жж


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Соғыстан кейінгі Иран

1945-2000жж.

  1. Ирандағы ішкі саяси күрес және сыртқы саясат (1945-1950ж) .

Таяу және Орта Шығыс елдеріне араб елдері (Ливан, Иордания, Ирак, Египет, Судан, Магриб елдері) және араб емес елдер (Түркия, Иран, Ауғанстан, Пәкстан) жатады.

Араб-мұсылман дүниесі мәдени-өркениеттік жағынан, ең алдымен жаңару мен дәстүрлерді сақтауға қатысы жөнінен, қарама-қайшылықтарға толы, ерекше дүние. Ислам қоғамдарының трансформациялау процестерінің екі үлгісі бар.

Бірінші үлгі - дамудың капиталистік жолын қабылдау, дәстүрлі өмір тіректерінің елеулі дәрежеде өзгеруі. Бұл нұсқаға мысал - Түркия, Египет.

Екінші үлгі - дәстүрлердің шешуші маңызы бар. Мұның мәні - дәстүрлі ислам мәдениеті өзгермеген күйде сақталады, сыртқы әсерлерге бой берілмейді (мысалы. Аравиядағы бедуиндар) және бұл мәдениет мемлекет дамуының қандай дәрежеде екеніне қарамастан, сол бастапқы күйінде жаңғыртылып отырылды. Бұл үлгінің мысалдары - Иран, Ауғанстан, мұнайға бай араб елдері.

Иранда ІІ Дүниежүзілік соғыс аяқталысымен ұлт-азаттық күрес басталды. Ирандық Азербайджан мен Күрдістанда көтеріліс ауқымды болды. Олар автономияны талап етті. Бұл қозғалысқа КСРО бұл аймақта ықпалын ұлғайту үшін қолдау көрсетті.

Қозғалыста Ирандық Азербайджанда Демократиялық партия (Азербайджан және Күрдістанның демократиялық партиялары бірігіп) жетекшілік жасады. 1945ж қараша-желтоқсан айларында Күрдістан мен Азербайджан автономиясын жариялап, үкіметтік басқару органдарын жасап, аграрлық реформалар жүргізе бастады. Автономия статусы 1945 ж. қарашадан 1946ж. желтоқсан айларына дейін ғана өмір сүрді. Иранның басқа да жерлерінде саяси белсенділік пайда болды. Содан мемлекет басшылары қорқып, БҰҰ-нда «иран мәселесін» көтерді.

1946ж 26-қаңтарында билік басына Кавама эс-Салтан Тегеран келді. Ол ішкі және сыртқы саясатты өзгертуге бет бұрды. Кавама жаңа заңдар қабылдады: еңбек заңы, шаруаларға жер беру және т. б. 1946ж сәуірде КСРО-мен келіссөздер болды. Кеңес әскерлері Иран территориясынан шығарылды. Азербайджанға 1946ж маусымда автономия берілді. Бірақ кеңес әскерлері кеткеннен кейін Азербайджанға және Күрдістанға әскер енгізіліп, көтеріліс тұншықтырылды.

1947ж Иран АҚШ-пен келіссөздер жүргізіп, қару-жарақ сатып алуға несие алды. Сонымен қатар Ағылшын-Иран мұнай команиясымен байланысты мәселе көтерілді. 1947ж Иран мұнайдан келетін табыстың 9% ғана иеленді. Халықтың әлеуметтік жағдайы төмен болды. Мемлекеттің экономикасы нашарлады. Сондықтан 1948ж қыркүйекте Иран билеушілері АИМК-на арыз берді. Ағылшындар Иранда американдардың ықпалының өсуі қобалжытты. АИМК Каваманы тақтан тайдыртты. Кавамадан кейін билік басында бірнеше басшылардың ауысуы Иранның тұрақсыздығына алып келді. Бірақ мұнайды национализациялау жүре берді. Национализациялау Англиямен арадағы қатынастдың сууына алып келді. Англиямен дипломатиялық қарым-қатынас үзілді.

  1. «Ақ революция» кезеңі: табыстары мен мәселелері.

60-70ж. Иран елдің капиталистік дамуын жеделдету, жаңартуды жылдамдатылған қарқынмен іске асыру және адамдардың өмірін жақсартуға тиісті реформалар жүргізілді. Олардың ішінде маңыздысы - 60ж. жүргізілген аграрлық реформа болды. Оның мақсаты жердің жетіспеушілігін жою, ірі жекеменшіктілікті шектеу, казнаның едәуір жер иеліктерін сатып алуы арқылы фермерлік-капиталистік шаруашылықтар құру (аудандарына қарай 20-100 га) және оларды мұқтаж шаруаларға ұзақ мерзімде төлеп тұратын несиеге беру болды. Бірақ ертерек болып шықты. Адамдардың барлығы бірдей түбегейлі өгеріп, бара жатқан өмір жағдайларына байімделе алмады. Оның үстіне халықтың ең белсенді және жұмысқа қабілетті бөлігі қалаларға кетті. Қалалардың өзінде де «ақ революция» деп аталған шахтың жаңарту жөніндегі саясаты қарсылыққа кездесті.

Мұнайдан түскен табыстар шахқа жолдарды жаңалап, қоғамдық ғимараттар салуға, жаңа кәсіпорындар мен өндірістер ашуға мүмкіндік берді. Өнеркәсіп дамуының қарқыны аса жоғары - жылына 10-15% көлемінде болды.

Иранның сорына қарай реформалар аса жылдам және кейде жан-жақты ойластырылмай жүргізілді. Он миллиондаған адамдар жаңару процесіне қамтылды, олардың көпшілігі үйреншікті өмір арнасынан шыып қалды. Жаңару мен дәстүрдің нақты өмірде қақтығысы осылай басталды.

Шахқа қарсы қозғалысты шиит дінбасылары және олардыңбасшысы Аятолла Хомейни басқарды. Діншіл қайраткерлер өзгерістерді дәстүрлі өмір салтынан, ислам нормаларынан бас тарту деп түсінді.

  1. «Исламдық революция» және Иран Ислам Республикасының жариялануы.

«Исламдық революцияның» (1978-1979жж. ) басталуы Кумада антиүкіметтік демонстрацияда оқ ату себеп болды. Шахтың көтерілсті басу үшін үкімет кабинетін ауыстырды. Билік басына либералдық бағытты ұстанушы Ш. Бахтияр болды. 1979ж 16-қаңтарда Бахтиярдың ұсынысымен шах пен әйелі елден қуылды. Бірақ Бахтиярды ешікм қолдаған жоқ. Сондықтан ол орыннан өз еркімен кеттіп, оның орнына М. Базарган келді.

1979ж 9-10-ақпанда Тегеранда көтеріліс болды. Тегераннан кейні Иранның көп жерлерін шарпыды. 11-ақпанда Жоғарғы әскери кеңес әскерді алып кетіп, Бахтияр елді тастап кетуге мәжбүр болды.

Жалпы алғанда «Ислам революциясы» антимонархиялы, натиимпериалистік, антиамеркиандық сипатта болды.

Шииттердің билік басына келуі пайда болған жағдайды пайдаланып, 1979ж 1-сәуірде Иран Ислам Республикасы болып жарияланды.

  1. Революциядан кейін Иранның ішкі және сыртқы саясатының мәселелері.

Иран Ислам Республикасы жарияланғаннан кейін мемлекет ішкі және сыртқы саясатта тек бір қағиданы негізге алды: «Батыс емес, Шығыс емес, Ислам үшін». Сөйтіп, Иран СЕНТО-дан шығып, АҚШ-пен жасаған әскери шарттардың күшін жояды. Шетел, әсіресе американ компаниялары, банктері жабылды. 1979ж АҚШ-тың елшілігін басып алды.

1979ж желтоқсанда Иранның жаңа конституциясы қабылданды. Конституция бойынша ислам мемлекеттік дін деп белгіленді. Абсолюттік билік Құдайдың қолында, ал жерде рахбар билік етті(Хомейни) . Бақылаушы кеңес 12 адамнан тұрды. Ислам республикалық партиясы Хомейнидің қолдауымен негізігі партияға айналды. Елде теократиялық органдардан басқа республикандық органдар құрылды: президент, үкімет, мәжіліс. Бірақ олардың билігі теократиямен шектеліп отырды. 1979 жылдың моңында үкімет Базарганды, 1981жылдың жазында президент Банисадрды биліктен тайдыртты.

Иранның экономикасына қарсы әсер еткен соғыс - 8жылдық Иракпен соғыс. БҰҰ-ң есептеуі бойынша Иранға соғыс 102-103 млрд. доллар құрады.

1988ж соғыс аяқталған кезде билеуші таптардың көзқарастары бір-біріне қайшы келіп, прагматиктер мен ортодстерге бөлінуі байқалды. Ордодокстар қатал бір басшылыққа бағынатын, экономика үкіметтің бақылауында болатын бағытты ұстанды. Жеке капитал мен шетел капиталына шек қою, сыртқы саясатта Батыс елдермен байланысты шектету, «әлемдік империализмге» қарсы күрес жүргізу, исламизацияны жүргізу сияқты қатал шаралар ұйымдастыруды талап етті. Прагматиктер президент Рафсанджанидің қолдауымен мемлекеттің мәселелерін шетел капиталсыз, импортты тауарсыз шешуге мүмкін емес деген ойда болды. Олар жеке капиталдың дамуына қолайлы жағдай жасауға, сыртқы саясатта белсенді жұмыс істеуге, исламның «қатал» белгілерін жұмсартуға, нарықтық экономиканы дамытуға ұсыныс жасады. Бірақ билік басындағы діншілдер (духовенство) билеуші тап арасын мүлде екіге бөлінуіне жол бермеді. 1989ж Хомейни жаңа конституция қабылдады. Бұл конституция бойынша республикандық органдардың билігін күшейтті. ПРезидент рахбардан кейінгі екінші басты тұлға деп есептелді. Сонымен қатар экономикада өзгерістер болды. Жеке және шетел капиталға еркіндік берді. Бірыңғай Валюта енгізілді. 1990ж ұлттық табыс 6, 5% өсті. Кедейшілік деңгейі 47%-дан 17% дейін түсті. Көлікжасау және қару-жарақ жасау қарқынды дамыды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі халықарарлық қатынас
Екінші дүниежүзілік соғыстың соңғы оғы
Үлкен Үштік конференциялардағы АҚШ дипломатиясы
9-сынып. Қазіргі дүние жүзі тарихынан сабақ жоспарлары
Ұлыбритания, АҚШ, кеңес одағының мемлекет басшыларының тегеран конференциясы
«Қазіргі заманғы халықаралық қатынастар тарихы» пәніне арналған дәріс сабақтарының тақырыптары
Шетелдік Азия халықтарының өсу динамикасы
Соғыстан кейінгі бейбіт реттеу проблемасы
Араб халықтарына Ұлы державалардың жүргізген отарлық қысымын әшкерелеу
Халықаралық конференцияларының шақырылуының алғышарттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz