Статистикалық бақылаудың түрлері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Статистикалық бақылау

Статистика тәжірибесінде жүргізілетін әр түрлі зерттеу жұмыстары өздерінің істелінетін сатыларына және жүйелігіне қарай үш кезеңге бөлінеді:

  • статистикалық бақылау, яғни бастапқы мәліметтерді жинау;
  • статистикалық бақылаудың нәтижесінде жиналған мәліметтерді өздеріне тән нышандарына қарай бір жүйеге келтіріп, жинақтау және оларды өңдеу, топтау;
  • жинақталған мәліметтерді талдау, қорытындылау және зерттеу нәтижелерін тұжырымдау.

Статистикалық бақылау деп қоғамдық өмірдің көптеген құбылыстары мен процестері туралы бастапқы мәліметтерді алдын-ала жасалған бағдарлама бойынша, ғылыми ұйымдастырылған жүйеде тіркеу, жинау тәсілі айтылады. Мысалы, жаңа туған баланы тіркеу кезінде оның өз аты-жөні туған күні, айы, жылы, ұлты, ата-анасының ұлты, білімі, жұмыс істегендігі және басқа фактілер жазылады.

Статистика органдары бастапқы мәліметтерді жинауда ұйымдастырудың негізгі екі жолын қолданады: 1. есеп беру; 2. арнайы ұйымдастырылған ұйым.

Статистикалық есеп беру. Біздің қоғамымызда статистикалық есеп беру статистикалық бақылаудың негізгі формасы болып саналады. Себебі, бастапқы мәліметтердің көпшілігі бухгалтерлік есеп беру формалары арқылы жиналады. Демек, есеп беру деп кәсіпорындар мекемелер, ұйымдар, ұжымшарлар, кеңшарлар өз жұмыстары туралы міндетті түрде арнайы бекітілген құжаттар үлгісінде және белгіленген уақыт аралықтарында керекті мәліметтерді статистика органдарына немесе тиісті орындарға тапсырып отыруды айтамыз.

Статистикалық есеп беру екі түрге бөлінеді. Олар:

  1. жалпы мемлекеттік есеп беру, яғни барлық кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар және шаруашылықтар өз жұмыстары туралы керекті мәліметтерді міндетті түрде тапсырып отырады. Бұл мәліметтер статистика органдарына бастапқы құжаттар және бухгалтерлік есептер арқылы жинақтастырылады, өңделеді, ал содан кейін мемлекетімізді басқару үшін қолданылады.
  2. ішкі ведомстволық есеп бері, яғни әрбір ведомстваның, министрліктің өздерінің ішкі істерін басқару үшін қолданатын мәліметтер жинағы. Оны кейде оперативтік-жедел есеп деп те атайды.

Статистикалық бақылаудың түрлері. Статистикалық бақылауды жүргізу кезінде зерттелініп отырған зерзаттың жиынтық бірліктерінің толық қамтылуына, яғни тіркелуіне қарай жаппай және жартылай бақылау болып екіге бөлінеді.

Жаппай бақылау кезінде зерттелуге жататын жиынтық бірліктері толығымен түгел тіркеуге алынады. Мысалы, халық санағын немесе кәсіпорындардың, мекемелердің, ұжымдардың белгілі бір уақыт мерзімінде жүргізіліп есеп беру формалары. Сондықтан, жаппай бақылау бастапқы деректерді жинаудың негізгі көзі болып саналады. Сондай-ақ статистикалық зерттеу жұмыстарында жиі қолданылады.

Жартылай бақылау кезінде зерттелінетін жиынтық бірліктерінің белгілі бір бөліктері ғана қамтылады. Жартылай бақылау арқылы жиналған мәліметтер жаппай бақылау мәліметтерімен салыстырғанда көлемі жағынан аз болады. Бірақ, осы тәсіл арқылы жиналған мәліметтердің қорытындысы жалпы жиынтық көрсеткіштеріне жақын болуы тиіс. Яғни оны жаппай жиынтық қорытындысы ретінде, толық түрінде қолдануға болады.

Статистикалық тәжірибеде жартылай бақылау зерттеу тәсілдеріне қарай ішінара, жеке ауқымды және жиынтықтың негізгі бөлігі сияқты үш түрге бөлінеді.

Ішінара бақылау. Егер, жалпы жиынтық кездейсоқ немесе белгілі бір тәртіппен алдын-ала іріктеліп алынған бөліктері негізінде ғылыми жүйеде зерттелетін болса, онда оны ішінара бақылау деп атайды. Ішінара бақылау жартылай бақылаудың ішіндегі ең көп қолданатын жетілдірілген түрі және статистикалық зерттеуде оның атқаратын ролі өте жоғары.

Жеке ауқымды бақылау. Егер, жеке қоғамдық құбылыстың, объектінің кейбіреулері ғана белгілі бір мақсатта егжей-тегжейлі, жан-жақты зерттелетін, айқын жазу арқылы көрсетілетін болса, онда ол жеке ауқымды бақылау деп аталады. Мысалы, озат кәсіпорындар мен шаруашылықтардың тәжірибесін тарату кезіндегі мәліметтерді жазба түрінде суреттеуді, көрсете білуді келтіруге болады. Жеке ауқымды бақылау бүгінгі күннің жетістіктерін насихаттаушы оның кемшіліктері мен жетіспеушіліктерінің бетін ашуға мүмкіндік беретін зерттеу тәсілі болып саналады. Бұл әдістің айырмашылығы сонда, ол барлық жиынтықты зерттеуге міндетті емес.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Статистикалық бақылау
Статистикалық мәліметтерді жинақтау және топтастыру
Құқықтық статистикадан дәрістер
Статистикалық бақылау жүйесі
Статистикалық бақылаудың бағдарламасы
Құқықтық статистика негіздері
Статистикалық бақылау туралы түсінік және оның негізгі мақсаттары
Статистикалық басқару
Статистикалық бақылау зерзаты
«Статистика» пәнінің оқу әдістемелік кешені
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz