Кәсіпорынның құрылымын өзгерту туралы шешімдер


Тақырып: Кәсіпорынның құрылымын өзгерту туралы шешімдер
Кәсіпорынның құрылымын өзгерту туралы шешімдер
Кейнс теориясы бойынша, жұмыссыздық жойылса халықта табыс көбейеді, табыстың көбеюі сұранысты арттырады. Сұраныс ұсынысты, яғни өндірістің дамуын өрістетеді, өндіріс инвестицияны көп талап етеді, ұсыныс пен сұраныстың өрлеуі салықтың массасын өсіреді. Ал салық массасы бюджетке түседі, қортындысында мемлекет бойынша өндірілген жалпы ұлттық өнім арқылы оның 40-45% қайта бөлініп елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартады. Осы себептерге байланысты мемлекет оргындар жеке кәсіпкерлерді дамыту мен қолдау (жеке кәсіпкерлік туралы заң 3 - тарау) шаралар жүргізіледі.
Бірақ соған қарамастан біздің отандық өнімдер көп жағдайларда батыстық фирмалардың өнімдерімен бәсекеде төтеп бере алмайды: тұтынудың төменгі деңгейі, ақталмайтын жоғары бағалар, осының салдары ретіндегі өткізу нарығының болмауы тауарбастылық пен өндірістің тоқтауына әкеп соқтырды. Епті басшылар кейбір жағдайда батыс инвесторларын тарту арқылы бәсекеге жарамды өнімдерді шығару үшін өндірістік қуатын қайта бейіндеді (профильдеу) .
Кәсіпорын әлдеқайда сапалы деңгейге көтеретін бизнес стратегиясын қалыптастыру, және оның құрылымын өзгерту қажет. Оған бухгалтерлік басқару есебінің әдістері мен тәсілдерін білу аса қажет. Мұнда маркетингке, нарық тапсырыс берушілердің қажеттіліктерін анықтаса, ал өндіріс технологиясы осы қажеттіліктерді қанағаттандыратын өнімді жасайды.
Маркетингтік зерттеу нарықтағы тауарлардың жағдайын басқару және реттеу бойынша шешім қабылдаудың негізі болып табылады және өндіру мен өткізудің параметрлеріне, өнімнің сыртқы түрі мен бағасына (сатудың мөлшері мен орнына, өткізу арналарына, жабдықтаушыларға, делдалдарға және т. б. ) тікелей ықпалын тигізеді.
Осындай жағдайларды ескере отырып, кәсіпорынның құрылымын өзгерту туралы шешім қабылдауда зерттеудің негізгі бағыттарын бөліп көрсету керек.
1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау. «Кәсіпорынның қаржылық жағдайы» қаржы ресурстарын жасау, тарату және пайдаланумен сипатталады.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның қалыпты өндірістік, коммерциялық және басқа да қызмет түрлері үшін қажетті қаржы ресурстармен қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату және пайдаланумен, сондай-ақ басқа шаруашылық субъектілерімен қаржылық қарым - қатынаста болу, төлеу қабілеттілігі, қаржылық тұрақтылықпен сипатталады және төмендегідей жағдайларды талданылады:
- Кәсіпорынның мүліктік жағдайын;
- Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін;
- Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын;
- Кәсіпорынның табыстылығын;
- Кәсіпорын қызметінің іскерлік белсенділігін талданылады.
2. Кәсіпорынның даму келешегін талдау. Кәсіпорынның нарықтағы бәсекеге төтеп бере алатын шегі анықталып, барлық қызмет түрлері, яғни бизнестің құрылымы белгіленеді.
Америкалық экономист М. Портердің пікірінше, бизнестің дамуы бәсекелесуші төрт күшке әсер етеді.
- Жабдықтаушылар. Қажетті материалды өндіруші кәсіпорындарға ең алдымен олардың қайдан табылатынын білуі керек.
- Сатып алушылар. Кәсіпорын нарыққа енуі үшін дистрибьюторлық жүйені жасап алуы керек.
- Ауыстырушылар. Нарықта дәстүрліні ығыстыратын өнімнің жаңа түрі пайда болады.
- Жаңа бәсекелестер. Нарықта бұрын бизнестің осы түрімен айналысқан жаңа компания пайда болады.
3. Белгілі бір кәсіпорын түрінің кіру және шығу тосқауылдарын талдау. Кіру тосқауылы кәсіпорынға жаңа бәсекелестердің енудегі кіші және үлкен мүмкіндіктерін білдіреді. Шығу тосқауылы - кәсіпорын шығудың үлкен немесе кіші мүмкіндіктерін сипаттайды.
Нарық сегментінде кірудің үлкен тосқауылы мен шығудың кіші тосқауылына ие ұйымның жағдайы мінсіз, яғни жақсы деп саналады. Бұл аз қатермен, яғни тәуекелділіктің төменгі деңгейімен аса жоғары маржиналдық табысты алуға мүмкіндік береді. Кірудің төмен, шығудың жоғары тосқауылдарын сипаттайтын керісінше жағдайда үлкен тәуекелділікпен аз табыс алынады.
4. Кәсіпорынның ішкі құрылымын талдау. Кәсіпорынның стратегиясын әзірлеуде қолданылады.
Басқару есебі тұрғысынан қарағанда стратегияның үш түрі болады:
1. Төменгі баға стратегиясы. Оның мақсаты - тапсырыс берушінің ұсынуымен дайын өнімнің бағасын барынша арзандату, сондықтан да барлық басқарушылық шешім шығындарды азайтуға бағытталуы керек. .
2. Жоғары баға стратегиясы. Қабылданатын басқарушылық шешім тапсырыс берушінің аса жоғары талабын қанағаттандыратын әлдеқайда сапалы өнім өндіруге бағытталып, оған аса жоғары деңгейде баға белгілеуі керек.
3. Аралас стратегияда жекелеген тауар топтары бойынша алғашқы екі стратегияның элементтерін пайдаланады. Тауардың әр тобы үшін нарықтың еркін тауашасын (нишасын) анықтап, соған сәйкес стратегияның біріншісі немесе екіншісі іріктеледі.
Мұндай талдаудың арқасында басшылық бәселестердікімен салыстырғандағы өнімнің сапасын, бағаның деңгейін, сатып алушыларды, әлеуетті және басқа да тапсырыс берушілерді, әр қызмет түрінің географиясын анықтау арқылы кәсіпорынның барлық бизнес түрлері бойынша біртұтас стратегияны әзірлейді.
5. Кәсіпорынның ұйымдық құрылымының тиімділігін бағалау. Кәсіпорынның ұйымдық құрылымының әр түрлі нұсқасы болуы мүмкін. “Бизнес-бірліктің стратегиясы” тұжырымдамасы (СБЕ-ББС) бизнестегі жекелеген бірліктердің стратегиясын әзірлеуді ұйғарады және мына сұрақтарға жауап береді: бүгінгі кәсіпорын қандай және оны ертең қалай елестетуге болады?
Стратегиялық бизнес-бірлік - бұл тапсырыс берушілердің бір текті тобына сатылатын және нақты анықталған бәсекелестердің тобына ие тауар (жұмыс, қызмет) іріктемелері.
Стратегиялық бизнес-бірлік - бұл оқшауланған кәсіпорын ретінде басқарылатын, үлкенді жекелеген дербес бөлімшелерге бөлудің нәтижесінде болатын автономиялық бірлік, тәуелсіз компаниялар.
Бас менеджерлерге толық еркіндік беріледі, сонымен қатар әр түрлі бизнес-бірліктердің өзара ықпалына және ресурстарды бірігіп пайдалануға кедергі келтірмейтін ББС стратегиясын сәтті іске асыру үшін барлық қажетті ресурстарға да дербестік беріледі.
ББС қызметі іштегі шаруашылық айналымына қызмет етуге емес, ең алдымен сырттағы серіктестерге бағытталған.
Бизнес сегменті мына шарттар орындалғанда ББС ретінде қарастырылуы мүмкін:
- бизнестің белгілі бір учаскесінде ұқсас бәсекелестер мен тапсырыс берушілер болуы керек;
- шығарылатын өнімнің барлық түрі баға өзгерісіне бірдей ұшырауы керек;
- сыртқы өзгеріс барлық өндірілген өнімнің сапасына бірдей әсер етуі керек;
- әр түрлі ББС-те тапсырыс берушілердің сұранысын қанағаттандыруда бір-бірін ауыстыра алатын өнімдер болмауы керек;
- бизнес сегменті жеке экономикалық субъект ретінде дербес болуы мүмкін.
Егер бұл шарттар сақталатын болса, онда ББС трансферттік баға белгілеуді қолдану жолымен өлшенетін пайда орталығына айналады.
ББС тұжырымдамасы стратегиялық жоспарлаудың құралы болып табылады әрі ұйым және оның құрылымының дамуына ұзақ мерзімде ықпалын тигізеді.
Мысалы ретінде талдайтын болсақ, кәсіпорындарының көбісі мынандай кедергілермен кездеседі:
Біріншіден, көптеген кәсіпорындардың жабдықтаушылары шетелдікі болғандықтан олармен қарым-қатынасқа саяси уәждемелер (мотивтер) көп бөгет жасайды.
Екіншіден, жалпы әлемдік ауқымда кәсіпорындар аса ірі болғандықтан (өндіріс - өнеркәсіп персоналдарының саны бірнеше жүзден бірнеше мыңға дейін ауытқып отырады) жоқ дегенде мұның екі жағымсыз салдары болады:
- кәсіпорын нашар басқарылады;
- жөнсіз (шектен тыс) өндістік емес көп шығынға айналады.
Үшіншіден, көптеген кәсіпорындар қала түзуші (градообразующий), яғни қаланы қалыптастыратын басшыларына қосымша моральдық жауапкершілік жүктейді.
Төртіншіден, кәсіпорындарда көптеген жылдар бойы айналым қаражатының жетіспеушілігі өткір сезіліп, қарызға баттады. Осының салдарынан өзара есепке алумен және баспа-бас айырбас түріндегі есеп айырысу жиі орын алып отыр.
Бесіншіден, қазақстандық кәсіпорындардың басқарушы қызметкерлеріне керітартпалық тән, әдетте, олардың бойында маркетингтік саясатқа байланысты қабілет жоқ.
Қалыптасқан жағдайға орай бұл кәсіпорындарға банк кредиті және өндірісті өркендету үшін бірігіп қызмет ететін күшті серіктестер ауадай аса қажет.
Алайда Европалық даму және қайта құру банкісінің аймақтық бөлімшелері кәсіпорындардың қатері көп деп, кредитті ықылассыз береді. Әлбетте, кәсіпорынның өзі емес, ондағы қалыптасқан жағдай қатерлі деп саналады. Оның үстіне, бизнес-жоспарды құратын, кредитті қайтаратын және т. б. мүмкіндіктерді жүзеге асыратын бухгалтерлік басқару есебінің бұл салада болмауы жағдайды қиындата түседі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz