Темекінің тауқыметі


Темекі (Nicotiana) - алқа тұқымдасына жататын, құрамында есірткі бар бір және көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда оның 3 түрі: кәдімгі темекі, мәдени темекі, махорка өсіріледі. Темекінің құрғақ жапырағының құрамында 1, 09-3, 7 пайыз никотин, 17, 1-18, 9 пайыз күл (органикалық заттар), 4, 9-17, 6 пайыз көмірсулар, 2, 2-3, 7 пайыз
азот, 0, 1-1, 3 пайыз эфир майлары және органикалық қышқылдар, шайырлар бар. Құрғатылған жапырағынан мүштікке салатын папирос, сигарет, сигарлар дайындалады. Темекі - өте улы, құрамында алколойдтар, әсіресе есірткі заттары көп өсімдік.
Никотиннің зардабы
Адамдар тартатын теме-кінің түтіні тәнге зиянды және улы заттардың жиын-тығы болса, олардың ең қауіптісі - никотин, синиль қышқылы, көмір қышқылы, сірке қышқылы, азот, эфир майы және өкпе рагіне ұшырататын әртүрлі радиоактивті элементтер (бензпирен, полоний, висмут, т. б. ) . Никотин ең улы. Салмағы 16-20 келі итке бір тамшы, жылқыға 7-8 тамшы никотин берсе, олар бір минут-тың ішінде-ақ өліп қалады. Адамды да бір тамшы никотин сеспей қатырады. 1 тамшы никотин 10-12 тал сигаретте болады. Тек теме-кі тартқанда адам ағзасы никотинді төте қаннан емес, тыныс жолымен қабылдай-тындықтан адам бірден уланып өлмейді.
Никотин - циаминге пара- пар у. Бір тал темекіні шеккенде адам ағзасына 1, 5-2 мг шамасында никотин енеді. Негізінен, темекі түтінінде 4000-нан астам химиялық зат бар. Адамның тамырына 1, 5-2 мг никотин құйылса жүрек бір минутта әдетте- гі мөлшерінен 15 рет артық соғады, жүректен шығатын қан мөлшері минутына 10 литрден 12 литрге дейін артады.
Темекінің 10 сыры
1. Темекі тарту адам ден-саулығын нашарлатады. Ол ерлер өмірін 10 жылға, әйел- дер өмірін 6 жылға қысқар-тады.
2. Темекі тарту адам өмі-рін қысқартып қана қоймай, оның қалған жылдарын аурумен, азаппен өткізуіне себеп болады.
3. Темекі шылымқормен бірге оның отбасын да ажал- ға итермелейді. Бір шылым-қор төрт түйір шылым шеккенде, қасындағы бейкүнә баласы мен әйелі бір түйір темекі «тартқандай» улана- ды. Тұтанған темекі құра-мында улы заттардың 25 пайызы жанып кетсе, 25 па- йызы шылымқордың, қалған 50 пайызы айналасындағы-лардың үлесіне тиеді.
4. Болашақ ананың темекі тартуы іштегі баланың өлі тууына себеп болады.
5. Темекіге тәуелділік на- шаға тәуелділіктен де күш-ті.
6. Темекі өндірушілер оны көптеп сатып алсын деп темекінің пішінін, қорабын әртүрлі шығарып, адамды қызықтырады. Темекінің зи- янын ақтап, бар кінәні эко-логияға жабады.
7. Темекі компаниялары темекіге қарсы күрес күшей-се, темекі өндіруден мемлекетке түсетін салық азайып кетеді деп алдаусыратуға әуес.
8. Шылымқорлар өмірі қысқа болатындықтан зей- неткерлік жасына жетуші- лер саны да азаяды, мұнан мемлекет қыруар қаржы үнемдейді дейтіндер де бар. Бұл темекі компаниялары-ның мүддесін көздеушілік.
9. Темекі компаниялары өз тауарларын көптеп тарату үшін «Темекі - ересектер-дің таңдауы» деген тәрізді ұрандарды пайдаланып, ба- лаларды темекі тартып, те- зірек «ересек» болуға жасырын түрде ынталандырады.
10. «Темекі шегу, шекпеу - әркімнің өз еркінде» деген пі- кірдің жаңсақтығын түсінбеу, темекі шеккен адамның жа- нындағылардың да жазықсыз-дан - жазықсыз азап тартатынын ескермеу. Темекінің адам ағзасына зияны Никотин темекі түтінімен ауызға, одан әрі тыныс жолдарымен өкпеге, одан адам қанына сіңіп, қан арқылы адам ағзасының түкпір-түкпірін улай- ды. Сілекей арқылы жұтынған-да никотин өңешке, асқазанға өтеді. Сөйтіп, ауыздағы, еріндегі, тілдегі, таңдайдағы өте сезімтал жүйке талшықтарын зақымдайды. Никотин қан ар- қылы миға жетеді, әуелі оның жүйке клеткаларын (нейрон- дарды) қоздырады, сосын олар- ды улай бастайды. Никотин түтін арқылы тыныс жолда- рымен өтетіндіктен, темекі тү- тіні оның ішкі қабыршақтарын ыстайды, ісінтіп, қабындыра-ды, қан түйіршіктеріндегі от- тегіні адам ағзасына тарату- шы тамырларға ауыр зарда- бын тигізіп, қан айналымы қи-ындағаннан ми, жүрек, басқа органдар «қорексіз» қалады. Темекі шегетін аналар тапқан баланың қан түйіршіктерінің гемоглобині кем болады. Біз енді темекінің адам ағ- засына зиянына жеке-жеке
тоқталсақ. Бұл талдау қоры-тындысын дәрігер-мамандар жасаған. Яғни, темекінің адам ағзасына зияны мынандай:
Ас қорыту жүйесіне
1. Дәмге деген тәбетті қа-шырады.
2. Ас қорытуды нашарлатады.
3. Асқазанда жара пайда болады.
4. Ерін, тіл және өңеш жі-ңішке ауруына (раг) жол ашады.
5. Тамақ дұрыс бойға сің-бейді.
Тыныс алу жүйесіне
1. Өкпе мен көмекейді жіңіш-ке ауруына ұшыратады. Осы аурулардың 90 пайызының себебі - темекіден.
2. Мұрын, ауыз, тыныс алу жолдары қабынады.
3. Жөтел және қақырық пайда болады.
4. Тыныс алу жолдары созылмалы ауруға ұшырайды.
Қан айналымы жүйесіне
1. Тамырды қатайтады (ате-росклероз), қан қысымын кө-тереді.
2. Қол-аяқтың қан тамырлары бітеледі, гангрена (тән тканьдерінің жансыздануы, шіруі) пайда болады, содан қол-аяқты кесуге тура келіп, адам кемтар болып қалады.
3. Миды қамтитын тамырлар да қатайып, клеткалары өледі (орнына келмейді) . Сол себпті адамның есте сақтау қабілеті азаяды.
4. Осындай сырқаттардың салдарынан адам жүрек ауруларына, әсіресе жүрек бұл-шық еті инфарктіне (жүрек ұс- тамасы) шалдығады. Осы аурумен өлетіндер саны теме- кі тартпайтындардан он есе артық.
Көңіл-күйге, сана-сезімге, жас мөлшеріне
1. Адамның есте сақтау қа-білетін азайтады.
2. Көңілсіздікке душар етеді.
3. Ұйқыны қашырып, азайтады.
4. Темекі адамды тез қар-тайтады.
5. Теріге көп әжім түсіреді.
6. Шылымқорлық - еркектер белсіздігінің ең басты себебі.
7. Темекі тартқандардың тө- ңірегінде темекі тартпайтындар да уланып, мазасызданады.
8. Темекі екіқабат әйелдер- ге өте зиянды. Шылымқорлық-тың салдарынан сырқат, тіпті өлі сәби туу, түсік тастау оқи-ғалары көп.
9. Бала емізетін әйелдер темекі тартса, никотин емшек сүтіне араласып, соның салдарынан сәби уланып туберкулез, өкпе сырқаттарына шал- дығады, мазасыз күй кешеді.
10. Темекі өрттің шығуына да себепші (үй, орман, адам өліміне соқтырады) .
11. Темекі тартатындардың өмірі 10 жылға қысқарады. Те-мекі шекпесе де оның айналасында жүретіндердің өмірі 5 жылға азаяды.
Темекі туралы мақал-мәтелдер
* Темекі тартқан бір кісі, Уланған мың кісі.
* Ұзартқың келсе ғұмырды, Таста, арақ пен шылымды.
* Шылымшы - Өзін-өзі көрге тығушы. * Шылым мен шарап екеуі Маскүнемнің жетегі.
* Иіс тию де бір - Шылым шегу де бір.
* Шылымшы қарт, жас адам - Өзіне-өзі қас адам.
* Темекіге үйір болғанша, Дөрекімен үйір бол.
* Темекіні ермек етер - Түбіне өзі жетер.
* Темекіден жас та семер.
Темекіні тастау тәсілдері
Темекіні біржолата тастап кету адамның ерік-күшіне, сабыр-төзіміне, табандылығына тығыз байланысты. Өзіне-өзі бекем бола білетін, нәпсісіне билік жүргізе алатын адам-дарға темекіні тастап кету қиын емес. Мұндай жағдайда темекіні тастағысы келетін адамның есінде болуға тиісті қағида: «Ең мықты адам - өз-гені емес, өзін-өзі басқара алатын адам». Жалпы, темекіні бірден тастап кету - қайратты адамдарға тән қасиет.
Біз енді темекіні тастау тә-сілдеріне тоқталайық: Емдеу арқылы
Дәрігер-мамандар шылым-қорларды мынандай емдеу тә- сілдерімен темекіден бас тар-тқызуға болады дейді:
1. Іс-әрекеттің нәтижелі бо- латынына жан-жақты сендіре отырып, емдік тәсілдер қол-дану;
2. Ине салу, нүктелі (сылап- сипау), электрлі пунктура тә- різді рефлекстік терапия тә-сілдеріне жүгіну;
3. Никотинді ауыстыратын әйтпесе темекі тастаудың ауыр- тпалығын жеңілдететін дәрі-дәрмекті пайдалану.
Темекіні тастағысы келген адам оны күрт тастап кетуге тиісті. Өйткені қандағы никотин деңгейі соңғы темекіден кейін 30 минуттың ішінде ыдырап, тән қажетті дозасын қайтадан талап ете бастайды. Сол кезде темекі тартпай шыдау қажет. Шылымқор өзін-өзі осылай тежеп ұстаса, 3, 4 күннің ішінде улы түтінге құштарлығы бәсеңдейді, тіпті басылады.
Шылымқорлардың мінез-құлқына сәйкес емдеп, жаза- ды. Яғни, жүйкесі жұқалар, ерік- жігері мықтылар, жігерсіздер, түтін құмарлар үшін емдік тә-сілдер әрқилы.
1. Жүйкесі жұқа адамдар үшін: олардың емінің құрамына көңіл-күйді тыныштандыратын дәрі-дәрмектер кі- реді. Оларға арақ-шарап ішуге тиым салынады.
2. Ерік-жігері мықтылар үшін: Олар «Енді қайтып те- мекі тартпаймын», - деп ше- шім қабылдаса, темекіні тас- тай алады. Дәрігердің, әйелі-нің, ата-анасының айтқан ақы- лымен, өтінішімен емес, өз ық-тиярымен қоюына мүмкіндік беру қажет. 3. Жігерсіз адамдар үшін:
Олар темекіні қоя алмайтын- дықтан, бұларды психотера- пиялық, психологиялық тұр-ғыда 1-2 жыл емдеу қажет. Оларға гипноз қолданып, ем жасауға да болады.
Өзіне-өзі шарт қою арқылы
Темекіні біржолата қойғысы келетін адамдар өздеріне мынандай шарттар қою арқылы да шылым тартуды азайта тү-седі. 1. Жұмыс уақытында, көше-де темекі тартпаймын;
2. Ұйықтар алдында қолыма темекі ұстамаймын;
3. Түн ортасында тұрып темекі тартпаймын;
4. Таңертең ашқарынға шылым шекпеймін;
5. Автокөлік жүргізіп келе жатқанында темекі тартпаймын.
Темекіні біртіндеп тастау Кейбіреулер темекіні бірте- бірте қойғанды қалайды. Ол үшін мамандар мынандай ақыл- кеңес ұсынады:
1. Темекінің маркасын ауыстырып, иісі мен дәмі жеңіл түріне көшу қажет.
2. Бір тал темекіні қайшы- мен үшке бөліп, оны бөлшек-теп тартыңыз.
3. Ауырған кезде адам ағ-засы темекіні іздемейтіндіктен, мұндай жағдайда мүлдем темекі тартпауға тырысыңыз.
4. Рамазан айында ораза ұс-тап, отыз күн темекімен хош- тасыңыз.
5. Темекіні қойып жүргенің-де оны іздей бастасаңыз, ауы-зыңызға кәмпит немесе құрт сияқты тәтті, ащыларды салып, соны ермек етіңіз.
6. Темекіні тастаған соң ден- саулығыңызды арнайы күтімге алыңыз: жеміс-жидектер мен көкөністері мол тамақты дұрыс пайдаланыңыз, дене еңбегімен көбірек айналысыңыз.
7. Темекіні тастаған алғаш-қы мезгілде темекі тартпайтын жолдас, достарыңмен көбірек араласуға, темекі тартатын та- ныстарыңыздан бойынызды аулақ ұстауға тырысыңыз.
Темекіні тастаған адамның артықшылығы Темекіні тартпайтын адам-ның темекі тартатын адамнан мынандай бес артықшылығы бар:
1. Темекі тартпау - ден- саулыққа пайдалы. Сіздің ағ-заңыздың түрлі сырқаттардан қорғану қасиеті
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz